05-08-2021 00-05-58
From parents
Author: Anonymous Question # 5466 Құрметті, Дархан Нұрланұлы. Жаңа қызметіңіз құтты болсын. Мен биылғы жылы 4курсты бітіруші студенттің ата-анасымын. Қызылорда облысынанмын
Өзіңізге белгілі 4 курста балаларымыз онлайн форматында білім алды. Соңғы курста педагогикалық практикадан өтті. Жыл соңында практикадан өткен мектептеріңе келіп, құжаттарыңды тапсырыңдар дегесін бір рет, диплом алуға екі рет Алматыға барды. Енді аяқ астынан диплом жазуда қателіктер жіберіп алыппыз келіп дұрыстап кетіңдер деп тағы шақырып отыр. Және бізге бәрібір, құжат өздеріңе керек деп қоқан лоқы көрсетіп отыр. Құрметті ректор мырза, жер шалғай, оның ұстіне пандемияның өршіп тұрған уақытында балаларымыздың басын бәйгіге тіге алмаймыз. Мұның бір шешімі бола ма деген оймен сізге жазып отырмын. Егер шешімін таппайтын болса, Асхат Қанатұлының блогына жазамыз. Не масқара, мемлекеттік құжатты толтыруда мыңдаған студенттен қателіктер жіберіп.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Биылғы оқу жылында Университет өзіндік үлгідегі диплом берді. Дипломда техникалық қателіктер кеткені үшін кешірім сұраймыз! Дипломда жіберілген кейбір техникалық қателіктерді жоюға барлық мүмкіндікті жасаймыз.Оқу үрдісіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына хабарласуыңызға болады. Телефон: 291-13-71, 87776662620.
04-08-2021 22-41-19
From applicant
Author: Нұрқаділқызы Мөлдір Question # 5465 Мен биылғы жылғы бітіруші түлекпін. Дипломды зорға дегенде қол қоюда жатыр анау мынау деп жүріп созып алдық. Енді алған диплом жарамсыз болып отыр. Айтатын жауаптары біз дипломды 3 кунде асығып таңға дейін отырып толтырдық, сол үшін қате кетті деп отыр. Енді диплом өздеріңе керек,өздерің бір амалын тауып алып келіп алып кетіңдер деп отыр. 3 күнде асығып толтырғанына біз кінәлі емеспіз ғой! Өздері жіберген қателіктің орнын толтырып бір амалын неге тауып бермейді? Біз алыс аймақтан құжаттарды салып жібергенше, қайта алып келгенше магистратураға құжат тапсыратын уақыт өтіп кетеді ғой! Тауып тұрған жұмысқа осы университеттің қателігінің кесірінен орналаса алмай отырмын. Басшылық қайда қарап отыр!!
Answer:
Құрметті түлектер! Университет биылғы оқу жылында өзіндік диплом бергендіктен, техникалық қателіктер кетті. Дипломда жіберілген техникалық қателіктер үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Дипломыңызды алып келген жағдайда, шұғыл түрде бір күн ішінде ауыстырып беруге мүмкіндіктер жасаймыз.
04-08-2021 20-51-06
From students
Author: Anonymous Question # 5464 Біз осы жылы дипломды қолға алып едік, енді диплом нөмірін жазған жерде алдына 000 қойылмағандықтан диплом қате екен. Біз 6 күн соң магистратураға құжат тапсырғалы отырмыз. Ендігі дұрыс дипломның варианты қашан дайын болады. Мәселені 2-3 күнде тездетіп шешсеңіздер екен. Дипломның қате болуы университет тарапына үлкен сын болды!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Дипломда техникалық қателіктер кеткен жағдайда институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз. Дипломыңызды шұғыл түрде бір күн ішінде ауыстырып беруге тырысамыз. Рахмет!
04-08-2021 18-08-47
From students
Author: Аноним Question # 5463 Саламатсыз ба! Мен Химия мамандыгында (3курс) студентімін!
Грантта оқимын. Мен филология факультетіне (қазақ тілі жіне әлебиеті) ауысатын болсам грант сақталады ма? Және қай курстан бастап оқимын?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бір білім бағдарламасынан екініші білім бағдарламасына ауысқан жағдайда грант сақталмайды. Сіздің бейіндік пәндеріңіз сәйкес келген жағдайда ғана ауысуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Рахмет!
04-08-2021 15-00-48
From students
Author: Anonymous Question # 5462 сәлеметсіз бе. Мен вакцина салдарушылар арасынан 20000тг ұтып алған студентпін брак ол әлі берілмедіі!!!!!колл центр даа сіздер берген номер да хабарлассам жауап жоқ!!!1апта болды хабарласа алмай отрмыз!бұл сонда жай көзбояушылық па?!
Answer:
Құрметті студент! Вакцинация бойынша акция ұтыс ойындарының жеңімпаздарына міндетті түрде жүлделері табыс етіледі. Сұрағыңыз бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Асанқызымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-03-25, 8-701-664-27-21.Рахмет!
03-08-2021 23-39-33
From parents
Author: Anonymous Question # 5461 Сәлеметсіз бе! Балам қосымша семестрге порталдан өтінім толтырып, шыққан ақшасын төлеп, семестрді аяқтап сессиясын жапты. Кредит бағасы өсті деп тағы 30000 мың төлесін деп балама телефон соғып жатыр. Ақша төлеу үшін негіздеме, төлем құжаты берілу керек емес пе, ауызша шешілеме қаржы сұрақтары? Осы жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 8-777-666-26-20. Рахмет!
03-08-2021 09-36-32
From applicant
Author: Айдана Question # 5458 Салеметсізбе.Мен грант конкурсына құжаттарды өткізіп қойып едім.Реттілікті дұрыстап жазбаппын.4универдің 2еуіне немесе 3еуіне түсу мүмкіндігі бар деп ойлаған едім.Абай ұлттық университетіне түскім келіп еді.Бірақ енді бірінші тұрған университет алып кетуі мүмкінғой грантқа.Менің баллмда жоғары еді.Енді не істесем болады?Менің құжаттарымды алып қала алмайсыздарма грант конкурсында.Өтініш көмектесіңіздерші.Не істерімді білмей жатырмын
Answer:
Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, енді өзгерте алмайсыз. Грант конкурсының мерзімі аяқталды. Қабылдау комиссиясының байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14.
02-08-2021 18-57-42
From students
Author: Anonymous Question # 5456 Здравствуйте! Я выпускница этого года, недавно узнала, что новость о том, что нам будут менять дипломы правдива. Почему студентам официально не объявляют это? Я как и многие другие уже поступила на магистратуру зарубежом. Крайний срок сдачи документов начало августа 5-10 числа. Для того, чтобы оформить диплом нам необходимо его перевести, нотариально заверить и легализовать в консульстве страны, куда едем учиться. Помимо этого, мы уже купили билеты (невозвратные). Это все отнимает много времени, сил и денег. На поступление уходит около полугода, неужели мой труд пройдёт просто так? К тому же, сам диплом мы получили очень поздно! Как нам быть? Лично я, уже до 10 августа должна отправить свой диплом в будущий университет. Никак не успею получить и оформить новый, к тому же, кто знает, когда он будет готов. Скажите пожалуйста, как мне быть? Если я уже на днях отправляю свой диплом в другую страну.
Answer:
Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам дипломы собственного образца. К сожалению, при написании цифр в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Ваши контактные данные направлены директору Департамента по академическим вопросам. Спасибо!
02-08-2021 12-29-20
Other
Author: Anonymous Question # 5455 Уважаемый Дархан Билялов! Прошу обратить внимание на мой вопрос, почему университет выдают дипломы с ошибками? Неужели перед выдачей дипломов, они разве не должны пройти через проверку у вас? Мы сейчас из-за ваших же ошибок бегаем за вами, откуда такая халатность и невнимательность к своим обязанностям? Из-за невнимательности, мы сейчас никуда не можем подать на магистратуру.
Answer:
Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам диплом собственного образца, да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Спасибо!
02-08-2021 12-01-27
From applicant
Author: Anonymous Question # 5454 Добрый день! Есть ли возможность поступить на грант магистратуру баллом 76 на специальность Подготовка педагогов по химии на каз. группу? При гранте если перевестись на другой вуз сохраниться ли грант?
Answer:
Уважаемый абитуриент! Приемная комиссия КазНПУ имени Абая проводит онлайн-консультации. По образовательным программам, правилам поступления, оплате за обучение, льготам, сдаче экзаменов и другим вопросам вы можете получить онлайн-консультацию у специалистов каждого института. Для получения консультации у специалистов виртуальной приемной комиссии необходимо подключиться по ссылке, указанной на сайте: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/. Спасибо!
01-08-2021 19-12-51
From applicant
Author: Мадина Question # 5453 Здравствуйте. Я мама ребёнка - инвалида, очень хочу поступить в ваш университет для получения второго высшего образования (первое образование у меня по специальности Юриспруденция) по специальности "Специальное дошкольное образование" или Олигофрения, заочная или дистанционная форма обучения, так как проживаю в городе Нур-Султан.
Прошу вас позволить мне обучаться бесплатно, так как не имею возможности оплачивать обучение.
Answer:
Здравствуйте! В КазНПУ имени Абая на второе высшее образование не предоставляются скидки или бесплатное обучение.
01-08-2021 14-23-49
From students
Author: Bibinur Ongdassynova Question # 5452 Құрметті Дархан Біләлов мырза, мен осы жылы бітірген Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студентімін. Дипломды басқа университет студенттеріне қарағанда кеш алғанымызға қарамастан, дипломымыз әлі де дұрыс емес екен. Біз магистартураға 10-шы тамыз күні құжаттар тапсырамыз. Алматыда тұрмайтын студенттер өте көп, сондықтан, тамыз айының 5-не дейін дипломды бітіріп, дұрыстап берсеңіздер. Себебі, әлі дұрыстайтын шаруаларымыз көп. Рақмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Биылғы оқу жылында Университет өзіндік үлгідегі диплом берді. Дипломда техникалық қателіктер кеткен жағдайда шұғыл түрде ауыстырып беруге жағдай жасаймыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-13-71, 87776662620. Рахмет!
31-07-2021 16-34-25
From students
Author: Anonymous Question # 5451 Саламатсызба вакцина салғандар арасында ойнатылған 20мың теңге көлеміндегі ақшаны ұтып едім енді соны алу үшін кіммен хабарлассам болады?Жауабын 2куннен кейін айтамыз деген еді одан кейін 7кун өтті
Answer:
Құрметті студент! Вакцинация бойынша акция ұтыс ойындарының жеңімпаздарына Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің қызметкерлері хабарласып, акция ережесіне сәйкес жеңімпаз студенттерге жүлделерін табыстайды. Байланыс тел.:291-03-25,291-83-82. Сұрағыңыз үшін рахмет!
31-07-2021 00-03-43
From students
Author: Кузекбаева Сая Амангельдиевна Question # 5450 Сәлеметсіздерме! География және жаратылыстану институтының 1 курс студентімін.Жазгы доп.семестрде орыс тілі пәнінен Нурбаева Аида Мухтаровна сабак берді.Аида Мухтаровнаға айтар алғысым шексіз!Сабақты жоғары деңгейде тусындіріп,студенттермен кері байланыс жасаудың кас шебері! Осындай ұстаздар коп болсын деп тілеймін! Аида Мухтаровна сізге еңбек жолынызда тек улкен шыңдар мен табыстар тылеймын!Денінізге саулық,отбасынызға амандық пен береке тылеймін! Ізгі ниетпен студентініз: Кузекбаева Сая
Answer:
Құрметті Сая! Жаратылыстану және география институтының оқытушысы Аида Мұхтарқызына жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Сізге оқу мен еңбек жолында сәттілік тілейміз!
30-07-2021 14-30-28
From students
Author: Nazym Bagdatova Question # 5449 Сәлеметсіздер ме! 14-маусым мен 30-шілде аралығында қосымша жазғы семестр оқыдық. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Нурбаева Аида Мухтаровнаға алғысымды білдіргім келеді! Оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынасы, сабақ беру әдісі, жаста болса тәжірибелігі өте қатты ұнады. Универімізде осындай білімді жас мамандардың оқытатыны қуантады.
Answer:
Құрметті студент! Оқытушы туралы пікіріңіз бен алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Білім жолында тек сәттілік тілейміз!
30-07-2021 10-10-05
From students
Author: Anonymous Question # 5448 Сәлеметсіз бе,қайырлы күн,мен акиматтық грантта оқимын,бүгін айдың соңғы жұмыс күні,бірақ бізге стипендия әлі түспеді
Answer:
Сәлеметсіз бе! Әкімдік тарапынан қаржыландыру болмағандықтан, шілде айының стипендиясы кешіктіріліп жатыр. Әкімдік гранты иегерлерінің стипендиясын уақытылы төлеу екі жақты шешілетін болады. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
29-07-2021 11-29-06
Other
Author: Anonymous Question # 5447 Саламатсыз ба. Жақында 4 курсты ЖГИ да бітірдік, жұмысқа тұру керекпіз, әлі статус студента алынбаған, звондасам ешкім бермейді, бәрі бір-біре жабады, анаған звонда, мынаған звонда, не сұмдық бір сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, бәрі отпускада дейді, жауап бермейді. Ол кісілердің орнына кім жауап береді? Неге біздің ЖГИ да бәрі осылай жәй, апайлар нервный, бір нәрсе сұрауға қорқасың, бірден ұрсып дөрекілік көрсетеді. Кітапханадағы апайларды айтуға аузым бармайды, не деген мәдениетсіздік? Кітапханаға кіргенде аузымды ашпай жатып ұрсып, дөрекілік көрсетеді, бірдеңе айтып түсіндіру мүмкін емес, мен үшін жұмыс істеп жүрген сияқты! ОНДАЙ АДАМДАРДЫ КІМ ЖҰМЫСҚА АЛАДЫ???
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағым бойынша тексеріс нәтижесінде Жаратылыстану және география институтындағы кітапхана филиалында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты келеңсіз жағдайлар орын алғандықтан, түсініспеушілік болғаны аныкталды. Әкімшілік тарапынан Ғылыми кітапхана қызметкерлерімен жиналыс жасалып, мән-жайды аныктап, ескерту берілгендігін хабарлаймыз. Кешірім өтінеміз, шара қолданамыз!
29-07-2021 10-54-35
From students
Author: Anonymous Question # 5446 Сәлеметсіз бе, универ жүйесіндегі "Повышение GPA" деген бөлімге заявка берсек грант сақталады ма? Сол туралы ақпарат бере аласыз ба? Жалпы, осы универ жүйесін қолдану нұсқаулықтарын қайдан көрсек болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! GPA көрсеткішін ұлғайту үшін жазғы семестрде студент пәнді таңдау құқығына ие және грант сақталады. Сондықтан, оқу жылы басталар алдында, бағдарлау аптасында тіркеу офисіне таңдаған пәнге тіркелуіңізге болады. Жалпы бұл ереже «Академиялық саясатта» толық жазылған. Сұрағыңыз үшін рахмет!
29-07-2021 09-29-48
From students
Author: Түлек Question # 5445 Қайырлы күн, ректор мырза! Мен осы жылы оқу бітірген түлекпін. Үздік дипломға аяқтадым. БІРАҚ!!! Дипломымда көрсетілген QR кодта басқа адамның мәтіметтері шығып тұр! Қандай бейғамдықпен жасалған дүние бұл?! Кімге жолығуым керек осы мәселе бойынша?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген кейбір техникалық қателерді жедел түрде қайта басып шығаруға барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ол үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
29-07-2021 00-53-51
From students
Author: Anonymous Question # 5444 Сәлеметсіз бе. 7М01513-Биология мамандығын биыл оқып аяқтаған болатынмын.Диплом қашан аламыз әлі күнге дейін дайын емес. Нақты жауап берілмейді. Осы мәселені қолға алсаңыздар.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жаратылыстану және география институтының "7М01513-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша бітірген магистранттарына дипломдар 18 маусымнан бастап беріліп жатыр. Дипломды №1 оқу ғимаратының 418-кабинетінен сағат 9.00-17.30 аралығында келіп алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін институт директораты қызметкерлерімен хабарласа аласыз. Байланыс тел.: 291-47-66 . Сұрағыңыз үшін рахмет!
Total records: 4046