Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
11-08-2021 16-18-53   From students

Author: Nur

Question # 5488
Салеметсиз бе! магистратура 2 курс студенттери оффлайн окитын болды ма? сабак кестеси калай болады? август ортасына да жеттик, министерствода собрание болды, енди накты жауабы болатын шыгар! Билет алу, уй издеу деген секилди проблемалар басталады,
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ақпарат университет сайтында жарияланып, директорат тарапынан нақты нұсқаулықтар беріледі. Рахмет! 

11-08-2021 10-54-59   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5487
Қайырлы күн, Дархан мырза! Мені қызықтырып жүрген сұрақ бар еді, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бастауыш білім беру, педагог психолог сынды мамандықтарға жүре ме? Әлде басқа мамандықтарға ғана ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына барлық мамандықтар қатыса алады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-36-92, 291-12-45. Рахмет!

10-08-2021 18-45-20   From parents

Author: Anonymous

Question # 5486
Құрметті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ректоры Дархан мырза! Сізден өтінеріміз баламыз:
Әшірбек Ақтоты
Нұрсағат Ұлан
Алтай Әлішер
Қазыкен Қасым-Жомарт
оқудың ақысын төлей алмай қалған жағдайға байланысты оқу орнынан шығармауыңызды өтінеміз. Еліміздегі карантиндік іс-шараға байланысты жұмысымыздың тоқтап қалуы осындай мәселенің туындауына әкеліп соқты. Сізден өтінеріміз 1-2 апта уақыт беріп, кешірімдік танытуыңызды сұраймыз! Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Жұмысыңызға табыс тілейміз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.:293-81-53. 

09-08-2021 22-41-05   From parents

Author: Наталия

Question # 5485
Здравствуйте!
В этом году мой сын закончил 11 класс, набрал 86 баллов ЕНТ. Но, оказывается надо было сдавать педагогический тест, мы этого не знали, база, оказывается, закрылась 19 июля.
Из-за этого мы не смогли подать заявку на грант через электронное правительство в КазНПУ на специальность В014-подготовка учителей географии.
Гранта акима, оказывается, тоже нет. Есть ли у него хоть какой-то шанс поступить на эту специальность в этом году?
Answer:

Здравствуйте! По всем вопросам поступления в наш университет просим звонить в Приемную комиссию. Контакты - 8 727 291 57 68; Call-центр: ​ 8 727 221 85 14. Спасибо!

09-08-2021 20-31-51   From parents

Author: Anonymous

Question # 5484
Здравствуйте! Останутся ли на Гранте студенты которые нарушили кодекс академической честности на сессии? С какого времени они могут восстановить стипендию?
Answer:

Здравствуйте! Для получения более подробной информации по Вашему вопросу свяжитесь с сотрудниками Департамента по академическим вопросам. Контактные данные: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!

09-08-2021 20-22-34   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5483
Саламатсыз ба!Студенттер үшін биылғы оқу форматы,қалай болады,өз пікірімізді айтсақ,онлайн немесе аралас түрде өтсе деген пікір,ата-анамыз мына кездегі індетке уайымдап отыр,ешқайда шықпасаңдар деп.Оқу жылыда басталуға жақын,бір хабарын берсеңіздер.Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында оқу үрдісі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылады. Оқу форматына қатысты ресми ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы нұсқаулықтарына сәйкес жарияланады. Директорат тарапынан міндетті түрде оқу форматы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.  Түсіністік танытып, ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!

09-08-2021 12-51-28   From students

Author: Қалыбай Арайлым

Question # 5482
Сәлеметсіздерме! Мен 4 курс бітіруші түлекпін. Дипломымызды әрең дегенде қолымызға алдық, енді қателіктер шықты деп жатыр. 2 күннен кейін магистратураға құжат тапсырамын. Бұл диплом жарайды ма? Жарамаса, мен не істейімін?! Сіздердің жіберген қателеріңіз үшін магистратурадан қалып қойсам не болады?! Ақтөбе қаласынанмын, шалғай аймақ болғандықтан барып келетін мүмкіндік жоқ, уақыт та көп емес.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген техникалық қателікті 1-2 күнде жөндеуге тырысамыз. Сіздің сұрағыңыз бен байланыс телефоныңыз Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына жолданды. Бүгін Сізге департамент тарапынан міндетті түрде толық ақпарат беріледі. Тел.: 291-13-71, +7 747 988 8420. Рахмет!

09-08-2021 11-08-06   From students

Author: Рахымова Аружан

Question # 5481
Қайырлы күн , құрметті Басқарма төрағасы-ректор Біләлов Дархан мырза! Бітіруші түлек ретінде дипломнан кеткен қателік үшін біздің құжатты магистратураға тапсыру кезінде жарамсыз деп таппайды ма ? Ауыстыруға шалғай ауданда тұратындықтан уақыт жағынанүлгермейтін болып тұрмын . Егер конкрусқа қатысу кезінде диплом жарамсыз болса қандай шара қолданамыз?
Осы мәселені ескеріп, біз алған жарамсыз дипломды конкруска қатыстыруды оқу басқармасынан сұрауыңызды талап етемін, Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Дипломда жіберілген техникалық қателікті жоюға барлық мүмкіндікті жасаймыз. Қазіргі уақытта шұғыл түрде дипломдарды ауыстырып беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Университетіміздің алыс аймақтарда тұрып жатқан білім алушыларына жеткізу жолдарын да қарастырып жатырмыз. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 8-777-666-26-20. Рахмет!

09-08-2021 01-30-18   From students

Author: Anonymous

Question # 5480
Құрметті Дархан Біләлов мырза. 2,3,4 курс студенттері жатақхана тапшылығына байланысты,оқу офллайн болған жағлайда Алматы қаласына маңғыстау,атырау,ақтау т.б алыс шалғайлан келу үшін ерте билет алып,пәтер тауып алу қажет. Сол себепті сабақтың офллайн немесе оллайн басталатынына нақты жауап бнрсеңіз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылындағы оқу форматы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес ұйымдастырылады.Қазіргі уақытта Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау тұрғысынан қауіпті аймақта екенін ескертеміз. Студенттерге оқу форматы бойынша қабылданған шешім алдын ала хабарланады. Сабырлық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

08-08-2021 17-21-22   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5479
Бир сурагым бар еди. Мен али вакцина алмадым. Университеттен Оку оффлайн болады деген турли акпарат алып жатырмыз, кайссы рас? 10. 08.дейин 1 компонент алу керекпиз, 2 ш компонент 31ине дейин делинген. Соны 10 нан кейин алсак, сабакка бара алмаймыз ба? Или басында ПЦР тапсырып. Кейин вакцинааа алсак Калай болады? 2 кун Гана калды 10 тамызга дейин. Неге бул туралы ресми акпарат болмады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда коронавирустық инфекциямен күресудің ең тиімді жолы - вакцина алу. Сол арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, дәстүрлі оқуға оралуға мүмкіндік аламыз. Осыған орай, мүмкіндігінше вакцина алып, офлайн оқуға дайын болғаныңыз дұрыс. Оқу форматы туралы ақпарат жақын арада университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланатын болады.

07-08-2021 21-51-07   From students

Author: Anonymous

Question # 5477
Салеметсызбе мен акимат грантта окимын баска калага ауыссам грант куйеме? Жане осынга дейын алган стемендиямды кайтаруым керек болама?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-08-2021 14-26-29   From applicant

Author: Аяжан

Question # 5476
Сәлеметсіз бе!Оқуға түскеннен кейін оффлайн құжаттарды өткізу үшін 18 ге толмаған жағдайда ата-ананың доверенность арқылы баласын басқа кісіге тапсырып, сол кісі документтерге қол қойса болама?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Иә, болады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!

07-08-2021 09-16-30   From students

Author: Anonymous

Question # 5475
Сәлеметсіз бе, оқу онлайн немесе оффлайн болатынын ертерек нақты айтсаңыздар. 80% студент вакцина алмаған жағдайда қайтпай қалуымызда мүмкін бе? Алматы қара қызыл аймаққа кіріп кеткен ғой.
Answer:

Құрметті студент! Жаңа оқу жылында оқу үрдісі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылады. Оқу форматына қатысты ресми ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы нұсқаулары және Алматы қаласы Бас мемлекеттік дәрігерінің жаңа Қаулысы жарияланғаннан кейін міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Түсіністік танытып, ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!

06-08-2021 22-57-42   From students

Author: Anonymous

Question # 5474
Сәлеметсіздер ме? Мен екінші курс студентімін. Менің мәселем жатақхана жайлы. Екінші курстарға берілмеуі мүмкін жеген ақпараттарды естіп жатырмыз. Өзім грантта оқимын. Сондықтан,алыс аймақтан келетін және басқа да (жартылай жетім) деген сынды көмекпен. Жоғары курс студенттеріне жатахқана берулеріңізжі сұраймын!!!!
Answer:

Құрметті студент! Білім алушыларымызды толықтай жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жатақхана тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді. Университетімізде 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығы 1397 құраса, пандемиялық жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес орындар саны екі есе қысқарып, 814 орынды құрап отыр. Университетке қабылданатын білім алушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Жатақхана мәселесі басшылықтың басты назарында.  
Білім алушыларға жатақханадан орын бөлу 2019 жылдан бері автоматты жүйе арқылы жүргізіледі. Жатақханаға орналасу тәртібіне сәйкес толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер мен  бірінші курс студенттеріне  алдыңғы кезекте орын бөлінеді.  Жатақханаға орналасу тәртібіне сәйкес  Сіз  «Univer» жүйесі арқылы Е-қызметтер қосымшасына өтінім беріп, оған коса жатақханаға орналасуға басым құқығыңызды растайтын құжаттар көшірмесін тіркеуіңіз қажет.  Жатақханаларға орын бөлу ережелерін және талапкердің/студенттің бірінші кезекте қоныстануға басым құқығын растайтын құжаттар тізімімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2660/page/ .
06-08-2021 22-32-16   From applicant

Author: Камила

Question # 5473
Қайырлы кеш, Дархан мырза!
Ректор блогын қарап отырып, диплом ауыстыру мәселесі бойынша кеңес беретін, толық мағлұмат беретін көрсетілген нөмірге хабарластым, себебі тапсырып қойған құжатым айтылғандай 2 емес, 4-5 күнге созылу қаупі бар еді, бірақ ЖАНБЕКОВ ХАЙРУЛЛА НЫШАНҰЛЫНЫҢ арқасында уақытында дайын болатын болды. Сондықтан осы ретте ағайға ЗОР алғысымды білдіргім келеді. Сөйлеген мәнерінің өзі, мәселені бейжай қалдырмай бірден шешіп бергені жай ғана өз қызметін жақсы атқару емес, үлкеен адамдықтың көрсеткіші болды. Апайларымыздан жазып,сұрап сәлем де ала алмай жүр едік. Өз атымнан Хайрулла Нышанұлына үлкен алғысымды білдіргім келеді, себебі расымен сондай алаңдаушылық танытып, көмектесуге атсалысты. Расымен студенттер үшін алаңдап тұрғаны білінді, сондай риза болдым. Ағайға зор денсаулық тілеймін, өз міндетін абыройлы атқарып жүргені үшін Алла разы болсын!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолдаған алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Сізге тек сәттілік тілейміз!

05-08-2021 14-26-04   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5471
Вопрос с трудовыми книжками не решён!! Сколько можно ждать , ещё и казус с дипломами , они наверно у нас тоже будут готовы через 1,5 месяца! Что за беспорядок? Возьмите уже все под контроль! Я собираюсь поступать на 2 высшее в другой университет , где первой необходимостью является оригинал диплома, что же делать ?!!!!
Answer:

Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам дипломы собственного образца. Да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Касательно трудовой книжки  даны поручения ответственным лицам.  В понедельник можете подойти в центр «Мансап».  Спасибо!

05-08-2021 13-04-34   From students

Author: Nur

Question # 5470
салеметсиздер ма? биылгы оку форматы кандай болады? неге ешкандай жауап жок? алыстан келетиндерге киын гой? билет жататын орын, акша жане жумыс маселеси
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылындағы оқу форматы бойынша ресми ақпарат міндетті түрде хабарланады. Рахмет!

05-08-2021 10-11-56   Other

Author: Аноним

Question # 5469
Сәлеметсіз бе. Сіздерде магистратурада BlendedLearning оқу форматы бар деген постты инстаграмнан оқыдым. Бұл форматта грант бойынша оқуға болады ма? Аралас оқу форматы бойынша өндірістен қол үзбей оқуға болады ма?
Answer:

Құрметті талапкер! Blended Learning оқу форматы бойынша магистратураға түсу жайлы оқу орнымыздың қабылдау комиссиясынан толық ақпарат ала аласыз. Қабылдау комиссиясының байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!

05-08-2021 03-28-44   From students

Author: Anonymous

Question # 5468
Сәлеметсіздерме! Менің қояр сұрағым өтініш оқу оффлайн не онлайн өтуін ертерек хабар берсеңіздер себебі біз алыс аймақтағылар тез арада билет тауып 2 кунде жетіп бара алмаимыз. Одан кейін тұратын жеріміздідеқарастыру бір мәселе . Алматы қаласы студенттер келу уақытына қарай пәтер ақысын қымбаттатады бұл барлық студенттерге мәлім жағыдай. Сонымен қатар 3 курстар онлайн дегенді есіттік. Бұл жағдайдың алдын алсаңыздар. Біз 1,2 курсты үйде онлайн оқыдық 3 курс тағы онлайн оқысақ біз қалай 4 курста практика өтей аламыз. 1,2 курс қатып зумменде оқыдық. Егер 3 курс тағы онлайн болса бізден қандай Ұстаз шығады??? Онлайн оқу барысында Қазақстан бойынша білім деңгейі түскені анықталып отыр. Өтініш біз онсызда 2 жыл үйде оқыдық. 3 курсты Университетте оқығымыз келеді. Өтінішіміз ескерілсе екен. Рақмет
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі таңда Алматы қаласы эпидемиялогиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қауіп-қатер деңгейі өте жоғары аймаққа кіргендіктен, биылғы оқу форматы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылатындығын ескертеміз.

Университетіміздің 2021/2022 жылға арналған оқу форматы қарастырылып жатыр. Оқу форматына қатысты қабылданған шешім білім алушыларға алдына ала хабарланатын болады. Қазіргі таңда жаңа оқу жылына оқу ғимараттары мен жатақханаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!  

 

05-08-2021 00-43-29   From students

Author: Anonymous

Question # 5467
Здравствуйте! Подскажите пожалуйста дело в том, что я являюсь выпускником этого года, и в номере диплома недостают три нуля, но в транскрипте они есть, и по qr коду также они имеются. Скажите пожалуйста является ли это ошибкой если да то в какой срок нам перевыпустят диплом? Я не хотел бы с этим тянуть и что мне делать? Так как диплом с приложением является одним из документов для сдачи документов для участие в конкурсе на присуждение обр. Грант в магистратуру с 11.08. -15.08❗❗❗
Answer:

Здравствуйте! В этом учебном году Университет впервые выдал своим выпускникам диплом собственного образца, да, при написании текста в дипломе произошли технические ошибки, за это приносим свои извинения! При первой же возможности в оперативном порядке в течение дня заменим Вам диплом. Спасибо!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  70  71  72  73  74 75  76  77  78  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений