Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
27-06-2021 17-06-22   Other

Author: Anonymous

Question # 5339
Здравствуйте, Дархан Нурланович! Почему в 2021 году отпускные поступили только за 1 ставку и не выплатили оздоровительные?​ До этого​ времени отпускные всегда (у кого 1,5 ставки) получали за​ 1,5 ставки.​ Работаем в национальном университете и получаем мизерную зарплату и отпускные, про оздоровительные​ молчу.​ В нашем коллективе работают матери-одиночки, которые воспитывают 3-4 детей, живут в съемной квартире. Как вы думаете можно прожить на 300-500 тыс. целых 3 месяца? Мне бы хотелось задать этот вопрос МОН РК. Я в недоумении, как платить ипотеку и кредиты..... Следующая зарплата нам поступит 10-11 октября. Школьные учителя по сравнению с преподавателями​ ВУЗА получают больше и у нас​ возникает вопрос есть ли смысл дальше работать​ в данной организации?! Что плохо, нас в начале года никто не предупреждал о том, что будут такие изменения.​ Дархан Нурланович, прошу Вас пересмотреть размер отпускных,​ надеемся на ваше понимание. Спасибо!
Answer:

Здравствуйте! По указанному в письме вопросу от ответственных лиц была получена следующая информация по оплате ежегодных оплачиваемых трудовых отпусков педагогических работников.

В сентябре 2020 года на основании обращений ППС приказом Председателя Правления – ректора университета в период с 1 сентября 2020 года по 31 мая 2021 года преподавателям была предоставлена дополнительная нагрузка 0,25 и 0,5 ставки. Соответственно, 31 мая 2021 года преподаватели были освобождены от дополнительных нагрузок 0,25 и 0,5 ставки и получили компенсацию.

С 1 июля 2021 года преподаватели ​ направлены в ежегодный оплачиваемый отпуск с основной нагрузкой 1 единица, по которой выплачены причитающиеся отпускные и пособия на оздоровление в полном объеме. Нарушения прав и законных интересов преподавателей со стороны университета нет.

Также сообщаем, что в 2021/2022 учебном году планируется повышение заработной платы преподавателей вуза.

27-06-2021 11-40-16   Other

Author: Боранбаев Сұлтан

Question # 5338
Саламатсыз ба, мен енді 11 сыныпқа түсетін деп жатырмын және осы ҚазНПУ Университетіне түсуде қызығушылық танытамын.
Менің сұрағым ұбт бойынша, география пәнінен педагог дайындайтын курстарға жазылу үшін ұбт-дан қандай 2пән таңдау керекпін?
География және математика ма, әлде биология ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! "География" білім беру бағдарламасына оқуға тапсыру үшін "Дүниежүзі тарихы" және "География" бейіндік пәндерінен емтихан тапсырасыз.  

27-06-2021 10-35-10   From applicant

Author: Каршибаева Жаннура

Question # 5337
Сәлеметсіз бе мен педагогикалық емтихан тапсырған едім енді ол тестын жауабы қашан шығады сәл түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жіберсеңіз бірақ мен 2021мектеп түлегі болам)
Answer:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижелері университеттің ресми сайтында жарияланады. Қосымша ақпараттар әлеуметтік желідегі парақшаларымызда хабарланатын болады. Рахмет!

26-06-2021 18-01-51   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5336
Саламатсызба мен 2021 жылгы тулекпн сиздерде тарих жане география мугалими яғни кос панди алып шыгуга болама
Answer:

Құрметті талапкер! "Тарих  мұғалімін даярлау" және "География" білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды Тарих және құқық институты мен Жаратылыстану және география институты даярлайды. Сіз тек бір мамандықты таңдауыңыз қажет. Оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызға болады.  Тел.: 8 (727)221-85-14; 8 (727) 291 57 68. 

25-06-2021 23-18-33   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5335
Сәлеметсіз бе. Менің сұрағым бар еді. Менде Гос экзаменнен бағам "5", Дипломды "5" ке қорғадым. Практикалық тәжірибелерден бағаларым "5". Ал жалпы пәндерден 35 -"5" деген бағам және 20-"4" деген бағам бар еді...GPA "3,53" және "3" деген бағам жоқ..Мен қызыл диплом ала аламын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үлгеріміңізге байланысты нақты ақпарат алу үшін институт басшылығына хабарласуыңызды сұраймыз. Институт басшылығы туралы ақпаратты келесі сілтеме  арқылы алуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

25-06-2021 22-36-57   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5334
Сәлеметсізбе, құрметті ректор мырза! Мен 11 сыныпты осы жылы бітірдім, егерде ақылы қазақ тілі әдебиеті мұғаліміне тапсырсам төлем қанша болады?
Answer:

Құрметті талапкер! Оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары мен оқу ақысы туралы ақпаратпен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2150/page/. Рахмет!

25-06-2021 17-11-23   Other

Author: Anonymous

Question # 5333
Сәлеметсізбе, Дархан Мырза! Университеттің ПОҚ құрамы кеше жаздық отпускнойды алдық. Шынын айтқанда әріптестер бәріміз таң қалдық, тускен қаржы қанағаттандырмайды. Былтыр отпускнойды 1,5 ставкаға алған болатынбыз, биыл неге 1 ставкаға ғана төледі? Бухгалтерлер бір ауыз тусіндірмей жалақымызды былықтырып,тусініксіз төлейді. Мамыр айында сәл артық тускен айлығымыз. Неліктен осылай бөліп былықтырады жалақымызды? Біз үш ай бойы қайтіп кун көреміз? Бір ауыз ескертпеген жылдың басында. Ұлттық университте мынандай ақы алу ұятқой. Елімізде карантиннен кейін қымбатшылық басталды, азық тулік қымбат. Ипотека, кредиттерімізді қалай төлейміз? Осы мәселені бір ауыз қарастыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселе бойынша жауапты тұлғалардан педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарының төлемдері бойынша келесідей ақпарат алынды.

2020 жылдың қыркүйек айында профессор-оқытушылар құрамы өтініштерінің негізінде, университет Басқарма Төрағасы – Ректорының бұйрығымен 2020 жылдың 1 қыркүйек күні мен 2021 жылдың 31 мамыр күні аралығына сіздерге 0,25 және 0,5 қосымша жүктеме берілген. Тиісінше, 2021 жылдың 31 мамырында сіздер қосымша 0,25 және 0,5 жүктемеден босатылып, сіздерге өтемақы төленген болатын.

2021 жылдың 1 шілдесінен сіздер негізгі 1 бірлік жүктемелеріңізбен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберілдіңіздер, ол бойынша сіздерге тиесілі еңбек демалысының ақысы мен сауықтыру жәрдемақысы толық көлемде төленген. Университет тарапынан сіздердің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді бұзу орын алған жоқ.

Сонымен қатар, 2021/2022 оқу жылында университеттің педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын қосымша хабарлаймыз.

25-06-2021 14-55-50   From students

Author: Anonymous

Question # 5332
Сәлеметсіз бе.
4 курстарға диплом табыстау рәсімі қандай форматта өтеді?
Онлайн немесе офлайн?
Қашан болатынын білгіміз келеді?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі туралы ақпарат ресми сайтқа жарияланып, директорат тарапынан хабарланатын болады.  Сұрағыңыз үшін рахмет!   

25-06-2021 11-12-19   From parents

Author: Айдана

Question # 5331
Қабылдау бөліміне қашан хабарлассақ та телефонға жауап бермейді,ол кісілер сонда орнында отырмай ма?Әлде номерді әдемілік үшін қойдыңыздар ма саитқа?
Answer:

Құрметті талапкер! Абай атындағы ҚазҰПУ Қабылдау комиссиясының мамандары қосымша онлайн-кеңес береді. Білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережелері, оқу ақысы, жеңілдіктер, емтихан тапсыру және тағы да басқа сұрақтарыңыз бойынша әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Виртуалды қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алу үшін сайтта көрсетілген сілтемеге қосылуыңыз қажет: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/ .

23-06-2021 21-31-13   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5329
Сәлеметсізбе Ректор мырза! Жаңа лауазымыңызбен құттықтаймын. Мен қара шаңырағымыздың 4 курс студенті едім. Басқа университеттердегідей диплом алу рәсімін оффлайн жасауға не кедергі? Басқа да студенттер сияқты мантия киіп, карантин ережелерін сақтан ОФФЛАЙН болса екен! Рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Кестемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ . Қосымша ақпарат директорат тарапынан хабарланады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

23-06-2021 19-31-07   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5328
Биз, 4курс битируши тулектер! Курметти ректор, жана орынга тагайындалуынызбен куттыктаймыз! Вручениени неге онлайн жасайсыздар?! Егер, биз дипломды оффлайн апарып тапсырсак? негеееее? неге жолдаманы барып алып кетемиз? неге баска Алматы каласындагы универлерде оффлайн, неге мектептерде сонгы конырау оффлайн? Неге бизде онлайн? тусиндире аласыз ба? карантиндик талаптарды сактап откизип жатыргой баска ис-шараларды! Биз де талап етемиз! оган кукымыз бар деп санаймын! Университет кабыргасындагы сонгы уактымызды керемет етип откизип берулеринизди сураймыз! Улкен рахмет! Жауабынызды кутемиз. (казакша клавиатура жок телефонымда)
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет үшін білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптар сақталуы қажет. Диплом табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген арнайы кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Дипломды табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ .Қосымша ақпарат директорат тарапынан хабарланады. Түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рахмет!

23-06-2021 19-30-49   From applicant

Author: Гүлнұр Қажымқанқызы

Question # 5327
Сәлеметсіз бе,Дархан мырза!
Мен 4курс студенті,биылғы жылдың бітіруші түлегімін.Менің сұрайын дегенім басқа университетте бітіру кеші оффлайн (яғни дипломдарын барып)алып жатыр.Бізде бітіру кешін жасағымыз келеді.Қазір карантиндік шектеулер азайды ғой?!Соны қарастыруларыңызды сұраймын!!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік талаптар сақталуы қажет. Диплом табыстау рәсімі 2021 жылдың 8-15 шілде күндері аралығында бекітілген арнайы кестеге сәйкес ZOOM платформасы мен YouTube каналында өткізіледі. Диплом табыстау рәсімінің кестесімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3919/notice/ .Қосымша ақпарат директорат тарапынан хабарланады. Түсіністік танытуыңызды сұраймыз. Рахмет!

23-06-2021 16-15-09   From students

Author: Anonymous

Question # 5326
Сәлеметсіз бе ? Мен 2курсқа өтетін магистрантпын, ақылы бөлімде оқимын. Жалғыз анам бар мектепте мебдике. Акем жол апатынан қайтыс болған. Бізге бүгін мемлекеттік грантқа өтуге болады деген хабарлама келген болатын. Және бүгіннен қалдырмай, универге барып өтініш тапсырыңыздар деп. Алайда мен басқа қалада тұрамын дәл қазір немесе бүгін ертен Алматы қаласына бара алмаймын. Сізден өтініп сұрарым, басқа өзімнің жақын туысым барып тапсыра ала ма ? Немесе қай уақытқа дейн тапсырсақ үлгереміз? Бұл грант мен үшін өте маңызды! Және үлкен көмек болатын еді. Толық ақпаратты да дұрыс ала алмай отырмын. Куратордан да,басқа магистранттардан да.Қыстық семестрде де 1 орын бос болыпты грантқа оны да білмедік. Ақпарат берілмеді. Оқуға түсерде қарастырады ондай жеңілдіктер деп айтқан болатын…Сондықтан бұл сұрақты жауапсыз қалдырмайсыз деп ойлаймын. Алдын ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік грант орнына ауысу жолдары бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен  немесе институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.  Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

23-06-2021 15-59-27   Other

Author: Anonymous

Question # 5325
Менің бауырым спорт және өнер факультетінде оқиды биыл соңғы диплом алатын жылы еді.Тест тапсырды,диплом защита жасады багасын алды.оку акшасы толык толенди.Сизге сурагым 25.05.21жылы тест тапсырдык бирак диплом коргап болған соң бизге 1сабактан куладын деп хабарласа тур .Айро деген программамен тапсырдык .неге бизге диплом коргамай турып айтпайды неге ертерек ескертпейді.Биз барып жолымен келесі жылға каласындар деп отыр .келесі жылы сол панди окып ,кайта диплом жумыс жазып ,коргайсындар дейди .неге біз кайта диплом коргаймыз.неге казир руксат бермейди кайта тузеуге .Осы маселени шешип берсеніз .рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызды сұраймыз.

23-06-2021 15-47-14   From students

Author: Anonymous

Question # 5324
Сәлеметсіз бе!
Біздің университетте қызыл диплом алудың шарты қандай?
Басқа университеттерден естуім бойынша GPA 3,5-тен асқан жағдайда мемлекеттік емтихан бағасы 4 болса да қызыл диплом беріп жатыр екен. Біздің университетте олай болмайды ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға қызыл диплом Академиялық саясаттың келесі тармағына сәйкес беріледі.

366. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+, «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Оқу кезеңінде емтиханды қайта тапсырған немесе қайталап тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды.

22-06-2021 16-51-56   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5323
Сәлеметсіз бе,мен Алматы экономикалық колледжінде технолог мамандыгында оқыдым,осы университетке дене тәрбиесіне дистанционныйға тапсыра аламын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқуға тапсыру бойынша барлық сұрақтарыңызға Қабылдау комиссиясының мамандары толық жауап береді. Тел.: 8 (727)221-85-14; 8 727 291 57 68.

21-06-2021 13-37-52   From students

Author: Anonymous

Question # 5321

Сәлеметсіз бе! Құрметті ректор мырза! Менің сұрайын дегенім стипендия жайында.Біз педагогикалық мамандықтағы 4 курс студенттеріміз,бізге соңғы стипендиядан -14000, ал повышкалардан -16000 ұстап қалды.Бухгалтериядан сұрағанымызда 21 июньге дейін есептеледі дейді.Бұл қаншалықты дұрыс? Негізі толық стипендия түсу керек қой,диплом әлі алған жоқпыз?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-30-67, 291-90-12. Рахмет!

21-06-2021 13-24-45   Other

Author: Аноним

Question # 5320
Құрметті Дархан Біләлов! Ғасырға жуық тарихы бар Абай атындағы ҚазҰПУ.дегі қызметіңізге сәттілік тілей отырып, 2021 жылғы бітіруші докторанттар атынан өтініш білдірсек деген ниетіміз бар. Басқа (әл-Фараби ат.ҚазҰУ және т.б.) ЖОО шілде-тамыз айларында шәкіртақы тағайындалған. Біздің университетте ол жағдай қарастырылмаған осы уақытқа дейін. Дәл қазіргі пандемия жағдайын және докторанттардың жұмыссыз, отбасылы екенін ескере отырып, осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз. ҚР бойынша докторанттарға қойылатын талап бір, шәкіртақы да бірегей берілсе...
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің директоры Тамара Сәдірбайқызы Сапарбаевамен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8(727)291-30-67. Сұрағыңыз үшін рахмет!

18-06-2021 19-03-53   From parents

Author: Anonymous

Question # 5317
Педагогика және психология институты түлектеріне диплом қашан беріледі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің бітіруші түлектеріне дипломды табыстау рәсімі туралы ақпарат ресми сайтымызда жарияланады, институт басшылығы тарапынан түлектерімізге хабарланатын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

18-06-2021 17-50-06   From students

Author: Гараева Нармина Рамизовна

Question # 5316
Здравствуйте, уважаемый ректор! Скажите, пожалуйста, в какой период принимаются документы для поступления на грант в докторантуру? Какие экзамены для этого нужно сдать? Если будут тесты или экзамены, где можно будет найти материал для подготовки? Благодарю за ответ!
Answer:

Здравствуйте! Приём заявок на участие в экзаменах пройдет с 3 июля по 3 августа 2021 года через сайт Национального тестирования. Экзамены будут проходить 4-20 августа т.г. Предметы: эссе, тест по профильным предметам и тест на готовность к обучению. На все ваши вопросы подробно ответят специалисты Приемной комиссии. Тел.: 8 (727)221-85-14; 8 (727) 291 57 68.

Total records: 4039

« перв. ... < пред. ...  76  77  78  79  80 81  82  83  84  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
7
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений