Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
12-05-2021 04-50-04   From applicant

Author: Мадина Ажибай

Question # 5225
Сәлеметсіз бе! Мен 2021 жылғы колледж түлегімін. Коллежді бастауыш білім беру мұғалімі мамандығымен аяқтағалы отырмын.Үздік диплом және ұбт-дан қысқартылған мерзімде оқуға 63 балл алдым. Осы оқу орнына педагогика және психологияға грантқа түсуге мүмкіндік бар ма? Әлде тек бастауышты жалғастыра аламын ба? Конкурсқа қатысу үшін екі мамандықтың біреуін таңдауым керек пе? Университетке келіп, көруге, танысуға бола ма? Алдын-ала алғыс айтамын! Университеттің білім беру жүйесімен нақты таныс болмағандықтан, өте көп сұрақтар туындап жатыр.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2021 жылғы 13 шілдеде мемлекеттік білім беру конкурсы басталады, бағыңызды сынап көріңіз. Колледжден кейін біліміңізді жалғастырсаңыз тек бір ғана білім беру бағдарламасын таңдайсыз. Рахмет!

11-05-2021 16-45-49   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5224
Сәлеметсіз бе ! Тахир Оспанұлы, мен Ибраймова Гулмира, 1-курс студенті 11.05.20 күні орыс тілінен тесттен төмен балл алып қалдым, себебі сеть нашар болып,универ жүйесіне жауаптардың жартысын белгілеп болған кезде сеть шығарып жіберді, сол себепті 55/100 алдым, желі ақауларына қарсы тұра алмағандықтан ол менің кінәм емес деп ойлаймын. Өтініш,маған тестті қайта тапсыру мүмкіндігі берілсінші! Мәселемді бейжай қалдырмайсыз деп үміттенемін. Құрметпен Ибраймова Гулмира.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығының басшысы Даража Нағашыбайқызы Исабаевамен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.: 8(727) 291-57-50, daraja_78@mail.ru.

11-05-2021 15-48-58   From students

Author: Anonymous

Question # 5223
Салеметсиз бе! Сессиянын алгашкы кундери тапсыргандардан сурасак, неше турли сайттан кателиктер кетип жатыр. Баска университет, мысалы, Казну орта балл есебимен багаларын койып берип жатыр, тёк 1-2 сабак кана тест туринде болайын деп жатыр. Неге сонша киындатып жатырсыздар? Мумкиндик болса , не орта баллды (рк1 и рк2) немесе тест туринде болсын барлыгы. Мени колдайтын студентте, магистрантта коп деп ойлаймын
Answer:

Құрметті студент! Біздің университетіміз білім алушыларды даярлау бағытында жұмыс жасайды, сондықтан ағымдағы оқу үдерісі де, емтихан сессиялары да білім алушылардың барлық (әлеуметтік, күнделікті, т.б.) мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіледі. Емтиханға қатысты сұрақтарыңызға директорат басшылығынан толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

10-05-2021 23-47-09   From students

Author: Anonymous

Question # 5222
Сәлеметсіз бе, сізден сұрайын дегенім егерле студент жазбаша емтиханнан 50-ден төмен балл алып қалса, қайта пересдача тапсырып степендияда қалу мүмкіндігі болады ма? Қайта пересдача тапсыру тек тестте дейді, ал жазбаша да жоқ сразу летога дейді, олай мүмкін емес қой, неге мүмкіндік екеуіндеде бірдей емес? Өтінемін, Жазбаша емтиханда да оқулық сайтына қайта кіріп пересдача тапсыруға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз!
Answer:

Құрметті білім алушы! Емтиханды қайта тапсыру тек FX жағдайы орын алса ғана жүзеге асырылады. Қосымша ақпаратты Тестілеу орталығынан алуыңызға болады. 

09-05-2021 23-13-22   From students

Author: Anonymous

Question # 5221
Сәлеметсіз бе, бізде осы сессияда жазбаша оқулықта болған кезде 50-ден төмен балл алып қалғандар, қайта пересдача тапсыра ала ма? Ондай тек тестте дейді, неге жазбаша тапсырғанда қайта пересдачаға мүмкіндік болмайды?
Answer:

Құрметті білім алушы! Емтиханды қайта тапсыру тек FX жағдайы орын алса ғана жүзеге асырылады. Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-57-50. Рахмет!

09-05-2021 21-35-10   From students

Author: Anonymous

Question # 5220
Сәлеметсізбе! 4 курс студенттері маусым айында шәкіртақы алады ма? Әлде соңғы шәкіртақы мамыр айында түседі ма?
Answer:

Құрметті білім алушы! Сұрағыңызға жауапты студенттік бухгалтерияға хабарласу арқылы біле аласыз!

09-05-2021 13-10-18   From students

Author: Anonymous

Question # 5219
Сәлеметсізбе ағай!Менің қояр сұрағым мынадай еді.Мен Химия-биология екеуі қатар жүретін мамандық бойынша осы университетке ауысуға боламекен соны сұрайын деп едім? Грантқа ауысуға болама, орындар бармекен,1 курстан кейін грантқа ауысуға мүмкіндік болама?Өзім грантта оқитын едім,осы мамандық бойынша.
Answer:

Құрметті талапкер! Ауысқалы отырған мамандығыңыз бен қазіргі оқып жатқан мамандығыңыз бір білім беру бағдарламасы тобына кіретін болса және ұлттық университетте оқысаңыз, біздің университетімізге грантыңызды сақтай отырып ауыса аласыз. 

08-05-2021 02-14-00   From students

Author: Dhhdb

Question # 5217
Құрметті Тахир мырза! Сессия тапсыру барысында оқулық платформасына ашық сессия уақытында берілген сұраққа жауапты жүектеу өте ұзаааақ уақыт алды
Answer:

Құрметті студент! Емтихан кезінде техникалық ақаулар университет тарапынан болатын болса, сұрағыңыз бойынша міндетті түрде университеттің IT техникалық базасының жұмысына тексерулер жүргізіледі.

07-05-2021 05-17-34   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5216
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Менің қояр сұрағым 2021 жылғы талапкерлерде шығармашылық емтихан онлайн форматта өтетін болды ма? Алдын-ала рахмет) Жауап күтемін
Answer:

Құрметті талапкер! Оқуға қабылдау бойынша сұрақтарыңызға жауапты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан біле аласыз. Тел.: 291-57-68.

06-05-2021 15-36-02   From students

Author: Anonymous

Question # 5215
Уважаемый Такир Оспанович. МЫ, студенты вашего университета, неоднократно поднимали вопрос сдачи экзамена, так как по сей день происходят различные технические неполадки, по НЕ зависящим от нас причинам! Мы приняли тот факт, что без учета мнения студентов были назначены экзамены. Мы приняли также то, что при назначении экзамена не были учтены следующие группы лиц: 1. студенты, проживающие в сельской местности с плохим интернет-соединением; 2. студенты, которые не имеют технических средств для сдачи экзамена и не имеют возможности их приобрести. Мы смирились с тем, что система OKULYK работает с перебоями. А теперь, нам сообщили, что если студент не смог сдать экзамен из-за технических неполадок, НЕ по своей вине, он будет пересдавать его в другие сроки. Почему мы, студенты, должны из-за плохой работы интернета и системы Окулык снова испытывать стресс со сдачей экзамена и тратить на это свое время?!
Answer:

Уважаемый студент! Наш университет работает в направлении подготовки обучающихся, поэтому как текущий учебный процесс, так и экзаменационные сессии проводятся с учетом всех возможностей обучающихся (социальных, повседневных и т.д.).

05-05-2021 11-13-17   From students

Author: Anonymous

Question # 5213
Салеметсіз бе,Тахир Оспанұлы!
Мен 1ши курс студенті едім сеть нашарлығына басланысты сессияны дұрыс тапсыра алмадым.Сеть нашар болса қайта тапсыруға мумкіндік бар деп едіңіздер басында осы сессияға басланысты зумда жиналыс жасағанда.Енді мен қай уақытта сессияны қайта тапсыра аламын?Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Answer:

Cәлеметсіз бе! Емтихан кезінде мүлдем емтихан тапсырып үлгермеген студенттер «Техникалық ақаулықтарға байланысты тапсыра алмаған студенттер тізімі» формасын толтырады. Толтырылған құжаттың негізінде студенттерге арнайы күн қойылып, қайтадан емтихан ұйымдастырылады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тест орталығының немесе институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

04-05-2021 21-33-42   From students

Author: Докторантттан

Question # 5212
Аса құрметті Такир Оспанұлы!!!
Менің Сізге өтінішім, мені ескі талапқа сай қорғатуыңызды сұраймын. Себебі кафедраның кеңейтілген мәжілісі желтоқсан айының 28-ші жұлдызында өтті, барлық рецензенттер оң пікір берді, ғылыми семинар қаңтар айына қойылып, 2 емес 4 рецензент болу керек деп, ғылыми семинардың болатындығы жайлы хабарландыру жоқ деген себептермен 1 айға шегерілді. Содан ақпан айының 26-шы жұлдызында оффлайн режиминде болды, 4 рецензентте оң пікір берді, ғылыми семинар төрағасы қол қойып берді, десе де онлайн форматта тағы откіземіз ескертулер бойынша деп наурыз айында 1 рет, сәуір айында 1 рет болды. Өстіп жүргенде жаңа талап шығып енді сол бойынша қорғайсыз, мүмкін маусым айының соңы, мүмкін тамыз айының соңы, мүмкін күзде деген әңгімелер айтып жатыр.
Сол себептен Сіздің көмегіңіз мен үшін өте маңызды, жан айқайымды естіп, көмек жасайды деген үміттемін!!!
Answer:

Құрметті білім алушы! Әрбір білім алушының ғылыми дәреже алуы сол уақыт кезеңіндегі талапқа сәйкес жүзеге асырылады.Сондықтан университеттің ішкі тәртіп ережелеріне бағына отырып, ғылыми жұмысыңызды сәтті қорғап шығуыңызға тілектеспіз!

04-05-2021 18-51-35   From students

Author: Anonymous

Question # 5211
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Бүін ең алғашқы сессиямызды тапсырып біттік.. Студенттер оқулық жүйесінде туындаған проблемаларды тех.педдержка ұйымына хабарлаған болатын, бірақ қанағаттандыратын жауап ала алмадық. Олардың берген жауабы:
1. Касымхан +7 747 708 8***: «подождите пока загрузится», «скорее всего из-за интернета или сайт тупит», «сообщите преподавателю», «+7 771 989 5*** напишите ему»;
2. Никита +7 771 989 5***: сұрағымды оқымады;
3. Ислам +7 775 490 5***: сұрағымды оқыды бірақ жауап болмады;
4. Саша +7 777 231 3***: «Завершите тест это скорее всего ошибка преподавателя», «Можете написать этому человеку он вам поможет +7 708 171 5***»;
5. Наталья +7 708 171 5***: «Попробуйте перезагрузить страницу. Но прошлые ответы куда-нибудь скопировать», «Можете написать преподавателю, что по техническим проблемам вы не смогли ответить на последний вопрос. Преподаватель можем вам возобновить время».
Бұндай жауаптар тек маған емес группамдығы басқа да студенттерге де келді. Жауапкершілікті бірін-біріне сілтегеннен басқа толыққанды жауап алмадық. Бізге көмек бере алатын басқа кім бар? Сессия тапсырмас бұрын сайтты реттеп алу керек еді. Себебі азаннан бір отырмыз бір сессияны тапсыра алмай. 15 минутта жауап жазып, сайтты 1 сағаттан аса күтудеміз.
Answer:

Cәлеметсіз бе! Емтихан кезінде мүлдем емтихан тапсырып үлгермеген студенттер «Техникалық ақаулықтарға байланысты тапсыра алмаған студенттер тізімі» формасын толтырады. Толтырылған құжаттың негізінде студенттерге арнайы күн қойылып, қайтадан емтихан ұйымдастырылады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тест орталығының немесе институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

04-05-2021 16-35-41   From students

Author: Anonymous

Question # 5209
Сәлеметсіз бе, Такир мырза. Менің сізге шағымым бар еді. Мен "екі шет тілі" мамандығында 3 курс оқимын. Бізге 04.05.2021 күні "Теориялық фонетика" деген сабақтан сессия болды. Мен үздік оқушы ретінде ұқыпты дайындалып тапсырдым. Соңында 68% дегенді көріп, қателерімді қарасам мұғалім өзі дұрыс емес жауапты дұрыс деп белгілеген. Апелляцияға өтініш жаздым, бірақ қорытынды балл 68 болып қойылып тұр. Бұл қалай болғаны? Сонда мұғілімнен кеткен қате үшін мен "3" деген баға алуым керек пе? Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін. Білімім мен еңбегімнің зая кеткенін қаламаймын және "3" деген бағаны қанағат тұтпаймын
Answer:

Cәлеметсіз бе! Емтихан кезінде мүлдем емтихан тапсырып үлгермеген студенттер «Техникалық ақаулықтарға байланысты тапсыра алмаған студенттер тізімі» формасын толтырады. Толтырылған құжаттың негізінде студенттерге арнайы күн қойылып, қайтадан емтихан ұйымдастырылады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тест орталығының немесе институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

04-05-2021 13-35-45   From students

Author: Anonymous

Question # 5208
Өтініш
Құрметті Такир Оспанович, біз, 5В11300-биология 4 курс студенттері,сізден соңғы алатын шәкіртақымыздан жол өтемақысын ұстамауыңызды өтінеміз.
Карантиндік шараларға байланысты біз қашықтықтан білім алғанымызбен,біз Алматы қаласына келуге мәжбүр болдық:
-Дипломдық жоба жазуда 3 студент бірігіп жаздық.Бұл дегеніміз әр қалада отырып, дипломдық жобамызды жазу мүмкін еместігін көрсетеді.Яғни, 3 студентте Алматы қаласында.
-Магистратураға түсіуге арналған кешенді тестілеу оффлайн форматта өткенің айта кетейік,яғни апробация өткізу үшін Алматы қаласына келдік.
- Магистрауаға түсуге Университет тарапынан берілген ағылшыннан дайындық оффлайн форматта өтіп жатыр. Соңғы алатын шәкіртақымызды толық алуға мүмкіндік беріңіз.


Answer:

Сәлеметсіз бе!  2021 жылғы мамыр айындағы шәкіртақыдан жол жүруге төленетін жол өтемақысы ұсталынбайды.

04-05-2021 13-31-04   From students

Author: Anonymous

Question # 5207
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанович. Сізге қояр сұрағым:қашықтықтан оқудан бастап студенттерге жол ақысына бөлінген қаржыны университет бюджетіне қайтадан қайтару туралы шешім не себепті тек біздің оқу орнымызда айтылған, осы мәселені қарастырсаңыз.
Answer:

Құрметті студент! 2021 жылдың мамыр айындағы шәкіртақыдан жол жүруге төленетін жол өтемақысы ұсталынбайды.Шәкіртақы 17 мамырға дейін толық көлемде төленеді. Рахмет!

04-05-2021 11-44-10   From students

Author: Anonymous

Question # 5206
Құрметті университет басшылығы, мұнда жазу себебім, мен 4 курс студентімін, пандемиялық жағдайға байланысты дорожка ақшасын мамыр айы стипендиясынан ұстап қалуларыңызды қолдамаймын. Біз бұл грантты о баста ұтып алып оқып жатқандықтан, стипендиямен қатар дорожка ақшасы да түгел төленуі керек деп ойлаймын, қандай жағдай болмасын, карантин уақытында оқып жатқанымызға біздің кінәміз жоққой. Алдын ала жауаптарыңызға рақмет айтамын.
Answer:

Құрметті студент! 2021 жылдың мамыр айындағы шәкіртақыдан жол жүруге төленетін жол өтемақысы ұсталынбайды.Шәкіртақы 17 мамырға дейін толық көлемде төленеді. Рахмет!

03-05-2021 23-57-38   From students

Author: Куранова Жансая

Question # 5205
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович?!Сізге қояр сұрағым: студенттердің жолақысына жазда және қыста ақша бөлінеді, біз оны алдық.Ал енді алған ақшаны қайтадан қайтару туралы шешім шығыпты.Және де студент пойызбен келген жағдайда ғана ақшаны қайтармвйды екен.Сонда автобуспен немесе таксимен яғни индрайвермен келген студенттер не істейді?Және де бұл хабар неге біздің университетке ғана айтылған?Басқа университеттер бұдан хабары жоқ?
Answer:

Құрметті студент! 2021 жылдың мамыр айындағы шәкіртақыдан жол жүруге төленетін жол өтемақысы ұсталынбайды. Рахмет!

03-05-2021 23-40-34   From students

Author: Anonymous

Question # 5203
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович, сізге қояр сұрағым: қашықтықтан оқытудан бастап студенттерге жол ақысына бөлінген қаржыны универ бюджетіне қайтадан қайтару туралы шешім тек біздің универге айтылған, басқа универлерге айтылмаған, осы мәселені қарастыруыңызды сұраймын!!!
Answer:

Құрметті студент! Шәкіртақы 2021 жылдың 17 мамырына дейін толық көлемде төленеді. Рахмет!

03-05-2021 23-35-33   From students

Author: Anonymous

Question # 5202
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович, сізге қояр сұрағым: студенттердің қашықтықтан оқытудан бастап студенттердің жол ақысына бөлінген қаржыны қайтару туралы шешім тек біздің универге айтылған, басқа ешқандай универде ондай шешім жоқ, осы мәселені қарастыруыңызды СҰРАЙМЫН!
Answer:

Құрметті студент! 2021 жылдың мамыр айындағы шәкіртақыдан жол жүруге төленетін жол өтемақысы ұсталынбайды.Шәкіртақы 17 мамырға дейін толық көлемде төленеді. Рахмет!

Total records: 4039

« перв. ... < пред. ...  80  81  82  83  84 85  86  87  88  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
7
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений