18-11-2021 14-08-18
From students
Author: Anonymous Question # 5773 Сәлеметсізбе! Менің сізге сессия жайлы қояр сурағым бар. Бізде кейбір пәндер Оқулық бойынша өтеді. Сізден сұрарым, сол пәнді өзіміздің ноутбугіміз арқылы тапсырамызба? Оффлайн форматта тек аудитория белгыленде ғана барып тапсырамыз,ия? Осы сұраққа жауап берсеніз. Студенттер қысқы каникулға үйге қайтап билеттерді алдын ала алып қоюуымыз керек еді
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-57-50.
Емтиханға көмекші құрал ретінде келесі материалдарды қолдансаңыз болады:
1. Видеодәріс - https://disk.yandex.kz/d/pT_qs5e--qsPlg
2. Презентация - https://drive.google.com/file/d/11mWax9ZYGg3D5RlhVkW4koqWJ7KP2Myy/view?usp=sharing
Тестілеу орталығы (https://t.me/KazpnuHelpbot) анықтамалық ақпарат беру және техникалық көмекке өтінім беру үшін Телеграммнан чат-бот құрды.
Қажетті әрекеттер:
1. Telegram-ды жүктеп алыңыз
2. Іздеуде @KaznpuHelpbot жазыңыз
3. Меню түймесін басыңыз - > Начать
Өтінімдерге қызмет көрсету кестесі - 9:00-ден 19:00-ге дейін (Дс-Жм)
17-11-2021 01-37-18
From parents
Author: Anonymous Question # 5772 Сәлеметсіз бе ректор мырза!Менің қызым 2курс оқиды.Желтоқсан айының 1-ші жұмасында сізге кіріп жолыға аламын ба?Алдын ала жазылсам. Басқа облыстан баратын едім.Жауап күтемін.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Азаматтарды жеке қабылдау алдын ала жазылу бойынша кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Қабылдауға жазылу үшін алдын ала жазылуыңызды сұраймыз. Тел.:+ 7 727 291-63-39.
16-11-2021 20-09-41
From applicant
Author: Anonymous Question # 5771 Саламатсыз ба!Дархан Билалов. Еки шет тилинде екинши шет тилдеримиз ягни француз кытай турик, биз оларды онлайн турде тапсыруды калаймыз не болмаса сессиянын алдынгы кундерине ауыстыргандарынызды калаймыз. Себеби биз 13и сессия болады олар онлайн ал офлайн 23и барамыз. Биз 10кун бойы бос жатамыз Алматыда. Батыстын студенттери темц более. Биз не билет алалмай отырмыз, алган билеттин датасын ауыстыра алмай жатырмыз! Отиниш дурыстап нактылап шыгаруларынызды отинемизз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! 2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы ағымдағы жылдың Академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.Қысқы емтихан форматы әрбір мамандықтың ерекшелігіне байланысты тестілеу, жазбаша, ауызша емтихан түрлері бойынша қарастырылған. Сұрақтарыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
12-11-2021 23-00-44
From students
Author: Anonymous Question # 5767 Сәлеметсіз бе, осы міне уже 4 нші рет жазып жатырмын жауап қайтармайсыз?! Шапағатта оңай картасына справка беретін апайларлын жұмысын қадағалауынызды сұраймын. Оларға окып жатыр деген справка берінізші десем,онлайн аласын деп қоймай қайтара береді, түсіндірейн десем, айқалап шығады. Менде универ жүйесінле онайга окып жатыр деген спарвканы алу ссылкасынын кызыл жанып тұрғанына міне 1 айдан асты. Ал оны онлайн емес, кағаз туринде берініздерші десем, ун.жуйесинде кызыл жанып тур, истеми тур десем, біздін проблема емес деп бастарын ала кашып айклаап шығады. Олар справка бермесе няғып отыр ол жерде? Тиісті жаза және қадағалау жүргізсеніз, справканы қолма қол берсе екен,!!! ӨТІНІШ СІЗДЕН
Answer:
Сәлеметсіз бе! Біз Шапағат орталығының басшылығымен тиісті жұмыстар жүргіземіз және орталықтың қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдаймыз. Хатыңыздағы мәселелер ескерусіз қалмайды. Рахмет!
11-11-2021 11-02-24
From students
Author: Anonymous Question # 5765 Салеметсиз бе. Сессия кандай форматта отеды? Актау,Атырау, Орал калаларында туратын студенттер билет алуымыз керек кой уже. Казир алмасак, кыска каникулда уйымызге кайта алмай каламыз. Отиниш осы суракка толыкканды жауап берынызшы.
Answer:
Cәлеметсіз бе! 2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы ағымдағы жылдың Академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қысқы емтихан сессиясының форматы мен уақыты туралы ақпарат ресми сайтқа жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4196/notice/ . Рахмет!
10-11-2021 15-07-22
From applicant
Author: Anonymous Question # 5764 Құрметті ректор мырза,таңдап түскен оқу орнымызда білім алушы мектептен немесе колледжден келді деп бөліп жару дұрыс емес екенін сізде тамаша білесіз. Кейбір сабақтардан дипломы бар ұстазсыңдар деп сұрақты жаудырып қою немесе сабақты толығымен студент алып шығу қате тірлік. Басқа ұқсас мамандықтан ауысып келген студенттерді ескерусіз қалып қоюынан басқа, кейбір пәннен мұғалімге біз үйретіп кететініміз өтірік емес. Ұстаз бен білім алушы өз орнында сабақты жүргізсе нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Басшылық тарапынан жауапты тұлғаларға ескерту жасалады. Рахмет!
10-11-2021 15-06-40
From students
Author: Anonymous Question # 5763 Кайырлы кун! Мен сиздин университеттин студенти ретинде наразлыгымды билдиргим келеди. Бул универде окып жургениме 3 жыл болды, айтатын маселем апайдын СТУДЕНТТЕРДИ БОЛИП ЖАРУЫ. Бул оку орнына колледжден кейин, билимимди шындау ушин тускен болатынмын. Казирги танда апайлар “ сендер колледжден келгенсиндер, сендер билесиндер” деп сабакты дурыс откизбейди. Берген тапсырмаларын дурыс тусинбегендиктен урыс естип, томен балл алып жатамыз. Бизге апайлар уйретпесе , калай дурыс орындаймыз? Кейде 11 сыныптан кейин келген студенттермен сабак бирге болады, олар билмесе кайтадан тусиндирип, сурактарына жауап береди , ал бизге урысып береди. Керек десениз кейбир апайлар лекциясынын слайдын бизге жасатып, сабакты сендер отесиндер дейди. Мен осы билимди алу ушин жылына 550.000 толеп отырмын ба? Платник ретинде айтарым, мен мынандай билимге конилим толмайды. Уйрету керек сабактарын озимиз орындап, откизген сабактан не пайда? Студенттин студентке уйреткени билим бе? Осы маселе туралы оз ойынызды айтсаныз.
Answer:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Хатыңыздағы мәселе қайталанбауы үшін алдағы уақытта оқытушының аты-жөнін немесе институттың атауын толық көрсетуіңізді сұраймыз. Рахмет!
10-11-2021 11-45-24
Other
Author: Anonymous Question # 5762 Құрметті ректор! 7 этажды корпусымыздың 2 этажында 220 кабитте отыратын адамдар есік сыртында Ұлағат баспасының директоры деп жазылған, ішімдік ішіп, күні бойы шулайды. Мысалы кеше баспа директоры мен орынбасары және басқа да бөгде адамдар ішімдік ішіп Басқа жанындағы бөлімдерге жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Осы мәселені қолға алсаңыз екен деймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Басшылық тарапынан жауапты тұлғалар міндетті түрде тексеру жұмыстарын жүргізеді. Тексеру нәтижесіне сәйкес шаралар қабылданады.
08-11-2021 19-05-49
From students
Author: Anonymous Question # 5761 Сәламатсызба, қысқы сессия қандай форматта болады? Барлық сабақты онлайн тапсырамыз ба?
Answer:
Сәлеметсіз бе! 2021/2022 оқу жылына арналған қысқы емтихан сессиясының кестесімен сайттан таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4196/notice/. Қысқы емтихан форматына қатысты толық ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен анықтауыңызды сұраймыз.
08-11-2021 18-23-07
From applicant
Author: Anonymous Question # 5760 Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылында постдокторантураға конкурс жарияланады ма? Постдокторантураға тапсыру ережелерін қайдан алуға болады? Сайттан таба алмадық.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
05-11-2021 21-45-13
From students
Author: Ахметов Адилет Question # 5758 Здравствуйте, уважаемый Дархан Нурланович! Рассматривается ли в нашем университете запуск стартап сообщества, технопарка на базе ВУЗа? Возможно ли направить на рассмотрение ряд идей для дальнейшего развития университета ?
Answer:
Здравствуйте! Можете направить свои предложения. Мы с удовольствием рассмотрим их. Свои предложения просим направить на эл. адрес: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz. Спасибо!
05-11-2021 21-06-30
From applicant
Author: студент Question # 5757 Құрметті Дархан Нұрланұлы!Сізге хат жолдап отырған Сіздің қарамағыңыздағы жатақханалардың студенттері.Сізге хат жазуымыздын себебі 29.10.2021ж. мед.пункттен медбикелер келіп бөлмелеріміздің тазалығын тексеріп кетті. Одан кейін мед.пункттен тексеріс жиілеп кетті.
Есікті қақпастан ескертпей баса көктеп топырлап 4-5адам кіріп келіп жерге төсеп қойған кілемдерімізге далада киіп журетін аяқ киімдеріменен бөлмелердің төріне дейін шығып алып ана жерің лас,мына жерің лас деп мазамызды алатын болды.Біздің ойымызша медбикелер тазалықты өздерінен бастау керек сияқты аяқтарына (бахила) киіп дегендей. Мед. пункттен келген тексерісті бастап алып келіп жүрген Ғайни деген апай.Ол кісілер өте дөрекі сөйлеп бізге сабақ оқуымызға,онлайн сабақ айтуымызға улкен кедергісін келтіріп жатыр.Біз басқа кезде тексерсеңіздер болмай ма десек (мысалы туске жақын) бізге Ғайни деген апайдын жауабы: жоқ болмайды қай кезде тексерсе де медбикелер өздері біледі бұл ректордың бұйрығы,ректордың бұйрығы талқыланбайды деп ұрсып береді.Осы Ғайни деген апай алдында да бөлмелердегі стүлдердің бетін ауыстыруымыз қажет деп таңертеңмен келіп, біз ұйықтап жатқанда ескертусіз бөлмелерімізге кіріп аралап журді.Біз ол кезде әлі ұйқымыздан тұрмаған,кейбір студенттер іш киіммен жатқан болатын.Сол кезде де Ғайни апай бізді ыңғайсыз жағдайға қалдырып еді. Енді міне медбикелермен қосылып алып бір бітпейтін тексерістерімен келе береді. Бұл жағдайлар бізге қатты кедергісін келтіріп жатыр.
Біздің Сізден сұрағымыз келгені Ғайни деген апай ойына келген кезде ескертусіз студенттер жатқан бөлмелерді тексеруге құқысы бар ма?
Дархан Нұрланұлы осы сұрағымызға жауап беріп,оң шешім шығарып беруіңізді сұраймыз.Алдын-ала рахмет. Студенттер атынан.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Басшылық тарапынан хатыңызда аталған мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Рахмет!
05-11-2021 13-22-36
From students
Author: Шазинда Мерей Question # 5756 Сәлеметсізбе Дархан мырза, мен 1ші курс студентімін. Мен КазнПуда филология факультетінде қазір оқып жатырмын, бірақ факультетімді мүлде кезінде ұбт тапсырмаған бейіндік пәнге сәйкес, басқа факультетке ауыстырғым келеді. Жалы, сұрағым соны ауыстыруға боладыма? Ол үшін не істеуім керек?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есиркепова Гүлмира Ербатырқызымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8(727) 291-18-35. Рахмет!
05-11-2021 03-18-07
From students
Author: Кузембаева Роза Асылбековна Question # 5755 Здравствуйте! Мы, магистранты Кызылординского университета имени Коркыт Ата, обучающиеся по ОП "Русский язык и литература", хотели бы на базе вашего университета пройти онлайн научную стажировку в течение 10 рабочих дней. Образец договора имеется, но для его заполнения нам необходимы ИИН, БИК и другие данные. Где их можно получить? Также нам необходимо письмо-соглашение от кафедры русского языка и литературы Института филологии и полиязычного образования КазНПУ имени Абая. В беседе с заведующим кафедры Абишевой С.Д. устное согласие было получено. Убедительно просим Вас помочь в организации стажировки
Answer:
Здравствуйте! Для организации научной стажировки магистрантов необходимо предоставить официальное письмо на имя нашего ректора Д.Н.Билялова: необходимо указать ФИО магистрантов, курс, специальность, тематику диссертационной работы и период прохождения стажировки. После получения такого письма Департамент международного сотрудничества вышлет подтверждение о принятии на стажировку магистрантов. Стоимость стажировки на одного магистранта за 10 дней составляет 35 000 тенге. Контактные данные Департамента международного сотрудничества: 8 (727) 291-36-92,291-12-45.
03-11-2021 14-08-23
From students
Author: Anonymous Question # 5754 Сәлеметсізбе Дархан Біләлов мырза! Біздерге сессия қалай өтеді, қай уақыттар аралығында аяқталады, соның барлығы белгіленіп тұрған болса, ертерек айта аласыздарма. Себебі басқа универлерде айтылып жатыр. Біз алыста тұратындықтан билетті алып қояйын деп едік. Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қысқы емтихан сессиясы туралы ақпарат ресми сайтқа жарияланады. Қосымша институт директораттары қысқы емтихан форматы туралы өз білім алушыларын хабардар етеді. Рахмет!
03-11-2021 10-47-46
From students
Author: Anonymous Question # 5753 Салеметсиз бе! казирги уакытта алматы каласында квартира маселесинин жогары денгейде болып жатканы белгили. оффлайн тек 2 кун окып, калган кундери тек онлайн окимыз. берилип жаткан стипендия не квартираны жаппайды, немесе толыктай жатакханамен камтамасыз етиниздер. биз студенттер кашангы ата-анамыздан акша сурап журемиз. жумыс жасайык десек, график работы и график учебы сайкес келмейди, истемейин десен акшан жетпейди себеби барлыгы квартирага кетеди
Answer:
Cәлеметсіз бе! 2021/2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы ағымдағы жылдың Академиялық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қысқы емтихан сессиясының форматы мен уақыты туралы ақпарат ресми сайтқа жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4196/notice/ . Рахмет!
02-11-2021 00-44-45
From parents
Author: Anonymous Question # 5752 Здравствуйте, моя дочь учится в 1 курсе. У нас есть онда проблема по предмету ИКТ учитель поставил моей дочке по рубежке 1 балл
Answer:
Здравствуйте, сообщите, по какой специальности обучается Ваша дочь и дайте более подробную информацию о Вашей проблеме, чтобы мы могли ее тщательно изучить. Спасибо!
01-11-2021 15-09-08
From applicant
Author: Anonymous Question # 5751 Сәлеметсізбе, Дархан Билялов. Сессия онлайн болады екенғой. Бірінші рубежканы оффлайн тапсырдық, енді онлайн оқу форматына ауыссақ болама? Күн көрісіміз, квартира ақшасын төлеу қиын болып жатыр. Тек қана білім деп емес, студенттеріңіздің жағдайына, қалтасына, денсаулығына да қараңыздаршы кішкене. Түсінігіңіз бар шығар, ағай онлайн оқу форматына жіберіңіздерші. А. Аймагамбетов оффлайн оқу форматы дегенмен, соңғы шешімді оқу форматы бойынша университет ректорына қалдырыптығой. Өтініш ағай кішкене біздің жағдайымызға кіріп, бізді түсініңізші.
Answer:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулық хатына сәйкес студенттерді қашықтан оқыту COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда, олардың өтініші негізінде жүзеге асырылады.
31-10-2021 15-27-20
From students
Author: Anonymous Question # 5750 Доброго времени суток! Хотела бы опять-таки спросить про красный диплом. Прошу Вас обойтись без этих клише ответов. Задаю вам лишь один вопрос и жду от вас реальный ответ: «Для красного диплома оценка за Истрию Казахстана имеет значение? Ведь есть постановление, что уже оно никак не имеет значение»
Спасибо Вам, если Вы ответили на этот вопрос!
Answer:
Здравствуйте! На основании нижеследующих пунктов Академической политики КазНПУ имени Абая сообщаем:
-
Обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения).
-
Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием. Спасибо!
30-10-2021 10-01-11
From students
Author: Anonymous Question # 5749 Құрметті Дархан Біләлов мырза! 2020/2021 оқұ жылында босаған білім гранттарының жауабы қашан шығады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан босаған бос білім гранттарының иегерлері туралы бұйрық шығып, Университеттің жауапты құрылымдық бөліміне жолданған кезде білім алушыларға хабарланады. Бос білім беру гранттары туралы қосымша ақпаратты институт директоратынан алуыңызға болады. Рахмет!
Total records: 4046