Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
29-09-2021 10-32-07   Other

Author: Қарлығаш Әлішері

Question # 5663
Мен 2017-2021жж. университет түлегімін. Биыл 4-жылдап төлеп алған дипломым қолымда. Дипломның апамның сорпасындай сыздықтап созылған жыры бітті ме десем, енді жаңартылған білім сертификатының әңгімесі басталды. Қанша жылғы еңбегіміздің дәлелі болар бір жапырақ қағазға күніміз қарап, қаншама адамға хабарластым. Заңды қағазымды заңсыз жолмен бергісі келгендері ме, қайдам, баяғыша ешкім “білмейді” қағаздың хабарын… Сонда кімге барамын? “Бармысың, бауырым…”-ға ма?!


Ашындырасыңдар ғой…
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттері оқу жылының басында 2 апта «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны» курсын оқыды. Әр институт өзінің түлектеріне осы аталған курсты оқығанын растайтын сертификат берді. Сондықтан бұл сұрақпен оқыған институтыңыздың директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

28-09-2021 21-57-25   From students

Author: Жумабек Зарина

Question # 5662
Сәлеметсіз бе! Мен СҚИ 3курс студентімін және “Алтын белгі” иегері. 1курстан осы Алтын белгі скидкамен оқып келе жатырмын. Бағаларым бәрі А, А+. Сол скидкамен тегін оқу жалғасуын өтінемін. Бізде келісім бойынша GPA балл 3,67ден төмен болмауы керек делінген. Сондықтан, өтінішімді қабыл алуыңызды сұраймын
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты басшылығына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. 

28-09-2021 21-21-50   From applicant

Author: Бердешова Аягоз

Question # 5661
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы! Мен - 3-курс студентімін. 2019 жылы "алтын белгілерге" университет тарапынан грант, яғни 100% жеңілдік ұйымдастырылған болатын. Бір жылға берілгенімен, әр сабақты 90+ жапса онда ол әрімен қарай созылуы керек деген келісімшарт жасалғанды. Қабылдау комиссиясы да түскен кезде жақсы оқысаң жалғасады деп иландырған еді. Екінші жылы ұзартылған жеңілдік, алайда биыл сақталмайды деп жатыр. Осы екі жыл ішінде әр пәннен өте жақсы балл алғанмын. (GPA:4)
Сізден жеңілдікті үзартып беруіңізді өтініп сұраймын. Біздің жағдайымызға еніп, қолдап, түсінеді деген үміттемін. Рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Оқу ақысына берілген жеңілдік тек бір жылға беріледі. Жеңілдік алу үшін университет ректорының атына өтініш жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты басшылығына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. Рахмет!

28-09-2021 12-13-36   From students

Author: Anonymous

Question # 5660
Мы ВТОРОЙ курс хотим учиться онлайн, и требуем от вас. Пожалуйста отправьте нас на ОНЛАЙН. Другие университеты слушает же студентов, а вы когда слушаете нас?
Мы посещаем университет только 1 день,ради 2 урока. Еще Алматы сейчас в красном зоне. Лучще отправьте нас домой, мы волнуемся за нашу здоровье.
Мы ВТОРОЙ курс хотим учиться ОНЛАЙН Пожалуйста отправьте нас домой!!!
Другие университеты отправляют же на онлайн
Answer:

Здравствуйте! Учебный процесс осуществляется в смешанном формате с соблюдением санитарно-эпидемиологических требований. Касательно решения Вашего вопроса просим обратиться к руководству института. Спасибо!

27-09-2021 22-03-46   From students

Author: Anonymous

Question # 5659
Анау 2-ші жатақханадағы Салтанат апай адамға тыныштық бермейді не өзі де алмайды не бізге демалдырмайды әр студентке тисе береді адамға жекіріп сөйлейді сол апайдың кесірінен аш қалдық бытовканы яғни асхананы 8:30 немесе 9 да жауып тастай береді не тамақ жасап үлгермейміз не ыдыс жуып үлгермейміз ұйықтап жатсақ бөлмемізге рұқсатсыз кіреді басымызда тұрып алады тұр деп өзінің шаруаларын бізге істеткізеді біз апайдың жұмысын жасаушын емес оқу үшін келдік
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Қызметкерге ескерту жасалады.

27-09-2021 12-54-20   From students

Author: Студент

Question # 5658
cәлеметсіз бе,Ректор мырза
стипендия неге кешіктіріліп жатыр екен??? әр айдың 20-сншы жұлдызы түсетін еді ғой
Answer:

Сәлеметсіз бе! Стипендияға байланысты сұрақтар бойынша студенттік бухгалтерия қызметкерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54. Рахмет!

26-09-2021 09-48-44   From students

Author: Anonymous

Question # 5657
Саламатсыз,Дархан мырза! Мен магистратура 1 курс грант иегеримин, осы мамандыкка ЕНУ-га ауысу ушин кандай арекеттер орындауым керек, кимге хабарласуым керек айтып жиберинизши
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.

25-09-2021 18-07-18   From students

Author: Anonymous

Question # 5656
Қайырлы кеш, ректор мырза! Магистратура студенттерінің екінші курсы онлайн, ал бірінші курс не себепті семинарды офлайн оқуы қажет?? Өткен жылы олар барлығын онлайн оқыды ғой, демек ондай мүмкіндік бар. Біз үшін аз сабақ үшін қалаға қатынау ыңғайсыз. Қызыл аймақта тұрып денсаулығымызды рисковать тоже не хотим. Елдегі ахуалды ескере отырып, басқа ЖОО сиақты егер барлық топ студенттері келіссе магистранттар бірінші курсын да онлайн етуді өтінеміз. Түсіністікпен қарайсыз деген үміттемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, сабақтар бекітілген оқу форматына сәйкес жүргізіледі. Оқу үрдісіне қатысты сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

24-09-2021 15-12-08   From students

Author: Anonymous

Question # 5655
Құрметті Дархан Біләлов!
Студенттің стипендиясы неге кеш түсірілетін туралы шешім қабылдадыныздар?
Стипендия әр айдын 17-20 күні аралығында түсуге бейімділіп кетіп едік. Айдын 3ші аптасында түсу заңбұзушылық емес шығар. Жатақхананың ақшасы өзінің деңгейіне тұрмайды, жатақхана уақытын ол қысқартып тастадыныздар, Бекішов өзі карантин талабын жеңілдеткен өзінде. Асханалар жабық. Ештене демей отырмыз. Но студентке ертерек түсіп отқан ақша сіздерге кедергі келтірді ме? Үкімет сіздерге грантта оқитын студенттер үшін қаншама милларды түсіріп отыр. 3-4жыл уақытылы алып жүрген стипендияның күні именно ректор алмасқанда заңсыз болып қалдыма? Тым болмағанда ертерек ескертсе болар еді ғой. Енді соңғы 500тг неге жеткіземіз?
Answer:

Құрметті студент! Қыркүйек айының стипендиясы оқу орнымыздың 1 курс студенттеріне 2021 жылдың 1 қазанында, ал 2-3-4 курс білім алушыларына 27 қыркүйек күні төленді. Жыл сайын қыркүйек айының стипендиясы бірінші курсқа қабылданған студенттердің құжатарын рәсімдеу жұмыстарына байланысты кешіктіріледі. Алдағы уақытта стипендия әр айдың 20-на дейін төленетін болады.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес университетіміздің екі асханасы жұмыс жасауда. Оқу орнымыздың басқа да ғимараттарындағы асханаларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Жатақханада стденттер үшін барлық жағдай жасалған. Жатақхана бойынша сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нұрланов Шынғыс Нұрланұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 293-81-85.
23-09-2021 23-38-36   From parents

Author: Anonymous

Question # 5654
Здравствуйте. Как можно получить место в общежитии? Моя дочь учится на 1 курсе в институте истории и права. Мы многодетная семья 4ро детей. Проживаем в Нур-султане. Квартиру снимать очень дорого.
Answer:

Здравствуйте! По вопросам предоставления мест в общежитии просим обратиться к заместителю директора по воспитательной работе Института истории и права Нұрболату Бекболатұлы Манапбаеву: 291-78-24, 87071331980.

23-09-2021 15-08-59   From applicant

Author: аноним

Question # 5652
Құрметті Дархан Нұрланұлы! көптеген оқытушылардың атынан сізге айтар назымыхз бар. Осы уақытқа дейін еңбекақымызды әр айдың 25 алып жүргенбіз, ендігі қай басшының өзгерткені белгісіз әр айдың 10 күніне ауыстырылған. КӨПТЕГЕН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КРЕДИТТЕРІНІҢ ЖАБУ УАҚЫТЫ ӘР АЙДЫҢ 01 бекітілген. Сонда қалай болады? Кредитімізді уақытында жаба алмай пенясы өсіп кететін болды. Осы мәселені оң шеді деп сізге сенеміз.Не болмаса жоғарғы жаққа шағымданатынымзды жеткіземіз. Рахмет!!!
Answer:

Құрметті оқытушы! Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы оқу жоспарына сәйкес  қабылданып, оқу жүктемесіне байланысты жаңа төлемақы тағайындау жұмыстары жүргізілетіндіктен, жыл сайын қыркүйек айындағы жалақы қазан айында берілетін.  
 
Алдағы уақытта Еңбекақы төлеу туралы ереже қарастырылып, Басқарма шешімімен бекітілетін болады. Қызметкерлерге еңбекақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нақты жұмыс істелінген уақыт үшін төленетіндігін ескертеміз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
23-09-2021 13-54-04   From students

Author: Anonymous

Question # 5651
Құрметті Дархан мырза!Бір сәт студенттердің үніне құлақ салсаңыз. Жоғарғы курс студенттері жатақхана ала алмай үй ,хостел жалдап тұрып жатыр.Өзіңіз білетіндей қазыр бүкіл үйдің бағасын 100мыңнан кем түсірмей отыр,студенттер амалдың жоқтығынан сол ақшаға жалдап тұрып жатыр.
Бір күн ғана офлайн сабақ үшін қанша ақшаға жалдап жатқандары дұрыс па?
Осы мәселені шешіп студенттерді толық онлайн немесе толық офлайн форматына ауыстырсаңыздар!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматы жаңа оқу жылында бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

22-09-2021 17-06-50   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5649
Саламатсыз ба. Мен 3 курс студентимин. 1 курстар онлайн форматына ауысканы себептен бизге жатакханадан орын беруинизди сураймын. Жатакханадан орын алу ушин кайда отиниш жазамыз.
Answer:

Құрметті студент! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсырып, институт директорының орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

22-09-2021 12-39-47   From applicant

Author: Сафронова Л.В.

Question # 5648
Уважаемый Дархан Нурланович,

согласно приказу Министра образования и науки РК, в нашем университете принято решение о повышении с сентября заработной платы ППС. Пока на кафедрах формируется штатное расписание, просим уточнить, предполагается ли с этого учебного года повышение зарплаты также профессорам-исследователям и постдокторантам до уровня, не ниже заработной платы ППС, как было сказано на Вашей отчетной встрече с населением. А также будут ли выплачены премиальные за публикации ППС университета, проиндексированные в базах Scopus/WoS в 2020 г.?

С уважением,
профессора-исследователи,
постдокторанты КазНПУ им. Абая
Answer:

Здравствуйте! Согласно поручения Президента РК и рекомендательного письма МОН РК увеличена заработная плата ППС и других работников образования. В настоящее время в целях реализации Послания Главы государства рассматривается положение о системе оплаты труда в зависимости от категории профессорско-преподавательского состава. Вопросы повышения заработной платы педагогических кадров и сотрудников, также выплаты премиальных за научные публикации ППС в международных журналах будут рассмотрены и утверждены Решением Правления университета в ближайшее время. Спасибо!

22-09-2021 09-59-38   From students

Author: Anonymous

Question # 5647
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы. Біз МФжИ институның 3 студенттеріміз. Сізге сауалымыз-биылғы оқу жылы аптасына 2 ақ рет оффлайн, онын үстіне 2 3 сағат қана, ал қалған күндері онлайн. Сонда біз платныйда оқитын студенттер, жағдайы жоқ студенттер осы аптасына 2 рет қана универге бару үшін, 150-200,000 ға кв жалдап ар қайсымыз 30-40мындап төлейміз ай сайын, бұл недеген сұмдық. Оқу жылынын ақшасын төлеу, квартираға төлеу, жейтін тамағымызға, киімізге дейін ақша табу қиын соқтырып жатыр. Аптасына 2 рет бару, біз үшін не стоит, ақшаның соры болып жатыр,оданда оффлайн 2 күндіде онлайн оқи салғанымыз ӨТЕ ТИІМДІ болар еді біз үшін . Осы мәселені қолға алсаныз.
Answer:

Құрметті Математика, физика және информатика институтының 3 курс студенттері!  Диплом алу үшін сіздер 4 жылда 240 кредит игерулеріңіз қажет. Яғни, жылына 60 кредит. Бір жылда 2 семестр. Сонда 1 семестрде 30 кредит игеруіңіз міндетті. Бір кредит 30 сағат, сонда 1 семестрде 30 кредитті 30 сағатқа көбейтсеңіз 900 сағат шығады. Семестрде 15 апта оқисыз, 900 сағатты 15 аптаға бөлсеңіз, аптасына 60 сағат игеруіңіз тиіс. Аптасына 60 сағаттың 12 сағаты практикалық сабақ (офлайн), күніне 6 сағаттан 2 күн - офлайн, 1 күн - 6 сағаты дәріс (онлайн). Қалған 42 сағат студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ, СӨЖ).  Қазіргі уақытта аудиториялық сабақтардың 66% офлайн, 33% онлайн жүргізілуде.

Егер барлық сабақтар офлайн форматта өтсін десеңіздер, аптасына  3 күн 6 сағаттан сабаққа келесіздер. 2 күніңізге 1 күн дәрістер қосылады. Жалпы сабаққа аптасына 18 сағат келуіңіз міндетті (6 сағаттан 3 күн), қалған 42 сағат өзіндік жұмыс (қосымша тарауларды оқу, үй тапсырмаларын орындау және т.б.).

 

 

21-09-2021 14-09-19   From applicant

Author: Алина

Question # 5642
Здравствуйте! Я обращаюсь к вам с просьбой улучшить качество преподавателей. Полная безответственность! Мне, как студенту, хочется получать качественное образование от (грубо говоря КАЧЕСТВЕННЫХ) преподавателей. Но наши преподаватели теряют нашу работу и через пол года просят заново переделать! (Весенняя практика, это уже предыдущий завершённый курс) По вашему это нормально несколько раз переделывать работу? И такое случается часто! У нас и без того задании достаточно, иногда даже не успеваем. Мы теперь и практику прошлого года должны переделывать?
Answer:

Здравствуйте! Просим Вас быть более объективным. Нельзя из-за некорректных действий отдельных преподавателей, что, увы, бывает, обвинять в плохой работе весь ППС вуза. Просим Вас назвать конкретные имена. По каждому случаю будем проводить тщательное расследование. Спасибо!

20-09-2021 19-19-02   From students

Author: Anonymous

Question # 5636
Неге жатахана да куттырып кояды? Кылтты быр кыз алып кеткен деген сылтау? Ол кысылердын мындеттеры кылтты алып, жатаханадан кым шыкканын кадагалауы мындетты меспа? Жауапсыз, казыр келып калды деп 2 сагат бойы кутып отырдым. Жолдаг келген адам документтермен тагы журдым ар жерге сандалатып, и жатаханада мынадай жагдай? Недеген бассыздык?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды, тексереміз. Рахмет! 

20-09-2021 11-05-20   From students

Author: Anonymous

Question # 5635
Сәлеметсіз бе! Мен Өнер,мәдениет және спорт институтында Музыкалық білім мамандығының күндізгі-ақылы бөлімде оқитын 4 курс студентімін.Соңғы оқу жылына келгенімізде ұстазым Бекмухамедов Бекен Мажитович және бірқатар көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздар жұмыстан шығыпты.Ұстаздарды қайтаруға атсалысуыңызды сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы конкурс нәтижесінің негізінде жұмысқа қабылданды.Өтінішіңізді қарастырамыз. Рахмет!

20-09-2021 10-55-38   From students

Author: Тұрсун Елмурат Нұрсұлтанұлы

Question # 5634
Құрметті ректор мұрза!
Мен Өнер, мәдениет және спорт институтының,
Музыкалық білім мамандығының күндізгі, ақылы бөлімінде оқитын 4 курс студентімін.
Бізде осы жылы Жаңадан кафедра меңгерушісі ауысып келді.
бізде Мынандай жағдай орын алды, бізде бұрыннан істеп кележатқан яғни зейнетке шыққан мұғалімдерді себепсізден жұмыстан босатты. Бекмұхамедов Бекен Мажидович, Айтуарова Ажар және Т.б
Осы ұстаздарды қайтадан қайтаруларыңызды сұраймыз!!!
Мен 3 жыл бойы осы кісілерден білім алдым.
Әр студент қай мұғалімде оқығысы келетініне толықтай құқығы бар!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Өнер, мәдениет және спорт институты басшылығынан түсініктеме алынды. Түсініктемеде шағымыңызда аталған оқытушылардың жұмыстан шығарылу себептері нақты көрсетілген. 

Жоғарыда аталған педагогтар Б.М. Бекмұхамедов пен А.Т. Айтуарованың жасалған еңбек шарттарының мерзімі 2021 жылғы 31 тамызда аяқталған. Бұл туралы олар ҚР Еңбек кодексінің 51 бабының 1-тармаққа сәйкес уақтылы хабардар етілген. Қазіргі таңда олар басқа мекемелерге қызметке орналасып, жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта Өнер, мәдениет және спорт институтының музыкалық білім беру және хореография кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстан өткен, барлық біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтармен толық жасақталған. Сіздер 2021-2022 оқу жылына бекітілген кафедра профессор-оқытушылар құрамының ішінен ғана педагогтарды таңдауларыңыз қажет. Рахмет!

 

18-09-2021 21-38-55   From students

Author: Жармаханова Аруай

Question # 5632
Сәлеметсіз бе! Мен жаратылыстану және география институтының 1-ші курс студентімін. Жатақхана мәселесі бойынша жазып отырмын. Мен Қызылорда обылысы, Қармақшы ауданы,3-ші Интернационал ауылында тұрамын. Отбасылық жағдайым: әкем жұмыссыз, анам "сахарный диабет 2 тип" науқасы, ағам ақылы бөлімде оқиды. Сол себепті менің әр айсайын жалдамалы үйде тұруға жағдайым толықтай жеткіліксіз. Грантта оқимын, Алматы қаласын толықтай білмеймін, туыстарым жоқ. Сізден ЖОО жатақханасынан бір орын беруіңізді сұраймын. Мәселені бей жайсыз қалдырмайсыз деген үміттемін.
Answer:

Құрметті студент! Өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсырып, институт директорының орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

Total records: 4032

« перв. ... < пред. ...  62  63  64  65  66 67  68  69  70  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений