Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
18-10-2021 10-54-52   Other

Author: Жанна Акназарова

Question # 5727
Дархан Біләлов мырза!Менің осы үшінші өтінішім.Дипломның қосымшасын не үшін жібере алмай отырғандықтарыңызды ресми хат арқылы түсіндірулеріңізді сұраймын. Менің жұмыс орнымнан қойылып отырған талапқа сай мемлекеттік тапсырыс бергеніме 2 ай болып жатыр.Жауап күтемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасының электронды нұсқасы Сіздің электронды поштаңызға, түпнұсқасы Степногорск қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығына жолданды. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің маманы Н.Б. Исабаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 87029467358, 8(727) 291 18 53. Рахмет!

18-10-2021 00-56-00   From parents

Author: Anonymous

Question # 5726
Сәлеметсіз бе. Менің қызым 3 курс студенті. Сізден ата-аналар болып, қыздарымызды балдарымызды үйден оқытуға көшіруіңізді сұраймыз. Қазіргі таңда аралас форматта оқып жатқан соң, универге 2,3 кун барып , квартира жалдау өте қиын. Әрбір ата-анаға ай сайын 50-100мың аралығында ақша жіьеріп отыру қиындық тудырады. Егерде бұрынғыдай аптаның барлық күнінде оқулары универде өтсе, ол дымда емес. Бұл вирус, сонымен қатар қазір тумаудың кезінде балаларымыз аурып жатыр.
Оқуды онлайн форматқа ауыстыру ректордың шешімімен және өтінішімен жүзеге асатынын білеміз. Сол себепті ана-аналарды, студенттеріңізді түсінесіз деп ойлаймыз. Түсіністік танытып онлайн форматқа көшіруіңізді сұраймыз. Сіз әрбір студенттің жағдайын толыққанды ойлаңыз.
Answer:

Құрметті ата-ана! ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес әрбір оқу орны өзінің академиялық саясаты мен шарттарына байланысты аралас оқыту форматын қолдана алатындығын ескере отырып, біздің университет 2021-2022 оқу жылында blended learning (аралас оқыту) форматында өткізу туралы шешім қабылдады. Студенттерді қашықтан оқыту COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда олардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, сабақтар аралас форматта оқытылады: дәріс сабақтары - онлайн, семинарлар, практикалар, зертханалар, дене шынықтыру сабағы - офлайн өткізілуде. 2-4 курс студенттері мамандық ерекшеліктеріне сәйкес зертханалық, практикалық және семинар сабақтарын офлайн оқуға міндетті. Бұл біріншіден, оқу форматының білім сапасына әсері болмауы үшін қабылданған шешім.  Балалардың болашағы үшін уақытша қиындықтарға түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Рахмет!

18-10-2021 00-48-56   From students

Author: Anonymous

Question # 5725
Саламатсызба. Неге биздин степендиямыз айдын сонында туседы? Адеттегыдей ар айдын 15-18 аралыгында тусуы керек кой. Себебы биз онлайн форматта окыган кезде кредитке ноутбук, телефон алганбыз. Сол степендия уакытына ынгайластырдык.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 20 қазан күні беріледі. Білім алушыларға стипендия мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, стипендия қаржының бөлінуіне қарай төленеді. Университет білім алушылардың өтінішін ескеріп, стипендияны уақытылы беруде. Рахмет! 

18-10-2021 00-47-08   From students

Author: Anonymous

Question # 5724
Салеметсизбе. Сиздин сурармыз, сессия онлайн форматта отетин болса, уйымызге ерте кайтаруыныз. Себебы алыс аймакта туратындарга билет алу киынга тудырады. Сабак кай уакытта битетынын накты айтсаныз. Желтоксан-кантар айына билеттер шыгып жатыр. Ал биз окудын ия онлайн форматта, сессиянын кай уакытта болатынын, кандай форматта отетынын билмимыз. Отиниш сизден осы маселены колынызга алып, толык жауап берсеныз. Алдын ала рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сессияның қандай форматта өтетіні туралы ақпаратты уақыты жақындағанда әрбір институт өзінің білім алушыларына хабардар етеді. Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Рахмет!

15-10-2021 17-45-50   Other

Author: Жанна

Question # 5722
Сәлеметсіз бе.Өкінішке орай,менің тапсырысым орындалмай жатыр. Мемлекеттік тапсырысты орындамайтын мамандарыңыздың немқұрайдылығын түсінбедім. Сұрақты бағыттаған мамандардың маған қоңырау шалып,бүгін- ертең жібереміз деген ауызекі жауабы менің жұмыс орныма қабылданбайды. Ресми жауап хат жіберуін талап етемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қандай тапсырыс екенін толық ашып жазуыңызды сұраймыз. Сұрағыңыз ескеріледі.

15-10-2021 16-20-31   Other

Author: Жадыра

Question # 5720
Сәлеметсізбе ректор мырза!!!
Жақын арада сізге үлкен мәселе бойынша хат жолдаған едік, бірақ нәтиже көрінбеді, ол сіздің қызметкерініз Нүрсагила Байкеновна туралы:
1. Ол кісі зейнеткер
2. Пара алудан шаршамайды
3. Өте дөрекі сөйлейді
4. Жалпы технология дамыған заманда, құжаттарды қолымен толтырып, қателер жиберіп, әліде сүретшіге жазғызып отыр. ол Шапағат орталығының жұмысы. Басқа университеттерде компьютермен шығырады, біз дамымай отырмыз.
5.Диплом қосымшаларында үнемі қателер болады, оған басшылық көз жұмып отыр, себебі таныстары көп, тамырын терең жіберген.
6.Біз жай ғана орындаушымыз, ол кісі елден ақша алады, быз сол үшін тездетіп қосымшаларды жасауымыз керек, неге?
өте шұғыл шара қолдануыңызды сұраймыз, Министірге жазуға міжбүрлемеңізер!!!
сіз барлық жоғарыда жазылған мәселерге сенеді және шешім қабылдайды деп ойлаймыз!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Қызметкерге қатысты мәліметтер міндетті түрде тексеріледі. Рахмет!

15-10-2021 13-27-31   From students

Author: Anonymous

Question # 5719
Бізге жазда жолға төленетін қаражат неге берілмейді ,басқа университеттер алған алде бізде берілмейдіма не үшін?
Answer:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291 30 67, 291 34 57. Сұрағыңыз үшін рахмет!

14-10-2021 22-52-49   From students

Author: Anonymous

Question # 5718
Здравствуйте, я магистрант второго курса института математики, физики и информатики.  Выпускник 2019 года КазНПУ им. Абая с отличием, экс-председатель филиала "Лиги Волонтеров" (открыла филиал в нашем университете) , обладатель медали за вклад в развитие университета. 
Обращаюсь к вам с просьбой, по семейным обстоятельствам я вынуждена сейчас проживать в г. Астане, но наше обучение проходит оффлайн, я прошу возможности обучения онлайн. В деканате такое разрешение не дают. Я всегда хорошо училась, и продолжаю выполнять все задания, которые поступают. Прошу рассмотреть такую возможность в индивидуальном порядке. 

Answer:

Здравствуйте! Формат обучения студентов организован в соответствии с рекомендациями МОН РК  и органов здравоохранения г. Алматы. Переход на онлайн-режим рассматривается в индивидуальном порядке только в связи со здоровьем обучающихся. Необходима справка о состоянии здоровья!

13-10-2021 19-46-57   From students

Author: Anonymous

Question # 5716
Мен 2курс студентімін.Биыл оффлайн оқуға келген студенттерге жол ақысы төленеді ме?Төленетін болса қай уақытта түсуі мүмкін?Өзге ЖОО студенттеріне төленген екен.Атап айтқанда ҚазҰҚПУ,АТУ,Сатпаев,IT ЖОО.
Answer:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291 30 67, 291 34 57. Сұрағыңыз үшін рахмет!

13-10-2021 16-34-02   From students

Author: Anonymous

Question # 5715
Сәлеметсіз бе! Мен3 курс қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті, педагогикалық өлшем атты сабаққа байланысты жазып отырмын. Оқытушы-Сулеймен Самал. Бәріміз де бұл сабаққа кіріп, сабақ айтқымыз келетіні шамалы. Сабақтың обстоновкасы мұғалімге байланысты.Сабақ онлайн форматта өтеді, бәріміз білеміз, интернет желісі тұрақты емес, кіре алмай қалып артынан кіретіндер бар, соларға түсініп қарамайды, зумға кіргізбейді, сабаққа қатыспады деп нб қояды, студент баллдан айырылып отырады. Барлық студентте компьютер, ноутбук жоқ, сабақты ауызша айтады,ауызша айтса да дұрыс бағаланбайды. Слайд, презентация жасап айтсақ та, баллымыз төмен. Сондағы ойымыз, студенттің білімі слайд арқылы бағаланады ма? Мұғалім тек студенттерден қате іздеп отырады.Мұғалімге байланысты осы сабақты оқуға да, кіруге де ынтамыз жоқ. Бұл оқытушыға тек 1 топ қана емес, сабақ беретін топтары да қарсы, ауыстырып берулеріңізді сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Филология және көптілді білім беру инcтитутының оқытушысымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

13-10-2021 14-33-33   From students

Author: Anonymous

Question # 5714
Құрметті ректор мырза! Біз Педагогика және психологи институтының 1 курс магистранттары сізге наразылығымызды айтқымыз келеді. Бізде оқу форматы екі түрде,яғни онлайн және оффлайн, өтілуде. Өз мамандығымызға сай арнайы пәндер оффлайн түрде өтілсе, жалпы пәндер онлайн түрінде өтілуде. Алайда, ағылшын тіліне офлайн сабаққа келіп жүрміз. Басқа институт магистранттары бұл сабақты онлайн түрінде өтеді. Не себептен біз оффлайн түрінде өтеміз деген сұрақ бізді мазалауда. Барлығымыз КТ өту барысында ағылшын тілі тапсырған, ағылшын тілі біршама білетін азаматтармыз неліктен біз оффлайн түрде ағылшын тілін өтемiз?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді қарастыру үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры  Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолданды. Оқу форматы бойынша қабылданған шешімді Департамент директорымен хабарласып, білуіңізге болады. Тел.:291-13-71. Рахмет! 

13-10-2021 14-15-57   Other

Author: Жанна

Question # 5713
Сәлеметсіз бе. Мен университет түлегімін. Дипломның қосымшасы жоғалғандығына байланысты дубликатқа мемлекеттік қызмет арқылы сұраныс жасағаныма 2 ай болып қалды. 28.09.21 орындалуы керек қызметтің бүгінгі күнге дейін орындалмауын қалай түсінеміз? Жауапты мамандардың күнде ресми түрде жауап беруін сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына жолданды. Құжатыңыздың кешіктірілу себебі анықталып, департамент тарапынан хабарланатын болады.

13-10-2021 00-04-08   From parents

Author: Кемелова Загия

Question # 5712
Cәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы!
Менің қызым Есмаханова Қырмызы осы жазда ЕНТдан 110 балл алып, ЕҰУ-нің "Журналистика" факультетінің оқу грантына тапсырған болатын. Алайда осы ЕҰУ-нің оқу орнына 1 балл жетпей қалып, Сіз басқарып отырған Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ақылы бөліміне оқуға тапсырған. Дегенмен осы мәселеге байланысты Білім беру министрі А.Аймағанбетовтың атына өтініш хат жолдағанмын, осы хатқа орай Министрліктің Жоғары Оқу орны Департаментінің бас эксперті К.Үсенова Сіздің атыңызға хат жолдап, өтініш жазуға кеңес берген болатын. Сонымен бірге қазіргі таңда бірнеше абитуриенттер оқу гранттарынан бас тартып жатқанына және Сіздің қосымша гранттар бөлініп жатқандығына байланысты Сізден қызымды оқу грантына қабылдауыңызды өтініп сұраймын. Менің бұл аналық өтінішімді бей-жай қалдырмайды деп сенемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына жеңілдік алу үшін әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді арнайы комиссия қарастырады. 

12-10-2021 22-25-41   From students

Author: Anonymous

Question # 5711
Сәлеметсізбе! Мен 3-курс студентімін, жатақхана бойынша сұрағым келеді, қазір жатақхана алуға мүмкіндік барма, көп балалы отбасыларға береме?)
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жатақханаға мұқтаждығыңыз туралы өтінішіңізді жазып, құжаттарыңызды өткізіңіз. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

12-10-2021 14-31-25   Other

Author: оқытушылар

Question # 5709
Құрметті Дархан Нұраланұлы! 07 қазан күнгі Тарих және құқық институтының ОПҚ-мен кездесуінде, Сізге "институт директоры мен кафедра меңгерушілерінің лауазымдарына конкурсын қашан жариялайсыз" деген сұрақ қойылған еді, Сіз конкурс жарияланады деп жауап қайтардыңыз. Алайда, бүгін қазан айының 12 жұлдызы, конкурс әлі күнге дейін жарияланбады. Сіз, жақын арада яғни бір-екі күнде конкурс жарияламасаңыз, біз бұл сұрақпен директорлық кеңеске шығуға мәжбүр боламыз.
Answer:

Құрметті оқытушылар! Қазіргі уақытта кафедра меңгерушілері мен жаңадан қабылданатын профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына конкурс жариялау үшін барлық институттардан ұсыныстар жиналып жатыр. Ұсыныстардың негізінде конкурс өткізу жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта институт директорлары мен кафедра меңгерушілерінің, профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс туралы хабарлама ресми сайтта міндетті түрде жарияланады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

12-10-2021 13-06-05   From students

Author: Anonymous

Question # 5708
Здравствуйте! Я студентка 3 курса платного отделения, факультета два иностранных языка. Сейчас должна была учиться на 4 курсе, но из-за нехватки GPA(у меня 2.25, должно быть 2.30), меня оставили на повторное обучение на 3 курс.
Летний семестр у меня был, я оплатила и обучалась,но из-за технических неполадок мне не открыли базу и учитель не смог выставить соответствующий балл. Я обращаюсь по этому поводу в июле, мне сказали что можно переоткрыть базу в сентябре,и ничего страшного это не сулит, особенно перекурс. В сентябре мне говорят о том что приказ уже вышел, и никак положение изменить нельзя. Мы решили эту проблему, но всё же баллов не хватило на перевод. Так как я учусь на платной основе, я уточняла не один раз, придется ли мне платить повторно за этот год, для меня это очень важно, потому что ещё два года оплаты мы не потянем. Мне объяснили,что за повторное обучение мне платить НЕ придётся, и я буду оплачивать только разницу в предметах, максимум 100-150 тысяч тг.
Сейчас мне говорят, что я буду учить абсолютно все предметы (не только разницу) + оплачивать полную сумму(520 000)+дополнительно за разницу.
Я не в состоянии оплатить эту сумму и попросила документы чтобы перевестись в другой универ,более бюджетный,мне отказали. Сказали либо ты оплатишь 50% и переведешся в декабре,либо пиши на отчисление.
С отчислением меня не примут в другой университет.
С таким графиком учёбы меня не принимают на работу, а подработки мне недостаточно чтобы оплачивать учёбу. Вначале я была уверена что буду учить на этом семестре только 2 предмета,мне так и говорили,и могла спокойно и работать и учиться и оплачивать.
Моя мама приезжала в Алматы по этому вопросу, в деканате вначале сказали что не буду оплачивать полную сумму, сейчас мне снова говорят обратное. Когда мама дозвонилась в деканат чтобы выяснить это недоразумение, ей ответили ссылаясь на мою безответственность, "Кезынде оку керек еды" деп. Вся администрация в принципе ссылается на это. Я конечно понимаю, что да нужно было учиться лучше,но извините никто не знал о таких последствиях,тем более вы ставите меня в абсолютно безвыходную ситуацию. Скоро начинается рубежная неделя, у меня даже базы нет,так как я КАЖДЫЙ БОЖИЙ ДЕНЬ В УНИВЕРЕ,и никак не могу решить этот вопрос.
К ректору нас никак не при каких условиях не пустили и не записали, попросили решить этот вопрос в деканате. Уважаемая администрация КазНПУ, убедительная просьба предупреждать о том вы можете дать не точную информацию либо сказать а потом передумать. Прошу войти в положение студента и понять что оставили меня в безысходности.
Кстати,на вопрос о том что мне теперь делать,мне предлагают взять Академ отпуск на год, накопить деньги и продолжить обучение в следующем году. Я итак теряю год жизни,вы предлагаете мне потерять 3 года.
Подскажите пожалуйста как я могу решить этот вопрос, желательно в течении недели,ибо следующая неделя рубежная.
Answer:

Здравствуйте! Вам дали неправильную информацию. Вы будете оплачивать кредиты только по выбранным предметам (например, 2 предмета), а не за весь год. Для разъяснения Вашей проблемы было дано указание директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу. Ваш вопрос постараемся решить в ближайшее время.

11-10-2021 17-11-45   From students

Author: Anonymous

Question # 5707
Салеметсиз бе, ректор. Сизден студенттерды онлайн форматка окуга жберуынызды сураймыз. Ойткены аптасына биз универге 2-3 рет кана келемиз. Сонымен катар квартирага айына 50-60мын толеу оте киын, ата-анамызга киындык тудырып жатыр. Степендиямыз ешнарсеге жетпиды. Студенттердын жан айкайыныз тынданызшы
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес әрбір оқу орны өзінің академиялық саясаты мен шарттарына байланысты аралас оқыту форматын қолдана алатындығын ескере отырып, біздің университет 2021-2022 оқу жылында blended learning (аралас оқыту) форматында өткізу туралы шешім қабылдады. Студенттерді қашықтан оқыту COVID-19, өкпе пневмониясының немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болған жағдайда олардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, сабақтар аралас форматта оқытылады: дәріс сабақтары - онлайн, семинарлар, практикалар, зертханалар, дене шынықтыру сабағы - офлайн өткізіледі. 2-4 курс студенттері мамандық ерекшеліктеріне байланысты практикалық, зертханалық және семинар сабақтарына қатысып, толыққанды білім алулары керек. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

11-10-2021 09-10-57   From students

Author: Anonymous

Question # 5705
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Экс-ректорымыз Балықбаев Такир Оспанұлы Алтын белгілердің оқу ақысына 100% дық жеңілдігін 2-курста да сақтаған еді, биыл сақталмайды деді. Сол себепті әлеуметтік жағдайға байланысты жеңілдікке өтініш жазып едік, ондай жеңілдік те болмайды деп жатыр. Өтініш сол әлеуметтік жағдайымызға байланысты жеңілдікті беруіңізді сұраймыз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт басшылығына өткізсеңіз болады. 

10-10-2021 21-17-08   From applicant

Author: Aaaa

Question # 5704
Президенттік стипендияға тек 3 курс ғана емес после колледжа 2 курстар да қатысып жатса ескерсеңіздер жақсы болар еді. Колледжден кейінгі болса яғни қазіргі 2 курс дегенмен 3 курс болып саналамызғой
Answer:

Сәлеметсіз бе! Президенттік стипендия бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291 18 53.

10-10-2021 21-14-19   From students

Author: Iphone

Question # 5703
Құрметті ректор мырза!
Менің сұрағым бар
Осы жылдың қысында біз 1 курстарға ЖОЛ АҚЫСЫ (дорожный) түседі деп түспеді ғой…
Біз карантинге қарамастан оффлайн оқуға басқа қаладан келіп тұрып 2 күндік оффлайн сабаққа барған едік. 1 жарым ай оқыдық.Әрине білім алған өзіміз үшін. Алайда сол уәделенген жол ақысын тнсірсеңіздер жақсы болар еді қазір біз 2 курспыз.
Answer:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291 30 67, 291 34 57. Сұрағыңыз үшін рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  60  61  62  63  64 65  66  67  68  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений