Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
10-01-2022 11-19-57   From students

Author: Anonymous

Question # 5918
Саламатсыз ба? Сессия тапсыру барысында интернеттері өшіп тапсыра алмай қалған студенттер қай уақытта тапсырады нақты айтсаңыз. Студенттерге өтініш толтырасыңдар деген сол өтініштің бәрін толтырдық енді тек қаңтардың 13-іне дейін, FX алған студенттер ғана тапсырады дейді,ТЕХ.ақауға байланыстылар қай уақытта тапсырад
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта техникалық ақауға байланысты емтихан тапсыра алмай қалған студенттердің өтініштері қаралуда. Емтиханды тапсыру уақыты туралы хабарлама "Univer" жүйесінде жарияланатын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

10-01-2022 09-36-38   From students

Author: Нұрханқызы Нұрсұлу

Question # 5917
Сәлематсызба!Абай универінен Ақтөбе қаласындағы универге ауысайындеп едім.Соған өтінішті қайда жазып,қайда тапсырамын,универге барсам жасайма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішті «Шапағат» студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыз. Құжаттарыңызды тапсыру жолдары туралы орталықтың мамандарынан біле аласыз. Байланыс тел.: 291-64-97, Қазыбек би көшесі, 30, 1 этаж.

04-01-2022 22-09-36   From applicant

Author: Assel

Question # 5916
Салеметсізбе ректор мырза, бізге кеше ватсаптан егерде январь айына дейін оқу ақысын төлемейтін болсақ оқудан шығарамыз деген хат келді төменгі жағында Алуа Василийқызынан деп жазылған.Мүлде документальный деловой стильде жазылмаған жәй ғана оқудан шығарылсын ал төлесе шығарылмайды деп жазылыпты.Бұл хат нағыз қоқан лоққы көрсету! Арамызда жағдайы келмейтін студенттерде бар.Өте заңсыз әрекет студенттерді бұлай қорқытуға құқықтарыңыз жоқ! Бұл жіберілген хат үшін сіздерді сотқада бере аламын!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер тексеріледі. Рахмет!

04-01-2022 12-47-21   From students

Author: Әкімова Сымбат Жанатқызы

Question # 5914
Қайырлы күн! Жаңа жылыңызбен! Сізге босаған грант орындарына өтініш беру бойынша жазып тұр едім. Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі пәні мұғалімі мамандығының 1-курс студентімін. Босаған гранттар біздің мамандыққа беріле ме? Біздің мамандық биыл ғана ашылған жаңа мамандық еді және бізде грантта оқитын студент жоқ. Осы мамандықта оқитын студент саны аз. Ешкім нақты жауабын айта алмай отыр. Бұл жаңа мамандық болған соң қиындық туғызып отыр грант мәселесі. Нақты, толық жауап беруіңізді сұраймын, өтініш. Алдын ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Босаған бос грант орындары бойынша ақпаратты өзіңіз оқып жатқан институт директоратынан біле аласыз. Грант орындары туралы қосымша ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады.

04-01-2022 12-08-42   From students

Author: Anonymous

Question # 5913
Қайырлы күн! Сізден алдында инстаграм парақшасында шыққан гранттарға өтініш беру деген история шыққан болатын. Сол туралы ақпаратты қайдан ала аламын? Инстаграмнан көріп үлгермедім, себебі кеш естідім. Қай жерден өтініш беруге болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бос білім беру гранттары бойынша толық ақпарат сайтта жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4470/notice/ . Рахмет!

03-01-2022 11-23-05   From students

Author: Zhaidarbek

Question # 5912
Доброго времени суток. Хотел узнать, когда вы наконец опубликуете расписание в системе универ. Думаю нету толка раздела "Расписание" если там ничего не публикуете (учусь в магистратуре, даже когда учился в бакалавре не публиковали, за исключением одного раза когда студенты жаловались). Прошу вас добавлять расписание в систему, или убрать этот раздел напрочь, так как смысла нету заблуждать студентов. Спасибо
Answer:

Здравствуйте! Расписание весеннего семестра будет размещено на сайте университета и в групповых чатах для удобства студентов. Спасибо!

30-12-2021 13-34-27   From students

Author: Anonymous

Question # 5906
Салеметсиз бе! ФилКББИ, екі шет тілі факультетінің 2 курс магистранттарынан өтініш: Когнитивти лингвистика пәнінен біздің биылғы сессиямызды антиплагиат жүйесі 55%дан аз деп, 0 балл қойып тастаған. Ал біз ол жұмыстарымызды жүктемес бұрын бірнеше антиплагиат жүйесінен бірнеше мәрте тексеріп, 100% шыққан соң ғана салған болатынбыз. Сондықтан 0% болуы мүмкін емес! Сене алмай отырмыз! Қанша пайыз алғанымызды да ешкім көрсетпей отыр! Антиплагиат жүйесін қайта тексеріп, қараңыздаршы деген өтінішімізді ешкім естігісі де келмейі. Летоға қалдыңдар деп отыр.
Өтініш! 2 курс магистранттарының әділетсіздікке тап болып, естірте алмай жатқан жан айқайын естіңіздерші!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Когнитивтік лингвистика пәні бойынша антиплагиаттан тексеруге жіберілмеген жұмыстар қайта тексерілуде. Нәтижесін институт директорының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасарынан біле аласыздар. Рахмет!

28-12-2021 16-25-52   From students

Author: Anonymous

Question # 5901
Сәлеметсіз бе! Қысқы сессиядан өтіп стипендияға ілінген студенттерге стипендия қай айдан бастап беріледі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Ақпан айынан бастап шәкіртақы аласыз.  

28-12-2021 13-13-47   From students

Author: Anonymous

Question # 5900
Сәлеметсіз бе, менің сұрайын дегенім аппеляция жөнінде ақпаратты қайдан алсам болады, эдвайзерге жазсам жауап жоқ.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесіне байланысты сұрақтарыңызбен Тестілеу орталығының қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.

28-12-2021 13-03-26   From students

Author: Кален Гулсая

Question # 5899
Саламатсызба?! мен закрытая книга окулыктагы экзамен кезінде система өте қатты қатты, келесі сұраққа өтерде ұзақ уақыт алды,сосн өзімнің де ноутбугымның клавитурасындағы А әрпі сынып қалып жауабымды түгел жазып үлгермедім,жартылай жазсамда антиплагиаттан 80,96,90 шықты.Бірақ апайлар 0,25,29 қойып ортақ балл 18 ғана қойылған.Басқа группадағылар айтады универдің антиплагиат тексеретін сайты дұрыс істемегендіктен бір қыз қайтадан тапсырыпты .Техникалық ақауға байланысты аппеляцияға 4 күн бұрын бердім ,әлі жауап жоқ.Тех.отделге жазсам емтихан уақыты аяқталаған возобновить не могу диді.Осы сабаққа бола летоға қалып шәкіртақымнан айырылғым келмиді,қалған пәндерім 100,90 болып тұр.Пересдача тапсырайын десем баллым жетпиді.Түсіністікпен қарап , пересдачаға мүмкіндік берулеріңізді сұраймын.ФилКББИ.3 курс .РКО 302.Методика преподавания русского литературы
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.

28-12-2021 12-40-05   From applicant

Author: Anonymous

Question # 5898
Сәлеметсізбе?!Біз летога қалған студенттер аппелляцияға беріп едік.бір апта өтті әлі жауап жоқ .Техотделдегілер жұмыс жасап жатырма өзі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесі бойынша барлық өтініш 2022 жылдың қаңтарында қарастырылады. Аппеляцияға өтініш емтихан сұрақтарының мазмұны бойынша пәннің оқу жоспарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданады. Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.Рахмет!

 

27-12-2021 21-25-16   From students

Author: Anonymous

Question # 5895
Қайырлы кеш, қаңтар айында сабақ дәстүрлі форматта өтетін болса, 2 курс студенттеріне жатақхана беріле ме? Өйткені пәтер жалдап тұрған өте қымбат, 1 семестр оқу үшін жұмыс істедік( , түсінемін оқудың аты оқу, дегенмен студенттердің жағдайына да қарау керек. Көбісінің ата-анасы ауылды жерде карантин үшін жұмысынан айырылды. Бірақ бұл жайтты ешкім қарапта, мән беріп жатқан жоқ. Сондықтанда, Құрметті ҚазҰПУ ректоры Дархан мырза, осы мәселені қарастырып көруіңізді сұраймын
Answer:

Сәлеметсіз бе! Келе жатқан жаңа 2022 жыл құтты болсын! 

2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі оқу орнымыздың Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. Жатақханадан орын алу үшін "Univer" жүйесі арқылы өтініш берсеңіз болады. Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерімен хабарласып, толық ақпарат алуыңызды сұраймыз. Рахмет!

26-12-2021 22-45-38   Other

Author: преподаватели

Question # 5893
Уважаемый Дархан Нурланович! От имени преподавателей, подавщих заявки на "Конкурс на грантовое финансирование молодых ученых по научным и научно-техническим проектам на 2022-2024 годы" хотим выразить большую благодарность проректору по исследовательской деятельности Ермеку Абильтаевичу Бурибаеву, за организацию работы помощи в консультации подачи заявки на грантовое финансирование. Очень приятно удивлены тем что, под чутким руководством Е.А.Бурибаева сотрудники департамента науки в частности Раушан и сотрудник бухгалтерии Айсулу Орынбаевна не смотря на праздники оказали помощь в любых не понятных для нас вопросах. Если наши проекты будут одобрены, большая заслуга в этом будет и Ермека Абильтаевича. Спасибо большое за то что такие высоко квалифицированные менеджера работают в нашем университете. Думаем в будущем благодаря такому менеджменту у наших молодых ученых будет много побед!!!
Answer:

Здравствуйте! Ваши теплые слова будут доведены до сведения наших сотрудников. Хотим, в свою очередь, поблагодарить Вас за то, что подали заявки на грант. Желаем успехов в нашем конкурсе!

26-12-2021 20-49-03   From students

Author: Anonymous

Question # 5892
Сәлеметсіз бе! Ректор мырза! Мен 1 курс студенті боламын. 2 семестр онлайн форматта аяқталмағанын қалаймын Себебі денсаулығымызға алаңдаймыз әле вакцина алмадық. Қыс уақытында пәтер жалдау қиын, бағасы қалтамызды көтермейді. Ата-анамыз алаңдаулы. Онлайн болған барлығына тиімді деп ойлаймын. Онлайн оқуға үйренісіп кеттік. Оффлайн болса қаншама студенттерге жатақхана жетіспейді. Алыс аймақта туратындар бар. Тиімді шешім қабылдайсыздар деп ойлаймын. Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. Оқу форматына қатысты қосымша ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

26-12-2021 01-40-06   From students

Author: Anonymous

Question # 5891
Салеметсізбе, келе жатқан мереке құтты болсын!!!
Сізден өтінеріміз 2 семестр онлайн форматқа өтейікші. Елімізде омикрон штаммы пайда болып жатыр ғой. Әр универ өз еркінде, қандай форматта оқитынын. Өтініш ректор мырза, онлайн форматқа өтейікші
Answer:

Құрметті студент! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (офлайн) өтеді. Рахмет!

25-12-2021 13-15-21   From parents

Author: Толганай

Question # 5890
Салеметсиздер ме! Менин маселем жатакхана жонинде. Биринши курстын барлыгы жатакхананын бир болмесиндеги бир тосек орнымен камтамасыз етилетиндей Улы Оку орнымыздын шамасы жететин шыгар?! Менин кызым жаздай жугирип ала алмабы, неше турли категорияларды атап. Биз СКО жерди мекенинен боламыз. Алматыда туган туыс жок. Калага, окуга уйренискенше жатакхана бериулеринизди сураймыз. Жауап бересиздер деп умиттенемин. Рахмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 1287 білім алушыға арналған 5 жатақхана бар. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстары автоматтандырылған «Универ» жүйесі бойынша жүргізіледі. «Универ» жүйесіне түскен өтініштерді арнайы комиссия құрамы қарастырады, жатақханалардағы орындар білім алушыларға белгіленген әлеуметтік категорияларға сәйкес үлестіріледі.

 

Жатақханаға өтінішіңізді «Универ» жүйесі арқылы жолдасаңыз болады.

 

Жатақханадан орын беру ережесімен сайтымыздан танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/kazyna/Kriterii_predostavleniya_mest_v_obshchezhitiyakhKaz.pdf .

24-12-2021 20-31-25   From parents

Author: Садыкова Лаззат

Question # 5889
Сәлеметсізбе Дархан Біләлов мырза!Мен ата-ана ретінде 1курс студенті қызымның оқуы 2ші семестрде онлайн форматта болғанын сұранамын.Себебі қыс ортасында тұрақты жататын жеріміз табылмай тұр.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. 

24-12-2021 20-06-28   From students

Author: Anonymous

Question # 5888
Сәлеметсіздерме,1 курс студенттері 2 семестр онлайн форматында оқуын өтінеміз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. 

24-12-2021 18-34-09   From students

Author: Anonymous

Question # 5886
Сәлеметсіз бе,мен 2курс студенті боламын,мен емтиханнан 20 балл алып қалған едім,енді маған пересдача тапсыруға мүмкіндік бар ма?Шәкіртақыдан құлағым келмиді,куратордан сұрағанда тапсыруға болады деген еді.Бірақ көп студенттер пересдача тек 25-49 аралығында болады деп айтып жатыр,қатты қорқып тұрмын.Өтінемін жауап жазыңызшы!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығынан немесе институт басшылығынан ақпарат алуыңызды сұраймыз. Тестілеу орталығының байланыс телефоны: 291-57-50. Рахмет!

23-12-2021 21-15-50   From students

Author: Заутбай Рулан Маратбайұлы

Question # 5885
Саламатсыз ба!
Мен Заутбай Рулан Маратбайұлы БӘД ДШжС кафедрасының 1 курсс 2 топ студенті.20.12.2021ж орыс тілінен тапсырған сессия бойынша ауылдық жерде тұрғандқытан сеть нашар болуы мен техникалық ақауларға байланысты 25 балл (F) төмен алып қалдым,летада оқуға жағдай жеткіліксіз.Орыс тілінен қайтадан сессия тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесі 25fx  балл болғандықтан, қайта тапсырға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін "Univer" жүйесінің қайта тапсыру бөлімін таңдап, өтініш бере аласыз.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  55  56  57  58  59 60  61  62  63  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений