Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

Dear Visitor!

 

I will be glad to discuss your questions concerning activities of Abai Kazakh National Pedagogical University.

You have the opportunity to leave your comments, ask questions, make suggestions.

 

Yours faithfully, Doctor of pedagogical sciences, Professor Takir Balykbayev

 e-mailrector_blog@kaznpu.kz 

 

 
Reception by the Rector on personal matters is carried out on Tuesday and Thursday - from 15.00 to 17.00.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
18-10-2019 21-54-24   From students

Author: Адамбек Жұлдызай

Question # 1593
Сәлеметсіз бе,ректор мырза!
Мен Адамбек Жұлдызай МФжИИ-ның МОК171 тобының старостасы және МОК172 тобының старостасы Шілдехан Бақдаулет пен МОК173 тобының старостасы Ділдәбек Аружаннын атынан жазып тұрмын. Төмендегі біздің ұстазымыз Светлана Сатыбалдықызының үстінен түсірілген шағымды оқып бей-жай қарап отыра алмадым. Светлана Сатыбалдықызы бізге 2 пәннен: Педагогика және Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен беріп келеді. Апай ешқашан студенттерді бөлген емес, студент қалай бар соған сай бағасын қойып келеді. Светлана Сатыбалдықызының арқасында қазір біз Педагогика пәнін жатқа білеміз десем де болады. Сыбайлас жемқорлыққа да түбегейлі қарсы. Осы уақытқа дейін Светлана апай ғылыми конференция, педагогикалық олимпиада,ұжымдық іс-шара бәрін өткізіп, бізді педагогикалық практикаға толығымен дайындап келеді.Және де айта кеткім келгені Светлана апай осы уақытқа дейін тек ФизМатта ғана сабақ беріп келеді, бүкіл университет студенттерінің атынан деп жазғаны мүлдем ақылға қонымсыз деп білемін.Ұстаздың беделін осылай таптатып қоямыз ба?
Светлана апай мұндай жала жабуға лайық емес.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушыға қатысты пікіріңізді ескереміз. Рахмет!

18-10-2019 16-05-16   From students

Author: Anonymous

Question # 1591
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Біз, 4 курс 5В010900 - "Математика"- мамандығының студенттеріміз! 16.09.2019 жылдан басталған "Өндірістік практикадан" №147 гимназия, №109 мектеп, №65 мектеп, №39 лицей студенттері педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына алғыс білдіргіміз келеді! " Өндірістік практика" барысында әрдайым көмек қолын созуға дайын, білікті де білімді ұстаздарымыздың бірі. Сынып жетекшімен, әр сыныптың оқушылармен кездескен қиындықтарды шешуге әрқашанда дайын тұрады! " Өндірістік практика" басталғалы әр сейсенбі күні болатын " Тәрбие сағатын" жетік бақылап, практикант студенттермен бірлесе жұмыс жасайды. 2-нші курста өтілген «Педагогика», «Білім берудегі менеджмент», «Тәрбие теориясының оқыту әдістемесі» пәндерінен үйренген, әр білімді қолданып жатырмыз. 05.10.2019 жылы өткізілген «Педагог тұлғасы» атты ашық ұжымдық шығармашылық іс-шараға 2-ші және 3-ші курс студенттерімен қатар 4-ші курс практикант студенттерімен «Музыкалық сәлем» кезеңі орындалды! Сөзіміздің соңында доцент Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына үлкен алғысымызды білдереміз!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет!

18-10-2019 15-23-37   From students

Author: Қайыржан Несібелі

Question # 1590
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы?! Жоғарыда жазылған жалаға мүлде келіспеймін.Себебі
Біріншіден есімін жасырған студент университеттің барлық студенттерінің атынан жазған, ал ол ұстаз тек қана Физика Математика және Информатика институтында сабақ береді.
Екіншіден Жумашева Светлана Сатыбалдықызы бізге де сабақ береді және мен сізге сенімді түрде айта аламын, ол кісі басқа оқытушылар сияқты бірде-бір сабағын қалдырған емес.Өйткені ол адал педагог.Міндетті 15 лекция, семинарды ауырып тұрса да келіп өткізеді.Ол кісі өзінің сабағына әрдайым үлкен жауапкершілікпен қарайды. Және де ФМжИи жалғыз сол ұстаз ғана үлкен көлемде іс-шаралар өткізеді. Ол жоғардағы басшылықтар сияқты емес, әрдайым студенттерді түсінеді, қолдайды.Оның бізге деген шынайы жанашырлығын айтпасақ болмайды.Және ол кісі үнемі студенттің әділ бағасын қояды.Керісінше ол кісіге алғыс айтамыз.Екінші анамыз секілді , қарапайым мысал : тіпті терезе ашық тұрса , бәрімізден міндетті түрде сұрап шығады, сізге ыңғайлы ма деп.Сондықтан да жасырын жазған студенттің, АДАЛ ұстазға жапқан жаласын емес, біздің пікірімізді ескереді деп зор сеніммен қараймыз!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Пікір жолдағаныңыз үшін рахмет!

18-10-2019 15-18-59   From parents

Author: Anonymous

Question # 1589
Сәлеметсізбе Ректор мырза сұрақтан көрі мені мазалайтын бір жағдай 3жатақхананың тазалық жағдайы дәретханасы мен суға түсетін жері өте лас бір аптадан бері жиналмаған ылғи сол
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті түсініктеме берді.

Бұл мәселе жатақханаға еден жуушы қызметіне жаңадан алынған қызметкердің жұмысқа келмеуіне байланысты туындаған. 18 қазан күні еден жуушы қызметіне жаңадан қызметкер алынды. Алдағы уақытта жатақханада тазалық орнатылып, тазалық мәселесі қадағаланатын болады. Рахмет!

18-10-2019 15-18-38   From students

Author: Қайыржан Несібелі

Question # 1588
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы?! Жоғарыда жазылған жалаға мүлде келіспеймін.Себебі
Біріншіден есімін жасырған студент университеттің барлық студенттерінің атынан жазған, ал ол ұстаз тек қана Физика Математика және Информатика институтында сабақ береді.
Екіншіден Жумашева Светлана Сатыбалдықызы бізге де сабақ береді және мен сізге сенімді түрде айта аламын, ол кісі басқа оқытушылар сияқты бірде-бір сабағын қалдырған емес.Өйткені ол адал педагог.Міндетті 15 лекция, семинарды ауырып тұрса да келіп өткізеді.Ол кісі өзінің сабағына әрдайым үлкен жауапкершілікпен қарайды. Және де ФМжИи жалғыз сол ұстаз ғана үлкен көлемде іс-шаралар өткізеді. Ол жоғардағы басшылықтар сияқты емес, әрдайым студенттерді түсінеді, қолдайды.Оның бізге деген шынайы жанашырлығын айтпасақ болмайды.Және ол кісі үнемі студенттің әділ бағасын қояды.Керісінше ол кісіге алғыс айтамыз.Екінші анамыз секілді , қарапайым мысал : тіпті терезе ашық тұрса , бәрімізден міндетті түрде сұрап шығады, сізге ыңғайлы ма деп.Сондықтан да жасырын жазған студенттің, АДАЛ ұстазға жапқан жаласын емес, біздің пікірімізді ескереді деп зор сеніммен қараймыз!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университет басшылығына келіп түскен кез-келген арыз-шағым қарастырылып, ақпараттың жалған немесе жалған еместігі міндетті түрде анықталады. Басшылық тарапынан шешім арнайы құрылған комиссия шешімінің  негізінде қабылданады.Пікіріңіз үшін рахмет!

18-10-2019 13-32-03   From students

Author: Anonymous

Question # 1586
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы. ҚазҰПУ студенттер атынан Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына жазған шағымына МФжИИ 2 курс студенттері болып наразылығымызды білдіреміз. Бір студенттің өзінің сабақты дұрыс оқи алмайтындығынан, бізге дұрыс білім беріп жүрген апайдың атынан соншалықты жаман сөз айтып, бүкіл ҚазҰПУ студенттері атынан деуге қалай барады?! Ол апай, білімге келгенде талапшыл, әділ бағалайды. Сабақты бар жан тәнімен түсіндіреді. Біздің ол апайға алғысымыз шексіз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Пікірлеріңіз үшін рахмет. Ескереміз.

18-10-2019 12-39-22   From parents

Author: Аяжан

Question # 1585
Саламатсыз ба жатаханага шагым тусиргим келип тур. Комендант апай 2 ай жок менин кызым акшасын али ала алмай жур. Не деген безответственный адамсындар.
Answer:

Құрметті ата-ана!

Оқу ақысына, жатақхана орнына төленетін міндетті төлемдер университет реквизитіне Қазпошта немесе банк бөлімшелері арқылы төленуі тиіс.

Егер Сіз ақшаны жатақхана меңгерушісіне қолма-қол берсеңіз, ақшаны тек сол кісіден ғана талап ете аласыз. Сұрағыңыз бойынша «Парасат» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-25-76. Рахмет!

18-10-2019 09-16-36   From students

Author: Anonymous

Question # 1584
Біздің оқытушымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына жазылған анонимка сабақтарға үнемі дайындықсыз келетін, сабақты көп жіберетін студенттер жазған деп білеміз!
Светлана Сатыбалдықызы нағыз педагог, жоғары жауапкершілікпен әр сабағын өткізеді. "Менің әр студентім талантты" деп, барлықтарына бірыңғай педагогикалық талап қояды. Сапалы білім береді.
МФиИ институтында әрдайым ұжымдық-шығармашылық іс-шаралардың барлығын өткізетін ұстазымыз! Басқа ұстаздардың ондай іс-шара өткізгендерін мүлдем көрмеппіз!
Математика, физика және информатика институтына үнемі педагогикалық пәндерден сабақ беретін ұстазымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына барлық сабақтарын сапалы, сауатты өткізгені үшін барлық студенттер атынан алғысымызды білдіреміз!!!Нағыз еңбекқор, адал педагог!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушының еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет!

16-10-2019 16-37-15   From applicant

Author: Аноним

Question # 1580
Салеметсизбе ректор. Мен Тарих жане кукык институтында 1-ши курста окимын. Сабакка дайындалу ушин 511 ши компьютер кабинетине кунде барамын кунде жабык турады. Жатахханада турамын 511 кабинетте компьютер интернет бар, 511 кабинетте отыратын Майра апай унеми орнында отырмайды. Бизге студенттерге осындай колайсыз жагдай тугызады. Бизге комектессениз осы жагдайды шешип берсениз
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша Тарих және құқық институты тарапынан түсініктеме алынды. Түсініктемеде №10 корпустағы 511 аудиторияда сабақтар үзіліссіз кесте бойынша өткізілетіндігін аудиторияда орнатылған бейнекамерадағы жазба арқылы, ал инженер Майра Ешенованың жұмысқа уақытында (08.00-17.00) келіп, кетіп жүргенін турникет арқылы бақыланатындығы жазылған.

Тарих және құқық институтына қарасты 511 аудиторияда университеттің бекітілген кестесіне сәйкес сабақтар өткізіліп тұратындықтан, білім алушылар жеке жұмыстарын кітапханаға барып жасауы керек. Рахмет!

16-10-2019 16-23-39   Other

Author: Anonymous

Question # 1579
Саламатсызба Такир Оспанұлы
Мен Амантаева Бубісара Көбесқызы Абай атындағы ҚазҰПУ-не 2009 жылы оқуға (күндізгі оқу түрі) түсіп,
2011-жылы оқудан шығарылдым (тұрмыс құруыма байланысты).
Осы жылы окуымды жалгастыру үшін қолымдағы құжаттарды Тараз инновациялық гуманитарлық университетіне тапсырдым.
Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің қызметкерлері ҚазҰПУ-не хат (хаттың нөмері 11.09.2019 № 001/036) жолдады жеткіліксіз құжаттарды жіберуін өтініп. Жауап әлі келген жоқ.
Сол жеткіліксіз құжаттарды тездетіп жіберуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Құжаттарыңыз университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы 17 қазан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мекен-жайына жіберілгендігін хабарлаймыз. Рахмет!

16-10-2019 15-00-06   From students

Author: 110Б группа ФиПо (русское отделение)

Question # 1578
Уважаемый , Такир Оспанович! Вопрос в том , что с 21.10 числа начинается рубежный контроль, но у нас до сих пор отсутствует преподаватель по иностранному языку и практической фонетике. Мы не раз обращались с вопросом на кафедру , но этот вопрос остался нерешённым. Просим вас назначить нам преподавателя в кратчайшие сроки.
Answer:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению. Спасибо!

16-10-2019 11-06-28   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1576
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 4 курс студентімін. Биыл біз бір жылдық практикадан өтудеміз, оған қарсы болмадым. Себебі, молынан тәжірибе жинаймыз деп ойладым. Сізге қояр сұрағым : мектепті қалай таңдадыңыздар? "Мансап" орталығы мектеп таңдағанда неге мән берді? Менің практикадан өтіп жатқан мектебіме көңілім толмайды. Бұл жалғыз менің ойым емес. Осы мектептің практиканттары да қосылады. Мектепте не тәртіп, не білім жоқ. Мұғалімдер мектепке сабағын өткізіп, айлығын алу үшін ғана келеді. Қалай ойлайсыз, біз олардан не үйренеміз? Мектептің завучтарынан бастап практиканттарға тегін жұмыс күші ретінде, қарапайым тілде айтқанда "барып кел, шауып кел"көреді. Кешіріңіз, мен практикаға мұғалімдердің атынан жиналыс, іс-шараларға қатысып, оқушыларды жарыс, іс-шара өтетін кезде мектептен тыс жерлерге тасып жүруге келген жоқпын. Оқушыларға жауап беретіндей басым екеу емес(оларға бірнәрсе болса мен жауап беремін ғой). Мен студентпін, жұмыс істемеймін, отбасымда 3 студент бар. Мектептегі іс-шаралардың тақырыптарын шығаруға, шариктер алуға, безендіруге заттар алуға менің артық ақшам ЖОҚ!!! Сізге өтініш, осы мәселені бір жақты етіңізші.
Answer:

Құрметті студент!

Шағымыңызда аталған мәселелерді шешу үшін Мансап орталығы қызметкерлеріне толық ақпарат беруіңізді сұраймыз. Байланыс тел.: 291-83-50. Рахмет!  

15-10-2019 14-48-46   Other

Author: Anonymous

Question # 1575
Курметті Тахир Оспаұлы сиз басқарған университетте неліктен марапаттар белгілі адамдармен бір алған адамдар жылына екі үш рет алады университтетікінде, министірліктікінде оның сыры неде. Тарибие баскармасының бастықтары мен орынбасарлары, оқу, ғылым басқармалары, зам директорлар т,б кейнгі бес жылды алып мониторинг жасасаныз коруге болады деп ойлаймын
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз назарға алынды. Тексеріледі. Рахмет!

15-10-2019 13-16-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1574
Жатақхана ақшасын төлеп қойғаннан кейін,қайта ақшасын возврат жасауға боладыма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Егер Сіз ақшаны университеттің есеп шотына төлеген болсаңыз, онда ақша міндетті түрде қайтарылады. Ол үшін Сіз өтініш жазып, төлем туралы түбіртектің түпнұсқасын өтінішке тіркеп, Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы жіберуіңіз керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін директорат қызметкерлеріне жолықсаңыз болады. Рахмет!

14-10-2019 23-07-08   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1573
Салеметсиз бе,ректор мырза!3 жатакханада ордерсиз жаткандар кашан шыгады?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханадан жолдамасыз орын алған студенттер туралы нақты ақпаратты (студенттің аты-жөні, оқитын курсы, бөлменің нөмері) rector_blog@kaznpu.kz  электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!

14-10-2019 14-56-58   Other

Author: Профессор оқытушылар құрамы

Question # 1572
Саламатсызба Құрметті Такир Оспанович. 2019 жылдың қыркүйек айының еңбек жалақысын 11 қазан күні алдық. Еңбек жалақысының кешіктірілгене қарамастан жалақымыздың мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда 10 000 - 12 0000 теңгеге төмендеп кеткен. Нарықтық экономика заманына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелерде жалақы өсіп жатқанына қарамастан, біздің оқу орнында жалақы мөлшері кеміп жатыр. Осы мәселелің жағдайын түсіндірсеңіз екен.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жалақы мөлшері қысқартылған жоқ. Керісінше, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысын көтеру жоспарланып отыр.Қыркүйек айындағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы қайта есептеліп, 17 казанға дейін төленбей қалған жалақы мөлшері оқытушылардың жеке есеп-шоттарына жіберіледі.Рахмет!

14-10-2019 14-29-20   Other

Author: Anonymous

Question # 1571
Здравствуйте,уважаемый Такир Оспанович! Почему поступила низкая зарплата? в правительстве говорят о повышении зарплаты педагогов, а у нас в вузе наоборот понижают?
Answer:

Здравствуйте!

Заработная плата не уменьшалась. Более того, с декабря текущего года планируем повысить зарплату преподавательскому составу университета. Заработная плата  за сентябрь пересчитывается, недополученные суммы будут выплачены до 17-го октября. Приносим извинения. Надеемся на понимание. Спасибо!

14-10-2019 13-49-47   From students

Author: Anonymous

Question # 1570
Курметти Тахир Оспанулы. Менің сурайын дегеним Арыс каласынан келген студенттерге жатакхана бериледиме? Баска универлерде барынша көмек көрсетіп жатыр екен. Сол жайлы сурауга деканатка барсак дореки сөйлеп, дореки жауап береди. Биздин кандай стрессте жургенимизди билмейдигой. Биз тіпті сөйлеуге коркамыз. Бир адам сәл жылы кабылдаса көз жасымыз дайын турады. Сәл мәдениетті сөйлессінші студенттермен.
Answer:

Құрметті студент! Директорат қызметкерлеріне қатысты шағымыңызды міндетті түрде ескереміз.

Арыс қаласынан келген білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік жасау мәселесі университеттің Ғылыми кеңесінде арнайы қарастырылып, Кеңес шешімі негізінде 1-4 курс бойынша 11 білім алушының оқу ақысына 50 пайыз жеңілдік көрсетілді.  Егер Сіз жеңілдік алушылар тізімінде болмаған жағдайда, өтінішіңізбен Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың қабылдауына келсеңіз болады. Тел.: 293-81-85. Рахмет!

14-10-2019 11-03-22   From applicant

Author: аноним

Question # 1569
Добрый день! Поступив в этом году ваш университет я была в полном шоке от ваших преподавателей, особенно от Абылкасымовой А. Никакой этики и уважения к коллегам, она там как королева сидит и все учителя ее боятся. Атмосфера просто ужасная, у вас других учителей нету, которые бы соответствовали статусу ПЕДАГОГА?
Answer:

Здравствуйте!

По Вашему обращению было получено разъяснение от директора Института математики, физики и информатики. Сообщается, что проведен устный опрос преподавателей кафедры и докторантов 1-го курса специальности «Математика», на котором названный преподаватель читает лекции. По результатам опроса дан положительный отзыв этому преподавателю. Спасибо!

14-10-2019 10-49-40   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1568
Құрметті ректор мырза! Менің сізге сұрағым докторантураға байланысты болып тұр. Қазіргі таңда мен оқып жатқан мамандық брйынша біздің университетте диссертациялық кеңес бар,бірақ дис.кеңес төрағасының әділетсіздігі мен жемқорлығы, кезінде ақша төлеп түсірген докторанттарын жақтап, олар үшін бар жағдайды жасап, ал қалғандарын қорқытып отыруына байланысты, басқа университеттің дис.кеңесінде қорғау рұқсат етіледі ме, соны білейін деп едім.Жауабыңызды асыға күтемін
Answer:

Сәлеметсіз бе!

2019 жылдың 6 наурызындағы №03-05/72-1 бұйрығымен бекітілген Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңес туралы Ереженің 14 - тармағына сәйкес әр докторант өзі таңдаған ЖОО-ның Диссертациялық кеңесінде қорғауға құқылы.

Жемқорлық мәселесіне байланысты қандай да бір ақпараттарыңыз болса, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясына немесе Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорына жолығуыңызға болады.Тел.:291-77-32. Рахмет!

Total records: 2333

« перв. ... < пред. ...  51  52  53  54  55 56  57  58  59  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2021
63
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений