Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
02-03-2022 17-56-49   From applicant

Author: Жолшиева Шолпан Куанышевна

Question # 6056
Добрый день! Уважаемый Дархан Нурланович, я родительница студента очного платного отделения 1 курса юридического факультета, вынуждена обратиться к Вам с вопросом о том, что многие иногородние студенты очного отделения Вашего ВУЗа не имеют возможности получить место в общежитии. При подаче документов приемная комиссия заверяла, что всем иногородним предоставляется общежитие. Требования ВУЗа при подаче документов о 25% оплате выполнено нами, уже позже к сентябрю при распределении мест в общежитиях нам отказали, на вопрос почему? было сказано, что согласно правил Вашего ВУЗа по предоставлению мест в общежитие мы не прошли. Теперь мой первый вопрос:"Почему при приеме студентов, на очное платное отделение не учитывается такой критерий, как способность ВУЗа предоставления общежития иногородним студентам. Количество принятых иногородних студентов должно фиксироваться и соответствовать фонду мест в общежитиях. Второй вопрос:"Почему не берется в зачет проживание в экологическом районе сельской местности? Каковыми мы являемся. Мы проживаем в Созакском районе, который является экологически вредным и студенты нашего поселка во всех ВУЗах страны получили общежития , кроме КАЗНПУ.
В связи с обьявленным онлайн обучением я этот вопрос поднимать не стала, на данный момент обучение планируется начаться с 24 марта. Очень остро стоит вопрос о продолжении обучения и места проживания. Прошу Вас решить положительно вопрос о возможности предоставления мест в общежитиях для своих студентов.
Answer:

Здравствуйте! КазНПУ имени Абая имеет пять общежитий общей вместимостью 1287 человек. Работа по заселению обучающихся в общежития проводится в системе «Univer» по заявкам, которые рассматриваются специальным составом комиссии. Места распределяются в соответствии с установленными социальными категориями.

Приоритетное право на получение места в общежитии предоставляется студентам первого курса, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, лицам, один или оба родителя которых являются инвалидами; лицам из многодетных и малообеспеченных семей. С Правилами предоставления мест в общежитии можно ознакомиться на нашем сайте: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/2660/page/ .
 
Просим проявить понимание и в соответствии с установленным порядком предоставить свои заявления и документы, подтверждающие социальное положение студента. Спасибо!
02-03-2022 10-00-42   From parents

Author: Anonymous

Question # 6055
Сәлеметсізбе! 23 наурыздан бастап 1 курсқа сабақ оффлайн болады деп жатыр. Ал жатақханада орын жоқ дейді. Сонда басқа қаладан баратын студенттер қайда тұрады? Жылдың ортасында арзан квартира жоқ, ал табылғаны қаланың шетінде,ол жерден Алматының кептелісімен сабаққа уақытында бару мүмкін емес. Қаланың ортасындағы квартиралардың бағасы ұшып тұр, әсіресе ақылы бөлімде оқитын студенттерге оны төлеу мүмкін емес. Студенті көп іргелі оқу орны болғандықтан жатақхана саны неге студенттер санына сай емес. Бұл менің ғана емес, басқа қалада тұратын барлық студенттің ата-анасының жан айқайы деп білемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 24-ші наурыздан бастап 1 курс студенттері үшін оқу үрдісі дәстүрлі/аралас форматта ұйымдастырылады.

01-03-2022 17-32-44   Other

Author: ақын ағаларың

Question # 6054
Сәлем бердік ректор мырза!!! сіз басқарып отырған киелі оқу орны, 90 жылдан астам тарихы бар... Бақ қызметкерлерінізге қарап қарным ашады... мысалы, менің немерем дипломын жоғалтып бір ай бойы сандалды. айтатындары анда бар, мында бар. Бәрін Нұрсағила деген қызметкер біледі деп, ол орнында болмайды, оның жоқтығын жасырып қасындағылары әуре. неге осы қызмет электронды түрінде жасалмасқа, болмаса қолынан келетін іскер қызметкер алсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. жұмысыңызға табыс тілей отырып, ретке келтіреді деп ойдамын
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет түлегі дипломын жоғалтқан жағдайда тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтініш беруі керек. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!

28-02-2022 17-23-53   Other

Author: Аноним

Question # 6053
Сәлеметсіз бе? 1,0 штат әрбір тазалайтын алаңның 500 шаршы метріне есептелсе. Сырланған қабырғалар жуылады, бұл жоғарыда аталған шаршы метрге қосылады ма, жоқ әлде тек еден ғана 500шаршы метр болу қажет па? Сіздерге қоятын екінші сұрағым - 1,5 штат еден жуушыларға рұқсат етілген ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Барлыбай Әбдірахманұлы Мейірмановпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-12-01. Рахмет!

24-02-2022 18-42-15   From students

Author: Anonymous

Question # 6052
Сәлеметсіз бе!21-наурыздан бастап педагогикалық бағытта оқитын студенттер нақты оффлайн форматына көшеді ме?Осы сұраққа нақты жауап беруіңізді өтінемін.Себебі қырқүйекте де,ақпан айында да оффлайн форматқа көшеміз деп,3-4 күн қалғанда ғана жоққа шығарады.Барлық жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматқа көшкелі қай заман.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 24 наурызынан бастап 1 курс студенттері үшін оқу үрдісі дәстүрлі/аралас форматта ұйымдастырылады.

24-02-2022 12-27-25   Other

Author: Аноним

Question # 6051
Университеттің ішкі нормативтік құжатына сай бір еден жуушы неше шаршы метр еден жуу қажет жәнеде сырланған қабырға неше шаршы метр болу қажет?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қызметтік үй-жайларды тазалаушылардың қызмет көрсету нормалары қызметтік үй-жайларды, яғни ғимараттарды жинаушы лауазымының 1,0 штат бірлігі  тазалайтын алаңының әрбір 500 шаршы метріне сәйкес есептеледі. 

24-02-2022 00-02-01   From students

Author: Anonymous

Question # 6050
Сәламатсыз ба мен степендиядан құладым,
Сіздерге қояр сұрағым 1 курусқа грантқа түскен студент неше ай степендия ала алады, құлап қалған жағдайда,
Егерде қысқы степендиядан құласа, январь, февраль да степендия ала алама?
Мұғалімдер айтуынша, степендия беріледі деп айтып жатыр, бірақ түскен жоқ
Рахмет, жауап күтем
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Сіз оқып жатқан институт директоратынан немесе директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарынан білуіңізге болады. Рахмет! 

22-02-2022 19-18-06   From students

Author: Anonymous

Question # 6049
Қайырлы күн! Дархан мырза , осы жерде жазылған нәрселер шынымен міздің құлағыңызға жетеді деген үміттемін.
Бұл универде оқып жатқаныма біраз уақыт болды.. өкінішке орай осындай ұлттық универде "алжып" кеткен мұғалімдер өте көп. Біздің айтқанымызды ол , оның айтқанын біз түсінбейміз. Баллды тааартып созып сооонша сабаққа дайындалып слайд жасап келсең 2 балл ғана қояды.. еңбегімізді жеп отыр. Аттарын ашып айтқым келмеді.. бірақ жасы 70 ке таяған мұғалімдер не бітіріп жүргенін түсінбейміз. Профессионализм жок.. "әй сен" , "ақымақ" т.б дөрекі сөздерді қолданады. Егер шағымымыз ескерілмесе жоғары сотқа шағымданамыз!
Answer:

Құрметті білім алушы! Сұрағыңыз назарға алынды. Рахмет!

22-02-2022 16-38-13   From students

Author: Қожан Арайлым

Question # 6048
Құрметті, Дархан Біләлов! Менің жазып отырған хатыма көңіл бөлесіз деген ойдамын! Бүкіл ҚазҰПУ студенттерінің атынан жазып отырмын. Университеттің ішінде студенттерге арналған жағдай жасасаңыз деймін! Жәй ғана су ішетін диспенсер де жоқ, корпустан басқа не нәрсе сұрауға болады? Бірақ, мен басқа нәрсе сұрамаймын да, әр кабинетке диспенсер орнатсаңыздар! Орнатып қана қоймай, үнемі су толы тұрсын деген өтініш. Қазіргі таңда пандемия заманы болғандықтан, адамға жиі су ішіп отыру керек, ал үздіксіз сабақтан біз дүкенге барып су ала беруге мүмкіншілігіміз жетпейді. ОСы жағдайды ескеріп, әр этажда және әр кабинетке пластмасса стакан мен диспенсермен су орнатуыңызды күтемін. Осыған дейін өзгеріс орнатпаған басқа ректорлардан ерекшеленіп тарихи әрекет жасайсыз деген үміттенемін!
Answer:

Құрметті студент! Ұсынысыңыз үшін рахмет. Аудиториялардың барлығын диспенсерлермен қамтамасыз ете алмаймыз. Оқу орнымыздың ғимараттарында асханалар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жақында университетіміздің екі ғимаратында арнайы сусындар сатып алуға арналған автоматтар орнатылған болатын, алдағы уақытта оқу орнымыздың басқа да ғимараттарына орнатуды жоспарлап отырмыз. Рахмет!

18-02-2022 14-56-41   From students

Author: Anonymous

Question # 6047
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы қашан беріледі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 22 ақпан күні беріледі. Рахмет!

18-02-2022 08-32-39   From students

Author: Anonymous

Question # 6046
Сәлеметсіз бе?! Практикада бізге 3 сағаттан артық сабақ бермисіңдер деп айтқан. Бірақ мектепте біз 3 күнде 15 сағат өтеміз. Мектептің басшылығына айтсақ солай өтесіңдер деді. Осы мәселені реттеулеріңізді сұраймыз
Answer:

Сәлеметсіз бе! Практика кезінде білім алушылардың мектепте өткізетін уақытының ұзақтығы әрбір мамандықтың практика бағдарламасына байланысты болады. Мәселен, 3 курс білім алушылары үшін дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, 4 курс білім алушылары үшін - сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері практикаға қатысу қажет. Практика мамандық бойынша және мектептің ішкі жұмыс кестесіне сәйкес 3-6 сағаттан өтуі керек. Мамандық бойынша мектепте болу ұзақтығын тәжірибе жетекшісінен анықтауға болады. Рахмет.

17-02-2022 06-33-54   From students

Author: Ботакөз

Question # 6045
Сәлеметсіз бе, математика, физика және информатика институтының жатақханасына қайтадан студенттердің өтініш қараса екен. себебі жатақханаға орналаспаған студенттер қаншама. мен осымен 3 ші мәрте өтініш айтып отырмын, көп балалы деген критерий бар,әлі өтінішім қабылданбады
Answer:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз жауапты тұлғаларға жолданды. Рахмет! 

14-02-2022 10-18-18   From students

Author: Anonymous

Question # 6043
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Біз Шапағатқа Оңай картасын жасатуға барып, оңайымызды ала алмай жүрмиз. Оңаймен айналысатын апай постоянно орнында болмайд, онымен қоймай звондасаң ұрсып береді. Шара қолдануыңызды сұраймын
Answer:

Cәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Шапағат орталығының қызметкеріне ескерту жасалды. Оңай картасын алу туралы өтінішіңізбен орталықтың жауапты қызметкерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-64-97. Рахмет! 

10-02-2022 13-54-03   From parents

Author: Аноним

Question # 6042
ҚұрметтіДархан Нұрланұлы
Мен ата-ана ретінде айтайын дегенім сабак офлайн басталып балаларымыз
жатақханаға орналасты.Бірақ бір улкен кемшілік жатақхана комендаттары өдерінің жұмыстарын студенттерге істетіп өздері әңгіме соғып бос отырады екен.Менің жатақханаға орналасқан балама комната бөлу тағы басқа жұмыстарды студенттер кабылдаған.Жаксы комната беру ушин подарка сураған.Тоқ етері коменданттың кабинетіне видеокамера коюларыңызды сураймын Сол кезде коресиздер.Білдей Ұлттық университетте осындай былық бар екені катты ренжитеді.Шешим кабылдайды деп сенемін.
Answer:

Құрметті ата-ана! Шағымыңыз назарға алынды. Жатақхана қызметкерлеріне қатысты мәселе міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

10-02-2022 11-29-58   From applicant

Author: Айнур

Question # 6041
Сәлеметсізбе ректор мырза!!! сіз келгелі бері университет біраз тазарып қалды, жыланның ордасына айналып кеткен мекеме еді қазір өте жақсы болып қалды. мен өзім осы мекемеде көп жылдар бойы жұмыс жасап келем.енді бір өте үлкен мәселе ол зейнеткерлер әліде келім шарттарын таныс тумаларына айтып создырып, жұмыс жасап жүр? екемдері жоқ, техника құралдарын қолдана алмайды, жастардың арасында жұмыс ырғағына ілесе алмай жүреді. жұмыстыңда сапасы болмай, тек сіздің блогыңызда жамандаулар оқып отырамыз. сіз өз блогыңыздағы жазулармен өзіңіз танысады деп үміттенеміз, осы зейнеткерлерді зейнеттеріне жіберіп жастарды жұмысқа тартады деп үміттенеміз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Ұсынысыңыз үшін рахмет! Қазіргі уақытта қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үрдісі конкурс арқылы жүзеге асырылып, арнайы комиссия құрамының шешімі бойынша іріктелуде. Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы конкурс қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданған болатын. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің біліктілігімен қатар еңбек өтілі, цифрлық сауаттылығы және жұмысқа қабілеттілігі ескеріледі. Оқу орны болғандықтан, ұрпақтар сабақтастығын ұмытпағанымыз жөн. Біз аға буын оқытушыларына құрмет көрсетуіміз керек. Олардың жемісті жұмысының арқасында біздің көптеген түлектеріміз ғылым мен білім саласында үлкен жетістіктерге жетті, ҚР мемлекеттік органдарында басшылық қызметтер атқарады, халықаралық жобаларға қатысып, әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Ардагер ұстаздарымыз жас әріптестеріне тәжірибе алмасу, білім мен дағдыларды беру үшін қажет. Рахмет!

09-02-2022 18-54-54   From students

Author: Anonymous

Question # 6040
Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов. Біз 3 курс, МФжИ институтының студенттері. Біз алдағы қойылған сабақ кестесінің уақытына түбегейлі қарсымыз. Себебі, сабақ уақыты таңғы 8:00 ден, кешкі 19:00 ге дейін. Оның үстіне арасында жарты сағат үзілісте жоқ. Бірінен кейін бірі болады сабақтар. Бұл не масқара!!! Расписаниені қандай адам жасаған өзі. Куратор, деканатқа айтсақ болмайды өзгертпейміз дейді. Сонда біз 8 ден 19:00 ге дейін тапжылмай отырып, араснда окошка жоқ тем более, жұмыс уақытыда сәйкес келмейді. Белден бел, бастан бас қалмайдығо олай болса. Біз бұл сабақ кестесін ӨЗГЕРТУІН ТАЛАП ЕТЕМІЗ, немесе ҚАЖЕТ ЕМЕС ПӘНДЕРДІ ҚЫСҚАРТСЫН!!! Егер бұл ұсыныс шешімін таппаған жағдайда, барлық студенттер жоғары жаққа шағым түсіруге дайынбыз!!!
Answer:

Құрметті студент! Оқытудың кредиттік жүйесінің қағидалары және университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқу үрдісі күндізгі бөлім студенттері үшін сағат 8.00 мен 20.00 аралығында ұйымдастырылады. Педагогикалық мамандықтарда дуальды оқыту элементерінің енгізілуіне байланысты, яғни 3 күн педагогикалық тәжірибе, 3 күн теориялық оқыту, сабақтар 3 күнге жинақталып, сабақ кестесіне қойылып отыр. Сабақтар арасындағы демалыс уақыты бойынша Математика, физика және информатика институтының директорына жолығуыңызды сұраймыз. Сабақ кестесіне оқытушының жұмыс кестесін ескере отырып, білім алушының өтінішінің негізінде ғана өзгеріс енгізіледі.

09-02-2022 18-53-48   From students

Author: Anonymous

Question # 6039
Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов. Біз 3 курс, МФжИ институтының студенттері. Біз алдағы қойылған сабақ кестесінің уақытына түбегейлі қарсымыз. Себебі, сабақ уақыты таңғы 8:00 ден, кешкі 19:00 ге дейін. Оның үстіне арасында жарты сағат үзілісте жоқ. Бірінен кейін бірі болады сабақтар. Бұл не масқара!!! Расписаниені қандай адам жасаған өзі. Куратор, деканатқа айтсақ болмайды өзгертпейміз дейді. Сонда біз 8 ден 19:00 ге дейін тапжылмай отырып, араснда окошка жоқ тем более, жұмыс уақытыда сәйкес келмейді. Белден бел, бастан бас қалмайдығо олай болса. Біз бұл сабақ кестесін ӨЗГЕРТУІН ТАЛАП ЕТЕМІЗ, немесе ҚАЖЕТ ЕМЕС ПӘНДЕРДІ ҚЫСҚАРТСЫН!!! Егер бұл ұсыныс шешімін таппаған жағдайда, барлық студенттер жоғары жаққа шағым түсіруге дайынбыз!!!
Answer:

Құрметті студент! Оқытудың кредиттік жүйесінің қағидалары және университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқу үрдісі күндізгі бөлім студенттері үшін сағат 8.00 мен 20.00 аралығында ұйымдастырылады. Педагогикалық мамандықтарда дуальды оқыту элементерінің енгізілуіне байланысты, яғни 3 күн педагогикалық тәжірибе, 3 күн теориялық оқыту, сабақтар 3 күнге жинақталып, сабақ кестесіне қойылып отыр. Сабақтар арасындағы демалыс уақыты бойынша Математика, физика және информатика институтының директорына жолығуыңызды сұраймыз. Сабақ кестесіне оқытушының жұмыс кестесін ескере отырып, білім алушының өтінішінің негізінде ғана өзгеріс енгізіледі.

09-02-2022 16-09-25   From students

Author: Anonymous

Question # 6038
Саламатсыз ба! "Онлайн туралы қозғамаймыз.Офлайн оқу ректор бұйрығы" деп онлайн жайлы тіпті сөз қозғауға тыйым салу қаншалықты дұрыс? Білім алушы ретінде менің құқығым қаншалықты сақталуда? Куратордың осылай тыйым салуға құзіреттілігі бар ма, өтінемін, нақтылап жіберіңізші? Бәлкім, мен қателесіп тұрған шығармын... себебі сіздің блогта өтініш жазуға болады, ал группаға ол жайлы тіпті айтпаңдар дейді...
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты барлық ақпаратты институт қызметкерлерінен алуыңызға болады. Егер Сізде оқу үрдісіне байланысты қиындықтар туындаса, өтінішіңізбен институт басшылығына тікелей хабарласуыңыз керек. Ректордың блогына өтінішіңіз бен ұсынысыңызды жолдасаңыз болады. Рахмет!  

08-02-2022 13-27-01   From students

Author: Anonymous

Question # 6037
Құрметті Дархан Біләлов! 1 наурыз күні Шет тілдері кафедрасынан 100 студентті Түркияға жібереді екен. 100 студентті іріктеген кезде біздің мамандыққа айтылмады. Турцияға біздің мамандықтың да студенттері баруға толықтай құқылы еді. Тек ек шет тілі мамандығынан іріктеген. Әр оқытушы оз студентін ғана жіберген. Ол хабарлама универ жүйесіне де, старосталар группасына да жетпеді. Біз оны енді ғана естіп жатырмыз. Осы шет елге жіберу бағдарламасын күткен едік, бағдарлама шыққан кезде әділетсіздікпен бізге айтылмады. Осы мәселені қадағалауыңызды сұраймыз! Тағы да қосымша орындар қосылсын. Ата-анамыз білім министріне дейін барамыз деп отыр.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Түркия университеттері арасындағы екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Семестрлік оқуға 2-3 курс студенттері жіберіледі. Түркияда оқу үшін студенттерді іріктеуді кафедра мен институт жүргізгендіктен, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне Түркияда білім алатын студенттердің бекітілген тізімдері берілді. Түркияға оқуға барғысы келетіндер болса, институт директоратына немесе кафедрасына хабарласуы қажет. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу орны тек екі жаққа ұшу билетінің шығындарын өтейді, қалған шығындар студенттің өз есебінен төленеді. Сапарды Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

07-02-2022 22-32-43   From students

Author: Anonymous

Question # 6035
Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орнының Академиялық саясатының 326 тармағына сәйкес бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі. Сондай-ақ, білім алушылар дипломдық жұмыстың немесе жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
1) денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;
2) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
3) жүкті немесе 2 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші;
4) сырттай оқу бөлімінің студенттері.
Бұл ретте білім алушы ректордың атына өтініш жазып, қажетті құжаттарын ұсынады
Осындай магистранттарга барма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Магистратурада кешенді емтихан тапсыру қарастырылмаған. Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін Ғылым департаментіне хабарласуыңызға болады. Тел.:291-10-22, 291-65-29. Рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  50  51  52  53  54 55  56  57  58  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений