Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

Dear Visitor!

 

I will be glad to discuss your questions concerning activities of Abai Kazakh National Pedagogical University.

You have the opportunity to leave your comments, ask questions, make suggestions.

 

Yours faithfully, Doctor of pedagogical sciences, Professor Takir Balykbayev

 e-mailrector_blog@kaznpu.kz 

 

 
Reception by the Rector on personal matters is carried out on Tuesday and Thursday - from 15.00 to 17.00.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
24-08-2018 18-44-48   From students

Author: Anonymous

Question # 419
Сəлеметсізбе! Менің қояр сұрағым бұйырса мен 3 курс оқитын едм. Маған общежитие берілеме?) Себебі пəтер ақысын төлеуге жағдайым жоқ. Филология факультетінде оқимын. Маңғыстауда тұратындықтан маған общежитие өте қатты қажет. 1 курста общежитиеде тұрдым ал 2курста маған общ. бермей қойды. Не себепті екенін білмеймін. Соның кесірінен қаңғырып та қалдм тұратын жер таппай. Сабағымда нашарлады. Өтініш маған общежите берілуін сұраймын!.)))
Answer:

Құрметті студент! Қаламызға келіп оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан  келіп оқитын студенттер болғандықтан, барлық білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Университетімізде  5 жатақхананың жалпы сыйымдылығы 1397 орынды құрап отыр. Сондықтан бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларға үлестіріледі. Осыған орай,әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын растайтын  құжаттары (толық жетім, көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) бар кез-келген білім алушы өзінің институты жанындағы арнайы комиссияға өтініші мен құжаттар топтамасын ұсынуға құқылы. Жатақханаға орналасу әрбір институт жанынан құрылған комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.  Сұрағыңызға рахмет!

 

24-08-2018 16-21-32   From applicant

Author: экономические специальности

Question # 418
Кафедра Экономических специальностей благодарит сотрудников и лично директора Имансыдыкову Н.Ж. научной библиотеки КазНПУ имени Абая, за высокую организацию работы библиотеки, сотрудничество и поддержку ППС в работе с библиотечным фондом.
Answer:

Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв в адрес директора библиотеки Нургуль Имансыдыковой. Ваш отзыв передан.

24-08-2018 12-15-47   From applicant

Author: Anonymous

Question # 417
Магистратура грант иегерлерінің тізімі қай күні сайтка жариялады?
Answer:

Құрметті талапкер! Докторантура бағдарламасы бойынша 2018/2019 оқу жылында оқуға түскен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі Университеттің ресми сайтында 25 тамыз күні жарияланды.  

24-08-2018 10-26-01   From applicant

Author: Anonymous

Question # 416
Сәлеметсіз бе, докторантураның результаты қашан шығады және қайда жарияланады???? 25-не дейін деп еді бүгін 24-і әлі шықпады....
Answer:

Құрметті талапкер! Докторантура бағдарламасы бойынша 2018/2019 оқу жылында оқуға түскен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі Университеттің ресми сайтында 25 тамыз күні жарияланды.  Грант иегерлерінің тізімін келесі сілтеме арқылы көруіңізге болады: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/.

24-08-2018 10-23-28   From applicant

Author: Anonymous

Question # 415
Сәлеметсіз бе, докторантураның результаты қашан шығады және қайда жарияланады????
Answer:

Құрметті талапкер! Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 2018/2019 оқу жылында оқуға түскен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі Университеттің ресми сайтында 25 тамыз күні жарияланды.  Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/.

23-08-2018 15-28-41   From applicant

Author: Anonymous

Question # 414
Менин сизге койган шыгымыма жауап ала алмадым.
Кабылдау комиссиясының кызметкерлери магистратураға түсуге кукыгы барма?
Казирги таңда фейсбук пен инстаграм желилерине материал жинап жатырмын.
Кабылдау комиссиясының кызметкерлери кызметтик бабын пайдалана отырып магистратураға түсіп отыр. Оны дәлелдейтін аудио жазбаларым бар. Казир тағыда дәлел жинактап жатырмын.
Барлык умиткерлерге тең мүмкіндік беру керек. Сизден жауап күтем.
Answer:

Құрметті талапкер! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Оқуға қабылдау ережесінде оқу орнында және қабылдау комиссиясында қызмет жасайтын талапкерлер оқуға тапсыруға болмайды деген нақты талап қойылмаған.

Егер аталмыш қызметкерлердің қызметіне қатысты шағымыңыз және заңға қайшы әрекеттері бойынша дәлелдеріңіз болса,  rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

23-08-2018 12-56-42   From applicant

Author: Anonymous

Question # 413
Салеметсыз бе?Магистратурага грантка тапсырып едым.Жауабы кашан белгылы болады?
Answer:

Құрметті талапкер! Грант иегерлерінің тізімін келесі сілтеме арқылы көруіңізге болады: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/.

23-08-2018 11-54-31   Other

Author: Борангалиева Гулшара

Question # 412
Мен, Борангалиева Гулшара 1980-1986жж. аралығында Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтын "тарих және советтік право негіздері" мамандығы бойынша бітірдім. 2018 жылдың 20 қыркүйегінде зейнетке шығуыма байланысты осы аралықта аталған оқу орнында оқығандығымды растайтын анықтама алуыма ықпал етуіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіз қарастырылып, қажетті құжаттың түпнұсқасы мен электронды нұсқасы 28 тамыз күні көрсетілген мекен-жайға жіберілді.

23-08-2018 10-27-35   From applicant

Author: Anonymous

Question # 411
Құрметті, Тахир Оспанович! Мен сіздерге физматтағы докторантураға түсу кезіндегі әділетсіздік, ондағы орындардың бәрі сатылып кеткені туралы жазып едім, неге жауап жазбайсыз!
Answer:

Құрметті талапкер! Докторантура бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған талапкерлердің шағымдары қарастырылуда. Егер шағымдарда аталған қызметкерлердің пара алу фактісіне қатысы расталса, міндетті түрде тиісті шара қолданылады. Қызметкерлерді бұл  мәселе бойынша дәлелсіз жұмыстан шығару, шара қолдану заңсыз болып табылады.

23-08-2018 02-35-55   From applicant

Author: Anonymous

Question # 410
ЖООКББ бойынша гиант иегерлерінiң тізімін қалай корсек болады? 22.08.2018, сайтка шыгадф деп еди, таппадым
Answer:

Құрметті талапкер! 2018-2019 оқу жылында магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түскен грант иегерлерінің тізімі ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланған. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/ . Сұрағыңызға рахмет!

23-08-2018 02-33-05   From applicant

Author: Anonymous

Question # 409
Биылгы магистратура, докторантура грант иегерлерінiң тізімін қайдан көрсек болады? Телефонмен сураганымда 22.08.18 сайтка шыгады деген, таба алмадым.
Answer:

Құрметті талапкер! 2018-2019 оқу жылында магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түскен грант иегерлерінің тізімі ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланған: http://www.kaznpu.kz/kz/1467/notice/ .

22-08-2018 23-50-55   From parents

Author: Курмангалиевна Гулвира

Question # 408
Құрметті Тахир Оспанұлы. Мен ата-анамын. Сізге сұрағым болмасада айтар сөзім бар еді. Менің қызым номері 1 ші жатақханада 1 жыл тұрды. Бірақ қызым коммендант Маржанның үстінен шағым айтады. "Апай ақша сұрайды, аузына келгенін айтып қызымның құқығына тиетін сөздер айтады, демалыс күндері де демалдырмайды,таң ертеңмен оятады, жұмысқа жұмсайды" дейді. Соны біржақты етесізбе. Маржан комменданттың алдындағы апай жақсы болыпты... Әрбір ата ананың алаңдайтын жағдай ғой.
Answer:

Құрметті ата-ана! Жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбекованың қызметіне қатысты шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізу Экономика және өндірістік мәселелер жөніндегі проректорға жүктелді. Тексеріс барысында аталған фактілер анықталатын болса, қызметкерге заңға сәйкес тиісті  шара қолданылады.

Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратыңыз болған жағдайда, проректордың қабылдауына жазылуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-03-87.

22-08-2018 13-32-28   Other

Author: Anonymous

Question # 406
Сәлеметсізбе мен осы университетте 4 жыл бакалавр 2 жыл магистр окыған азаматшамын биыл докторантурага тапсырдым. Жазбаша өте әділетсіз өтті.НЕГЕ АЛДЫН АЛА ГРАНТТАРДЫ САТЫП КОЙГАНБА СЕБЕБІ АПЕЛЦИЯ БАРДЫМ БОЛМАДЫ. Елдің бари артта отырып шпормен соткамен көшірді. Өз көзіммен көрдім. Сіз сияқты адал ректор келді деп куанып едим бирак биыл магистратура мен докторантураға түсу неге әділетсіз отіп жатыр сенбесеніз камерадан көринз
Answer:

Құрметті талапкер! Шағымыңыз бойынша арнайы тексеріс жүргізіледі. Егер шағымыңыз расталса, комиссия мүшелеріне басшылық тарапынан тиісті шара қолданылатын болады.

22-08-2018 12-56-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 405
сәлеметсізбе? сіздердің университетте қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі және филология мамандықтары барма? және оқу ақысын қайдан көре аламыз?
Answer:

Құрметті талапкер! Сіз сұрап отырған педагогикалық мамандықтар бар. Университетімізде оқытылатын мамандықтар тізімі мен оқу ақысы туралы ақпараттармен ресми сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы танысуыңызға болады:  http://kaznpu.kz/kz/2150/page/.
 
Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз болса, Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
22-08-2018 10-58-39   Other

Author: Anonymous

Question # 404
Такир Оспанович, айлық жалақымызды қашан көтеру ойыңызда бар өзі??? Былтыр қыркуйек айында деп естідік, болмады, сосын жаңа жылда деді, оны күттік, кейін наурызда көтереді деді, ол да болмады, енді тағы да қыркуйекте деп жатыр. Нақты қашан көтересіз, болмаса ондай ой жоқ па сізде? Көтеретін шығар деп жұмыстан шықпай жүрміз, басқа университетте қызмет істейтін коллегаларымыз таң қалады, жалақымызды айтсақ уйялып қаламыз жерге кірердей. 20-30мың қосылса да, біз үшін ол бір қарызымызды жауып отыратын ақша. Мемлекет бөліп отырған ақша болғандықтан неге қарастырып, өз қызметкеркерліңіздің жағдайына көңіл бөлмеске? Сізден үлкен үміт күтеміз ректор мырза!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі міндетті түрде қарастырылады.  Жалақы мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

22-08-2018 01-34-08   From students

Author: Anonymous

Question # 403
Құрметті ректор! Мен "Педагогика және психология"институтының 3-курс студентімін. Президенттік шəкіртақыға қалай ие болуға болады.
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі №136 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау» Ережесіне сәйкес стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі. Президенттік стипендияға республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары,республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар,табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын білім алушылар үміткер бола алады. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу Ереженің 5, 6 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

21-08-2018 13-05-25   From applicant

Author: Anonymous

Question # 402
Биыл 48балл жинап калдым. Сіздерге шартты турде окып кейін Кт кайта тапсырып оки аламын ба. Юриспрундицияға түсейін деп едім.
Answer:

Құрметті талапкер! Оқуға тапсыруға байланысты сұрағыңызға толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

20-08-2018 19-48-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 401
Салеметсизбе Агай! Докторантурага тусу ушин биздын универдын мугалымдері заң бұзушылық әрекеттерді жүзеге асырды.P.S. пара алушылық! Оның ішінде Дефектология мамандықтарына сабақ беретін ұстаздарымыз! Осындай жағдайлардың алдын алуыңызды сұраймыз!!! Оң Шешімін шығарады деп үміттенеміз!
Answer:

Құрметті талапкер! Шағымыңыз бойынша арнайы тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады. Егер шағымыңызға байланысты қосымша ақпаратыңыз немесе нақты дәлелдеріңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

20-08-2018 12-38-59   From applicant

Author: Anonymous

Question # 399
Salemetsizbe!!! Kazirgi zamanda okuǵa túsý óte kyin. Sony bile tura muǵalimder kórypsiaǵa bárip jatyr. Zorǵa balymdy jınaǵanda, sátip jiberip otyr, men sońyna deýi baram aǵay. Nege bireýdin akwasynan kein men okuǵa tuspeyim kerek. Otbasimnin jaǵdayi jetpeidi akýli bólimge. Sol jaǵyn karastirinizshy. Dokazatelstva tolyp tur. Maǵan sońǵy jaýap aitinizdarwy...
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша міндетті түрде арнайы тексеріс жүргізіледі. Пара алу фактісіне қатысы бар қызметкерлердің есімін және нақты дәлелдеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

19-08-2018 17-11-38   From applicant

Author: Anonymous

Question # 398
Здравствуйте. 16.08.18 сдавал вступительный спецэкзамен в докторантуру и уехал в свой город. Где на сайте можно посмотреть результаты? (Из-за выходных не могу позвонить в приёмку, а до этого говорили результаты будут на сайте)
Answer:

Здравствуйте! Результаты вступительных экзаменов в докторантуру размещены на доске объявлений приемной комиссии.

Total records: 1393

« перв. ... < пред. ...  49  50  51  52  53 54  55  56  57  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

January, 2020
2
December, 2019
38
November, 2019
71
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений