Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
13-03-2024 16-22-45   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аида Мұратқызы

Сұрақ № 7870
Құрметті Болат Анапияұлы! Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «GRANT high-school lyceum» ЖШС мектебі кәсіби бағдар беру мақсатында үздік 10-11 сынып оқушыларын (11 оқушы) ағымдағы жылдың 28 наурыз
күні сағат 09:00-13:00 аралығында Сіз басқарып отырған университеттің ішкі тынысымен, мамандықтар тізбегі мен мамандық таңдауға көмектесу
мақсатында университет (мамандықтары, факультеттері, профессорлары) туралы ақпаратпен бөлісіп, презентация мен экскурсия өткізулерінізді сұраймын.
Жауап:

Құрметті Аида Мұратқызы! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Ұсынысыңыз үшін рақмет! 

07-03-2024 21-03-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7869
Сәлеметсіз бе?
Мен 4 курс студенті боламын, біз 1 курста Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсырған едік.
Егер де сол емтиханнан балл В+ болған жағдайда да қызыл диплом ала аламыз ба?
Сұрағыма нақты жауап беруіңізді өтінемін. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:

368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тіркеу кеңсесінің мамандарына жолықсаңыз болады. Мекенжайы: Қазыбек би к/сі, 30, 1 этаж.

01-03-2024 21-17-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7861
GPA балл 3,49 болып тұр .
3,49 ды 3,5 деп есептеуге болама gpa баллда?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Егер Сізде GPA балл 3,49 болса, онда ол 3,49 деп есептеледі. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласып, толық ақпарат алсаңыз болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рақмет!

28-02-2024 14-20-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7858
Сәлеметсізбе мен былтыр мамыр айында шәкіртақыдан құлаған едім сосын желтоқсан айында қайтадан ілінген болатынмын,енді барып бухгалтериядан сұрасам қаңтар айының шәкіртақысын алмайсыз тек ақпан айынан бастап аласыз деп жатыр,былтыр мен сяқты балдыр қайтадан ілініп алып жүрген едіғой.мазалағаным үшін кешірім сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия тағайындау ережелеріне сәйкес қысқы семестрге арналған стипендия тек ақпан айынан бастап тағайындалады.

28-02-2024 11-16-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Кушкумбаева Айзада

Сұрақ № 7855
Сәлеметсіз бе! Біздің университетте осы жылы немесе келесі жылы ректор атынан грант бөлінеді ме?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университеттің ішкі гранты жоқ. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,291-71-06. Рахмет!

27-02-2024 19-16-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7854
Сәлеметсізбе, шет ел стуленттері немесе Қазақстанда тұрып жатқан қандастар қай жерден медициналық көмек ала алады? Қай жерде тексерідіп, дене шынықтыру сабағына денсаулығына байланысты қатыса алмайтыны жайлы справка алуға болады. Жатақхананың мед.пунктінен сұрадық, нақты қай жерге бару керектігін түсіндіре алмады, білмейді екен, сондықтан осы жерге жазып отырмын. Қай жерге бару керектігін нақты айтсаңыздар.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ықтиярхаты жоқ шетелдіктер – медициналық көмекті ақылы түрде (кез келген медициналық мекемеде), ерікті медициналық  сақтандыру (ЕМС) немесе медициналық / туристік сақтандыру полисінің сақтандыру өтемі шеңберінде алады. Дене шынықтыру сабағына денсаулығына байланысты қатыспау туралы ВКК анықтаманы ақылы алады.
 
Ал, қандастар, ықтиярхаты бар шетелдіктер – медициналық мекемеге тіркеліп, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек ала алады. Университет студенттері №1 қалалық емханаға немесе «A-Clinic» медициналық орталығына тіркеліп, медициналық көмекке жүгіне алады.
 
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Төле би, 35 мекенжайында орналасқан Денсаулық сақтау пунктінен алсаңыз болады.
27-02-2024 19-06-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7852
Сәлеметсізбе ректор мырза!Маған қаңтар айының шәкіртақысы әлі күнге дейін түспеді бұл жөнінде кімге шықсам болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 27 ақпан күні студенттердің есеп шотына жолданды. Рақмет!

27-02-2024 15-05-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7851
Бүгін 27-ақпан! Стипендия әлі жоқ. Стипендия қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия студенттердің есеп шотына жолданды. Егер стипендия алмаған болсаңыз, институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рақмет!

27-02-2024 13-49-23   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7849
Қайырлы күн! Қандай себеппен ақпан айының шәкіртақысы кешіктірілп жатыр? Шәкіртақы әр айдың 25ші жұлдызына дейін түсіп болуы тиіс еді. Осы жолы ай біткелі отыр, сонда шәкіртақыны наурыз айында түсіргелі отырсыздар ма? Бұл барып тұрған бассыздық және студент тарапына мазақ ретінде көріп тұрмын. Қаншама студенттер жалдамалы пәтерлерінің айлық ақшасын немесе коммуналдық счетты осы шәкіртақыға сеніп төлейді. Ал бухгалтерия бөлімі бізге әр түрлі жауаптар айтып, басты ауыртып қойды. Студенттерді екі ойлы қылмай нақты бір датада және уақытта, кешіктірілмей шәкіртақы түсуін талап етеміз.
Жауап:

Құрметті студент! Стипендия әр айдың соңына дейін міндетті түрде беріледі. Шыдамдылық танытып, сәл күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-37-54. Рақмет!

26-02-2024 13-36-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7847
Саламатсыз ба? Ақпан айының шәкіртақысы қашан түседі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 27 ақпанға дейін беріледі. Рақмет! 

 
24-02-2024 15-41-50   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Айбек Лесов

Сұрақ № 7844
Ассалому алейкум, Ағай! Мен Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан - әкемін. Үлкен қызым Сіздің басшылығыңыздағы Университеттің 2 курс студенті, ақылыда жақсы бағаларға оқып келеді.
Бұл оқу жылында екінші қызым Ташкенттегі мектептің орыс сыныпын үздік аяқтап, Сіздегі «Орыс тілі мен әдебиеті» бағытына тапсырмақшы.
Грантқа қабылдануы үшін қай уақытта қандай шаралар жасауы керек?
Егер екеуі де ақылыда оқитын болса, жеңілдіктер қарастырыла ма?
Мәлімет үшін: ұлтымыз қазақ, көпбалалы жанұямыз.
Кеңесіңіз үшін Рақмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының сайтынан білуге болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рақмет!

23-02-2024 14-03-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7842
Саламатсызба! Жаңа ректор ауысқалы шәкірақы уақытылы түспей жатыр, бұл сұрақты миллион рет жазып сұрап отырмыз неге жауап қатпайсыздар? Ақпан айының шәкіртақысы неліктен әлі күнге дейін түспеді?
Жауап:

Құрметті студент! Білім беру грант орындарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратындықтан, білім алушыларға стипендия «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Стипендия әр айдың соңына дейін студенттердің жеке шоттарына жіберіледі. Рақмет!

21-02-2024 14-17-09   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7838
Сәлеметсізбе, ақпан айының стипендиясы қашан түседі? Неге осы жылы стипендиялар кешігіп жатыр? Дорожный барлық студент және магистранттарға беріледі деп естідік сол рас па?
Жауап:

Құрметті студент! Білім беру грант орындарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратындықтан, білім алушыларға стипендия «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Стипендия әр айдың соңына дейін студенттердің жеке шоттарына жіберіледі. Жол жүру төлемақысы бойынша ақпаратты директорат қызметкерлерінен біле аласыз. Рақмет!

21-02-2024 14-12-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7837
Сәлеметсізбе, ақпан айының стипендиясы қашан түседі? Неге осы жылы кешігіп түсіп жатыр?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия ақпан айының соңына дейін міндетті түрде  беріледі. Түсіністік танытып, күтулеріңізді сұраймыз. Рақмет!

 

20-02-2024 23-45-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7836
Cәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы иегерлерінің тізімі қашан шығады? Алдын ала рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта Президенттік шәкіртақыға үміткерлер ретінде оқу орнымыздың оқу үлгерімі «өте жақсы»  3-4 курс  студенттерінің саны анықталып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданды. Президенттік шәкіртақы бойынша бюджет бекітілгеннен кейін шәкіртақы иегерлерін анықтауға арналған конкурс туралы ақпарат «Univer» жүйесіне жарияланады. Конкурс бойынша толық ақпаратты институт директоратынан білсеңіз болады. Рақмет!

10-02-2024 11-42-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Гүлбақыт

Сұрақ № 7813
Бізге Ежелгі және Хандық дәуір әдебиеті пәніне Сатемирова Дариға Амантайқызы сабақ береді. Бүгін бізде онлайн СРПС болды. Студентке деген бір грамм да құрметсіздік танытып, сөзімді соңына дейін аяқтатқызбай айқайлап жіберді, топ болып қорғататын өзі, тобымыздың уақыты бітсе де айтар сөзімді соңына дейін айтқызбағаны өте жаман. Әр семинар сайын жасап, еңбектеніп келген слайдымыздың тек басын көреді де, арғы бетін мүлдем тындамайды. Еңбегімізге атүсті қарап айқайлайды. Сабақ уақытында үнемі семинарда жиналыста болады немесе осылай айқаймен өткізеді. Лекцияда да тек қана пайдаланылған әдебиеттен басқа ешнәрсе де бермейді. Түсіндірмейді білім бермейді, тек қана талап етуді біледі. Құрметтемейді, сыйластық жоқ.
Білімді мықты мұғалім дегенмен де сабағына әрдайым кірген сайын стресс алып шығамыз және де ештеңе де үйренбейміз, ТЕК ҚАНА ҚОРҚЫНЫШ, білім тәрбие ешқашан да қаттылықпен айқаймен келмейтінін түсінсе екен деймін. СТУДЕНТ БОЛҒАНЫМЫЗБЕН ДЕ ҚҰРМЕТ БОЛУЫ КЕРЕК. Жылатуға дейін әкелді, мүлдем сыйламады. Біз, студенттер, неге қоғамның ең әлсіз өкілдері болуымыз керек. Ол кісілер осы үшін еңбегінің ақысын алады, бізге барлық негативпен барлық уын шашып, өміріміізді тозаққа айналдырып жатыр.
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша институт басшылығына жағдайды анықтау үшін оқытушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Біз оқу орнымыздың профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын бірдей бағалайтынымызды атап өткіміз келеді. Сондықтан оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет, сыйластық пен түсіністік қарым-қатынас болуы маңызды. Бұндай қарым-қатынас университет ұжымының рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Рақмет!

10-02-2024 11-40-42   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7812
Бізге Ежелгі және Хандық дәуір әдебиеті пәніне Сатемирова Дариға Амантайқызы сабақ береді. Бүгін бізде онлайн СРПС болды. Студентке деген бір грамм да құрметсіздік танытып, сөзімді соңына дейін аяқтатқызбай айқайлап жіберді, топ болып қорғататын өзі, тобымыздың уақыты бітсе де айтар сөзімді соңына дейін айтқызбағаны өте жаман. Әр семинар сайын жасап, еңбектеніп келген слайдымыздың тек басын көреді де, арғы бетін мүлдем тындамайды. Еңбегімізге атүсті қарап айқайлайды. Сабақ уақытында үнемі семинарда жиналыста болады немесе осылай айқаймен өткізеді. Лекцияда да тек қана пайдаланылған әдебиеттен басқа ешнәрсе де бермейді. Түсіндірмейді білім бермейді, тек қана талап етуді біледі. Құрметтемейді, сыйластық жоқ.
Білімді мықты мұғалім дегенмен де сабағына әрдайым кірген сайын стресс алып шығамыз және де ештеңе де үйренбейміз, ТЕК ҚАНА ҚОРҚЫНЫШ, білім тәрбие ешқашан да қаттылықпен айқаймен келмейтінін түсінсе екен деймін. СТУДЕНТ БОЛҒАНЫМЫЗБЕН ДЕ ҚҰРМЕТ БОЛУЫ КЕРЕК. Жылатуға дейін әкелді, мүлдем сыйламады. Біз, студенттер, неге қоғамның ең әлсіз өкілдері болуымыз керек. Ол кісілер осы үшін еңбегінің ақысын алады, бізге барлық негативпен барлық уын шашып, өміріміізді тозаққа айналдырып жатыр.
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша институт басшылығына жағдайды анықтау мақсатында оқытушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Оқу орнымыз профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды бірдей бағалайтынын атап өткіміз келеді. Сондықтан оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет, сыйластық пен түсіністік қарым-қатынас болуы маңызды. Бұндай қарым-қатынас университет ұжымының рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Рақмет!

08-02-2024 23-39-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7810
Студенттермен универ қызметкерлерінің қарым-қатынас өте төмен деңгейде. Сабаққа аудиторияларға кіргенде киіммен кірмеңіздер дейді де, ал гардеробтағы тәте итекетка(фирма жазылатын немесе сол сырт киімнің размері жазылатын) ілмейміз деп оның үстіне “жарайды”деп жауап берсеңде барлық негативін шашады. Не жарайды деп аузына келген сөзін айтады. Жалпы Жгидегі қызметкерлердің студенттермен адекватно сөйлесе алмаса мүлдем қарым-қатынас,коммуникацияға түспеңіздер деп бір ауыз ескертсеңіздер екен. Кітапханашы апайдан бастап гардеробшы тәтеге(кіргеннен шыққанға дейін) қаншама негативты студенттер жұтып үйлеріне,жұмыстарына барады. Онсызда оңай емес студенттерге, күн демей түн демей оқиды,жұмыс жасайды, ақша табады. Қала берді курс тренингтерден де өтіп отырады, заман талабы. Сондықтан құрметті ректор мырза үлкен өтініш ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРМЕН БЕЙРЕСМИ, БЕЙӘДЕП СӨЙЛЕУЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕСЕҢІЗДЕР ЕКЕН❗️❗️❗️ мектеп кезден ақ қызметкерлер оқушыларға артық ауыз сөйлемейтін. Өздері қаншама жерден оқысам білім алсам деп келген жан-жақтың студенттері үшін бөтен адамнан сөз есту(нақақтан нақақ) өте қиын. Морально психологиялық тұрғыда іштей энергияны алады…түсіністікпен қарасаңыздар екен….
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

06-02-2024 21-05-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7807
Сәлеметсізбе, қазіргі уақытта басқа вузға ауысуға боладыма? Мен 1 курс студентімін, филология факультетінің екі шет тілі мамандығында оқимын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru.

06-02-2024 15-14-04   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 7806
Саламатсызба ректор мырза!Маған қаңтар айының степендиясы түспеді осы мәселе бойынша кімге шықсам болады?
Жауап:

Құрметті студент! Хатыңыздағы жағдайды нақтылау үшін жауапты тұлғаларға стипендия туралы мәліметтерді тексеру тапсырылды. Берілген ақпаратқа сәйкес, қаңтар айындағы стипендия Сіздің банктік шотыңызға аударылған.

Барлығы: 4029

1 2  3  4  5  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Наурыз, 2024
3
Ақпан, 2024
19
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений