22-11-2023 17-01-26
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7529 Қайырлы күн!Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы!Мен 2-курс студенті боламын!Бізге философия сабағы болуда.Философиядан беретін оқытушыға,яғни,Джанкадыров Сейфолла Сейтаевчике наразылығымыз бар.Өзі денсаулығына байланысты біраз сабақтарды өткізіп алды,бізге басқа оқытушылар алмастырып сабақ берген болатын.Бірақ қазанның басында бір-рет дәріс өткізді.Сол кезден бері студенттерге дұрыс қарайласпайтынын байқадық.Мен сабаққа қатысты сұрақ қойсам,маған “құлағыңды жауып отырсаң әрине естілмейді,құлағыңды ашып отырмайсың ба?деп жауап берді.Оның үстінде дәрісін өзімізге іздетіп жазуды сұрайды.Енді бізге философиядан сөздік дәптерге 300 сөз(анықтамасымен), дәріс 2 беттен кем болмауын сұрады.Ал аралық бақылауға соөж жұмыстарын реферат түрінде қорғауға берді.Әр тақырып 4 беттен кем болмауын өтінді және бұны бізге уақытынан кеш айтылды!Аралық бақылаудың басталуына 2ақ апта қалды.1-ші сабақтан бергі тапсырмаларды енді талап етуде.Біз өз өтінішімізді айтып едік,”осылай жасамасаңдар 50 балл қойып рк жаба саламын!” деп айтқан болатын.”Егерде сессияға дейін менің менің тапсырмаларымды орындамасаңдар,сессияға дейін сендерді жүгіртіп қоямын”деп тіл қатқан болатын.Осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізілгенін қалаймыз!Рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды. Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша оқытушы С.С. Джанкадыровпен және кафедра басшылығымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Рақмет!
22-11-2023 16-58-28
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7528 Қайырлы күн!Құрметті Тілеп Болат Анапияұлы!Мен 2-курс студенті боламын!Бізге философия сабағы болуда.Философиядан беретін оқытушыға,яғни,Джанкадыров Сейфолла Сейтаевчике наразылығымыз бар.Өзі денсаулығына байланысты біраз сабақтарды өткізіп алды,бізге басқа оқытушылар алмастырып сабақ берген болатын.Бірақ қазанның басында бір-рет дәріс өткізді.Сол кезден бері студенттерге дұрыс қарайласпайтынын байқадық.Мен сабаққа қатысты сұрақ қойсам,маған “құлағыңды жауып отырсаң әрине естілмейді,құлағыңды ашып отырмайсың ба?деп жауап берді.Оның үстіне біздің кейбір студенттер кешігіп келіп еді,”сіздердің қыздарыңыз мені ренжітіп қойды,өздері кешігіп деген еді”.Оның үстінде дәрісін өзімізге іздетіп жазуды сұрайды.Енді бізге философиядан сөздік дәптерге 300 сөз(анықтамасымен), дәріс 2 беттен кем болмауын сұрады.Ал аралық бақылауға соөж жұмыстарын реферат түрінде қорғауға берді.Әр тақырып 4 беттен кем болмауын өтінді.Біз өз өтінішімізді айтып едік,”осылай жасамасаңдар 50 балл қойып рк жаба саламын!” деп айтқан болатын.Осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізілгенін қалаймыз!Рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды. Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша оқытушы С.С. Джанкадыровпен және кафедра басшылығымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Рақмет!
22-11-2023 16-46-23
От студента
Автор вопроса: Елдарқызы Аяулым Вопрос № 7526 Сәлеметсізбе құрметті Тілеп Болат Анапияұлы! Біздің сізге тобымызбен өтінішіміз бар
Бізге философиядан Жанқадыров Сейфолла ағайдың қойған талаптарына қарсымыз!
Себебі осы семестрда денсаулығына байланысты 2 ші рет қана семинардан сабақ берді, және бізге осы уақытқа дейін айтылмаған тапсырмаларды аз уақыт арасында орындауды талап етіп отыр. Және тым дөрекі сөйлейді
Осы мәселені шешуіңізді сұраймыз
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды. Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша оқытушы С.С. Джанкадыровпен және кафедра басшылығымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Рақмет!
20-11-2023 12-01-59
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7451 ректор мырза баска универлер онлайнға шығып жатыр, біздіде онлайнға жіберуіңізді сұраймыз.
себебі қазір жатақханада аурулар көбейіп жатыр.
Ответ:
Құрметті студент! Университеттің 2023/2024 оқу жылына бекітілген Академиялық күнтізбесінде көрсетілген жоспармен жұмыс жасалынады.
20-11-2023 11-04-50
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7450 Саламатсызба сізге қояр сұрағым. Неге басқа универлердің студенттері онлайнға шығып бізді шығармай жатсыздар. Биылда алдыңғы жылғы секілді вирустар келіп жатыр. Мысалға мен жатақханада тұрам жатақханада балдар температурамен тамак ауруымен ауырп жатр. Кунде скорыйлар сағаттап келед. 2 3 кун болды менде ауырп калдм бірақ барынша алдн алуға ұмтылып жатырмын. Осы менің жазғанымды ескере отырып жауап берсеңіздер.
Ответ:
Құрметті студент! Оқу үрдісі университеттің 2023/2024 оқу жылына бекітілген Академиялық күнтізбесінде көрсетілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма беріліп, университетке қарасты медициналық қызметкерлер тиісті жұмыстар жүргізуде.
19-11-2023 00-42-09
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7449 Сәлеметсіз бе! Мен 4 курс студентімін. Менде GPA 3,58
1 ғана “С” деңгейіндегі баға түсіп қалған еді.
Қызыл диплом алуға мүмкіндік бар ма ?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
13-11-2023 12-40-15
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7434 Сәлеметсіз бе 3курс химия биология мамандығында сессия 6 пәннен де жазбаша болып тұр,біз физикалық тұрғыдан мүлдем үлгермейміз әр пәннен 40сұраққа жауап жазуға 1аптаның ішінде.Сондықтан химия және биология оқыту методикасын тест түріне ауыстыруыңызды сұраймын.Біз үлгере алмаймыз.Назар аударсаңыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарында білім алушылар 3 курста кәсіби пәндер циклін оқиды, сол пәндер бойынша емтихан қабылдау түрі жазбаша практикалық немесе жазбаша жоба формасында ұйымдастырылуы орынды деп есептеледі. «Химия-биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қысқы сессияда «Биологиялық активті заттар химиясы», «Органикалық химия-1», «Адам және жануарлар физиологиясы», «Биологияны оқыту әдістемесі», «Химияны оқыту әдістемесі», «Шет тілі», «Инклюзивті білім» пәндерінен емтихан тапсырады.
Университеттің Ғылыми кеңісінің шешімі бойынша қысқы сессияның бақылау түрлері пайыздық үлес бойынша тек жалпы білім беру пәндер тест түрінде ғана қамтылады, сол себептен тек «Инклюзивті білім» жалпы білім беру пән – тест түрінде, «Шет тілі» пәнін ауызша емтихан тапсырады. Кәсіби пәндер циклындағы «Биологиялық активті заттар химиясы», «Органикалық химия-1», «Адам және жануарлар физиологиясы», «Биологияны оқыту әдістемесі», «Химияны оқыту әдістемесі» пәндердің оқу нәтижелерін жазбаша практикалық және жазбаша жобалық емтихан түрінде бағалау білім алушылардың болашақ мұғалім мамандығы үшін әдістемелік негіз болатын пәндер бойынша білімді, іскерлікті және құзыреттілікті меңгеру дәрежесін анықтауға бағытталған.
10-11-2023 14-41-40
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7433 Сәлеметсіз бе! Мен басқа ЖОО - ның 2 інші курс студенті едім. Мен ЖОО ауыстырғым келеді. Сол жайлы ақпарат бере аласыздар ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Білім алушылардың бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы өтініштері жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін қарастырылады.
Білім алушыны басқа ЖОО ауыстыру рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы университет ректорының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны ауысқысы келетін ЖОО-ның басшысына жүгінеді;
2) университет ректоры жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салуды және білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесін алғаннан кейін "(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жібереді.
Жоғары оқу орнында транскрипттің көшірмесі немесе сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады.
06-11-2023 14-49-01
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7429 Сәлеметсізбе, біз ЖГИ 4 курс химия-биология мамандығы, бізге сабақтардың барлығы ауызша емтихан болады деп жатыр, бейіндік пәндеріміз жақсы ауызша болсын, бірақ басқа пәндерді тест болғанын сұраймыз, себебі бізде 3 күн практика мектепте, 3 күн университетте сабақ, дипломдық жұмысымызға өзі уақыт таба алмай жүрміз, біз қай уақытта мектепте ашық сабаққа дайындаламыз, не университет сабағын оқимыз білмей жатырмыз, сонымен қоса бүкіл КазНПУ да тек біздің факультетте дипломдық жоба емес, дипломдық жұмыс, мұрнымызға суу жетпей жүргенде барлық пәнді ауызша тапсырғанға біздің физикалық және моральды тұрғыда қиын! сондықтан бізге бейіндік емес пәндерді тест қылуын өтінеміз!
01-11-2023 17-51-38
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7424 Сәлеметсіз бе, құрметті Ректор! Мен 1 курс студенті едім. “Қазақстан халқына қоры”-ның шешімі бойынша грант иеленіп отырмын. Универ жүйесінде де, “Қазақстан халқына қоры” парақшасында да бұл грант шәкіртақы төленетін грант деп жазылған. Алайда бухгалтерияда бұл грант түріне шәкіртақы бөлінбеген деп, мені қайтарып жіберді. Не себепті шәкіртақы төленуінен бас тартқаны жайлы жауап алайын деп едім!
Ответ:
Құрметті студент! Абай университеті мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасындағы екі жақты келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Университет тарапынан жіберілген келісім-шарт қоғамдық қор тарапынан бірнеше рет қайтарылды. Соған байланысты шәкіртақы кешігуде.
27-10-2023 11-16-07
От студента
Автор вопроса: Мустафанов Нәрік Серикович Вопрос № 7419 Уважаемый Болат Анапияұлы!
Мы, студенты 2-курса специальности "Физическая культура и спорта". На сегодняшний день расписание меняется уже девятый раз. До сих пор нет утвержденного расписания. В каждом новом расписании, то онлайн, то оффлайн, один беспредел... Мы учимся на дневном очном отделении, но в расписании ставят онлайн в вечернее время, почему такое безалаберное отношение к студентам???. Мы настаиваем? чтобы все наши занятия были оффлайн, то есть мы хотим обучатся в корпусе. Также хотим отметить, чтобы уже наконец-то нам директорат представил окончательное утвержденное расписание соответствующее дневному отделению. И хотелось бы отметить, не компетентность и грубость со стороны заместителя директора по учебной работе Сейтбековой Каримы Жайсанбековны. Карима Жайсанбековна постоянно кричит, орет, грубит, вечно ей некогда, все,что не спросишь, она ничего незнает. Тогда для чего такой человек работает в директорате?
Ответ:
Здравствуйте! В Институте искусств, культуры и спорта в 2023/2024 учебном году в соответствии с утвержденными правилами университета с 4 по 16 сентября 2023 года все студенты 2-3 курсов прошли дистанционное (онлайн) обучение. Только с 18 сентября 2023 года они перешли на традиционный (офлайн) формат.
В связи с задержкой проведения ремонтных работ в учебном корпусе им. М.Ауэзова кафедры начальной военной подготовки и физической культуры и спорта занятия переведены в учебный корпус №8 (пр. Абая, 56 Б). В сентябре т.г. в расписании занятий вышеназванных кафедр не возникло никаких вопросов по аудиторному фонду. Так как расписание занятий размещено на 3 этаже учебного корпуса №8, аудиторный фонд был достаточным.
Со 2 октября 2023 года в связи с полным завершением ремонта в данном учебном корпусе восстановлена работа кафедры начальной военной подготовки и физической культуры и спорта. В связи с этим было изменено расписание занятий.
26-10-2023 14-52-59
От студента
Автор вопроса: Әбдіжаппар Әлішер Аидарбекұлы Вопрос № 7418 Құрметті Болат Анапияұлы!
Біз «ӨМСИ» институтының студенттеріміз, мамандығымыз «Дене шынықтыру және спорт», жаңа 2023-2024 оқу жылы басталғалы бері сабақ кестесі тоғыз мәрте өзгерді, біресе онлайн, біресе офлайн, біресе қорпустан корпусқа жүгірту, біресе «Абай-56»-да оқытып, содан кейін алады да «Спартак»-қа қайтадан қайтарады.
«М.Әуезов оқу ғимараты» деп аталатын Спартакқа осымен төртінші апта болды қайтқанымызға, оның өзінде сабақ кестесі бес мәрте өзгерді, ал соңғы 22.10.2023ж. - сабақ кестесінде кейбір онлайн болған сабақтар «аяқасты» офлайн болып кетті, ал офлайн болған сабақтар – онлайнға өзгеріп кетті, олай істесе, басынан бастап істемей ме жөні бар сабақ кестесін? Ұзын сөздің қысқасы қазіргі сабақ кестесі – сұмдық быт-шыт, апта сайын өзгергеннің өзінде де быт-шыт («Спартактан-М.Әуезов оқу ғимаратынан» «Трибунаның астына – Әскери кафедраға» жібереді, сосын 10 минуттың ішінде «Худграф-№2 оқу ғимараты» корпусына жүгіру керек, арасында онлайн сабақтар да бар, әйтеуір «бізді доп сияқты ары-бері лақтырып»).
Карима Сейтбекова сабақ кестесін жасаған кезде неге ақылмен реттемеген, бір сөзбен айтқанда «ойына келгенін істеді». Осы ӨМСИ басшылары сабақ кестесін құрастырған кезде тек өз қамдарын ойлаған-ау шамасы, әлде сауатсыз адам құрастырған ба, неге осы бір тараптан қана ойлайды, неге екі тарапты да ойламайды, яғни біздерді – студенттерді неге ойламайды??? Нақтылап айтсақ, онлайн сабақтар кешкі сағат кешкі жеті-сегізге дейін, сабақ кестесінде офлайн сабақтардың арасында «ашық-окно» бар, бір емес, екі сағаттық окно, одан басқа корпустан корпусқа жүгіру және тағысын тағы. Алда қыс мезгілі келе жатыр, суық, аяз басталады, біз сонда бірнеше сағат окно кезінде далада жүруіміз керек пе? Оған қоса, «Спартак-М.Әуезов оқу ғимаратының» іші тар, баспалдағынан бастап, дәліздеріне шейін тар, анау баспалдақпен жоғары-төмен көтерілудің өзі - бір азап, дәретхана болса, ғимараттың ішінде емес – сыртта, далада орналасқан, «қорашық» сияқты, оған барып-қайтудың өзі 10-15 минут уақытыңды алады.
Аллаға шүкір, пандемия бітті, қазір бәрі офлайн. Әлем бойынша офлайн, бірақ Карима Сейтбекова алады да, қайтадан «онлайн» деген пәлені шығарып алған. Біз күндізгі бөлімде оқимыз, бізге офлайн түрде, корпусқа келіп, білім алу керек (сабақ кестесін бастан-аяқ реттеп өзгерткен жөн). Онлайннан әбден шаршадық!!.
Соңғы кездері жатақхана жетіспейді деп бәрі жар салады, әрине, бұл өзекті мәселе, дегенмен одан бұрын ен маңызды мәселелердің бірі - оқу аудиторияларының жетіспеушілігі, бұл үрдіс жылдан жылға өзектенуде, әсіресе, «ӨМСИ» институтында. Біздерді футбол алаңындағы «былғары доп» іспеттес - корпустан корпусқа ары-бері жүгірту, осы «ӨМСИ» институтының басшыларына ұнайды-ау, шамасы. Әсіресе, алыс орналасқан «Худграф-№2 оқу корпусына» он минуттың ішінде жүгіру – өте қауіпті, сонымен қатар, сабақтардың арасындағы екі сағаттық окно кезінде далада жүру - біз үшін, денсаулығымызға және сапалы білім алуға айтарлықтай кері әсерін тигізеді.
«ӨМСИ» институтының директоры Тайыржан Искаков: «сабақ кестесін реттеймін, өзім барлық жағдайды ретке келтіремін», - деп, уәде айтқан болатын. Бірақ, әлі сол қалпы – сабақ кестесі түкте өзгермеді, керісінше былықтырып жіберді. Адам айтса, сөзінде тұру керек қой, оның үстіне, жәй бір көшедегі адам емес, институттың директоры айтты, онда «неге айтқан сөзінде тұрмайды?». Байқағанымыз, «ӨМСИ» басшыларында «жәй, айта салу» әдетке айналып кетті.
Карима Сейтбекова болса - ұдайы қабағынан қар жауып, дөрекі айқайлап, зекіп сөйлейді, студенттерді адам ғұрлы санамайды, мәдениеттен жұрдай екен; сабақ кестесіне қатысты немесе жалпы сабаққа байланысты қандай да сұрақ қойсаң да «білмеймін», - деп, жауап береді, құзіретсіз деп баса айта аламыз.
Қол астында осындай мәдениетсіз, әрі құзіретсіз орынбасарларының жұмыс істеп жатқанын біле тұра, айтқан сөзінде тұрмаса, бізге жағдай жасай алмаса, оқу жылының басында дайын болатын жөнді сабақ кестесін әлі күнге дейін реттей алмаса, неғып институттың директоры болып отыр.
Тоғыз мәрте өзгертілген сабақ кестесін қайтадан жөнімен реттесін, үш корпустан корпусқа жүгіруге және онлайнға қарсымыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз назарға алынды.
17-10-2023 20-02-18
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7411 Здравствуйте! Я обучаюсь в институте физики, математики и информатики на русском отделении. В нашем корпусе не хватает аудиторий. Поскольку в моей группе обучаются всего 7 студентов, нам приходится учиться в маленьких аудиториях. Но проблема заключается не в этом. По одной из дисциплин мы учимся в методическом кабинете преподавателей. Это доставляет некоторые неудобства, как работающим в этом кабинете преподавателям, так и нам, студентам. Иногда, во время наших занятий, заведующая кафедры работает в этом кабинете, из-за чего нам приходится идти в более маленький кабинет, где есть только 2 рабочих стола и шкафы с книгами. В таких условиях невозможно учиться. Почему если нас меньшинство, мы должны учиться в неприспособленных для учебы местах? Неужели диспетчера не могут справиться со своей работой должным образом и составить качественное расписание.
Ответ:
Здравствуйте! Действительно, учитывая малочисленность студентов в группе, а также в виду нехватки учебных аудиторий, занятие проводилось в методическом кабинете, который был обеспечен методическими пособиями и интерактивной доской. Для удовлетворения запросов студентов проведено перемещение занятий в другую аудиторию на другой день недели. Об этом информированы студенты данной группы.
16-10-2023 16-09-45
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7394 Салеметсіз! Бакалаврларға гранд бөлінеме ноябрь айында
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының сайтынан білуге болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рақмет!
11-10-2023 18-44-32
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7392 Сәлеметсіз бе, құрметті Ректор мырза!
Менің 2 рет көңіл қалуым. Президеттік шәкіртақы үміткерлерін тағайындалып, бұйрық шыққаннан кейін бірақ естідік. 3,81 gpa баллмен 2-ші мәрте ілікпей отырмын. Кешіріңіздер сонда бұл, кімнің қарамағындағы мәселе? Үміткерлерді қайдан алып отыр? Gpa баллдары менен төмен студенттер иегер болып отыр. Бұл қалай сонда? Тек таныстары, ақшалары барлар ғана түседі ме? Студенттік бөлімге хабарласып, неге ілікпедім деген сұраққа, соңғы студент gpa баллы 3,76 алтын белгі иегері, квотасы бар деп түсті дейді. Алтын белгі жарайды оқуға түскенінде жеңілдік болар, бірақ қазір емес қой! Неге тек танысы бар адамдар ғана түседі де, біздер, қарапайым студенттер іліге алмаймыз? Біреуіне хабарлассаң, басқаның номерін береді, оған хабарлассаң, басқаның номерін жібереді. Әрі-бері жүруіміз керек пе сонда? Нақты ақпаратты Жоғары білім және Ғылым министрлігінен толық біле аламыз ба?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нарбекова Бану Мұқатайқызының қабылдауына жазылып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс телефоны: +7 (727) 293-81-53.
10-10-2023 15-14-56
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7389 Қайырлы күн!Мен 4 курс студенті едім.Осы сонғы жыл болған соң диплом жайлы сұрайын деп едім.Менде барлық сабақтар 5 ,gpa 3,70,бірақ менде 2 ші курста онлайн сессия кезінде лексикология пәнінен песдача болды техникалық ақаумен,(69 балл жинадым 1 балл жетпей қалды)қайта тапсырғанымда 93 балл болды.Повышкада оқып жүрген студент едім,мен қызыл диплом ала аламын ба?1 балл әсер етпейді ма?Гос барлығы 5 болып тұр.Назарларыңызға рахмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағаларымен қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз. Сауалыңыз үшін рақмет!
10-10-2023 00-27-46
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7386 Құрметті ректор біз 1-оқу ғимаратында оқитын студенттер біз оқитын ғимаратқа наразылық білдіргіміз келеді екі жылдан бері бітпейтін ремонт жұмыстары бізді қажытып жіберді.Былтыр көп сабақтарымыз онлайн болды одан қала берді корпустан корпусқа көшіп шаршадық биыл енді адам сияқты оқимыз ба деп келсек әлі бітпеген ремонт біздің білім алуымызға қатты кедергісін келтіріп жатыр корпустың іші көк шаң аудиториялар постоянно занято болып тұрады оның үстіне лифт үнемі жұмыс жасамайды деп айтса болады.Біз білім алу үшін емес осы ғимараттың ремонтының қашан бітетінін көру үшін келетін сияқтымыз.Осы ремонт жұмыстарын неге жаз айларында жүргізбейсіздер шаң тозаңнан кейбір студенттер аллергия астыма тағысын тағы аурулар жамап алды.Әр жерде шашылып жатқан құрлыс материалдары ауыстырған ескі терезелер ескі шкафтар сүйеніп тұрған бұның барлығы қауіпсіздік тудырады деп ойламайсыздар ма біздің әке-шешелеріміз бұл жағдайдан бейхабар арамызда платный оқитын да студенттер бар бізде сонда қандай білім ертең диплом алып мамандық алып шықтық дегенде біз мектепке және т.б.жерлерге жұмысқа тұрсақ оқушыларға не үйретеміз не білім береміз?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рақмет!
06-10-2023 14-24-23
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7385 Хочу поздравить с днём учителя педагога казахского языка - Османову Зейнеп Жалалиевну! Дорогая Зейнеп Жалалиевна,хочу пожелать Вам здоровья, счастья, благодарных учеников, терпения и сил! Мне довелось быть Вашей студенткой всего 2 месяца, но я успела понять, что Вы - настоящий профессионал!Вы одна из немногих педагогов, которых я запомню на всю жизнь. Спасибо за оптимистичный настрой на парах и профессионализм! Я уже не учусь в КазНПУ, но Вы оставили самое приятное впечатление об университете. Спасибо за ваш труд и самоотдачу!
Ответ:
Здравствуйте! Благодарим за теплые слова в адрес наших преподавателей, в частности З.Ж.Османовой. Для настоящего педагога признание учеников — лучшая награда.
05-10-2023 11-55-02
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7384 Здравствуйте! Скажите пожалуйста когда выйдет приказ о питании ?
Ответ:
Здравствуйте! Вы можете уточнить свой вопрос для рассмотрения. Спасибо!
04-10-2023 20-46-39
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7383 Сәлеметсіз бе? Филология кафедрасында орыс тілін оқитын студенттерге “Екі диплом” жобасы бойынша Польшаға жіберетін еді. Бір жылға тізім жіберілген екен, соған қосымша көктемгі семестрге тізім жасалынады ма? Әлде сол күйі қалады ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және Польша елінің Слупск қаласындағы Помор университеті арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы 2017 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Жол жүру шығындары, жатын орны, білім алуы – барлығы үміткерлердің өз есебінен ақылы түрде жүргізіледі.
Егер ақылы түрде барам десеңіз, осы оқу жылының 2-ші семестрінен бастап баруға болады. Бірақ қосдипломды бағдарламамен диплом алу үшін оқу 1-2 курстан басталатындығын және серіктес оқу орнының талабы бойынша студенттер 3 семестр бойы оқуы қажет екенін ескертеміз. Рақмет!
Всего записей: 4046