Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 
 
С уважением,
председатель Правления — ректор
Дархан Билялов
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
26-02-2023 23-51-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6943
Сәлеметсіз бе. Қысқы жол ақысы(проездной 13 000) қашан түседі ? 24-қаңтар күні құжат өткіздік, бір айдан астам уақыт өтті. Әлі түспеді. Бухгалтерия телефон тұтқасын көтермейді. Жол ақысының қашан түсетінін білгім келеді
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру төлемақысы 24 ақпан күні жіберілді. Білім алушылардың жол жүру төлемақысын уақытылы төлеу институттардың уақытылы және дұрыс бұйрық дайындауына тікелей байланысты. Жол жүру өтемақысы жылына екі мәрте қысқы және жазғы демалыс кезінде, яғни маусым және ақпан айларында төленеді. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

26-02-2023 03-13-16   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6942
Саламатсыз ба
Қызыл диплом алу үшін үздік баға 75%, жақсы 25% болуы міндетті ме?
Ответ:

Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес, оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағалары бойынша үлгерімі А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
 
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
25-02-2023 12-29-40   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6941
Салеметсизбе! Менің қояр сұрағым 4 курста жүкті студенттерге немесе диплом уақытында ана атанатын студенттерге диплом барысында қандайда бір жеңілдік корсетіледіме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Абай университеті Академиялық саясатының «Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы» бөлімі бойынша 4 курста жүкті студенттерге немесе диплом уақытында ана атанатын студенттерге төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған:

325. ЖОО бакалавриатының білім алушыларын қорытынды аттестаттау МЖМБС белгіленген нысандар бойынша, Академиялық күнтізбе мен білім беру бағдарламаларында көзделген өткізу ұзақтығы мен мерзімдері бойынша өткізіледі.
326. Бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі.

Сондай-ақ, білім алушылар дипломдық жұмыстың немесе жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:

- денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
- жүкті немесе 2 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші;
- сырттай оқу бөлімінің студенттері.
Бұл ретте білім алушы ректордың атына өтініш жазады және тиісті құжатты ұсынады.

25-02-2023 10-53-41   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6939
Сәлеметсіздер ме? Бұл проблема 2 ай болды жалғасып келе жатқанына, ФизМат зданиесінде,Төле би Сейфуллинада -гардеробқа келсен апай сырт киімді алмайды, каз 1 сағаттан кейін жабылады, өзіңмен алып жүр деп, кітапханаға келсен толған сырт киім-апайлар ұрсады неге астына ілмейсіңдер деп, казір сағат 10-49- гардероб киім қабылдамайды-себебі 1 сағаттан кейін кетем дейді, қалай дұрыс, кітапханадағы апайларға да ренжи алмайсын адам көөп,еще киіммен сыймайды. Талай 15:00 де келіп сырт киімімді алмай қойды гардеробтагы апай, көтерып зілдей киіммен кабинет кабинетке сабаққа жүгіріп жүреміз. каждый2-студенттен сұрасаныздар болады. Гардеробка 17:00 ге 2 сағат қалганда жолай алмайсын,хотя бос орын толып тұрады.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Математика, физика және информатика институтына қарасты №5 оқу ғимаратындағы гардеробта 306 орын бар. Бұл ғимаратта оқитын студенттер саны 3 000 шамасында болғандықтан, барлық студенттер киімі сыймайды. Қазіргі таңда гардеробты кеңейту мәселесі қолға алынып, киім ілгіштер сатып алынуда. Болашақта мәселе шешімін табатын болады. Гардероб қызметкерлерімен түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Рахмет!

24-02-2023 15-41-29   От абитуриента

Автор вопроса: Фариза

Вопрос № 6938
Саламатсыздар ма, 2009-2013 жылдар аралығында оқып кеткен студент едім. Жалпы оқу жылдарындағы нәтижелерімді сайттан қарай аламын ба, егер ондай мүмкіндкі болса, кай жерде көруге болады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің жалпы оқу жылдарындағы нәтижелеріңіз дипломның 3 тілдегі қосымшасында көрсетілген. Егер транскрипт қажет болса, университеттің «Шапағат» цифрлы студенттерге қызмет көрсету орталығына сұраныс жолдасаңыз болады.Тел:. 8 (727) 291-64-97. 

23-02-2023 20-30-47   От студента

Автор вопроса: Мураманова Мадина Даврановна

Вопрос № 6937
Здравствуйте. Хотелось бы написать комментарий по поводу одного из предметов, который вела Мадина Кабуловна - языковедение. Один из моих любимых предметов за мой первый курс. Ещё мне нравится то что Мадина Кабуловна, как преподаватель отвечает на вопросы и интересно объясняет темы. Я ценю то что в отличии от некоторых преподавателей она не читает материал с повер поинта. Мадина Кабуловна открыта к новым идеям и нестандартным подходам к проведению урока. Так же спасибо ей огромное за конкурс по языкознанию с другими группами!
Ответ:

Здравствуйте, Мадина! Благодарим за теплые слова в адрес наших преподавателей и высокую оценку их работы. Получать такие отзывы приятно любому руководителю. 

23-02-2023 13-39-15   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6936
Сәлеметсіз бе? Стипендия қашан түседі?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі. 

22-02-2023 17-59-57   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6935
Здравствуйте! По физкультуре со следующей недели начинаются президентские тесты. Нам сказали на группу купить по 3 скакалки. Почему студенты должны покупать инвентарь для занятий? Да и мячей всегда мало, когда студенты хотят поиграть в волейбол. Почему не обеспечивают корпус необходимым количеством инвентаря и оборудования для занятий?
Ответ:

Здравствуйте! Сообщаем, что кафедра физической культуры и спорта обслуживает студентов 1-2 курсов всех специальностей по дисциплине «Физическая культура», на занятиях присутствует от 400 до 1000 студентов.           
Кафедра обеспечивает спортивным инвентарем обучающихся на учебных занятиях, в том числе скакалками стандартного размера. Так как студенты имеют различные антропометрические данные (рост, вес и т.д.), кафедрой было рекомендовано, если есть, принести свои скакалки, чтобы им было комфортно и в срок сдавать требуемые нормативы.
22-02-2023 11-33-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6934
Сәлеметсіз бе, стипендия қашан түседі
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі. 

21-02-2023 16-34-13   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6932
Сәлеметсіздер ме! Біздің университет неге студенттердің жағдайына немқұрайлы қарайтын болған? Шәкіртақы мен жол ақысы қашан түседі? Бухгалтерия неге өз бұрынғы уақытымен түсірмейді? Бұрында 17-25 аралығында түсетін. Неге қазір олай емес?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия әр айдың соңында түседі. Университет тарапынан стипендия уақытылы берілуде. Жол ақысы бойынша талапқа сәйкес тиісті құжаттарды тапсырған болсаңыз, міндетті түрде беріледі. Рақмет!

21-02-2023 12-46-18   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6931
Дорожка кай банке түседі? Қай кезде түседі?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру өтемақысы Сіз стипендия алып жүрген картаңызға 24 ақпан күні жіберілді.

21-02-2023 11-37-42   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6930
Сәлеметсіз бе,ақпан айының стипендиясы нақты кай күні түседі және дорожный беріледі ме?рақмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру өтемақысы мен стипендия 25 ақпанға дейін жіберіледі. Рахмет!

20-02-2023 22-29-16   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6929
Салеметсиз бе. Акпан айынын степендиясы кашан туседы?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі. Рахмет!

20-02-2023 08-59-26   От студента

Автор вопроса: Мухтарова Мукарам Гуламовна

Вопрос № 6928
Здравствуйте!)
Хотела узнать, сколько предметов сдают на НКТ студенты, которые специализируются по двум предметам? Допустим, математики—физики будут сдавать два предмета, или один?
Ответ:

Здравствуйте! НКТ сдают по педагогике и методике обучения, по направлению (если математика-физика, то сдают по математике). Спасибо!

20-02-2023 02-45-40   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6927
Сәлеметсіз бе Ректор мырза!
Неге біздің стипендия кеш түсіріледі? Дорожка туралы айтпай-ақ қойсақ та болады. 2-3 айдан соң бір түсіреді. Бір билетті жинап, бухгалтерияға өткізу факультеттер үшін сондай үлкен жұмыс. Не үшін өз жұмыстарын жылдам әрі сапалы етіп істемейді?
Бухгалтерия неге қадағаламайды?
Универ студенттен оқу ақысын талап еткенде сонша асықтырады, ал өздеріне келгенде бәрі мүмкін. Осындай жүйе қаншалықты әділетті. Біз алдыңғыдай стипендияның ұзағымен 21-22 түскенін қалаймыз. Қысқы жол ақысының да тездетіп түсірілуін қалаймыз. Уже көктем келіп жатыр. Ал қыстық жолақы әлі жоқ.
Сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия әр айдың 25-27 күндеріне дейін кешіктірілмей беріледі. Жол ақысына келетін болсақ, институт басшылығына талапқа сәйкес құжаттарыңыздың түпнұсқасын тапсырған болсаңыз, міндетті түрде төленеді. Егер Сізде жол ақысы бойынша қосымша сұрақтар туындаса, институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рақмет!

19-02-2023 22-56-21   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6926
Сәлеметсіз бе! Мен 4 курс студентімін. Қазақстан тарихы пәнінен Гос. экзаменнен 86 (В+) (жалпы балл) болған еді.Мұндай жағдайда Қызыл диплом берілмейді ме? Басқа пәндер барлығы А, А- .
Ответ:

Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес, оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағалары бойынша үлгерімі А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
 
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
17-02-2023 20-03-16   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6924
Желтоқсан айында қысқы емтихан нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік грантқа өтініш жаздық. Ал грант жауабы әлі де шықпады. Былтырғы жылы қантардың 26-сы жауабы белгілі болған екен. 2 ай уақыт өтіп барады. Директораттан сұрасақ әлі жауап келмей жатыр дейді. Қай уақыттарда белгілі болады екен?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан босаған мемлекеттік грант иегерлері туралы бұйрық шыққаннан кейін барлық білім алушыларға хабарланады.

17-02-2023 17-57-57   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6923
Сәлеметсіз бе?Студенттеодің шәкіртақысы қашан түседі айта аласыз ба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 ақпанға дейін беріледі. 

17-02-2023 14-24-53   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6922
Құрметті Ректор мырза, 4-курс студентімін. Отбасылық жағдайға байланысты, оқу ақысын төлей алмай жатырмын.
Университеттен қандай көмек көрсетіле алады? және де оқу ақысын мамыр айында төлеуге рұқсат па? өтінішті кімге және қалай жазсам болады? Оқу ақысының 50% төленген, жарты ақшасын мамыр айында төлей аламыз.
Осы сұрағыма жауап берсеңіздер.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университет ректорының атына себептеріңізді көрсетіп немесе қажетті құжаттарды тіркеп, өтініш жазуыңызға болады.

17-02-2023 12-50-46   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6920
Здравствуйте. Когда поступит стипендия за февраль?
Ответ:

Здравствуйте! Стипендия будет выдана до 25 февраля т.г.

Всего записей: 3791

« перв. ... < пред. ...  3  4  5  6  7 8  9  10  11  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Июнь, 2023
5
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений