
15-02-2023 14-37-05

От студента
Автор вопроса: Студен ФИЛФАК Вопрос № 6919 Сәлеметсіз бе, Құрметті Дархан мырза! Біздің күнделікті көкейімізде тұрған сұрағымызбен бөліскіміз келеді, Сізге осы жерге жазып шықпасақ амалымыз жоқ. Сізді ғана шеше алады деп ойлаймыз. №6ГУК ғимараттағы асханадағы бағаларды қадағауларыңызды сұраймын, әр кімге әртүрлі бағада сатады. Кәзір барлық жерде баға қымбат, кәсіпкерлерді түсінеміз. Бірақ, қарапайым сүтті шәй - 200тг, қара шәй -150, ыстық суды 50, бір қасық сүт -50теңгеден сатты. Ыстық суды тегін берсе де боладығой. Америкада жүргендей болдық, оқуға келіп. Біздің әке-шешеміз алыста, ауылда тұрады. Көмектесетін мүмкіндік бола бермейді. 36мың стипендия тамаққа, жолға әрең жетіп отыр қалада. Жұмыс жасап, қосымша табыс табуға бос күн жоқ, 6 күн сабақ. Университеттің студенттерге арналған асханасының бағасы ресторандағыдай. Біз қалалық асханалардан шәйді 120 теңгеге аламыз, ал оқу орнынымызда 200. Сосын нан өнімдері қымбат кафелермен салыстырғанда. Неге бағаларын жазып қоймайды, ойларына келген бағада сата салады кассаға келгенде. Не зат қанша тұратынын білмейміз. Барлық корпус асханаларын қадағалап, бағаларын жазып қоюды, тым қатты баға көтермеуді қадағаласаңыздар. Жәй ғана шәй мен булочки алсаң да 600,700 тг болып кетеді. Мысалы бұл бағаға қағанат асханасынан таңғы ас ішуге болады.Студеттік асхана студенттер жалақысына сай болмай ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың асханасына қатысты бұған дейін жауап бергенбіз. Шағымыңызда аталған мәселелер назарға алынады. Сауалыңыз үшін рахмет!

14-02-2023 12-36-04

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6918 Қайырлы күн Ректор мырза ! Мен 4 курс студенті, Нкт-ны жүкті студенттер мен баласы кішкентай студенттер тапсырмаса екен! Біздің жағдайымыз түсінсеңіздер! сізге өтініш! Сол жайлы шешім қабылдасаңыз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыны жүктілігіне немесе бала күтіміне байланысты НКТ тапсырудан босату үшін емханадан медициналық тіркеуде тұрғаны туралы анықтамасы, ал бала күтіміне байланысты баланың туу туралы куәлігі болуы қажет. Студент өтініші мен қажетті құжаттарын институт басшылығына тапсырғаннан кейін ғана НКТ тапсырудан босатылады.

14-02-2023 00-11-08

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6917
Сәлеметсізбе құрметті ҚазҰПУ басқарма төрағасы ректор Д.Билялов
Біз №8 жатаханада тұратын студенттерміз. Қазір біз өзімізді ортақ үйімізде емес, түрмеде тұрып жатқан секілді сезініп жүрміз. Күзетшілер бізбен дөрекі сөйлеседі, студенттік іс-шараларға дайындалуға мүмкіндік бермейді. Бізге шығармашыл болашақ ұрпақ тәрбиелейтін педагог болыңдар деп айтады, ал көрсетіп отырған еркіндігінің түрі мынау.
Құрметті ҚазҰПУ басқарма төрағасы ректор Д. Билялов, сізден №8 жатаханадағы күзетшілік жүйені алып тастауды өтінеміз.
Біз татулығы жарасқан үйде тұрғымыз келеді, тәртібі қатал түрмеде емес.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды.

12-02-2023 12-57-31

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6915 Қызыл диплом қандай талаптарды қамтиды? Гос.экзамен В+ болса да бола береді деген еді. Тек GPA балл 3,5 асса болды деп, сол қаншалықты рас? Толығырақ мәлімет берсеңіздер.
Ответ:
Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес оқу үлгерімінің көрсеткіштері бойынша А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

09-02-2023 19-49-32

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6912 Педагогикалык практика кезынде мектепте жумыс жасап, сабак басталган кезде де жумысты жалгастыра беруге болама? Егерде сабак жагын туракты тапсырып турса
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу процесінен тыс кезде, яғни сабаққа кедергі болмаған жағдайда мектепте, білім беру мекемелерінде жұмысты жалғастыруға болады.

09-02-2023 15-23-54

Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6910 Құрметті ректор мырза! Сізге және Клара Толемисовна ханымға ПОҚ атынан алғысымызды білдіргіміз келіп отыр! Осы жылы премия алып марқайып риза болып отырмыз! ПОҚ үшін бұл премиялар өте үлкен көмек болып отыр! Сіздерге еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сіздердің шынайы алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Университет басшылығы да баршаңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейді. Рахмет!

09-02-2023 13-17-38

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6909 Сәлеметсіз бе! Ішкі гранттар қашан ойнатылады?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда ішкі грант жоқ. Ақылы негізде оқитын білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Егер Сіздің оқу үлгеріміңіз бос мемлекеттік грант орындарына үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес болса, емтихан сессиясының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік грант орындарының конкурсына қатыса аласыз. Оқу кезеңінде грант орындары босаған жағдайда университеттің ресми сайтына білім беру бағдарламалары бойынша бос грант орындары туралы ақпарат жарияланып, институт тарапынан білім алушыларға хабарланады. Конкурс ережесімен танысып, өтінішіңіз бен қажетті құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

09-02-2023 11-38-12

От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6908 Сәлеметсіздер ме. Биылғы "Абай сыйы-2023" олимпиадасы қашан болады екен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! "Абай сыйы-2023" олимпиадасы наурыз-сәуір айларында өткізу жоспарлануда. Олимпиаданың ережелері мен өтетін уақыты туралы ақпарат университет сайтында жарияланады. Рахмет!

08-02-2023 18-46-46

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6907 Я хотел бы получить красный диплом , но у меня есть одна четвёрка по гос.экзамену по Истории Казахстана. В Правилах Министерства образования и науки РК от 11.03.2001 N 151 "Правила организации деятельности высших учебных заведений" в статье 195 написано, что пересдача разрешается Советом вуза, в порядке исключения, студентам выпускного курса, претендующим на получение диплома с отличием. Правда ли это?
Ответ:
Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.
Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 17-04-08

От студента
Автор вопроса: Комиссарова Елизавета Александровна Вопрос № 6906 Здравствуйте. Хотела бы получить информацию о получении красного диплома. Обязательно ли нужно иметь оценку А, А- за государственный экзамен по истории?
Ответ:
Уважаемые студенты! В соответствии с ГОСО РК обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности итоговые оценки А, А- «отлично», В-, В, В+, С+ (С+ с 1 января 2019 года) «хорошо» при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему комплексный экзамен или защитившему дипломную работу (проект) с оценками А, А- «отлично», выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). Обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), не выдается диплом с отличием.
Оценка «хорошо» по государственному экзамену «История Казахстана» не влияет на Ваше право получения диплома с отличием, она считается как текущая. Необходимо сдать итоговую аттестацию на «отлично», иметь GPA не ниже 3,5 и не иметь пересдачи.

08-02-2023 14-37-49

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6904 Добрый день, господин ректор. Это не вопрос, лишь хотела выразить огромную благодарность за терпение и труд Хавайдаровой Мехриниссе Марсовне и Поляк Дине Мироновне. Прекрасные преподаватели, настолько хорошо знают свой предмет что слушать можно часами, а в конце уходишь с большим багажом знаний. Очень благодарна за таких чудесных преподавателей!
Ответ:
Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о работе наших преподавателей, Ваши теплые слова обязательно будут доведены до их сведения. Желаем успехов в учебе.

07-02-2023 09-30-41

От студента
Автор вопроса: Жантуганова Эльмира Вопрос № 6903 Саламатсыз ба! Мен 4 курс студентімін. Жақыным қайтыс болғасын себепті болып сабаққа бара алмап едім. Эдвайзерге ескерткенмін бірақ оны мұғалімдерге айтпаған! Мен барлық мұғалімдерге ескерттім неге себепті леп белгілемейді?? Осылай қайғылы жағдайда қалай барамын мен қызық
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.

06-02-2023 16-42-45

От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6902 Саламатсыз ба? Менің балам 6 жыл Жас ұланда, 2 жыл самолеттің рульінде өзі отырып ұшқан бала, 1 жыл әскери кафедрада оқыған бала, сіздің университетіңізге барғанда түсе алмады. Әскери кафедрада жұмыс істейтін қызметкерлеріңіз құлаққа сыймайтын әңгіме айтты. министрдің орынбасары Камалетдиновтың алдында болдым. Неге түсе алмағанын сізге айтайын. Мүмкін сіз бейхабар шығарсыз. Кафедраға түсу ақша болды. Офицер 650 000 тг. Сержант. 350 000 тг. Ақша сұрағандардың аттарын әскери полицияға айтпадым. Неге? Менің баламның өміріне қауіп жоқ екеніне кепіл бере алмады. Енді енді премерь министрдің кездесуіне кірем. Сол жерде сіз басқарып отырған университеттің қызметкерлерінің атын атайтын боламын.
Ответ:
Құрметті ата-ана! 2022 жылы Абай университетінің әскери кафедрасына студенттер қабылданған жоқ. Университет студенттерінің әскери кафедраға тапсырған құжаттары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің әскери кафедрасына өткізілді. Қабылдау емтиханын тапсырып конкурстан өткен студенттер жоғарыда көрсетілген университеттің әскери кафедрасында оқып жатыр.
Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасында Сіз жазған деректер болған емес. Толық мәлімет беру үшін балаңыздың аты-жөнін, қай университеттің әскери кафедрасына құжат тапсырғаны туралы мағлұмат беруіңізді сұраймыз.

03-02-2023 13-20-21

От студента
Автор вопроса: Студент Вопрос № 6901 Сәлеметсіз бе, Дархан мырза! 7 этаждық ғимараттағы асханадағы бағаларды қадағауларыңызды сұраймын, әр кімге әртүрлі бағада сатады. Кәзір барлық жерде баға қымбат, кәсіпкерлерді түсінеміз. Бірақ, қарапайым сүтті шәй - 200тг, қара шәй -150, ыстық суды 50, бір қасық сүт -50теңгеден сатты. Ыстық суды тегін берсе де боладығой. Америкада жүргендей болдық, оқуға келіп. Біздің әке-шешеміз алыста, ауылда тұрады. Көмектесетін мүмкіндік бола бермейді. 36мың стипендия тамаққа, жолға әрең жетіп отыр қалада. Жұмыс жасап, қосымша табыс табуға бос күн жоқ, 6 күн сабақ. Университеттің студенттерге арналған асханасының бағасы ресторандағыдай. Біз қалалық асханалардан шәйді 120 теңгеге аламыз, ал оқу орнынымызда 200. Сосын нан өнімдері қымбат кафелермен салыстырғанда. Неге бағаларын жазып қоймайды, ойларына келген бағада сата салады кассаға келгенде. Не зат қанша тұратынын білмейміз. Барлық корпус асханаларын қадағалап, бағаларын жазып қоюды, тым қатты баға көтермеуді қадағаласаңыздар. Жәй ғана шәй мен булочки алсаң да 600,700 тг болып кетеді. Мысалы бұл бағаға қағанат асханасынан таңғы ас ішуге болады.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің асханаларының жағдайын жақсарту мақсатында конкурстық комиссиясының шешімімен бұл нысандар жалға берілді. Басшылық тарапынан жалға алушы кәсіпкерге Сіздің хатыңызда көрсетілген олқылықтарды жою туралы және осындай мәселе қайталанған жағдайда нысанды жалға беру шарты бұзылатыны туралы ескертілді. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет.

03-02-2023 01-07-35

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6900 Құрметті ректор мырза! Біз 12 мкр 15а мекен- жайындағы жатақхана студенттері бастапқы уақытта жатақханаға ай сайын 25.000 тг төлейтінбіз. Жатақханан бағасын сентябрь айынан бастап 30.000, октябрь айынан бастап 33.500 ге көтерді. Грантта оқитын студенттердің ай сайын алатын шәкіртақысының жартысынан көбі жатақханаға кетеді. Қалған бөлігі күн көрісімізге жеткіліксіз. Жұмыс жасау үшін сабақтың графигі сай келмейді, және ол біздің білім алуымызға кедергі жасайды. Ақылы бөлімде оқитын студенттерге екі есе қиын. Көп балалы, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы нашар студенттерде баршылық. Сізден осы мәселені қарастыруыңызды өтінеміз. Жастардың біліп алуына барынша ыңғайлы жағдай жасауларыңызды сұраймыз.
Ответ:
Құрметті ата-ана! Қазіргі таңда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жатақхана мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінде Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 2100 төсек-орыннан асатын бес жатақхана бар. Оқу орнымыздың 16 мыңнан астам студентін жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Университеттің білім алушыларына жатақханалардан орын бөлу тәртібі арнайы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Биыл университеттегі жатақхана тапшылығына байланысты университет басшылығы қосымша жалдамалы жатақханалармен келіссөз жүргізіп, оқу орнымыздың әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жоғарғы курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз етті. Сіз айтқан мекенжайда орналасқан жатақханамен студенттер екі жақты келісімшартқа отырып, соның негізінде төлем жүргізіледі. Қазіргі таңда осы жатақханадан орын алу үшін студенттер кезекте тұр. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сіз жатақхана мәселесіне қатысты сұрағыңыз бойынша институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

02-02-2023 14-30-40

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6899 Құрметті ҚазҰПУ ректоры Дархан Билялов. Біз 6В02302 “Аударма ісі” мамандығының 301 тобы, қазақ бөлімі студенттері, минор пәндердің қазақ тобы бола тұра, орыс тілінде өтілетіндігі үшін шағымданамыз. Біріншіден, бізге минор пәндерді таңдатқызбады, екіншіден ,өтілуін тілін орыс тілінде қойған. Негізінде студенттердің пән мен тілді таңдауға құқығы бар. Осы мәселені ең жақын уақытта шешуіңізді сұраймыз.
Сонымен қатар біз “Аударма ісі” мамандығында оқитын болғандықтан, минор пәндердің орнына мамандығымызға сәйкес пәндерді қоюларыңызды жөн көреміз , сондай- ақ орыс тіліне емес, ағылшын тіліне басымдылық берулеріңізді өтінеміз. Бұлай жасау арқылы біз өз мамандығымыз бойынша білімді тереңірек аламыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

02-02-2023 13-47-30

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6897 Сәлеметсізбе, Дархан Біләлов!
Мен осы Абай университетінің студенті боламын. ЖГИ корпусы асханасындағы жағдайын қарасаңыз деймін. Асханадағы тамақтардың бағасы тым қымбат, мысалы қарапайым кофенің өзін 200 теңгеден сатады, басқа жерлерде 80 -90 теңге. Асханадағы столдардың үсті кір-лас. Осындай жағдайларды есепке алсаңыздар деймін.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің асханаларының жағдайын жақсарту мақсатында конкурстық комиссиясының шешімімен бұл нысандар жалға берілді. Басшылық тарапынан жалға алушы кәсіпкерге Сіздің хатыңызда көрсетілген олқылықтарды жою туралы және осындай мәселе қайталанған жағдайда нысанды жалға беру шарты бұзылатыны туралы ескертілді. Шағымыңыз назарға алынды. Рахмет!

02-02-2023 00-40-46

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6896 Қысқы емтихан нәтижесі бойынша босаған мемлекеттік грантқа өтініш жазып едік. Жауабы қашан шығады екен. Қаңтар айы өтіп, ақпан басталып кетті. Ал жауабы әлі де шықпады. Оқу ақысын төлендер деп асықтырып жатыр.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік бос грант орындары бойынша өзіңіз оқып жатқан институт директоратына хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс деректері: abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/.

01-02-2023 07-04-01

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6895 Құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты мамандық студентімін. Осы 2022-2023 оқу жылы барысында өткізілген студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясындағы былықтар туралы айтқым келеді. Бұл конференцияда 1-ші орынды алатындар тек сол комиссия құрамында отырғандардың жетекшілігіндегі студенттер мен мгистранттар. Орындарды өзара бөліп алады. Сорақысы сол осы жылы өткен ғылыми конференцияда 1-орынға әдебиет бағыты бойынша комиссия төрайымы мен сол комиссия мүшесіндегі апайлар бир биримен ұрысып таласып ұят болды. Біз сияқты қарапайым студенттер сыртта қала береміз. Студенттер арасында біразға дейін осы талқыланып жүрді. Көп студенттер содан болар қатысқысы келмейді.
Ответ:
Құрметті студент! 2022 жылдың 30 қарашасында «Ұлылардың шығармашылық мұрасы: тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өткізілгені рас. Бакалавр мамандықтары бойынша аталған конференцияға 13 үміткер қатысты. Конференцияны ұйымдастыру бойынша кафедра тарапынан бектілген талаптар бар. Біріншіден, комиссия мүшелері бағалау критерийлерін дайындайды; екіншіден, ғылыми жетекшілер мен комиссия мүшелері бағалау критерийлері бойынша балл қояды (бағалау критерийлері бар); үшіншіден, барлық балл жинақталып, ортақ есептеледі. Орын беру мәселесін тек комиссия мүшелері шешпейді. Сонымен бірге конференция барысында студенттерге ғылыми баяндамаларды, комиссия тарапынан қойылған сұрақтарды тыңдап, презентацияларды көріп, өзара сұрақ-жауап алмасуға жағдай жасалады. Конференция осы талаптарға сай ұйымдастырылған. Конференцияға қатысқан оқытушылар да, комиссия мүшелері де әділетсіздікке жол берілмегенін, ұстаз этикасын сақтай отырып, дұрыс шешім қабылданғанын, «апайлар бір-бірімен ұрысып, таласты» деген ақпараттың жалған екенін айтып отыр. Қандай да бір түсініспеушілік болса, Филология институтының директорына, кафедра меңгерушісіне жолығуыңызға болады. Сауалыңыз үшін рахмет айтамыз.

31-01-2023 16-38-41

Другие
Автор вопроса: Дулатбай Күлхан Кеңесқызы Вопрос № 6894 Сәлеметсіз бе,
Менің дипломымның приложениесін жоғалтып алдым. Аты-жөнім Дулатбай Күлхан Кеңесқызы 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, 1998 жылы аталған университеттің Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы дипломын алдым. Енді дипломның қосымшасын қалай алсам екен? жауабын күтемін рақмет
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасының түпнұсқасын қалпына келтіру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) немесе МҚА бағдарламасы (ҚР БҒМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру) арқылы өтініш бересіз. Жеке куәлік пен диплом көшірмесін тіркеуіңіз қажет болады.
Всего записей: 3791