28-02-2024 11-16-31
От студента
Автор вопроса: Кушкумбаева Айзада Вопрос № 7855 Сәлеметсіз бе! Біздің университетте осы жылы немесе келесі жылы ректор атынан грант бөлінеді ме?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің ішкі гранты жоқ. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,291-71-06. Рахмет!
27-02-2024 19-16-00
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7854 Сәлеметсізбе, шет ел стуленттері немесе Қазақстанда тұрып жатқан қандастар қай жерден медициналық көмек ала алады? Қай жерде тексерідіп, дене шынықтыру сабағына денсаулығына байланысты қатыса алмайтыны жайлы справка алуға болады. Жатақхананың мед.пунктінен сұрадық, нақты қай жерге бару керектігін түсіндіре алмады, білмейді екен, сондықтан осы жерге жазып отырмын. Қай жерге бару керектігін нақты айтсаңыздар.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Ықтиярхаты жоқ шетелдіктер – медициналық көмекті ақылы түрде (кез келген медициналық мекемеде), ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) немесе медициналық / туристік сақтандыру полисінің сақтандыру өтемі шеңберінде алады. Дене шынықтыру сабағына денсаулығына байланысты қатыспау туралы ВКК анықтаманы ақылы алады.
Ал, қандастар, ықтиярхаты бар шетелдіктер – медициналық мекемеге тіркеліп, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек ала алады. Университет студенттері №1 қалалық емханаға немесе «A-Clinic» медициналық орталығына тіркеліп, медициналық көмекке жүгіне алады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Төле би, 35 мекенжайында орналасқан Денсаулық сақтау пунктінен алсаңыз болады.
27-02-2024 19-06-48
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7852 Сәлеметсізбе ректор мырза!Маған қаңтар айының шәкіртақысы әлі күнге дейін түспеді бұл жөнінде кімге шықсам болады?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Стипендия 27 ақпан күні студенттердің есеп шотына жолданды. Рақмет!
27-02-2024 15-05-58
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7851 Бүгін 27-ақпан! Стипендия әлі жоқ. Стипендия қашан түседі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Стипендия студенттердің есеп шотына жолданды. Егер стипендия алмаған болсаңыз, институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рақмет!
27-02-2024 13-49-23
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7849 Қайырлы күн! Қандай себеппен ақпан айының шәкіртақысы кешіктірілп жатыр? Шәкіртақы әр айдың 25ші жұлдызына дейін түсіп болуы тиіс еді. Осы жолы ай біткелі отыр, сонда шәкіртақыны наурыз айында түсіргелі отырсыздар ма? Бұл барып тұрған бассыздық және студент тарапына мазақ ретінде көріп тұрмын. Қаншама студенттер жалдамалы пәтерлерінің айлық ақшасын немесе коммуналдық счетты осы шәкіртақыға сеніп төлейді. Ал бухгалтерия бөлімі бізге әр түрлі жауаптар айтып, басты ауыртып қойды. Студенттерді екі ойлы қылмай нақты бір датада және уақытта, кешіктірілмей шәкіртақы түсуін талап етеміз.
Ответ:
Құрметті студент! Стипендия әр айдың соңына дейін міндетті түрде беріледі. Шыдамдылық танытып, сәл күтулеріңізді сұраймыз. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-37-54. Рақмет!
26-02-2024 13-36-24
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7847 Саламатсыз ба? Ақпан айының шәкіртақысы қашан түседі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Стипендия 27 ақпанға дейін беріледі. Рақмет!
24-02-2024 15-41-50
От родителей
Автор вопроса: Айбек Лесов Вопрос № 7844 Ассалому алейкум, Ағай! Мен Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан - әкемін. Үлкен қызым Сіздің басшылығыңыздағы Университеттің 2 курс студенті, ақылыда жақсы бағаларға оқып келеді.
Бұл оқу жылында екінші қызым Ташкенттегі мектептің орыс сыныпын үздік аяқтап, Сіздегі «Орыс тілі мен әдебиеті» бағытына тапсырмақшы.
Грантқа қабылдануы үшін қай уақытта қандай шаралар жасауы керек?
Егер екеуі де ақылыда оқитын болса, жеңілдіктер қарастырыла ма?
Мәлімет үшін: ұлтымыз қазақ, көпбалалы жанұямыз.
Кеңесіңіз үшін Рақмет.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының сайтынан білуге болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рақмет!
23-02-2024 14-03-24
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7842 Саламатсызба! Жаңа ректор ауысқалы шәкірақы уақытылы түспей жатыр, бұл сұрақты миллион рет жазып сұрап отырмыз неге жауап қатпайсыздар? Ақпан айының шәкіртақысы неліктен әлі күнге дейін түспеді?
Ответ:
Құрметті студент! Білім беру грант орындарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратындықтан, білім алушыларға стипендия «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Стипендия әр айдың соңына дейін студенттердің жеке шоттарына жіберіледі. Рақмет!
21-02-2024 14-17-09
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7838 Сәлеметсізбе, ақпан айының стипендиясы қашан түседі? Неге осы жылы стипендиялар кешігіп жатыр? Дорожный барлық студент және магистранттарға беріледі деп естідік сол рас па?
Ответ:
Құрметті студент! Білім беру грант орындарын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратындықтан, білім алушыларға стипендия «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Стипендия әр айдың соңына дейін студенттердің жеке шоттарына жіберіледі. Жол жүру төлемақысы бойынша ақпаратты директорат қызметкерлерінен біле аласыз. Рақмет!
21-02-2024 14-12-47
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7837 Сәлеметсізбе, ақпан айының стипендиясы қашан түседі? Неге осы жылы кешігіп түсіп жатыр?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Стипендия ақпан айының соңына дейін міндетті түрде беріледі. Түсіністік танытып, күтулеріңізді сұраймыз. Рақмет!
20-02-2024 23-45-45
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7836 Cәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы иегерлерінің тізімі қашан шығады? Алдын ала рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта Президенттік шәкіртақыға үміткерлер ретінде оқу орнымыздың оқу үлгерімі «өте жақсы» 3-4 курс студенттерінің саны анықталып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданды. Президенттік шәкіртақы бойынша бюджет бекітілгеннен кейін шәкіртақы иегерлерін анықтауға арналған конкурс туралы ақпарат «Univer» жүйесіне жарияланады. Конкурс бойынша толық ақпаратты институт директоратынан білсеңіз болады. Рақмет!
19-02-2024 15-46-34
От студента
Автор вопроса: Акбарова Зарина Дамировна Вопрос № 7824 Почему никто не поднимает вопрос уборных комнат? В них постоянно грязно, часто воняет на весь коридор! Никогда нет туалетной бумаги, хотя это самая базовая и элементарная вещь! Один раз попросила тех персонал есть ли у них туалетная бумага, она на меня наорала!!! сказав Вам надо вы и приносите сами. Ну это же не дорогая вещь чтобы на ней прям экономить, это базовая вещь для комфорта студентов. Что в главном корпусе, в семиэтажке и в корпусе на Джамбула сломанные замки на дверях, некоторые кабинки не закрываются,нет ободков на унитазах,нет освежителей. На джамбула на первом этаже есть туалет который всегда закрыт на замок, во время перемены невозможно попасть в уборную на втором этаже потому что очередь огромная. Жаль что такая мелочь портит все впечатление об университете, хотя в другом универе на бакалавре не было такой проблемы.
Ответ:
Здравствуйте! Мы полностью разделяем Ваше беспокойство по поводу состояния уборных комнат в университете. Поддержание чистоты и порядка во всех помещениях, включая туалеты, является для нас важным. Будем проводить дополнительные проверки, чтобы немедленно принять необходимые меры по улучшению ситуации. Летом этого года планируем начать ремонт таких помещений во всех учебных корпусах университета, используя только каникулярное время.
Также хотим подчеркнуть, что все необходимые средства выделяются и регулярно ведется контроль за их использованием. Однако иногда наблюдаются случаи, когда посетители сами нарушают порядок в уборных помещениях и не следят за чистотой, что может привести к неприятным ситуациям. Призываем всех студентов и сотрудников университета проявлять уважение к общественным местам, соблюдать чистоту и порядок, уважать труд уборщиц. Ваше обращение взято к сведению. Благодарим за обращение.
10-02-2024 11-42-27
От студента
Автор вопроса: Гүлбақыт Вопрос № 7813 Бізге Ежелгі және Хандық дәуір әдебиеті пәніне Сатемирова Дариға Амантайқызы сабақ береді. Бүгін бізде онлайн СРПС болды. Студентке деген бір грамм да құрметсіздік танытып, сөзімді соңына дейін аяқтатқызбай айқайлап жіберді, топ болып қорғататын өзі, тобымыздың уақыты бітсе де айтар сөзімді соңына дейін айтқызбағаны өте жаман. Әр семинар сайын жасап, еңбектеніп келген слайдымыздың тек басын көреді де, арғы бетін мүлдем тындамайды. Еңбегімізге атүсті қарап айқайлайды. Сабақ уақытында үнемі семинарда жиналыста болады немесе осылай айқаймен өткізеді. Лекцияда да тек қана пайдаланылған әдебиеттен басқа ешнәрсе де бермейді. Түсіндірмейді білім бермейді, тек қана талап етуді біледі. Құрметтемейді, сыйластық жоқ.
Білімді мықты мұғалім дегенмен де сабағына әрдайым кірген сайын стресс алып шығамыз және де ештеңе де үйренбейміз, ТЕК ҚАНА ҚОРҚЫНЫШ, білім тәрбие ешқашан да қаттылықпен айқаймен келмейтінін түсінсе екен деймін. СТУДЕНТ БОЛҒАНЫМЫЗБЕН ДЕ ҚҰРМЕТ БОЛУЫ КЕРЕК. Жылатуға дейін әкелді, мүлдем сыйламады. Біз, студенттер, неге қоғамның ең әлсіз өкілдері болуымыз керек. Ол кісілер осы үшін еңбегінің ақысын алады, бізге барлық негативпен барлық уын шашып, өміріміізді тозаққа айналдырып жатыр.
Ответ:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша институт басшылығына жағдайды анықтау үшін оқытушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Біз оқу орнымыздың профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын бірдей бағалайтынымызды атап өткіміз келеді. Сондықтан оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет, сыйластық пен түсіністік қарым-қатынас болуы маңызды. Бұндай қарым-қатынас университет ұжымының рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Рақмет!
10-02-2024 11-40-42
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7812 Бізге Ежелгі және Хандық дәуір әдебиеті пәніне Сатемирова Дариға Амантайқызы сабақ береді. Бүгін бізде онлайн СРПС болды. Студентке деген бір грамм да құрметсіздік танытып, сөзімді соңына дейін аяқтатқызбай айқайлап жіберді, топ болып қорғататын өзі, тобымыздың уақыты бітсе де айтар сөзімді соңына дейін айтқызбағаны өте жаман. Әр семинар сайын жасап, еңбектеніп келген слайдымыздың тек басын көреді де, арғы бетін мүлдем тындамайды. Еңбегімізге атүсті қарап айқайлайды. Сабақ уақытында үнемі семинарда жиналыста болады немесе осылай айқаймен өткізеді. Лекцияда да тек қана пайдаланылған әдебиеттен басқа ешнәрсе де бермейді. Түсіндірмейді білім бермейді, тек қана талап етуді біледі. Құрметтемейді, сыйластық жоқ.
Білімді мықты мұғалім дегенмен де сабағына әрдайым кірген сайын стресс алып шығамыз және де ештеңе де үйренбейміз, ТЕК ҚАНА ҚОРҚЫНЫШ, білім тәрбие ешқашан да қаттылықпен айқаймен келмейтінін түсінсе екен деймін. СТУДЕНТ БОЛҒАНЫМЫЗБЕН ДЕ ҚҰРМЕТ БОЛУЫ КЕРЕК. Жылатуға дейін әкелді, мүлдем сыйламады. Біз, студенттер, неге қоғамның ең әлсіз өкілдері болуымыз керек. Ол кісілер осы үшін еңбегінің ақысын алады, бізге барлық негативпен барлық уын шашып, өміріміізді тозаққа айналдырып жатыр.
Ответ:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша институт басшылығына жағдайды анықтау мақсатында оқытушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Оқу орнымыз профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды бірдей бағалайтынын атап өткіміз келеді. Сондықтан оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет, сыйластық пен түсіністік қарым-қатынас болуы маңызды. Бұндай қарым-қатынас университет ұжымының рухани-адамгершілік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Рақмет!
08-02-2024 23-39-42
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7810 Студенттермен универ қызметкерлерінің қарым-қатынас өте төмен деңгейде. Сабаққа аудиторияларға кіргенде киіммен кірмеңіздер дейді де, ал гардеробтағы тәте итекетка(фирма жазылатын немесе сол сырт киімнің размері жазылатын) ілмейміз деп оның үстіне “жарайды”деп жауап берсеңде барлық негативін шашады. Не жарайды деп аузына келген сөзін айтады. Жалпы Жгидегі қызметкерлердің студенттермен адекватно сөйлесе алмаса мүлдем қарым-қатынас,коммуникацияға түспеңіздер деп бір ауыз ескертсеңіздер екен. Кітапханашы апайдан бастап гардеробшы тәтеге(кіргеннен шыққанға дейін) қаншама негативты студенттер жұтып үйлеріне,жұмыстарына барады. Онсызда оңай емес студенттерге, күн демей түн демей оқиды,жұмыс жасайды, ақша табады. Қала берді курс тренингтерден де өтіп отырады, заман талабы. Сондықтан құрметті ректор мырза үлкен өтініш ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРМЕН БЕЙРЕСМИ, БЕЙӘДЕП СӨЙЛЕУЛЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕСЕҢІЗДЕР ЕКЕН❗️❗️❗️ мектеп кезден ақ қызметкерлер оқушыларға артық ауыз сөйлемейтін. Өздері қаншама жерден оқысам білім алсам деп келген жан-жақтың студенттері үшін бөтен адамнан сөз есту(нақақтан нақақ) өте қиын. Морально психологиялық тұрғыда іштей энергияны алады…түсіністікпен қарасаңыздар екен….
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе назарға алынып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
06-02-2024 21-05-27
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7807 Сәлеметсізбе, қазіргі уақытта басқа вузға ауысуға боладыма? Мен 1 курс студентімін, филология факультетінің екі шет тілі мамандығында оқимын.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru.
06-02-2024 15-14-04
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7806 Саламатсызба ректор мырза!Маған қаңтар айының степендиясы түспеді осы мәселе бойынша кімге шықсам болады?
Ответ:
Құрметті студент! Хатыңыздағы жағдайды нақтылау үшін жауапты тұлғаларға стипендия туралы мәліметтерді тексеру тапсырылды. Берілген ақпаратқа сәйкес, қаңтар айындағы стипендия Сіздің банктік шотыңызға аударылған.
05-02-2024 15-31-51
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7805 Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза.Мен ЖГИ-ның 3-курс студенті біздегі сабақ кестесіне мүлдем қарсымын.Себебі сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі күндері мектепке баратын болғандықтан, дүйсенбі күні таңертен 9:00-ден кешкі 19:00 дейін сабақтар қойып қойған.Физикалық тұрғыдан шаршаймын, соңғы сабақтарға энергиям қалмайды.Өте қиын.
02-02-2024 12-07-49
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7801 Жгидың кітапханашы апайы мүлдем мәдениетсіз. Кілей жоқ мынаны түкірігіммен жабыстырамынба мұрын бо*ыммен жабыстырамба деп сөйлеседі. Студенттермен қарым-қатынасы өте нашар. Аузына келген бейәдеп сөздер айтады. Кішігірім еңбек демалысынба берсеңіздер немесе білмеймін тиісті шараларын қолдансаңыздар екен…Барған сайын жылар қайтамыз. Бір кітап алған құрлы. Түсіністікпен қарарсыздар деп үміттенемін. Және жгидегі туалет мәселесіде шешіліп есіктері жөнделсе дәретхана қағазы қойылса екен!!!!
Ответ:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды. Кітапхана қызметінің талаптары бойынша оқырмандарға кітаптар беру оларды белгіленген ережелерге сәйкес кейіннен тапсыруды қажет ететіндігін есте сақтаған дұрыс. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарайтыныңызға сенеміз. Хат жолдап, пікір білдіргеніңіз үшін рақмет!
31-01-2024 18-54-12
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 7800 Сәлеметсізбе, мен 1 курс студентімін. Филология факультетіндегі екі шет тілі мамандығында грантта оқимын. Білгім келгені заочное отделениеге ауысуға боладыма? Болмаса сабақты дистанционно өтуге боладыма? Сондай жағдайлар қарастырылғанба екен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университетте оқу үрдісі Академиялық күнтізбеге сәйкес күндізгі, офлайн форматта ұйымдастырылады.
Қашықтан оқытуды төмендегідей жағдайларда ұсынады:
1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
2) халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысушыларға. Оқу үрдісіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, институт директоратынан білуіңізге болады.
Всего записей: 4046