Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
11-07-2018 11-28-26   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 290
Сәлеметсіз бе. 2018-2019 оқу жылына КазНПУга магистратура жалпы қанша грант бөлінгендігін қайдан білуге болады??
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі таңда 2018/2019 оқу жылына университеттерге бөлінген грант орындары жарияланбады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018/2019 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру гранттарының тізімі белгілі болса, ақпарат ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Сондай-ақ, гранттар тізімі мен саны туралы ақпаратты ҚР БҒМ сайтынан (www.edu.gov.kz) көре аласыз.

09-07-2018 18-02-47   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 289
Салеметсізбе ағай! Мен осы жылы физмат институтын бітірдім, сізге ондағы оқытушылардың сабақ бермеуі,дөрекі сөйлеуі туралы жазып едім, жауап алған жоқпын. Қазір қарап отырсам, басқа да студенттер университет мұғалімдеріне қатысты шағымдарын айтып жатыр екен. Искакова М, Кабулова А, Сыдыкова Ж деген апайлар сабақтарын көбінесе отпейди немесе докторанттарга сабак бергізіп, баллдарды әділетсіз қояды, өздерінің жұмыстарын студенттерге істетіп қояды. Университет қабырғасында біз көрген сұмдықтарды басқалары көрмесе екен
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Профессор-оқытушылар құрамының оқытатын пәндерінің сабақ кестесіне сай уақытта, аудиторияда өтілуі университет басшылығы тарапынан қатаң тексеріліп, бақыланады. Докторанттар кәсіби-өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында студенттерге сабақ беруі мүмкін екендігін ескеру қажет. Білім алушыларды бағалау тікелей «Univer» жүйесінің енгізілуімен байланысты күнделікті қойылып отырады. Сондықтан «әділетсіз» бағалау білім алушылардың ықпалымен (сабаққа қатыспау, берілген тапсырмаларды уақытылы орындамау және т.б.) бағалануы мүмкін.

Дегенмен, жаңа оқу жылында шағымыңызда аталған мәселелер қайталанған жағдайда, нақты дәлелдеріңізбен Университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 19-22-50   От абитуриента

Автор вопроса: Докторант

Вопрос № 288
Құрметті ректор мырза, мен биыл "Дефектология" мамандығы бойынша докторантураға түсуші едім. Бірақ, мамандық бойынша емтихан сұрақтары сайтта жарияланбаған. Қабылдау емтиханның сұрақтарының уақтылы жариялануына жәрдемедесуіңізді сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Мамандықтар бойынша магистратураға және докторантураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламалары ресми сайтта жарияланған. Сіз таңдап отырған мамандық бойынша бағдарламаны келесі тікелей сілтеме арқылы жүктей аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/spec/6D010500_kaz.pdf. Сұрақтар осы бағдарламаның негізінде беріледі. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 14-44-17   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 287
Саламатсызба Тахир мирза! Менің сізге xат жазу себебім, мен бітіруші магистрантпын. Неге диплом алу рәсімімізді ресми түрде бермеске? Магистр атағын аламыз, оны неге аудиторияда бере салады? Бакалавр сиякты улкен көлемде өткізсеңіздер жаксы бол еді.
Уйімізден ата анамыз келеді. Калай болса солай, ешкандай іс шарасыз, куры аудиторияда дипломымызды тарата салу бул недеген менсінбеушілік мвгистранттарды? Өкпеміз кара казандай....Өзіміз емес университет уйымдастырып беру кереккой...

Ответ:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыс ету рәсімі ресми түрде, Университет ректорының, проректорлар мен институт директорларының қатысуымен өтеді. Университет қабырғасында өткізілетін іс-шараларға жауапты Тәрбие әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті ұйымдастырады. Түлектерге диплом табыстау рәсімі маңызды іс-шара болғандықтан, білім алушылардың ұйымдастыруы мүмкін емес. Сұрағыңызға рахмет!

06-07-2018 03-20-19   Другие

Автор вопроса: Меруерт

Вопрос № 284
Саламатсыз ба, құрметті, Балықбаев Такир Оспанұлы! Мен 1-курс магистранты боламын (2-жылдық, 6М011000-физика мамандығы). Менің сізге қояин деген сұрағым: мен ағымдағы оқу жылын (1-2 семестр) үздікке (повышка) тәмамдадым. Енді менің "президенттік шәкіртақы(степендия)" алуға толықтай мүмкіндігім бар деп ойлаймын (GPA-3,87). Себебі, оқу озатынан бөлек, университет ішіндегі шараларға жиі қатысамын. Айталық Астанада өткен (ЕНУ) 72-ғылыми конференцияға біздің университтің атынан ӨЗ ЕРКІММЕН барып (университет бойынша1 өзім ғана құрбыммен)конференцияға қатысып 1-орын, университетаралық конференциялардан да 1 орын алып жүрген білім алушымын. Оған қоса мақалаларым да бар, атап айтқанда, "Абай университеті" газетінде университетіміздің ішкі тынысы жайында жазған болсам, одан бөлек ғылыми-республикалық журналдарға бірнеше ғылыми мақаламды беріп жарыққа шығардым. Одан өзге институт ішіндеге көптеген конференцияларлың жүлдегерімін. 2018 ж сәуір айында Республикалық магистранттар мен докторанттар арасында өткен ғылыми жобалар сайысының жүлделі орын иегері атандым! Университет атынан Европада жарты жыл білім алып келдім! Қысқасы, бұдан өзге де көптеген біраз жетістікерім баршылық. (барлығын тізіп жазып отыруға уақыт тапшы). Осындай мүмкіндіктерім бола тұра бұл шәкіртақыны(степендия) "қалай ала аламын?" деп сұрағанымда ешқандай нақты жауап ала алмадым! Сондықтан, сіздің көмегіңізге жүгініп отырмын. Осы шәкіртақыны қашан жане қалай алуға болатындығы жайында біраз ақпарат бере аласызба? Сондай- ақ ,айтарым белсенді білім алушыларға көбірек қолдау көрсетілсе екен деймін. Өйткені, сіздердің қолдауларыңыз арқылы біздің білімге, ғылымға деген ізденісіміз, құлшынысымыз одан әрі арта түседі! Сізге алдын-ала раxмет!
Ответ:

Құрметті Меруерт! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Өтінішіңізді және тиісті құжаттарыңызды директоратқа өткізуіңізді сұраймыз. Сіздің шәкіртақы иегері болуға мүмкіндігіңіз бар.

Шәкіртақыға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

05-07-2018 21-42-32   От абитуриента

Автор вопроса: Кыдырманова Маржан Серикжановна

Вопрос № 283
Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы мен сұрақ емес алгыс білдірейін деп едім.мен бітіруші тулекпін биыл буйыртса мвгистратурага осы лз универіме тапсырмакпын!!сиз арнайы дайындаган агылшын куосы отте пайдалы болып жатыр.Тегін турде окып жатырмыз!Тілімізде үйреніп қалды!! сіз өтте қарапайым адамсыз!болашактада биздин универди буданда жогары дарежеге котеруінізге тилектеспин!!
Ответ:

Құрметті Маржан! Тілегіңізге рахмет! Сіздер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық.

Оқу орнымыздың дәрежесін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы сапалы мамандарды даярлау үшін жасалып отыр. Сондықтан университет қабырғасында алған білімдеріңізді және тәжірбиелеріңізді болашақта елімізді дамыту жолындағы игілікті істер үшін қолдансаңыздар біздер үшін мақтаныш. Білім жолындағы жаңа қадамыңызға тек сәттілік тілеймін!

04-07-2018 08-30-09   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 282
Сәлеметсіздер ме мен ұлтым қазақ емес бірақ осы жақта оқып бітірдім быйыл ЕНТ тапсырдым. Менде қазақстанның азаматтығы жоқ бірақ вид на жительство бар мен сонымен грантка корнкурска түсе аламын ба (18-26 болатын)
Ответ:

Құрметті талапкер! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 «Жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 10 тармағына сәйкес  шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына қабылдау сұхбаттасу арқылы ақылы негізде жүргізіледі. Сіз шетел азаматы болғандықтан, мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатыса алмайсыз.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

04-07-2018 00-31-48   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 281
Салеметсизбе? Менин сизге сурагым мен 11 сыныпты 2017 жылы битирген болатынмын,барлыгы 57 балл кейннен отбасылык себептермен окуымды 1 жылга шегертип койдык.Осы жылы тапсырайын деген едим осы тамыз айынын 25 де база ашылады деди акылы турдеги оку ягни тек пратныйга сол шынба?алде тагы 2018 жылга арналган окуга кабылдау жумыс уакыты аякталдыма???Жауап жазып жатсаныз рахмет!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру конкурсына қатысу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге құжат тапсыру кезеңі 1-20 маусым аралығында өтіп кетті. Сіз 2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.

03-07-2018 04-03-13   От абитуриента

Автор вопроса: Асел Турсынбай

Вопрос № 280
Саламатсызба.мен 74 балмен гранқа тусе аламба?муғалімдікке
Ответ:

Құрметті Әсел! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Грант иегері атануыңыз Сіз таңдаған мамандыққа және мемлекет тарапынан бөлінген гранттың санына байланысты. Оқуға тапсырарда 2018/2019 оқу жылына білім беру гранттар санының артқандығын және педагогикалық мамандықтарда ауылдық квота қарастырылғандығын ескеріңіз.

Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

01-07-2018 17-50-02   От абитуриента

Автор вопроса: Жанарбек Нұршырақ

Вопрос № 279
Сәлеметсіз бе менің есімім Нұршырақ
мен ҰБТда 95балл алған едім. Биология география пәні бойынша.95 баллмен осы пәндерарқылы грантқа түсуге боладыма. Дефектологмамандығына ше
Ответ:

Құрметті Нұршырақ! Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруыңызбен құттықтаймыз! Болашақта біздің университеттің студенті атанып, білікті маман болуға тілектеспіз.

Сұрағыңызға келетін болсақ, өзіңіздің таңдау жасаған пәндеріңізге сәйкес келетін мамандықтар бойынша ағымдағы жылдың 18 - 26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжат тапсырып көруіңізге болады. Конкурс нәтижесі тамыз айының 5-нен кейін арнайы ақпарат құралдарында немесе «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланады.

01-07-2018 17-27-41   От абитуриента

Автор вопроса: Нағыметуллаев Жансерік

Вопрос № 278
Саламатсыз ба? Мен ҰБТ дан 75 бал алдым, таңдау пәнім ағылшын + дүние жүзі тарихы. Сізден сұрағым келгені осы университетте ақылы оқу үшін таңдау пәні маңызды ма? Алде таңдау пәніме сай келетін мамандыққа қана түсе аламын ба? Рахмет! Сізден жауап күтемін.
Ответ:

Құрметті талапкер! Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсу үшін таңдау пәні маңызды, міндетті түрде таңдау пәніне сәйкес келетін мамандықтарға тапсыру керек. 
Егер басқа мамандыққа түскіңіз келсе, онда алдымен осы таңдау пәніңізге сәйкес келетін мамандыққа ақылы түрде түсіп, 1 оқу семестрін аяқтағаннан кейін өзіңіз қалаған мамандыққа ректордың атына өтініш жаза отырып, ауысуыңызға болады. Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан жағдайда пән айырмашылықтары болуы мүмкін, оны тапсыру керек.Сұрағыңызға рахмет!
 
01-07-2018 08-02-23   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 277
Салеметсизбе Такир Оспанович. Меним кызым ЕНТдан 87 балл алып калды, бирак мектепти "алтын белги" мен битирди. 87 баллмен грантка тусе алама. Коп РАХМЕТ.
Ответ:

Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 18-26 шілде аралығында қабылданады. Мемлекет тарапынан бөлінген гранттардың саны мен абитуриенттердің санына байланысты болғандықтан, грантқа түсетіндігі туралы нақты жауап айта алмаймыз. Бірақ биыл білім беру гранттарының саны артқандығын ескерген жөн.

Сұрақтарыңызға толық ақпарат алу үшін Университетіміздің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

29-06-2018 15-48-48   От абитуриента

Автор вопроса: Сатыбалдиева Акжаркын

Вопрос № 276
Саламатсыз ба мен ұбт дан 103балл алып едим сиздин ЖОО на шет тілі және екі шет тілі мамандығына грант бола ма екен
Ответ:

Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) көрсеткішіңіз жақсы. 2018/2019 оқу жылына жалпы республика бойынша Сіз таңдаған мамандыққа 285 орын бөлініп отыр. Сіз грант иегері атану үшін 18-26 шілде аралығында болатын мемлекеттік білім беру грантының байқауына құжат тапсыруыңыз қажет. Сұрағыңызға рахмет!
 

29-06-2018 12-19-00   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 275
Моя дочь по результатам ЕНт получила 77 балов, из них по профильным предметам английский 23 балла, всемирная история 16 балов, имеет ли она право подать заявление на грант с учетом того что, она окончила школу с уйгурским языком обучения в сельской местности
Ответ:

Здравствуйте! Выпускник любой казахстанской школы имеет право подать документы с 18 по 26 июля 2018 года для участия в конкурсе на присуждение государственного образовательного гранта. Сельская квота учитывается в зависимости от выбора специальности.

27-06-2018 20-49-15   От абитуриента

Автор вопроса: Ару Адилхановна

Вопрос № 274
Салематсызба. Мен 2017 жылы жоғарғы оқу орнын қазақ тілі мен əдебиеті мамандығы бойынша бітіріп едім. Енді осы оқу жылында сіздің университетке магистратураға түскім келеді. Дефектрлогия мамандығына магистратураға түсуге мүмкіндігім бар ма? Болмаса қандай мамандыққа түсе аламын? Сонымен қатар магистратураға құжаттар қабылдау уақыты қандай? Емтихан қандай пəндерден болады? Алдын ала рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Магистратураға құжат қабылдау ағымдағы жылдың  3-31 шілде аралығында жүргізіледі. Міндетті екі емтихан тапсырылады. Оның біреуі, шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша 10-15 тамыз және мамандық бойынша емтихан 16-20 тамыз аралығында  өткізіледі. Құжаттарды қабылдау кезінде Сіз тамамдаған «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының  «Дефектология»  мамандығына сай келуі анықталып, пән айырмашылықтары шығарылады. Сұрақтарыңызға нақты жауапты Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

27-06-2018 14-40-16   От абитуриента

Автор вопроса: Жумабаева Карлыгаш

Вопрос № 273
Здравствуйте, я Жумабаева Карлыгаш студентка института педагоги и психологии. Я получила от государства пособие по утере кормильца. У меня такая проблема: я сейчас нахожусь в своём родном городе Экибастуз, но мне для того чтобы получать пособие от государства необходима справка с места учебы. Ехать за одной справкой в Алматы очень затратно для меня. Я попросила свою подругу получить справку за меня и отправить мне по почте, но ей отказали в этом. Как я могу получить справку? Какие есть для таких случаев решения? Можно ли получить электронный вариант справки?
Ответ:

Уважаемая Карлыгаш! Вы можете оформить нотариально заверенную доверенность на имя подруги. Для получения необходимых документов Вашему доверенному лицу нужно обратиться в Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» (Казыбек би, 30). Контактный тел.:8 (727) 291-64-97.

27-06-2018 09-07-55   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 271
Салематсызба 54 балмен кайта тапсырсам болама. Ол нешесінен бастап құжаттар қабылдайды. Осыны біле алмай жүрмін. Сіздерег щқуға құжат тапсырғым келеді химия,биология бөліміне
Ответ:

Құрметті талапкер! Сіз Университетіміздің шығармашылық мамандықтарына түсіп, кейін басқа мамандыққа ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін құжаттарды 7 шілдеге дейін тапсыру қажет. Сондай-ақ, 25 шілдемен 3 тамыз аралығында қайта кешенді тестілеуге құжаттар қабылданады.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

27-06-2018 01-06-56   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 270
Салематсызба менің кызым ҰБТ дан 54 бал ап калды, енді осы оқу орнына тапсырғысы келеді.Қайта тестілеу болама, нешесінен басталады.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!  2018/2019 оқу жылында тек ақылы түрде оқу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қатыса аласыз, құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады.

26-06-2018 14-42-14   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 269
Салеметсізбе ағай! Менің мынадай сұрағым бар еді: неге университеттің мұғалімдері барлық жұмыстарын магистранттар мен докторанттарға істетеді??? Сабақты да солар береді, отчеттарды да солар толтырады, не үшін мұғалімдер жалақы алып отыр онда? Кейін басшыларға сол жұмыстың бәрін мұғалімдер біз істедік деп айтады, ал істемесек бағамызды төмендетіп, экзаменде құлатады.
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыздағы мәселені қарастыру үшін шағымыңызға қатысты кафедра оқытушыларының есімдерін  нақты көрсетуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!  

26-06-2018 13-09-45   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 268
Саламатсыз ба, құрметті, Балықбаев Такир Оспанұлы! Мен 1-курс магистранты боламын (2-жылдық, 6М011000-физика мамандығы). Менің сізге қояин деген сұрағым: мен ағымдағы оқу жылын (1-2 семестр) үздікке (повышка) тәмамдадым. Енді менің "президенттік шәкіртақы(степендия)" алуға толықтай мүмкіндігім бар деп ойлаймын (GPA-3,87). Себебі, оқу озатынан бөлек, университет ішіндегі шараларға жиі қатысамын. Айталық Астанада өткен (ЕНУ) 72-ғылыми конференцияға біздің университтің атынан ӨЗ ЕРКІММЕН барып (университет бойынша1 өзім ғана құрбыммен)конференцияға қатысып 1-орын, университетаралық конференциялардан да 1 орын алып жүрген білім алушымын. Оған қоса мақалаларым да бар, атап айтқанда, "Абай университеті" газетінде университетіміздің ішкі тынысы жайында жазған болсам, одан бөлек ғылыми-республикалық журналдарға бірнеше ғылыми мақаламды беріп жарыққа шығардым. Одан өзге институт ішіндеге көптеген конференцияларлың жүлдегерімін. 2018 ж сәуір айында Республикалық магистранттар мен докторанттар арасында өткен ғылыми жобалар сайысының жүлделі орын иегері атандым! Университет атынан Европада жарты жыл білім алып келдім! Қысқасы, бұдан өзге де көптеген біраз жетістікерім баршылық. (барлығын тізіп жазып отыруға уақыт тапшы). Осындай мүмкіндіктерім бола тұра бұл шәкіртақыны(степенлия) "қалай ала аламын?" деп сұрағанымда ешқандай нақты жауап ала алмадым! Сондықтан, сіздің көмегіңізге жүгініп отырмын. Осы шәкіртақыны қашан жане қалай алуға болатындығы жайында біраз ақпарат бере аласызба? Сондай- ақ ,айтарым белсенді білім алушыларға көбірек қолдау көрсетілсе екен деймін. Өйткені, сіздердің қолдауларыңыз арқылы біздің білімге, ғылымға деген ізденісіміз, құлшынысымыз одан әрі арта түседі! Сізге алдын-ала раxмет!
Ответ:

Құрметті студент! Жаңа оқу жылында өз өтінішіңізді директоратқа өткізіңіз, Сіздің стипендиат атануға толық мүмкіндігіңіз бар. Сұрағыңызға рахмет!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  187  188  189  190  191 192  193  194  195  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений