Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
22-07-2018 04-41-23   Другие

Автор вопроса: Садвокасов Арсен Ерланович

Вопрос № 318
Здравствуйте,Тахир Оспанович,хотел бы спросить вас,какие документы нужны для перевода в ваш университет?Я закончил колледж,и хотел бы поступить в ваш университет.С уважение Арсен Садвокасов.
Ответ:

Уважаемый Арсен! Для поступления в КазНПУ им. Абая Вы должны сдать документы в приемную комиссию до 25  августа. После колледжа обязательно нужно сдать комплесное тестирование. Если Вы не сдали данный тест, то подойдите в приемную комиссию до 2 августа.

Адрес приемной комиссии: г.Алматы, ул. Казыбек би, 28. Тел.: 8 (727) 291-73-71.

22-07-2018 04-27-32   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 317
Салеметсызбе мен сызге быр сурагым бар еды.Казыр мен Шымкент каласында "Мирас" университетынын 1 курс бытырдым,енды сыздерге тусу ушин кандай докумен керек,2 курстан бастайаламба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен жүзеге асырылады. Университетімізге ауысуыңыз үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты және транскрипт болуы қажет. Осы құжаттар негізінде пән айырмашылығы есептеліп, тиісті бұйрықтар рәсімделеді. Құжаттарды 20 тамызға дейін тапсыру керек.

21-07-2018 17-43-38   От родителей

Автор вопроса: Нурлы

Вопрос № 316
Саламатсызба.Қызым 119 балмен ағылшын тілін таңдап отыр.Қандай мамандықтарға тапсырсақ болады. Сіздің универге тусип кетсе,жыл сайын жатаханамен қамтамасыз етеме.Батыс Қазақстаннан.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар ағымдағы жылдың 28 шілде күні, сағат 16:00 дейін қабылданады. Бейіндік пәндеріңіз сәйкес келетін мамандыққа тапсыруларыңызға болады. Еліміздің шалғай жатқан аймақтардан келген білім алушыларымыз жатақханамен қамтамасыз етілген. Ол үшін жаңа оқу жылында студент жатақханаға мұқтаж екендігін көрсете отырып, тиісті құжаттарымен бірге өтініш жазуы тиіс.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 291-13-71.

21-07-2018 14-43-01   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 315
Сəлеметсіз бе! Мен 2017-2018 жылғы мектеп түлегі боламын. 21 маусымда ҰБТ тапсырып мүмкін болған 140 балдан 97 балл алдым, бейіндік пəндерім Биология+География. Мен ҚазНПУ-ға дефектология мамандығына тапсырғалы отырмын. 97 балмен (сельский квота) түсе аламын ба?
Ответ:

Құрметті талапкер!

Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар ағымдағы жылдың 28 шілде, сағат 16:00 дейін қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

21-07-2018 12-44-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 314
Салеметсизбе ректор мырза. Менде магистратура маселеси.
1. Мен 4 жыл бойы мемлекеттик грант негизинде билим алдым. жане соган байланысты 3 жыл колеминде мамандык бойынша енбек етуим керек. Егер мен магистратурага грантка туссем миндетти енбек етуден босатыламынба?
2. Мектепке Жумыска турсам магистратура дарежесиндеги сабактарыма улгере алмай калуым мумкин гой. сондыктан оку мерзими кешки уакытта жургизилуи мумкинбе?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Біріншіден, егер Сіз магистратураға түсіп жатсаңыз, 2 жылға ол міндеттен босатыласыз. Екіншіден, магистранттардың оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес оқу күндізгі оқу нысаны түрінде жүзеге асырылады. Жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қолайлы болуы үшін сабақ кестесі барынша ұтымды етіп жасалатын болады.

 

21-07-2018 09-52-23   От родителей

Автор вопроса: Әлім

Вопрос № 313
Саламатсыз ба! Менің балам физкультура факультетіне түскелі жатыр. Өкінішке орай ҰБТ қайта тапсырады. Ақылы оқуға ғана түсе алады деп естідім. Сол ақылы неше болады, Скидкалар бар ма? Кіммен жолығып сөйлесе аламын. Алдын ала Рахмет!
Ответ:

Құрметті ата-ана! Кешенді тестілеуге құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады. Ақылы бөлімге берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Сұрағыңыз бойынша Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен кеңес алуыңызға болады. Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қазыбек би көш., 28. Тел.: 8 (727) 291-73-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-07-2018 17-02-22   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 312
Саламатсыз ба? Менин кояин деген тағы бир сурагым бар еди. Магистранттарға жатакхана мәселесі киындау. Бизге бирден 1-жылдын толык акшасын толеуди талап етеди. Ал ондай сумманы (97 000тг) бирден төлеу ким-кимге де киын соғатыны анык. Алдағы уакытта бир жыл емес белгили бир себептерге байланысты жарты жыл туруым керек еди. Ондай жағдайда жарты акшасын ғана төлеп туруга болады ма?!! Сураганымда миндетти түрде 1 жыл төлеуим керек деп естігем. Сонда билим алушыларға жатакхана мәселесі боинша ( ари озим алыс аймактан келгем) жағдайлар жасалмайды ма? Типтен ең курганда жатакхана акшасын екиге болып толейтин мумкиндик жасасаныздар? Копшилик магистранттар мундай мумкиндикке муктаж екени анык!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Әр түрлі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қаражатты алдын-ала төлеу туралы арнайы шешім қабылданды.

19-07-2018 16-57-42   От абитуриента

Автор вопроса: Нартай

Вопрос № 311
Ассалаумағалайкум! Менің сұрағым: Мен Нартай биыл мектепті бітіріп ҰБТ-дан нашар баға алып қайта тапсыратын кешенге қалдым. Енді мен дене тәрбиесі және спорт мамандығына ақылы оқуға түсейін деп жатырмын. Мен 4 жыл бойы ақылы оқуым тиіс пе? Әлде жақсы оқи білсем грантқа ауыстыру мүмкіндігі бар ма? Қандай екен? (болса) Сізден бір жауап күтемін. Мен болашақта жақсы жаттықтырушы болғым келеді!
Ответ:

Құрметті Нартай!

Кешенді тестілеуге құжаттар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады. Ақылы бөлімге берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысуға болады. Мамандығыңыз бойынша мемлекеттік білім беру грантының бос орындар конкурсына академиялық қарызыңыз жоқ, GPA көрсеткішіңіз 3.0 төмен емес болған жағдайда қатыссаңыз болады.

Сұрақтарыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

19-07-2018 12-00-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 310
Добрый день!Скажите пожалуйста обязаны ли студенты отрабатывать после того как закончат университет ,если затем поступят в магистратуру за границу на другую специальность?Можете дать полную информацию по отработке ,потому что в универе никто доходчиво не объясняет это
Ответ:

Здравствуйте! Если студент учился на государственном образовательном гранте, он обязан отработать его по своей специальности. Полную и подробную информацию Вы можете получить в Центре карьеры по телефону 8 (727) 291 83 50.

19-07-2018 00-13-55   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 309
Салеметсиз бе! Менин кояиын деген сурагым, жазгы степендия али ала алмадым. Грантта окимын. 1 курс 1 семестрда орыс тили летага калып калдым, 2 семестр бари жогары. Летанын акшасын толеп, окып жаптым. Енди жазгы степендия ала алмаймын ба? соны тусинбей жатырмын
Ответ:

Құрметті студент! Шілде-тамыз айының шәкіртақылары шілде айында төленеді.

19-07-2018 00-07-30   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 308
Салеметсізбе!Тақир Оспанұлы мен Өзбекстан азаматымын осы жылы ҚазҰПУ университетінің педогогика жəне психология мамандығына тапсырып едім 42 балл жинадым сосын ақылы оқуға болама десем шетел азаматына 630000 болады деді бірақ беседа алдын ала 30 % төлейсіз деді менің мамандығым информатик.Сізден сұрайын дегенім осы ҚазҰПУ университетінің ақпараттық жүйелер мамандығына ауысуыма боладыма жане ақылы бөлім қанша болады шетел азаматтарына.Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет!
Ответ:

Құрметті талапкер!

Шетел азаматтары оқу орнымыздың ақылы бөліміне сұхбаттасу негізінде қабылданады. Жылдық оқу ақысы 635 000 теңгені құрайды. Келісім-шарт бойынша алдын-ала оқу ақысының 30% төленуі керек.  Сіз бірінші семестрді аяқтап, қалаған мамандығыңызға ауыса аласыз. Ескере кететін жағдай, пән айырмашылығын ақылы түрде тапсыруыңыз керек болады.Сұрағыңызға рахмет!

18-07-2018 15-50-14   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 307
Сәлеметсіз бе! Магистратура мамандықтары бойынша қойылатын емтихан сұрақтары университет сайтында жарияланады ма? Жарияланатын болса қашан шығады немесе қайдан табуға болады?
Ответ:

Құрметті талапкер! Магистратураның барлық мамандықтары бойынша бағдарламаны келесі сілтеме арқылы аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2177/page/. Берілген бағдарлама бойынша емтихан сұрақтары құрастырылады.

18-07-2018 13-51-03   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 306
Сәлеметсіз бе, құрметті, Ректор мырза! Мен биыл #2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледждегі "Бастауыш білім беру" мамандығын үздік дипломмен бітіріп, ҚАЗҰПУ-ға ПиП факультеті "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығына тапсырып едім, Кешенді тесттен өттім 43 балл. Сырттай бөлімге грантқа түсе аламын ба? Мен опекунство, яғни әжемнің қамқорлығындағы қыз едім. Әкем қайтыс болған. Заң бойынша анам жоқ. Сізден сұрарым ҚАЗҰПУ да сырттай бөлімге түсуге көмек болады ма? Барлық іс-қағаздың түп нұсқасы бар. Мен жұмыс істеп сырттай бөлімге тапсырмақшы едім. Жауабыңызды күтемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Кешенді тестілеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша Сіз мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатыса аласыз. Аталмыш мамандықтың сырттай бөліміне  Республика бойынша 53 орын бөлінген. Қажетті құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапсыруыңызға болады.

18-07-2018 11-14-21   От абитуриента

Автор вопроса: Ару

Вопрос № 305
Сәлеметсіз бе,профессор Балықбаев Такир Оспанович.Менің сұрайын дегенім сіздерде филология:ағылшын тілі факультеті барма?Және оның жылына оқу ақысы қанша?
Ответ:

Құрметті Ару!

Университетте Филология және көп тілді білім беру институты бар. Аталмыш институтта «Шет тілі: екі шет тілі» (520 000 тг.), «Аударма ісі» (510 000 тг.), «Филология» (510 000 тг), «Шетел филологиясы: ұйығыр тілі» (506 000 тг.) мамандықтары бар.

18-07-2018 10-45-49   От студента

Автор вопроса: Тулешова Сауле

Вопрос № 303
Өте шұғыл сұрақ!
Такир Оспанович, сәлеметсіз бе! Мені мазалап отырған сұрақ академиялық ұтқырлықпен байланысты. Мен Erasmus бағдарламасымен Польша Республикасына 1 оқу семетріне жолдама ұтып алдым. Сонымен қатар, ҚХР Пекин қаласынан да 1 жылдық уақытқа оқу бабымен шақырту қағазы келді. Документация бойынша Польшаның құжаттары дайын болып, визам да жасалынып тұрғандықтан, Европаға ұшқалы жатырмын. Алайда, жүрегім Қытайда оқуды қалайды. Сізге қойғым келіп тұрған сұрағым: Польшадан оқудан келгеннен соң, академиялық ұтқырлықпен Пекин қаласына да 1 семестрлік оқуға барып келуіме сіз келісім бересіз бе?
Мен белсенді студенттердің қатарындамын. 28-дүниежүзілік қысқы универсиадада ерікті болып Тайвань елінен келген қонаққа атташе ретінде қызмет атқардым, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінде де ерікті болдым. Университетіміздің атынан Сочи қаласына 19-дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қатысушы ретінде барып қайттым.
Көпбалалы отбасынанмын, анам және 3 сіңлілерім ғана бар. Ағылшын және қытай тілдерін жақсы деңгейде меңгергенмін және одан ары дамытқым келеді. Қазақстан мен өзге елдердің ара-қатынасын жақсы жаққа дамытуға барымды салып тырысамын. Университетіміздің атына кір келтірмей, мақтанышпен оралып келуіме 100пайы кепілдік беремін.
Мені түсінесіз деген ойдамын. Раxмет!
Ответ:

Құрметті Сәуле! Польша мемлекетіне барып, оқуыңызды аяқтап келгеннен кейін Қытай мемлекетінде білім алу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Алдымен жоспарланған мемлекетте оқуыңызды  аяқтауыңыз қажет.

18-07-2018 03-47-56   От абитуриента

Автор вопроса: Әлімбай Айгүл

Вопрос № 302
Саламатсызба. Сізден сұрайын дегенім мен колледж түлегемін. Осы университетке грантқа түсу үшін КТ дан қанша балл алу керек?
Ответ:

Құрметті талапкер! 2018/2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжат қабылдау уақыты 18-26 шілде аралығында өтті. Сіз 2019 жылы 1-20 маусым аралығында құжатыңызды кешенді тестке тапсырып, барынша жоғары балл жинауыңыз қажет болады. 2019 жылы 18-26 шілде аралығында конкурсқа өтініш бересіз.

17-07-2018 21-21-45   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 301
Здравствуйте! Когда будет программа вступительного экзамена по специальностям PhD докторантуры? По каким вопросам готовиться? Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! Программы вступительных экзаменов по специальностям докторантуры PhD доступны по следующей ссылке: http://www.kaznpu.kz/ru/2179/page/.

17-07-2018 14-02-29   От студента

Автор вопроса: Сапарбек Ақжол Бағланұлы

Вопрос № 299
Сәлеметсіз бе? Менің сізге сұрағым бар еді.
Мен Биыл2 2018 жылы ҰБТ тен 112 балл жинап едім.
Мен математика мұғалім мамандығын таңдап отрм.Мен грантқа түсе аламба?
Ответ:

Құрметті Ақжол!

Мемлекеттік білім беру грантының конкурсына құжаттар 2018 жылдың 28 шілде, сағат 16:00 дейін қабылданады.

16-07-2018 07-22-33   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 298
Сəлеметсізбе! Сізден сұрайын дегенім 2курстан 3 курс ка өту үшін gpa балл 2.67ден төмен болмау керек емеспа? Менде gpa 2.75 белгілі бір себептермен қарызымды өтей алмай жүрмін. Бірақ мен енді 3 курс ка өте алмаймынба GPA баллым жетема (2.75) өтініш сіздің жауабыныңыз ауадай қажет
Ответ:

Құрметті студент! Сіздің 2 курстағы GPA көрсеткішіңіз 2,75 балл болса, 3 курсқа өтесіз. Егер Сіздің академиялық қарызыңыз болса, 3 курстың соңына дейін университет бойынша ұйымдастырылатын қосымша жазғы, күзгі семестрлерде оқуыңыз қажет. 

14-07-2018 21-05-29   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 297
Саламатсызба, Такир Оспанович!
Міне бізде әскери кафедраны бітірдік деп қуанып отырмыз. 35 күндік әскери жиында біз көп нәрсеге үйреніп, офицер деген қандай болу керек екенін, ар-намыс, шын достық, адамгершіліктікті бойымызға сіңдірдік. Оған кафедра офицерлеріне мыңда бір рахметімізді айтамыз. Кафедра офицерлері күн-түніне, уақытына қарамай бар білімін, тәжірибесін бізге беріп тұрды. Офицерлер бізге әкесіндей, ағасындай қамқорлықпен қарады. Олардың бізге ұрысқан кездері де болды, бірақ студенттердің ар-намысын біреуі қорламады. Әрине бұл офицерлерді біз әр уақытта естен шығармаймыз және де көрген жерде сыйлап жүреміз.
Бірақ, Такир Оспанович, бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді деген мақал бар ғой қазағымызда. Бұл кафедрадада сондай жағдай болып тұр. Осы мәселелермен сізге біз, бірнеше студенттер сізге жазып отырмыз. Бұның себептері: томенде айтылатын жаман нәрселерді тоқтатпаса болмайды дейміз.
Әскери кафедрада жақында цикл бастығы болған полковник бар, фамилиясы Баймаганбетов Ерен және старшина Ахметов Болат дегендер бар. Осы екеуі әскери жиын кезінде екі жыл бойы офицерлер «міндет, абырой, ерлік, офицердің ар-намысы» деген түсініктерін төңкеріп тастады.
Бірінші күннен бастап старшина Ахметов түрлі себептермен ақша жинауға кірісті. Оның бәрін не үшін жинадық? Бізге кафедрадағы аяғы ауыр капитан Федороваға детский коляска алып бересіңдер деді. Бірақ ол колясканың бағасы жүз қырық мың теңгеден жоғары екен. Оны алмадық. Старшинаның айтқаны бойынша Баймағанбетовтің машинасының сиденьесіне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, дворниктер алғызды. Ахметов өз машинасына сиденьелеріне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, жаңа радиатор, стеклоподъемник, рулевой рейкаларын ауыстырып бергізді баллардың ақшаларына. Тағыда старшина бірінші ротаның балларынан бір жарым мың теңгеден жинады. Оны старшина кафедраның қажеттілігіне керек деп түсіндірді. Ол ротаның командирі Баймағанбетов болды. Ол ақша кімге керек екенін біз сразу түсіндік. Старшинаның талабы бойынша жиырма сегізінші маусымда студенттер оны саунаға алып барды. Бірақ оның құтырғаны: «Зачет емес, он бірінші шілдеде тағы қайталайсыңдар» деген.
Бұған қоса, екеуінің стутенттермен сөйлескендегі мәдениетін көрсеңіз... Ауыздарынан шыққан сөздерін Сізге айтуға біз ұялып отыр-мыз. Сөздерінің бергі жағы «Эй, бараны... ишаки... тупые... черти...». Басқа балағаттап сөйлейтін сөздерді өзіңіз түсінерсіз. Баймағанбетов айқайлап балағаттағанда, біз өзімізді болашақ педагогтар емес мал ретінде сезініп қалып жүрдік. Бір сенбі күні офицерлер сағат төртке дейін сабақтар болады, сонан соң боссыңдар деген. Полковник Баймағанбетов үшке дейін жоқ болды. Сағат үштен асқанда Баймағамбетов пайда болып, «кешкі алтыға дейін жұмыс істейсіңдер» деп бәрімізге қара жұмыс ісвтетіп қойды. Мәселе жұмыста, уақытта емес болды. Мәселе оның жағдайында – беті қызарып, аузынан перегар ұрып түрды. Әрине, біз кафедра бастығына жазайын дедік сол кездерде, бірақ бәрімізге кесірі тиіп кетеді ма деп ойладықта үндемедік. Біз әлі қорқуға себептер бар. Оқуды бітіріп, дипломның копиясын өткізіп звание алғанша кафедраға тәуелді екеніміз анық. Осыменен штаршинада бәрімізді қорқытып жүрді.
Такир Оспанович, бұнын бәрін Сізге жазып жатқан себебіміз, аталған адамдарды қудалап, қаматып тастау, кафедраны төңкеру емес. Ойымызша осы екуі кафедрадағы білімді де ар-намысы мықты офицерлер ұжымына кір келтіреді. Бұл хат Сізге мәлімет үшін. Әрине бізде, басқа кафедрада оқыған баллар да ешқашан, ештеңе жазып қол қоя алмайды. Нағып екенін түсінесіз деп ойлаймыз.
Мұғалим офицерлермен жыл сайын келісім-шарт жасалады деп есітенбіз. Солай болса олардың келісім-шартын қайта қарасаңыз. Ендігі жылы кафедрадағы баллар олармен кездеспесе өте тамаша болар еді дейміз.
Ответ:

Құрметті студенттер!

Бұл мәселе міндетті түрде университеттің жемқорлыққа қарсы отырысында қарастырылады. Сонымен қатар, университет басшылығы тарапынан аталмыш мәселеге қатысты арнайы тексеріс жүргізіліп, қабылданған шешімнің негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады. Егер шағымдарыңызда аталған қызметкерлерге қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіздер болады. Сұрақтарыңызға рахмет! 

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  186  187  188  189  190 191  192  193  194  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений