Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
10-08-2018 22-25-57   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 367
Сәлеметсіз ба?мазалағаныма кешіріңіз .менің сізден сұрайын дегенім: мен 2018 жылдың түлегі едім ұбт-тен 95 балл жинады м таңдау пәнім биология- химия бірақ грантка түспедім сіздерде женілдіктер бар ма? Өзім көп балалы отбасыдан шығып едім(үйде 7балламыз мен үлкені) .жеңілдік болмаса оқу ақысы қанша ?химия мен биология мұғалімдікке?
Ответ:

Құрметті талапкер! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сіз таңдаған бейіндік пәндер бойынша келесі мамандықтар бар: «5В011200-Химия» (506 000 тг), «5В011300-Биология» (506 000 тг), «5В060700 – Биология» (510 000 тг).

Сонымен қатар оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf. 

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71.

10-08-2018 16-41-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 366
Сәлеметсіз бе,Таxир Оспанұлы! Осы жылы 3-курс студенттеріне жатақxана беріледі ме? Деканаттан берілмейді деген xабарлама келіп жатыр, пәтер іздей беріңіздер депті. Қаншалықты рас, ақылы бөлімде оқып жатырмыз өзіміз,ол жағы қиын,не істейміз бұл жағдайда?
Ответ:

Құрметті студент! Әрбір институт жанынан арнайы комиссия құрылған. Жатақханаға мұқтаж кез- келген студент өз өтінішін комиссия қарауына ұсынуға құқылы. Сондықтан өтінішіңізді комиссия қарауына ұсынып, конкурс нәтижесін күту керек. 

10-08-2018 14-04-01   От абитуриента

Автор вопроса: Гулзира Сарсенбек

Вопрос № 365
Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы! Ағай мен филология және көп тілді білім беру институнының 4 курс студентімін. Мен Мевлана бағдарламасы бойынша Түркияның Мұғла Сыткы Кочман университетінің стипендясын жеңіп алған болатынмын! енді менің 4 курс студенті екенімді біліп, 4 курска шет елге шығуға рұқсат жоқ деп жатыр! Енді мен рұқсат ала аламба? Жалпы мүмкіндік бар ма?
Ответ:

Құрметті Гүлзира! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.

10-08-2018 00-58-15   От студента

Автор вопроса: Өтесбай Жазира

Вопрос № 364
Сәлеметсіз бе, неге әр түрлі мүмкіндіктер, конкурстық шаралар, соның ішінде осы жақында болған магистранттарға президенттік шәкіртақыны тағайындау конкурстары дедлайн уақыты немесе дедлайн уақытынан кейін сайтқа жарияланады? айтар болсақ ол жаңалық 8.08.18 жарияланды, алайда документтер тізімін қабылдау 8.08.18-не дейін деп жазылады. әлде бәрі өзінің таныстарына айтып сайтқа "для красоты" шығарылады ма? бұл бірінші рет емес, бірнеше болып отырғаны. Осындай конкурстар, шараларды уақытылы және барлық студенттер жазғы демалыстарына кетпес бұрын салынуын сұраймын. Рахмет
Ответ:

Құрметті Жазира! Президенттік шәкіртақы туралы хабарлама Білім және ғылым министрлігінен Университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне 8 тамыз күні жіберілген. Президенттік шәкіртақы туралы ақпарат сайтқа 8 тамыз күні жарияланды.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз. 

10-08-2018 00-50-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 363
Сәлеметсіз бе, неге қандай да іс-шара, конкурстар, соның ішінде магистранттарға президенттік шәкіртақы тағайындау секілді жаңалықтар дедлайн күні өтіп кеткеннен кейін немесе соңғы дедлайн күні болғанда ғана сайтқа шығарылады? әлде тек бәрі өзінің таныстарына айтып, кейін сайтка "для красоты" шығарылады ма? осы жағын қолға алуыңызды өтінемін, бұл бірінші рет емес күнде осылай. Рахмет
Ответ:

Құрметті студент! Сайтқа ақпараттарды Университеттің құрылымдық бөлімдерінен уақытылы берілуі талап етіледі. Сайтта жарияланған  ақпараттардың төменгі жағында жауапты құрылымдық бөлімдер көрсетіліп, мәліметтердің берілген күнімен орналасады.

Біріншіден, сайтқа оқу үрдісіне қатысты ақпараттар уақытылы берілмеген жағдайда,  Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен, ал өткізілетін іс-шаралар бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады.

Екіншіден, «бұл бірінші рет емес күнде осылай» деген шағымыңыз шындыққа жанаспайды, ақпараттарды мұқият қарауыңызды сұраймыз. Сайттың қызметіне байланысты сұрағыңыз туындаған жағдайда, Университеттің Қоғаммен байланыс бөліміне хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-86-38.  Сұрағыңызға рахмет!

09-08-2018 19-09-06   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 362
Мен биология мамандығы бойынша тапсырып едім жаратылыстану бағыты бойынша сырттаига орын барма сіздерді
Ответ:

Құрметті талапкер! Колледж бітірген немесе екінші жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар талапкерлер үшін сыртай бөлімге құжаттар биыл қабылданады.

09-08-2018 17-37-18   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 361
Сəлеметсіз бе ректор мырза! Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен деймін!Мен биылғы жылы жазғы семестрге қалып қалған болатынмын.Кредит ақшасын төлей алмай жазғы сессияны жабу уақыты аяқталып кетті.Мен толық жетіммін,тұрмыстамын жəне аяғым ауыр.Енді сол жазғы семестрді қалай жапсам болады?4 курсқа көшірілмей қалуым мүмкін бе?Не істесем болады?
Ответ:

Құрметті студент! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласыңыз.

Егер директорат тарапынан оқу үрдісіне қатысты мәселеңіз шешілмеген жағдайда, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

 

09-08-2018 16-40-37   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 360
Сəлеметсізбе ректор мырза!жауабыңыз үшін алдын ала рақмет. мен сіз басқарып отырған оқу орнын 2010ж аспирантураны əдебиет саласынан аяқтаған едім.баспа бетінде ғылыми мақалаларым жарық көрген.Ғылыми жетекшім осы оқу орнынан еді.өкінішке орай ,тұрмысқа шығып,балалы шағалы боп,мен кандидаттық жұмысымды қорғай алмай қалдым.енді жалғастыруға ниет еткен едім,бірақ маған магистратураны оқисыз деді.сол уақытта бакалаврды қызыл дипломға бітірген соң бірден аспирантураға түскен едім.енді не ңстеуім керек?жалғастырғым келеді.жауап береді деген үміттемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі білім және ғылым саласындағы заңнамаларға сәйкес магистратура бітіргеннен кейін ғана докторантураға тапсыруыңызға болады.

08-08-2018 22-58-34   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 357
Құрметті Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 3 - курс студенті боламын. Менің сізге қояр сұрағым, универ жүйесі бойынша біз 3 - курста сабақ уақытын таңғы сағат 8:00 де басталатындай етіп өтініш жазсақ болады ма? Деканат өтінішті қабылдауы тиіс пе?
Ответ:

Құрметті студент! Сабақ кестесі міндетті түрде әрбір курстың бекітілген уақытына сәйкес жасалынады. 

08-08-2018 20-45-20   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 356
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы! Менің сізге қояр сұрағым осы Абай атындағы педагогикалық университетінің жатақханасы жылына қанша болады екен?
Ответ:

Құрметті талапкер! Университетіміздің жатақханаға төленетін 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық төлем ақысы тамыз айының соңына таман бекітіледі.

Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-83-82.

08-08-2018 11-40-15   От родителей

Автор вопроса: Акботаева Шынар

Вопрос № 355
Здравствуйте. Моя дочь поступила на грант. Мы из г.Актобе. Хотелось узнать по поводу общежития. Смотрю, комментарии и отклики не хорошие в интернете. Насколько это правда?
Ответ:

Здравствуйте! Мы рады, что Ваша дочь стала студенткой нашего университета. 

Что касается общежитий, то в этом году проведен капитальный ремонт, созданы хорошие условия для проживания. Общежития расположены  рядом с учебными корпусами.

Места в общежитиях выделяются в первую очередь первокурсникам. 

08-08-2018 03-35-26   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 354
Сәлеметсізбе, Таxир Оспанұлы! Мен филология факультетінің 3 курс студенті боламын. Сізге қояр сауалым ректор гранты туралы болмақ. Бұл біздің университетімізде бар ма? Болған жағдайда оған қойылатын талаптар қандай? Назар салғаныңызға раxмет!
Ответ:

Құрметті студент! Ректордың гранты толық жетім білім алушылардың оқу үлгеріміне, әлеуметтік жағдайына байланысты қарастырылып, беріледі. Егер Сізде әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік берілетіндей анықтамалар болса, құжаттарыңызды және өтінішіңізді жылда жеңілдік беру бойынша өткізілетін комиссияға тапсыруыңызға болады.

Сондай-ақ, биыл Университетімізде білім аламын деуші талапкерлерге көптеген жеңілдіктер жасалуда. Жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Сұрағыңызға рахмет!

08-08-2018 01-36-14   От абитуриента

Автор вопроса: Raia

Вопрос № 353
Сəлеметсіздерме.Грантты басқа қалаға ауыстыруға болады ма?
Ответ:

Құрметті Рая! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығының 31-тармағына сәйкес «білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады».
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

07-08-2018 20-12-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 351
Салеметсіз бе Тахир Оспанович Балықбаев.
Менің сізге сұрағым.Мен ҚаЗҰПу Құқықтану мамандығында ақылы түрде оқимын.Мен 1курсты үздік бағалармен аяқтадым.Осыған байланысты 2курста университет тарапынан жеңілдіктер көрсетіле ме?
Ответ:

Құрметті студент! Студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдың  қыркүйек, қазан айларында  әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңізге болады. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf .

Ескерте кететін жағдай, егер Сіздің 1-2 курстағы бағаларыңыз тек «5» (өте жақсы)  деген баға болса,3 курста Президенттік шәкіртақыға үміткер бола аласыз. Сұрағыңызға рахмет!

07-08-2018 20-09-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 350
Сәлеметсіз бе,Такир Оспанович? Мен филология және көптілді білім беру институтының студенті едім. 1-курста ҰБТ-дан алған баллыма байланысты 50% жеңілдікпен оқыдым. GPA баллым жоғары. 2-курста жеңілдікті сақтап қала аламын ба?
Ответ:

Құрметті студент! Талапкерлерді оқуға қабылдау кезінде ҰБТ-дан жоғары балл жинауына байланысты қарастырылатын жеңілдік тек бірінші жылға беріледі. 2-курста оқу төлемақысына жеңілдік алуға қыркүйек, қазан айларында директоратыңызға өтініш жазып, тиісті құжаттарыңызды өткізуіңізге болады. Студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Сұрағыңызға рахмет!

07-08-2018 15-26-13   От абитуриента

Автор вопроса: Беске Гүлнұр

Вопрос № 349
Салеметсиз бе?Мен осы университетке түстім.Документ бойынша барғалы отырмын Шымкент қаласынан.Кандай документтер қажет?
Ответ:

Құрметті Гүлнұр! Егер республикалық конкурс негізінде біздің оқу орнымызға грантқа оқуға қабылданған болсаңыз, құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін тапсыруыңыз қажет. Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қазыбек би көшесі, 28. 

Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік көшірмесі - 2 дана, аттестат немесе диплом (түпнұсқа), 063 профилактикалық егу картасы (көшерме), медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен), 3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет, ҰБТ немесе КТ сертификаты, мекен-жай анықтамасы.

07-08-2018 11-50-47   От абитуриента

Автор вопроса: Мұратова Назым

Вопрос № 346
Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы.Менің сізден сұрайын дегенім,мен,сіздердің оқу орындарыңызға заңгер мамандығына ақылы-қазақ бөліміне түспекшімін бұйырса.Оқу ақысы қанша?Төрт бөліп төлеуге болады ма?Сіздердің қабылдау комиссияларыңыздан сұрағанымда төрт бөліп төлеуге болады деген.Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Ответ:

Құрметті Назым! Университетіміздің «5В030100-Құқықтану» мамандығының жылдық оқу ақысы 634 000 теңге. Келісім шарт бойынша Сіз оқу ақысын төрт бөліп төлей аласыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатындағы баллдық көрсеткішіңіз кем дегенде 65 болуы қажет. Сұрағыңызға рахмет!

06-08-2018 21-48-02   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 345
Сәлеметсіз бе мен осы жылы 99 балл алған едм Ентдан.таңдау панім биология химия.бірақ грантқа іліге алмай қалдм енді сіздерге түссем деп едім.Сіздерде биология пед химия пед оқу ақысы қанша.
Ответ:

Құрметті талапкер! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сіз таңдаған бейіндік пәндер бойынша келесі мамандықтар бар: «5В011200-Химия» (506 000 тг), «5В011300-Биология» (506 000 тг), «5В060700 – Биология» (510 000 тг).

Сонымен қатар оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf. 

06-08-2018 19-32-34   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 344
Сәлеметсіз бе, мен 2018 жылдың түлегімін. ҰБТ-ден 106 балл жинадым. "Алтын белгі" иегерімін. Ауылдық квота иесімін.Өзім оқу үздігімін, көптеген жас ақындар мүшайраларының жеңімпазымын( республикалық емес) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. ҚазҰПУ-ды екінші етіп таңдадым, бірақ түсе алмадым. Сізден сұрайын дегенім: қосымша университет бөлген грант есебінен бе немесе ректор гранты деген сияқты жеңілдіктермен сіздердің университеттеріңізге қалай түссем болады?Өтініш, осы сұрағыма жауап бересіз бе?
Ответ:

Құрметті талапкер! Оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.  

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71.

06-08-2018 19-22-39   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 343
Әскери кафедраға биыл ҰБТ-ға қатысқан азамат құжат тапсыра аладыма?
Ответ:

Құрметті талапкер! Әскери кафедраға қатысты сұрақтарыңызға нақты жауапты 8(727) 382-27-35 телефонына хабарласып, біле аласыз.

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  184  185  186  187  188 189  190  191  192  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений