Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
15-06-2018 08-27-01   От студента

Автор вопроса: Оңдасынова Бибінұр

Вопрос № 243
Құрметті, Такир Оспанович мырза! Мен ФилКББИ, екі шет тілі мамандығының 1 курс студентімін. Мен ауылдық жерде тұрамын, қаржылық-материалдық жағынан қиналып жүрмін. Соны ескеріп, мені ақылы бөлімнен грантқа ауыстыруыңызды сұраймын. Оқу үлгерімім, GPA-баллым жоғары.
Ответ:

Құрметті Бибінұр! Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қабылданады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

13-06-2018 22-47-52   От абитуриента

Автор вопроса: Есенбаева Жұлдыз

Вопрос № 242
Сәлеметсізбе! Менің қояр сұзрағым мен ЮКГФА оқу орнының "мейірбике ісі" бакалавр факультетін бітіргенмін. Екінші жоғарғы білімді логопед мамандығы бойынша алғым келеді. Ол үшін кешенді тест тапсыру керек пе?
Ответ:

Құрметті студент! Екінші жоғары білім алу үшін кешенді тестілеу тапсырудың қажеті жоқ, білім алушылар оқуға сұхбаттасу нәтижесі бойынша қабылданады. Екінші жоғары білім алу ақылы негізде жүргізілетіндігін ескертеміз.Сұрағыңызға рахмет!

12-06-2018 17-21-37   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 241
Добрый день! Подскажите пожалуйста - докторантура по специальности "Международные отношения" есть? Если да, почему на сайте нет шифра
Ответ:

Уважаемый абитуриент! К сожалению, докторантура по специальности «Международные отношения» в нашем университете отсутствует.  С перечнем наших специальностей Вы можете ознакомиться на нашем официальном сайте в разделе «Поступающим» (http://www.kaznpu.kz/ru/2150/page/). Спасибо за вопрос.

12-06-2018 17-02-57   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 240
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза!
Мен М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің бірінші курсын тəмамдадым. Грант негізінде оқимын. Мамандығым Информатика. Сізден сұрағым келгені, мен грантты сақтай отырып сіздердің университетіңізге ауысуыма болады ма?
Ответ:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы  № 19 қаулысымен бекітілген Жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға болады.

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

09-06-2018 17-16-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 239
Сəлеметсізбе Құрметті Такир Оспанұлы!Мен Филология жəне көптілді білім беру факультетінің 4-курс бітіруші түлегімін! Мен 1-курста жазгы сеестірге құлаған едім.Сонын кесірінен кызыл диплом ала алмайын деп турмын. Мемлекеттік емтихандарым 5. дипломды 5-ке қорғадым! gpa балл жоғары. Сіздің тарапыныздан мейірімділік сұраймын.
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!

07-06-2018 15-24-18   Другие

Автор вопроса: Абдувалитов Ергеш Бураневич

Вопрос № 238
Құрметті Такир Оспанович! Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттер арасында саяси-экономикалық, мәдени байланыстаржың ең жоғарғы деңгейде екендігіне көзіміз жетіп отыр. Наурыз айында Президентіміз Ш.М. Мирзиёев Қазақстан ресми сапарынан алдын "Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау туралы" қаулыға қол қойған еді. Бұл қаулыны Өзбекстанда жасап жатқан қазақтар үлкен қуанышпен қарсы алды. Қаулыда Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университетінде "Абай және өзбек әдебитін" экспозициясын ұйымдастыру көзде тұтылған. Сондықтан музей-экспозицияға Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мультимедиялық құралдар, абайтнаушы ғалымдардың еңбектерін т.б. қажетті материалдармен қамтамасыз етуіңізді сұранамыз. Аса құрметпен, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.
Ответ:

Құрметті Ергеш Бураневич! Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған экспозиция жұмысына сәттілік тілейміз!

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қажетті материалдарды Университетіміздің  Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Кенжебаев Ғабит Капезұлынан (Бас оқу ғимараты, 302-кабинет) алуларыңызға болады. Байланыс телефоны: 8(727) 291-46-88.

06-06-2018 05-55-33   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 236
Сəлеметсіз бе, Такир Оспанұлы. Біз 3 курс студенттеріміз. Алматы қаласында қазіргі таңда белең алып жатқан менингит ауруы баршамызды жəне ауылдағы ата- анамызды уайымдатып отыр. Сондықтан алдыңғы жылдағыдай сессияны ауызша ерте тапсырып кетуімізді қарастырсаңыз екен.Рақмет!
Ответ:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта университеттің денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері барлық жатақханаларда елімізде орын алып отырған менингит ауруын алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бұдан басқа, институт директорлары мен бөлім басшыларына студенттер арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Емтихан өткізу кестесін өзгертудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сұрағыңызға рахмет!

06-06-2018 02-34-25   Другие

Автор вопроса: Бағдат Молдахметұлы Мажинов

Вопрос № 235
Қадірлі Такир Оспанұлы!
«Ректор блогы» ашылғалы бері осы бір қысқа мерзімнің ішінде Сіздің атыңызға екі жүзден аса хаттар келіп, соның бәріне ерекше ықыласпен жауап беріп отырғаныңызды күнделікті көріп отырмыз. Бұл жаңашылдық – жанашырлықтан туындаған болу керек деп түсінеміз.
Дегенмен де, қойылған сұрақтардың мазмұнына көз жіберсек, олардың басым көпшілігі ұсыныстарға қарағанда, шағым-арыздарға, сонымен бірге студенттердің тығырыққа тірелген кездегі жанайқайларына, өтініштеріне толы екен! Осыған орай көкейде жүрген бір-екі ұсынысымды білдіргім келеді.
Бірнеше күннен кейін қасиетті Рамазан айы аяқталғалы тұр. Осы қалған күндердің мүмкіндігін пайдаланып, университетіміздің 90 жылдығын ескере отырып, «Қарт ҚазПИ-дің» негізін қалаған, ұлт болашағы үшін бастарын ажалға тігіп, зұлмат жылдары опат болған аяулы бабаларымыздың биік рухтарына Құран бағыштап, осыған орай, Алла разылығы үшін ораза тұтып, таза ниетпен жүрген профессор-оқытушылар мен қызметкерлерге ауызашар ұйымдастырылса, үлкен сауапты іс болар еді деген ойдамын.
Екінші ұсынысым, біз бәріміз де осы университет қабырғасында білім алып жатқан студенттердің т.б. білімгерлердің арқасында қызмет жасап жүрміз. Яғни, кез-келген білімгердің тағдыры, тіршілігі, қажеттіліктері мен сұраныстары, мұқтаждықтары бізді алаңдатпай қоймайды. Студенттің басына түскен қиыншылықтар ешкімді де бей-жай қалдырмауы тиіс! Шыны керек, өмір болған соң осындай жағдайда жүрген студенттер университетімізде баршылық. Оның ішінде мүгедек, тұл жетім, жағдайы төмен отбасынан шыққандар бар. Осыған байланысты, университеттің әрбір кәсіподақ мүшесі ай сайын өткізетін мүшелік жарнасынан ең болмағанда 100-200 теңгеден бөліп, жағдайы төмен студенттерге қамқорлық жасайтын «қайырымдылық Қорын» ұйымдастыруды ұсынғым келеді. Қор жұмысының мақсаты: әр оқу жылында, жоқ дегенде 2-3 студентке Ректор грантын ұсынудан бастап, оқу төлем ақыларына жеңілдіктер қарастыру, шәкіртақы тағайындау, күнделікті бір уақыт ыстық тамақ беру, денсаулықтарына қажетті дәрі-дәрмек алуға, санаторийлерге жіберуге қаржы бөлу сияқты қайырымдылық істерге бағытталып отырса. Қор жұмысын қамқоршылық Кеңес басқарып, жарты жылда бір рет есеп беріп отырса деген ұсынысым бар.
Аса құрметпен, «Арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор, Бағдат Молдахметұлы Мажинов

Ответ:

Құрметті  Бағдат Молдахметұлы! Университетіміздің қызметін дұрыс бағытта қалыптастыру мен дамыту және оқу орнымыздағы орын алған мәселелерді шешу жолдарында қоғаммен байланыс орнатудың маңызы зор болғандықтан, жолданған сауалнамалар мен ұсыныстар қарастырылып, сауалнамалардың орындалуы бақылауға алынады.

Ұсынысыңызға келетін болсақ, тәжірибелі ұстаз ретінде білім алушылардың жағдайына бей-жай қарамай, өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. Студенттерімізге байланысты ұсыныстарыңызды нақтылап, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады.

05-06-2018 17-54-17   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 234
Сəлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 4 курс студентімін.2 курстың 2 семестрінен -3 курс 1 семестрі аралығында академиялық ұтқырлықпен JASSO Glocal стипендиясымен Жапония мемлекетінің Цукуба қаласы Цукуба университетінде оқыған едім. Сол университетке баратын кезде мұғалімдерімнен академиялық демалыс алуым керек пе немесе дистанционно тапсыруым керек па сабақтарымнан шыққан разницаны деп сұрағанымда жоқ келгеннен соң тапсырасың деп айтып еді.Ол бағаларым дипломға түседі деп ешкім ескертпелі. Мен Жапониядағы оқыған пəндерім мүлдем мамандығыма сəйкес келмейді. Сонда оқып жүргенде бір пәннен С бағасын алып едім В бағасына 1 ғана балл жетпей тұр, ол бағдарлама бойынша тек сертификат алып келемін деп ойладым.Сол сəйкес келмейтін пәндерді дипломға қосып қойыпты. Мен қызыл дипломға үміткер едім. 1 курстан бері үздік оқыған студентпін. Жапониядағы пəн айырмашылығын(разницасын) 3 курста жаз бойы және 4 курстың 1 семестрінде барлық пəндерімді 5ке тапсырдым. Қызыл диплом алуға Жапониядан алған мамандығыма мүлдем қатысы жоқ тек 1 балл кедергі болып тұр. Не істесем болады?
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-13-71.

05-06-2018 14-05-14   От студента

Автор вопроса: Дуйсенова Несибели Коджаахметкизи

Вопрос № 233
Сəлеметсізбе ректор мырза!Мен Дуйсенова Несибели Коджаахметкизи филология жəне көптілді білім беру институты 5В011700 қазақ тілі мен əдебиеті мамандығының 3-курс студентімін. Мен 01.06.2018 жылы Қазіргі əдеби үдеріс сабағынан жазбаша емтихан тапсырдым. Маған қойылған баға-78. Ортақ балымды есептегенде 74,4 балл шығып тұр. Грантта оқимын. Маған степендияға 0,6 балл жетпи тұр. Грантта оқимын, отбасылық жағдайым төмен, тұрмыстамын, аяғым ауыр. Жолдасыммен пəтер жалдап тұрамыз, жолдасымның жалақысы күн көруімізге жетпиді. Мен степендия алғым келеді. Маған осындай жағдайда көмек бере аласызба? Балл қосып бере аласызба? Сұрағым жауапсыз қалмайды деген үміттемін!!!
Ответ:

Құрметті Несібелі Қоджахметқызы! Емтихан сұрақтарында қателік болған жағдайда, емтихан тапсырған күні ертеңіне сағ.14.00-ге дейін апелляцияға беруге құқығыңыз бар. Сұрағыңызға байланысты нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

05-06-2018 01-59-56   От студента

Автор вопроса: Student

Вопрос № 230
Здравствуйте, уважаемый Тахир Оспанович. Я студентка 3 курса факультета Дефектологии, каз. отделение.
Я впервые пишу на этот блог, ибо у меня нет иных вариантов чтобы нас, студентов приняли в серьез, учли наши беспокойства...
Как вам известно, сейчас по городу Алматы гуляет смертельная вирусная инфекция под названием менингококк. Я не буду перечислять статистику, и сколько людей погибло, ибо тоже читаете новости. Но на сегодняшний день уже два случая смерти и вчера тоже. Один парень мой земляк и знакомый, к сожалению и его нету в живых из-за этого вируса...И так изо дня в день мы со страхом следим за новостями. Наши родители спят в страхе, каждый день звоня и прося лишний раз не выходить, и не идти в университет. Каждый день расспрашивая « не предпринял ли универ что либо, чтобы вас отпустили?»
Многие уже сдали свои экзамены и разъехались по своим домам. Но мы связи с тем, что у нас была практика зимой, учимся до конца июня. К чему я веду этот текст, уважаемый Тахир Оспанович, вы как отец тоже беспокоились бы за своих детей, и от имени 3 курсников мы просим вас чтобы нас отпустили пораньше от экзаменов. Изменить расписания и сдать досрочно, тут мы не просим чтобы нас отпустили просто так.
Хотя я могу вам привести примеры, универы как КазАТК и Нархоз освободили своих студентов от экзаменов и летнего семестра. Ну и в университете Нархоз скончалась студентка от менингита, видимо это повлияло на такое решение.
Помимо менингита, по городу и так был грипп, в группе большинство болеют ОРВИ. Есть девочки у которых организм очень уязвим, иммунитет ослабленный. Через неделю все болеют гриппом. Это тоже внушает страх. Многие держут оразу, что и так они ослаблены...
Сегодня до нас дошла весть, что из нашего общежития скорая увезла девочку с менингитом, мы пока не знаем удостоверность информации. Но теперь очень боимся идти в университет...
Пожалуйста примите нашу просьбу во внимание, Тахир Оспанович. Мы вас очень сильно уважаем и рады всем изменениям нашего университета. За то и бесконечно благодарны вам.
Ответ:

Уважаемый студент! В настоящее время сотрудники здравпункта Университета ведут информационную работу во всех общежитиях. Кроме того, директорами институтов и руководителями отделов были даны инструкции для проведения информационной работы среди студентов. Считаю, что в настоящее время необходимости менять расписание сессионных экзаменов нет.

04-06-2018 18-59-56   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 228
Сəлеметсізбе!Құрметті Такир Оспанович Мен Өзбекстанда жасаймын.Осы ҚазҰПУ университетіне тапсырмақшы едім.063 формасындағы справка керекпе?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Талапкерлер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық. Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727) 291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

03-06-2018 22-51-38   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 226
Сәлеметсіз бе,құрметті ректор мырза!Антикоррупциялық іс-шараларға байланысты былтырға дейін жұмыс істеп келе жатқан комиссия мүшелері жазасыз қалғанын айтқымыз келеді. Атап айтқанда,ПиП, Филилогия, Физмат. Мысалы,Филология институтында жұмыс істеген Серикова С. комиссия мүшесінде биыл да қалып отыр.Осы іске байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссия қызметкеріне қатысты шағымыңызды растайтын нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!

01-06-2018 21-09-11   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 225
Жазғы кредитке қалып қойдым(1 курс). Универдің тіркеуші органы 8 студентке жетпесе, жазғы оқу болмайтынын айтты. Кредиттік оқуды басқа универден тапсырсам болмай ма?
Ответ:

Құрметті студент! Сізге дұрыс ақпарат берілмеген. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына немесе Тіркеу офисінің бастығына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71,291-18-53.

01-06-2018 10-05-58   От студента

Автор вопроса: Бекежан Тұрсынай

Вопрос № 224
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Педагогика жəне психология мамандығында 2курста оқимын. Қысқы сессия кезінде екі сабақтан жазғы қалып қойдым. 28-31 аралығында ақша құю керек екені айтылды. Мен өзім ақылы бөлімде оқимын. Жартылай жетіммін. Отбасымда тек бір адам ғана жұмыс жасайды.Маған оқу ақысына женілдік жасалады. Сол сияқты жазғы семемстрдағы төленетін ақшаға жеңілдік жасайды деп естідім. Сол рас па? Ол үшін не істеуім керек?
Ответ:

Құрметті студент! Студенттердің әлеуметтік жағдайына байланысты оқу жылының басында өтініш жазған студенттердің барлығына бірдей белгіленген ереже бойынша 20%-дан 100%-ға дейін жеңілдік берілген. Ережеде оқу үлгерімі төмен, яғни, сабақ үлгерімі бойынша жазғы семестрге қалған білім алушылардың төленетін ақшасына жеңілдік беру қарастырылмаған.

31-05-2018 15-24-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 223
Сәлеметсізбе Ректор мырза! Мен сізден қысқы емтиxаннан құлаған сабақты келесі жылы төлесе болады ма? Менің GP балым 3,41
Осы сұрақты қарап бересіз бе
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз  бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

30-05-2018 16-44-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 222
Саламатсыз ба.Менің сұрайын дегенім жатахана жайлы.Дəлірек келсек нөмірі 1 жатахана жайлы.Оқудың басында жатаханаға келгенде əр адам болашақта жасалатын іс шараларға деп 600 теңгеден өткізгенбіз.Енді оқу аяқталғанда Камендант келіп əр адам 2000 нан берсін (бір бөлмеде 4-6 адам) өзім адам жалдап ремонт жасаймын бөлмеге дейді немесе краска, əк алып өздерің əктеп краскілеп кетіңдер дейді.Енді сұрайын дегенім осындай ремонтқа 2000 беру немесе студенттер бөлмесін əктеп, краскамен сырлап кету деген бұрыннан бар ма?Мен естігенмін бөлмені тазалап шкаф төсек бəрін жуып өткізіп кету керек деп.Бірақ əктеп сырлап кету керек дегенді бірінші рет естуім.Бұл дұрыс па?Сонда жазда жатаханаға ремонт жасауға ақша бөлінбейді ме?
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңыздағы мәселе басшылық деңгейде талқыланып жатыр. Қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

30-05-2018 14-30-31   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 221
Құрметті Ректор мырза, сізден сұрайын дегеніміз, осы уақытқа дейін 1 ставкадан жоғары жүктемемен жұмыс жасаған оқытушылардың айлық жалақысын маусым айында 0,25 немесе 0,5 ставкасын алып тастап, тек 1 ставкаға төлейтін және еңбек демалысына қоспайтын. Бұл қаншалықты заңды? Осы жылы да осындай тәртіппен есептеле ме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2017/2018 оқу жылының бекітілген еңбек демалысы кестесіне сәйкес 1,25 немесе 1,5 штаттық бірлікте жұмыс жасап жүрген профессор-оқытушылар 1 ставкамен шілденің 1-нен кезекті еңбек  демалысына жіберіледі, ал қосымша 0,5 немесе 0,25 ставкада жұмыс жасайтын оқытушылар шілденің 1-нен босатылып, жұмыс істеген уақыт аралығына тиесілі өтемақы төленеді. Маусым айының жалақысы 1,25 немесе 1,5 ставка болса, соған сәйкес толықтай төленеді. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті алу үшін Қаржы-экономикалық департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-79-36, 291-90-12.

29-05-2018 19-44-35   От студента

Автор вопроса: Жолымбетова Салтанат Алдияровна

Вопрос № 220
Салеметсиз бе,ректор мырза!мен 2011 жылы тарих факультетине очно жане акылы тустим,1-ши курсты битирдим,бирак 2-ши курсты оки алмадым акыны толей алмагандыктан. Мине 6 жыл отти енди кайтып 2-ши курстан алама мени заочное отделениеге?
Ответ:

Құрметті Салтанат Алдияровна! Сырттай бөлімге тек колледж бітірген түлектер ғана қабылданады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
28-05-2018 15-07-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 218
Сәлеметсізбе Ректор Мырза ! Оқу ісі жөніндегі проректор А.А.Сәтмырзаев 28-31 аралығында жазғы семестрге қалған 1,2,3 курстар қарыздарын төлемесе курстан курсқа көшпейді деген заң шығарып қойыпты. Бұл ешқандай университеттерде болмағае жағдай.Неге жағдайы жоқ студенттердің жанын қинайды. GPI балына байланысты емеспе? Ректор мырза! Сізден өтініп сұрайтыным бұл жағдайдын ақ қарасын шешіп бересізбе? Алыс маңайда тұратын ,қаржылай жетіспей жатқан студенттер барғой.Ол ақшадан ешкім қашып кетпейдіғой төлеп ,оқып кетеді. Неге осындай қорқынышты (курстан курқа өтпейді) деген xабарландырулар іліп қояды.
Ответ:

Құрметті студент! Егер сіздің GPА балыңыз 3-тен асатын болса, курстан курсқа көшірілесіз. Курстан курсқа ауысу мәселесі бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  189  190  191  192  193 194  195  196  197  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений