Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
24-04-2023 21-53-09   From students

Author: Anonymous

Question # 7034
Сәлеметсіз бе? Емтиханды онлайн форматқа ауыстыруыңызды сұраймыз, себебі универде интернет ұстамайды.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес оффлайн форматта өтеді. Университетте білім алушыларға емтиханды компъютерлік сыныпта тапсыруға мүмкіндік жасалған. Рақмет!

24-04-2023 17-56-46   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7033
қызыл диплом шарттары қандай? менде қаз.тарихтан рк1 97, рк2 98, ал экзамен 80, қорытынды баллым 91 болған еді.Қызылға үміткер бола аламын ба
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

23-04-2023 16-20-08   From students

Author: Anonymous

Question # 7031
Қайырлы күн, мен филология факултетіне (шет ел тілі: екі шетел тілі) қазақ тобы диплом қорғау (допломная защита) қай уақытта күні нақты білгім келеді. Универиситет сайтында басқа факультеттердің датасы нақты қай күні болатыны шығып қойған біздіде әлі жоқ ешкім нақты айтпайды, келесі апта практикалық сабақтарымыз бітеді, жақын қалада тұратын балалар үйлеріне кетеді мен өзім қалып қойсам пәтер ақы қымбатқа шығып кетеді сол үшін нақты датасын біліп үй жақтан дайындалып билет алып қорғауға сол уаықта жақын келгім келеді, сол үшін сұрағымды жауапсыз қалдырмасаңыз, рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Филология институтындағы барлық емтихан түрлері Академиялық күнтізбе бойынша уақытында жасалып, кафедраларға жіберілді. Емтихан сессиясы 05.06.-24.06.23 ж. аралығында өтеді. «Универ» жүйесінде көрсетілген. Эдвайзер және кафедра меңгерушісімен байланыста болуыңыз маңызды. Рақмет!

21-04-2023 23-29-13   From students

Author: Anonymous

Question # 7029
Сәлеметсізбе , Дархан Нұрланұлы!
Екі шет тілі 2 курс сутдентті жазып тұр . Сессия қазіргі сәтте маған және студенттер үшін проблема болып түр . Универ жағдайына байланысты ( компьютер, сеть жоқтығы ) сессия кезінде құлап қалмауымызға кім кепіл . Сеть болмауы біз үшін проблема , алдынғы жылы осы сетьке байланысты , көп студенттер fx алып қалған болатын, еще группада 100% студент ішінен 70 % ноутбук жоқ . Алдынгғы жылы осы жағдайлар бізге проблема болған ( fх алып қалып қалу , летаға қалу ).Осы жағдайларды еске ала отырып сізден сессияны онлайн форматқа ауыстыруынызды өтінеміз!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес оффлайн форматта өтеді. Ноутбук болмаған жағдайда білім алушыларға емтиханды компъютерлік сыныпта тапсыруға мүмкіндік жасалған. Рақмет!

21-04-2023 14-04-39   From students

Author: Anonymous

Question # 7026
Қайырлы күн! Бітіруші түлекпін. Сіздерге сұрағым: колледж бітіргенмін (қызыл диплом иегері), осы жылы университет (бакалавр) бітіремін. Бұйырса қызыл диплом, студент кезімнен бастап белсендімін, Министрліктен т.б. марапаттар иегерімін. Осы университетте жұмыс істеуге жастарға мүмкіндік бар ма + магистратураға түсіп жатсам, екеуін бірге алып жүруге мүмкіндік бар ма? Жан-жақты студентпін, ұйымдастырушылық қабілетім де бар.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетке қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлерін іріктеу университеттің ішкі құжаттарына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Университетте бос жұмыс орындары болған жағдайда конкурс жайлы ақпарат университет сайтында және басқа да ақпарат құралдарында орналастырылады. Түйіндемеңізді қосымша қарастыру үшін a.gabdullina@abaiuniversity.edu.kz (Кадр саясаты басқармасы) электрондық поштасына  жіберуіңізге болады.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек кодексінің 71-бабының 5-тармағына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалады. Университетіміздің бос жұмыс орындары туралы ақпаратымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/1964/page/ . Рақмет!
20-04-2023 13-22-39   Other

Author: Anonymous

Question # 7024
Курметтi Ректор! Неліктен бізге қызмет көрсетуші персонал үшін бас экономист Омарғалиева А. төмен жалақы белгілейді, неге ол біздің технический персоналдың еңбегімызды бағаламайды, біз қара жұмыс істеп қысы – жазғы өз күшпен қиналамыз қара күшимизбен енбек етіп қиналамыз, мұндай жалақы еш жерде жоқ, біз оған күз-қыс айларында хабарласып, бірнеше рет осы сұрақпен барғанбыз, ол бізге өз қалтасынан төлеп жатқандай айқайлай бастады. Ал өзі университетте бір жыл жұмыс істеп, жаңа үйден пәтер сатып алды, сонда қысқа мерзімде байып кететіндей оның ұрлауға жағдайы бар екен.
Біздің бұрынғы бастығымызда Мейрманов Б. бір жылдың ішінде пәтер алды өзіне, жеп тойып қашты. Бул не деген сұмдық? Сіз қайда қарап отырсыз?
Әркімнің несиесі бар, тамаққа да жетпейді, басқаны айтпағанда, әлде Жаңаөзендегідей митинг ұйымдастыруымыз керек пе, біз әбден тойдық! Біз бәріміз қазақпыз және ауыр жұмыста жұмыс істейміз, өз елімізде мұндай қорлық қашан аяқталады? Біздің сұрағымызды жауапсыз қалдырмауды сұраймыз, бұл жерде бәрі ашық деп үміттенеміз, бұдан бұрын біз бірнеше рет осында жазғанбыз бірақ ешқандай нәтиже болмады. Біздің өтінішімізді қараусыз қалдырмайсыз деп сенеміз, көп рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, жалақыны есептеу мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.
ҚР Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.
ҚР Еңбек кодексінің 107-бабының 1-тармағына сәйкес Жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленеді.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауға жатады.
Сіздің электронды нысанда берген өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмеген: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекен-жайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, келіп түскен өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, өзіне қатысты жалған мәліметтер таратылған, сол арқылы олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірілген тұлғалар азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен қорғауға жүгінуге құқылы екенін қосымша атап өтеміз.
20-04-2023 13-03-45   From students

Author: Anonymous

Question # 7023
Қайырлы күн! Студент жүктіліктің 30 аптасынан асқан жағдайда емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндік ала алады ма?
3-курс студентінен
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директоратына өтініш жазуыңызға болады.

19-04-2023 19-15-19   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7019
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен Филология Институты,"Екі шет тілі" мамандығы ВВО ДОТ 2-курс студенті боламын. Менің аяғым ауыр 7-ай, оған қоса, осложнение при беременности, яғни "межпозвоночная грыжа, гипотериоз,гипертензивная энцефалопатия, смещение межпозвоночного диска" деген дәрігерлер қойған диагноздарым бар, сырқаттанып жатырмын. 5 жасар қызым бар, мүгедектігі бар. Көктемгі сессияға офлайн келіп тапсыруға денсаулығым болмай тұр.Осы аталған мәселем бойынша кафедра меңгерушісіне, деканатқа өтініш жазсам, қабылданбады.Келіп тапсырсын депті. Барлық справка,дәрігер қабылдауларын өтінішке тіркеп өткіздім. Нерв тамырларым қысылып қалғандықтан, жүріп, тұруым қиындап кетті. Осы мәселеде көмектесуіңізді сұраймын. Емтихандарды онлайн форматта тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің емтихандарды онлайн форматта тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.

19-04-2023 15-58-36   From students

Author: Anonymous

Question # 7018
Здравствуйте! Изначально хочу прояснить одну ситуацию связанную с здравпункте. Сегодня я в 13.20 была в здравпункте. Мне было очень сильно плохо я обратилась к женщине с просьбой осмотреть. Она посмотрела мне в лицо спросила не держу ли пост? Спросила в каком факультете учусь и ответила что нету нашего врача. Она отошла в другую комнату и звала другого врача на что ей ответили что время обеда!!! Простите меня понимаю что время обеда это личное время сотрудника но если человеку плохо до такой степени что не может терпеть, не должны ли доктора осмотреть? Для чего они носят звание врача если вы не можете на 5 минут отлучиться от вашего чаепитие и осмотреть студента??? Зачем вы берёте на работу таких беспечных людей? Я ждала пол часа но врача не было. Я ушла с разочарованием. Это их обязанность оказать первую помощь . Но им было начихать на меня и они решили выбрать обед. Если я не студент из вашего факультета то что я не человек выходит???
Answer:

Здравствуйте, уважаемый студент!
Приносим Вам свои извинения за неопытные действия медсестры Городской поликлиники №1, так как опыт ее работы менее 6 месяцев. Проведено служебное расследование.
В здравпункте пациентов принимают врачи из Городской поликлиники №1 (два врача), у которых идет пересмена: с 08:00-13:00 и 14:00-18:00. Во время обеденного перерыва (13:00-14:00) в здравпункте были только участковые медсестры. Так как участковый врач еще не подошел, медсестра пыталась вызвать 103, но, с ее слов, Вы ушли, не дождавшись. Время ожидания, как Вы говорите, 30 мин не было. 
Просим Вас подойти в здравпункт для выяснения сложившейся ситуации и направления Вас на дообследование по показаниям. 
С сотрудниками (врачи и медсестры) Городской поликлиники №1 была проведена разъяснительная беседа. Еще раз приносим Вам свои извинения.
19-04-2023 10-20-08   From students

Author: Anonymous

Question # 7016
Қайырлы күн! Универдегі(филология корп) лифт мәселесі қашан шешіледі екен? Лифт жұмысының тоқтап тұрғанына қанша уақыт болды. Әсіресе, мүгедек жандарға 5 қабатқа көтерілу қиындық тудырып тұр. Осы мәселені жақын уақыт аралығында шешсеңіздер!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бас оқу ғимаратындағы лифт механизмінің техникалық ақауларына байланысты лифт жұмысы тоқтатылып, «Лифт-Сервис» компаниясына қосалқы бөлшектерді сатып алуға және жөндеуге өтінім жіберілді. Лифт 2023 жылдың 24 сәуірінде іске қосылады.

18-04-2023 20-57-34   From students

Author: Anonymous

Question # 7013
Сәлеметсіз бе! Сәуірдің стипендиясы қашан түседі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 25 сәуірде беріледі.

18-04-2023 14-10-31   From students

Author: Anonymous

Question # 7011
Сәлеметсіз бе? Мен ЖГИ студенті, 3 - курста оқимын. 18.04.2023 күні лифтте “мұғалімдерге арналған” деген жазуды көрдім. Студент ретінде, болашақ педагог ретінде мен қандай да бір элиталарға бөлуге қарсымын. 7-этажды корпуста 60 мұғалім болса, 600 студент бар. Иә, әрине мұғалімдерді қадірлеймін, бірақ ұстаздар да, профессорлар да студенттерге жеке тұлға ретінде қарауларын талап етемін! Тоталитарлық жүйені жоюды ішінара реформалардан бастауға шақырамын. Бұл сөзіме келісетін студенттер де жеткілікті. Біз жас болғанымызбен, біздің де энергиямыз, біздің де денсаулығымыз маңызды. Сондықтан екі лифтті де мұғалімдікі/студенттікі деп бөлмей, субординациялы қарым-қатынас емес, адамгершілікті-қоғамдық қатынас құрып, студент оқытушылардан төмен деп көрсетпей, бәріміз бірдейміз-құқымыз да бірдей” деген көзқарас қалыптастыруларыңызды сұраймын. Педагогикалық университет үшін өте ұятты деп санаймын.
Answer:

Құрметті студент! Университетіміздің 7 қабатты оқу ғимаратында орналасқан лифт қызметіндегі техникалық ақауларға байланысты «Мұғалімдерге арналған лифт» деген уақытша хабарландыру ілінген болатын. Лифт істен шықпауы үшін лифттің қауіпсіздік ережелерін сақтап, пайдалану тәртібін бұзбау қажет. Қазір көп жағдайда лифтіге нормадан тыс 15-тен астам студент кіріп жатады. Бұл лифттің жиі тоқтап қалуына әкеледі. Студенттер лифт қызметінің ережелерін ғана емес, қарапайым ұстаздарға деген құрметті ұмытып жатады.
Хабарландыруда студенттердің құқықтарына нұсқан келтіретін ешнәрсе жазылмаған. Оқу орнымызда студент немесе оқытушы деп бөлінбейді және бәріне бірдей жағдай жасалады. Бұл уақытша хабарландыру мұғалімдер қауымына құрметпен жазылған қажетті шара. Себебі оқу орнымыздың жасы үлкен ұстаздарының 5-7 қабаттарға баспалдақпен көтерілуі қиын екенін студенттер ескермейді. Оқытушылар мен қызыметкерлердің техникалық ережелерді сақтау туралы ескертулеріне студенттер балағат сөздер айтып, ренжіту, қорқыту, орынсыз мінез-құлық әрекеттерін таныта бастайды. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарау қажет деп есептейміз.
Лифт қызметіне келетін болсақ, техникалық ақауларды жою үшін тендер өткізіліп, лифтке қажетті техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сауалыңызға рақмет!
17-04-2023 13-58-20   Other

Author: Педагог

Question # 7010
Қайырлы күн, Ректор мырза! Алдағы болатын конкурс бойынша ұсыныс жасайын деп едік. Мүмкін болса, ПОҚ құрамы өтетін конкурсты жазғы демалысқа дейін өткізсеңіздер. Себебі, іріктеуден өтпей қалған жағдайда, алдын ала басқа мекемелерден жұмыс қарастыруға мүмкіндік болады. Конкурсты жаздың соңына қалдырмауларыңызды сұраймыз, бұл уақытта көп оқу орындарында сағат бөлініп, жұмыс табу қиыдап кетеді. Кәзіргі қымбатшылық жағдайда алдын ала жоспар құрмасақ, ипотека/кредит мәселесі күрделеніп кету қаупі бар.
Осы мәселені ескеріп, ұсынысымызды назарға алады деп үміттенеміз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2023-2024 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысты ұсынысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Конкурс профессор-оқытушылар құрамының демалыс кезеңіне дейін алдын-ала өткізіледі деп күтілуде.
14-04-2023 17-41-36   From applicant

Author: Anonymous

Question # 7009
Профессорлар мен оқытушыларға ауызашар ұйымдастырғаны үшін алғысымыз шексіз, Аллаһтың сауаптарына кенеле берсін
Answer:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рақмет айтамыз. Ораза қабыл болсын! 

14-04-2023 17-23-19   From applicant

Author: Салыкбай Меруерт

Question # 7008
Сәлеметсізбе. Кешегі өткен Жаратылыстану және география институтында өткен ауызашар бойынша пікірімді білдірейн деп едім. Жаратылыстану және география институтының Директоры бастаған оқытушы профессор құрамына 8 жатақхана студенттерінің атынан  алғысымды білдіремін. Кеше яғни 13.04.2023 күні Жаратылыстану география институтында жоғары деңгейде, ауқымды ауызашар болып өтті. Біз тек тамақтанып емес  оқытушылардың ыстық лебізінде  тындап қайттық. Ораза ұстаушыға ауыз аштырған адамға ораға ұстағанның сауабындай сауап беріледі демейме. Жаратылыстану жәна география институтының оқытушылары осындай сауапты іспен айналысып жатқаны жүрегімді жылытады. Сіздерге алғысымыз шексіз.
Answer:

Құрметті студент! Сіздердің шынайы алғыстарыңыз бен ізгі тілектеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Пікір білдіргеніңіз үшін рақмет. Оразаңыз қабыл болсын!

14-04-2023 15-36-50   From students

Author: Anonymous

Question # 7007
Добрый день, господин ректор! К вам вопрос по поводу угроз и предупреждений от преподавателя, по поводу недопуска к сессии и рубежному контролю, в силах ли это преподавателя (ЛЕКТОРА)? Лишь за 1-2 пропуска?
Answer:

Здравствуйте! В соответствии с Академической политикой университета при пропусках занятий в течение семестра обучающийся предоставляет объяснительную в письменной форме или справку, подтверждающую отсутствие на занятиях по уважительной причине.

Если обучающийся пропустил некритичное число занятий по объективным причинам (например, по болезни), то ему предоставляется возможность освоить учебный материал пропущенных занятий самостоятельно. СРО по изучению учебного материала пропущенных занятий контролируется преподавателем в виде тестов, контрольных работ, рефератов, сочинений, отчетов и т.д.

При значительном количестве пропусков занятий по неуважительной причине (более 40 часов) директорат института имеет право подать представление на отчисление обучающегося или лишить стипендии.

В Вашем случае, если Вы пропустили занятия и не представили отработку за пропущенные занятия, то преподаватель оставляет за собой право не допустить Вас к рубежному контролю.

12-04-2023 12-52-55   From students

Author: Anonymous

Question # 7003
Здравствуйте. Можно ли перевестись с очной формы обучения на заочное?
Answer:

Здравствуйте! В настоящее время заочного отделения нет, есть только дневное. Спасибо!

11-04-2023 17-21-44   From students

Author: Anonymous

Question # 7001
Сәлеметсізбе! ҚЫЗЫЛ ДИПЛОМНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ? ТҮСІНІКТІ ҚЫЛЫП ЖАЗЫП БЕРЕСІЗДЕР МЕ? НАҚТЫ ЖАУАП ҚАЛАЙМЫЗ!
Мен 4 курс студентімін. 1курста Қазақстан тарихы пәнінен Гос. экзаменнен 85 (В+) балл болған еді. Мұндай жағдайда Қызыл диплом берілмейді ме? Қазіргі GPA 3,6.
Әртүрлі мұғалім әр талапты айтады, "4"-тік баға 4 штуктан асса берілмейді дейді, немесе біреулер қанша 4 болсада маңызды емес, GPA 3,5 болса болды дейді.Былтырғы талап бойынша гос.экзамен бағасы қаралған жоқ дейді. Практика бағасы есептеледі ме? т.с.с. сұрақтарға жауап талап етеміз. Қызыл дипломға үміткер екенімізді қайдан көруге болады?
ӨТІНІШ ТОЛЫҚ ЖАУАП КҮТЕМІН!
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.

Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.

 

 

10-04-2023 14-46-49   Other

Author: Anonymous

Question # 7000
Здравствуйте! Хочу узнать почему техперсоналу не добавили зарплату.Минимальная зарплата должна 70 тт .Самая низкая зарплата у нас университете .Мы вынуждены подрабатывать . Но нас заставляют сидеть 7 часов.Как можно прожить на 66 тт.Просим посодействовать.
Answer:

Спасибо за обращение! Сообщаем, что минимальная заработная плата согласно штатного расписания университета составляет 75 900 тенге. Раз в год в зависимости от приема студентов запланировано повышение заработной платы сотрудников и ППС. При этом законом «О республиканском бюджете на 2023-2025 годы» в стране с 1 января т.г. установлена минимальная заработная плата в размере 70 000 тенге.

10-04-2023 06-11-46   From students

Author: Anonymous

Question # 6999
Негізі бұл универде кейбір мұғалімдер өте керемет атына заты сай студенттің еңбектеңгенін көріп, тіпті көтермелеп балл да қойып береді. Ал кейбір апайлар баллды өтірік қояды. Атын атап түсін түспемей ақ қойғым келіп тұр. Тіпті бізге ашық түрде сессияға 90 ешкімге қоймаймын деп айтқан мұғалім(дер) бар. Студент өзі бір сабақтан 0,01 балл повышка жетпей жүргенде бұл одан сайын давко болады. Кінә тек мұғалімдерден демеймін, мүмкін сол сабақты шыныменде түсінбейтін шығармыз, бірақ сөж лабка тапсырғанда жасағанда өте мұқият жасап барынша баллымызды алуға тырысамыз. “Балл үшін оқымаңыздар” дейді. Әрине дұрыс, келісем бірақ сенен аз мәлімет айтып бірақ 90-92 балл алғанда өзіңдегі 80-81 баллды көру оқып жүрген бала үшін өте ауыр, тіпті депрессияға ұшыратады. Балл, повышка-ол студенттің біліміне беретін ұпай деп санаймын өз басым. Мектептеде білімді болғаның үшін берілетін атестат, алтын белгі, грамота сияқты. Өзімде солай қалыптасқан. Тіпті сабақтан белгілі себептерге байланысты қалып қойсам отработка жасаймын. Бірақ ол кезде 2 баллдың 1 баллын ғана қояды. Және апайлар белгілеп алып, рк мен сессияда кешігіп, немесе келмей қалғандардан балл азайтылады деді. Шынымды айтсам бірінші ркда повышкаға бір ғана сабақтан 0.01 балл жетпей қалған еді. Рк 2де ілінемін деп ойлап едім, бірақ болмай жатыр, апайлар 80/83арасын қояды оқып жүрсемде. Оқуға ынтап күннен күнге төмендеп барады, рамазан айф болған соң сабыр сақтап жүрмін әзер. Сессиялардың бәрі ауызша, жазбаша форматта өтілетін болғасын 100 балл қойылмайды ешқашанда ол белгілі. Керемет білесіңбе дейдіғой) тест болса мысалы алуға болады жаттап еңбектеніп, ауызшада бірақ қанша дайындалсаңда 100/95 балл дегендер мүлдем жоқ. Бір жағынан апайлар екі ркңа қарап қоямыз деген соң екі рк 80-85 болса осы бала оқиды ғой деп ортақ баллды 90ға жеткізбейді ғой мысалыға.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқытушылар сіздердің білім деңгейлеріңізді Силлабуста көрсетілген бақылау нысанындағы (жазбаша, ауызша немесе тест нысанындағы емтихан) бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. 

 

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  13  14  15  16  17 18  19  20  21  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений