31-05-2023 21-06-42
From parents
Author: Anonymous Question # 7119 Хочу сказать слова благодарности Кайбрахмановой Алиме Мусаевне работнице центра "Шапагат", которая работает за 3 столом. Она вежливо и быстро выдала документ, сделав работу отсутствующей сотрудницы. Спасибо за вежливость и корректность.
Answer:
Уважаемая Елена! Большое спасибо за Ваши теплые слова. Ваш отзыв очень важен для нас.
31-05-2023 11-32-06
From students
Author: Anonymous Question # 7118 Сәлеметсіз бе?!
4 курс студентімін дипломдық жобаны антипоагиаттан өткізгенбіз, антилагиаттың қатесімен бізде өте төмен % көрсетіп тұр. Универден антиплагит бойынша сұрасақ олар дым жасамаймыз деп отыр. Сізден көмек сұраймыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Антиплагиат - бұл университеттің құрылымына бағынбайтын және оған кірмейтін жеке жүйе. Сіз өзіңіздің ғылыми жетекшілеріңізбен бірлесіп, жұмысты тағы бір рет қарап, антиплагиат жүйесі көрсеткен жерлерді түзетуіңіз керек.
31-05-2023 00-55-35
From students
Author: Anonymous Question # 7117 Сәлеметсіз бе, Ректор мырза! Президенттік шәкіртақыға құжаттар қай уақыттан бастап қабылданады?Ол туралы мәліметті қайдан алсақ болады? Алдын-ала рақмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-13-71,29171-06. Рахмет!
26-05-2023 13-52-14
From students
Author: Anonymous Question # 7112 Сәлеметсіз бе! Қызыл дипломға үміткер екеніңді қалай біле аламын анық? Қабылдау кеңсесі универдің телефон көтермейді! Кімге хабарласып білу керек?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71,29171-06. Рахмет!
26-05-2023 12-40-41
Other
Author: Ашкеев Мұрат Жаманович Question # 7111 Қайырлы күн! Мен СҚО,Айыртау ауданы, Қызыл-Әскер орта мектебінен хабарласып отырмын. 1985-90 ылдар аралығында сол кездегі ААбай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай оқу бөлімн оқып бітіргенімді растау қажет болып тұр. Электронды поштаңызға сұраныс жібердім.Соған жауап беруіңізді өтінемін!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді rector@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштасына жолдауыңыз қажет.
26-05-2023 12-13-52
From parents
Author: Бұрханбаева Анжир Кайнарбековна Question # 7110 Саламатсыз ба? Мен ата ана ретінде сұрағым бар еді. Менің қызым көктемгі сессияда бір пәннен FX алып, оны жақсы 79 деген балмен жапты. Қазір 3 курсты бітіріп жатыр. Егер 4- курста жалпы GPA -сы 3,50 төмен болмаған жағдайда қызыл дипломға үміткер бола алады ма? Министрліктің №595 ережесінің 50 тармағында Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді- деп жазылған, FX деп нақты көрсетілмеген.Әлде FX туралы сіздердің ішкі ережелеріңізде көрсетілген ба?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Министрліктің № 595 бұйрығы үлгілік қағидаларының 42-тармағына сәйкес "FХ" бағасын "қанағаттанарлықсыз" алған кезде Академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруға жол беріледі. Сондықтан "FХ" бағасын қайта тапсыру үздік диплом алуға мүмкіндік бермейді.
26-05-2023 09-53-44
Other
Author: аноним Question # 7109 Құрметті Дархан Нұрланұлы! Қазіргі уақытта оқытушылар конкурстан өтіп жатыр.
осы өтіп жатқан қызметкерлердің жұмыс уақытының талаптарын қаншалықты сақтап жүр
деген мәселе бойынша кіре берістегі турникет қорытындысын қарастырсаңыздар.Себебі біреулер күнде азаннан кешке дейін жұмыста жүреді біреулер мүлдем келмейді
Answer:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының жұмысқа келіп кету уақытына қатысты түскен өтінішті қарап, келесіні хабарлайды.
Еңбек тәртібі Ережелеріне (бұдан әрі - Ережелер) сәйкес, қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу үшін, сондай-ақ олардың еңбек тәртібін сақтауы үшін Абай атындағы ҚазҰПУ электрондық өткізу жүйесінен мәліметтер сұратуға, сонымен қатар олар бұзылған жағдайда тәртіптік сипаттағы шараларды қолдануға құқылы. Профессор-оқытушылар құрамының сабақ уақытында жұмыста болуын қадағалау жетекшілік ететін Институт басшыларына жүктелген.
Сонымен қатар, осындай мән-жайлар орын алған жағдайда немесе бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген Ережелер шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін Кадр саясаты басқармасына жүгінуіңізді сұраймын.
26-05-2023 06-01-20
From students
Author: Қожакелді Жансая Бөлегенқызы Question # 7108 Сәлеметсізбе құрметті Ректор мырза! Мен Абай университетінде Педагогика психология институты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығында 2 курс оқимын. 2 курста бұл мамандықтың маған керек емес екенін, ұнамайтынын түсіндім.
Енді сұрағым: Мен осы өзіміздің универ ішінде мамандық ауыстыра аламын ба?!
“Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығын 2 курстан жалғастырып оқығым келеді. Бұл үрдіс қалай жүреді?!
Осы туралы кімнен ақпарат ала аламын?!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сіз өзіңіздің транскрипіңізбен Сорбонна-Қазақстан институтының деканатына немесе сол институттың экономикалық пәндер кафедрасына баруыңыз керек, сонда олар Сіздің пәндердегі айырмашылығыңызды есептейді. Егер Сіздің пән айырмашылығыңыз 27 кредиттен аспаса, 20-25 тамыз аралығында Шапағат орталығына ауысу туралы өтінішіңізді жаза аласыз.
25-05-2023 17-16-42
From students
Author: Anonymous Question # 7107 Здравствуйте! Можно узнать стоимость обучения магистратуры по специальности "ПМНО" на 20232024гг. Есть ли скидки вашим студентам, закончившие бакалавриат и решившие продолжать учебу, повышая степень? Как производится оплата, частями или полная оплата? Если частями, то как именно?
Answer:
Здравствуйте! Стоимость обучения на все педагогические специальности составляет 1 290 563 тенге в год. Более подробно об условиях приема можно ознакомиться на сайте университета в разделе «Поступающимся»: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/ . Спасибо!
24-05-2023 17-08-13
Other
Author: Ашкеев Мұрат Жаманович Question # 7105 Сәлеметсіз бе! Сізге Солтүстік Қазақстан облысы,Айыртау ауданы Құмтөккен ауылы, Қызыл-Әскер орта мектебінен хабарласып отырмын. Мен 1985-1990 жылдар аралығында сол кездегі Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінде білім алған едім. Қазір менің сол дипломымның валидті екендігін растау қажет болып тұр. Соған орай эл.поштаға сұраныс хат жіберіп тырмын, соған мүмкіндігінше тезірек жауап берілуіне жағдай жасауыңызды өтінемін.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Дипломыңыздың валидті екендігін растау үшін Е-Өтініш порталы арқылы мұрағаттық анықтама алуға Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына өтініш жазуыңыз керек.
24-05-2023 16-07-37
From applicant
Author: Anonymous Question # 7104 Осы айда стипендия кашан туседи екен?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласып, сұрағыңызға жауап алсаңыз болады. Тел.: 291-37-54.
24-05-2023 15-40-18
From students
Author: Anonymous Question # 7103 Президенттік шәкіртақы қашан түседі?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы туралы министрлік тарапынан бұйрық келгеннен кейін түседі.
23-05-2023 10-32-14
From students
Author: Anonymous Question # 7102 Добрый день ! Не могу дозвониться в университет. Скажите пожалуйста закончилась ли сессия у всех студентов ? И когда начнется пересдача ?
Я плохо сдала казахский язык по причине того что на руках не было теста к которому нужно готовится . В группу никто не скидывал, уже после прохождения экзамена я узнала что преподаватель отправила тест лишь некоторым студентам . Я не знала к чему готовиться и как то сама не спросила . Теперь я не знаю как поступить . Дело в том , что у меня свободное посещение и я взяла билеты в другой город думала там пересдам онлайн . Билеты дорогие теперь вернуть не могу . Уезжаю по личным причинам . Пожалуйста помогите с решением этого вопроса . Заранее благодарю !
Answer:
Здравствуйте! Сегодня - последний день сессии. Поэтому Вы сами сегодня должны записаться на летний семестр в оффлайн-режиме. А летний семестр начинается с 5 июня т.г. Летний семестр для І, ІІ курсов - в онлайн-режиме, а ІІІ курс - оффлайн-режиме.
22-05-2023 22-12-49
From applicant
Author: Anonymous Question # 7101 Қайырлы кеш! Вручение қандай форматта болады деп сұрайн деп едім?! бүкіл факультетке біртуақытта болуын қолдамаймыз. Әр диплом алатын студенттерге жеке-жеке шақыртылып берсін,тек қызылдарды ерекшелеп емес! Барлық универде жеке-жеке ректор береді,бізде не үшін общий болады? Мен ғана емес,барлық студенттер қолдап жатыр мені! Сұрағымызды ескерулеріңізді сұраймыз!
Answer:
Құрметті студент! Хатыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызды сұраймыз. Рақмет!
22-05-2023 15-52-41
From students
Author: Еркинов Райымбек Question # 7100 Сәлеметсіз бе
Аты жөнім Еркинов Райымбек әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығының 3 курс студентімін.
19.05.2023 бізде 5 корпуста “Білім берудегі цифрлық технологиялар” пәнінен тест(сессия) тапсырдық.
Бұл сабақтың, тестті түсінбегенім
5 вариантты сұрақтың 3 варианты дұрыс болуы
Яғни маған 1 сұрақ келді мен оның тек 1 жауабын белгіледім, тест аяқталған соң маған ол сұрақта 3 дұрыс жауап деп шығып тұрды. Осы сұрақты пән мұғалімінеде қойдық неге олай деп, бірақ бізге ешкім нақты жауап берген жоқ, бір біріне сілтеп отырады.
Және бірнеше жауаптық тестте тек максимум 3 жауап болу керек. Бірақ 5 дұрыс жауап шығып тұрды.
Біз мұғалімдерден неге ескертпедіңіздер деп сұрасақ, мұғалімдер сіздерге ескертуге міндетті емес деп жауап берді
Осы сұрақты оқып нақты жауап беруіңізді сұраймын. Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бұл мәселе бойынша Педагогика және психология институтының Сапаны қамтамасыз ету комиссиясы шешім қабылдайды.
22-05-2023 12-34-17
From applicant
Author: Anonymous Question # 7099 Салеметсізбе? 4-курстарга вручение кашан? Накты уакытын алдын ала айта аласыздарма? Алыстан келетін ата аналарымыз туыстарымыз бар билет куннен кунге кымбаттап тұр. Өзмізде кететін уакытка сайкес квартираны тапсыруымыз керек. Осы жағдайды нактылап берсеңіздер
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан білуіңізге болады. Рақмет!
21-05-2023 09-25-54
From students
Author: Anonymous Question # 7098 Сәлеметсіз бе! Егер тех ахауға қатысты емтихан тапсырса, қызыл диплом ала аладыма
Answer:
Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.
20-05-2023 14-32-38
From applicant
Author: Anonymous Question # 7095 Салеметсиз бе. 4 курстарга стипендия Кай айда сонгы рет туседи?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттеріне стипендия беру тәртібі 4-ші курсты аяқтау туралы бұйрыққа тікелей байланысты. Бұйрық шыққан күнге дейін стипендия төленеді.
18-05-2023 12-15-27
Other
Author: Айдана Жолдасбай Question # 7094 Сәлеметсіз бе,менің сұрағым келгені осы университетте ішкі грант (ректор гранты)ойнатыла ма?Сұрақ жолдап отырған биылғы жылғы бітіруші түлек,рақмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызда грант орындары тек мемлекет тарапынан бөлінеді. Ішкі грант жоқ.
17-05-2023 12-43-30
From applicant
Author: Anonymous Question # 7093 Қайырлы күн, Дархан ағай! Абай университетінде оқып жатқаныма өте қуаныштымын! Барлық туыс, достарыма біздің Абай университетінде білім алуға сөзсіз кеңес беремін. Қуанышыма орай, ЖГИ-дың 1 курсын сәтті аяқтап жатырмын. Мен мектепте білім алып жүргенде тұйық, ұялшақ өз ойымды ашық айта алмай, аудитория алдында сабақ айтуға қорқатын едім. Қыркүйек айында, университет табалдырығын аттап, түбегейлі өзгердім. Ең бірінші орыс тілінен сабақ беретін ұстазыма алғысым шексіз. Апайымыз жас болса да, тобымыздағы әр студенттің талантын аша білді деп ойлаймын. Бізге жасқанбауды, көпшілік алдында еркін сөйлеуді, өз ойымызды толық жеткізуді үйретті. Қыркүйектің басында артқы партада тығылып отырған балалар сабаққа белсенді қатыса бастады. Группаластарымның айтуынша біз мектепте орыс тілін қазақша өтетінбіз, немесе сабақ дұрыс өтілмейтін. Университетте оқып, жыл соңында біз өзімізден үлкен өзгерістер байқадық. Апайымыздың арқасында орыс тілін жақсы деңгейде меңгердік деуге болады. "Молодец!", "Отлично выступил!", "Умница!" деп бізді қанаттандырып жүрді. Басқа пәндерден де жақсы, ұлағатты, білімді ұстаздар жеткілікті. Барлығын қадағалап, басқарып отырған сіздерге алғысым шексіз!
Answer:
Құрметті студент! Сіздің пікіріңіз бен ұсыныстарыңыз біздің университетті одан әрі жақсартуға көмектеседі. Біз студенттерімізге жоғары сапалы білім беру үшін университетімізді үнемі дамытуға тырысамыз. Бізді білім алу орны ретінде таңдағаныңыз үшін рақмет!
Total records: 4046