07-06-2023 23-09-49
From students
Author: Anonymous Question # 7149 Естуімізше бітіруші түлектердің вручениесі барлық институт бойынша бір уақытта өткізгелі жатыр екенсіздер.Бірақ бұл студенттер тарапына қаншалықты әділетті? 4 жыл бойы алған біліміміздің нәтижесін ортаға шақырып, абыроймен табыстап берсеңіздер деймін. Қаншама студенттің осындай маңызды күнде ата-аналары мен жақындары келеді. Бірақ сондағысы тек бір сәт үшін- балаларының ортаға есімдері аталынып дипломдары табысталған сәтін көру үшін ғана. Сол себепті осы мәселе бойынша қайта өзгертулер енгізіліп, студенттердің де тарапын ескерсеңіздер деймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі туралы өзіңіз білім алған институт директоратынан біле аласыз. Сұрағыңыз үшін рақмет!
07-06-2023 23-04-36
From students
Author: Anonymous Question # 7148 Естуімізше бітіруші түлектердің вручениесі барлық институт бойынша бір уақытта өткізгелі жатыр екенсіздер. Бірақ бұл студенттер тарапына қаншалықты әділетті? 4 жыл бойы алған біліміміздің нәтижесін ортаға шақырып, абыроймен табыстап берсеңіздер деймін. Қаншама студенттің осындай маңызды күнде ата-аналары мен жақындары келеді. Бірақ сондағысы тек бір сәт үшін балаларының ортаға есімдері аталынып дипломдары табысталған сәтін көру үшін ғана. Сол себепті осы мәселе бойынша қайта өзгертулер енгізіліп, студенттердің де тарапын ескерсеңіздер деймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі бойынша ақпаратты өзіңіз білім алған институт директоратынан біле аласыз. Рақмет!
07-06-2023 22-15-44
From students
Author: Жакыметова Маншук Question # 7147 Мен 6В01601-Тарих тобынын 3 курс студенти Жакыметова Маншук,мамыр айынын 26 шы жулдызында тест Туринском емтиханды тапсырган болатынмын.Тест центр орталыгы апелляцияга берген отинишимди 2 аптадан кейн карап,жане оны студент ози белгилемеген деп жауап кайтарып отыр.Мен мемлекеттик грантта окимын тест центр орталыгынын жауапкершиликсиздигинен алдагы 6 ай ягни куздик семестрди стипендиясыз окуыма тура келип тур маселемди карап,шешип берулеринизди сураймын!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Аталған мәселе бойынша өзіңіз білім алып жатқан Тарих және құқық институты директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рақмет!
07-06-2023 17-54-12
From students
Author: Anonymous Question # 7145 Дархан Нұрланұлы сізге айтарым бар еді.Білесіз жазда жасыл ел бағдарламасы бойынша жатақханаларда бізді жатқызатын.Биыл қай жатақханада тұратынымыз кеш белгілі болды.Оган дейін тұратын жеріміз жоқ өзіміз тұрып жатқан жатақханаларда тұра тұрдық.Сонымен Ляззат деген апай келіп жатақханалардан студенттердің барлығын қуып өзің бір ректор сияқты ұстап,ректор блогын қарап отырсам бұл кісіге осындай жағдайлармен арыздар жазылған екен.Құрметті ректор Дархан Нұрланұлы Ляззат ханым өзіне көп алып кеткен жоқ па өзінің қызметтік мансабын шамадан тыс асыру да заңбұзушылық емес па ? Студенттермен дөрекі сөйлесуі заттарымызды лақтырып шығарып тастауы бұл деген тек қана қызметтік емес адамдық шегарасынан шығу деп есептеймін.
Answer:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ (бұдан әрі-Қоғам) Сіздің Қоғам қызметкерінің әдепке жат мінез-құлығына қатысты өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәлімдеме бойынша түсіндіру сипатындағы қажетті іс-шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Қоғам қызметкерінің құқықтары мен функционалдық міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен, сондай-ақ басшылықтың жекелеген ішкі актілерімен реттелетінін хабарлаймыз.
07-06-2023 17-51-45
From students
Author: Anonymous Question # 7144 Сәлеметсіздер ме ! Мен Абай университетінің 8-жатақхана тұрғынымын.Мен биыл жасыл ел бағдарлмасына жазылған болатынмын.Ол бойынша біз жатақханада тұрып жұмыс жасауымыз қажет болды.Бірақ қай жатақханада болатынымыз белгілі болмағандықтан сол 8 де жата тұруға тура келді.1-жатақханаға көшу туралы шешім шыққан күні-ақ барлығымызды аяқ асты еш ескертпестен қуа бастады.Бұл жерде Ляззат есімді жатақханаларға жауапты қызметкер заттарымызды коридорға шығарқызып бізбен өте дөрекі қарым-қатынаста болды.Біз жатақханаға келгенде 120.000 төледік өзіміз 9ай тұрдық өздері дәл сол уақытта айтып еш күтпестен заттарымызды шығарып қууға еш хақысы жоқ.Байқап тұрсам бұл кісіге мұндай арыздар жетерлік секілді.Жатақхана-екінші үйіміз мұндай қызметкер студенттердің екінші үйі атанған жатақханаларға жауапты қызметкер бола алмайды деп есептеймін.Бұл мәселені шешулеріңізді сұраймын.Шешілмей егер жабыла салатын болса бұл мәселені телевиденияда көтеретін боламын!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қоғам қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты Сіздің өтінішіңізді қайта қарап, келесіні хабарлайды.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, өтініш беруші әкімшілік орган, лауазымды адам қарап қойған мәселе бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайта өтініш беруге құқығы бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Сіз бұрын жіберген өтініш бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
07-06-2023 17-49-03
From students
Author: Anonymous Question # 7143 Я иностранный студент КазНПУ им.Абая проживающий в 8 общежитии .Я прожил в 8 общежитии целый год.Причем я как иностранный гражданин плачу больше 300.000 тг .О сегодняшнем событии я не мог не написать в блоге ректора.У меня была девушка с которой я дружил но она переехала жить в 1 общежитие с программой "Жасыл ел".Нам сказали освободить общежитие из-за этого моя девушка пришла со мной попрощатся и взять свои оставшиеся вещи .Я организовал небольшое чаепитие в честь прощания.Вдруг без стука и приветствия ворвалась какая то женщина. Она меня сразу оскорбила и сказала унизительные слова в адрес моей девушки и прогнала нас. Если бы вы знали в каком состоянии была моя девушка тем более у нее проблемы со со здоровьем .Кроме того, я бы понял, если бы мы сидели наедине вечером и пили чай там еще была вахтерша.Если мы будем строго следовать по законам то действие этой женщины -это большое нарушение. Дархан Билялов, проверьте своих сотрудников.Почему сотрудник набдлюдающей общежитями обращается со студентами в таком тоне? тем более мы же платим за проживание.Я удивлен видеть в Казахстане тем более в государственном университете такое событие.
Answer:
Здравствуйте! НАО «Казахский национальный педагогический университет имени Абая» (далее - Общество) рассмотрев Ваше обращение касательно действий со стороны работника Общества, сообщает, что согласно внутренним документам Общества, ответственное лицо вправе осуществлять проверки в общежитиях, в том числе на соответствие их внутреннему регламенту.
По фактам, указанным в Вашем обращении будут проведены разъяснительные мероприятия с соответствующими работниками Общества. Вместе с тем, отмечаем, о необходимости соблюдения порядка посещения в соответствии с установленными правилами.
07-06-2023 14-17-10
From students
Author: Anonymous Question # 7142 Сәлеметсіздер ме, ал егер лето оқытушының қателігі бойынша болса ше? Біз емтихан тапсырған кезде, ол апай университетке жаңадан келген кісі еді. Және де қашықтықтан емтихан енді басталып жатыр еді… Неге соны қарастырып жеңілдік бермейсіздер? Барлық gpa жоғарғы балл , Елбасы медалін алғанмын, халықаралық конференцияларға қатысып, университетке орын алғанмын. Университет қабырғасында белсенді болдым. Неге сол оқытушының қатесі кесірінен мен қызыл диплом ала алмаймын? ол кісі сол уақытта емтиханды түзеп, бірінші вариантында мен 90-нан жоғарғы алғанмын!
Оқытушы оны түзеп, fx қылып берді. Жауапта анти плвгиат проценті шықпай тұр деп! оны неге екінші рет түзеді! Летоның сабақтары да өтілмеді, тек тест тапсырып балл алдық болды. Біз қашықтықтан емтихан тапсыруды ең алғашқы болып бастадық, анти плагиат та енді шығып жатқан еді. Соның кесірінен, бізге ескертпегеннен , сайт қателігіен үш студент fx алып қалдық. Ректормен кездесуге қалай жазылсақ болады? Осы мәселені кіммен шешеміз?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сіздің алған "fx" бағаңыз базаға енгізілген. Сондықтан ол пәнді қайта тапсырған болып есептелесіз.
07-06-2023 12-39-55
Other
Author: - Question # 7141 Сәлеметсіз бе! №6 оқу ғимаратынның комендаты Наурызбаева Баянгул апаймызды қалдырсаңыз, өйткені Терлекбаев Мият келіп өзінің условиясын қойып отыр бізге, бұрында осы ғимаратта жұмыс жасап, бәрін үйіне тасып болған, дәлелге үйін барып көріңіз, сол үшін бұл кісіні басқа ғимаратқа ауыстырған. Түсіністікпен қарап, бізге осы мәселені шешіп берсеңіз! Терлекбаев Мият бізге тыныштық бермейді, келмей жатып, Өтініш!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз басшылық тарапынан тексеріледі. Хатыңызда аталған фактілерді растайтын ақпарат болса, rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызға немесе оқу орнымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жүгінсеңіз болады. Байланыс деректері: +7(727) 291-25-76, Қазыбек би, 30, 205 кабинет. Рақмет!
07-06-2023 11-37-26
From students
Author: Қожакелді Жансая Бөлегенқызы Question # 7140 Сәлеметсізбе! Мен 01.06 күні жаздық семестрге заявка берген болатынмын. Методист қабылдады. Бірақ төлем жасайтын жағдайым болмады. Жұмыс жасап, ақша тапқанымда 06.06,07.06 ПИП Деканатына шықсам, төлем уақыты біткенін айтты. Қайта-қайта мүмкіндік сұрап едім, жоқ деді.
Мен 3 курста осы өзіміздің универ ішінде мамандық ауыстырайын деп едім. Егер методист “одобрять” етсе, неге мен төлеп, оқи алмаймын?
Өтініш өте маңызды еді. Осы мәселемді қарастырып бересізбе? Мүмкіндік бере аласыз ба?! Мен төлеуге дайынмын, оқып тастауым керек
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бұл мәселе бойынша Тіркеу офисінің мамандарына (Қазбек би көшесі, 30; 101 кабинет) жолыққаныңыз дұрыс болады.
06-06-2023 18-07-27
From students
Author: Anonymous Question # 7139 Дархан Нұрланұлы сізге айтарым бар еді.Білесіз жазда жасыл ел бағдарламасы бойынша жатақханаларда бізді жатқызатын.Биыл қай жатақханада тұратынымыз кеш белгілі болды.Оган дейін тұратын жеріміз жоқ өзіміз тұрып жатқан жатақханаларда тұра тұрдық.Сонымен Ляззат деген апай келіп жатақханалардан студенттердің барлығын қуып өзің бір ректор сияқты ұстап түрлі әрекеттер жасауда.Ректор блогын қарап отырсам бұл кісіге осындай жағдайлармен арыздар жазылған екен.Құрметті ректор Дархан Нұрланұлы Ляззат ханым өзіне көп алып кеткен жоқ па өзінің қызметтік мансабын шамадан тыс асыру да заңбұзушылық емес па ? Студенттермен дөрекі сөйлесуі заттарымызды лақтырып шығарып тастауы бұл деген тек қана қызметтік емес адамдық шегарасынан шығу деп есептеймін.Тек мен ғана емес бүкіл 8-жатақхана студенттері Ляззат ханымның іс-әрекетіне наразы.
Answer:
Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ (бұдан әрі-Қоғам) Сіздің Қоғам қызметкерінің әдепке жат мінез-құлығына қатысты өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәлімдеме бойынша түсіндіру сипатындағы қажетті іс-шаралар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Қоғам қызметкерінің құқықтары мен функционалдық міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен, сондай-ақ басшылықтың жекелеген ішкі актілерімен реттелетінін хабарлаймыз.
06-06-2023 16-35-50
From parents
Author: Anonymous Question # 7136 Дене шынықтыру және спорт деканатына сұрақ қоюға қорқасың. Сұрақ қойсаң өте дөрекі жауап аламыз не сұмдық? Інім сессия тапсырған болатын тест ретінде өтпеген тақырыптардан сұрақтар келген соны дәлелдей алмадық… Звандап айттық сұрақтарыңыз ауысып өздеріңізден техникалық ақау болған шығар деп едік сөзімізді тыңдамадыда жұмыс телефонын тастай салды… Міне жауапкершілігі жоқ… Бұндай мәселені қалай шешуге болады? Аппеляцияны қарайтын Бота деген апай қабылдамаған… ДШжС деканаты офис регистратор бәріне кірді олардан мардымды жауап жоқ? Сенделген студент… Проректорға звандасам секретары ол кісімен сөйлемуге мүмкіндік берген жоқ. Стипендияға 2 балл жетпей қалды. Сонда бұл универде кім жұмыс жасап студент үшін жауап беретін кім?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бұл мәселе бойынша өзіңіз білім алып жатқан Өнер, мәдениет және спорт институты директоры Т.Б. Искаковқа жолығуыңызды сұраймыз.
06-06-2023 16-04-44
From students
Author: Anonymous Question # 7135 Қайырлы күн! Вручение қандай форматта болады деп сұрайн деп едім?! Барлық факультетке бір уақытта болуын қолдамаймыз. Әр диплом алатын студенттерге жеке-жеке шақыртылып берілсін. Әр институттың өзінде болсын, келетін ата-ана бар , барлығымыз күннің астында қалай тұрамыз? Мен ғана емес,барлық студенттер қолдап жатыр мені! Сұрағымызды ескерулеріңізді сұраймыз!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі бойынша ақпаратты өзіңіз білім алған институт директоратынан біле аласыз. Рақмет!
06-06-2023 14-24-07
Other
Author: Anonymous Question # 7134 Сәлеметсізбе, ұжым мүшелері атынан сізге хат жолдауға тура келіп тұр. Бізге 2022-20223 оқу жылында сіздердің оқу орындарыңыздан өндірістік практикадан өтуге 3 және 4 курс студенттері келген болатын. Барлық студенттер ойдағыдай практикадан өтіп, құжаттарын алып, оқу орнына кетті. Ақы төлеуге байланысты ұстаздардың құжаттары толықтай тапсырылған болатын. Енді Мансап орталығына хабарлассақ ешкім жауап бермейді, жауап жазбайды. Ақбота деген қызға хабарлассақ жауап бермейді. Мұғалімдер демалысқа шығып бара жатқан соң сіздер тарапынан берілетін еңбек ақысын төлеп берсеңіздер. 3 курс бойынша ЭЦП ключ арқылы қол қоюға сілтеме жіберілді толықтай қол қойылды. 4 курс бойынша сілтеме сұрап шаршадық, Мансап орталығы жауап бермейді.
Answer:
Сәлеметсіз бе! 2022-2023 оқу жылында өндірістік практикадан өткен 3 және 4 курс студенттеріне жетекшілік жасаған мектеп мұғалімдерінің еңбек ақысы төленеді.
06-06-2023 14-13-10
Other
Author: Anonymous Question # 7133 Сәлеметсізбе бізге студенттер келген болатын практикаға кеткен соң құжаттарды сәуір айында өткіздік Мансап орталығына ақысы жөнінде сұрақ қойып жатырмыз ешкімнен жауап ала алмай отырмыз. Құжатты аларда жанды қоймай алды төлемге келгенде бір ауыз жауап ала алмай отырмыз. Ақбота денег қызметкерге неше рет жаздық жауап жоқ. Ақысы қашан төленеді барлық құзыретті кісілер қолы қойылды тек жіберу ғана қалған болатын бұл 3 курс бойынша енді 4 курстар бойынша қол қоюға ешқандай сілтеме жіберілген жоқ ол туралыда сұрасақ жауап жоқ кімнен білуге болады студенттерді жібергенде біз қабылдап аламыз, үйретіп жібереміз ақысын төлерде бізге ешкім жауап бермейді осы мәселені қолға алсаңыздар жауапты маманды қойсаңыз деп өтініш білдіреміз. Бұл тек 1 ғана мектептің мәселесі емес Медеу ауданы бойынша қанша мектептің сұранысы.
Answer:
Сәлеметсіз бе! 2022-2023 оқу жылында өндірістік практикадан өткен 3 және 4 курс студенттеріне жетекшілік жасаған мектеп мұғалімдерінің еңбек ақысы төленеді.
06-06-2023 10-10-01
From students
Author: Anonymous Question # 7132 Бітіруші түлектердің диплом табысталды әр институт бойынша жеке жеке берілсе дұрыс болар еді. Әр студенттің аты-жөні аталып салтанатты түрде марапаттап берсеңіздер. Студенттерге де қай жағынан жақсы болатынын елеп ескерсеңіздер.Университтеті аяқтауымыздың соңғы қадамын жақсы деңгейде атқарып берсеңіздер!!!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі бойынша ақпаратты өзіңіз білім алған институт директоратынан біле аласыз. Рақмет!
05-06-2023 12-11-32
From applicant
Author: Anonymous Question # 7125 Сәлеметсіз бе! Қызыл дипломға ілігеміз бе, кімнен білсее болады? Дипломға қатысьы сұрақтарды кімнен сұрауға болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.
03-06-2023 17-23-13
From students
Author: Anonymous Question # 7124 Мен филология факультетінің 2 курс студенті 3 жатақхана тұрғыны Найзаева Айгерім. Мен жасыл ел жобасына қаламын деп тіркеліп оқу біткесін жатақханада қалған едім, 2 маусым күні жасыл елге қатысушыларды бұйрық бойынша 1-жатақханаға көшірген күні мен шұғыл жеке шаруалармен туыстарымның уйіне қаланың сыртына кетіп қалып, жасыл ел ұйымдастарушыларына хабар бере алмай қалдым.Сол себепті ол күні мен Талдықорғанда болып 1 жатақханаға кіре алмай қалдым.Келген соң маған ұйымдастырушылар дүйсенбі күні бұйрық шығарамыз деп ескертті.Өзімнің дүниелерім,заттарым көп болды әрі өзім Түркістан облысының тұрғынымын.Дүйсенбі күні бұйрық шыққанға дейін 3-жатақханада түней тұрайыншы деп Ляззат есімді қызметкерге өтініш жасаған едім.Оның үстіне өзім де анам да 2-топтағы мүгедектер тобына жатамын.Тіптен Ляззат есімді қызметкерге жалындым да бірақ ол кісі өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып маған өте дөрекі,бұйрықты түрде сөйлеп,қуып шығып жылайтын халге дейін жеткізді.Сәлден соң Ляззат есімді қызметкер шақырып алып 1-жатақханаға тек заттарымды қоюға рұқсатын берді.Құрметті университет басшылығы студенттерге оның үстіне денсаулығында ақауы бар студентке дөрекі сөйлеп студентке психологиялық қысым жасауы қаншалықты дұрыс.Бұл мәселені қарастыруларыңызды сураймын
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша тексеру жүргізіледі.
01-06-2023 16-14-09
From students
Author: Anonymous Question # 7123 Сәлеметсіз бе! Мен ПиП институтының 4 курс студентімін. Дипломдық жобаны 10 июнь күні тапсырамын. Дипломды бір айдан кейін 15 июльге қарай береді дейді. Мен Болашақ бағдарламасы бойынша магистратурага тапсырып жатыр едім, соған конкурсқа қатысу үшін 7 июльге дейін дипломды тапсыруым керек екен. Дипломның қағаз түрін болмасада скан түрін ертерек 7 июльге дейін алсам болады ма?Сіздер дипломды распечатка жасағанша көп уақыт қой, электронды түрі ертерек дайын болатын шығар, соны ала тұрсам боладыма? Бұл сұрақ бойынша кімге барсам болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Дипломды 30 маусымда тапсыруға болады.
01-06-2023 15-06-43
From applicant
Author: Anonymous Question # 7121 Қайырлы күн!Бір пәннен ғана FX алып қалған жағдайда,қызыл дипломға үміткер бола аламын ба?
Answer:
Құрметті студент! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағаларын А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
Дипломдық жобаны қорғаудан және кешенді емтиханнан тек А, А- «өте жақсы» бағалармен тапсырған жағдайда Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханнан 85 (В+) балл болса, практиканың бағасы 80 (В) баллдан жоғары болса, қызыл диплом ала аласыз. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруы немесе пәндерді қайта тапсыруы (F, FX) бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қызыл дипломға үміткер екеніңізді оқу орнымыздың Тіркеу кеңсесінен біле аласыз.
01-06-2023 12-54-15
From students
Author: Аноним Question # 7120 Курметти Дархан Нурланулы!
Такауда жатакханалардын коменданттарын ауыстырды. №3 жатақхананын коменданты оз орнында калу ушин кундиз туни озинин сыбайлас студенттері аркылы угит-насихат жумыстарын жүргізді. Ата аналарынменде. Озин керемет комендант етіп корсеткісі келді. Ол ата аналардан ет, әр түлі тамақтар алығады. Акшада алады билдиртпей. Осыған бир шара колдануынызды сураймыз. Конечно кейбір студенттер оның , ол студенттердің жағдайын жасап отырады.Бірін бірі колдап.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды.
Total records: 4046