Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
08-06-2022 19-36-26   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6411
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Сізге 1 курста білім алушы студенттің ата-анасы ретінде хат жазып отырған себебім, Университеттегі әскери кафедраның жабылуына байланысты ақпарат алдық.Қаншама уақыт құжат жинақтап, медициналық тексеруден бірнеше күн жүріп өтіп, енді тиісті емтихандарды тапсыруға келгенде, әскери кафедра қызметін тоқтатқандығын естідік. Әскери кафедрадағы жауапты тұлғалар мән -жайды ректораттан білесіздер деп, 11.05.2022ж. №15-05-07-27/992 хатты басшылыққа алып, Сізге қарай бағыттады.Әскери кафедрасы ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Университетте, кафедраның жабылу себебін білуге бола ма? Құжат жинақтап, өтінім берген студенттердің ендігі жағдайы не болады?Былтыр құжат қабылдағанда әскери кафедра жұмыс істейді деп неге үгіт жасады? Әскери кафедраны жабуға не себеп болды?Бұл сұрақты көптеген ата-ана қойып та жатқан болар. Жауапты өзіңізден білу мақсатында осы хатты жазып отырмын.Өзіңізден толық және нақты жауап күтеміз.Рақмет!
Ответ:

Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
08-06-2022 11-32-08   От родителей

Автор вопроса: Талипов Елямжан Азатович

Вопрос № 6410
Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің ректоры
Дархан Нұрланұлы Билялов мырзаға

Әскери кафедрада оқитын
студенттердің ата-аналар атынан



Құрметті Дархан Нұрланұлы!


Соңғы күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы әскери кафедра жабылады деген ақпарат тарап жатыр.
Сіз басшылық ететін университеттің еңбек пен ережені, психологиялық дайындықты талап ететін әскери кафедрасында балаларымыз бір жыл оқыды. Бұл әскери кафедраның балаларымыз үшін де, біз үшін де қолайлысы олар оқудан қол үзбей, әрі уақыттарын бос өткізбей мамандықтарымен бірге әскери қызметкер атағын да алып шыға алады. Әскери кафедрада оқу мерзімі 2 жыл. Балаларымыздың бітіруіне 1 жыл қалғанда олардың басқа университетке ауысулары немесе мүлдем аяқсыз қалдырулары орынсыз деп ойлаймыз.
Сондықтан, Сізден жас жеткіншектердің болашағына бей-жай қарамай, әскери кафедраны осы университетпен аяқтап шығуларына ықпал етсеңіз деп өтініш білдіреміз.


Қол қоюшылар:

Әскери кафедрада оқитын студенттердің ата-аналары:

1. Айтупова У.Т.
2. Алимбеков А.Т.
3. Қаипназарова Роза
4. Қонирбаева Эльмира Рыскулбековна
5. Даргужина Баян Биязбаевна
6. Атабаев Бейсенқұл
7. Қожахметов Ержан Куантаевич
8. Қалбырова Айнұр Ағабековна
9. Баетова Жанар
10. Қалабаева Роза
11. Бакимбаев Қалыбек
12. Қалмуратова Роза Жәлелқызы
13. Улмесова Назира Ыдырысовна
14. Жуманова Меруерт Стамчаловна
15. Чиликбаева Гүлмира Нұрбосыновна
16. Сәрсенбекова Майгүл Болатовна
17. Байманова Күнзада Жамиевна
18. Жазыкбекова Алмагуль Ерболатовна
19. Алданазова Сая Жолдасхановна
20. Баяхметова Ақбидай Оразовна
21. Мейрханова Ботагөз Әуесхановна
22. Турганбаева Шолпа Едильбаевна
23. Шакейбаева Назым Избасаровна
24. Серикбаева Арман Курмангасовна
25. Гүлиев Шахамжан Гуламдунович


Байлыныс үшін:
+ 7708 925 4081
karahan_oguz@mail.ru
Талипов Елямжан Азатович
Ответ:

Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада екінші курс студенттері оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
08-06-2022 11-21-20   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6408
Саламатсыз ба!
Универде неге әскери кафедра жабылғалы жатыр?
Студенттердің барлығы әскери кафедраға қажетті құжаттарын түгіндеп, медициналық тексерістен өттіп, қаншама күнді осы әскери кафедраның шаруасына жұмсадық,тек психологиялық тест және нормативтер ғана қалған еді,соны күтіп жүргенде бізге әскери кафедра жабылдып жатыр деп айтты.Оны неге бізге алдын ала айтпайды,біздің де өздеріңіздіңде уақыттарыңызды алып,олай болмайды ғой?!
Біз студенттер әскери кафедраның жабылуына қарсымыз!
Ответ:

Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады. 
 
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмайды. Рахмет!  
07-06-2022 13-09-11   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6405
Саламатсыз ба?! Дорожный кашан туседи
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру өтемақысы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші  студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде төленеді, 1 АЕК 3180 теңгені құрайды. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттар (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана беріледі. Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін ғана жол жүру өтемақысын алуыңызға болады. Рахмет!

07-06-2022 09-32-39   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6404
Сәлеметсіздерме! Жазғы семестр онлайн оқуға болады ма? Өтінемін онлайн оқытылсыншы! Жәнеде күнде болады ма? Әлде аптасына 1 рет қана ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жазғы семестр 1, 2 пән онлайн форматта оқытылады. Толық ақпаратты институт директоратынан алуыңызды сұраймыз. Рахмет!

06-06-2022 20-53-01   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6403
Құрметті Дархан Нұрланович!
Мен өткенде блокқа жазған едім антиплагиат жөнінде.
Сұрақты шештім. Сұрақ бойынша көмектескен кафедра қызметкерлеріне, оның ішінде Нағима Әбзелбекқызына, директор орынбасары Лаззат Табиғатовнаға, офис регистраторов қызметкері Асемаға алғыс айтамын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің мәселеңіз шешілгеніне қуаныштымыз. Кері байланыс үшін рахмет!

 
06-06-2022 18-43-59   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6402
Құрметті ректор мырза. Мен 1-ші курс студентімін. Осы университетті таңдауымның бір себебі әскери кафедрасы болғандығы еді. Өзім ақылы бөлімде оқимын. Мен сияқты келген студенттер көп деп ойлаймын. Әскери кафедраға түсу үшін, барлық құжаттарды жинап, медициналық комиссиядан өттік. Енді кафедра жабылды, биыл қабылдамаймыз дейді. Неге бұл мәселе аяқ асты шешілген. Бізге ешкім түсіндірмеді, неге кафедраның биыл студенттерді қабылдамайтынын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады. 
 
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына қабылдау жүзеге асырылмайды.
06-06-2022 15-40-12   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6401
Хочу выразить свое негодование по магистратуре в институте истории и права. Я магистрант 1 курса, будущего 2 курса

Во всех дисциплинах полный провал , никакого продвижения в знаниях , которые в свою очередь не несут никакой пользы . Учащиеся изучают их только ради того что бы сдать экзамены и не получают от этого пользы . Да воздаст вам всевышний благом и надеюсь в скором времени все изменится и люди не будут терять время в таких институтах…неоднократные обращения к директору института. Постоянная занятость или его отсутствие. Постоянные намеки. Все желание перебили учиться. Анкетирование заполняли в надежде изменении. Пока толку никакого
Ответ:

Здравствуйте! Каждый человек получает знания не ради оценки или сдачи экзамена, а ради своего будущего. Тем не менее в университете проводится постоянная работа по повышению качества образования. Ваше обращение принято к сведению. По обращению даны указания ответственным лицам Спасибо!

06-06-2022 15-26-09   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6400
Саламатсыз ба!
Біз әскери кафедраның жабылуына толықтай қарсымыз!!!
Керекті құжаттардың барлығын өткізіп, тек норматив пен психологиялық тест қана қаланда, әскери кафедра жабылды деген болмайдығо.Әскери кафедраның жабылуына толықтай қарсымыз!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
 
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады. 
 
 
06-06-2022 14-26-44   Другие

Автор вопроса: Малика

Вопрос № 6399
Сәлеметсіз бе, Дархан Нурланович! Бізге өткен 2021 жылы мамыр айында өтемақы берген болатын, отпускнойға дейін. Биыл неге берілген жоқ? Неге бізге ешкім түсіндірмеді? Бухгалтерлік бөлім үндемейді. Мамыр айында премия алатын едік жылда, биыл ол да жоқ. Сізден жауап күтеміз. Болмаса, білім және ғылым министрлігіне хат жазуға мәжбүр боламыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!​
 
Өздеріңіз білетіндей, оқу процесінің аяқталуына байланысты 2022 жылғы 31 мамырда профессор-оқытушылар құрамынан қосымша жүктемелер алынып тасталды.​
 
Осыған байланысты, 2022 жылғы 17 маусымда ZOOM конференциясы арқылы сағат 11-де​ Әкімшілік және қаржы қызмет жөніндегі проректор​ К.Т.Исакованың және​ Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен профессор-оқытушылар құрамына (250-ден астам адам) жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемін есептеу және оларды есептеу тәртібі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Онлайн-кездесу барысында​ Университет қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап алды.​
 
04-06-2022 19-07-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6398
Құрметті ректор мырза! Сізге бітіруші магистранттар атынан өтініш: бұйыртса алатын дипломымыздың мұқабасын көк емес, қанық қызыл түс етіп берсеңіздер.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі. Рахмет!

04-06-2022 14-56-02   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6397
Сәлеметсіз бе! Неге жазғы семестрге оқу жайлы процесс дұрыс жүргізілмей жатыр? Біз өтініш бере алмай, универ жүйесінде қателіктер болып, өтініш берілмейді. Осыған жауапты адамдар дұрыс нақты жауап бермей отыр! Өтініш универ жүйесін тезірек дұрыстап берсе жақсы болар еді. Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Институт басшылығымен хабарласып, ескертсеңіз болады. Рахмет!

03-06-2022 13-18-55   От абитуриента

Автор вопроса: Нуршат Дилдабекова

Вопрос № 6396
Можно ли узнать когда выйдет точная сумма за обучение на 2022-2023 год?
Ответ:

Здравствуйте! Стоимость платы за обучение размещена на сайте Приемной комиссии -  https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Спасибо!

02-06-2022 21-29-23   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6395
Саламатсыз ба Дархан Біләлов айтайын дегенім неге летоның ақшасының күнін 4 не дейін ғана қойып қойған студенттердің барлығының жағдайы асып тасып жатқан жоққой тағы бір мәселе Fx пен тех ақау жайында барып сөйлесейін десең қызметкерлер тест орталығы дұрыс жауап бермейді ылғи да өтініш ешкімнің жағдайы керемет емес студенттерді түсінуін сұраймын сол себепті летоны төлейтін күнді ұзартуларыңызды ешкім аяқ асты ақша тауып бере алмайды қазіргі кезде күн көріс қыйын кез тем более студенттерге қайда барсаңда біз шешпейміз дейді шешіп бере алмаса жұмыс орындарын босатсын тыңдап көңіл бөлгеніңізге рахмет менің сұрағым жауапсыз қалмайды деген үміттемін және күнінің ұзартылуын сұрап талап етем
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директорымен жолығуыңызды сұраймыз. Рахмет! 

01-06-2022 17-31-26   Другие

Автор вопроса: ППС

Вопрос № 6394
Здравствуйте, Дархан Нурланович! В 2020/21уч.году в мае нам (ППС) кроме заработной платы оплатили компенсацию. В этом году нам оплатили заработную плату, но компенсация не поступила. Университет будет оплачивать в этом уч.году компенсацию? Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! 17 июня 2022 года проректор по административной и финансовой деятельности Исакова Клара Толемисовна встретится с профессорско-преподавательским составом и проведет разъяснительную работу по вопросам заработной платы. Если есть вопросы, можете задать ей на этой встрече. Спасибо!

31-05-2022 23-26-53   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6393
Саламатсыз ба!
Мен биыл 1 курссты ақылы бөлімде оқып бітімдім.2021-2022 оқу жылына 516 мың тг бекітілді.Енді 2 курсста яғни 2022-2023 оқу жылына оқу ақсында өзгерстер болады ма?
Және оқу ақысында қандай жеңілдіктер болады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысын келісім шартқа сәйкес төлейсіз. Жеңілдік жөніндегі сұрақтарыңыз бойынша толық жауап алу үшін институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

31-05-2022 15-57-02   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6391
Сәлеметсіз бе?Менің қызым екі шет тілі факультетінде 1 курс оқиды.Абайтану пәнінен онлайн эссе жазған.Бірақ бағалау көрсеткіші 0 балл көрсетіп тұр екен.Қайта апелляциялық тексеруден өткізуге өтініш жазып қол қойдыру керек екен.Бірақ зам.декан қол қоймай отыр.Бізге осы мәселені шешіп берсеңіз.
Ответ:

Құрметті ата-ана! Университеттің ішкі талабына сай, жазбаша (ашық) емтихан бойынша плагиат көрсеткіші 40 пайыздан төмен болған жағдайда жұмыс бағаланбайды. Сол себептен,  аппеляциялық тексеруге өтініш қарастырылмайды. 

31-05-2022 00-44-40   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6390
Сәлеметсізбе.Қояйын деген сұрағым,магистратура 2 жыл,екі шет тілі мамандығын аяқтап отырмыз.Бізде барлығы 120 кредит болу керек.Сынақ кітапшамызда 119 кредит санын көрсетіп тұр. Кредит санын дұрыстап есептеп берулеріңізді сұраймыз.Себебі сол 120 кредит саны мектепте жұмыс істеуімізге үлкен рөлі бар.30 % жалақымызға сол кредит саны 120 кредиттен төмен болмау керек.Осыны шешіп беріңіздер.Шеше алмасаңыздар министир сайтына видео сұрақ қойып сұрайын ба?Осыған жауап күтем
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Институт директорына немесе директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс деректері келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рахмет!

30-05-2022 19-23-17   От абитуриента

Автор вопроса: Найманбаева гүлзипа

Вопрос № 6388
Саламатсыз ба? Мен 2005-2009жж аралығында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша сырттай білім алдым, оқу жарнасын төлеп те тұрдым. Соңғы 2009жылғы сессияны бітіріп, ақша төлей алмай, мемлекеттік экзаменге кіре алмай, дипломымды сол күйі ала алмай қалдым, тұрмыстық жағдайым өте нашар болып оқу орнына бара алмадым, қазір сол дипломды қалай алуыма болады? Өте үздік оқып бітірген едім, алуына мүмкіндігім бар ма? Жауап қата жатсаңыз алғысым шексіз
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

30-05-2022 14-18-02   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6386
Здравствуйте! На новый 2022-2023 учебный год нужны 2 преподавателя русского языка и литературы с русским языком обучения. Наш адрес: Алматинская область, Енбекшиказахский район, с.Шелек, ул.Бижанова,91. Можете оказать содействие?
Ответ:

Здравствуйте! По Вашему запросу дано поручение ответственным лицам. Им переданы Ваши контактные данные. Мы обязательно с Вами свяжемся. Спасибо!

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  37  38  39  40  41 42  43  44  45  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений