06-07-2022 18-11-31
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6465 Саламатсыз ба Ректор мырза
Мен ҰБТ дан 80 балл алдым
Маған екі шеттіл(мұғалім)дікке
Ректорлық грант бересіздерме.
Ответ:
Сәлемесіз бе! Оқу орнымызда ректордың гранты қарастырылмаған, ақылы оқитын білім алушыларға арналған жеңілдіктер бар. Қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясының сайтынан алуыңызға болады: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz. Рахмет!
06-07-2022 17-15-49
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6464 Сәлеметсіз бе. Мен 3-курс студентімін. Грант жайлы бухгалтериямен сөйлесейін десем мүлдем жауап бермейді. 1апта болды Шарапат апайдан жауап ала алмай отырғаныма. Хабарламаны көреді, бірақ жауап жоқ. Басқа бухгалтерияға қоңырау соқсам Шапағатқа кел дейді. Шапағатқа қоңырау соқсам, біз жауап бермейміз дейді. Мен басқа қаладанмын, қалай бара аламын?! Бір сұраққа жауап алуым үшін 1күн жол жүруім керек пе?!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Бос грант орындары туралы ақпарат алу үшін Сіз институт директорына немесе директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс деректері келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Сондай-ақ, 2021/2022 оқу жылы бойынша босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат оқу орнымыздың сайтында жарияланатын болады. Рахмет!
04-07-2022 18-18-29
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6462 Сәлеметсіздер ме! Біз Қазұпу студенттері қазіргі таңда "Жасыл ел" және "ССО"(стройотряд) бойынша жұмыс жасаймыз. Ремонттардың жүруіне байланысты бізді номер 8-жатақханаға орналастырды. Бұл жатақхананың техничкалары жоқ, дәліз бен бөлмелерде таракандар үнемі толып жүреді, тазалық жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Вахтада отырушы апайлар студенттерге түсіністікпен қарай алмайды, ол кісі де біреудің анасы болғандықтан студенттер ол кісілерге құрметпен қарағандықтан, бізге де өз баласындай түсіністікпен қарауды сұраймыз! Бізді жақын арада басқа жатақханаға орналастыруын сұраймыз!!! Таза емес, лас жатақханада тұрғымыз келмейді! Осы жөнінде шешім қабылдасаңыздар!!!Ректоратқа бірнеше рет кірген соң да, шара қолданған жоқ!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу жылының аяқталуына байланысты диплом алушы түлектер, жазғы семестр студенттері, шетелдік студенттер және жазғы еңбек маусымы студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету үшін университетіміздің үлкен жатақханасы 8-ші жатақханаға орналастыру туралы шешім қабылданды. Сіздердің талаптарыңыз бойынша жатақханада дезинфекция жұмысы жүргізіліп, жатақхана қызметкерлерімен түсіндіру жұмысы жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта оқу орнымыздың басқа жатақханаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаймыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
04-07-2022 17-54-39
Другие
Автор вопроса: сотрудница Вопрос № 6461 здравствуйте, ректор!!! мы уважаем все ваши действия, ваше видение работы. университет значительно улучшился, как говорится привели в порядок, вам за это огромное спасибо. чувствуется смелость, креативность. с 7 июля наш город входит в желтую зону по ковид 19, это значит что сотрудники пенсионеры перейдут на дистанционную работы, это касается не ППС, а тех кто непосредственно в студенческом отделе, офисе студентов, ЦОС и т.д. нас радует, что мы молодые конечно, но думаю содержать состав пенсионеров в таких заживленных отделах нет смысла, нужны молодые и подвижные сотрудники, которым можно вакцинироваться и работать оффлаин. прошу вас пересмотреть договора с сотрудниками пенсионного возраста, получать меньше заработную плату чем они и выполнять их работу, если честно нам надоело, простите конечно, но накипело. заранее спасибо
Ответ:
Здравствуйте! НАО «Казахский национальный педагогический университет имени Абая» (далее - Общество) благодарит Вас за обращение, направленное на улучшение условий труда и повышение эффективности работы.
Вместе с тем сообщаем, что постановление Главного государственного санитарного врача г. Алматы от 4 июля 2022 года № 6 «О мерах по предупреждению распространения короновирусной инфекции на территории города Алматы» переход сотрудников, достигших пенсионного и (или) предпенсионного возраста, на дистанционную работу не предусматривает.
Кроме того, отмечаем, что в соответствии со статьей 6 Трудового кодекса Республики Казахстан каждый гражданин имеет равные возможности в реализации своих прав и свобод в сфере труда.
03-07-2022 22-13-37
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6459 Сәлеметсіз бе? Менің қоятын сұрағым, допгрантпен ауысып келіп, жазда оқып жатқан студенттерге сессия онлайн болады ма? Біз онлайн болуын сұраймыз. Себебі, бірінші семестрде осы пәндер бойынша онлайн болған және дәл қазіргі уақытты барлығы дерлік алыс жақта. Осыған жауап беріп өтсеңіз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Емтихандар онлайн болады.
02-07-2022 13-33-35
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6458 Здравствуйте. К кому я могу обратиться по поводу восстановления диплома об окончании? Утерян при переезде. Могу ли я получить дубликат документа? Если я знаю серию и номер своего документа? У меня сохранились фото документа. Заранее спасибо за ответ.
Ответ:
Добрый день! Вам надо обратиться с заявлением в ЦОН. Спасибо!
29-06-2022 16-40-05
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6457 Сәлеметсізбе! Біздің университетте неге қызыл дипломға госэкзамендерге қарайды? Заң бойынша қазір тек gpа баллға қаралынады екенғой, Мысалы Еуразия Ұлттық университетінде gpa баллы 3,5 жоғары студенттерге қызыл диплом беріліп жатыр. Ол нәрсені әр университет өзі шешема?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
28-06-2022 15-48-07
От студента
Автор вопроса: Дроздова Вопрос № 6456 Здравствуйте? прошу обратить внимание на мое письмо, я закончила ваш вуз 2002 году, получила дубликат в прошлом году, так в районном отделе по Смоленской области идут массовые проверки дипломов о высшем образовании, меня значит вызвали в районо и отчитали как маленькую девочку за ошибки в дипломе, т.е. в дубликате выданном в прошлом году, куча ошибок, выписан от руки, квалификации не правильна, специальность шифр не тот, как так!!!! кто занимается дубликатами дипломов!!! ужасно и стыдно!!! за безграмотных сотрудников которые подводят вас, прошу с этим разобраться. заранее спасибо
Ответ:
Здравствуйте! Просим обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Тел.: 291-13-71.
27-06-2022 14-37-25
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6455 Сәлеметсіз бе! Егер 1 курс 1 сем 1 пәннен С+ болса қызыл дипломға үміткер бола аламын ба? 2018-2022 жылғы түлекпін.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Институт басшылығымен хабарласуыңыз қажет. Рахмет!
27-06-2022 11-17-46
Другие
Автор вопроса: Тойбек Серік Вопрос № 6454 Құрметті ректор мырза! Сіздерге үш хат жазып, әлі күнге дейін жауап алалмай отырмын. Бір хатымнын заң бойынша жауап беретін мерзімі өтіп кетті, ал жазған екі хатыма Сіздің жұмыскерлеріңіз жауап бермей отыр. Егерде жауап болмаса мен прокуратураға, Білім министірлігіне және әлеуметтік желіге осы сұрақ бойынша хабарласам.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда нақты қандай мәселені қарастыру керек екені толық жазылмағандықтан, сауалыңызды rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. 2022 жылға Ректор блогына Сіздің атыңыздан хат түспегендігін мәлімдейміз. Рахмет!
24-06-2022 08-58-52
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6449 Сәлеметсіз бе Ректор мырза!
Мен "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 курс студентінің анасымын.Балам әскери кафедраға құжаттарын тапсырып қойған. Бізге әскери кафедраның маңыздылығы өте жоғары. Өзіміздің жоғары оқу орнында кафедраның жабылуына байланысты, құжаттардың бәрі аграрлық университетке ауысып жатқан екен. Бірақ ол тек бірінші курстарға ғана дейді. Сонда біздің екінші курс студенттері далада қалып жатыр. Мұндай әділетсіздікті болдырмауыңызды сұраймыз. Осы проблеманы шешуге бізге көмектесіңіз. Біз, бірнеше ата ана жазбаша өтініште дайындап жатырмыз
Ответ:
Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмайды. Рахмет!
22-06-2022 08-05-09
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6447 Сәлеметсіз бе! Сізден сұрарым, оқытушы түнгі 12 де студенттерді іздеп, 10 шақты тапсырманы түске дейін жібер деп айтуы дұрыспа? Бұл мұғалімдік этикаға жатпайды! Біз ол кісіге күні бойы жазғанда, ол кісі қабылдамаймын деп қарсы шықты. Кейіннен ол кісі түнгі 12 де жазып, іздеп, түске дейін жіберіңдер түгелімен дейді. Ол жерде 10 шақты тапсырма. Жарайды ұйықтамай жасасақта жасаймыз, бірақ бұл адам құқығын бұзу! Педагогика Психология факультетіне ескертсеңіз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңызды қарастыру үшін оқытушының аты-жөні, пәннің атауы мен мамандығыңыз туралы толық ақпарат көрсетуіңізді сұраймыз. Рахмет!
21-06-2022 19-01-04
Другие
Автор вопроса: Малика Вопрос № 6446 Сәлеметсіз бе! Сіздің жауабыңызды түсінбедім (сұрақ нөмірі 6399). Бізге Клара Толемисовна жаздық демалыстың ақысын 1,5 ставкаға төлейміз деп едіғой, 200ден аса ПОҚ алдында. Сол онлайн жиналыста тіпті ЗУМ запись қосылып тұрған. Сонда бізге 1 ставкаға ғана төлене ма? Қай ақпарат дұрыс?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде толық ақпарат ZOOM платформасында проректормен кездесуде ұсынылды. Қосымша ақпарат алу үшін Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-90-12. Рахмет!
21-06-2022 14-17-56
От абитуриента
Автор вопроса: Абаева Кәмила Вопрос № 6445 Қайырлы күн!
Маған WhatsApp мессенджеріне мынадай хабарлама келді, ал оны жіберген Daryn.Online менеджері
"Қайырлы күн!
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті!
Бұл хабарламада айтылған қадамдарды орындау өте маңызды!
Студенттерді платформаға тіркеу жұмыстары жүріп жатыр! Бізге филология, шет тілдері,қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, аударма ісі мамандықтарында оқитын студенттер репетитор ретінде бүгіннен бастап қажет көбірек қажет!
Бұл хабарламаны оқуға 1 минут, біз айтқан қадамдарды орындауға 5 минутыңыз кетеді. Бірақ өте маңызды екенін ескертеміз!
Университетіңіз сіздің контакттіңізді репетитор бола алады, тіркеу керек деп сеніммен жіберген болатын! Біз жасап жатқан жобаға қолдау білдіруіңізді сұраймыз! " (жалғасы бар, ол жерде платформаға тіркелу қадамдары жайлы айтылады).
Мырза, енді осы мәтіннің құрылымы бойынша менің бірнеше келіспейтін тұстарым бар:
1). Университеттің атын пайдаланып, маркетингтік ход ретінде қолдану ЖОО-мыздың абыройына қаншалықты теріс әсер етеді. Білім алушы ретінде менің жеке номерім, менің жеке ақпаратымды университет таратады екен деген пікір қалыптасуы мүмкін.
2). Мәтіннің месседжі - бұйрық ретінде жазылған, яғни университет осы Дарын Онлайн платформасына тіркелуге міндеттімін деп ойлауы мүмкін.
3). Тағы да бір маркетингтік ход ретінде "университетіңіз сіздің контактіңізді репетитор бола алады" деген психологиялық триггерді қолданып, жалған нәрсе айтып тұр.
Жалпы мәтіннің мазмұны "Сен ҚазҰПУ студентісің сондықтан осыларды орында, бұл универдің бұйрығы" дегенге саяды.
Білім беру платформасы мен университетіміздің арасында ынтымақтастық орнатылған шығар, бірақ мұндай теріс мақсатта қолдануға жол бермеуіңізді сұраймын.
Мен бұл хабарламаға "Қайырлы күн! Менің жеке мәліметтерді мен рұқсат бермегендерге таратқаны үшін шағымданамын! ескеріңіздер!" деп жауап бердім және мәселенені нақтылау үшін сол номірге хабарласып едім. Сбрасывать етті де, ақыры мені блокировать етті.
Қысқасы, менің ойымша, университеттің атын қолдана отырып, DarynOnline платформасы коммерциялық мақсатты орындаудың, табыс табудың арам жолын қолданды.
Менің бар қалауым - басқа студенттер алданып, университеттің шараы екен деп коммерциялық жобаның құрбаны болмауы. Қалаған адам өзі репетитор, тютор болып тіркеледі.
Ол үшін өтірік құрастырып, триггерлермен алдаудың қажеті жоқ.
Осыны ескеруіңізді өтінемін.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университетке қатысты ақпаратты тек институт директораты жолдайды немесе университет сайтында орналастырылады.
20-06-2022 22-15-51
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6444 Саламатсыз ба. 4 курс студенттеріне стипендия шілде айына да береді ме?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.
20-06-2022 16-17-13
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6441 Құрметті университетіміздің ректоры Дархан мырза!
Біз бітіруші түлектер ең алғаш ашылған Ұлттық Педагогикалық университетіміздің диплом мұқабасының дизайны өзгертілгенін қалаймыз! Жай ғана құжат болып көрінгенімен біз үшін ол үлкен еңбектің жемісі! Әрі біздің университеттің абыройы деп білеміз! “Жаңа Қазақстанда” зайырлы мемлекетте студенттің үні естілсе екен! Парақшаларда “опрос” жасалса, 100% қолдайды студенттер! Бітіруші магистранттардың диплом мұқабасын қызғылт қоңыр түсті болғанын қалаймыз. Тура сондай көк болса, бакалавриаттан айырмашылығымыз қандай? Креативті студенттер де аз емес, барынша үлес қосуға әзірміз! Бізді естуіңізді сұраймыз! Аз ғана уақытта ең болмағанда түсі қоңыр қызыл болса, 2020 жылға дейін қоңыр қызыл болатын!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі. Рахмет!
20-06-2022 11-25-30
Другие
Автор вопроса: Магистрант Вопрос № 6439 Саламатсыз ба, құрметті ректор мырза. Осындай сұрақ болған еді. Бірақ берген номерлер бойынша ешкім ешқандай жауап бере алмай жатыр. Сонымен де жауап бермей басқа номерлерді беріп осыған хабарласып көр деп бір жерден екінші жерге жібереді(
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сізде қандай мәселе? Сіздің өтінішіңізді қарастыру үшін сұрағыңызды нақтырақ қоюыңызды сұраймыз.
19-06-2022 21-46-46
От студента
Автор вопроса: Анон Вопрос № 6438 Сәлеметсіз бе, дорожка жайлы сұрацын деп едім, дородка тек пойыз самолет қа билеттіткөрсету арқылы ғана беріледі, ал мен Алматы обл Жаркент каласыныкімін, біз жаққа только такси ғана жүреді.Сонда бізге жол ақылы берілмей ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына немесе институт директораты қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.
18-06-2022 16-18-42
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6437 Сәлеметсіз бе? Құрметті ректор мырза. Мен 4 курс студенті боламын. Бізге НКТ тестінен шектік балл жинай алмай қалған студенттер 1 шілдеге дейін тест тапсырып сертификатын өткізіңдер, әйтпесе диплом берілмейді дейді. Бұл ақпарат қаншалықты рас? Ал НКТ ға өтініш беру шілде айынан бастап ашылады, ал тестілеу шілде айының ортасында болады деген Testcenter орталығы. Осыған жауап берсеңіз. Рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау рәсімі 2022 жылдың 17 маусымында университет басшылығының келісімімен бекітілген кесте бойынша әрбір институт жеке-жеке өткізетін болады. Өтінішіңізге байланысты толық ақпаратты 87024072674 нөмеріне хабарласып алуыңызға болады. Рахмет!
18-06-2022 00-15-20
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6436 Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланович. Бітіруші бакалавр түлектері үшін қызыл диплом алудың нақты критерийін қайдан білуге болатынын айтсаңыз. Себебі, нақты критерийлерді ешкім айтпай отыр, әр жерден әртүрлі ақпараттар алудамыз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Всего записей: 4046