16-08-2022 13-54-29
От родителей
Автор вопроса: Тасболатова Махаббат Вопрос № 6510 Сәламатсыз ба менің қызым осы жылы 2 курс студенті. Бүгін естіп отырмыз екінші курс студенттеріне жатақхана берілмейтіндігін. Мен екінші топ мүгедек жұмсықа жарамсызбын. Әкесі қайтыс болған. Мен алатын жәрдемақыма 50мын тг тамақ аламынба, үй квартпалат толеймін әлде қызыма квартираға толеймін ба. Бірінші курс көп түсті биыл ешкімге берілмейді деп айтты дит. Неге университет толық қамтамасыз етпейжі жатақханамен. Сонда мен нестеуім керек
Ответ:
Құрметті ата-ана! Білім алушы, яғни қызыңыз жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесі арқылы өтініш беруі тиіс. Өтінішті әр институт жанынан құрылған арнайы комиссия құрамы қарастырып, шешім шығарады. Жатақханадан орын беру критерийлерінде студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайы ескерілетінін мәлімдейміз. Рахмет!
15-08-2022 13-41-01
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6509 добрый день еще раз на счет своего брата писала ранее, так и не ответили Әлімбеков Әлімжан сдавал на физкультурный ????пришел отказ хотя у него высокие баллы, 120 баллов, 30 из 35 творческий экзамен???
Ответ:
Здравствуйте! За подробной информацией по вопросам приема документов просим обращаться к сотрудникам Приемной комиссии. Контактные телефоны: 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14.
В Абай университет можно подать документы онлайн по ссылке https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz. На сайте представлена подробная информация об образовательных программах бакалавриата, магистратуры и докторантуры.
15-08-2022 10-21-13
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6508 Добрый день уважаемый ректор хотели обратиться к вам, потому что другого выхода не видим, телефон приемной комиссии бесконечно занят, коллцентр тоже, либо тупо не поднимают, мой брат сдал документы на грант, набрав 120 баллов, творческий из 35,набрал 30, пришло письмо об отказе, почему отказ? он окончил с хорошими успехами Алматинскую спортивную школу, выбрал Ваш универ, хочет и желает учиться, он из многодетной семьи,он из ВКО Тарбагатайский р-н, до какого подать на аппеляцию? и тд, кто нам уточнит, беспредел какой то, проходной сколько должно быть на грант, он сдавал на физкультурный,? и сейчас он находится в районе, а не в Алматы, чтобы не упустить время даже не можем дозвониться и тд?!
Ответ:
Здравствуйте! Ваш вопрос направлен руководителю Приемной комиссии Нурмахану Ауесбековичу. Он свяжется с Вами. Контакты - 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14. Спасибо!
13-08-2022 15-22-35
От абитуриента
Автор вопроса: Серикжан Ерасыл Вопрос № 6507 116 балмен дене шынықтыру мұғалімі жалпы конкурстан өте алмадым. Ректорлық грант қарастырылған ба? Қарастырылса, қай уақытқа дейін тапсыру керек
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Ректор гранты қарастырылмаған.Ақылы оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарлассаңыз болады. Байланыс телефондары: 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14.
12-08-2022 00-09-17
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6506 Саламатсыз ба
Мен 4 курс студенті едім
Срогым октябрде окуымды 1 семестрін онлайн окысам 2 барып офлайн окысам болама академический отпуск алмаяк ,группада 3студентпіз .
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат басшылығынан алсаңыз болады.
11-08-2022 16-26-48
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6505 Сәлеметміз бе, "Қазақстан халқына" қорынан бөлінетін грантқа өтініш қалдырған едім! оның жауабын кімнен білсем болады?
өтініш қалдырған студенттер кімге хабарласса болады? универге келіп құжаттарды тапсырумыз керек пе?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Білім грантына үміткерлер:
1) ЖОО-на күндізгі оқу түрі бойынша талапкерлер (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында орналасқан) бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде қабылданады.
Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады.
2) ЖОО студенттері қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуды жалғастырады. Қордың грантына (стипендиясына) үміткер студенттерді іріктеу жүргізіледі:
- "Taiburyl" қоғамдық бірлестігі арқылы (сайтта грантқа өтінім қалдыра аласыз);
- "Эндаумент КАЗГЮУ" корпоративтік қоры (КАЗГЮУ студенттерін іріктеу үшін).
Төмендегі критерийлер бойынша студенттер қатыса алады:
- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек болып табылатын студенттер;
- жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз Кәмелетке толғанға дейін қалған студенттер;
- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер;
- 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар қатарындағы студенттер;
- ата-анасы/ата-анасы 1 және 2 топтағы мүгедектер болып табылатын студенттер.
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты "Қазақстан халқына" қорының сайтынан білсеңіз болады. Рахмет!
09-08-2022 11-38-11
От абитуриента
Автор вопроса: Ата-ана Вопрос № 6504 Салематсыздарма университет ректоры және университет ұжымы! Менің қызым осы университтің 2 курс студенті еді.Сіздерден сұрайын дегенім жатахана беріледі ме екен 2 курс студенттеріне.Былтыры 1-ші курста 2 семестрде алып еды, бірақ келесі жылы болмайды деп ескертті деген.Енді сабақ жақындап қалды сабаққа барғанда қайда орналасар екен деген ой мазалап тұр.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқып жатқан институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.
05-08-2022 08-27-04
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6503 Сәлеметсіз бе. Басқа ЖОО-дан ауысып келушілерді қай уақытқа дейін қабылдау жүреді?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru.
04-08-2022 19-05-57
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6502 Салеметсизбе! Мен сизгден сурайын дегеним не себепии лето окып жауып болгандарга стипендия туспи жатр жанеде биз 7 ай бойы стипендиямыз отырык брак осы коктемдик семестирде лето калгандарга 3 айдын стипендиясы тусти не себепти бизге тиесили акша туспи жатыр?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сіздің стипендияңыз бүгінгі күнге дейін барлық өзгерістері енгізілген 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Жарлықтың негізінде есептеледі. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі осы қаулының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі, яғни мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша "өте жақсы", "жақсы" бағаларын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қысқы сессияның қорытындысы бойынша стипендия 01.02.2022 ж. бастап 31.08.2022 ж. дейін, жазғы сессияның қорытындысы бойынша 01.09.2022 ж. бастап 31.01.2023 ж. дейін тағайындалады.
04-08-2022 15-00-06
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6501 Құрметті Дархан Нұрланұлы Сізге инфрақұрылымды дамыту департаментінің аға маманы Ғайни Есентайқызы Ахатаева апайдың үстінен шағым айтайық деп едік.
Сізге барлық орын алған жағдайды басынан бастап баяндайтын болсақ, біз яғни филология факультетінің алты студенті 29.07.2022ж.тұрып жатқан пәтеріміздің тұру мерзімі аяқталуына байланысты және де 31.07.2022ж. үйімізге қайтуға ұшаққа,поездқа билет алып қойғандықтан екі күнге баратын жеріміз болмай кеш арасында далада қалғандықтан өзіміз жатқан №3жатақханадан пана сұрадық.Біз жатақханаға заттарымызды көтеріп кешке қарай бардық. Сол күнгі вахтада отырған Ұлбала апай мен сендерді кіргізе алмаймын, жатақхана меңгерушісі Ардақ апайларыңа хабарласыңдар деп айтты.Біз вахтаның жанында тұрып Ардақ апайға хабарластық ол кісі қыздар мен өзім еңбек демалысындамын сендер барып Шыңғыс Нұрланұлынан рұқсат алыңдар деп айтты.Біз рұқсат сұрайқ деп барсақ жұмыс уақыты аяқталуына байланысты ол ағаймен жолыға алмадық. Содан бәріміз жатақханаға келіп өтініп рұқсат сұрадық. Ардақ апай жарайды екі күн қоныңдар бірақ өтініш жазып Ұлбала апайларыңа беріп қойыңдар деп айтты,біз жазып өткіздік.Жұма 29.07. күні тыныш қонып шықтық. 30.07.вахтаға Қадиша апай келді сол кісінің кезекшілігінде жатақханада келеңсіз жағдай орын алды.Біз қыздар болып таңертең ертемен жолға шығатын болғандықтан кейбір қыздар ұйықтап жатқан кейбір қыздар жолға дайындалып жатқан сол мезетте түңгі сағат 2.30.шамасында терезені қолымен итеріп ашып жіберіп бөлмемізге қолында ақ парақтары,қаламы бар бір әйел кісі секіріп кірді де жүгіріп барып светті жағып жіберіп қане тез тұрыңдар неге жатырсыңдар деп қолына телефонын алып жіберіп видеоға түсіре бастады.Ол жерде ұйықтағанда киетін киіммен жатқан қыздар да болды.Сендер мені видео,фотоға түсірмеңдер әкеліңдер телефондарыңды, түсіретін болсаңдар ертең заңға тартыласыңдар,оқудан шығартқызып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсетті,дөрекі сөздер айтты.Біз мүлдем қатты шошынғандықтан мән-жайды түсінбей тұрып қалдық.Қолында алып келген ақ парағын бәрімізге таратып беріп барлығың да менің айтқанымды жазасыңдар жазбасаңдар осы университтетте әрі қарай оқуларың екі талай деп айтты.Біз ол кісіге айттық апай сіздікі дұрыс емес біріншіден сіз терезеден кіріп тұрсыз,екіншіден сіз өзіңіздің кім екеніңізді таныстырмадыңыз бұл қалай болғаны біз не үшін сіздің айтқаныңызды жазуымыз керек біз қалай бар солай жазамыз деп айттық және де солай жазып бердік.Содан кейін барып өзінің кім екенін,қандай қызмет жасайтынын айтты.Ал келесі бөлмедегі қыздарды қорқытып өз айтуымен жаздырып алған.Ол кісі мен қонақтан келе жатырмын жатақхананы қарауға,кез-келген уақытта келуге құқығым бар деп айтты.Ол кісі ішімдік ішіп алған, жағымсыз иіс шығып тұрды.Және де ұйықтап қалған Жансая деген қызды жұлқылап тұр-тұр түсініктеме жазасың деп айтты ,ол қыз мән жайды түсінбей ұйқысын аша алмай отыр еді сен немене массың ба ішіп алғансың ба деп қатты-қатты сөйледі.Содан әрлі-берлі жүріп терезеден секіріп шығып кетті.Терезені жабайық деп қарасақ қолына сіріңке ұстап алған бес-алты ақ парақты өртеп тұр. Апай не істеп жатырсыз қағаз жақпасаңызшы өртенеді деп айтсақ мен кілтімді жоғалтып алдым жарық болсын деп жағып кілтімді іздеп жүрмін деді.Ол апайдың іс-әрекеті бір түрлі болды. Дархан Нұрланұлы Сізге жеткізгіміз келіп тұрғаны департаменттің аға маманымын деп түңгі кез-келген уақытта терезеден кіріп шыға беруге құқығы бар ма? Ол кісінің сол түнгі іс-әрекетін дәлелдейтін фото,видео айғақтар бар.
Филология факультетінің студенттері: Ермекқызы Аяулым,Тілеуханова Мерей,Турдақын Мерей,Хайруллина Альбина,Күнібек Жансая.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Инфрақұрылымды дамыту департаменті Инфрақұрылым қызметінің аға маманымен өз қалауы бойынша еңбек шартының бұзылуына байланысты өтініште көрсетілген мәселені қарау мүмкін еместігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Университеттің ішкі жағдайына сәйкес іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтеміз. Рахмет!
03-08-2022 14-31-14
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6498 Добрый день.
По поводу курса ПЕРЕПОДГОТОВКИ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ, сегодня получили Некорректный сертификат, ошибка в переводе ФИО на русский язык. Выдала Байғұтты Альфия Қайратқызы, ссылаясь что данные взяты с НОБД, ей выдали так и т.д.
Насколько мы знаем паспортные данные НОБД берётся с первоисточника как ЦОН, при выяснений обстоятельств Байғұтты А.Қ. сказала, что будут переделанны в пятницу и т.д.
Често говоря мы устали от этих завтраков, который говорится завтра и завтра.
С данного курса у 5 участников не правильны ФИО.
Согласно статье 20 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I «О языках в Республике Казахстан» написание личных имен, отчеств, фамилий в официальных документах должно соответствовать законодательству и нормативным правовым актам Республики Казахстан.
Просим принять во внимание и ответить в письменном виде.
Регистрационный номер сертификата №31.
Контекст официальный документ означает документ, который выписывается государственным органом.
Ответ:
Здравствуйте! По разъяснению ситуации дано поручение ответственным лицам. Для получения информации просим обращаться к проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу. Тел.:8 (727) 293-81-53.
02-08-2022 16-27-13
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6497 Салеметсиз бе?!Кайырлы кун!Мен Казнпу-нин 2022 жылгы тулеги боламын.Биз дипломды маусым айынын басында алганымызбен студенттер тизиминен али кунге дейин шыгарылмаппыз.Арада уже 1 айдай уакыт отти.1 айдын ишинде жумыска туру ушин бир емес бирнеше конкурска «студенттер тизиминде» тургандыктан катыса алмай калып отырмыз.Не себеп екенин ешким накты жауап бермейди.Не себепти ешким накты жауап бермейди?Барлык университет студенттери уже студенттер тизиминен алынып тасталган.Не ушин Казак улттык университет студенттери не ушин али студенттер тизиминде тур?Осы маселени тез арада шешип берунизди сураймын.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
02-08-2022 00-16-05
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6496 Сәлеметсізбе менің сіздерге өтінішім жане сұрағым бар еді.
Менің келіншегім сіздерде оқып қызыл дипломмен оқуын аяқтады. Ендігі мәселе жұмысқа кіре алмай отыр себебі сіздерде әлі күнге студент ретінде тіркеуде тұр. Сол тіркеуден тез арада алып тастауға көмек бере аласыздарма.
Сұрағым неге әлі күнге бітірген студенттерді тіркеуде ұстап тұрсыздар?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды.Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
01-08-2022 16-02-42
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6494 Сәлеметсіз бе, мен 2021жылы оқу бітірдім. Қазір балам 1жаста әлі жұмысқа шыққан жоқпын. Осы жылы да декреттемін, мендегі мәселе, егер мен осы жылы да жұмысқа шықпасам маған гранттың отработкасын өтеу
мен грант ақшасы туралы қағаз келе ма? Әлде декретте болған соң босатыламын ба. Документ өткізу керек болса, қайда өткіземіз цонға ма әлде Мансап орталығына ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
30-07-2022 12-31-54
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6493 Салеметсиз бе.
1-ши сурак: 4 Курска коштим. Кыркуйек айында Сабили болатыныма байланысты уакытша онлайн, немесе белгили бир уакыт аралыгында демалыс алу жагдайы карастырылган ба?
2-ши сурак: 1 жаска дейин баласы бар жас аналар дипломдык жумыс жазады ма? Кандай женилдиктер карастырылган? Осы жайлы айтып жиберинизши. Накты жауап ала алмай журмин.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Біріншіден,Сізге Академиялық демалыс алу керек. Екіншіден, үш жасқа дейін баласы бар студенттерге дипломдық жұмыс орнына кешенді емтихан тапсыру қарастырылған. Қосымша ақпаратты директорат басшылығынан алсаңыз болады. Рахмет!
30-07-2022 02-45-27
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6492 Саламатсыздар ма! Қоятын сұрағым дорожка қашан түседі екен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.
29-07-2022 17-26-03
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6491 Сәлеметсіз бе. Биыл университетті тәмәмдаған студентпін. Жұмысқа орналасу барысы бойынша жазып отырмын. Университет нобд базасынан бітірген түлектерді алып тастау керек екен. Ол қашан алынады, кімге хабарлассақ болады. Вазадан шығарғанын қалай білсек болады. Нақты ақпарат берсеңіз. Өте маңызды. Қалай хабарлассақ. Нақты адамның нөмерін жазсаңыздар.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Студенттік бөлімге хабарласуыңызды сұраймыз.Тел.: 291-37-54. РАхмет!
29-07-2022 15-15-12
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6490 Салеметсизбе степендия кыстык лето окыгандарга кашан туседи екен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.
27-07-2022 13-34-22
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6489 Почему на вашем сайте НЕ опубликованы программа экзамена вступительных экзаменов докторантуры 2022г всех образовательных программ, кроме 8D01101-Педагогика и психология, 8D01201-Педагогика дошкольного воспитания и обучения, 8D01301-Начальное образование, 8D01901-Специальная педагогика, 8D03105-Психология, 6D02304 - «Лингвистика»? Ссылка на ваш сайт с вопросами экзамена: https://www.kaznpu.kz/ru/2153/page/. Меня конкретно интересуют экзаменационные вопросы института Математики, физики и информатики.
Прошу обеспечить равные условия для поступающим на докторантуру 2022г, а конкретно выкладывать на сайт программу экзамена для подготовки к вступительным экзаменам по всем институтам и по всем образовательным программам, согласно закону.
Цитата и ссылка на закон прикреплен внизу:
Параграф 2. Прием и проведение вступительных экзаменов в докторантуру: 20-2. ОВПО утверждает коллегиальным органом управления темы эссе, вопросы по профилю группы образовательной программы за два месяца до начала вступительных экзаменов и размещает, утвержденные коллегиальным органом управления темы эссе, вопросы по профилю группы образовательной программы на официальных сайтах ОВПО. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017650
Ответ:
Здравствуйте! Ваше обращение направлено руководителю Приемной комиссии Нурмахану Ауесбековичу. Для доступности всей информации касательно работы Приемной комиссии создан отдельный сайт: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/kaz/. Спасибо!
27-07-2022 13-26-06
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6488 Сәлеметсіз бе!
2022-2023 жыдғы оқу қалай болады 4 курс 6В01513-биология мамандықтарына
Онлайн немесе оффлайн түрде боладыма?
Ертерек айта аласыздарма
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты ақпарат директорат тарапынан алдына ала хабарланады.
Всего записей: 4046