Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
30-11-2022 14-23-29   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6747
Біз 3 курс 6B01512 студенттері жаңағы уақытта, бізге сессия уақыты берілді, сессия бізде 14 нен 28 декабрьге дейін қойған екен, уақытты ұзақ қой, бірақ екі ауызшамызды бірінен кейін екіншісіне дайындалуға болмайтындай қойып қойған екен, 19,20 өте қиын сабақтарды қойған физикалық және коллоидтық екі үлкен саланы қосқан, және жазбаша(ауызша) қойған кейін үлкен сала органикалық химияны қойған, алдыңғы 2 курста да 3 ауызша сабақ бірінен кейін бірін қойған, ол кезде біз қатты стресс алдық, ұйықтағанға уақыт жоқ, стресстен мұрынан қан ағу, ауыз құрғап кету қатты қиын болды бізге. 14-28 арасында 19-20 кейін тек 28 біз осы 28 күнгі сесиияны тосып тағы 7 күн тосатын болып отырмыз, жақсы тосатын болсақ, 19 нан кейінгі сессияны, яғни 20 күнгі сессия 24-25 қоюды сұраймыз, себебі ауызша сессиялар арасында уақыт болуы керек, біз оны басымыздан өткердік, біз қатты дайындалатындықтан, бізде өте көп студеттер уайымшыл, стресс аламыз, денсаулығымызды құртқымыз келмейді, ең басты байлық денсаулық, бірақ қызыл дипломға келе жатқан студеттер болған жоқ, бізге қатты қиын болады, осы сұрақты қарастыруыңызды сұраймын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне және сессия форматына қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

29-11-2022 17-53-16   Другие

Автор вопроса: аноним

Вопрос № 6746
сәлематсыз ба ректор мырза!!! университетте өте жақсы өзгерістер болып жатыр, түбегейлі өзгерістер, коррупциянын ордасы болып кеткен жерден жаңартып, Клара апай жақсы жұмыстар жүргізіп жатыр, әрине бұл ұнамайды көбіне, себебі тамырларын терең жайып кеткен. Ал мен айтайын дегеным, диплом дубликаттарын қалпына келтіру мәселесі әліде шешілмей сол орданың бір мүшесі Исабаева Нұрсағиля, өтірік ауырып жұмысын тапсырмай, ауқытты созуда, оның жұмысын жаңадан келген қыз жақсы атқарып жатыр, бәріміз ризамыз, бірақ түбегейлі жұмысын неге Исабаевадан қабылдап неге зейнетыне шығарып салмасқа... денсаулығы жоқ адам болса үйынде, болып, орынды жастарға беру керек. осы мәселе шешылмей тұр...
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Студенттік кеңсе маманы Н.Б. Исабаеваның еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты аталған қызметкермен келісім-шарт ұзартылған жоқ. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

28-11-2022 11-25-37   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6745
Здравствуйте, Дархан Нурланович! Нам в ГУКЕ не хватает сидячих мест в коридорах университета. Просим вас решить эту проблему!
Ответ:

Здравствуйте! По данному вопросу дано поручение ответственным лицам. Постараемся решить эту проблему по возможности оперативно. Спасибо за понимание.

27-11-2022 22-43-00   От родителей

Автор вопроса: Аянғали

Вопрос № 6744
Сәлеметсіздер ме! қызым Ғылыми химияда 3 курста оқиды. Оны 1 қырқүйек оқу оффлайн болады деп жолға шыққан уақытында онлайн болады деп хабар берді. Біз жарайды деп баламызды қайтардық. Содан кейін баламыз онлайнда оқыды. Біз универде болып жатқан жағдайға түсіністікпен қарадық! Ал осы қазан айының соңы баламызды оффлайн болады деп дереу Алматы қаласына аттандырдық. Оғанда түсіністікпен қарадық. Енді қазір әр жерде митинг болып жатыр!!! Мен және отбасым баламызға алаңдап отырмыз! Басқа ұлттық универ студенттерін қайтарып жатыр ! Бізде баламыздың онлайн форматқа ауысқанын қалаймыз! Сессия онлайн өтілсін. Өйткені бала денсаулығы маңыздырақ. Ата ана өтінішін қараусыз қалдырмайсыздар деген ойдамын.
Ответ:

Құрметті ата-ана! Жаратылыстану және география институты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімі ретінде университеттің ішкі құжаттары, соның ішінде Академиялық саясатына қатысты барлық міндеттемелерді орындайды. Сол себепті оқу формасы, академиялық күнтізбе, емтихан түрлері мен өткізілу жағдайлары университет деңгейінде бекітіліп, жүзеге асырылады. Институттың оқу үдерісінде 2022-2023 оқу жылының алғашқы айларында болған өзгерістер оқу ғимараты мен зертханаларды жаңартуға қатысты болғанын растаймыз. Қазіргі кезде химия бағытында білім алатын студенттер жаңартылған зертханаларда білім алуда. Институт басшылығы және профессор-оқытушылар құрамы студенттердің сапалы білім алып, ғылыммен айналысуына, жеке қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі клубтар жұмысына қатысуына жағдай жасауда. Жақында ғана жаңа студенттік коворкинг орталығы салтанатпен ашылып, студенттерге қызмет көрсетуде.

Алматы қаласында барлық ЖОО-ның күндізгі оқу формасында білім алатын студенттері офлайн форматта білім алуда. Қалада қазіргі кезде ешқандай әлеуметтік толқулар мен митингтер тіркелген жоқ. Сіздің балаңыз оқитын «6В05301 –Химия» білім бағдарламасында емтихандар тест, жазбаша (практикалық) және ауызша өткізіледі. Сол себептен емтихандарды толығымен онлайн форматта өткізу мүмкіндігі шектеулі.

25-11-2022 15-48-30   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6742
Кайырлы кун ректор мырза! Биздерге сонгы екы аптпны онлайн окуга руксат берыныз! Отиниш!!! Наука 4курс
Ответ:

Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

25-11-2022 15-47-08   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6741
Саламатсызба ректор ағай. Сіз неге біздің сұраққа жауап бермейсіз? Почему не отвечаете? Мы просим всего лишь дать нам отучиться на онлайне 2 недели . На сессию мы придем! Только эти две недели дайтп закончить на онлайне!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

25-11-2022 12-49-59   От родителей

Автор вопроса: Гаухар

Вопрос № 6740
Ректор мырза. Менің үлкен қызым Казгуде магистрант. Оларды да сессияларын онлайнға ауыстырып жатыр. Кіші қызым сіздің универнзде Абайда окиды. Оның да сессия емтиханын онлайнға ауыстыруыңзды сұраймн. Алда митинг болып калса, қызыма бирдене болса сиздер жауап бересиздерме?
Сол себепті қызымның амандығы үшін сессия онлайн болғанын сұраймн сізден.
Өзіңіздіңде балаларыңыз немерелеріңіз бар шығар?
Ответ:

Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болды. Мұндай шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Осыған орай еліміздің жоғары оқу орындарында, соның ішінде Абай университетінде де сессия офлайн форматта өтеді. Ал білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін, қызыңыз оқып жатқан Институт басшылығына хабарласуға болады.Рахмет!

25-11-2022 12-49-10   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6739
Салеметсизбе Дархан Билялов агай. Сізден студенттер атынан сессия онлайн болғанын өтінем.
Басқа сыныптастарм оқитн универлерде КазНау,Женпу, Казгу секілді ұлттық универлерде сессия онлайнға ауыстырып жатыр. Митингке байланысты.
Егер де митинг болган жагдайда біздерге бірдеме болса сіз жауап бересизбе? Ата анамз уаймдайдыгой!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейтін болды. Мұндай шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Еліміздің жоғары оқу орындарында, соның ішінде Абай университетінде де сессия офлайн форматта өтеді.

Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласуға болады. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 23-50-04   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6738
Құрметті Дархан ағай . Қазіргі таңда , сессия уақыты жақындап жатыр , біз сізден сессия онлайн болуын өтінеміз . Аяқ - асты митинг басталып кетсе , не боларынан қорқамыз . Бір жағдай бола қалса не болады? Үйде ата- анамыз жанын шүберекке түйіп , бізді уайымдап отыр . Өзгеде универде оқитын , аға , әпкелерімнің сессиясы онлайн болатын болды . Рубешка біткен соң , бізді үйге қайтаруыңызды сұраймыз. Тыныш болып тұрғанда , ертерек қайтарыңздаршы бізді . Жауабыңызды асыға күтудеміз . Құрметпен барлық студенттердің атынан
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 23-38-02   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6737
Саламатсыз ба ! Біз сіздерден сессияның онлайын болуын өтінеміз , барлық студенттерді осы мазалап жүр . Басқа универлердің бәрінде онлайн болады деп жарияланып , сіздер неге әлі ескертпеусіздер . Уйге қайтуға билет алуымыз қажет , уже билет қалмауда . Ертеңгі жағдайда біз универге барып сессия тапсырып жатқанда , митинг басталып кетсе , біздің өмірімізге сіздер жауап бересіздер ме ? Нақтылай кетсек , біз сессияның онлайн болғанын қалаймыз . Бастысы адам өмірі! Сізден нақты жауап күтеміз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 23-19-55   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6736
ӨТІНІШ!!! Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов.Неге біздің өтінішті қарастырмайсыздар? Біз көп зат сұрап тұрған жоқпыз ғой! Тек қана екі аптаға онлайн оқу!!! Бізге екі апталық онлайн оқуға рұқсат беруіңізді сұраймыз! Біздің өтінішті жерде қалдырмаңызшы! ӨТІНІШ!!! Наука 4курс
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. 

24-11-2022 22-35-52   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6735
Құрметті Ректор мырза инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкерлері және қарапайым жұмысшылар атынан К.Төлемісқызы мен Б.Абдрахмановичке ренішімізді білдіріп Сізге блогқа хат жолдаған болатынбыз.Ал Сіздің жазған жауабыңыз бізді мүлдем қанағаттандырмайды.Сіздер жазасыздар хатты ашық түрде жазыңыздар (аты жөндеріңізді көрсетіп)деп немесе ректордың жеке қабылдауына келіп айтыңыздар делінген бірақ сіз ойлаңызшы осы жұмыстарынан азды-көпті напақа тауып отырған жұмысшы сізге барып ашық түрде бізге қоқан-лоқы көрсетіп жатыр, басшылық дөрекілік танытып жатыр деп қалай айтады,бәрі де жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқады әйтпесе барлық жұмысшының көкірегі сайрап тұр айтқысы келіп. Бұл жерде түсінесіз бе мәселе артық жұмыс істегенде немесе жұмысшылардың 7-этажды ғимараттың тезірек бітуіне ат салысқанында емес,бұл жерде бірінші кезекте адами қарым-қатынас болып тұр. Алдыңғы жолдаған хатымыздан кейін К.Төлемісқызы инфрақұрылымды дамыту департаментіне келіп барлық қызметкерлерді тұрғызып қойып қане қайсың жазып жүрген жазғыштар оңбағандар мен сендерге көрсетем өтініштеріңді жазыңдар жұмыстан кетірем бәріңді деп қоқаңдап қатты ұрысқан.Бұл не бассыздық жұмыстарын жасап тып- тыныш отырған адамдарға себптен себепсіз неге келіп айқайлайды бұл сұмдық, шектен шыққандық деп білеміз.Университет тарихында бұндай жағдайлар ,бұндай қарым-қатынас бұрын соңды болмаған. Сіз неге басшы ретінде осы шындыққа тіке қарап дұрыс шешім шығармайсыз?Тағы да қайталап айтамыз осы аты аталған екі кісінің кесірінен бүкіл департамент ұжымы жұмысқа деген құлшыныстары жоғалып ұнжырғалары түсіп отыр.Біліп қойыңыз бұл киелі шаңырақ Исакованың немесе Мейрмановтың жеке меншігі емес! Әлде Сізге бәрібір ме орыстың мақалында айтылғандай «Моя хата с краю ничего не знаю»деп отырсыз ба? Олай болмайды! Сіз басшылық етіп отырғаннан кейін жазылып жатқан мәселелерге би-жәй қарамауыңыз керек деп білеміз неге екі адам бүкіл ұжымның берекесін қашырады? Сізге айтар ұсынысымыз жасырын(анонимно) түрде бүкіл ұжымға анкета таратып бұл кісілердің қандай адамдар екенін білуіңізге болады.Қарапайым қызметкерлерді,жұмысшыларды ашындырмаңыз.Сізден блокта мардымды жауап күтеміз инфрақұрылымды дамыту департаментінің қызметкерлері және қарапайым жұмысшылары.........
Ответ:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, оны дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты және объективті зерттеу үшін Қоғам ақпарат сұратуға және алуға, әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы алдын ала хабардар етуге, әкімшілік рәсімге қатысушыны Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 20-бабына сәйкес шешім қабылдағанға дейін тыңдауға құқылы екенін хабарлайды (бұдан әрі – Кодекс).​
 
Құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделері қозғалған адам мүдделі тұлға деп танылатынын атап өтеміз. Алайда, Сіздің өтінішіңізде өтініштің мәні көрсетілмеген және құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалар туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса беруіңізді сұраймыз.​
 
Бұдан басқа, Сіздің өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмегенін хабарлаймыз: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін және екі апта мерзімде сәйкестендірілуге жататынын хабарлаймыз.​
24-11-2022 21-52-21   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6734
Құрметті Дархан Біләлов , менің 3 курс ғылыми химияда оқитын қызым бар . Өзге балаларым Казгуда оқиды , алдағы уақытта митинг болуы мүмкін деп қайтарып жатыр екен . Сессия онлайн . Мен сіздердің универлеріңзде оқитын қызым үшін алаңдаймын . Бірінші кезекте баланың амандығы емеспе , құдай сақтасын ертең бірдеңе болып қалса , сіздер жауап бересіздер ме? Мен ата-ана ретінде баламның сессиялары онлайн болуын талап етемін . Түсіністікпен қарайсыз деген ойдамын . Студенттердің қысқы сесестрлік сессия онлайн қылғаныңыз , бәріміз үшін тиімді . Мен сиякты шырылдап отырған ата- аналар қаншама. Жауабыңыз күтемін , көп кешіктірмей жауап бересіз деген ойдамын
Ответ:

Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

24-11-2022 12-48-47   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6733
Саламатсыз ба
Біз мемлекеттік практикадан өтіп жүр едік, мұғалімдер қысымын көріп жүрік, сағат 7:40- 14:00 мектептеміз, онымен қоса жұмыс жасаймыз
Негізінде аптасына берілген 6 сағат, тек сол сағаттарды орындап кетсек жақсы болар еді, ақша бұған төленбейді, мұғалімдердің барлық жұмысын басымызға беріп қояды, ол кісінің жеке басының шаруасында істеуге мәжбүр боламыз, оны методикьіміз айтсақ дым шеше алмай, керісінше мектепке келіп “дұрыс қинандар жұмсандар” депті, ол кісі жақсылықпен айтқан шығар, бірақ бізді да түсунуді сұраймыз
7-40-14:00
14:00-21:00 жұмыс
Одан балалардың жұмыстарын тексеріп, сабақтарына дайындаламыз
Көсібі жұмыстарынан айырылыпта қалды, өзініз білесіз квартираға қазір как минимум 50к төлейміз , жұмыс жасамасақ та болмайды
Эмоционально морально да қысым көріп жүр қазір студенттер, түсінушілікпен қарауға шақырамыз. Біз оларға бізге ұнамай тұрған әрекетін айтқымыз келсе, бұл мемлекеттік практика баллдарың төмен болады деген қорқытумен болады.Жеке басқа тисушілік өте көп. Біз ол жерден айлық алып,жұмыс істеп жатқан жоқпыз,үйренуге бардық мектепке. Сонда үйреніп жатқанымыз, отыр десе отырып,істе десе істеп, эмоциональный күйзеліс болып жатыр. Сізге жеткізбей жауапты деген,адамдарға естірткенмен нәтиже жоқ. Өзіңізден бір дұрыс шешім қабылдауыңызды сұраймыз. Нәтиже талап етеміз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Жауапты тұлғаларға тапсырма беріледі. 

24-11-2022 01-59-41   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6732
Здравствуйте. можно узнать почему туалеты в главном корпусе на всех этажах, ужасно грязные, нет бумаги, никто не убирает, вода коричневая течет с крана, сколько учусь в универе. ни разу не видела чистого туалета.
Лифт работает через раз. с большой задержкой, гардеробная работает до шести вечера, а пары до 8 вечера. куда нам в зимнее время таскать верхнюю одежду?
В современное время и в цивильных университетах такие проблемы давно уже решены, проблемы туалетов - это уже край. Универ создан для обучения, но никаких элементарных условий жизни нет. Решите эти проблемы
Ответ:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению и направлено ответственным лицам. Руководство университета старается, чтобы учеба студентов не омрачалась такими бытовыми проблемами. Спасибо за сигнал!

23-11-2022 13-54-24   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6731
Степендия қашан түседі?
Кешігіп жатыр ғой
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қарашаға дейін беріледі.

23-11-2022 13-00-56   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6730
Дархан Нұрланұлы мен 4 курс Биология мамандығының студентімін. Қазір онлайн оқып жатырмыз. Осы аралық бақылау онлайнда біткенін қалаймыз. Оның үстіне Ремонт толық бітпей тұрып не үшін бізді шақырып жатыр бізде ешқандай лабораториялық сабақ жоқ бәрі семинар. Бізді Абай 56 дағы корпуста оқисыңдар деп жатыр, өткен апта Куляш апай Жги да оқисыңдар деп еді. Өтініш жазып проректордың почтасына жібердік бірақ жауап жоқ. Университет тарапы біздің жағдайымызға түсіністік пен қараса екен. 2 апта сабақты онлайнда аяқтауға рұқсат берсеңіз! Себебі коммерциялық жатақханалардың өзі айына 30 35 мың тг.
Ответ:

Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

22-11-2022 20-52-09   Другие

Автор вопроса: Профессор-оқытушылар

Вопрос № 6729
Құрметті Дархан мырза,​ ​ біз — профессор- оқытушылар құрамы бірігіп еліміздің президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа ашық хат жолдасақ деп отырмыз. Жоғары биліктен көмек сұрамасақ, осы сұрақ шешілмей қала ма деген уайымымыз бар. Себебі, біздің көкейімізде "университеттің әкімшілік және қаржы мәселесін қандай тұлғаға тапсырдық" деген сұрақ тұр.​ Абай университеті елімізге белгілі, беделді Ұлттық университеттердің тізімінде. Біздің ұжымда 20-30 жыл еңбек етіп жүрген ардагерлер бар. Неге сол қызметкерлердің ішінен лайықтысын таңдап, сайламасқа!? Проректор лауазымына лайық қызметкерлер өзімізде​ де жетіп артылады.​ Абай университетіне еңбегі сіңіп үлгермеген, бейтаныс​ тұлғаның бізді ары қарай басқаруына қарсымыз.​ ​ Күні кеше келе сала үстінен шағымдар түскен, кейбір қызметкерлер жұмысынан босатылған, наразылық білдірген.​ Ертең ПОҚ құрамы сондай жағдайға душар болмасына кім кепілдік береді!?​ Келмей жатып, профессор-оқытушылардың, кадр бөлімінің тікелей жұмысына араласа бастады. Біздің жалақымызды өлшеп, ережелер ұйымдастырып, бізге билік жүргізгісі келеді.​ Бастық басқа қызметкерлерге үлгі бола білу керек, қоластындағылармен ашық диалог құра білу керек, келе сала өз ережелерін тізбектемейді. ҚАЗҰПУ-да қызмет жасаған проректорлар біліктілігімен,​ қарапайымдылығымен, қызметкерлерге деген жылы қарым-қатынасымен беделді болған. Үлкен тарихы бар, ауызбіршілігі жарасқан біздің ұжымның ыдырауына жол бермейміз, және қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Абай университетінің ардагер қызметкерлері ретінде проректорларды таңдауға және сайлауға толықтай құқығымыз бар деп ойламыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағында.​
 
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 53-бабының 1-тармағына сәйкес осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратынын хабарлаймыз.​
 
Мәселен, Заңның 53-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.​
 
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің 2021 жылғы 19 ақпандағы шешімімен бекітілген Қоғамның Басқармасы туралы ереженің 2.1-тармағында Басқарманың дербес құрамы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен сайланатыны анықталған. Осыған байланысты Директорлар кеңесінің шешімі және Басқарма мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде проректорлар – Қоғам Басқармасының мүшелері тағайындалды. Сонымен қатар, Қоғамның проректорлары лауазымына тағайындау конкурстық негізде жүзеге асырылғанын, Директорлар кеңесінің шешіміне шағымдану бойынша кандидаттар тарапынан шағымдар түспегенін атап өтеміз.​
 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 21-бабын басшылыққа ала отырып, Қоғам (жұмыс беруші) мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары жасалған еңбек шарты мен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары негізінде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтынын хабарлаймыз.​
 
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қоғам актілері шеңберінде Сіздің өтінішіңізде көрсетілген талаптар қанағаттандырылуға жатпайды.​
 
Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген өтініш Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс екенін қосымша атап өткіміз келеді. Алайда, Сіз берген өтініш өтінішке қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.​
22-11-2022 09-23-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6727
Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов мырза! Біздің өтінішті ешкім естіп ескеріп жатқан жоқ! Құр шырылдап жүрміз! Өтінішті ешкім қарамайды, ешкім жауап бермейді! Студенттердің жағдайын ешкім ойлап та жатқан жоқ! Бізде студенттер толығымен келе алмай жатыр. Барлығына квартира немесе жатакхана жалдау керек . Ол ушін біраз каражат кетеді! Студенттерді ешкім ойлап жаткан жок! Сол соңғы 2 аптаны онлайн түрде бітіруге болмас па еді!!! ? Мүлдем түсінбеймін! Сол екі аптада бірдеңе өзгереді деп ойлайсыздар ма? Студенттерді де түсінсеңіздер екен! Біз соңғы 2 аптаның онлайн болуын талап етеміз! 4-курс, наука.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

22-11-2022 00-00-59   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6726
Рк1 15тен аса нб болса да,универде оқып жүрген магистранттар бар. Бір семестрде 15 болмау керек деген ед
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясатының 471-тармағында көрсетілгендей: Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушысы университеттен шығарылуы мүмкін:

1) өз еркімен;

2) қайтыс болуына байланысты;

3) оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;

4) мемлекеттік қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алғаны үшін, сондай-ақ академиялық үлгермегені үшін;

5) Корпоративтік этика кодексін, Жарғыны және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (соның ішінде дәлелді себепсіз сабақты жүйелі түрде 40 сағаттан артық өткізгені үшін);

6) білім алушы бас бостандығынан айырылғанда немесе оқуын жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де жазаға кесілген сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

7) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін;

8) академиялық демалыстан шықпауына байланысты;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша.

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  24  25  26  27  28 29  30  31  32  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений