17-10-2022 21-52-12
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6644 Құрметті Дархан Билялов, сізге жазған хатты көріп көпшілік студенттер өте түсініксіз күйде болып отыр. Жазған студент басқа адамдармен ақылдаспай бәрінін атынан жазып отыр. Қыркүйекте барлығы офлайн оқу болады деп, квартира алып, дайындалған болатын. Оған біріншіден, студенттердің уақыты, екіншіден ақшасы кетті, бірақ ол жағдайда ешкім шағымданбады, себебі, бәрі универдің жағдайына түсіністікпен қарады. Бәрімізге белгілі жағдайларға (миграция саны өсуі, бағаның қымбаттауы) байланысты, қазіргі жағдайда офлайн оқу студенттерге қолайсыз. Барлығы пәтерлерін тапсырып, ауылдарына қайтты. Келген күннің өзінде 1-шіден жатақханада орын жоқ,2-шіден соңғы ресейлік азаматтары қаптап кетуіне байланысты пәтер бағалары ұшып тұр. Ұшып тұрған бағаға да пәтер таппай далада қаңғып жүрген студенттер де аз емес ( дәлел ретінде де көрсете аламыз). Сізге жазылған хат басқа топтардың келісімінсіз, жеке дара шешім қабылдап жазған студент! Біз күзгі семестрді онлайн оқытуларыңызды сұраймыз!!!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісін түсіндіру мақсатында 2022 жылғы 18 қазан күні институт директоры К.Д. Каймулдинова, директордың орынбасарлары, топтардың эдвайзерлерінің қатысуымен "6В05301-Химия" білім бағдарламасының 3-ші курс студенттерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста 31 қазаннан бастап университет базасында сабақтарды ұйымдастыру мәселелері талқыланып, студенттер тарапынан жатақхана мәселесін шешу туралы ұсыныс берілді. Студенттермен кездесу барысында жатақханаға мұқтаж студенттер өтінім беруі қажет екендігі хабарланған болатын. Директорат тарапынан университеттің әлеуметтік мәселелер бойынша жауапты тұлғаларымен осы білім бағдарламасының студенттерінің Алматы қаласында тұру жағдайын шешуге қатысты жұмыс жүргізілді. Студенттер тарапынан түскен өтініштердің негізінде тек 11 студент ғана жатақханаға мұқтаж екендігін расталды. Жатақханаға мұқтаж студенттер әлі де болсын өтінім беруіне мүмкіндік бар екендігін мәлімдейміз.
17-10-2022 17-41-16
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6643 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов!
“Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ”- деп, біз, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері сабақ кестесінің өзгертілуін сұранамыз. Кесте мүлдем қолайсыз. Таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін сабақ оқу біздер үшін ауыр, өйткені қала шетінде, алыс аймақтарда тұратын студенттер бар. Олар таңғы 8 дегі сабаққа үлгеру үшін үйден 6 да шығып, кешкі 8-9 дарда қайтады, одан кейін шаршаған студент демала ма, келесі күнгі сабаққа дайындалады ма, тамағын іше ме, күн көруге ақша таба ма? Тіпті сабақ араларында тамақтануға үзіліс жоқ. Ол былай тұрсын практикада болған 1айымызда өтілмеген сабақтарымызды үстін-үстін жаудырып, қазіргі таңда өтелмеген сабақтың орнын толтырып барлығына үлгеру қиынға соғып жатыр. Сізден өтінеріміз сабақ кестесін не таңғы, не түстен кейінгі ауысымға сәйкестендіріп, студенттердің ыңғайына қарай ауыстырып берсеңіз. Ол мүмкін болмаған жағдайда, үйімізде отырып онлайн жалғастыра берсек. Дәл бұндай күйге түсуімізге біздің кінәміз жоқ деп ойлаймыз, бізге де түсіністікпен қарасаңыздар. Рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Филология институты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-ші курстарына оффлайн сабақтар 8.00-14.50 аралығында, ал онлайн сабақтар (СОӨЖ) кешкі сағат 17.00 ден 19.50 дейінгі аралықта қойылған. Жоспар бойынша белгіленген 5 STS-тің (1 дәріс + 2 семинар сабағы) толық игерілуі үшін педагогикалық практика кезіндегі сабақтар есепке алынып, аптасына 2 дәріс + 4 семинар сабақтары қойылып отыр. Сабақ кестесі Академиялық күнтізбеге сәйкес жасалған. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
17-10-2022 16-38-29
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6642 Сәлеметсізбе Дархан Билялов ағай.
Біздерде В050Биология наука мамандығы біздерде офлайн оқуға баруды талап етеміз.
Ауылда тұратын кісілерде сетьпен проблема кобине болған кезде мұғалімдер түсінбейді. Оданда офлайн универге барып оқығанымыз дұрыс.
Тек қана химия мамандығын шақырмай, ғылыми мамандықтардың барлығын шақырыңыздар. Біздерге де нақтырақ алғанда ғылыми мамандықтардың барлығына офлайн оқу ыңғайлырақ.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта Жаратылыстану және география институтының 7-ші қабатында орналасқан химия зертханаларында жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты парталар мен зертханалық құрылғыларды орналастыру, оқу үрдісіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. "6В05301-Химия" білім бағдарламасының 3 курс студенттері 31 қазаннан бастап университет базасында оқуларына болады. Ғылыми бағыттағы "Биология" білім бағдарламаларының 3 курс студенттерін биология зертханаларында жөндеу жұмыстары аяқталып, зертханалар толық дайын болғаннан кейін оқу ғимаратына оқуға шақыртамыз. Рахмет!
17-10-2022 15-54-50
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6641 Құрметті Дархан Біләлұлы!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагигокалық универсиеттінде штаттатық режимде жұмыс атқарып жүрген жұмыскерлеріңіздің айлық мәселесін заман талабына қарай көтеруді сұраймыз. Инженер, лаборант, методист, деканат, хатшы жалақылары өте төмен, мысалы 65000-80000 көлемде айлық аламыз, мына қымбатшылық заманда қалай күн көруге болады? Жалдамалы пәтерде тұратын қыздар бар... пәтердің бағасы удай... ауырсақ дәрі – дәрмек бағасы қымбат.
Сіздерден өтініш осы мәселелерді әділ күйде шешуіңізді сұраймыз. Жұмыс еңбек ақымыз шешілмесе орындалмаған жағдайға, біз Еңбек және халықты қорғау министрлігіне хат жолдаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Рахмет!
17-10-2022 15-49-42
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6640 Сәлеметсіз бе! Алматы қаласында пәтер жоқтығына әрі студенттердің қаңғып жүргендеріне байланысты Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттерін онлайн фооматына көшіруіңізді өтінеміз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
17-10-2022 14-52-18
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6638 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов! Сабақ кестесін қарастыруыңызды сұраймын. Таңғы 8-ден кешкі 19:00-ге дейін оқу қиындау.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
17-10-2022 12-52-16
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6636 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов!
“Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ”- деп, біз, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері сабақ кестесінің өзгертілуін сұранамыз. Кесте мүлдем қолайсыз. Таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін сабақ оқу біздер үшін ауыр, өйткені қала шетінде, алыс аймақтарда тұратын студенттер бар. Олар таңғы 8 дегі сабаққа үлгеру үшін үйден 6 да шығып, кешкі 8-9 дарда қайтады, одан кейін шаршаған студент демала ма, келесі күнгі сабаққа дайындалады ма, тамағын іше ме, күн көруге ақша таба ма? Тіпті сабақ араларында тамақтануға үзіліс жоқ. Ол былай тұрсын практикада болған 1айымызда өтілмеген сабақтарымызды үстін-үстін жаудырып, қазіргі таңда өтелмеген сабақтың орнын толтырып барлығына үлгеру қиынға соғып жатыр. Сізден өтінеріміз сабақ кестесін не таңғы, не түстен кейінгі ауысымға сәйкестендіріп, студенттердің ыңғайына қарай ауыстырып берсеңіз. Ол мүмкін болмаған жағдайда, үйімізде отырып онлайн жалғастыра берсек. Дәл бұндай күйге түсуімізге біздің кінәміз жоқ деп ойлаймыз, бізге де түсіністікпен қарасаңыздар. Рақмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
13-10-2022 23-03-57
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6620 Сәлеметсізбе, құрметті Дархан Билялов ағай.
3 курс химия В053 мамандық студенттерінің атынан жазып отыр едік. Мән беріп, ескеріп қараңызшы.
Біздер сабақтың онлайн болуына қарсымыз. Себебі біздерде барлық пән лабораториялық болған соң, онлайн ештеңе түсініп журген жокпыз. Осыған дейін қазан айында немесе қазан айының аяғында келесіңдер офлайнга дегенге соған дейін шыдайық деп күтіп жүрдік.
Ремонт аяқталған кабинеттер жоқ болса немесе басқа институттардан бос кабинет тауып бере алмасаңыздар
1/2 курс студенттерінде лекцияларда офлайн болады екен соларды онлайнға ауыстырып, солардың орнына біздер ХНК зертханаға барсақ. Осы жыл біздің нағыз білім алатын кезімізғой мамандық бойынша. Барлық пәніміз зертханалық болған соң және де сетьке байланысты дұрыс білім алып жүрген жоқпыз.!
Егерде офлайн оқуға шақыратын болсаңыздар алдымыздағы рубежка апталығынан соң баруға дайынбыз.
Өтінішімізді ескеріңізші
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «6В05301–Химия» ғылыми бағыттағы білім бағдарламаларында білім алатын 2, 3 курс студенттерінде дуальды оқыту элементтерін жүзеге асыру, болашақ химиктердің тәжірибелік дайындығын арттыру және университет пен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында оқу бағдарламасындағы зертханалық сабақтарды Д.В.Сокольский атындағы «Жанармай, катализ жəне электрохимия институты» мен «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының зертханаларында өткізу туралы алдын ала келісім жасалуда. Сондықтан 2022 жылдың 31 қазанынан бастап «6В05301–Химия» білім бағдарламасының 3 курс студенттері офлайн форматта оқуға шақырылады деп жоспарлануда. Рахмет!
12-10-2022 11-44-51
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6618 Қурметти Дахан Нурланович!Биздин кафедрада еки-уш
жерде жұмыс істейтін оқытушылар бар. Олар кафедраның қоғамдық жұмысына араласпайды.
Олардың жұмыстарын кафедрадағы басқа оқытушылардың мойнында. Зав.кафедра оларға көзін
жұмып қарайды. Яғни,коррупция деген сөз.
Осыны калай аныктауга жане шешуге болады.
Ответ:
Құрметті оқытушы! Хатыңыздағы мәселені қарастыру үшін кафедра атауын және бірнеше жерде жұмыс істейтін оқытушылардың аты-жөні туралы ақпаратты rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!
10-10-2022 12-11-44
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6615 Сәлеметсіз бе, қызыл дипломға үміткер болу үшін қандай шарттар қойылған?
Осы жолы өзгертулер енгізілді ме?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі. Ал оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
10-10-2022 11-16-18
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6614 Біз Аударма ісі 6В02302 201 тобының студенттері, оқытушы мен біздің арамызда түсініспеушілік туындады, екі тарап та өз пікірлерін айтты, екі тараптың да ойы ескерілді.
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Сержанұлы Біржаннан кешірім сұраймыз және сабақты өзінің жүргізгенін қалаймыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз жауапты тұлғаға жолданды. Рахмет!
10-10-2022 01-33-59
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6613 Сәлеметсізбе, құрметті ректор Дархан Билялов. Біздің сұрайын дегеніміз Жаратылыстану және география институтының ремонты қашан аяқталады?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың Жаратылыстану және география институты ғимаратының жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында аяқталады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!
09-10-2022 17-08-05
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6612 Сұрақ № 6473
Сәлеметсіз бе, Дархан Нурланұлы! ҚАЗҰПУ ПОҚ құрамы 2022 жылдың ақпан айында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін пәтерге кезекке тұру үшін құжат өткізіп едік. Өкінішке орай, 7 ай өтсе де, нақты жауап жоқ: бізді кезекке қойды ма, қоймады ма!? Кадр бөлімі білмейміз деп отыр. Әр түрлі сайттарды ақтардық, Қазақстан ипотекалық компаниясына да хабарластық, ешкім ештеңе білмейді. Кадр бөлімі білмесе, кімнен аламыз ақпаратты? Кезекке қоймаған болса, бос үміттеніп, уақыт жоғалтпай, өз бетімізбен ипотека қарастырар едік. Университет басшысы ретінде сізден көмек сұраймыз. Нақты жауабын біліп берсеңіз. Жоғары білім министрлігінен сұрастырып, хат жазбас бұрын, алдымен сізден сұрауды жөн көріп отырмыз. Себебі ертең "басшылыққа бір ауыз ескертпей, хат жазыпты" деген сөздерді естімеу үшін жазып отырмыз сізге. Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2022 жылдың 17 ақпанындағы № 2-03-1/675-И хаты негізінде Қоғам бағдарлама талаптарына сәйкес Қоғам қызметкерлері қатарынан өтініштері мен тиісті құжаттар берген қатысушылардың тізімін жасап жіберді. Осыған байланысты, Қоғам Сіздің 2022 жылғы 19 шілдедегі өтінішіңізде көрсетілген мәселелер бойынша Министрліктің атына сұраныс хат жолдады, жазбаша жауап берілгеннен кейін Сізге қосымша хабарланатын болады.
Деп едіңіздер шілде айында?????
Ответ:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 19 шілдедегі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) өтінішіне министрлік тарапынан жазбаша жауап болмағанын хабарлаймыз.
Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 11.06.2022 ж. №917 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету, білім және ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Осыған байланысты, Қоғам «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың бұрын қалыптастырылған және жіберілген тізімін бөлу тәртібін түсіндіре отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.02.2022 ж. №2-03-1/675-і хатына) қосымша сауал жолдады. Жолданған сауалға жауапты мекемеден ресми жауап болған жағдайда міндетті түрде қызметкерлерге басшылық тарапынан хабарланатын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
09-10-2022 16-59-56
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6611 «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алатын қызметкерлердің тізімі қашан шығады екен? Біз 2022 жылдың ақпан айында мемлекеттік қызметкерлер ретінде құжаттарды өткізіп едік, қазіргі таңда ешқандай программаға қатыса алмай отырмыз, себебі нұрлы жер бағдарламасына қатысатын болсан, басқа бағдарламаға қатыспау керек дегеннен кейін.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алатын қызметкерлердің тізімін шығарсаңыздар????
Ответ:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 19 шілдедегі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) өтінішіне министрлік тарапынан жазбаша жауап болмағанын хабарлаймыз.
Өздеріңіз білетіндей, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 11.06.2022 ж. №917 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету, білім және ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Осыған байланысты, Қоғам «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың бұрын қалыптастырылған және жіберілген тізімін бөлу тәртібін түсіндіре отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 17.02.2022 ж. №2-03-1/675-і хатына) қосымша сауал жолдады. Жолданған сауалға жауапты мекемеден ресми жауап болған жағдайда міндетті түрде қызметкерлерге басшылық тарапынан хабарланатын болады. Рахмет!
08-10-2022 16-24-45
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6610 Сәлеметсіз бе? Сурайын дегенім жазда степендиядан куласа, кыскы сессияда кайта илинсе кай уакыттан бастап алады? Январьма? Рахмет
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан алуыңызға болады. Рахмет!
08-10-2022 14-43-47
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6609 Қайырлы күн! мен магистратураның 1 курс студентімін, бакалавр мамандығым басқа болғандықтан, академиялық айырмашылықты төледім, алайда қазіргі уақытта оқудан шығайын деп жатсам, төленген айырмашылық қайтарылады ма? Қанша уақытта қайтарылады?
08-10-2022 13-53-53
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6608 3-курстарда сабақ неге әлі басталмай жатыр?Не үшін онлайн болады ол.Сонда біз бекер жүре беруіміз керек па .Бостан-бос.Квартира төлеп жұмыс жасайын десең сабақ кестесінің уақыты да дұрыс емес.
07-10-2022 21-42-51
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6607 Сәлеметсізбе,ректор мырза!Мен екі шет тілі мамандығының 3-курс атуденті Мәмбетәлі Иманғали боламын.Менің сұрағым не себепті екі шет тілі мамандығының 3 курс студенттері онлайн оқып жатыр?Бізге оффлайн оқу керек,осыны шешсеңіздер.Қазір барлық 3 курс студенттері наразы онлайн екендігіне,сіздерден өтініш тез арада бізді оффлайн режимдегі оқу форматына ауыстыруыңызды өтінеміз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі. Қазіргі таңда оқу процесі дәстүрлі форматта ұйымдастырылуда. Рахмет!
07-10-2022 10-12-21
От абитуриента
Автор вопроса: Аманғалиев Әділет Вопрос № 6606 Саламатсызба, Тарих құқық институты, тарих құқық негіздері мамандығының 3 курс студенті боламын. Менің сұрағым, неге бізде қазір 1 пәннен 7 сағат, бізде 1 ай Практика болды деп расписантемізді толтырып тастаған. Біз қазіргі таңда қосымша жұмыс жасап жатқандықтан, біз үлгере алмаудамыз, және 3 сағат лекция, 3 сағат семинар 18 студент үшін тым көп деп есептейміз!!! Осы мәселе бойынша сұрап тұр едім
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 3 курс педагогикалық мамандықтардың күзгі семестрі 2022 жылдың 3 қазаннан басталды. 15 аптаның орнына 10 апта оқитын болғандықтан, сабақ кестесінде толықтырулар болды. Рахмет!
07-10-2022 10-01-03
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6605 Сәлеметсіз бе! 3 курс педагогикалық мамандықтың студенттерінде сабақ кестесімен қиындық туындап жатыр. 1ай практикада болдыңдар деп, бізге таңнан кешке дейін сабақ қойып жатыр. Көптеген студенттердің жұмыстары бар, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 3 курс педагогикалық мамандықтардың күзгі семестрі 2022 жылдың 3 қазаннан басталды. Сабақ кестесінде 15 аптаның орнына 10 апта оқитын болғандықтан, толықтырулар енгізілді. Рахмет!
Всего записей: 4046