Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
07-12-2022 23-50-55   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6771
Сәлеметсіз бе!Мен оқу ақысына 15% жеңілдікке документ өткізіп едім.Қателесіп дұрыс салмай қойыппын.Мен оқу ақысына жеңілдікке документ тапсыруды қайтадан ашуыңызды сұраймын.Себебі қателісіп салып жібергендер өте көп.Барып сұрасам қайтадан ашылмайды дейді.Мүмкін емесқой қайтадан ашылмауы.Ол жеңілдік маған қатты керек.Әкем жақында қайтыс болды оқу ақысын өзім төлеуге тура келіп отыр.Сондықтан қайтадан ашуыңызды сұраймын..Осы мәселені қарауыңызды өтінемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарлассаңыз болады.

07-12-2022 12-35-57   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6770
Сәлеметсіз бе! Біздің материалдық бухгалтериядағы Кадір Нагима Орынбасарқызы ешкандай қызметтік этиканы білмейді,ар документ,приказ өткізген сайын дауыс көтеріп сөйлейді.
Осындай стресске төзімді болмаса неге бұл орында отыр? Ол кісінің жұмысы болғандықтан әр нәрсеге мән беріп дұрыс жетізуі керек! Бұндай жағдай бірінші рет емес,әрдайым осылай. "Тұра тұршы,не болды? болды болды баршы,алмайм қабылдамайм"-деп шығады қатесінде айтпай.Кімнен сұрайық десек білмейм дейді.Сонда неге отыр айтпаса?
Вечно недовольная,өзінің проблемасы ол өзінің проблемасы оны жұмысқа әкелмесін.
Дархан Нұрланұлы және Клара Тулемисовна осы мәселені қолға алуыңызды сұраймыз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының материалдық база бөлімінің қызметкеріне қатысты Сіздің өтінішіңізді қарап, Сіздің берген ақпаратыңыз бойынша материалдық база бөлімі басшысының лауазымдық міндеттері шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз.​
 
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес,​ жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер​ арқылы​ келіп түскен өтініштер Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жататынын қосымша хабарлаймыз.​ ​
 
Мәселен, өтініште: Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе​ заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) көрсетілуі тиіс.​ ​
 
Осыған байланысты,​ келесіде​ өтініш берген​ кезде жоғарыда аталған Кодекстің талаптарын​ сақтауыңызды​ сұраймыз.​ ​
 
Сонымен қатар, жеке тұлға өзіне қатысты шындыққа жанаспайтын, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таралған жағдайда азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен заңға жүгінуге құқылы.​
07-12-2022 10-45-03   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6769
Құрметті Ректор және проректор мырзы!
Мен окуга түсе алмаган докторант ретінде айтарым
Филология институтының зам директоры Найманбаев Алмастың
өзі әйелі лингвистика мамандығының докторантурасында оқиды және туған інісі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистратурасында оқиды
сонда бір үйден бірнеше адам бир кафедрада оқитыны еш күмән туғызбайды ма сіздерге?
Біз неше жыл болды түсе алмай жүрміз. Осы мәселені қарастырсаңыздар екен
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2021 жылдан бастап Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Ректорлар кеңесі Тамыз кеңесінің отырысында магистратура мен докторантураға қабылдауға қатысты ұсыныстар енгізген болатын. Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін қабылдау Ережелеріне де өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Содан бері магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіліп келеді. Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылуда. Бұл ақпараттардан Сіз хабардар шығарсыз деп үміттенеміз.

Енді Сіздің сайттағы жазбаңызға тоқталар болсақ, қызметкер Алмас Найманбаев 2019 жылдан бері Филология институты директорының орынбасары болып қызмет істеп келеді. Филология институты тарапынан берілген мәлімет бойынша жұбайы докторантураға 7 рет тапсырған. Тек 7-ші рет тапсырғанында ғана, яғни тамыз айындағы конкурста «Лингвистика» мамандығына түсіп отыр. Аталған мамандыққа 3 үміткер тапсырып, үшеуі де докторантураға түскен. Сіз күмәнданғандай 4-ші үміткер болмағаны анықталды. Одан бөлек "Екі шет тілі", "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына бөлінген гранттарға үміткерлер толық болмай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне игерілмей қайтарылғанын баса айтып өткен орынды болар. Сонымен қатар, емтихан қабылдаған комиссия құрамы өз саласының білгір мамандарынан құралған. Емтихан сұрақтарына берілген жауаптар комиссия құрамына кодталып (кімнің жауабы екені белгісіз) келетіндіктен, қай үміткердің жазбасы екендігі соңғы нәтиже шыққанға дейін (4 емтиханның нәтижесі) белгісіз болып тұрады. Туған інісіне қатысты жазбаңыз бойынша інісі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына қарасты мамандықта оқымайтындығы анықталды.

Абай университетіне оқуға тапсырғыңыз келсе, жазда өтетін конкурсқа осы бастан дайындалып, қалаған мамандығыңызға тапсыра аласыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!

06-12-2022 23-11-26   От студента

Автор вопроса: Алия

Вопрос № 6768
Салематсзба агай, біздер 3нши курстар сессеия онлайн болғанын талап етеміз!
Букил 1/2 курстарга сессия онлайн форматта біздің қай жеримиз кем олардан?
Бир универде окыган сон барине бирдей караныз
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты қиындықтар туындаған жағдайда институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

06-12-2022 23-09-55   От студента

Автор вопроса: От студентов 3/4 курса!

Вопрос № 6767
Сәлеметсізбе, Дархан Билялов?!
1 және 2 курстарға сессия онлайн форматта болады екенғой.
3пен 4 курсқа да сессия онлайн болуын талап етеміз! Барлығымз бір университетте оқып жатырмызғой. Олай бөліп жармай барлығымызға теңдей қараңыз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты қиындықтар туындаған жағдайда институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

06-12-2022 21-09-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6766
дене шынықтыру ағайлары сабақты өте керемет жүргізеді. өзім 2 курс студентімін, атап өтсем Сейсенбаев Ерлан ағай 2 жылдай сабақ беріп отыр. әр сабағына тиянақты әрі, жауапкершілікпен қарайды. сабақ барысы қызықты, көңілді өтеді. үлкен рахмеет!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

06-12-2022 20-17-58   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6765
3 курс ЖГи студенттері сессиянынң онлайн болуын өтініп сұраймыз! 1,2 курстарғылар секілді біздің де онлайн сессия сұрағымыз келіп тұр. Сесиия онлайн түрде өтілсін!
2 курстада ауыша емтиэандар бар екен оларда бірақ онлайнға кетіп жатырғой! Біздің де онлайн тапсырғымыз келеді!!!
онлайн тапсыруды қарап берсеңіздер!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты қиындықтар туындаған жағдайда институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

06-12-2022 14-46-23   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6764
Сәлеметсіз бе!
Егер, осы қыс айында университеттің магистратурасына түскен жағдайда, жатақханадан орын алу мүмкіндігі бар ма?
Бұл ақпаратты толығырақ қай жерден білсем болады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта оқу орнымыздың жатақханаларында студенттер толығымен орналасуына байланысты жатын орын жоқ екенін мәлімдейміз. Оқуға түскеннен кейін жатақхана мәселесімен Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің қызметкерлеріне жолығуыңызға болады. Рахмет!

05-12-2022 19-20-40   От родителей

Автор вопроса: Бекбауова Жадыра

Вопрос № 6761
Саламатсыздар ма! Мен 16 желтоксанга дейн баламнын кайтуын отинемин курметти ректорат! Сиздерге канша жазып жатырсак та отинишимиз не себептен каралмайды? Ата-ананын ойы сиздер ушин 1 тиынба? Алдынгы жылы кыста елимизде келенсиз жантуршигерлик окиганын болганы белгили сол жагдай осы желтоксан окигасындагыдай кайталанып кетеди деп ойламайсыздарма? Бала амандыгы баринен манызды! Сол себептен балаларымызды кайтарып осы семестрдеги кыскы сессияны онлайн кылгандарынызды калаймыз! Блокка шыгарып шешимин табыныздар. Букаралык акпарат куралдарына жугину керекпе алде?!
Ответ:

Құрметті ата-ана! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты сұрақтарыңыз болса, институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

04-12-2022 20-03-40   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6760
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Біздің мерей жасымызға келгенімізге орай, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруға пәрмен бергеніңізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Төс белгімен марапаттап, Шапан жауып, сыйақы бергеніңіз, Сіздің халқымыздың дәстүрін жақсы білетініңіздің айғағы. Сізге және ректорат ұжымына сапалы педагогтар дайындауда үлкен табысқа жетулеріңізге тілектеспін!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жылы пікірлеріңіз бен ізгі тілектеріңіз үшін рахмет. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін.

03-12-2022 23-29-37   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6758
Саламатсыздар ма! Биз хнк топтары 2 ай бойы онлайнда окыдык. Енди бирнеше аптага келип окыганымыз ушин сессия не ушин оффлайн болуы кажет? Кейбир сабактар билет туринде келеди. 2 ай онлайн окыган студенттерге 1 ай универде оффлайн окып сессияны ауызша жане жазбаша билетпен тапсыру онай дейсиздер ме? Баска университеттерде ауызша экзамендерден бас тартып тест кылып жатыр.Биз де ауызша жане жазбаша сабактын емтихандарын тестке ауыстыруларынызды сураймыз. Жауабымызды ескерксиз калдырмайсыздар деп умиттенемиз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі. Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

03-12-2022 23-19-41   От родителей

Автор вопроса: Марал

Вопрос № 6757
Салеметсіз бе, құрметті ректор мырза! Мен ата-ана баламның қысқы сессиясының онлайн форматта өтуін талап етемін.Алдыңғы жылы қыста еліміз үшін оңай жыл болмағаны анық.Балаларымызды 16 желтоқсанға дейін қайтаруларыңызды өтінемін.Өтінішімді жерге тастамайды деген үміттемін.Әрі офлайн форматта болғанының өзінде 28 інен ары қарай билет жоқ. Баламыз жаңа жылда аман-сау қасмызда болсын.Балаларымыздың амандығы мен үшін де сіз үшін де маңызды. Блокқа шығарасыздар деген үміттемін!!!
Ответ:

Құрметті ата-ана! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты сұрақтарыңыз болса, институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

02-12-2022 13-20-24   От студента

Автор вопроса: Жансая

Вопрос № 6756
Сәлеметсізбе?! Неге Жаратылыстану және география институтында барлық мамандықтарда сессия 20.12 дейін аяқталады да, ғылыми химия мамандығында 20.12 кейін 27/28ине қойған?
Сол уақытты алдыға 21.12-22.12не жылжытуын талап етеміз!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі. Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

02-12-2022 09-30-41   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6755
Салеметсіздер ме! Құрметті ректор мырза балалардың қысқы сессиясының онлайн өтуін ата-аналар болып сұраймыз.Жан-жақта яғни басқа қалаларда қаншама толқулар болып жатыр жаңалықтардан естіп отырмыз.Алматы үлкен мегаполисті қала болғандықтан алдағы 16 желтоқсан мейрамына дейін балаларымыздың қайтуын сұраймыз.Ата-ана жүрегі шыр-пыр етіп баламызды тағатсыздана күтіп отырмыз. Өтінішімізді жерге тастамайтындарыңызға сенеміз!
Ответ:

Құрметті ата-ана! Қысқы сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан кестесі бойынша жүргізіледі. Емтихан форматына қатысты Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, білім алушылардың қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктері бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

01-12-2022 17-08-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6754
Құрметті Дархан Біләлов, біз 2022-2023 оқу жылында қысқы семестрде академиялық ұтқырлықпен Польшаға кеткен едік. Соған байланысты, КазҰПУ- дағы емтихандарды қашықтықтан тапсыруға болады ма деп сұрайық деп едік. Себебі, емтихан тапсырылмаған жағдайда, бізге 2023 жылдың қаңтар және ақпан айлары үшін шәкірақы берілмейді екен, ал біздің Польшадағы оқуымыз ақпан айының соңында бітеді. Екі ай шәкіртақысыз шетелде жүру біраз қиындық тударатындығын ескеріп, қысқы емтихандарымызды онлайн тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі. Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

01-12-2022 17-03-28   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6753
Қайырлы күн Ректор ағай!
Академиялық ұтқырлықпен Польша мемлекетіне 1 семестрге оқуға кеткенбіз. Барлық пәнді онлайн оқып жатырмыз. Сессияны да онлайн тапсыруымызды өтіндік, бірақ келген соң 1аптаның ішінде ведомость ашылады, сол кезде тездетіп үлгеріп тапсырасыңдар дейді. Сессия тапсырмасақ, стипендиямыздан айырыламызғой… Бұл туралы оқуға кетпес бұрыс бізге ескерткен жоқ. Стипендияларың түсіп отырады деді. Европада бәрі қымбат, ата-анамыз көмектеседі деген күннің өзінде шет елдегі ең бақытты студенттік шағымызда ақшадан қиналып қалатын болдық. Кетер кезде бізге келген соң тапсырасыңдар , ол кезде стипендия түспейді деген әңгіме айтылған жоқ!
Сізден өтініп сұраймыз, біз 1ші және 2ші аралық бақылауды онлайн түрде оқыдық, баллдарымызды алдық, енді сессияны да онлайн тапсырғымыз келеді! Өтінішіміз елеусіз қалып қоймаса екен!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қысқы сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан кестесі бойынша жүргізіледі. Емтихан форматына қатысты Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

01-12-2022 14-36-41   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6752
Қарашаның 7сі күні ақылы бөлімде оқитын студенттер, яғни мен грантқа ауысуым туралы приказ шықты деді. Маған шәкіртақы қашан түседі екен? Осы айда алуым керекқой. Қарашаның 7сіне дейінгі оқығам күндерімнің ақысын да төлеп қойдым!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. 

30-11-2022 16-31-51   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6751
Уважаемый Дархан Нурланович! 28.11.2022 году я обратилась в Здравпункт расположенном по адресу ул. Толе би, 35 (Общежитие №1) за медицинской помощью. Так как во время рабочего дня я не могла выехать в свое медучреждения, по которому прописана, попросила медработников поставить мне капельницу, который был назначен мне врачами. Медпункте в главном корпусе мне сказали, что они не умеют, а когда обратилась Здравпункт, после процедуры оставили на руке большую гематому после капельницы, хотя по моему мнению процедуру знать должен каждый квалифицированный врач.
К сожалению, это не единственный случай. Моя коллега 27.10.2022 обратилась Здравпункт для того, чтобы ей сделали перевязку на руку после пореза. Но врач Жаббарханова Алия Аббасовна (врач-терапевт) сначала не могла найти соответствующие лекарства и мази для обеззараживания и перевязки, и вместо этого решила использовать чистый ЙОД в большом количестве, тем самым коллега получила большой ожог не только раны, но и вокруг него. Подтверждения в виде фотографии есть и у меня, и у коллеги.
Уважаемый Дархан Нурланович, просим провести проверку Здравпункта на наличия элементарных лекарств для оказания первой помощи и проверить врачей данного здравпункта на проф. квалификацию, так как от рук врачей могут пострадать студенты нашего университета при оказании первой медицинской помощи.
Ответ:

Здравствуйте! По Вашему обращению было дано поручение ответственным лицам​ разобраться со сложившейся ситуацией. В​ своей​ разъяснительной записке врач А.А.Жаббарханова,​ не отрицая, что у​ обратившейся​ сотрудницы​ после​ вв капельницы осталась подкожная гематома,​ сообщает,​ что подкожные кровоизлияния и​ кровоподтеки считаются привычными исходами различных медпроцедур. И часто это​ зависит не​ от квалификации врача, а от​ состояния пациента. Усиливают вероятность синяков​ врожденная ломкость сосудов, курение, повышенное​ давление, эмоциональное напряжение и прием​ препаратов, разжижающих кровь. Врач​ отмечает,​ что пациент во время​ системы​ встала с кушетки, что тоже может привести к​ кровоподтеку. Пациенту нужно было подойти в здравпункт, были бы даны рекомендации (полуспиртовой компресс или мазь). После этого​ гематома полностью рассосется через 2-3 дня.
Врач также заявляет, что все медпункты КазНПУ оснащены лекарствами и препаратами​ согласно Приказу министра здравоохранения РК​ от 8 октября 2020 года​ «Об утверждении состава аптечки для оказания первой помощи», в том числе перевязочными​ материалами​ и средствами для обработки ран (спирт, йод и т.д.).​ От имени сотрудников здравпункта и лично от себя А.А.Жаббарханова​ приносит​ сотрудницам​ искренние извинения и гарантирует, что в​ дальнейшем такая ситуация не повторится.
30-11-2022 14-48-26   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6750
Біз 3 курс 6B01512 студенттері жаңағы уақытта, бізге сессия уақыты берілді, сессия бізде 14 нен 28 декабрьге дейін қойған екен, уақытты ұзақ қой, бірақ екі ауызшамызды бірінен кейін екіншісіне дайындалуға болмайтындай қойып қойған екен, 19,20 өте қиын сабақтарды қойған физикалық және коллоидтық екі үлкен саланы қосқан, және жазбаша(ауызша) қойған кейін үлкен сала органикалық химияны қойған, алдыңғы 2 курста да 3 ауызша сабақ бірінен кейін бірін қойған, ол кезде біз қатты стресс алдық, ұйықтағанға уақыт жоқ, стресстен мұрынан қан ағу, ауыз құрғап кету қатты қиын болды бізге. 14-28 арасында 19-20 кейін тек 28 біз осы 28 күнгі сесиияны тосып тағы 7 күн тосатын болып отырмыз, жақсы тосатын болсақ, 19 нан кейінгі сессияны, яғни 20 күнгі сессия 24-25 қоюды сұраймыз, себебі ауызша сессиялар арасында уақыт болуы керек, біз оны басымыздан өткердік, біз қатты дайындалатындықтан, бізде өте көп студеттер уайымшыл, стресс аламыз, денсаулығымызды құртқымыз келмейді, ең басты байлық денсаулық, бірақ қызыл дипломға келе жатқан студеттер болған жоқ, бізге қатты қиын болады, осы сұрақты қарастыруыңызды сұраймын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Білім алушылардың өтінішіне сәйкес емтихан қабылдау мерзімі өзгертіліп, 2022 жылғы 22 желтоқсанға ауыстырылды. Сессия форматына қатысты нұсқаулықпен танысу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

30-11-2022 14-36-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6749
Біз 3 курс 6B01512 студенттері жаңағы уақытта, бізге сессия уақыты берілді, сессия бізде 14 нен 28 декабрьге дейін қойған екен, уақытты ұзақ қой, бірақ екі ауызшамызды бірінен кейін екіншісіне дайындалуға болмайтындай қойып қойған екен, 19,20 өте қиын сабақтарды қойған физикалық және коллоидтық екі үлкен саланы қосқан, және жазбаша(ауызша) қойған кейін үлкен сала органикалық химияны қойған, алдыңғы 2 курста да 3 ауызша сабақ бірінен кейін бірін қойған, ол кезде біз қатты стресс алдық, ұйықтағанға уақыт жоқ, стресстен мұрынан қан ағу, ауыз құрғап кету қатты қиын болды бізге. 14-28 арасында 19-20 кейін тек 28 біз осы 28 күнгі сесиияны тосып тағы 7 күн тосатын болып отырмыз, жақсы тосатын болсақ, 19 нан кейінгі сессияны, яғни 20 күнгі сессия 24-25 қоюды сұраймыз, себебі ауызша сессиялар арасында уақыт болуы керек, біз оны басымыздан өткердік, біз қатты дайындалатындықтан, бізде өте көп студеттер уайымшыл, стресс аламыз, денсаулығымызды құртқымыз келмейді, ең басты байлық денсаулық, бірақ қызыл дипломға келе жатқан студеттер болған жоқ, бізге қатты қиын болады, осы сұрақты қарастыруыңызды сұраймын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне және сессия форматына қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  23  24  25  26  27 28  29  30  31  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений