Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
12-01-2023 05-25-36   From students

Author: Anonymous

Question # 6834
Сәлеметсіз бе! Мен бірінші курс студентімін. Бізге Оқу ақысының қалған 50 %- ын 01.02.2023ж-ға дейын төлеу керек деп ескертілді.Сізден сұрарымыз қаржылық жағдайға байланысты оқу ақысын 01.03.2023ж яғни Сәуір айына дейін төлемді ұзартуыңызды сұраймыз
Answer:

Сәлеметсіз бе! Институт директорының атына өтініш жазуыңызға болады.

12-01-2023 00-46-16   From students

Author: Ашрепхан Мерей

Question # 6833
Сәлеметсіз бе Дархан Нұрланұлы!
Мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің барлық оқытушылары мен басшыларына ерең еңбектері мен білімдеріне алғыс білдіремін!
Сонымен қатар,зоология пәнінің оқытушысы Сексенова Дана апай мен химия пәнінің оқытушысы Қожағұлова Жанар апайға ерекше рахмет! Семинар сабақтары өте қызықты әрі белсенді өтеді,студенттерді әділетті түрде бағалайды,нағыз өз ісінің мамандары десем де болады.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқытушыларға жолдаған алғысыңыз үшін рахмет айтамыз. Сізге еңбек жолында тек табыс тілейміз!

11-01-2023 15-16-06   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6832
Салеметсізбе! ПИП факультетінде оқу ақысы деп студентерге 1-2 ай бұрын айтып, сессияга кіргізбейміз,рубежка қоймаймыз деп қысады. Келісім (договор) бойынша оқу ақысын 4ке бөліп төлейміз кешіктірмей. Бірақ оқу ақысына жауапты қызметкерлер ПИП бойынша өте дөрекі, тек міндетсіздер дегеннен басқа ештене айтпайды. Ақылы бөлімде оқитын студент болғандықтан міндеттісіздер деп дөрекілік танытпасада біз төлеу керек екендігін білеміз.Оқу ақысы бойынша студенттерді қысымға алмауларын сұраймыз.
Answer:

Құрметті студент! Келісімшарттың талаптарына сәйкес ақылы бөлімде оқитын білім алушылар оқу ақысын арнайы тәртіппен, кезең-кезеңмен төлеуі қажет. 
1 курс білім алушылары оқуға қабылданғанға дейін оқу жылының 24 тамызынан кешіктірмей университеттің шотына оқудың жалпы құнының 50 (елу) пайызын аударады. Оқу ақысының екінші жартысын екінші семестр басталғанға дейін оқу жылының 1 ақпанынан кешіктірмей төлеуі қажет.
2-3 курс білім алушылары оқу жылының басында оқу ақысының 25 (жиырма бес) пайызын, қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін 25 (жиырма бес) пайызын төлейді. Оқу ақысының қалған сомасын көктемгі семестрдегі бірінші аралық бақылауға дейін 30 (отыз) пайызын, көктемгі емтихан сессиясы басталғанға дейін 20 (жиырма) пайызын төлеуі қажет.
4 курстар, яғни бітіруші курстардың білім алушылары оқу ақысын ағымдағы оқу жылының 1 сәуіріне дейін толық көлемде (100%) төлеуі тиіс.
 
Оқу орнымыздың  Академиялық саясаты және ақылы білім беру қызметтерін көрсету Келісімшартының шарттары орындалмаған жағдайда, нақтырақ айтсақ, оқу ақысын төлеу бойынша берешегі болған кезде білім алушы ағымдағы және аралық аттестаттауды (емтихандарды) тапсыруға жіберілмейді. Институт  қызметкерлері алдын-ала кешіктірмей Келісімшарт негізінде барлық білім алушыларға төлем жасау туралы ескерту жасауы функциональдық жауапкершіліктеріне жататындығын ескертеміз. Қызметкерлер барлық уақытта білім алушыларға қызметтік этиканы сақтай отырып, қызмет көрсетеді.
11-01-2023 15-03-44   From students

Author: Anonymous

Question # 6830
Қайырлы күн! Неге пип мұғалімдері төлем бойынша неге мазалай береді? Бізге осы ұнамайды онсызда уақытылы төлейміз. 2-3 ай бұрын ескерту қажеті жоқ. Бізді мазалай бермеуін сұраймын.
Answer:

Құрметті студент! Институт қызметкерлері білім алушыларға оқу ақысын төлеу бойынша Келісімшарт талаптары туралы ескертіп, оқу үрдісіне қатысты ақпараттармен уақытылы хабардар етіп отыруы қажет. Оқу орнымыздың Академиялық саясаты және ақылы білім беру қызметтерін көрсету Келісімшартының шарттары орындалмаған жағдайда, нақтырақ айтсақ, оқу ақысын төлеу бойынша берешегі болған кезде білім алушы ағымдағы және аралық аттестаттауды (емтихандарды) тапсыруға жіберілмейді. Сондықтан институт  қызметкерлері алдын-ала кешіктірмей Келісімшарт негізінде барлық білім алушыларға төлем жасау туралы ескерту жасауы өте орынды. Сауалыңыз үшін рахмет!

11-01-2023 13-07-49   From students

Author: Анонимно

Question # 6829
Құрметті ректор мырза! Неге бітіруші курстарға антиплагиаттан өтетін емтихан тапсыртасыздар. Сіздердің антиплагиаттарыңыз өтірік пайыз көрсетті. Біз ешқандай сайттан көшірмедік. Осы степендиямен күн көріп отырған студенттер бар. Бар табысымыздан айырылдық. Жұмыс та істемеймізғой. Обал жасадыңыз. Ең болмағанда аппелияцияға беріп жұмысымызды қайта тапсырып тексертуге болама антиплагиаттан. Қай жерден қате кеткенін көругеде рұқсат жоқ. Дәлелдеп берсін бізге қай жерден көшіргенімізді көрсетсін. Бұл жүйелеріңіз дұрыс емес. Біз ғылыми немесе халықаралық атауларды өзгерте алмаймызғой. Сөзге сөз ұқсайдығой.
Answer:

Құрметті студент! Университеттің ішкі ережесіне сәйкес 2017 жылдың 31 тамызында Ғылыми кеңестің №2 хаттамасымен «Адалдық кодексі» бекітілген. Құжатта оқытушы мен білім алушы арасында академиялық адалдықтың сақталу нормалары көрсетілген. Адалдық кодексінің Академиялық адалдықты бұзу түрлері деген 5-тармағының 5.2.1-тармақшасында «Білім алушылардың емтихан немесе аудиториялық бақылау жұмысы кезінде қол жазба, ғылыми деректерді пайдалану немесе сөзбе-сөз қолдану көшіру болып табылады» деп көрсетілген. Сондай-ақ өзге біреудің еңбегін немесе мәтінін өз еңбегі ретінде пайдалану плагиат болып табылатыны туралы да ережеде толық жазылған. Адалдық кодексінің 8-тармағында дәйексөздерге сілтеме беру тәртібі де толық тарқатылып берілген. Онда өзге автордың сөзін студент қолданғанда міндетті түрде сілтеме көрсету керектігі жайында да түсіндіріледі. Жалпы емтиханды ешқандай сайттардың көмегінсіз өз сөзімен жазған студент міндетті түрде антиплагиаттан кедергісіз өтеді. Пән оқытушысына немесе Тестілеу орталығына хабарласып, плагиатқа тексеру нәтижесімен таныса аласыз.
Абай университеті өз түлектерінің білім-білікті маман болуымен қатар адал азамат болып қалыптасуын мақсат етеді.
11-01-2023 02-43-38   From parents

Author: Алтыбаева Нұргүл Тыныштыққызы

Question # 6828
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен сізге 3 ші мәрте жазып отырмын. Алдыңғы жазғаныма жауап жазбадыңыз..... Осы жолы жауап береді деген үміттемін. Менің балам Махмуд Азиз ӨМСИдің 2 курс студенті грант иегері. Биылғы оқу жылынан бастап әскери каферға түскен болатын. Ол әскери кафедра аптаның жұма күні болады. Ол күні протокол бойынша сабақтан бостылған. Енді кеше қысқы сессия кезінде балама сол күні болатын өз мамандығы физкультурадан 0 қойылған. Бірінші рубежкасы 80балл, екіншіге 0 қойылғанда, жазғы сессияға қалтырған. Мұғалімнің аты жөні Надиров Абуджан Лукманович. Ол күні болатын екінші сабақ қойып берген. Енді сұрақ менде оны протокол бойынша босатылған балаға неге 0 дегенбал қойылады. Бұл әділетсіздікке кім жауап береді. Басқа сабағының барлығы 4пен 5.Осы универге өз қалауымен еңбектеніп түскен еді. Бала көп балалы отбасынан шыққан. Оның біреуі мүгедек. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Әділдік бар екеніне сенемін
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Берілген түсініктеме бойынша келесіні хабарлаймыз.

Әзиз Махмуд – әскери кафедрада оқуына байланысты әр  аптаның жұма күні сабақтан босатылған. Бірақ оқытушы Надиров Абуджан Лукмановичтің бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жұма күнгі сағат 15.00-16.50 аралығында өтетін «Дене шынықтыру» пәнінен силлабус бойынша тапсырманы орындауы үшін сабақтан тыс уақытта келіп, тапсыруға мүмкіндік берілген. Студенттің әскери кафедрада оқитынын ескере отырып, 1-ші аралық бақылауға 80 балл қойылған. 2-ші аралық бақылау кезінде оқытушы сабақты қорытындылау үшін тапсырманы орындауға шақырғанда білім алушы келмеген. Сабаққа мүлдем келмеуіне және берілген тапсырманың орындалмауына байланысты студентке «0» балл қойылған. 

Егер Сіз берілген жауаппен келіспеген жағдайда оқу орнымыздың Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71. Рахмет!

 

10-01-2023 21-45-38   From applicant

Author: Қожахмет Гульвира

Question # 6827
Зоология пәнінің оқытушысы Сексенова Дана апайға берген білімі мен сабақты өте жоғары деңгейде бергені үшін үлкен алғыс айтқым келеді!Дана апайдың семинар сабақтарын өткізуі өте қатты ұнады.Жәнеде бізге сабақ беретін басқа да ұстаздарға үлкен рахмет!
Answer:

Құрметті студент! Оқытушыларыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Сізге мықты денсаулық және жаңа бастамаларыңызға тек сәттілік тілейміз!

10-01-2023 11-36-35   From students

Author: Anonymous

Question # 6826
Саламатсыздар ма! Сұрағым: сессия жауабын қайта апеллияцияға бере аламыз ба? Апеллияцияға берсек, пересдача болып саналады ма? Стипендия сақталады ғой, иә?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Егер емтихан тапсыру барысында сұрақтың мазмұнына қатысты қателіктер кездестірсеңіз, апелляцияға бере аласыз. Апелляция қайта тапсыру болып есептелмейді.
09-01-2023 15-38-40   From students

Author: Адилбеков Алмаз Муратбекович

Question # 6825
Біз «7М01501 - Математика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2-курс магистранттары 2022-2023 оқу жылындағы қысқы сессиядан емтихандар тапсырдық. Сессия барысында «Математикалық сауаттылық негіздері» және «Педагогикалық тәжірибе нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері» пәндерінен емтиханды Oqulyq.kz платформасы арқылы пәндерден оқыған дәрістермен семинар сабақтарында игерген білім және кітапханадағы оқулықтар мен оқу құралдарын оқып түсінгеніміз бойынша академиялық адалдықты сақтай отыра жазбаша түрде орындадық. Емтихан жұмыстарын академиялық жазылымның барлық талаптарына сай орындадық. Нәтижесінде пән оқытушылары жазбаша жауаптарымызды қабылдап, оларды тексеру арқылы тиісті бағаларымыз «Univer» жүйесіне қойылып, ведомость жабылды.
Алайда, қысқы сессия аяқталып, жаңа жылдан кейін біздің жазған жазбаша жауаптарымызды Oqulyq.kz сайтында антиплагиаттан өткізіп, пайыздық көрсеткіштерің төмен деп, пән оқытушысының өз құзыреті негізінде қойған бағасын жоямыз деп айтылды.
Осы мәселе бойынша, Сіздің жеке блогыңызда 29.12.2022 күні № 6805 қойылған сұрақтың жауабында «Уважаемый студент! Система прокторинга «Окулык» только ФИКСИРУЕТ действия обучающегося и никак не влияет на балл при оценивании Ваших знаний преподавателем, который получает отчет прокторинга и процент доверия к обучающемуся системой. Преподаватель сам решает, исходя из отчета, допускать работу к оцениванию или нет», - деп айтылған.
Осыған орай, Сізден қысқы сессияны Oqulyq.kz платформасы арқылы жоғарыда аталған пәндер бойынша тапсырған жұмыстарымызды пән оқытушысы бағалаған емтихан баллдарымыз сақталуын сұраймыз.

Өтініш иелері:
Адилбеков А.М.
Әмірова Ә.А.
Каршыбеков Д.М.
Қайысбай К.М.
Актаева А.Қ.
Әмзеев Т.М.
Батырбек С.Б.
Сағымбек И.М.
Ұзақова А.Н.
Шәкірхан Б.Ш.
Answer:

Құрметті студенттер! Хаттарыңыз бойынша ақпарат алу үшін Тестілеу орталығымен хабарласуларыңызды сұраймыз. Тел.: 291-57-50.

07-01-2023 16-28-01   From students

Author: Anonymous

Question # 6824
Саламатсызба Ректор мырза.
Біз Абай университетінің студенттері жатақханаға 10 айға 120 000 тг ақша төледік.Бірақ біз неге 10 ай толық тұра алмаймыз? Демалысқа кетсекте жатақханаға тұруға неге құқығымыз жоқ? Кейбір студенттер оқу ақысын табу үшін жұмыс жасайды,солар неге қаңтар айында жатақханаға жата алмайды?Біз тіпті маусым айының аяғына дейін төлеп отырмыз, сонда 2 айдың ақшасын неге алды?
Answer:

Құрметті студент! Қысқы сессиядан кейін оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Залалсыздандыру жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіліп, препараттың жағымсыз исі кеткенше білім алушылар мен қызметкерлерге кіруге тыйым салынған.Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 16-10-55   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6823
Саламатсызба Ректор мырза
Біз Абай университетінің студенттері жатаханаға 120 000 10айға төледік. Неге біз 10ай толық тұра алмаймыз? Демалыста неге тұра алмаймыз жатаханада? Оқу ақшасн төлеу үшін жұмыс істеп жүрген балдар неге жатаханада жата алмайды? Біз маусым айының соңына дейін төлеп қойдық,сонда 2айдың ақшасын неге алады?
Answer:

Құрметті студент! Қысқы сессиядан кейін оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Залалсыздандыру жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіліп, препараттың жағымсыз исі кеткенше білім алушылар мен қызметкерлерге кіруге тыйым салынған.Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 16-04-28   From students

Author: Anonymous

Question # 6822
Саламатсызба агай! Агай окудын акшасын озим толейтин студент ем . Ал Алматыда туыстарым жок ,жатакханага 21 нен ерте киргизбей жатыр !Биз 10 айга толем жасап едик.2 айдан астам уакыттын акшасы боска кетеме??
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 16-00-27   From students

Author: Anonymous

Question # 6821
Саламатсызба агай? Менде мынадай сурак бар .Неге жатакханага 21 нен бастап киргиземиз,одан ерте болмайды деп жатыр?Биз 10 айга толем жасадык емеспе?Сонда 2 айдан астам уакыт акшасын неге толедик? Алматыда туыстарымыз жок ,жатакханадан баска конатын жеримиз жок еди .Окудын акшасын озимиз жумыс жасап толейтин студент едим )))
Answer:

Құрметті студент! Қысқы сессиядан кейін оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Залалсыздандыру жұмыстарынан кейін белгілі бір уақытта бөлмелерге ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіліп, препараттың жағымсыз исін кетіру қажет. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 15-41-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6820
Саламатсыздар ма? Не үшін студенттер ақшасы төленіп қойылған жатақханасына кіре алмай, осы суықта жататын жер іздеп қаңғырып жүр?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 15-13-43   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6818
Сәлеметсізбе ректор мырза.
Біз Абай унивкрситетінің студенттері жатақханаға 10 айға ақша төлейміз бірақ он ай түгел жатуға болмайды неге? Бізде жұмыс жасайтын студенттерде бар?.Біз тіпті маусым айына да төлегенбіз бізге қаңтар айында да жатақхана қонуға болмайды қалай сонда соны қарастырсаңыз дейміз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

07-01-2023 15-03-37   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6817
Саламатсызба Ректор мырза.
Біз Абай университетінің студенттері жатақханаға 10айға 120 000 теңге ақша төледік. Бірақ біз неге 10 ай толық тұра алмаймыз? Демалысқа кетсекте жатақханада тұруға неге құқығымыз жоқ? Оқу ақшасын төлеу үшін жұмыс жасайтын студенттер бар, солар неге қаңтар айында жатақханада жата алмайды? Біз тіпті маусым айының аяғына дейін төлеп отырмыз, сонда 2 айдың ақшасын неге алады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың жатақхана бөлмелеріне дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жатақханаларды уақытша босату туралы шешім қабылданған болатын. Дезинфекциялық жұмыс барысында бөлмелерде тамақ ішуге, дезинфекциялық заттармен бірге тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Қазіргі уақытта дезинфекциялық іс-шаралар аяқталды. Жатақханада тұруларыңызға болады.

05-01-2023 23-27-55   From parents

Author: аноним

Question # 6816
Сәлеметсіз бе, құрметті Дархан Нұрланұлы! Мен сізге ата-аналардың атынан оң жауап аламыз ба деген үмітпен жүгініп отырмын! Себебі, осы оқу жылының қыстық сессиясының нәтижелері мен тексеру формасының дер кезінде өткізілмегендігін, әрі студенттердің уақытылы нақты нәтижесін білмегендіктен, өзгерген нәтижені алғаннан кейінгі психологиялық, моральдық және материалдық шығынға ұшыратып қана қоймай, жастардың суицидтік шешім қабылдауға итермелейтіндігін ескерткім келеді! Сізге туындаған мәселені студенттердің пайдасына шешеді деген үмітпен жазып отырмын. Менің баламның жағдайында, олар сессияны жаңа жылға дейін аяқтап, оң баға алдық, сессия жабылды деп ойлады. Енді жаңа жылдан кейін дәлірек айтсақ, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында антиплагиаттан емтихан нәтижелерінің өтпей, күшін жойғандығын біліп, жұмыстарының зая кетіп, сабақтарын қайта өтіп, қайта тапсыру керек екендігін білді, мұны қалай түсінуге болады?! Қашықтықтан, ақылы негізде оқитын студенттердің емтихандары дипломдық жұмыс емес, тек емтихан сұрақтарына берген жауаптары ғана, олар қайдан алады бірегейліктен өтетін жауаптарды, әрбір сөз, әрбір сөздің мағынасы тексеріп келгенде бірдей болу ықтималдылығы жоғары болады. Студенттердің тапсырған емтихандарын оқытушылар тексеріп, дұрыс деп шешіп, өз бағаларын қойған, одан кейін бірегейлікке тексеріп, олардың қойған бағаларын жоққа шығарған, сонда өз оқытушыларының тексеруге уақыттарын жіберіп, қойған бағаларын теріске шығаратын болса, неменеге оқытушылар тексеріп баға қояды еңбектері ескерілмейтін болса, бұны қалай түсінуге болады?! Егер сол бірегейлікті тексеретін программа ғана соңғы шешімді көрсететін болса, онда оқытушыларын несіне әуре қылады, олардың қойған бағалары ештеңе шешпейтін болса, жоғары оқу орнының басшылығы олардан кейін бірегейлікке сүйеніп, соңғы нәтижені қабылдайтын болса, неліктен бір жұмысты екі жұмыс қылады?! Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет студентке бағытталған университет болып табылғандықтан, баламды осы оқу орнына ақылы негізде оқуға тапсыртқан едім, неге мұндай жағдай туындайды, біз жаңа жылға дейін сессия кезеңінде барлығы емтихан тапсырды, «тірі» оқытушылардан оң баға алды және Біз бәріміз өткенбіз деп ойлаған нәтижелерін қалдырмасқа?! Біздің балаларымыз қашықтықтан ақылы негізде оқығандықтан оқу үшін төлейтін әрбір теңгеміз оңай жолмен табылмайтындығын ескереді деген ойдамыз, сонымен қатар сайттарыңызда «тірі» оқытушының білім алушылардың жұмысын бағалап, қойған бағалары есептелінбесе неліктен тексергізеді!!! Сізден сұрайтынымыз, балаларымыздың тірі оқытушылардан алған оң бағаларын ескеріп, студенттердің пайдасына дұрыс шешіп беруіңізді өтініп, сұраймыз!!!
Құрметті Дархан Нұрланұлы! Осы хатымның негізінде студентке бағытталған университеттің білім алушыларының тарапынан жүгініп отырған ата-аналардың өтінішін жерге қалдырмай, оң шешіп береді деген сенім артамыз!
Answer:

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың болашағы үшін, әрине, Абай университетін таңдағаныңызға, біріншіден, алғыс білдіреміз. Өйткені біздің университетіміз Қазақстандағы тұңғыш университет және педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы орынды иеленеді.

Екіншіден, университеттің ішкі ережесіне сәйкес 2017 жылдың 31 тамызында Ғылыми кеңестің №2 хаттамасымен «Адалдық кодексі» бекітілген. Мұнда оқытушы мен білімалушы арасында академиялық адалдықтың сақталу нормалары көрсетілген. Бұл Ережемен Сіздің балаңыз кеңінен таныс. Оқу жылының басында, аралық бақылау тапсырар алдында (семестрде 2 рет), емтихан алдында институттар тарапынан, эдвайзерлер арқылы таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Студенттің емтихан тапсыру кезінде «Адалдық кодексіндегі» көрсетілген қағидалармен таныстым, оны қатаң сақтаймын деп, жиналыс хаттамасы толтырылады.  «Адалдық кодексінің» Академиялық адалдықты бұзу түрлері деген 5-тармағының 5.2.1-тармақшасында «Білім алушылардың емтихан немесе аудиториялық бақылау жұмысы кезінде қол жазба, ғылыми деректерді пайдалану немесе сөзбе-сөз қолдану көшіру болып табылады» деп көрсетілген. Сондай-ақ өзге біреудің еңбегін немесе мәтінін өз еңбегі ретінде пайдалану плагиат болып табылатыны туралы да ережеде толық көрсетілген. Адалдық кодексінің 8-тармағында дәйексөздерге сілтеме беру тәртібі де толық тарқатылып берілген. Онда өзге автордың сөзін студент қолданғанда міндетті түрде сілтеме көрсету керектігі жайында да түсіндіріледі. Жалпы емтиханды ешқандай сайттардың көмегінсіз өз сөзімен жазған студент міндетті түрде антиплагиаттан кедергісіз өтеді.

Үшіншіден, университетте қашықтан оқыту түрі бойынша білім алушылардың аралық бақылауын ұйымдастыру «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Атап айтсақ,  43-тармақта «Білім беру процесінің тиімділігін бақылау және талдау білім алушы мен оқытушының сандық ізін бақылау арқылы ЖЖОКБҰ жүзеге асырылады» және 44-тармақта «Онлайн оқыту кезінде Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жазбаша жұмыстардың барлық түрлерін бірегейлікке міндетті түрде тексеру жүзеге асырылады» деп келтірілген.

Сонымен қатар, университетте студенттердің жазбаша емтихан тапсырмаларын бірегейлігін тексеру Ережелері бекітілген. Бұл да студенттерге толықтай таныс. Осы Ережелерге сәйкес бакалавриат бөлімінде білім алушының жазбаша жұмыстарының бірегейлік көрсеткіші 0-40% аралығында болса, емтихан бағасы «0» деп бағаланады. Бұл студенттің басқа ақпарат көздерін қолданып жазбаша жұмысын жазуы 60%, өзбетімен жазуы 40% деңгейінде болуы қажет екендігін білдіреді. Студентке бағдарланған оқытуды басшылыққа алып, емтихан тапсыру күндері, тест емтихандарын екі апта бойында, ал жазбаша емтихандарды бір аптаның кез-келген қалаған күнінде тапсыру мүмкіндігі берілген.

Төртіншіден, қысқы сессия басталмай тұрып студенттердің электронды журналының басты бетіне емтихан тапсыру ережелері туралы ақпарат күні бұрын жүктеліп қойылды. Онымен барлық студенттер таныс. Емтихан тапсыру тәртібі туралы ережеде «Оқулық» жүйесіне жүктелетін жазбаша ашық кітап қалай жазылу керектігі жайында да ақпарат бар. Оны сол уақытында эдвайзері де, емтихан алушы пән оқытушысы да түсіндірген. Емтихан нәтижелері жойылған студенттер эссе жазу тәртібін дұрыс қолданбаған. Студент сессия барысында өзіне берілген эссе тақырыбы бойынша өз сөзімен 400 бен 500 сөз аралығында эссе жазуы тиіс. Пән оқытушысы бағалау критерийлері бойынша студенттің жауабының мазмұнын тексереді, оның әруақытта студенттің жазба жұмысы бірегей немесе көшіріп алғандығын тексеріп шығуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті, жазба жұмыстары міндетті түрде антиплагиатқа жүйе арқылы тексеріледі. Студенттің ережесі мен емтихан тапсыру тәртібі жоғарыда айтқанымыздай оның жеке парақшасына күні бұрын жіберілген. Студенттің осы сауалдар бойынша түсінбеген сұрақтарына емтихан басталмас бұрын эдвайзері институтқа бекітілген цифрлық офицерлер көмегімен түсіндіру жиналыстарын өткізді.

Емтихан тапсырушының цифрлық ізімен танысу үшін Тестілеу орталығына (Достық 13, 527 кабинет) немесе пән оқытушысына хабарласа аласыз.

Құрметті ата-ана! Балаңыздың  емтихан жауабы антиплагиаттан өтпей қалғаны үшін уайымға салынудың қажеті жоқ. Өйткені бүгінгі студент ертеңгі елді тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан студент те өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал.

Біздің университетімізде «Психологиялық қызмет» секторы  жұмыс істейді. Егер студент өзін жайсыз сезінсе, осы орталықтағы қызметкерлерге жүгінуіне болады. Олар студенттің дұрыс бағытта қалыптасуына жан-жақты көмек беретін болады.

05-01-2023 12-34-09   Other

Author: Искакова Маржан Оразгалиевна

Question # 6815
Добрый день, уважаемый Дархан Нурланович!
Заранее прошу прощения за беспокойство. Вынуждена обратиться к Вам. Я подавала в прошлом году в марте статью в Вестник, в педагогическую серию. После этого несколько раз меня просили откорректировать. Все сделала, но в итоге мне отказали. Причина: "...на третий номер Вы не успеваете". Хорошо, на третий не успеваю, но значит можно на четвертый! НО отказ. Проверку на плагиат прошла. Ничего понять не могу. Статья даже до рецензентов не дошла!!!! Теперь я эту статью не могу никуда отправить (имеется в виду в другие журналы, так как он висит у Вас на платформе с октября прошлого года). Пожалуйста, помогите мне в получении ответа или "да" или "нет". Это просто КОШМАР какой-то! Как ученым печататься?! Надеюсь, Вы прочитаете мое сообщение и ответите.
Answer:

Уважаемый автор, редакторы Вестника проследили историю работы с Вашей статьей. Изначально (в прошлом году, в марте) статья не соответствовала требованиям  журнала. И хотя редактирование статьи не входит в обязанности редакции, Вам были неоднократно указаны Ваши недоработки, которые Вы длительное время исправляли по отдельным аспектам. Да, статья не была включена в соответствующие номера журнала, так как это издание не испытывает недостатка в статьях. Очередь на один номер вперед.

Учитывая Ваше заявление, редакция пошла навстречу и отправила Вашу статью на слепое рецензирование. При этом напоминаем, что 4-й номер журнала уже в печати.  

04-01-2023 20-11-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 6814
2023 жыл бойынша президенттік грантқа өтініш жазу мерзімі қандай және үлгісі барма,қатысқым келеді осы туралы айтып жіберсеңіздер өтінемін
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

04-01-2023 17-42-52   From students

Author: Anonymous

Question # 6813
Сәлеметсіз бе! Антиплагиаттан өте алмай қалған жағдайда басқа амалдар қарастырылған ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: Достық,13, бас оқу ғимараты, 527 кабинет. Тел.: 291-57-50. 

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  20  21  22  23  24 25  26  27  28  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений