Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
14-04-2020 14-47-22   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1973
Уважаемый ректор, я слышала, что в этом году отменили гос экзамены для докторантов. Так ли это?
Answer:

Здравствуйте! Итоговая аттестация у вас состоится из защиты только диссертационной работы (проекта). Правила и сроки ее проведения в связи с ЧС будут сообщены директоратом института. Спасибо!

13-04-2020 22-00-32   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1972
Сәлеметсіз бе? Мен КАЗНПУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА түскім келеді.
Тарих пәні мугалимі болу ушин кандай пәндер тапсыру кажет?
Грант неше балдан басталады?
Answer:

Құрметті талапкер! Университетіміздің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері мен жеңілдіктері туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Оқуға тапсыру бойынша толық ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!

13-04-2020 21-56-24   From students

Author: Anonymous

Question # 1971
Мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студентімін. Кәзіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты, қашықтықта оқып жатырмыз, әрине өте өкінішті. Мен қәзіргі таңда қашықтықтан алып жатқан біліміме мүлдем көңілім толмайды !Неге деп ойласаныз:быз zoom,whatsapp ,почта желілерын енді пайдаланып бейымделіп жатырмыз,енді дегенде бейімделгенде бызге тағы бір жуйе аркылы оқисыңдар дейды,быз ол жуйеге кырып көрдік бірақ еш нәрсе түсінгеніміз жоқ!Сабақ уакытысында сеть устамай немесе желі лақтырып жатады.Менің үйімде вай-фай , интернет бәрі бар ,бірақ желіде көп адам отырғандықтан оның озіде дұрыс жұмыс жасамайды. Быз лекцияны zoom программасы аркылы тыңдаймыз,әрине кашыктыктан тындаган мен аудиторияда тындаганнын арасы жермен көктей. Апайымыздың айтқаны ажырап -ажырап жетеды.Семинар сабактарына келетін болсақ whatsapp арқылы айтамыз ,ол кезде де желі үзіліп кетеды. Быздын жіберген тапсырмаларымыз быр -бырымыздыкіне ұқсамайды ,бәріміздің қазіргі таңда пайдаланып жаткан желіміз ол гугл ,яғни біз кітапханаға бара алмаймыз.Енды айтатыным бызге сессияны онлайын түрде тапсырасындар ,желіден шыгып кетсе, интернет устамай калса оздерыннен коресындер дейды. Менын онлайын турде тапсыруга веб камерам жок ,оны алу ушын Алматыга бару керек окынышке орай Алматыға жол жабық! Менің тұрып жатқан жерымде жел жиі соғады, свет ошеды.Менын жагдайым баска студенттердын бергы жағы.Қалған студенттердын жағдайы меныкынен мың есе көп.Біз біргеміз демекшы, каншама студент осы сессияны тапсыра алмай калуы мүмкун , уйынен шықпай отырған адамдар сессиядан кулап ,депрессияга ұшырап ,өз -өзіне қол жұмсауы мүмкун.Қазіргі таңда жастардын өз -өзіне қол жұмсауының бірден бір себебі ол оқуға байланысты. Сол себепты бызгеде түсіністікпен қарауынызды сұраймын!
Answer:

Құрметті студент! Оқу орнымызда қашықтан оқытуды енгізгенде және сессияға дайындық кезінде әрбір студенттің жағдайын зерттедік. Біздің студенттердің 65 пайыздан астамы компьютер, ноутбуктерді пайдаланып, толыққанды Интернет ауқымында білім алды. Ал 32 пайыздан астам студенттер смартфондары арқылы оқуда және сессияны тапсыра алады. Қалған студенттер де әртүрлі жолдармен оқып жатыр және сессияны тапсыруды шешуде.

Төтенше жағдайға байланысты сессияны тоқтату туралы өтініштер көп болып жатқандықтан, біз емтихан тапсыру мәселесін тағы да талқылап қарастыруды жөн көрдік. Бұл мәселені университеттің Ғылыми кеңесінде 2020 жылы 24 сәуірде талқылап, шешім қабылдаймыз.Рахмет!

13-04-2020 21-55-30   From students

Author: Anonymous

Question # 1970
Мен,ҚазҰПУ 2 курс студентімін.Қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқып жатырмын,әрине қиын.Себебін жаза кететін болсам
1 шіден біз сабақта Zoom программасының өзіне әзер кіреміз,ал сондай жағдайда біз сессия тапсыруымыз керек.Сессия күнделікті сабақтар сиякты өтетін оңай зат емес.Мен Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында тұрып жатқаннын өзінде бізде сеть жиі жиі ұстамай қалады.Сабақтың тапсырмаларын түнде орындаймын сеть устаған кезде.Және мен сессия тапсыратын кезде ауа райы қандай болатыны белгізіс егер де жел соғып дауыл тұрса қаламызда свет өшіп қалады.Және ноут және веб камера болуы керек деп жатыр.Менде ноут бар,бірақ веб камера жоқ.Оны алатын қаламызда жер де жоқ.Карантинға байланысты барлық жерлер жабық.Және сессия тапсырып жатқан кезде сеть устамай қалса ол менің де сіздердің де кінәларыңыз емес бірақ маған сол сессияны қайта тапсыруға тура келеді.Және біздің кафедрада бір уақытта сессия тапсыратын бала көп,ал біздің мемлекетте қазіргі жағдайларға байланысты сайт бір уақытта барлық баланы ұстамай шығарып жіберуі мүмкін,бұндай жағдайда да біз бір тестті екінші мәрте тапсыруымыз қажет болады.Әр мәселенің шешімі бар.Біздің мәселемізге түсінікпен қарауыңызды өтінеміз.
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі таңда оқу үдерісі қашықтан (онлайн түрде) жүргізіліп жатқандықтан, барлық білім алушылар сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытылы орындап, баға алып, балл жинақтаулары тиіс. Ал, сабақ оқуыңызға, әсіресе байланыс құрылғыларына қатысты қиындықтарыңыз болса, барлығы аяқталғанда емес, басынан университетке, яғни өзіңіздің эдвайзеріңізге, институт директоратына жағдайыңызды ашып көрсетіп, бізге өтініш білдіруіңіз қажет еді. Өтініш білдірген барлық білім алушыларымыздың мәселелерін шешіп, барынша жағдай жасаудамыз. 

Емтихан тапсыру мәселесіне келетін болсақ, Ғылыми кеңесте талқылап, шешім қабылдаймыз. Қабылданған шешім міндетті түрде хабарланады. Рахмет!

13-04-2020 21-44-25   From students

Author: Anonymous

Question # 1969
Құрметті,Тахир Оспанұлы! Сабағымыз барлығы уақытылы,сабақ кестесіне сай,тапсырмалар толық орындалып,студенттер барынша сабаққа қатысып жүр. Ендігі айта кететін мәселе сессия жайында болып тұр,қазіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты онлайн түрде өткізелітіндігінен хабардармыз. Өзге тұрмақ өз тобымыздың жағдайына үңілсек желі жоқ,ғаламтор жалғанбаған шалғай аудан-аймақтарда тұратын студенттер жеткілікті. Біздерге қойылып отырған талаптарыңыз,яғни видеокамерасы бар ноутбук,компьютер,желі бар аймақтарға уақытша болсын шоғырлану,онлайн сессия тапсыруға жағдай жасалған техникалық құралдардың міндетті түрде болуын талап етулеріңіз орынсыз деп білемін. Барлық студенттің жағдайы бір емес. Толық қамтылған отбасында тұратын студенттің өзінде қазіргі таңда хәл-жағдайы мүшкіл(ата-анасы жұмыссыз,үй қамақта тек азық-түлікке жетер жетпес қаражаты бар). Біз біргеміз,бұл қиындықты бірге еңсереміз дей келе бұл ауыртпашылықтарды студенттердің мойынына жүктеп қойған жарамас деп білемін. Әрине бұндай жағдайға тап болуымыз сіз бен біздің кінәміз емес,дегенмен шешілмейтін түйін жоқ деп ойлаймын. Осы шағымдарымызды ескерсеңіздер! Рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты жазғы емтихан сессиясы қашықтан (онлайн түрде) өткізіледі. Жазғы емтихан сессиясын тапсыру бойынша (ауызша, жазбаша, шығармашылық емтихандар) арнайы нұсқаулық таратылады. Емтихан сессиясына қатысты ақпараттар алдын-ала институт директораттары арқылы хабарланады немесе «Univer» жүйесінің, университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде жарияланады.

Емтихан сессиясын тапсыруға қажетті техникалық құрылғылары жоқ білім алушылар өз жағдайларын өз эдвайзерлеріне және институт директораттарына ашып жеткізуі қажет. Себебі, қазіргі таңда мұндай техникалық құрылғылары жоқ немесе интернет жылдамдығы нашар аймақтарда тұратын білім алушылардың емтихан сессиясын тапсыруына жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда.

13-04-2020 16-28-38   From parents

Author: Тилепбергенова Айнур

Question # 1968
Здравствуйте Такир Оспанович!
Я, Тилепбергенова Айнур мать студентка платного отделения. С 2018 года по сегодняшний день, я своевременно, исправно осуществляла оплату за обучение. С началом введения чрезвычайного положения и карантина в городе Алматы, я была отправлена на вынужденный отпуск (простой) с места работы. Мои доходы и доходы моего супруга снизились в разы. На сегодняшний день в связи с финансовыми трудностями мне не представляется возможным сделать оплату в полном объеме. В этой связи убедительно, прошу вас сделать скидку (разовую) в размере 20 % от общей стоимости за обучения за год (100 000 тг.). В дальнейшем при возобновлении работы и улучшения материального положения, обязуюсь производить оплату в полном объеме и своевременно.
С уважением! Айнур Тилепбергенова
Answer:

Здравствуйте! Просим Вас связаться с директором института либо с эдвайзером для подачи и рассмотрения заявления с соответствующими документами. Заявление будет рассмотрено отдельно.

13-04-2020 01-14-20   From students

Author: Anonymous

Question # 1967
Салеметсизбе. Карантин кезинде степендия туседи ма мысалы осы апрельдин степендиясы?
Answer:

Құрметті студент! Сәуір айының шәкіртақысы 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін беріледі.

12-04-2020 21-36-40   From students

Author: Anonymous

Question # 1966
Құрметті Такир Оспанұлы !
Ректор болгына жазу себебім мен 2 курс магистрантымын 3 семестрда сабаққа қатыса алмадым.Отбасында ата-анам жұмыс жасамағандықтан күні-түні жұмыс жасадым сол себепті сабаққа бара алмадым. Сізден сұрарым 3 семестрдағы сабақтарды қайта оқып тапсырсам болама? Сізден сұрауым қайта оқып тапсыруға мүмкіндік беріңізші.
Answer:

Құрметті студент! Өтініш жазып, Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-13-71.

12-04-2020 19-39-31   From students

Author: Anonymous

Question # 1965
Здравствуйте!В связи с переходом на дистанционное обучение , сдача экзаменов может пройти в онлайн - режиме? Прошу заранее оповестить студентов с расписанием и формой экзамена.
Answer:

Уважаемые студенты! В нашем университете информация, особенно касающаяся изменений в учебном процессе, обязательно доводится до всех обучающихся! Такие сведения сообщают директораты институтов, также информация об изменениях размещается на официальном сайте  в разделе  «Объявление» или же  в системе «Univer». Спасибо!

12-04-2020 14-26-30   From students

Author: Anonymous

Question # 1964
Қайырлы күн, құрметті ректор мырза. Мен ФилКББИ 4-ші курс студенті боламын. Барлық 4-ші курс студенттерінің көкейінде жүрген сұрақты қойғым келеді.
1. Көктемгі емтихан, Мемлекеттік емтихан, Біліктілікті арттыру тесті, антиплагиат, диплом қорғау, өндірістік тәжірибенің барлығын онлайн түрде тапсырады екенбіз. Ондай болған жағдайға, бұлардың барлығының нақты уақыты қашанға қойылған?
2) Дипломдық жұмысқа байланысты. Материалдың жоқтығынан, ғаламтор жоқтығынан т.т себептермен дипломын жаза алмай жатқандар бар. Жалпы, дипломдық жұмысты қашанға дейін жазып бітіруіміз керек?
Кафедра, деканат ешқандай нақты ақпарат бермейді. Өзіңізден жауап күтеміз. Рақмет! Ауырмаңы
Answer:

Құрметті студент! Университетімізде оқу үдерісіне қатысты өзгерістер орын алатын болса, институт директораттары арқылы алдын-ала барлық білім алушыларға хабарланып, нұсқаулық беріледі. Сондай-ақ, енгізілген өзгерістер туралы ақпараттар ресми сайттың және «Univer» жүйесінің «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, Сіздің дипломдық жұмысыңыз (жобаңыз) бойынша сұрақтарыңызға жауап беретін диплом жетекшісі бекітілген. Егер жетекшіңізден сұрақтарыңызға жауап ала алмасаңыз, кафедра атауы мен жетекшіңіздің аты-жөнін rector_blog@kaznpu.kz поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Рахмет!

11-04-2020 23-17-08   From students

Author: Anonymous

Question # 1963
Құрметті, ректор мырза. Мен, қазір ғана физматта деканаттағы апайлар туралы оқыдым, сіздің блогіңіден. Иә, мағанда ұнамайды ол кісілермен тілдескен. Мүмкін қателік бізденде шығар, үнемі студенттер бара беріп бізденде шаршайтын болар. Бірақ, болашақта ол кісілерге мәдениеттілікті сақтауын өтінемін. Бірінші курсқа түскенде қалай көңілім қалды,әлі де солай. Бұның өзі болашақта бізге түсетін талапкерлерге өкініш тудырып, менің университетінен көңілдері қалама деп қорқамын. Назарыңызға рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Сіздің хатыңыз бойынша институт басшылығына директорат  қызметкерлерінің арасында әдептілік нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді. Алдағы уақытта директорат қызметкерлері тарапынан әдептілік нормалары бұзылған жағдайда институт директоры М.Ж.Бекпатшаевқа айтуыңызды сұраймын.

11-04-2020 15-25-55   From students

Author: Anonymous

Question # 1962
Сәлеметсіздер ме? Мен 4 ші курс студентімін. Сұрайын дегенім дипломдық жұмыс бойынша. Қандай шешімдер қабылданып жатыр? Дипломдық жұмысты жазатын кезде карантинге байланысты кітапханалар жабылып қалды. Енді қалай болады?
Answer:

Құрметті студент! Дипломдық жұмыс бұл студенттің бір жыл бойы бекітілген тақырып бойынша атқарған ғылыми зерттеу еңбегінің нәтежесі. Академиялық күнтізбеге сәйкес студенттің дипломдық жұмысы 2020 жылдың сәуір айының басында дайын болуы қажет. Егер Сізге кейбір әдебиеттерге сілтеме жасау мақсатында кітапханаға бару қажет болса, онда электронды ресурстармен жұмыс жасауға болады. Универистетіміздің электрондық ресурстарына сілтеме келтіреміз: http://library.kaznpu.kz/

11-04-2020 15-20-52   From students

Author: Anonymous

Question # 1961
Саламатсызба!
Бизге сессияга отуимиз ушин бизге ноутбук ,камера, микрофон алсын дейди жане казирги уакытта оны алуга жагдаиымыз жетпиди . Жане сеть дурыс устамаиды.
Answer:

Құрметті студент! Университет басшылығы тарапынан білім алушыларға ноутбук, камера, микрофонды сатып алу туралы тапсырма берілген жоқ. Оқытудың техникалық құралдарын сатып алуды талап еткен тұлғаның аты-жөнін  rector_blog@kaznpu.kz  поштасына жолдауыңызды сұраймын.

Төтенше жағдай кезінде студенттер мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында арнайы Call-орталығын аштық.Орталық кез-келген уақытта сұрақтарыңызға жауап беріп, көмектесуге дайын. Байланыс тел.: Call-орталығының нөмірі - 8(727) 221-85-14; жалпы сұрақтар бойынша - ішкі тел.: 100, 103, 104; Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша - ішкі тел.: 105; «Univer 2.0» АЖ мәселелері бойынша - ішкі тел.: 102.

10-04-2020 15-26-32   From students

Author: Нұржан Ақнұр

Question # 1960
Құрметті Балықбаев Такир Оспанұлы! Құрметті университетіміздің мұғалімдері, біздің яғни ФилКББИ оқытушылары барлықтарыңызды қатты сағындық! Тек университет сайтынан ғана корпусымыздың 3Д бейнесін көріп, сабағымызға өзіміз барып оқып, сіздердің дәрістеріңізді тыңдап, сабақ айтып жүргенімізге ештеңе жетпейтіндігін түсінгендейміз... Бұл алғысты жағымпаздану үшін жазып отырған жоқпын, тек қана өзімнің сіздерді қалай қатты сағынғанымды, өз денсаулықтарыңызды күтіп, аман-сау болғандарыңызға тілектес екенімді жеткізгім келеді. Сіздердің жылы жүздеріңзіді сағындық! Оқу орнымызға аман-есен жетіп, қайтадан әдеттегіше сабаққа барғанымзды күн сайын тілеудеміз! Өздеріңізді күтіп жүріңіздер бүкіл универиситеттің қызметкерлері, студенттері...
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты  оқу орындары қашықтан білім беруге көшті. Оқытушылар қашықтан білім беруде кәсіби шеберліктерін шыңдап, цифрлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, білім алушылардың толыққанды білім алуы үшін атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Сондықтан бұл жұмыста ұстаздарыңызға сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз аса маңызды. Бұл төтенше жағдайдың уақытша екенін ескеріп, Сіздермен бірлесе отырып кез-келген қиындықты жеңетінімізге сенеміз.Рахмет!

08-04-2020 22-17-53   From students

Author: Anonymous

Question # 1959
Здравствуйте, в связи с чрезвычайным положением мы сейчас учимся онлайн. В этом есть существенный минус. Хочется донести его до Вас, чтоб вы приняли его во внимание.
Как и раньше пары у нас проходят по расписанию с 8 утра до 13-14:00. Это время мы проводим за компьютером. А это порядка 5-6 часов подряд. После чего мы выполняем д/з, срс, спсп по несколько часов, опять же за компьютером.
Как здравомыслящий человек, я понимаю что это не может не отразится на здоровье студентов и преподавателей.
Это чревато последствиями... синдром "красного и сухого" глаза, проблемы с позвоночником, боли в суставах, повышенная активность нервной системы, головные боли и многое, и многое другое.
Возможно ли как то решить эту проблему?
Answer:

Добрый день! Спасибо за вопрос. Что можно сказать по этому поводу?
Во-первых, как мы знаем, дистанционное обучение проводится не полностью в том формате, как Вы пишете.
Здесь полного повторения расписания обычного обучения нет, преподаватели сами определяют время занятий.
Во-вторых, задания и система контроля сделаны так, чтобы не перегружать студентов. Если по этим вопросам есть проблемы, то пишите мне лично на почту rector_blog@kaznpu.kz. А если есть предложения по улучшению ситуации, я только благодарю за это. Наконец, Вы прекрасно знаете, что мы вынужденно перешли на дистанционное обучение. В таком случае возможны какие-то неудобства и мы просим с пониманием отнестись к этому. 
08-04-2020 04-05-31   From students

Author: Anonymous

Question # 1958
Здравствуйте Такир Оспанович! Я студентка 4 курса, кафедры Педагогика и Пстхология. Меня интересует когда у нас будет пред.защита диплома?Благодарю Вас за ответ!
Answer:

Здравствуйте! Предзащита диплома пройдет с 18 по 23 мая 2020 года. Защита состоится 01-14 июня 2020 года.За дополнительной информацией о защите дипломов следует обратиться к зам.директора  по научной работе института либо к научному руководителю. Спасибо!

08-04-2020 01-08-38   From students

Author: Anonymous

Question # 1957
Салеметсізбе мени мазалап журген жагдай десем болады елимизде болып жаткан жагдай халкыма ауыр тип жатыр мен платныйда окимын бизге женилдик берема осы жагдайга байланысты озиниздебарин корип тусинип отырсыз тусиникпен карасаныз отиниш!
Answer:

Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді алдық және міндетті түрде қарастырамыз.
 
Өз тарапымыздан келесі мәселені айтып кетпекпіз.
 
Біріншіден, профессор-оқытушылар осындай кезде Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Оқу үрдісі толығымен өтуде.
 
Екіншіден, университет профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар және басқа төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Осы мәселелерді толығымен санау қажет болады.
 
Сонымен бірге айтарымыз, біз оқу ақысын төлеу мерзімін мамыр айының соңына дейін созу туралы шешім қабылдадық. Ал Сіздің өтінішіңіз бойынша қабылданған шешім Сізге хабарланатын болады. Рахмет!
04-04-2020 22-41-12   From students

Author: Anonymous

Question # 1955
Здравствуйте, я студентка института физики, математики и информатики, специальность физика, 3 курс, ФОК171 группа. Я обращаясь от имени всей группы, пишу это письмо по причине недовольства оценивания на РК1, предмет робототехника, лектор Бостанов Б.Г, преподаватель по семинару Нуруллаев Н.М. Именно причина заключается в этом:
1) Лектор начинает лекцию раньше расписания, тем самым не зачитывая студентов которые зошли по времени, которое указано в расписаний;
2) Не учитывает возможности студентов, у которых нет связи, т.е. интернета;
3) Плохо оценивает труд студентов;
4) Грубо обращается со студентами;
5) Лекции которые читает лектор, не соответствует тем темам по которым мы делаем задания на семинарах;
6) Не понятно объясняет тему;
По этим причинам, мы хотим чтобы он нам заново поставил РК1, соответственно труду студента и заслуженную оценку.
Answer:

Уважаемый студент, по Вашему заявлению даны поручения руководству института и заведующему кафедрой. Будет создана комиссия для проверки домашних заданий и самостоятельной работы студентов. В случае несправедливой оценки работы студентов мы рассмотрим переоценку.

04-04-2020 14-47-37   Other

Author: Анонимно

Question # 1954
Курметты ректор! Мен физматта сабак берем. Сабак устынде деканаттагы кыздар онлайн сабак отып жатканда толтыруга отчет жыберед . Тез толтырыныздар деп талап етед. Биз сабак отемызба,алде отчет тапсырып, жазып отырамызба?! Тез толтырып жыберыныз деп дорекы сойлейд.Кунде сабакты скрин жасап откызуымызды талап етеды. Отте дорекы сойлеп, жасамасаныз директоратка, ректоратка фамилямызды беремыз деп коркытад. Мугалымнын мартебесы туралы зан биздын деканатагы кыздар мулдем катысы жок па!?Ар куны отчеты ар формасын жыберед. Отчет коп талап етед. Кейбирде заведующимыз деканатагы Айгул суратып жатыр деп тунгы 11,12 отчет жыберед. Биз кун бойы сабак отып. Тунде отчет жазып озыныздын демалатын уакытымыз жок. Бала сабакка келмесе сыздер кыналысыздар деп заведующий урсад. Коп студентердын уакытылы онлайн сабакка катыса алмайтын себебы бар, мысалы сеть устамау, мегабайт болмауга байланысты. Отыныш шаш ал десе , бас алатын жагдай жасамасынш. Деканатагы кыздарга ватсабына жасак отте дорекы сойлейд. Биз озымыз мугалым емес, бир кышкентай бала санайтын уакыт келд.Казиргы киын жаманда урспаяк, жай айтса тусынемыз гой. Кафедрада коп улкен апайлар мен агайлар бар олар осындай жумыстан стресс алып денсаулыктарына сыр берып жатыр. Тусыныкпен карап, комектесуынызды сураймын.
Answer:

Құрметті оқытушы! Шағымыңыз бойынша 2020 жылы 4 сәуірде институт директорларының қатысуымен онлайн-жиналыс өткізіліп, талқылау жұмыстары жүргізілді. Жиналыста қабылданған шешім бойынша оқытушылар Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті тарапынан ұсынылатын үлгіге сәйкес аптасына 1 рет есеп тапсыратын болады.

Дөрекілік мәселесіне келетін болсақ, институт директораты мен кафедра қызметкерлері арасында әдептілік нормаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді.

03-04-2020 21-28-13   From students

Author: Anonymous

Question # 1953
Саламатсыз ба?!
Қояр сұрағым нақты негізі стипендия дан құламас үшін қанша балл жинау қажет?
Answer:

Құрметті студент! Қорытынды балл 70-тен кем болмауы тиіс.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  122  123  124  125  126 127  128  129  130  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений