| Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |  | Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА | ||
| ҚАЗ РУС ENG | 
Welcome to the rector’s blog!
	
 19-04-2020 17-31-00
 19-04-2020 17-31-00    From applicant
 From applicantСәлеметсіз бе! Әскери кафедраға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсты өткізу шарттары мен мерзімі университет сайтында жарияланады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!
 18-04-2020 15-30-14
 18-04-2020 15-30-14    From students
 From studentsҚұрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін институт директорымен хабарласуыңыз қажет. Рахмет!
 18-04-2020 14-30-38
 18-04-2020 14-30-38    From students
 From studentsЗдравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. Успехов в учебе!
 17-04-2020 10-38-28
 17-04-2020 10-38-28    From students
 From studentsҚұрметті студент! Әлемде және елде орын алған жағдайға және Алматы қаласының қажеттілігіне байланысты Университетіміздің бес жатақханаларына тиісті дезинфекция жүргізіліп, ауруханалардың, емханалардың, медициналық орталықтардың дәрігерлері, полиция мен ТЖ қызметкерлері орналастырылды.
Әрбір жатақханада арнайы жеке бөлмелер бөлініп, онда сақтау камералары орнатылды. Білім алушылардың қалған заттары сақтау камераларына жинақталып, кілтпен жабылды. Сіздерді қалған заттар үшін алаңдамауларыңызды сұраймыз. Рахмет!
 17-04-2020 01-53-35
 17-04-2020 01-53-35    From applicant
 From applicantҚұрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. 3-ші курстан 4-ші курсқа өту үшін қажетті GPA – 2,2. Аты-жөніңіз бойынша нақты қандай қателік орын алғанын атап көрсетсеңіз немесе өз эдвайзеріңізге, институт директоратыңызға хабарласып, мәселеңізді шеше аласыз.
 16-04-2020 21-42-16
 16-04-2020 21-42-16    From applicant
 From applicantҚұрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.
Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, шешім қабылдайтын болады.
 16-04-2020 21-24-12
 16-04-2020 21-24-12    From students
 From studentsҚұрметті студент! Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, оқу төлемақысын төлеу уақытын созу бойынша шешім қабылдап, тек осылай көмек көрсете аламыз.
 16-04-2020 17-44-00
 16-04-2020 17-44-00    From students
 From studentsҚұрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.
Сіздің шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде институт директораты мен эдвайзер тарапынан Cізге хабарланғандығы анықталды. Нақты жауап Сізге хабарланады.Рахмет!
 16-04-2020 17-12-25
 16-04-2020 17-12-25    From applicant
 From applicantҚұрметті студент! Сіз оқу төлемақысына жеңілдікті қандай категориямен алдыңыз? Егер «Алтын белгі» жеңілдігімен оқып жатқан білім алушы болсаңыз, қорытынды бағаларыңыз тек қана «өте жақсы» деген бағада (А, А+) болса ғана жеңілдік келесі оқу жылында да беріледі. Ал, құжаттарыңызды тапсыра отырып, әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік алсаңыз, ол тек ағымдағы оқу жылына қарастырылады. Келесі оқу жылында да дәл солай жеңілдік алғыңыз келсе, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына қайта өтініш жаза аласыз.
 16-04-2020 16-17-45
 16-04-2020 16-17-45    From students
 From studentsЗдравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. В трудную минуту мы должны поддерживать друг друга. Преподаватели и руководство университета делают все для удобства обучающихся.
 16-04-2020 15-58-17
 16-04-2020 15-58-17    From students
 From studentsҚұрметті білім алушы! Қосымша жазғы семестр қашықтан (онлайн түрде) өткізіледі. Қосымша жазғы семестрдің өткізілу уақыты, тіркеу және төлем туралы ақпараттар алдын-ала институт директораттары арқылы хабарланады. Сонымен қатар қосымша жазғы семестрге қатысты ақпараттар «Univer» жүйесінің және университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде алдын-ала жарияланады. Рахмет!
 16-04-2020 15-28-37
 16-04-2020 15-28-37    From students
 From studentsҚұрметті студенттер! Қысқы қосымша семестр өткен оқу жылында да ұйымдастырылған жоқ. Ол биыл енгізілген жаңалық емес. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығының 22-тармағына сәйкес, бітіруші курста қосымша жазғы семестрге жол берілмейді.
 16-04-2020 14-46-29
 16-04-2020 14-46-29    From applicant
 From applicantҚұрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. Сонымен қатар, оқу үдерісіне қатысты мұндай сұрақтарыңыздың жауабын өз эдвайзеріңізден немесе институт директоратынан да біле аласыз.Рахмет!
 15-04-2020 21-43-17
 15-04-2020 21-43-17    From students
 From studentsҚұрметті студент! Жоғары оқу орнында құрылған жұмысқа дербес бөлу жөніндегі арнайы комиссия шешімімен жас мамандар, яғни бітіруші түлектер жұмысқа бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген «Мамандарды жұмысқа жіберу» қағидаларында белгіленген. Жеке тұлға ретінде оқуға түсер алдында нормативтік құжаттармен, арнайы заңнамалармен танысып, құқықтық сауатты болу - сіздің міндетіңіз. Алайда университеттің «Мансап»орталығы тарапынан осындай сұрақтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізіліп келеді. Нақтырақ кеңес алғыңыз келсе, «Мансап» орталығымен байланысыңыз. Байланыс тел.: +7 778 908 1733, opit_kaznpu@mail.ru . Рахмет!
 15-04-2020 18-35-59
 15-04-2020 18-35-59    Other
 OtherСәлеметсіз бе! Жолдаған пікіріңіз үшін рахмет. Университет ұжымының атынан алғысымызды білдіріп, еңбек жолында мол табыс тілейміз!
 15-04-2020 18-01-57
 15-04-2020 18-01-57    Other
 OtherСәлеметсіз бе! Кері байланыс орнатқаныңызға рахмет! Елімізде орын алып отырған қазіргі жағдайға байланысты профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмегіміз тисе, әлбетте еңбегіміздің зая кетпегені.
 15-04-2020 16-02-32
 15-04-2020 16-02-32    From students
 From studentsҚұрметті докторант! Әлемде және елімізде коронавирустық инфекцияға қатысты төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.02.2020 ж. №16-4/375 және 04.03.2020 ж. №16-4/388 хаттары негізінде академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар аясында білім алушылар мен оқытушыларды шет елдерге жіберу, сондай-ақ, шетелдік білім алушыларды, шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді қабылдау тоқтатылды.
Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдайды болжау мүмкін болмай отырғандықтан, ғылыми тағылымдамадан қай мерзімде өтуге болатынын нақты айту да қиын. Өздеріңіз білетіндей, елдегі және әлемдегі төтенше жағдай ұзартылды, тиісінше - біздің шетелдік әріптес жоғары оқу орындары да карантин режимін сақтайды.
Егер КВИ бойынша әлемдегі ахуал үстіміздегі оқу жылы аяқталғанға дейін өзгермесе, форс-мажорлық жағдайға байланысты амалсыздан төмендегідей шешім қабылдануы мүмкін:
1.бетпе-бет тағылымдамадан өтпей-ақ докторантура бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі;
2.шетелдік жетекшімен кеңесе отырып, қашықтан тағылымдамадан өту, сонымен қатар, әлемдік кітапханалардың интернет қорларымен жұмыс жасау арқылы.
 15-04-2020 13-19-13
 15-04-2020 13-19-13    From students
 From studentsҚұрметті студент! Сіздің хатыңыздан университет тарапынан қандай да бір қысым көріп жатқаныңызға көз жеткізе алмадық. Қысым көрсету фактілері орын алса, ашып жазсаңыз. Екінші сұрағыңыз бойынша, оқытушы қандай себептермен төмен балл (баға) қоюда, атап көрсетсеңіз. Қазіргі таңда оқу үдерісі қашықтан (онлайн түрде) жүргізіліп жатқандықтан, барлық білім алушылар сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытылы орындап, баға алып, балл жинақтаулары тиіс.
Ал, сабақ оқуыңызға, әсіресе байланыс құрылғыларына қатысты қиындықтарыңыз болса, барлығы аяқталғанда емес, басынан университетке, яғни өзіңіздің эдвайзеріңізге, институт директоратына жағдайыңызды ашып көрсетіп, бізге өтініш білдіруіңіз қажет еді. Бізге өтініш білдірген барлық білім алушыларымыздың мәселелерін шешіп, барынша жағдай жасаудамыз. Ал, бізге өз жағдайыңызды ескертпей, қандай да бір шағым айтуыңыз, білім алушы ретінде орынсыз деп білеміз.
 14-04-2020 15-20-17
 14-04-2020 15-20-17    From students
 From studentsҚұрметті магистрант! Сіздерде қорытынды аттестаттау тек диссертациялық жұмысты (жобаны) қорғаудан тұрады. Төтенше жағдайға байланысты өткізу ережелері институт директораты тарапынан хабарланатын болады. Рахмет!
 14-04-2020 15-02-08
 14-04-2020 15-02-08    From students
 From studentsЗдравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Рассмотрим. О принятом решении Вам обязательно сообщим. Спасибо!
| May, 2024 | 4  | 
| April, 2024 | 10  | 
| March, 2024 | 5  | 
| February, 2024 | 20  | 
| January, 2024 | 11  | 
| December, 2023 | 21  | 
| November, 2023 | 19  | 
| October, 2023 | 17  | 
| September, 2023 | 25  | 
| August, 2023 | 39  | 
| July, 2023 | 29  | 
| June, 2023 | 60  | 
| May, 2023 | 41  | 
| April, 2023 | 49  | 
| March, 2023 | 22  | 
| February, 2023 | 42  | 
| January, 2023 | 68  | 
| December, 2022 | 55  | 
| November, 2022 | 50  | 
| October, 2022 | 62  | 
| September, 2022 | 52  | 
| August, 2022 | 33  | 
| July, 2022 | 32  | 
| June, 2022 | 49  | 
| May, 2022 | 139  | 
| April, 2022 | 64  | 
| March, 2022 | 45  | 
| February, 2022 | 46  | 
| January, 2022 | 57  | 
| December, 2021 | 29  | 
| November, 2021 | 43  | 
| October, 2021 | 70  | 
| September, 2021 | 75  | 
| August, 2021 | 109  | 
| July, 2021 | 79  | 
| June, 2021 | 62  | 
| May, 2021 | 69  | 
| April, 2021 | 74  | 
| March, 2021 | 47  | 
| February, 2021 | 42  | 
| January, 2021 | 68  | 
| December, 2020 | 61  | 
| November, 2020 | 62  | 
| October, 2020 | 42  | 
| September, 2020 | 48  | 
| August, 2020 | 57  | 
| July, 2020 | 81  | 
| June, 2020 | 88  | 
| May, 2020 | 65  | 
| April, 2020 | 86  | 
| March, 2020 | 57  | 
| February, 2020 | 37  | 
| January, 2020 | 28  | 
| December, 2019 | 47  | 
| November, 2019 | 72  | 
| October, 2019 | 70  | 
| September, 2019 | 61  | 
| August, 2019 | 88  | 
| July, 2019 | 47  | 
| June, 2019 | 71  | 
| May, 2019 | 54  | 
| April, 2019 | 70  | 
| March, 2019 | 51  | 
| February, 2019 | 45  | 
| January, 2019 | 75  | 
| December, 2018 | 87  | 
| November, 2018 | 51  | 
| October, 2018 | 54  | 
| September, 2018 | 77  | 
| August, 2018 | 105  | 
| July, 2018 | 46  | 
| June, 2018 | 43  | 
| May, 2018 | 45  | 
| April, 2018 | 36  | 
| March, 2018 | 30  | 
| February, 2018 | 28  | 
| January, 2018 | 17  | 
| December, 2017 | 17  | 
| November, 2017 | 12  | 
| October, 2017 | 2  |