Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
21-10-2019 09-57-29   Другие

Автор вопроса: Мектеп директорының орынбасары

Вопрос № 1603
Құрметті ректор мырза! Сіз университетте келгелі көптеген өзгерістер болып жатыр деп естіп жатамыз және оған қуанамыз. Мен мектепте қызмет атқарамын, мектеп қазір мықты математика мұғалімдеріне тапшы. ҚазҰПУ мұғалімдерді дайындайтын универ,бірақ жас мамандарды жұмысқа алғанда ҚазҰУ-нің студенттерін алуға тура келеді, себебі, математика мұғалімі мамандығын оқыған көп түлектеріңіз сабақты дұрыс бере алмай, көп есептерді өздері шығара алмай қалады. Оқушы мен ата-ана алдында ұятты болып жатамыз. Осы мәселені қолға алсаңыз, рахмет.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қазіргі таңда білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламалары мен мазмұны жаңартылып, оқытушыларымыздың кәсіби біліктіліктерін көтеру қолға алынды.

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – университет түлектерінің сабақ беру тәжірибесінің жетіспеушілігі болғандықтан, өндірістік іс-тәжірибеге жаңа әдіс енгіздік. Жас мамандарымыздың педагогикалық тәжірибесін арттыру үшін біз 4-ші курс студенттерінің өндірістік тәжірибесінің көлемін ұзарттық. Пікіріңізді ескереміз. Рахмет!

19-10-2019 21-52-35   От студента

Автор вопроса: Кошанова Омила

Вопрос № 1599
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанович! Педагогика, психология институтының оқытушысы Жумашева Светлана Сатыбалдықызына жазылған арызға қарсы екенімді білдіремін. Мен МФжәнеИ институтының 2 курс студентімін. Жумашева Светлана Сатыбалдықызы бізге педагогикадан сабақ береді. Ол мұғалім лекцияларын,семинарларын нағыз педагогикалық шеберлікпен, жауапкершілікпен,жаңа әдістерді қолданып, өткізеді. Бағаға келетін болсақ, студенттің жауап бергеніне қарай әділ бағалайды. Жумашева Светлана Сатыбалдықызы барлық студентке бірдей талап қояды.Ол оқытушыдан аларымыз көп. Светлана Жұмашеваны оқытушылардың эталоны десекте болады.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университет басшылығына жолданған арыз-шағымдар бойынша арнайы тексеріс жүргізіліп, тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданатынын ескертеміз. Педагогика және психология институтының оқытушысы С.С.Жұмашеваға қатысты жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

19-10-2019 14-23-10   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1597
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2019 жылғы түлегімін. Мен "Педагогика және психология" институтының доценті Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына ерекше алғыс білдіргім келеді. Біздің осылай университет бітіріп, маман болып қалыптасуымызға Светлана Сатыбалдықызының үлесі зор. Әрдайым бізге білмеген нәрсемізді үйретіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырды. Ол кісіден педагогиканы оқып-үйренумен қатар, өмірлік тәлім-тәрбие алдық. Светлана Сатыбалдықызы өзінің жұмысына берілгендігімен, еңбекқорлығымен, адалдығымен, шыншылдығымен, мейірімділігімен студенттерге үлгі бола білді. Жыл сайын университетте педагогикалық олимпиадалар мен әдістемелік фестивальдар өткізіп, жан-жақтан келген студенттерді бөліп жарымай оған қатысып, белсенділік танытуға шақырады. Осы олимпиадалар мен әдістемелік фестивальдарға қатысу арқылы біздің бойымызда зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттері қалыптасты. Қазірге кезде мектепте мұғалім ретінде ұстазымыз Светлана Сатыбалдықызының үйреткен оқыту мен тәрбиелеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақта қолданып жүрмін.
Ұлағатты ұстаз Светлана Сатыбалдықызы қаншама маман тәрбиелеп, қаншама еліміздің саналы да, дара тұлғаларын білім нәрімен сусындатып келеді. Светлана Сатыбалдықызының ерен еңбегін бағалап, оған лайықты сый-құрмет көрсетілуін сұраймын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Пікіріңіз бен ұсынысыңызды ескереміз. Рахмет!

19-10-2019 08-19-00   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1596
Салеметсизбе!! Осы жылы докторонтурага тусу ушре кандай кужаттар кажет? Кайдан билсем болады? Рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің докторантура бағдарламасына оқуға тапсыруға қажетті ақпараттарды ресми сайтымыздан (http://kaznpu.kz/kz/2150/page/) немесе Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-57-68,291-87-80. Рахмет!

19-10-2019 00-41-41   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1595
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанович. Біз 10.10.2019 күні Светлана Сатыбалдықызының үстінен түсірілген арызға қарсы екендігімізді білдіргіміз келеді. Светлана апай барлық студенттерге бірдей талап қояды және әділ бағалайды. Барлық сабағын жауапкершілікпен өткізеді. Барлық студентке бірдей қарайды. Бұл арыз кейбір студенттердің өз жеке бастарының жауапкершілігінен қашуының көрінісі деп ойлаймыз. Бізге Светлана Сатыбалдықызының сабақты өте жоғарғы деңгейде өткізетіндігімен ұнайды. Жұмашева Светлана Сатыбалдықызынан біз нағыз педагог бейнесін көреміз
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушы С.С. Жұмашеваның еңбегін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

18-10-2019 22-27-54   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1594
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! ҚазҰПУ математика,физика және информатика институтының Информатика мамандығының 3-курс студенттері атынан жазып отырмын.Светлана Сатыбалдықызы туралы жалған ақпаратты көрген кезімізде тыныш отыра алмадық.Себебі бұл жазылған ақпараттың барлығы өтірік. Светлана Сатыбалдықызы 2-курста "Педагогика", "Менеджмент" ,ал қазіргі кезде " Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі" пәндерінен береді.Осы кезге дейін бірде бір сабағына келмей немесе кешігіп келгенін көрген емеспіз.Өз жұмысына өте адал.Лекция,семинар кезінде өте жоғары деңгейде дайындалып келеді.Жұмысына адал болғаны соншалық " менің пәнімді әр студент "5" деген бағаға біліп кетуі керек" деп үнемі айтып отырады. Біз осындай оқытушының барына және бізге сабақ бергеніне өте қуаныштымыз.Және де әр студенттің жағдайын түсінеді. Студенттерді батыс және оңтүстік деп ешқашан бөлген емес. Сабақ сайын "әр қазақ менің жылғызым" дейді.Осындай ұстанымы бар оқытушы студенттерді батыс және оңтүстік деп қалай бөлмек? Бұл жазылған ақпараттың барлығы жалған.
Және де студент барлық ҚазҰПУ студенттерінің атынын неге жазады?Себебі Светлана Сатыбалдықызы тек математика,физика және информатика институтына ғана сабақ береді.Біз апайымызға осындай айып тағылғынына шыдай алмаймыз. Апайымызды осылай жалған ақпаратпен қорлауға және күйе жағылуына ешқашан жол бермейміз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушыға қатысты берілген шағым міндетті түрде тексеріледі. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

18-10-2019 21-54-24   От студента

Автор вопроса: Адамбек Жұлдызай

Вопрос № 1593
Сәлеметсіз бе,ректор мырза!
Мен Адамбек Жұлдызай МФжИИ-ның МОК171 тобының старостасы және МОК172 тобының старостасы Шілдехан Бақдаулет пен МОК173 тобының старостасы Ділдәбек Аружаннын атынан жазып тұрмын. Төмендегі біздің ұстазымыз Светлана Сатыбалдықызының үстінен түсірілген шағымды оқып бей-жай қарап отыра алмадым. Светлана Сатыбалдықызы бізге 2 пәннен: Педагогика және Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен беріп келеді. Апай ешқашан студенттерді бөлген емес, студент қалай бар соған сай бағасын қойып келеді. Светлана Сатыбалдықызының арқасында қазір біз Педагогика пәнін жатқа білеміз десем де болады. Сыбайлас жемқорлыққа да түбегейлі қарсы. Осы уақытқа дейін Светлана апай ғылыми конференция, педагогикалық олимпиада,ұжымдық іс-шара бәрін өткізіп, бізді педагогикалық практикаға толығымен дайындап келеді.Және де айта кеткім келгені Светлана апай осы уақытқа дейін тек ФизМатта ғана сабақ беріп келеді, бүкіл университет студенттерінің атынан деп жазғаны мүлдем ақылға қонымсыз деп білемін.Ұстаздың беделін осылай таптатып қоямыз ба?
Светлана апай мұндай жала жабуға лайық емес.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушыға қатысты пікіріңізді ескереміз. Рахмет!

18-10-2019 16-05-16   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1591
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Біз, 4 курс 5В010900 - "Математика"- мамандығының студенттеріміз! 16.09.2019 жылдан басталған "Өндірістік практикадан" №147 гимназия, №109 мектеп, №65 мектеп, №39 лицей студенттері педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына алғыс білдіргіміз келеді! " Өндірістік практика" барысында әрдайым көмек қолын созуға дайын, білікті де білімді ұстаздарымыздың бірі. Сынып жетекшімен, әр сыныптың оқушылармен кездескен қиындықтарды шешуге әрқашанда дайын тұрады! " Өндірістік практика" басталғалы әр сейсенбі күні болатын " Тәрбие сағатын" жетік бақылап, практикант студенттермен бірлесе жұмыс жасайды. 2-нші курста өтілген «Педагогика», «Білім берудегі менеджмент», «Тәрбие теориясының оқыту әдістемесі» пәндерінен үйренген, әр білімді қолданып жатырмыз. 05.10.2019 жылы өткізілген «Педагог тұлғасы» атты ашық ұжымдық шығармашылық іс-шараға 2-ші және 3-ші курс студенттерімен қатар 4-ші курс практикант студенттерімен «Музыкалық сәлем» кезеңі орындалды! Сөзіміздің соңында доцент Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына үлкен алғысымызды білдереміз!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет!

18-10-2019 15-23-37   От студента

Автор вопроса: Қайыржан Несібелі

Вопрос № 1590
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы?! Жоғарыда жазылған жалаға мүлде келіспеймін.Себебі
Біріншіден есімін жасырған студент университеттің барлық студенттерінің атынан жазған, ал ол ұстаз тек қана Физика Математика және Информатика институтында сабақ береді.
Екіншіден Жумашева Светлана Сатыбалдықызы бізге де сабақ береді және мен сізге сенімді түрде айта аламын, ол кісі басқа оқытушылар сияқты бірде-бір сабағын қалдырған емес.Өйткені ол адал педагог.Міндетті 15 лекция, семинарды ауырып тұрса да келіп өткізеді.Ол кісі өзінің сабағына әрдайым үлкен жауапкершілікпен қарайды. Және де ФМжИи жалғыз сол ұстаз ғана үлкен көлемде іс-шаралар өткізеді. Ол жоғардағы басшылықтар сияқты емес, әрдайым студенттерді түсінеді, қолдайды.Оның бізге деген шынайы жанашырлығын айтпасақ болмайды.Және ол кісі үнемі студенттің әділ бағасын қояды.Керісінше ол кісіге алғыс айтамыз.Екінші анамыз секілді , қарапайым мысал : тіпті терезе ашық тұрса , бәрімізден міндетті түрде сұрап шығады, сізге ыңғайлы ма деп.Сондықтан да жасырын жазған студенттің, АДАЛ ұстазға жапқан жаласын емес, біздің пікірімізді ескереді деп зор сеніммен қараймыз!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Пікір жолдағаныңыз үшін рахмет!

18-10-2019 15-18-59   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1589
Сәлеметсізбе Ректор мырза сұрақтан көрі мені мазалайтын бір жағдай 3жатақхананың тазалық жағдайы дәретханасы мен суға түсетін жері өте лас бір аптадан бері жиналмаған ылғи сол
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменті түсініктеме берді.

Бұл мәселе жатақханаға еден жуушы қызметіне жаңадан алынған қызметкердің жұмысқа келмеуіне байланысты туындаған. 18 қазан күні еден жуушы қызметіне жаңадан қызметкер алынды. Алдағы уақытта жатақханада тазалық орнатылып, тазалық мәселесі қадағаланатын болады. Рахмет!

18-10-2019 15-18-38   От студента

Автор вопроса: Қайыржан Несібелі

Вопрос № 1588
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы?! Жоғарыда жазылған жалаға мүлде келіспеймін.Себебі
Біріншіден есімін жасырған студент университеттің барлық студенттерінің атынан жазған, ал ол ұстаз тек қана Физика Математика және Информатика институтында сабақ береді.
Екіншіден Жумашева Светлана Сатыбалдықызы бізге де сабақ береді және мен сізге сенімді түрде айта аламын, ол кісі басқа оқытушылар сияқты бірде-бір сабағын қалдырған емес.Өйткені ол адал педагог.Міндетті 15 лекция, семинарды ауырып тұрса да келіп өткізеді.Ол кісі өзінің сабағына әрдайым үлкен жауапкершілікпен қарайды. Және де ФМжИи жалғыз сол ұстаз ғана үлкен көлемде іс-шаралар өткізеді. Ол жоғардағы басшылықтар сияқты емес, әрдайым студенттерді түсінеді, қолдайды.Оның бізге деген шынайы жанашырлығын айтпасақ болмайды.Және ол кісі үнемі студенттің әділ бағасын қояды.Керісінше ол кісіге алғыс айтамыз.Екінші анамыз секілді , қарапайым мысал : тіпті терезе ашық тұрса , бәрімізден міндетті түрде сұрап шығады, сізге ыңғайлы ма деп.Сондықтан да жасырын жазған студенттің, АДАЛ ұстазға жапқан жаласын емес, біздің пікірімізді ескереді деп зор сеніммен қараймыз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университет басшылығына келіп түскен кез-келген арыз-шағым қарастырылып, ақпараттың жалған немесе жалған еместігі міндетті түрде анықталады. Басшылық тарапынан шешім арнайы құрылған комиссия шешімінің  негізінде қабылданады.Пікіріңіз үшін рахмет!

18-10-2019 13-32-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1586
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы. ҚазҰПУ студенттер атынан Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына жазған шағымына МФжИИ 2 курс студенттері болып наразылығымызды білдіреміз. Бір студенттің өзінің сабақты дұрыс оқи алмайтындығынан, бізге дұрыс білім беріп жүрген апайдың атынан соншалықты жаман сөз айтып, бүкіл ҚазҰПУ студенттері атынан деуге қалай барады?! Ол апай, білімге келгенде талапшыл, әділ бағалайды. Сабақты бар жан тәнімен түсіндіреді. Біздің ол апайға алғысымыз шексіз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Пікірлеріңіз үшін рахмет. Ескереміз.

18-10-2019 12-39-22   От родителей

Автор вопроса: Аяжан

Вопрос № 1585
Саламатсыз ба жатаханага шагым тусиргим келип тур. Комендант апай 2 ай жок менин кызым акшасын али ала алмай жур. Не деген безответственный адамсындар.
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Оқу ақысына, жатақхана орнына төленетін міндетті төлемдер университет реквизитіне Қазпошта немесе банк бөлімшелері арқылы төленуі тиіс.

Егер Сіз ақшаны жатақхана меңгерушісіне қолма-қол берсеңіз, ақшаны тек сол кісіден ғана талап ете аласыз. Сұрағыңыз бойынша «Парасат» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-25-76. Рахмет!

18-10-2019 09-16-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1584
Біздің оқытушымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына жазылған анонимка сабақтарға үнемі дайындықсыз келетін, сабақты көп жіберетін студенттер жазған деп білеміз!
Светлана Сатыбалдықызы нағыз педагог, жоғары жауапкершілікпен әр сабағын өткізеді. "Менің әр студентім талантты" деп, барлықтарына бірыңғай педагогикалық талап қояды. Сапалы білім береді.
МФиИ институтында әрдайым ұжымдық-шығармашылық іс-шаралардың барлығын өткізетін ұстазымыз! Басқа ұстаздардың ондай іс-шара өткізгендерін мүлдем көрмеппіз!
Математика, физика және информатика институтына үнемі педагогикалық пәндерден сабақ беретін ұстазымыз Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына барлық сабақтарын сапалы, сауатты өткізгені үшін барлық студенттер атынан алғысымызды білдіреміз!!!Нағыз еңбекқор, адал педагог!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқытушының еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет!

16-10-2019 16-37-15   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1580
Салеметсизбе ректор. Мен Тарих жане кукык институтында 1-ши курста окимын. Сабакка дайындалу ушин 511 ши компьютер кабинетине кунде барамын кунде жабык турады. Жатахханада турамын 511 кабинетте компьютер интернет бар, 511 кабинетте отыратын Майра апай унеми орнында отырмайды. Бизге студенттерге осындай колайсыз жагдай тугызады. Бизге комектессениз осы жагдайды шешип берсениз
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша Тарих және құқық институты тарапынан түсініктеме алынды. Түсініктемеде №10 корпустағы 511 аудиторияда сабақтар үзіліссіз кесте бойынша өткізілетіндігін аудиторияда орнатылған бейнекамерадағы жазба арқылы, ал инженер Майра Ешенованың жұмысқа уақытында (08.00-17.00) келіп, кетіп жүргенін турникет арқылы бақыланатындығы жазылған.

Тарих және құқық институтына қарасты 511 аудиторияда университеттің бекітілген кестесіне сәйкес сабақтар өткізіліп тұратындықтан, білім алушылар жеке жұмыстарын кітапханаға барып жасауы керек. Рахмет!

16-10-2019 16-23-39   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1579
Саламатсызба Такир Оспанұлы
Мен Амантаева Бубісара Көбесқызы Абай атындағы ҚазҰПУ-не 2009 жылы оқуға (күндізгі оқу түрі) түсіп,
2011-жылы оқудан шығарылдым (тұрмыс құруыма байланысты).
Осы жылы окуымды жалгастыру үшін қолымдағы құжаттарды Тараз инновациялық гуманитарлық университетіне тапсырдым.
Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің қызметкерлері ҚазҰПУ-не хат (хаттың нөмері 11.09.2019 № 001/036) жолдады жеткіліксіз құжаттарды жіберуін өтініп. Жауап әлі келген жоқ.
Сол жеткіліксіз құжаттарды тездетіп жіберуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Құжаттарыңыз университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы 17 қазан күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мекен-жайына жіберілгендігін хабарлаймыз. Рахмет!

16-10-2019 15-00-06   От студента

Автор вопроса: 110Б группа ФиПо (русское отделение)

Вопрос № 1578
Уважаемый , Такир Оспанович! Вопрос в том , что с 21.10 числа начинается рубежный контроль, но у нас до сих пор отсутствует преподаватель по иностранному языку и практической фонетике. Мы не раз обращались с вопросом на кафедру , но этот вопрос остался нерешённым. Просим вас назначить нам преподавателя в кратчайшие сроки.
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению. Спасибо!

16-10-2019 11-06-28   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1576
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 4 курс студентімін. Биыл біз бір жылдық практикадан өтудеміз, оған қарсы болмадым. Себебі, молынан тәжірибе жинаймыз деп ойладым. Сізге қояр сұрағым : мектепті қалай таңдадыңыздар? "Мансап" орталығы мектеп таңдағанда неге мән берді? Менің практикадан өтіп жатқан мектебіме көңілім толмайды. Бұл жалғыз менің ойым емес. Осы мектептің практиканттары да қосылады. Мектепте не тәртіп, не білім жоқ. Мұғалімдер мектепке сабағын өткізіп, айлығын алу үшін ғана келеді. Қалай ойлайсыз, біз олардан не үйренеміз? Мектептің завучтарынан бастап практиканттарға тегін жұмыс күші ретінде, қарапайым тілде айтқанда "барып кел, шауып кел"көреді. Кешіріңіз, мен практикаға мұғалімдердің атынан жиналыс, іс-шараларға қатысып, оқушыларды жарыс, іс-шара өтетін кезде мектептен тыс жерлерге тасып жүруге келген жоқпын. Оқушыларға жауап беретіндей басым екеу емес(оларға бірнәрсе болса мен жауап беремін ғой). Мен студентпін, жұмыс істемеймін, отбасымда 3 студент бар. Мектептегі іс-шаралардың тақырыптарын шығаруға, шариктер алуға, безендіруге заттар алуға менің артық ақшам ЖОҚ!!! Сізге өтініш, осы мәселені бір жақты етіңізші.
Ответ:

Құрметті студент!

Шағымыңызда аталған мәселелерді шешу үшін Мансап орталығы қызметкерлеріне толық ақпарат беруіңізді сұраймыз. Байланыс тел.: 291-83-50. Рахмет!  

15-10-2019 14-48-46   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1575
Курметті Тахир Оспаұлы сиз басқарған университетте неліктен марапаттар белгілі адамдармен бір алған адамдар жылына екі үш рет алады университтетікінде, министірліктікінде оның сыры неде. Тарибие баскармасының бастықтары мен орынбасарлары, оқу, ғылым басқармалары, зам директорлар т,б кейнгі бес жылды алып мониторинг жасасаныз коруге болады деп ойлаймын
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз назарға алынды. Тексеріледі. Рахмет!

15-10-2019 13-16-35   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1574
Жатақхана ақшасын төлеп қойғаннан кейін,қайта ақшасын возврат жасауға боладыма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Егер Сіз ақшаны университеттің есеп шотына төлеген болсаңыз, онда ақша міндетті түрде қайтарылады. Ол үшін Сіз өтініш жазып, төлем туралы түбіртектің түпнұсқасын өтінішке тіркеп, Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы жіберуіңіз керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін директорат қызметкерлеріне жолықсаңыз болады. Рахмет!

Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  136  137  138  139  140 141  142  143  144  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений