Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 
 
С уважением,
председатель Правления — ректор
Дархан Билялов
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
01-06-2018 10-05-58   От студента

Автор вопроса: Бекежан Тұрсынай

Вопрос № 224
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен Педагогика жəне психология мамандығында 2курста оқимын. Қысқы сессия кезінде екі сабақтан жазғы қалып қойдым. 28-31 аралығында ақша құю керек екені айтылды. Мен өзім ақылы бөлімде оқимын. Жартылай жетіммін. Отбасымда тек бір адам ғана жұмыс жасайды.Маған оқу ақысына женілдік жасалады. Сол сияқты жазғы семемстрдағы төленетін ақшаға жеңілдік жасайды деп естідім. Сол рас па? Ол үшін не істеуім керек?
Ответ:

Құрметті студент! Студенттердің әлеуметтік жағдайына байланысты оқу жылының басында өтініш жазған студенттердің барлығына бірдей белгіленген ереже бойынша 20%-дан 100%-ға дейін жеңілдік берілген. Ережеде оқу үлгерімі төмен, яғни, сабақ үлгерімі бойынша жазғы семестрге қалған білім алушылардың төленетін ақшасына жеңілдік беру қарастырылмаған.

31-05-2018 15-24-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 223
Сәлеметсізбе Ректор мырза! Мен сізден қысқы емтиxаннан құлаған сабақты келесі жылы төлесе болады ма? Менің GP балым 3,41
Осы сұрақты қарап бересіз бе
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз  бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

30-05-2018 16-44-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 222
Саламатсыз ба.Менің сұрайын дегенім жатахана жайлы.Дəлірек келсек нөмірі 1 жатахана жайлы.Оқудың басында жатаханаға келгенде əр адам болашақта жасалатын іс шараларға деп 600 теңгеден өткізгенбіз.Енді оқу аяқталғанда Камендант келіп əр адам 2000 нан берсін (бір бөлмеде 4-6 адам) өзім адам жалдап ремонт жасаймын бөлмеге дейді немесе краска, əк алып өздерің əктеп краскілеп кетіңдер дейді.Енді сұрайын дегенім осындай ремонтқа 2000 беру немесе студенттер бөлмесін əктеп, краскамен сырлап кету деген бұрыннан бар ма?Мен естігенмін бөлмені тазалап шкаф төсек бəрін жуып өткізіп кету керек деп.Бірақ əктеп сырлап кету керек дегенді бірінші рет естуім.Бұл дұрыс па?Сонда жазда жатаханаға ремонт жасауға ақша бөлінбейді ме?
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңыздағы мәселе басшылық деңгейде талқыланып жатыр. Қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

30-05-2018 14-30-31   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 221
Құрметті Ректор мырза, сізден сұрайын дегеніміз, осы уақытқа дейін 1 ставкадан жоғары жүктемемен жұмыс жасаған оқытушылардың айлық жалақысын маусым айында 0,25 немесе 0,5 ставкасын алып тастап, тек 1 ставкаға төлейтін және еңбек демалысына қоспайтын. Бұл қаншалықты заңды? Осы жылы да осындай тәртіппен есептеле ме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2017/2018 оқу жылының бекітілген еңбек демалысы кестесіне сәйкес 1,25 немесе 1,5 штаттық бірлікте жұмыс жасап жүрген профессор-оқытушылар 1 ставкамен шілденің 1-нен кезекті еңбек  демалысына жіберіледі, ал қосымша 0,5 немесе 0,25 ставкада жұмыс жасайтын оқытушылар шілденің 1-нен босатылып, жұмыс істеген уақыт аралығына тиесілі өтемақы төленеді. Маусым айының жалақысы 1,25 немесе 1,5 ставка болса, соған сәйкес толықтай төленеді. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті алу үшін Қаржы-экономикалық департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-79-36, 291-90-12.

29-05-2018 19-44-35   От студента

Автор вопроса: Жолымбетова Салтанат Алдияровна

Вопрос № 220
Салеметсиз бе,ректор мырза!мен 2011 жылы тарих факультетине очно жане акылы тустим,1-ши курсты битирдим,бирак 2-ши курсты оки алмадым акыны толей алмагандыктан. Мине 6 жыл отти енди кайтып 2-ши курстан алама мени заочное отделениеге?
Ответ:

Құрметті Салтанат Алдияровна! Сырттай бөлімге тек колледж бітірген түлектер ғана қабылданады.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
28-05-2018 15-07-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 218
Сәлеметсізбе Ректор Мырза ! Оқу ісі жөніндегі проректор А.А.Сәтмырзаев 28-31 аралығында жазғы семестрге қалған 1,2,3 курстар қарыздарын төлемесе курстан курсқа көшпейді деген заң шығарып қойыпты. Бұл ешқандай университеттерде болмағае жағдай.Неге жағдайы жоқ студенттердің жанын қинайды. GPI балына байланысты емеспе? Ректор мырза! Сізден өтініп сұрайтыным бұл жағдайдын ақ қарасын шешіп бересізбе? Алыс маңайда тұратын ,қаржылай жетіспей жатқан студенттер барғой.Ол ақшадан ешкім қашып кетпейдіғой төлеп ,оқып кетеді. Неге осындай қорқынышты (курстан курқа өтпейді) деген xабарландырулар іліп қояды.
Ответ:

Құрметті студент! Егер сіздің GPА балыңыз 3-тен асатын болса, курстан курсқа көшірілесіз. Курстан курсқа ауысу мәселесі бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

27-05-2018 05-16-06   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 217
Сәлеметсізбе, ректор мырза ! Мен филология факультетінде оқимын. Бір сабақтан ағылшын тілінен жазғы семестрге қалып қойдым. 28-31 май аралығында жазғы семестрдің ақшасын төлемесе оқудан шығарылады ,келесі оқу жылына көшпейді деген қаншалықты рас екен, сізден сұрайындегенмін. GPI балым 3 тен асады.Негізі заң бойынша GPI бал 2 ге жетпеген жағдайда ғана оқудан шығарылу керек емеспе? 4 курсқа дейін жазғы семестрді төлеп оқысақ болмайдыма. Қаншама студенттер жылап жүр. Сонда бір сабақ үшін оқудан шығамызба деп . Біздің қазір ол ақшаны төлеп ,жазда қалып төлеуге еш мүмкіншілігіміз жоқ, көпбала отбасынан шыққанмын және өзім ақылы бөлімде оқимын. Директорлардан сұрасақ білмейміз білмейміз айтатыны, студенттермен жұмыс жасамайды. Біз қандайда бір (өтініш сияқты ма) жазып ( 3 курстын жазында қалайда төлеп оқимын деп ) жазып кетсек болама.
Ректор мырза ! Сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын.Бұл менің ғана емес көп студенттің білгісі келген сұрағы.
Ответ:

Құрметті студент! Егер сіздің GPА балыңыз 3-тен асатын болса, курстан курсқа көшірілесіз. Академиялық қарызыңызды 3-курстың жазғы семестрінде міндетті түрде тапсыруыңыз қажет. Себебі, кредиттік оқыту технологиясы ережесіне сәйкес биылғы оқу жылының бітіруші 3-курс білім алушыларына, яғни болашақ 4-курс студенттеріне жазғы семестр ұйымдастырылмайды. Сұрағыңызға рахмет!

25-05-2018 18-59-45   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 216
Здравствуйте! Я окончила 1 курс по специальности биология русская группа на платной основе . При поступлении в 2017 году я хотела попасть в английскую группу,но сказали,что таковой нет. Поступила в русскую группу , оказалось , что английская группа тоже есть. Хотела узнать, будет ли возможность получить грант ? Я окончила КТЛ , в совершенстве владею английским языком ,закончила первый курс на средний балл 3.75 , принимаю активное участие в мероприятиях, хотелось бы перейти на грант желательно в английскую группу. Писала зимой заявление,было одно место на грант по моей специальности на сайте университета, но ничего не удалось, написала и сейчас , на сайте есть один грант. Но администрация говорит, что это не такие гранты, а специальные , как такового объяснения не получила, сказали приходить в августе . Не знаю к кому обращаться, никто в моем институте не владеет достоверной информацией либо не берет во внимание мое обращение.Какие вообще есть гранты(помимо государственных) , которые можно реально получить своими стараниями, что нужно для этого делать? Прошу рассмотреть мой вопрос и очень хочу получить ответ, вашу помощь и всевозможные варианты решения , спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! По всем вопросам о грантах Вам следует обращаться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (главный учебный корпус, кабинет 221). Спасибо за обращение!

25-05-2018 18-55-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 215
Сәлеметсіз бе! Сұрақ өте маңызды болып тұр біз үшін... Өткенде жатақxанаға ремонтқа ақша жинаймыз деп еді...Сосын жиналмайтын болды деді.ҚАзір енді өздеріңіз ремонттап кетесіңдер дейді... Батареяларды краскалап,қабырғаларды әктеп... Біз міндеттіміз бе,қыздардың көбісі кетіп қалды ауылға, ақша берейін десек ол жағы да қиын болып тұр...жауабын беріңізші
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңыздағы бұл мәселе басшылық деңгейде талқыланып, қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

25-05-2018 18-54-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 214
Құрметті, ректор мырза! Осыдан бірнеше күн бұрын жатақханада ремонтқа ақша беру мәселесі жөнінде айтылған еді.Ақша студенттерден сұралмайды деп шешілді дегенді естіп едік, енді бізден З -жатақханадан ақша беріңдер (2500), бермесеңдер өздерің жасап кетіңдер. 2 курс болса кеткелі жатыр бүгін ертең,ал 3 курс сессия.Өзімізге істету бұл заң ба әлде қалай? Егер де санап қарап отсаң, эмульсия ,2500,коллер800 тұрады,краска да арзан.Сонда бірбөлмеге бас басына 500 жинасақ та жетіпжатыр. Бұл қалай болғаны?жазда жұмыс жасайын деп жатқан ссо ше,олар не үшін ақша алады? Сонда берілмейді ме жаңағы заттар. Жауабыңызды күтеміз. Жатақхана әбден ақша сорып болды.Келгенде 2000, фонтқа тағы 1500, енді міне тағы 2500тг. Жатақханаға келгенде ақшасын төлейміз,сосын тағы береміз. Өзіміз стипендияға ғана күн көреміз. Кешіріңіз,өтінемін сізден көмек сұраймыз. Сауалымызға жауап күтеміз
Ответ:

Құрметті студент! Жатақхананың жөндеу жұмыстарына қатысты шағымдар басшылық деңгейде қарастырылып, қабылданған шешім туралы міндетті түрде хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

25-05-2018 16-08-52   От студента

Автор вопроса: Жақсылыққызы Кəмшат

Вопрос № 213
Құрметті Такир Оспанұлы! "Информатика" мамандығы бойынша 1-курс магистрантымын. Мені 16.05.2018 ж. күні "Информатиканы оқытудағы инновациялық əдістері" пəнінен жазбаша емтиханнан ұялы телефон алып кіргенім үшін шығарып жіберді. Алайда мен телефонды емтихан сауалдарын қарау мақсатында қолданған жоқпын. Себебі, бұл пəннен келетін 60 сұрақтың жауабын жатқа білемін жəне "Өрлеу" БАҰО филиалында "Инновациялық дамуды əдістемелік қамтамасыз ету" бөлімінде бас маман болып бірнеше жыл жұмыс жасағанмын. Сол күні 1,5 жасар ұлымның науқастануына байланысты алаңдап, телефонды өзіммен бірге алып кіргенмін. Сағат 11.20 жедел жəрдемнен келген дəрігерлер баламның денсаулығына байланысты сұрамақ болып хабарласты. Оны растайтын құжаттарым бар. Бұдан басқа 4 емтиханнан, жазбашадан 89, тестен 100, 95, 100 деген балл алдым. Менің мəселемді арнайы комиссия арқылы қарауын сұраймын.
Ответ:

Құрметті Кәмшат Жақсылыққызы! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

25-05-2018 15-11-12   От абитуриента

Автор вопроса: Қарқан Нурбибі

Вопрос № 212
Сəлеметсіз бе, Тахир Оспанович. Мен Қарқан Нурбибі 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту жəне тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенті. Біз ағымдағы сессия кезінде 18.05.2018 жас ерекшелік физиологиясы пәнінен тест тапсырдық. Бізге келген тест сұрақтарының жартысы дайындыққа берілген тест сұрақтарының ішінде болмаған себепті топтың 6 қызы 50 баллға жетпей құлап қалды. Кейіннен 6 қыздың арыз жазуынан біздің барлық топтың баллы аннулировать етіліп, пересдача 24.05.2018 тапсырды. Арыз жазу барысында менің атымнан басқа студент қол қойып берген. Сосын мен жəне Қоңырова Айкөркем, Рахымова Еркеназ, Қалдыбек Барқыт ауылға қайтып кеткен себепті, пересдачаға келе алмадық. Бүгін кафедра, директорат, тестілеу орталықына кіріп, қонымды жауап ала алмадық. Құрметті, ректор мырза, бізге яғни 4 қызға қайта тест тапсыруға н/е бұрынғы баллымызды қайта қойып беруге көмектесуіңізді өтінеміз. Тезірек жауап бересіздер деген үміттемін. Рахмет сізге!!!
Ответ:

Құрметті Нұрбибі! Сұрағыңыз бойынша бұл мәселені кейінге қалдырмай, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.

25-05-2018 10-02-03   Другие

Автор вопроса: Мұстафаев Ерболат Жұмашұлы

Вопрос № 211
Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен осы оқу орнына 2012 жылы орналастым. Өнер, мәдениет және спорт институтында "Негізгі аспап домбыра" пәнінен сабақ беремін.Сол жылы Елбасының қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" деген атақ алдым. 6 жылда менің класымнан көптеген студенттер білім алды, магистратураға түсті,оны аяқтап, мұғалім болып жүрген шәкірттерім бар, университет оркестрінде, түрлі ансамбльдерде домбыра тартады, шетелден қонақтар келгенде де, барлық мәдени ісшараларда қатысып жүрген домбырашылардың барлығы дерлік менің шәкірттерім.
2016 жылы министрліктен келген қаулы бойынша, алдағы қыркүйектен бастап, сабақтардың барлығы топтық болады деп жатыр. Домбыра, қобыз, баян,фортепиано т.б. сабақтар топтық болса, онда ешқандай сапа болмайды. Жоғарыда аталған ісшараларға студенттердің белсене қатысуы - жеке сабақ жүрген соң ғана жеткен жетістіктер. Сабақ топтық болатынын естіген халық балаларын оқытуға әкелмейді. 90 жылдық мерейтой қарсаңында өтетін мәдени ісшаралардың сапасы болмай қалады. Осы мәселені өз құзырыңызбен шешуіңізді сұраймын.
Ответ:

Құрметті Ерболат Жұмашұлы! Сабақтың топтық түрде өтілуі  туралы шешім ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері мен 2016 жылғы 29 қаңтардағы №108 бұйрығына сәйкес қабылданған. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығының негізінде алдағы оқу жылына арналған ОПҚ атқаратын педагогикалық жүктеме көлемін есептеуге арналған уақыттың бірыңғай нормасының Ережесінде сабақтардың топтық түрде өтілуі қарастырылады.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.
 

24-05-2018 02-13-09   Другие

Автор вопроса: Ұжымдық шағым

Вопрос № 210
Құрметті Такир Оспанұлы! Сізге шағым білдіруге мәжбүр болып отырған ҚазҰПУ ұстаздар мен методисттер ұжымы.Осы оқу жылында компьютерлер мен орг, техника мәселесі бізді абден шаршатты!Жаңа компьютерлер келді,бірак бәріне жетпеді,ескілерін жөндемейді,қосалқы бөлшектер жоқ деп.Притерлердің сиясы да тез бітіп қалады оны сұрасақ ол да жоқ дейді,принтерлер, картридждер мүлдем жөнделмейді бөлшектер жоқ дейді.Бастыктарына да(Кожахметов Серік Тұрсынұлы) бұл мәселені айттық ол кісі Абиров Еркін Дәуренұлына жібереді,ал ол кісі қосымшалар жазындар деп жібереді,ал ол қосымшаларды жазғаннан кейінде түк істелмейді!Қайта қайта жазып шаршадық, бізде одан да басқа жұмыс көп!Интернетте жөнді жұмыс істемейді,көп жаңа инженерлер алған бірақ олар түк білмейді,арттарынан қуалап шаршадық!Бұрын бұндай мәселе жоқ еді,алдындағы жас жігіт Асхат басқарған командасы жақсы еді,телефон шалсақ жүгіріп келіп бәрін жөндеп кетуші еді.Казір барлығы тоқтап қалмау үшін барлығын өз қалтамыздан төлеп басқа мамандарды шақырып жөндетип жатырмыз,біздің қалтамыз оны көтере алмайды,бірақ баска амал жоқ,қанша уакыттын бері бұл мәселе бізге жұмыс істеуге кедергі жасап жүр!!! Құрметті Такир Оспанұлы біз сізге өз ұжымымыздан өтініш білдіріп отырмыз, бәрін өз қолыңызға алып бұл мәселені шешіп беруінізді өтінеміз,бұрыңғы қалпына келтіріңізші. Белгілі жағдаймен аноним жазып отырған 50 шақты ұстазбен методист ұжымдары.Біз сізге үміт арттық!
Ответ:

Сәлеметсіздер ме! Шағымдарыңыз қарастырылып, Білімді ақпараттандыру департаменті басшылығынан түсініктеме алынды.Шағымдарыңызда аталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қолданыстағы компьютерлерді жөндеуге және картридждерді толтыруға арналған материалдарды сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алу жүйесіне келіп түскен материалдардың параметрлері мен сапа көрсеткіштері сұраныстағы көрсеткіштермен сәйкес келуі қажет. Шағымдарыңызда көрсетілген мәселелердің шешімі уақытты талап етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Білімді ақпараттандыру департаментінің тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері арнайы қызметтік хат арқылы жүзеге асырылады. Аталған департамент бөлімдеріне жолданған өтініштеріңіз уақытылы орындалмаған жағдайда Университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына (208 каб.) жолығуларыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-79. 

23-05-2018 22-21-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 209
Здравствуйте. Я хотела бы узнать, как можно получить повышенную стипендию. И если у меня баллы выше 90, могу ли я получать повышенную стипендию. Заранее спасибо.
Ответ:

Уважаемый студент! Если Вы учитесь на гранте и баллы по всем предметам по итогам сессии выше 90 (А, А-), Вы получаете  повышенную стипендию.

23-05-2018 21-05-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 208
Здравствуйте,Балыкбаев Ташир Оспанович!У меня такой вопрос:обязательно ли по окончании бакалавриата отрабатывать свой грант?если грант предоставлялся на общих условиях ,а не по сельской квоте.
Ответ:

Уважаемый студент!  Как указано в Законе РК «Об образовании», граждане, обучающиеся по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных организациях образования и государственных медицинских организациях в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.  Обеспечение мониторинга и контроля за соблюдением выполнения лицами, указанными в настоящем пункте, своих обязанностей по отработке или возмещению расходов бюджетных средств в случае не отработки возлагается на поверенного агента уполномоченного органа в области образования.

 

23-05-2018 17-46-14   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 207
Сәлеметсіз бе, құрметті ректор мырза! Сізге қояр сұрағым ваканттық гранттар туралы. Конкурсқа өтініш жазу үшін қандай талаптар бар? Мысалы, тек грант босаған мамандықта оқитындар ғана өтініш жаза ала ма?
Рахмет!
Ответ:

Құрметті студент! Университетіміздің ресми сайтында жарияланған мемлекеттік білім беру грантының бос орындары туралы ақпаратта (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) үміткерлерге арналған талаптар және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген.

Грантқа ауысу бойынша қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-05-2018 13-53-21   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 206
Құрметті Балықбаев Такир Оспанович! Мен ФизМат 3 курс студенті ақылы бөлімде оқимын,сессия біткеннен кейін грантқа өтініш жазайын деп едім.Жалпы үш жыл бойы менде 26 сабақ-5,18 сабақ-4,2 сабақ-3.Осы 3 курста жалпы бір ғана 4 бар.Менің грантқа өту мүмкіндігім бар ма? Бар болса толық жазып түсіндірсеңіз.Алдын - ала рахмет!
Ответ:

Құрметті студент! Университетімізде білім беру грантының бос орындарына конкурс жүргізіліп жатыр. Грантқа ауыстыру кезінде алдымен оқу үлгерімі бойынша GPA баллы жоғары білім алушылар қарастырылады. Сонымен қатар, үміткерлердің әлеуметтік жағдайы, университеттің қоғамдық іс-шараларына белсене араласуы ескеріледі. 

Университетіміздің ресми сайтында берілген мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы хабарландыруда (http://kaznpu.kz/kz/1307/notice/) үміткерлерге арналған талаптармен және қажетті құжаттар тізімімен танысуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-05-2018 12-18-59   Другие

Автор вопроса: Қали Самат Тоқтарбайұлы

Вопрос № 205
Қайырлы күн Балықбаев Такир Оспанович
Мен Былтырғы оқу жылында Жаратылыстану жəне география иниституна құжаттар тапсырып оқуға тапсырып едім ,бірақ бір себептермен сол кезде Ақтөбеге кетип қалдым содан Алматыға жаңа келдім білгім келгені менің колледж дипломымды қай жерден ала аламын рахмет.
Ответ:

Құрметті Самат Тоқтарбайұлы! Қажетті құжаттарыңызды алу үшін Университетіміздің мұрағат бөлімімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-84-04.  

23-05-2018 11-56-56   От родителей

Автор вопроса: Қошпаева Шынар

Вопрос № 204
Құрметті ректор мырза! Менің ұлым Есперген Бақберген Ардақұлы Сіз басқарып отырған университеттің Өнер, мәдениет және спорт институтында 1 курстың ақылы бөлімінде оқиды.Қысқы сессияда ағылшын пәнінен, көктемгі сессияда Этнопедагогика пәндерінен тест емтиханын тапсыра алмай қалды. Енді жазғы сессия кезінде ол пәндерді ақылы тапсыратынын білдік. Менің отбасылық жағдайымда жазғы сессияны төлеуге мүмкіндік болмай тұр. Мен бес баланың анасымын. Студент баламнан басқалары кәмелет жасқа толмаған. Жолдасым жұмыс жасамайды. Менің айлығым 62000 теңге. Қажет десеңіз тиісті құжаттарымды көрсете аламын. Маған ұлымның жазғы сессияны тегін тапсыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қосымша семестрді тапсыруға төленетін төлемақыға жеңілдік қарастыру үшін өтінішіңізді және тиісті құжаттарыңызды Өнер, мәдениет және спорт институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Берілген өтінішіңіз бойынша жеңілдік мәселесін міндетті түрде қарастыратын боламыз.

Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

Всего записей: 2908

« перв. ... < пред. ...  133  134  135  136  137 138  139  140  141  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Январь, 2022
29
Декабрь, 2021
28
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений