Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
31-03-2020 12-38-42   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1948
Сәлеметсәзбе. Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты өтінішім бар. Өтініш емес тіпті наразылығым деп айтсам болады. Ауылды жерлерде көбісі тұрғаннан кейін интернет дұрыс жасамайды және қазір 21 ғасыр болғанмен біразында компьютер, ноутбук жоқ. Сол себепті тапсырма орындап жібере алмайды. Ал мұғалімдерді және ректоратты бұл мүлдем қызықтырмайды. Неге? Себебі миларын ашытқысы келмейді. "Студент тапсырма жібердіма болд балл қоямыз, жібермеді ма, өз обалы өзіне" дейді де қояд. Сабақтардан жәй ғана реферат немесе призентация жасата салады.Ал кейбір сабақты түсінбедік десек, оған тіпті жауап бермей, басқа нәрсе айтып кетеді. Зумды кейбір мұғалімде түсінбейді да. Студенттер ашып пригласить етеді, сосын отчетка суретке түседі да сау болыңдар дейді.
Қара шаңырағымыздың мұғалімдерінің бүгінгі сиқы осындай ма, әлде бұрыннан осындай болды ма?
Ответ:

Құрметті студент, Сіздің қашықтықтан оқыту мәселелеріне байланысты хатыңызды алдым. 

Осы туралы келесіні айта кетейін.

Біріншіден, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар қашықтықтан оқытуды сапалы өткізуге барлық мүмкіндікті пайдалануда. Студенттердің сауалнамаға (сауалнама барлық студенттерге жүргізілді) берген жауабы бойынша барлығының қашықтықтан оқуға мүмкіндігі бар. Рас, кейбір ауылдарда интернет жөнді жұмыс істемейді, не жылдамдығы төмен. Ондай жағдайда, жергілікті мектептермен және атқарушы органдармен бірлесіп, ол мәселені шештік.

Екіншіден, ұстаздар толығымен қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерді,ол үшін көптеген вебинарлар өткіздік және қашықтықтан оқыту орталығы кеңестер беруде. Қашықтықтан оқытудың қалай өтіп жатқанын толық бақылап отырмыз.

Үшіншіден, студенттер мен ата-аналарға көмек көрсету мақсатында арнайы Call- орталығын аштық.Орталық кез-келген уақытта сұрақтарыңызға жауап беріп, көмектесуге дайын. Байланыс тел.: Call-орталығының нөмірі - 8(727) 221-85-14; жалпы сұрақтар бойынша - ішкі тел.: 100, 103, 104; Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша - ішкі тел.: 105; «Univer 2.0» АЖ мәселелері бойынша - ішкі тел.: 102.

Төртіншіден, Сіздерге эдвайзерлеріңіз, институт директорлары мен олардың орынбасарлары да көмек беруге дайын.  

Егер осы жасалған істер жеткіліксіз деп ойласаңыз, не қосымша ақпарат керек болса, rector_blog@kaznpu.kz  эл.пошта арқылы маған тікелей жазып, қалай хабарласа алатынымды айтыңыз. Мен Сізбен тікелей сөйлесемін.

 

31-03-2020 00-12-51   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1947
Здравствуйте! я являюсь магистрантом 2 курса. Подскажите пожалуйста, в связи с объявлением ЧС в РК, будут ли отменены гос.экзамены?
А также в какой форме будет проходить защита диссертационных работ?
Будет ли перенос дат, где нам узнавать актуальную информацию?
Ответ:

Здравствуйте! В соответствии с ГОСО послевузовского образования итоговая аттестация проходит в форме написания и защиты магистерской диссертации. По Академическому календарю итоговая аттестация пройдет с 10 по 24 июня 2020 года. Если будут какие-либо изменения в связи с введением чрезвычайного положения в стране, Вы будете извещены, объявления будут размещены в ИС «Универ» или на сайте университета.

30-03-2020 23-33-20   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1946
Сәлеметсіз бе? Мен жартылай жетім студентпін. Күзде оқу ақысына жеңілдік жасалғанда менің документтерім қалып кетіпті. Ақпан айында көктемде тағы жеңілдік берілуі мүмкін деп докуметтерімді өткізген едім. Енді оқу ақысына жеңілдік жасала ма? Қәзіргі болып жатқан жағдайларға байланысты жеңілдік берілсе жақсы болатын еді.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жеңілдік беру туралы ректордың атына өтініш жазуыңыз қажет. Құжаттарыңыз бекітілген ережеге сәйкес қарастырылып, коммисияға ұсынылады.

Жеңілдік мәселесі бойынша Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 293-81-85.

30-03-2020 21-22-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1945
Əссəлəмуалейкум мен ӨМСИ де 2-курс оқитын студентпін осыдан бұрын Мухадиев Акимбек ағайға осы блокқа шағымданып едім ол ашу үстінде болды. Жəне ағайдан кешірім сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жолдаған хатыңыз үшін рахмет!

30-03-2020 05-05-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1944
Здравствуйте, до какого числа мы будем учиться дистанционно? Когда перейдём в привычный режим учёбы и сможем посещать учебное заведение?
Ответ:

Уважаемый студент! Университет  перейдет на обычный режим работы после отмены чрезвычайного положения в стране. Просим соблюдать все принятые меры предосторожности.

27-03-2020 20-41-46   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1943
Қайырлы кеш, қазіргі болып жатқан жағдай барлығымызға ауыртпалығын салып жатыр, барлығымыздың ата-аналарымыздың жұмысын карантинге жауып,қаржы жағынан қиналып жатқан уақытта оқу ақысы қалай болады? Ақылы оқитын студенттердің оқу ақысын төлейтін уақытты созсаңыз болмаса жеңілдіктер қарастырсаңыз деп өтінеміз!
Ответ:

Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді міндетті түрде қарастырамыз.

Әлемде және елімізде орын алған жағдайға қарамастан профессор-оқытушылар Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуларыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Оқу орнымыздың қызметі тоқтаған жоқ. Университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар, басқа да төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Аталған мәселелерді ескеру қажет. Алдағы уақытта қабылданған шешім Сіздерге хабарланатын болады. Рахмет!

26-03-2020 09-58-14   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1941
Сәлеметсіз бе? сұрайын дегенім егерде студент мемлекеттік гранпен оқып жатырып, 1курсты аяқтағанан кейін бірден қашықтықтан оқу бөліміне ауыса алама? ауысқан жағдайда грантың ақшасын төлейді ме әлде төлемейме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың қашықтықтан оқыту бөлімінде жоғары немесе колледжден кейінгі білімі бар тұлғалар оқи алады. Егер Сіз қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын болсаңыз (колледжден кейін), онда 20-25 тамыз аралығында ауыса аласыз. Грант бойынша 1 жылдық оқу үшін ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында әлі қарастырылмаған. Қосымша ақпаратты Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен білсеңіз болады. Тел.: 291-71-06.Рахмет!

25-03-2020 12-53-39   Другие

Автор вопроса: Нурспвулити Баян

Вопрос № 1940
Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда мен Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студентімін (физика педагогикалық бағыт, ағылшын тобы, общий грант) алдымыздағы 2020-2021 оқу жылында сіздердің университеттеріңізге ауыссамба деген ойдамын, бұл қаншалықты мүмкін ?
Ответ:

Құрметті студент! Біздің оқу орнымызға ауысу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына 2020 жылдың 20-25 тамыз аралығында өтініш жазып, құжаттарыңызды университеттің «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығына өткізу қажет (Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30, 1 этаж). Таңдаған мамандығыңыз туралы қосымша ақпарат алу үшін  Математика, физика және информатика институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарлассаңыз болады. Тел.: 8 (727) 261-15-76, 291-18-53.
 
24-03-2020 23-55-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1939
Қайырлы күн,сізге қояр сұрағым:біз алыс жерде тұратындықтан,заттарымызды(киім-кешек)толық алып кете алмай,общежитияға қалдырып кетіп едік,енді общежитияға басқа адамдарды қоныстандырып жатыр екен,заттарымызға ешкім тиіспейма?
Ответ:

Құрметті студент! Әлемде және елде орын алған жағдайға және Алматы қаласының қажеттілігіне байланысты Университетіміздің бес жатақханаларына тиісті дезинфекция жүргізіліп, ауруханалардың, емханалардың, медициналық орталықтардың дәрігерлері, полиция мен ТЖ қызметкерлері орналастырылды.

Әрбір жатақханада арнайы жеке бөлмелер бөлініп, онда сақтау камералары орнатылды. Білім алушылардың қалған заттары сақтау камераларына жинақталып, кілтпен жабылды. Сіздерді қалған заттар үшін алаңдамауларыңызды сұраймыз. Рахмет!

24-03-2020 16-40-37   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1938
Сәлеметсізбе ! Биыл магистратураға тест калай тапсырамыз және уақыты қашан қандай форматта болады мен КазНПУ сайтын қарап ақпарат таба алмадым
Ответ:

Құрметті студент! Сессия Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 11 мамырынан 31 мамырына дейін өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсыру түрі әзірленуде. Сәуірдің бірінші онкүндігінде мәселе шешіліп, білім алушылар назарына ұсынылады.

24-03-2020 15-09-25   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1936
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Мен Филология және Көптілді білім беру институтының 3 курс студентімін. Елімізде болып жатқан карантинге байланысты ата-анамыз үйде отыр. Кіріс көзі тоқтатылды. Ал біз оқу ақшасының қалған 50%-ын әлі төлемедік. Бізге деген қандай да бір жеңілдіктеріңіз қарастырылады ма? Менің ойымша, бұл сұрақ тек мен үшін ғана емес, университетіміздің барлық ақылы бөліміндегі студенттер үшін маңызды сұрақ деп ойлаймын. Сіздің жауабыңызды асыға күтеміз!
Ответ:

Құрметті студент! Оқу төлемақысына қатысты өтінішіңізді түсіндік және міндетті түрде қарастырамыз.

Өз тарапымыздан  келесі мәселені айтып кетпекпіз.Профессор-оқытушылар осындай кезде Сіздердің толыққанды және сапалы білім алуыңызға барлық жағдай жасап жатыр. Екінші жақтан, университет профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің барлығына толық жалақысын төлеуде. Сол себепті жоспарланған жалақы мен салықтар, басқа да төлемдерді жасау үшін оған сәйкес кіріс те болуы керек. Осы мәселелерді толығымен санау қажет болады. Қабылданған шешім Сіздерге хабарланатын болады. Рахмет!

22-03-2020 18-04-20   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1935
Сәлеметсіз бе?! Сізден сұрайын дегенім, колледжден кейін 1курс студентімін, енді осы 1ші курсты аяқтап жазда дистанционныйға ауысуға болама?! Ол кезде грантың ақшасын төлеймін бе әлде төлемеймін бе? Нақты жауа жазсаңыз?!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Иә, Сіз қашықтықтан оқуға ауыса аласыз. Бірақ ауысу кезінде грант сақталынбайды. Қазақстан Республикасының  заңнамасында грант бойынша оқудың бір жылы үшін ақшаны қайтару көзделмеген.

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68.Рахмет!

20-03-2020 23-36-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1934
Cаламатсыз ба, қазір елде болып жатқан карантинге байланысты, дистанционды оқып жатырмыз. Бірақ та көп мұғалімдер ватсап,Zoom, вебинар деп айтып жатқан ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істей алмайды. Соны бізден (студенттерден) қалай жұмыс істейтінін сұрап, бізден талап етеді. Неліктен? Біз оған міндеттіміз бе? Көп мұғалімдер білмесе, университет неге алдымен мұғалімдерді дайындамайды?
Және ауыл-аймақта тұратын студенттерде сеть нашар ұстайды, сабақ уақытында толықтай қатыса алмайды. Мұндай жағдайларда студенттерді қалай оқыта аласыздар?
Ответ:

Құрметті студент! Әлемде және елімізде жұқпалы коронавирусқа қатысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты Университетіміз 2020 жылы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшірілді. Қазіргі таңда оқытушылар мен білім алушылардың арасында қашықтықтан оқыту жүйесін қалыптастыру және дамыту мақсатында 2020 жылдың 26 наурыз - 4 сәуір аралығында арнайы онлайн-вебинарлар өткізілуде.
Сондай-ақ студенттердің қал-жағдайын, өтініш-тілектерін, арыз-шағымдарын білу  мақсатында студенттер штабы ашылып, Call-орталық қызметкерлері жұмыс жасайтын болады. Оқу үдерісіне қатысты мәселелер, интернет желісі және т.б. сұрақтар туындаған жағдайда хабарлассаңыз болады. Университет тарапынан оқытушылар мен студенттерге мүмкіндігінше жағдай жасаймыз. Бос уақыттарыңызда кітап оқып, тегін білім беру ресустарын қолдану арқылы білімдеріңізді шыңдауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін!

18-03-2020 15-23-19   От студента

Автор вопроса: Ануарбеков Акылбек Асылбекович

Вопрос № 1933
Мен ӨМСИ-ның екінші курсында дизайн факультетінің архитектура жəне дизайн мамандығында оқимын.Жақында мен оқытушы тарапынан əділетсіз бағалауға тап болдым, Бізге Сəулет тарихи,Сəулеттік дизайн обьектілерін жобалау , Сəулеттік дизайн элементтері мен процестерін жобалау пəндерінен беретін ұстаз Əкімбек Ағай маған əділетсіз баға қойды яғни 30,30,20, балл үш пəннен бұның бәрі менің білімсіздігім немесе біліксіздігімнен емес. Барлығына себеб менің ағайдың Сəулет тарихы сабағында Алғаш Астрономиялық обсерватория Арабтарда емес , Өзбекстанда ашылғандығы туралы Ұлықбек обсерваториясы туралы айтуым себеб. Жəне Мысырдағы Кордова халифатындағы архитектуралық ескерткіштерді араб мәдениеті емес, Ислам мәдениеті деп айтуымыз керек деп ұстазға айтуым себеб болды. Себебі Мысырда қаншама ғасыр бойы Түркі селжұқтары басқарды, Кордова халифатын Маврлар қара нәсілді мұсылмандар басқарды Кордова көп ұлтты Ислам мемлекеті еді. Осылай менің ағаймен келіспеушілігімді білдіруім арты ұзақ дауға алып барды сабақтан кейін мені алып қалып отырды. Бұл заңды ма бірінші сұрақ? Жəне сабақ үстінде сабақтан шық деп студентті сабақтан қуу заңды ма ? ЖƏНЕ КЕЛЕСІ МЕНІҢ САБАҒЫМА КЕЛУШІ БОЛМА ДЕП сабақтан шеттету заңды ма ? Жəне Мұғалім студентке ренжігені үшін осындай əділетсіз бағалауға бола ма ? Міне осы үш сұраққа жауап беруіңізді сұраймын, жəне менің бағамды проходной қойып берсе де алғысым шексіз болушы еді. Егер бұл мәселе шешілмесе мені отчислениеге жіберуіңізді сұраймын кредиттерді төлеуге қаражат жоқ. Көп балалы жанұяда тұрамыз ...
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылды.

Аталған мәселе бойынша «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Ә.М. Мұхадиевтен түсініктеме алынды. Бұл мәселе бойынша институт директоры Сізге толық жауап береді.

17-03-2020 14-14-59   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1932
Здравствуйте,многоуважаемый Такир Оспанович! Я являюсь родительницой вашего студента. Вы знаете,что в нашу страну ввели Чрезвычайное положение. Мой ребенок лежит с общежитии КБТУ. Так как мы живем в западной части Казахстана, билеты мы нашли билеты,но она уедет после 20 марта. На самолет у нее фобия. И в это общежитие каждый день,именно после 22:00 проверяет ваш сотрудник-Азамат(Очество дочка не знает). Мы с ней с 14 числа под вечер общаемся по скайпу(видеозвонок). У меня теперь вопрос: ребенку 19 лет,одна в комнате и время 22:00. В первый же день проверки она открыла дверь и при мне (я по скайпу) ответила,что уедет после 20-го,он записал и ушел. Второй день,тоже самое,до него проверяет девочка какая-та,после,спустя 30-45 минут приходит он и прямо сильным стуком стучит в дверь комнаты,где проживает мой ребенок,заметьте она одна в комнате,рядом девочка уехала еще 14го числа. Так уже продолжается по сей день. Я понимаю,возможно это его работа,но можно же все это проверить до 21:00. Он ходит до самой ночи,23:00 по коридору,тем самым тревожит и стучит по несколько раз. Я думаю,что это неправильно. Мы итак сидим всей семьей и беспокоимся за нее. Все мои дети являются выпускниками вашего ВУЗа. Прошу Вас принять меры в отношении гражданина Азамат,чтобы он больше не тревожил моего ребенка после 21:00, или же мне придется обратиться в Министерство. Буду рада,если вы мне ответите,так как я пишу уже второй раз. Благодарю!
Ответ:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Среди сотрудников, ответственных за порядок в общежитиях, проведены разъяснительные работы. Я понимаю Вашу обеспокоенность, но хочу подчеркнуть, что в такое тяжелое время ответственность за каждого студента и порядок, возрастает многократно. Прошу отнестись с пониманием.

 

17-03-2020 09-52-35   Другие

Автор вопроса: в

Вопрос № 1931
Құрметті Ректор мырза! Біз сіздін таза,адал адам екеніңізге сенеміз.
Бірақ маңайыңыздағылар сізге білдірмей жемқорлық арекеттерге барып жүргендері масқара.
Жатақхана, корпус коменданты болу үшін 1,500-3000 мың аралығында АҚШ долларын бергендіктері белгілі. Оған приказ шығарып, қол қойған сіздіңде қатысы бар деп ойлайды.Даже еден жуушылық қызметтің де өзінің ставкасы бар. АХЧ жақта былық.Сондықтан Балықбаев болып келіп, Былықбаев болып кетіп жүрмесеңіздер екен.
Ответ:

Cәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Аталған мәселе бойынша тексеріс жүргізіледі. Пара алу фактісіне байланысты дәлеліңізді rector_blog@kaznpu.kz поштасына жолдауыңызды сұраймын.

16-03-2020 09-41-08   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1930
Салеметсізбе, Тахир Оспанович! Сізге өтініш ретінде жазып отырмын. Біздің университетте 9айлық,2жасар балалары бар жас аналар жұмыс жасайды. Коронавирус басталғалы балаларды бақшаға апаруға қорқамыз. Себебі бәріміздің бақшамыз уйдің жанында емес, автобуспен апаратындарда бар. Балалардың денсаулығы алаңдатады. Сізден улкен өтінішіміз, жас баласы бар аналар ВИРУС БАСЫЛҒАНҒА дейін дистанционно уйлерiНде отырып, сабақ жургізсе деген.Ия, мемлекет тарапынан бала бақша жабылсын деген бұйырық жоқ, бірақ біздің өміріміз бен денсаулығымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Сіздің жауабыңызды кутеміз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Елімізде орын алған жұқпалы коронавирустан сақтану, оны алдын-алу біздің университет ұжымының да басты міндеті болып табылады. Сондықтан карантин кезінде білім алушылар үйлеріне қайтарылып, қашықтықтан білім алу жүйесіне көшіріледі. Оқу орнымыздың профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істейтін болады.

15-03-2020 18-42-48   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1929
Уважаемый Такир Оспанович!
Просим рассмотреть вопрос о правомерности работы сотрудника - инспектора Департамента международного сотрудничества Исалиевой Сауле Темировны в КазНПУ имени Абая, работающая с иностранными студентами и иностранными гостями университета, позволяющей себе непристойные выражения,грубости, нецензурные выражения со всеми и везде. Мы очень обрадовались, когда она отправила всему коллективу университета письмо о своём увольнении 31 декабря 2019 года, но она до сих пор работает в КазНПУ. И так далее...Исалиева С.Т. является докторантом, почему оазрешают такому сотруднику до сих пор работать в Высшем учебном заведении? Просим Вас разобраться с ситуацией, которая не раз ставилась на Ваше усмотрение. Если ситуация не решаема, дальнейшее обращение иностранных граждан будет в Министерство образования и науки Республики Казахстан.Вузы Казахстана работают над увеличением численности иностранных студентов, КазНПУ потерял огромное количество иностранцев за время работы Исалиевой СТ.
Письмо Исалиевой С.Т. вышлем Вам на электронную почту.



Ответ:

Здравствуйте. Ваше письмо рассмотрено, но изложенные в нем аргументы не позволяют дать конкретный ответ. Нужны факты. Что касается C.Исалиевой, то ранее подобные заявления нам уже поступали. Не откладывая, мы провели общее собрание со студентами и сотрудниками, где были высказаны совершенно противоположные мнения о данном сотруднике.

Поэтому я предлагаю Вам лично прийти на прием ко мне и изложить свои доводы, привести в доказательство, если они у Вас есть, новые факты. Только после этого мы дополнительно изучим вопрос и примем меры. Спасибо.

15-03-2020 17-30-06   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1928
Сәлеметсіз бе!Неге институттарда санитарлық тазартқыштар мен басқа да қорғаныс құралдары жоқ???
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызға қарасты барлық корпустар мен жатақханалар дезинфекциялық сұйықтықпен толтырылған санитайзерлер, сұйық сабыны бар дозаторлармен қамтамасыз етілген. Күніне екі рет барлық корпустардың  есіктернің тұтқалары, баспалдақтың сүйеніштері  санитарлық өңдеуден өткізіледі. Әрбір корпустың меңгерушілерінде кезекші журналы бар, онда техникалық қызметкерлер орындаған жұмыстар жазылады. Карантин кезінде тиісті шаралардың уақытылы жүргізілуі басшылық тарапынан қадағаланады. Рахмет!

14-03-2020 12-55-32   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1927
Сәлеметсізбе!оқу ақысын төйлеп оқудан шығарылып жатқан тіпті ректорлық грантта оқып жүрген студенттердің универ жүйесіне енбей қалуына не себеп.Менің айтар шағымым деканатта отыратын апайлар өз
Жұмыстарын дұрыс атқармауда.Біз барып рубежка басталмай қолына чекті ұстатып тұрсақ,оқудан шығарылғансың деп чекті қабылдамайды.Ал сәрсенбі күні бір студентті базаға енгізіп бергенін қалай түсінуге болады.Универ жүйесіне енгізу үшін сонда біз чек емес орнына пара алып барып беруіміз қажет пе?Әлде бізде таныс тауып сонымен жұмыс жасау қажетпіз бе?недеген әділетсіздік?дене шынықтыру және спорт мамандығы.Әділдік орын алады деген ниетпен.18студентті қайта оқуға қабылдауыңызды сұраймын.Өте жақсы оқитын,спортта жүргендер де зардап шегуде.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселе тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Рахмет!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  123  124  125  126  127 128  129  130  131  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений