Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
17-04-2020 01-53-35   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1991
4-курсқа көшу үшін gps қанша болу керек.Дистансионный обучение деген бөлімде аты жөніміз де қате кеткен.
Ответ:

Құрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. 3-ші курстан 4-ші курсқа өту үшін қажетті GPA – 2,2. Аты-жөніңіз бойынша нақты қандай қателік орын алғанын атап көрсетсеңіз немесе өз эдвайзеріңізге, институт директоратыңызға хабарласып, мәселеңізді шеше аласыз.

16-04-2020 21-42-16   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1990
Агай салеметсиз бе сизге отинишим бар еди казирги жагдайга байланысты окудын акшасына скидка жасай аласыз ба Жагдайга байланысты казир жумыс истеп журген жокпын ата анамда уйде карантинге байланысты
Ответ:

Құрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.

Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, шешім қабылдайтын болады.

16-04-2020 21-24-12   От студента

Автор вопроса: Турганбекова Алима

Вопрос № 1989
Курметты Такир Оспанулы сизге отыныш жазу себеьым осы болып жаткан тотенше жагдайга байланысты Оку акысысына женылдык жасауынызды сураймын. Озим коп балалы отбасыданмын жанеде Анам гана болгандыктан жумыссыз калгандыктан казыр ешкандай табыс козысыз отырмыз сол себепты Отинип сураймыни Женылдык беруынызды. Отыныш берушы Турганбекова Алима 2-курс Онер жане Мадениет институты Графика мамандыгы
Ответ:

Құрметті студент! Егер еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты әлеуметтік жағдайыңыз расымен тым қиын болса, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына өтініш жаза аласыз. Арнайы комиссия әрбір өтінішті жеке-жеке қарастырып, оқу төлемақысын төлеу уақытын созу бойынша шешім қабылдап, тек осылай көмек көрсете аламыз.

16-04-2020 17-44-00   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1988
Сәлеметсіз бе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Қанапия Дана Алимбердіқызы "Дене шынықтыру және спорт"мамандығының 2курс 3топ студентімін.Мен оқу ақысын кешіктіріп төйлеген едім.Иә мен оны төйлеуден ешқашан қашпаймын.Өзіңіз білетіндей отбасылық жағдай дейтін болады.Мен отбасылық жағдайыма байланысты оқу ақысын кешіктіріп төйлеген едім,өзіңіз ойлап қарасаңыз ешкім дүниеге келе салысымен ақшаның ортасында өмір сүрмейді ғой.Мен оқуда озат,әрі корпусымызда болатын әрбір концерттік бағдарламалар,жарыстар,оқу семинарларының басы-қасында жүріп,сабағымнан осы күнге дейін бір күнге де қалып көрмеген,әрі әр сабақтан балымды жоғары алып,әр сессия мен рубежкамды жақсы бағаға тапсырып,ұлағатты ұстаздарымның берген тапсырмаларын бұлжытпай отындап жүрген студенттердің бірі едім.Қаражат табыла салысымен оқу ақысын бара салып төйлеп,чегімді қолыма алып буғалтерияға барып едім,менің сағым сол жерде сынғандай болды.Маған: "сен оқудан шықтың",-деген сөзді естудің өзі мен үшін өте ауыр соқты.Тіпті өмірден түңіліп кеттім десемде болады.Сізге тікелей бармақшы едім,бірақ сізді ауруханада деген еді.Мен оқып жүрген корпуста тек мені ғана емес,менен басқа да 17студент бар екен.Менің чегімді қабыл алмай,менен кейін барған баланы алып,универ жүйесіне тіркегенде,оқу орнымызда әділетсіздіктің бар екенін көргенімде,көңілім қатты қалды.Осы күнге дейін,жақсы оқып грантқа тырысып жүргенім бекерге қалдыма деп бір налып алдым.Сіз универімізде білімді жастардың оқығанын және сол арқылы универіміздің танылғанын қалайсыз солай емес пе?!Мен сол білімді жастардың бірі едім.Мен қатты налимын.Иә,оқу ақысын төйлеуге кешіккенім рас,бірақ мен оны өзім әдейі істегенім жоққой.Алланың бұйырғаны сол болды.Мен сізден өтініп сұрайтыным менің жағдайымды және де басқа да оқудан шығып кеткен ректор грантында,оқу ақысының 20%да төйлеген,бірақ оқудан шығарылған балалардың да мәселесін баса назарға алсаңыз деймін.Оқудан шыққанымызды біз шыны керек білмедік.Деканаттағылар тіпті оқудан шығарылғандардың тізімін меңгерушімізге жібермегенде.Мен сізге сенемін!Алла разы болсын!
Ответ:

Құрметті студент! Әр оқу жылының төлемақысы келісім-шартқа сәйкес көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей сол оқу жылы аяқталғанша төленіп бітуі тиіс. Білім алушының оқу төлемақысы бойынша қаржылай қарызы бар болса, университет білім алушыны қаржылай қарызы үшін оқудан шығаруға құқылы.

Сіздің шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде институт директораты мен эдвайзер тарапынан Cізге хабарланғандығы анықталды. Нақты жауап Сізге хабарланады.Рахмет!

16-04-2020 17-12-25   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1987
Cәлеметсізбе!Мен 100 проценттік жеңілдікпен оқып жатырмын қазіргі таңда.Менің 1-ші семестрдегі GPA балым 3,73.Бірақ 1 сабағымнан қорытынды балым 89 болып қалды.2-ші семестрде бәрі 90+ болса жеңілдік жалғаса ма?
Ответ:

Құрметті студент! Сіз оқу төлемақысына жеңілдікті қандай категориямен алдыңыз? Егер «Алтын белгі» жеңілдігімен оқып жатқан білім алушы болсаңыз, қорытынды бағаларыңыз тек қана «өте жақсы» деген бағада (А, А+) болса ғана жеңілдік келесі оқу жылында да беріледі. Ал, құжаттарыңызды тапсыра отырып, әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік алсаңыз, ол тек ағымдағы оқу жылына қарастырылады. Келесі оқу жылында да дәл солай жеңілдік алғыңыз келсе, әлеуметтік жағдайыңызды көрсете отырып және растайтын құжаттарды тіркеп, университет ректорының атына қайта өтініш жаза аласыз.

16-04-2020 16-17-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1986
Добрый день ув.Такир Оспанович!Хотелось бы выразить свою благодарность кафедре Специальной педагогике. Мы, магистранты 1 курса, хотели высказать свое мнение о дистанционной форме обучения, в режиме онлайн.
Мы вместе с преподавателями кафедры специального образования активно включились в онлайн обучение, освоили различные программы и платформы взаимодействия с преподавателем и сокурсниками. Было трудно, но интересно, каждый преподаватель кафедры оказывал поддержку, помощь и в учебное и во вне учебное время, занимаемся мы строго по расписанию.
Лекционные и семинарские занятия проходят на онлайн платформах Skype и ZOOM, надо отметить, что обратная связь «педагог - магистрант» очень активна и содержательна. Сохраненные записи видео-лекций и вебинаров позволяют эффективнее выполнять СРМ.
Мы поддерживаем связь, даже во вне учебное время по WhatsApp; любые интересующие вопросы мы разбираем в чате. СРМ выполняем через систему UNIVER, а так же отправляем на личную электронную почту преподавателей. Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! Спасибо за приятный отзыв. В трудную минуту мы должны поддерживать друг друга. Преподаватели и руководство университета делают все для удобства обучающихся.

16-04-2020 15-58-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1985
Летоға қалған студенттер қарызын кай кезде толеймиз және буныда онлайн түрде оқимыз ба?
Ответ:

Құрметті білім алушы! Қосымша жазғы семестр қашықтан (онлайн түрде) өткізіледі. Қосымша жазғы семестрдің өткізілу уақыты, тіркеу және төлем туралы ақпараттар алдын-ала институт директораттары арқылы хабарланады. Сонымен қатар қосымша жазғы семестрге қатысты ақпараттар «Univer» жүйесінің және университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде алдын-ала жарияланады. Рахмет!

16-04-2020 15-28-37   От студента

Автор вопроса: Кенжебай Анель Омаркызы

Вопрос № 1984
Салеметсизбе Такир Оспановичь. Биз тарих жане кукык институтынын 4 курс студенттери. Биз сизди адал жане ардайым студенттерди колдайтын , студенттердын жагдайына карайтын Ректор ретынде танимыз. Быз осы 4 жыл бойы 4 курс студенттерынын кыскы доп семестр тапсырып жургендерын корып келе жатырмыз. Неге быиыл кыскы доп семестр ашылмайды, бул жагдай неге бызге 4 Курска отпей жатып айтылмады? Неге бызге 1 жылга калатынымыз ескертылмеды. Быз бул жагдайда 4 куска отпеуымыз керек еды. Окуды уйымдастырушылардын кесырынен каншама студент запада шешуде. Козыргы киын жагдай кезынде бизды колдап доп семетрды ашуды сураймыз.
Ответ:

Құрметті студенттер! Қысқы қосымша семестр өткен оқу жылында да ұйымдастырылған жоқ. Ол биыл енгізілген жаңалық емес. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығының 22-тармағына сәйкес, бітіруші курста қосымша жазғы семестрге жол берілмейді.

16-04-2020 14-46-29   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1983
Сәлеметсіз бе?!
Менің сұрағым стипендия жайлы.
Стипендиядан құламас үшін жалпы қанша баллдан асу қажет.
Өтінем толық жауап берсеңіз.
Ответ:

Құрметті студент! Сізге қажетті ақпараттар «Студенттің анықтамалық-нұсқаулығында» толық берілген. Сонымен қатар, оқу үдерісіне қатысты мұндай сұрақтарыңыздың жауабын өз эдвайзеріңізден немесе институт директоратынан да біле аласыз.Рахмет!

15-04-2020 21-43-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1981
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студентімін. Айтқым келген мәселе бізге бүгін xабарлама келді топқа. Ақылы бөлімде оқитын және грантта оқитын студенттер сұраныс xат әкеліп тағы қосымша құжаттар жинап өткізсін деген.Мен ақылы бөлімде оқимын. Бізге мектеп тауып содан сұраныс xат әкелсін деді таппаған жағдайда өзімізде бар сұраныстармен қамтамасыз етеміз дейді. Біріншіден, қазір ТЖ жағдайында отырмыз мәлімет бір аптада жиналсын депті біз қай мектептің барып есігін қағамыз. Екіншіден, мен ақылы бөлімде оқимын, менің оқу бітіргенен кейін басқа жоспарларым бар, магистартурға түсу немесе басқа қалаға кету тсс, сондай жағжайда бізге осы сұраныс xаттар жасалды делік, ертең бізге барғымыз келсе де келмесе де ақылы бөлімде оқи тұра өз еркімізден тыс мектепке барамыз ба, бармаған күннің өзінде бұл құжаттар не үшін жасалып жатыр? мен бұл жағдайды түсіне алмай отырмын. Ақылы бөлімдегі студенттің өз құқығында емес пе оқу бітіріптжұмысқа тұрады ма әлде басқа жоспары бар ма. Бізге дұрыс түсіндірмейді де артынша жина жина деп есімізді шығарады.
Ответ:

Құрметті студент! Жоғары оқу орнында құрылған жұмысқа дербес бөлу жөніндегі арнайы комиссия шешімімен жас мамандар, яғни бітіруші түлектер жұмысқа бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен бекітілген «Мамандарды жұмысқа жіберу» қағидаларында белгіленген. Жеке тұлға ретінде оқуға түсер алдында нормативтік құжаттармен, арнайы заңнамалармен танысып, құқықтық сауатты болу - сіздің міндетіңіз. Алайда университеттің «Мансап»орталығы тарапынан осындай сұрақтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізіліп келеді. Нақтырақ кеңес алғыңыз келсе, «Мансап» орталығымен байланысыңыз. Байланыс тел.: +7 778 908 1733, opit_kaznpu@mail.ru . Рахмет!

15-04-2020 18-35-59   Другие

Автор вопроса: Хайруллина Айгуль Болатовна

Вопрос № 1980
Құрметті Абай ат.ҚҰПУ ұжымы!

Бүгінгі, 15.04.2020 ж. Жаратылыстану және география институтының Биология кафедрасының "Биология пәндері бойынша қашықтықтан оқыту үдерісін жоспарлау және бағалау" тақырыбында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-әдістемелік вебинар жұмысына қатысушы ретінде алғысымды білдіремін.
Қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту бойынша кафедра ұжымының қарастырған тақырыбы тек ЖОО студенттеріне ғана емес, жалпы педагогикалық қоғамдастық үшін де маңызды болып табылады. Өйткені педагогтер білім алушыларды қашықтықтан және онлайн режимінде қолдау мақсатында әртүрлі платформаларды белсенді пайдалануда. Алдағы уақытта да еліміздің беделді ЖОО бірі ретінде білім алушылар мен педагогтерді қолдау бағытындағы жұмыстарыңызбен бөліседі деп сенемін. Еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» кафедра меңгерушісі, орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Биология және жаратылыстану" пәндері бойынша тренер Хайруллина Айгуль Болатовна
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жолдаған пікіріңіз үшін рахмет. Университет ұжымының атынан алғысымызды білдіріп, еңбек жолында мол табыс тілейміз!

15-04-2020 18-01-57   Другие

Автор вопроса: Танатарова Пердегул Бексуиновна

Вопрос № 1979
Бүгінгі өткен "Биология пәндері бойынша қашықтықтан оқыту үдерісінжоспарлау және бағалау тақырыбындағы"вебинарға қатыстым. Вебинардан өзіме пайдалы көп мағлұмат алдым. Ұйымдастырушыларға, ондағы өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге алғысымды айтамын.Еңбектеріңіз жана берсін!Шығармашылық табыстар тілеймін!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Кері байланыс орнатқаныңызға рахмет! Елімізде орын алып отырған қазіргі жағдайға байланысты профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына көмегіміз тисе, әлбетте еңбегіміздің зая кетпегені.

15-04-2020 16-02-32   От студента

Автор вопроса: Ануарбек Мади

Вопрос № 1978

Құрметті Такир Оспанұлы !
Мен биылғы бітіруші докторантпын. Біздің өткен наурыз айына жоспарланған шетелдік тәжірибе сапарымыз бар еді. Алайда қазіргі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты бара алмадық. Байқағанымыздай, қазіргі жағдайға байланысты көптеген мемлекеттік мекемелер жоспарланған іс-сапарларды кейінге қалдыруға жағдай жасап жатыр. Университетіміздің «Халықаралық байланыс» бөлімінде 3-курс доктаранттарына тек маусым айына дейін бара алатынымызды айтқан. Егер маусым айына дейін карантинге байланысты рұқсат берілмесе, келесі айларда қыркүйек айына дейін баруға мүмкіндік бере аласыз ба?
Ответ:

Құрметті докторант! Әлемде және елімізде коронавирустық инфекцияға қатысты төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.02.2020 ж. №16-4/375 және 04.03.2020 ж. №16-4/388 хаттары негізінде академиялық ұтқырлық және басқа да бағдарламалар аясында білім алушылар мен оқытушыларды шет елдерге жіберу, сондай-ақ, шетелдік білім алушыларды, шетелдік оқытушылар мен менеджерлерді қабылдау тоқтатылды.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдайды болжау мүмкін болмай отырғандықтан, ғылыми тағылымдамадан қай мерзімде өтуге болатынын нақты айту да қиын. Өздеріңіз білетіндей, елдегі және әлемдегі төтенше жағдай ұзартылды, тиісінше - біздің шетелдік әріптес жоғары оқу орындары да карантин режимін сақтайды.

Егер КВИ бойынша әлемдегі ахуал үстіміздегі оқу жылы аяқталғанға дейін өзгермесе, форс-мажорлық жағдайға байланысты амалсыздан төмендегідей шешім қабылдануы мүмкін:

1.бетпе-бет тағылымдамадан өтпей-ақ докторантура бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі;

2.шетелдік жетекшімен кеңесе отырып, қашықтан тағылымдамадан өту, сонымен қатар, әлемдік кітапханалардың интернет қорларымен жұмыс жасау арқылы.

15-04-2020 13-19-13   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1976
Сәлеметсіз бе ректор мырза. Қазіргі жағдайға байланысты үйде оқып жатырмыз. Бірақ бізде сеть нашар. Мен тапсырмаларды жіберу үшін аптасына 1 рет аудан орталығына барамын. Бірақ кейбір мұғалімдер бейнеқоңырау байланысына шықпаған студентке ешқандай балл қоймаймыз деп отыр. Бұл дұрыс па? Қазіргі таңда бізге қолдауларыңыз керек қой. Бұлай қысым көрсететіндеріңіз бар болса қауіпке қарамай университет қабырғасында оқиық. Шешіп бересіз деген ойдамыз. Егер сізден дұрыс жауап ала алмасақ ата-анамызбен ҚР Білім басқармасына шағымданамыз. Қысым көрсету дәл осы жағдайда өте ұят. Бізде карантин мен ауданға әрең барып келемін тексерістен. Өтінем жауап берсеңіз
Ответ:

Құрметті студент! Сіздің хатыңыздан университет тарапынан қандай да бір қысым көріп жатқаныңызға көз жеткізе алмадық. Қысым көрсету фактілері орын алса, ашып жазсаңыз. Екінші сұрағыңыз бойынша, оқытушы қандай себептермен төмен балл (баға) қоюда, атап көрсетсеңіз. Қазіргі таңда оқу үдерісі қашықтан (онлайн түрде) жүргізіліп жатқандықтан, барлық білім алушылар сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытылы орындап, баға алып, балл жинақтаулары тиіс.

Ал, сабақ оқуыңызға, әсіресе байланыс құрылғыларына қатысты қиындықтарыңыз болса, барлығы аяқталғанда емес, басынан университетке, яғни өзіңіздің эдвайзеріңізге, институт директоратына жағдайыңызды ашып көрсетіп, бізге өтініш білдіруіңіз қажет еді. Бізге өтініш білдірген барлық білім алушыларымыздың мәселелерін шешіп, барынша жағдай жасаудамыз. Ал, бізге өз жағдайыңызды ескертпей, қандай да бір шағым айтуыңыз, білім алушы ретінде орынсыз деп білеміз.

14-04-2020 15-20-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1975
Сәлеметсіздерме? 2 курс магистранты едім.Осы жылы біздің емтихандарымызды алып тастады деген распа?.2 курс магистранттары үшін тек диссертация ғана қалама.Ешқандай мемлекеттік емтихан жоқпа?
Ответ:

Құрметті магистрант! Сіздерде қорытынды аттестаттау тек диссертациялық жұмысты (жобаны) қорғаудан тұрады. Төтенше жағдайға байланысты өткізу ережелері институт директораты тарапынан хабарланатын болады. Рахмет!

14-04-2020 15-02-08   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1974
Уважаемый Такир Оспанович! Я студентка 1курса, отделения ПиП. В связи со сложившейся ситуацией в стране и с тем что от нас требуют сдачи тестирования, с компьютером и с веб камерой. Как быть студентам у которых нет условий для сдачи тестирования? Во первых у меня ни у родственников, ни у знакомых нету компьютера или же ноутбука. Они все живут в области. Во вторых у меня проблемы со здоровьем, у меня бронхит и я в зоне риска. Я не могу ходить по школам и акиматам в поисках компьютера.(здоровье не позволяет)Что можно предпринять в данном случае? Я прошу от вас помощи.
Ответ:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Рассмотрим. О принятом решении Вам  обязательно сообщим. Спасибо!

14-04-2020 14-47-22   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1973
Уважаемый ректор, я слышала, что в этом году отменили гос экзамены для докторантов. Так ли это?
Ответ:

Здравствуйте! Итоговая аттестация у вас состоится из защиты только диссертационной работы (проекта). Правила и сроки ее проведения в связи с ЧС будут сообщены директоратом института. Спасибо!

13-04-2020 22-00-32   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1972
Сәлеметсіз бе? Мен КАЗНПУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒА түскім келеді.
Тарих пәні мугалимі болу ушин кандай пәндер тапсыру кажет?
Грант неше балдан басталады?
Ответ:

Құрметті талапкер! Университетіміздің білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері мен жеңілдіктері туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Оқуға тапсыру бойынша толық ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68, e-mail: nurmahan_67@mail.ru. Рахмет!

13-04-2020 21-56-24   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1971
Мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студентімін. Кәзіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты, қашықтықта оқып жатырмыз, әрине өте өкінішті. Мен қәзіргі таңда қашықтықтан алып жатқан біліміме мүлдем көңілім толмайды !Неге деп ойласаныз:быз zoom,whatsapp ,почта желілерын енді пайдаланып бейымделіп жатырмыз,енді дегенде бейімделгенде бызге тағы бір жуйе аркылы оқисыңдар дейды,быз ол жуйеге кырып көрдік бірақ еш нәрсе түсінгеніміз жоқ!Сабақ уакытысында сеть устамай немесе желі лақтырып жатады.Менің үйімде вай-фай , интернет бәрі бар ,бірақ желіде көп адам отырғандықтан оның озіде дұрыс жұмыс жасамайды. Быз лекцияны zoom программасы аркылы тыңдаймыз,әрине кашыктыктан тындаган мен аудиторияда тындаганнын арасы жермен көктей. Апайымыздың айтқаны ажырап -ажырап жетеды.Семинар сабактарына келетін болсақ whatsapp арқылы айтамыз ,ол кезде де желі үзіліп кетеды. Быздын жіберген тапсырмаларымыз быр -бырымыздыкіне ұқсамайды ,бәріміздің қазіргі таңда пайдаланып жаткан желіміз ол гугл ,яғни біз кітапханаға бара алмаймыз.Енды айтатыным бызге сессияны онлайын түрде тапсырасындар ,желіден шыгып кетсе, интернет устамай калса оздерыннен коресындер дейды. Менын онлайын турде тапсыруга веб камерам жок ,оны алу ушын Алматыга бару керек окынышке орай Алматыға жол жабық! Менің тұрып жатқан жерымде жел жиі соғады, свет ошеды.Менын жагдайым баска студенттердын бергы жағы.Қалған студенттердын жағдайы меныкынен мың есе көп.Біз біргеміз демекшы, каншама студент осы сессияны тапсыра алмай калуы мүмкун , уйынен шықпай отырған адамдар сессиядан кулап ,депрессияга ұшырап ,өз -өзіне қол жұмсауы мүмкун.Қазіргі таңда жастардын өз -өзіне қол жұмсауының бірден бір себебі ол оқуға байланысты. Сол себепты бызгеде түсіністікпен қарауынызды сұраймын!
Ответ:

Құрметті студент! Оқу орнымызда қашықтан оқытуды енгізгенде және сессияға дайындық кезінде әрбір студенттің жағдайын зерттедік. Біздің студенттердің 65 пайыздан астамы компьютер, ноутбуктерді пайдаланып, толыққанды Интернет ауқымында білім алды. Ал 32 пайыздан астам студенттер смартфондары арқылы оқуда және сессияны тапсыра алады. Қалған студенттер де әртүрлі жолдармен оқып жатыр және сессияны тапсыруды шешуде.

Төтенше жағдайға байланысты сессияны тоқтату туралы өтініштер көп болып жатқандықтан, біз емтихан тапсыру мәселесін тағы да талқылап қарастыруды жөн көрдік. Бұл мәселені университеттің Ғылыми кеңесінде 2020 жылы 24 сәуірде талқылап, шешім қабылдаймыз.Рахмет!

13-04-2020 21-55-30   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1970
Мен,ҚазҰПУ 2 курс студентімін.Қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты қашықтықтан оқып жатырмын,әрине қиын.Себебін жаза кететін болсам
1 шіден біз сабақта Zoom программасының өзіне әзер кіреміз,ал сондай жағдайда біз сессия тапсыруымыз керек.Сессия күнделікті сабақтар сиякты өтетін оңай зат емес.Мен Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында тұрып жатқаннын өзінде бізде сеть жиі жиі ұстамай қалады.Сабақтың тапсырмаларын түнде орындаймын сеть устаған кезде.Және мен сессия тапсыратын кезде ауа райы қандай болатыны белгізіс егер де жел соғып дауыл тұрса қаламызда свет өшіп қалады.Және ноут және веб камера болуы керек деп жатыр.Менде ноут бар,бірақ веб камера жоқ.Оны алатын қаламызда жер де жоқ.Карантинға байланысты барлық жерлер жабық.Және сессия тапсырып жатқан кезде сеть устамай қалса ол менің де сіздердің де кінәларыңыз емес бірақ маған сол сессияны қайта тапсыруға тура келеді.Және біздің кафедрада бір уақытта сессия тапсыратын бала көп,ал біздің мемлекетте қазіргі жағдайларға байланысты сайт бір уақытта барлық баланы ұстамай шығарып жіберуі мүмкін,бұндай жағдайда да біз бір тестті екінші мәрте тапсыруымыз қажет болады.Әр мәселенің шешімі бар.Біздің мәселемізге түсінікпен қарауыңызды өтінеміз.
Ответ:

Құрметті студент! Қазіргі таңда оқу үдерісі қашықтан (онлайн түрде) жүргізіліп жатқандықтан, барлық білім алушылар сабақтарға толық қатысып, тапсырмаларды уақытылы орындап, баға алып, балл жинақтаулары тиіс. Ал, сабақ оқуыңызға, әсіресе байланыс құрылғыларына қатысты қиындықтарыңыз болса, барлығы аяқталғанда емес, басынан университетке, яғни өзіңіздің эдвайзеріңізге, институт директоратына жағдайыңызды ашып көрсетіп, бізге өтініш білдіруіңіз қажет еді. Өтініш білдірген барлық білім алушыларымыздың мәселелерін шешіп, барынша жағдай жасаудамыз. 

Емтихан тапсыру мәселесіне келетін болсақ, Ғылыми кеңесте талқылап, шешім қабылдаймыз. Қабылданған шешім міндетті түрде хабарланады. Рахмет!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  121  122  123  124  125 126  127  128  129  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений