Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
21-11-2022 18-37-51   From students

Author: Anonymous

Question # 6724
Сәлеметсіз бе! Стипендия қашан түседі? Әр айдың 20сы түсуші еді ғой
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қарашаға дейін беріледі. 

19-11-2022 16-53-55   Other

Author: Қызметкер

Question # 6723

Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы! Сізден сұрайын дегенім, неге соңғы жылдары біздің университетімізде бюрократия күшейіп барады?​ Айлықты көтергендеріңізге рақмет, бірақ, қит етсе​ "айлыққа әсер етеді", "табель кезінде есептейміз", "түсініктеме жазуға тура келеді", "рапорт жазылады" деген​ ескертулер көбейіп кетті Уотсаптағы чаттарды ашуға қорқатын болдық әуелі. Тексеру, толассыз қызметтік хаттар, ескертулер.​ Әлде басшылық ПОҚ құрамы шалқадан түсіп, демалып жүр деп ойлай ма?Біз әр алған тиынды маңдай термен ақтап отырмыз: оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, мектеппен байланыс,  мерекелік іс-шаралар, қоғамдық жұмыстарымыз бар. Одан қала берсе, ата-аналармен жұмыс жасаймыз,​ ​ әр студенттің капризын көтереміз. Оқу ақысын төлейтін кезде, сессия, аралық бақылау кезінде​ ата-аналардың сұрағы көбейеді, бәрімен сабырмен жұмыс жасаймыз. Неше түрлі ата-ана, студент бар,​ ​ эмоцияларын​ жасырмайды, жоғары тонда сөйлейтіндері бар. Бәрі жүйке-жүйемізге әсер етеді. Демалыс күндері, мейрам күндері де жұмыстың қағаздарымен отырамыз.   Мектепте практиканттарды қараймыз, бәріне жазбаша есеп береміз.​ Ертең сессия басталса, 24 сағат чаттарға тыныштық жоқ, сағат сайын эдвайзерлер есеп береміз.​ Әр студенттің проблемасын бізден сұрайды, екі алса да, ұрсады, телефонға түн жарымға дейін тыныштық жоқ. Бір қате кетсе, чатқа оқытушының аты-жөнін жазып, ұрсып та жатады. Ол деген үлкен стресс қандай адамға болса да. Ешбір ПОҚ құрамы бос жүрген жоқ.​ ​

Исакова К.Т.​ деген кісі біздің ұжымға келгелі  жаңалық бітпейтін болды.  Бір емес бірнеше рет үстінен шағым түсіпті, өзіңіздің блогыңыздан оқыдық. Келгеніне бір жылдан енді асыпты.​ Неге ол кісіге шара қолданбайды? Неге ол кісі орнында отыр?​ Жазылған шағымдарды блогыңыздан оқып, таң қалдық. Неге қарапайым оқытушыларға ғана шара қолданады, түсініктеме жазғызады?​
Ол кісі педагог емес, университетінің ішкі саясатына неге жиі​ араласады?  Бізде өз жұмысымызды,​ құқығымызды білеміз.​ Қажет​ жағдайда біз де жоғарғы білім министрлігінен көмек сұраймыз.
Бар​ сұрарымыз:​ стрессіз жұмыс істеуге мүмкіндік жасасаңыздар.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.​
 
Мәселен, өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.​
 
Бұдан басқа, Сіздің өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмегенін хабарлаймыз: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, келіп түскен өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.​
 
Алайда, Сіздің өтінішіңізде өтініштің мәні көрсетілмеген және құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалар туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса беруіңізді сұраймыз.
18-11-2022 20-04-03   From students

Author: Anonymous

Question # 6722
Здраствуйте, Дархан Билялов. Я студентка 4 курса, пишу по поводу нашего обучение. Нас без нашего согласия переводите на оффлайн обучение, как тем временем у других студентов спрашивают у них же разрешения. Наше слова пустой звон? 2 недели обучение оффлайн, будет сложным для нас так как, не живу в Алматы и по поводу квартиры также нет, средства для снятия квартира тоже нет. Так как я еще студент, не работаю, потому что студентам не позволено работать. Но каким образом мне выжить в Алматы без средств и без квартиры. Я все это пишу чтобы нас оставили на онлайн обучений
Answer:

Уважаемый обучающийся! В соответствии с приказом Министерства науки и высшего образования РК учебный процесс в вузах страны будет организован в офлайн-формате. Обучение в вузах страны проходит в смешанном формате: практические, лабораторные, семинарские занятия, производственная практика - в штатном режиме, лекции – в онлайн-формате. Спасибо!

18-11-2022 13-48-08   From students

Author: Anonymous

Question # 6721
Біз биология наука 4 курс сабағымыз онлайн жалғасқанын қалаймыз.Себебі бізде оффлайн түрде өтуді қажет ететін сабақтар жоқ! Біз екі аптаға бола оффлайнға өтуді қаламаймыз.
Answer:

Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

18-11-2022 13-42-30   From students

Author: Anonymous

Question # 6720
Құрметті Дархан Біләлов! Біздің сұрақты жауапсыз қалдырмаңызшы! Біз екі аптаға бола пәтер немесе жатақханаға ақшамызды шығындап жатқымыз келмейді. Сол екі аптада бірдеңе өзгереді деп ойламаймын! Біз онлайн оқуды қалдыруыңызды сұраймыз. Өтініш!!!
Answer:

Құрметті студент! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

18-11-2022 08-51-26   From students

Author: Anonymous

Question # 6719
Құрметті, Дархан Біләлов! Біз 4курс наука мамандығы онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз. Бізде оффлайн түрде өткізуді міндеттейтін зертханалық сабақтар жоқ. Бізді екі аптаға бола оффлайн оқуға шақырып жатыр.Студенттердің сол бір екі аптаға бола жатақханаға немесе басқа тұрғын үйге төлейтіндей жағдайлары керемет емес. Студенттерге түсінікпен қарауыңызды және онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз.!!!
Answer:

Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

 

16-11-2022 09-07-32   From students

Author: Anonymous

Question # 6718
Сәлеметсізбе! Қайырлы күн! Мен 4 курс студентімін. Бізде педпрактика басталғалы 2-ші апта өтті. Қайтадан мектеп ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Өзімізге жайлы емес мектептен,мұғалім-оқушылармен сабақ өткіміз келмейді. Мектеп ауыстыру мүмкіндігі болса қалай жасаса болады? Назарларыңызға рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Мансап орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рахмет!

14-11-2022 18-48-15   Other

Author: Anonymous

Question # 6717
Здравствуйте! Мне сказали , что мне перечислили стипендию, на самом деле на мой счёт ничего не поступало. Помогите разобраться в данном вопросе. Магистрант 1 курса Малибаева Асемгуль. Спасибо!
Answer:

Здравствуйте! Мы связались с бухгалтерией, по ее сведению стипендия Вам выплачена. Просим связаться с главным  бухгалтером-начальником Управления бухгалтерского учета и отчётности Ламбековой Торгын Ерсайновной по тел. 291-30-67.  

14-11-2022 13-26-09   From students

Author: Акашова Айым Берікқызы

Question # 6716
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық
университетінің басқарма төрағасы
Біләлов Дархан Нұрланұлына

Өтініш

Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Акашова Айым 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. 

14-11-2022 13-17-14   From students

Author: Байтемірова Назерке Муратқызы

Question # 6715
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына

Өтініш

Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Байтемірова Назерке Муратқызы 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. 

14-11-2022 13-16-41   From students

Author: Өтегенов Абзал

Question # 6714
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына

Өтініш

Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Өтегенов Абзал 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!

14-11-2022 13-16-18   From applicant

Author: Айтжанова Балауса

Question # 6713
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына

Өтініш

Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Айтжанова Балауса 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.

Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет.  Рахмет!

14-11-2022 13-12-46   From applicant

Author: Абдикаримова Акбаян

Question # 6712
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына

Өтініш

Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05101-Ғылыми биология мамандығының студенті Абдикаримова Акбаян 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайым көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.

14.11.2022ж
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

14-11-2022 12-53-36   From parents

Author: Алия Сағитқызы

Question # 6711
Дархан Біләлұлы, менің 2 қызым 3,4 курс студенттері. Оның біреуі химмя мамандығында екіншісі биология мамандығында оқиды. Ұстаздардың айтуымен қыздарым тек қана сессияға барады деп екеуіне билет бағасы арзан кезде самолетке алған болатынбыз. Енді оның уақытын ауыстыру ия болмаса возврат жасау ақылы болып отыр. Екі қызымның билеттері босткр босқа күйгелі тұр. Не үшін тақалғанда өзгертесіздер, ия онлайн ия офлайн екенін ойнап тұрып шешесіздер ма? Бастапқы қаулы бойынша 3,4 студенттері қысқа емтиханға ғана келеді делінді. Енді келіп 28інен бастап деп отырсыздар. Бұны қолға алатын адам бар ма? Ата- ана болып қайда шағымдана аламын? Менің балаларымның келіп кетуі ойыншық нарсе емес қой. Алматыға жақын облыс, қалада емес, батыс қазақстанда тұрамыз! Поездбен бару 3 күнге созылып кетеді. Сіз де ректор ретінде студеттің, ата ананың өтінішін қарастыруыңызды сұраймыз. Саналы адам ретінде оқуды қай топ қандай форматта жалғастырғысы келетінін шешуге мүмкүндік беру керек деп ойлаймын. Топ эдвайзерлері студенттің аузын жабу тек.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

12-11-2022 13-46-39   From students

Author: Anonymous

Question # 6710
Сәлеметсіз бе! Бізді ремонт болып жатыр деп, онлайн оқуға жіберген еді. Енді бір апта қалғанда, қайтадан офлайнға оқуға келіңдер деп жатыр. Біз күн суықта, бір аптада пәтерді қайдан табамыз? Пәтердін бағасы ұшып тұр, бәріне белгілі. Жатақхана болсада берілмейді, берілседе екі күннең соң шығыңдар дейді. Жатақхананың жыры белгілі. Бір бір айға бола офлайнға барамыз ба сонда? 1 семестр толықтай онлайн оқып шықсақ, студенттерге де өте жақсы болар еді.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

11-11-2022 19-29-15   From students

Author: Anonymous

Question # 6707
Қайырлы күн Шыңғыс Нұрланұлы! Сізге барлық 8-жатақхана студенттерінің атынан жазып отырмын. Неге 8-жатақхананың вахтершалары өте ұрысқақ, қашан көрсең ұрсады да жүреді. Неге олар үнемі көңілсіз? Біз неге үнемі олардың ұрысын естіп өмір сүру керекпіз. Кілең шаршаған кәрі апайлар, неге жас, әлі өмірге құштарлығы бар апайларды жұмысқа алмайсыздар? Қашан қарасаң шаршайды да отырады. Сұрақ қойып қалсаң ұрысып шығады. Осы сұрақты қарастыруыңызды өтінемін. Немесе бізге басқа органдарға шағымдануға тура келеді.
Алдын-ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңізді қарап, лауазымдық міндеттер шеңберінде университеттің №8 жатақханасының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және ұсыныстар енгізілгенін хабарлаймыз. 
 
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес, жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен өтініштер Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жататынын қосымша хабарлаймыз. 
 
Мәселен, өтініште: Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы (бар болса) көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты, келесіде өтініш берген кезде жоғарыда аталған Кодекстің талаптарын сақтауыңызды сұраймыз. Сауалыңыз үшін рахмет!
11-11-2022 12-52-05   From students

Author: Anonymous

Question # 6706
Сәлеметсізбе Дархан Біләлұлы! Мен ЖГИ 3 курс студенті бізге оқу жылы басталарда нақты қандай формада болатынын айтпай мен ұшаққа билет алып қойған болатынмын оқу басталарда бірнеше күн қалғанда ғана онлайн деді одан мен ұшақ билетін штраф төлеп келесі айға ауыстырдым ол билетімде күйіп кетті өзіңізде ұшақ билеттері бағасын білетін қанша тұратынын білетін шығарсыз! Енді бізге 10 күн қалғанда сабақ оффлайн басталады келіңдер деп отыр . Мен Атыраудан Алматыға ары бері жүретін ұшаққа билет қайдан табамын бұл уақытта табылсада бағасы ұшып тұр. Және де жататын орынымыз жоқ жалдамалы пәтерлердің бағасын білесіз бізге 1айға кім береді пәтерін . Осы жағдайларды ескере отырып осы семестрді онлаин өтсе екен!!!!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

10-11-2022 19-30-33   From students

Author: Anonymous

Question # 6704
Салеметсиз бе. Неликтен оку уакытын озгерте бересиздер? Сессия аптасы басталганда келесиздер деп айтып , енди 3, 4 курс 6В05101 мамандыктарына оку 28 карашада басталады деп шыгарып жатсыздар? Биз билеттерымызды сессия уакыты карай алган болатынбыз. Онын барлыгы ойыншык емес кой, алып, тапсыру каншама каражат? Билетты возврат истеудин ози биршама акша. Билетты бир ай бурын алады, казир алматыга ешбир билет жок. Нестеймыз сонда? Биз билетты желтоксан айына алган болатынбыз. Неликтен ондай аяк астынын озгерте саласыздар? Отиниш сизден ректор мырза, окуымызды онлайн аяктап, сессияга баратындай кылып жасанызшы!
Answer:

Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе –  штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!

10-11-2022 19-10-24   Other

Author: Рубец Олег Иванович

Question # 6703
Здравствуйте Дархан-мырза! У меня не вопрос, а просьба. На этом сайте неправильно написано имя уважаемого Валерия Алексеевича Коваленко. Поручите исправить ошибку, пожалуйста.
Answer:

Здравствуйте! Данные Валерия Алексеевича Коваленко с сайта удалены, т.к. он уже не работает в университете. Тем не менее спасибо за информацию! Приносим извинения. 

10-11-2022 12-23-59   From parents

Author: Бұрханбаева Анжир Кайнарбековна

Question # 6702
Құрметті Билялов Дархан мырза, сізге ата- ана ретінде сұрақ қойғым келіп отыр. Бұдан да бұрын жазған болатынмын, бірақ сұрағым жарияланбады. Менің қызым 3-курс екі шет тілінде оқиды. Оқуға түскен кезде 2-ші шет тілін, яғни түрік тілін таңдаған болатын. ЖОЖ-да 5-6 семестрде де түрік тілі сабағы таңдалмаған. Сонда студенттер оқитын екінші шет тілі қайда қалды? Осы сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:291-13-71. Рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  25  26  27  28  29 30  31  32  33  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений