23-08-2021 16-24-25
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5553 Салеметсиз бе? 1 сабактан D алган жагдайда диплом бериле ма? Берилмеген жагдайда D алып калган сабакты жазгы семестрде кайта окуга мумкиндик бериле ма? Рахмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
23-08-2021 15-49-24
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5551 Сәлеметсіз бе, ректор мырза. Мен 4 курс студенті едім. Қазіргі таңда оқу бізге онлайн, ал практика офлайн форматта өтетін болды. Оқуымыздың онлайн болуына байланысты, практиканы өз ауылымызда өтуге рұқсат берсеңіз екен. Қазір біздің Алматы қаласында тұрғылықты пәтеріміз де жоқ, 1 курс студенттерінің өзі жалға беретін пәтер таппай жатыр. Ескеруіңізді өтінемін!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.
23-08-2021 11-27-40
От родителей
Автор вопроса: Губаева РОза Вопрос № 5550 Добрый день!! Дочь поступила на грант в Ваш Университет, мы приехали из г.Уральска, который находится очень далеко от Алматы, сейчас узнаем, что общежитие не предоставляется первокурсникам (кроме льготников), дочь из неполной семьи, я одна воспитываю 2 детей, родственников в Алматы нет, снимать квартиру по нынешним ценам очень накладно для меня, прошу оказать содействие в предоставлении комнаты в общежитии.
Ответ:
Здравствуйте! В данный момент ведутся работы по распределению мест в общежитиях в соответствии с указанным пунктом об условиях размещения студентов в общежитиях КазНПУ имени Абая в 2021/2022 учебном году (на основании протокола заседания Правления № 5 от 19 августа 2021 года).
Ознакомиться с решением об условиях размещения студентов в общежитиях КазНПУ им. Абая в новом учебном году можно по следующей ссылке: https://abaiuniversity.edu.kz/ru/4009/notice/.
Для получения места в общежитии студенту необходимо предоставить заявление и документы, подтверждающие его социальное положение. Заявление рассмотрит специальная комиссия и будет принято решение. За дополнительной информацией по общежитию вы можете обратиться к руководителю Центра цифрового обслуживания студентов «Шапағат» Сейлханову Тимуру Абдрашевичу. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru, Call-центр: 8 727 221 85 14.
22-08-2021 17-34-14
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5549 Сәлеметсіз бе! Мен ақылы бөлімге құжат тапсырайын деп едім. Оқу ақысын бөліп төлеуге бола ма? Басқа облыстан боламын 1 курс студенттеріне жатақхана беріле ме? Жылдық ақысы қанша? Алдын ала рақмет!!!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың білім беру бағдарламалары мен оқу ақысы бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алсаңыз болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2150/page/. Екі жақты келісім-шартқа отыру үшін 30% оқу ақысын төлеу міндетті.
22-08-2021 16-41-01
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5548 Саламатсыздарма
Университетке барып құжат тапсыруға ағам доверенность алып барса боладыма. Алыста тұратын едім.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Құжаттарды онлайн (https://univer.kaznpu.kz/abiturient_user/login/) тапсырсаңыз болады. Егер құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына келіп тапсырғыңыз келсе, құжат тапсыру барысында барлық құжаттардың және сенімхаттың түпнұсқасы болуы міндетті. Қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
22-08-2021 15-34-45
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5547 Сәлеметсіз бе,ақылы бөлімге нешесіне дейін тапсыру қажет?Мен қазір әкімдік грантқа қатысып жатыр едім оның жауабы 25і шығып мен түспей жатсам сіздерге басқа қаладан келіп ақылы бөлімге документ тапсыруға үлгерми қалсамше.
Ответ:
Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
22-08-2021 14-48-36
От абитуриента
Автор вопроса: Меруерт Вопрос № 5546 Жатакхана неге алтын белгилерге берилмеиди,тагы коса алыс аимак болса????
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Жатақханаларға студенттерді орналастыру тәртібі Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына студенттерді орналастыру шарттары туралы бекітілген құжаттарға сәйкес жүргізіледі. 2021 / 2022 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына студенттерді орналастыру шарттары туралы шешіммен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://abaiuniversity.edu.kz/kz/4009/notice/ .
Жатақхана бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru, Call-орталығы: 8 727 221 85 14.
21-08-2021 15-16-57
От студента
Автор вопроса: Аружан Сатенова Вопрос № 5544 Сәлеметсіз бе! Мен 3 курс студентімін. Сабағымның бәрі 5, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерімін. Осыған байланысты биыл президенттік степендияға тапсырып көрсембе деп ойлап жүр едім. Интернеттен оқығанда документ жинау тамыз айының басында басталады деп жазылған екен. Менде солай тамыз айының басында кураторыма жазып, қандай документтер керек екенін сұрағанымда документ қабылдайтын уақыттың өтіп кеткенін, енді қорытындысы шығып жатқанын айтты. Өзім әкім грантымен оқып, степендия алмайтын болғасын осы президенттік степендиядан қатты үміттеніп едім. Осындай маңызды ақпараттарды біз сонда қайдан білуіміз керек. Неге бізге хабарланбайды сол жағын түсінбедім. Енді тағы қандай мүмкіндігім бар президенттік степендияға тапсыруға.
Ответ:
Құрметті студент! Президенттік стипендия мемлекет тарапынан тағайындалатындықтан, министрліктен арнайы хат жолданады. Президенттік стипендияға арналған конкурс туралы ресми хаттың негізінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті институт директораттарына нұсқаулық беріп, университет сайтында хабарландыру жариялайды. Президенттік стипендияға конкурс жарияланғандығы туралы білім алушыларды тікелей институт басшылығы хабардар етіп, үміткерлер тізімін ұсынады. Бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға ескерту жасалады.
Алдағы уақытта оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңызға эдвайзерден нақты жауап ала алмасаңыз, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарлассаңыз болады. Құжаттарыңызды өткізсеңіз болады. Рахмет!
20-08-2021 23-24-39
От абитуриента
Автор вопроса: Найзабек Әбілқайыр Нұркенұлы Вопрос № 5543 Сәлеметсіздер ме! Сұрайын деп едім, оқуға түсу құжаттары 25 тамызға дейін қабылданады деп айттыңыздар. 25 тамыз күні де құжат тапсыруға болады ма?
Ответ:
Құрметті талапкер! Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 28 тамызына дейін ұзартылды. Құжаттарды қабылдау офлайн және онлайн форматында жүзеге асырылады. Құжаттарды келесі сілтеме арқылы онлайн тапсыра аласыз: https://univer.kaznpu.kz/abiturient_user/login/. Рахмет!
20-08-2021 18-39-18
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5542 Мен 4-курс студентімін. Қазіргі жағдайға байланысты практиканы әркім өз ауылынан өтуге рұқсат берулеріңізді сұраймын.
Ответ:
Құрметті студент! Педагогикалық практика бойынша толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығының мамандарына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-83-50, opit_kaznpu@mail.ru.
20-08-2021 18-15-39
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5541 Қайырлы кеш! мен сіздердің университеттеріңізге магистратураға грантқа түсіппін, жаңа білдім. оқу онлайн ба әлде офлайн иа , нақты жауабын айта аласыз ба? құжаттарды қашанға дейін қабылдайды? мен шалғай аймақтанмын жаңа қарасам, алматыға поез билеті қалмаған қыргүйекке дейін, пойыз бағасы ұшып тұр.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Грант иегері атануыңызбен құттықтаймыз! Құжаттар 28 тамызға дейін қабылданады. Оқуға тапсыру бойынша сұрақтарыңыз болса, Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарлассаңыз болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
20-08-2021 15-39-17
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5540 Сәлеметсіз бе! Менің баламның Есеп және аудит мамандығы бойынша бакалавр дипломы бар. Екінші жоғары білім алу күндізгі бөлімде мүмкін бе? Аударма ісі мамандығын таңдасақ қанша жыл оқимыз?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Абай университетіне оқуға тапсыру бойынша сұрақтарыңызбен Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
20-08-2021 14-19-03
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5539 Здравствуйте, являюсь студентом 4ого курса, недавно проходила конференция по поводу практики, но из-за неустойчивой связи многие не смогли присутствовать. Теперь у нас возникают вопросы по данному факту, могли бы вы написать точный ответ. Обращались ко всем, но у всех ответ один и тот же: «Надо было присоединиться к конференции». Вопрос таков: С какого числа начнётся практика?
Заранее благодарю за ответ.
Ответ:
Здравствуйте, уважаемый студент! Практика начнется с 15 сентября 2021 года и продлится по 30 апреля 2022 года. Для получения более подробной информации по поводу Вашего вопроса рекомендую обратиться в наш центр «Карьера». Телефон номер: 291-83-50. Спасибо!
20-08-2021 12-19-56
От студента
Автор вопроса: Жастлек Надия Вопрос № 5538 Сәлеметсiз бе?! Мен 2 курс магистранты Жастлек Надиямын, Орал қаласынан боламын. Мен орыс тобында жалғыз магистрант едім, соған байланысты өтініш жазып 2021-2022 оқу жылының 1 семестрін онлайн түрде оқуға мүмкіндік бар ма? Оқуымыз аралас түрде өтеді екен, лекциялар онсыз онлайн, семинарларды да зум арқылы дайындап айтсам. Осындай жағдай жасауға мүмкіндік бола ма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовпен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.:293-81-53.
19-08-2021 22-29-56
От родителей
Автор вопроса: Маржан Оразбаева Вопрос № 5537 Сәлеметсіз бе! Қабылдау комиссиясына звондап ала алмадық. Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының бағасы қанша? Алтын белгіге бітіріп, ҰБТдан 94 балл алды. Көп балалы отбасыдан болады. Жеңілдіктер бар ма? Және жатақхана мәселесі жайлы білсем деп едім. Орын бар ма? Жатақхананның жылдық ақысы қанша? Оқу ақшасын алғаш қанша % төлеу керек? Алдын ала рахмет
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысы бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алсаңыз болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/bac_21_kaz.pdf. Жатақханадан орын алу үшін студент жатақханаға мұқтаждығы туралы өтінішін жазып, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын өткізуі керек. Оқуға тапсыру туралы қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясының мамандарынан алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
19-08-2021 21-58-28
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5536 Сәлеметсіз бе! Мен екі шет тілі мамандығының 3-ші курс студенті боламын. Алтын белгі иегерімін, сабақтарымның бырлығы 5, сол себепті 1-ші курстан бастап 100% жеңілдікпен оқып келе жатырмын. Сізден сұрарым осы жылы да сол жеңілдікті сақтауыңызды сұраймын. Әлеуметтік жағдайым анам жалғыз басты және жұмысқа жарамайды.
Ответ:
Құрметті студент! Университет тарапынан берілетін жеңілдіктер тек 1 оқу жылына ғана қарастырылған. 2021-2022 оқу жылына жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!
19-08-2021 21-56-05
От студента
Автор вопроса: Аяулым Вопрос № 5535 Сәлеметсіз бе! Мен Екі шет тілі. Шет тіл мамандығының 3 курс студентімін. 1 курста “Алтын белгі” 100% жеңілдігімен түскен болатынмын және Балықбаев Тахир Оспанұлы әр курсты беске жапсақ 4 курс аяқталғанға дейін жеңілдікті сақтаймыз деп еді. Сізге өтінішіміз биылғы жылы да “ Алтын белгі” 100% жеңілдікпен оқитын студенттердің жеңілдігі сақталсыншы!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына бірқатар жеңілдік қарастырылған. Университет тарапынан берілетін жеңілдік тек 1 оқу жылына ғана қарастырылады. Жеңілдік алу үшін өтінішіңізді жазып, ереже талаптарына сәйкес құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады. Жеңілдіктер ережесімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_2021-22.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!
19-08-2021 20-03-40
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5534 Здраствуйте уважаемый ректор! Я учусь в 4 курсе на педагогической специальности. Я родом из другого города.Нам сказали что учеба пройдет онлайн,а практика оффлайн. Просим дать вазможность студентам перевисты педагогическую практику по месту проживания. Это не мыслимо учиться онлайн 4-5 девчонкам в сьемной квартире в Алмате. Просим относиться с пониманием.
Ответ:
Здравствуйте, уважаемый студент! По принятым правилам студенты имеют право пройти обучение по месту жительства в трех случаях:
-
лица, имеющиеся детей до 3-х лет;
-
беременные женщины;
-
работающий студент по месту жительства.
Все остальные студенты проходят практику в организациях среднего образования на базе университета.
19-08-2021 19-52-08
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5533 Сәлеметсіз бе!Қызым Абай университетіне педагогикалық тест тапсырған болатын.Педагогикалық тесттің печать қойылған допускты қалай алуға болады?Сайтқа кіріп,сілтемені бассақ мүлдем ашылмайды! Абай университетіне барып аламыз ба,нақтылап түсіндіріп өтесіз бе?Бірақ біз басқа оқу орнының грантын жеңіп алдық,университет тарапынан пед.тесттің печать қойылған допускын сұрап жатыр!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық емтихан нәтижесі мен анықтама келесі сілтемеде жарияланды: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2200/page/. Қосымша ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8 727 291 57 68; Call-орталығы: 8 727 221 85 14. Рахмет!
19-08-2021 15-29-30
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5532 Сәлеметсіз бе! Мен педагогика және психология институтының 3-курс студентімін. Осы жылы бізге жатақхана беріле ме? Жатақхана туралы ақпаратты кімнен алуыма болады? Байланыс номері болса беруіңізді сұраймын.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Жатақхана бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru. Рахмет!
Всего записей: 4046