Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
18-03-2023 11-36-50   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6969
Мен, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, «Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу» ішкі Ережесіне ЖОО-да көпжылдық педагогикалық өтілі бар оқытушы-профессорлардың педагогикалық біліктілігі мен жоғары білім саласындағы тәжірибесін ескере отырып, еңбек келісім шартының мерзімін конкурстан тыс ұзарту туралы өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Я, преподаватели КазНПУ им Абая, предлагаю внести изменения во внутреннее Положение «На замещение вакантных должностей профессорско преподавательского состава» продлить срок трудового договора без прохождения по конкурсу, тем преподавателям, которые имееют многолетний педагогический стаж в КазНПУ им Абая, принимая во внимание их педагогический опыт в сфере высшего образования.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз: 
ҚР «Білім туралы» Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессор-оқытушылар құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады. 
Сондай-ақ, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 53 - бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің  айрықша құзыретіне қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту жатады. 
Директорлар кеңесінің 11.08.2021 ж. шешімімен бекітілген Педагогикалық, ғылыми қызметкерлер мен кафедра меңгерушілері лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес, осы Ережені әзірлеудің мақсаты –  педагогикалық және ғылыми қызметкерлерге, кафедра меңгерушілеріне олардың конкурсқа қатысуы үшін тең мүмкіндіктер беру, адал бәсекелестікті, объективтілікті, жариялылықты қамтамасыз ету, конкурс өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және т.б. болып табылады. 
Сонымен қатар, Ережеде зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартының мерзімін одан әрі ұзарту Конкурстық комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
18-03-2023 10-13-06   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6968
Сәлеметсіздерме!Асхана мәселесі бойынша бағалары өте қымбат күн сайын бағаларын өзгертеді.Сатушыларыда әр-түрлі баға айтады жаратылыстану және география институты.Осы асхана мәселесін қолға алсаңыздар! Студент болған соң бізге қиын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Рахмет!

16-03-2023 18-12-21   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6965
Степендия қашан түседі? Праздник дейін или кейін?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Стипендия ағымдағы жылдың 24 наурызында төленеді деп жоспарлануда. Рахмет!

15-03-2023 19-52-35   От абитуриента

Автор вопроса: Кымбат

Вопрос № 6963
Что будет если не сдать тест по одному предмету. Повторный дистанционный курс ???
Ответ:

Здравствуйте! Если Вы получили F (интервал от 0 до 25 баллов), это - академическая задолженность, а если - FX (от 26 до 49 баллов), у Вас есть возможность пересдать тестирование. Спасибо!

15-03-2023 17-09-34   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6962
Здравствуйте. В начале семестра был конкурс на присуждение гранта которые освободились. В начале сказали что нужно подавать оффлайн а потом онлайн. Результаты ждали больше 2 месяца. И вот я узнаю что на этот конкурс могут участвовать только те кто поступили после колледжа. А нельзя было предупредить об этом заренее студентов чтобы не было ожиданий? И пожалуйста можете обьяснить почему только студенты которые поступили после колледжа могу участвовать в этом конкурсе?
Ответ:

Здравствуйте! Разъяснительной работой по подаче документов на участие в конкурсе на высвободившийся образовательный грант занимается руководство институтов. Просим обратиться в директорат института, в котором Вы обучаетесь. Спасибо!

15-03-2023 03-06-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6961
Құрметті ректор мырза, мен сіздің блогыңызға бірінші рет жазып отырмын, сол үшін де менің сізде қойылғалы жатқан сауалымды елеусіз қалдырмассыз деген үміттемін. Мен тұратын 2-ші жатаханада 15.03.2023 күні сағат түнгі 2:15 шамасында қыздардың дәретханасын кілттеп жауып тастады. Қаншама қыздар дәретханаға бара алмай қазірдің өзінде әрең жүр, дәретті уақытысында шығармаудың өзі денсаулыққа кері әсер беретінін менен де жақсы білетін боларсыз. осы күнге дейін су құбыры дұрыс істемей жүрді, дер кезінде сантехник шақырмағанның кесірінен осындай жағдай болып отыр. Және тағы бір қозғағым келіп тұрған нәрсе ол- душ. Әр дүйсенбі сайын душты санитарлық күн деп жауып тастайды. Бірақ кейде душты тазалаған шығар деген оймен сейсенбі күні кірсен сол күйі лас болып жатады. сол душқа түсуге жиеркенемін. Ректор мырза сізге үлкен өтініш сол тазалықты да қадағалаңызшы. менің қояр екі сауалым осы
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.  Сұрағыңыз үшін рахмет!

14-03-2023 10-23-53   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6959
Сәлеметсіз бе?! Біздің универлерде студенттің қызығушылығын оятуға арналған дүниелер мүлдем жоқ. Концерт либо жарыстар, студенттердің басын қосатын дүние жоқ. Неге сол жағдайды студенттерге қалыптастырмасқа?) Студенттер тек келіп, кетеді. Әр студенттің студенттік шағы есте қалуға тырысуымыз керек деп ойлаймын!
Келесі мәселе тағы да айтамын универде мүлде жағдай жасалмаған. Химия сабағының Зертханаға қажетті заттарды таба алмайсың. Әр кабинетті шарлап іздеп жүреміз. Не болмаса студенттер өздері сатып әкелетін жағдайларда бар.
Келесі басқа студенттердің айтып жүрген асхана мәселесі, тым қымбат! Онымен қоса, тамақ ішіп отсаң бақырып береді, тездетіңдер, шығыңдар деп. Адам құсап тамақтанада алмаймыз ужас) Осы жағдайларды қарастырасыз деп ойлаймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз:
Біріншіден, студенттердің қызығушылығын арттырып, бос уақытын ұйымдастыруға арналған институттың студенттік ұйымдарынан басқа, химия кафедрасында білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғылыми жобалармен айналысу үшін «Sparkle Science of Chemistry» студенттік ғылыми-зерттеу ұйымы бар (https://instagram.com/chemistry_ss?igshid=YmMyMTA2M2Y= ). 
Сонымен қатар, мәдени шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған дәстүрлі «Химия-көктемі» кеші ұйымдастырылады. Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оnlkitap» жобасы жүзеге асырылып отыр (https://instagram.com/onlkitap?igshid=YmMyMTA2M2Y= ).
Оқу жылының басында әрбір топтың эдвайзерлерлік тәрбие жоспары бойынша мәдени, рухани, спорттық шаралары мен жұмыстары жүргізіліп отырады.
Екіншіден, зертханалардағы қажетті реактивтер алдын-ала тапсырыспен бюджетке салынып, тендер арқылы сатылып алынады. Студенттерге сатқызып алу жағдайы болған емес. 
Үшіншіден, әрбір химия зертханаларында жеке лаборант бар, талапқа сай лаборант оқу үдерісіне қажетті зертханалық жабдықтарды реттеу, белгілі бір зертханалық жұмыстарды жүргізер алдында техникалық құрылғыларды дайындау, тәжірибелерге тікелей қатысады, сондықтан зертханаға қажетті заттарды таба алмай, әр кабинетті шарлап іздеу мәселесі болмайды. Талап бойынша техникалық және зертханалық құжаттаманы ресімдеу, ең бастысы зертханадағы әрбір студенттің техникалық қауіпсіздігіне пән оқытушысы мен лаборант жауап береді. Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережесіне сәйкес студенттерге тамақ жеуге болмайды, сондықтан рұқсат берілмейді. Ол туралы студенттер әр пәнді оқу барысында танысып,  қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқау беру журналына қол қояды.
13-03-2023 18-18-10   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6958
Кеш жарық! Повторный дистанционный курста бірінші реттен тест тапсырылмай қалса не болады ? Соны айтасыздарма ???
Что будет если на повторном дистанционном курсе не сдать с первого раза тест по 1 предмету??
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Егер Сіз тестілеуден F (0-25 балл аралығы) алған болсаңыз, ол академиялық қарыз болып табылады. Ал FX (26-49 балл аралығы) алған болсаңыз, тестілеуді қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

12-03-2023 21-33-50   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6955
Здравствуйте, господин ректор. У меня к вам вопрос о том, как оцениваются ответы студентов. Почему некоторые преподаватели допускают такое что студентам мужского пола ставят оценки выше, лишь за их присутствие или за неполный ответ, который объективно не тянет на ту оценку. А сколько бы девушки не старались на занятиях оценки либо ниже, либо отсутствуют совсем. Это не было лишь раз, или это не только проблема связанная с одним преподавателем, во всем университете и во всех группах такое встречается. Нельзя учиться ради оценок, это правда, НО от этих же оценок зависит смогу ли я в эти пол года жить и есть или меня лишат стипендии. Мы не просим ставить оценки за красивые глаза, мы просим оценивать знания. Каждый абсолютно преподаватель требует академической честности, но сам/а же это нарушает. Отпадает какое-либо желание после такого посещать занятия или как-либо активничать. Прошу вас принять меры и взять это во внимание.
Ответ:

Здравствуйте! Принципы работы КазНПУ имени Абая в этом направлении:

1. Оценивание должно быть направлено на определение достижений результатов в обучении образовательной программы;

2. Оценивание должно быть прозрачным и информативным;

3. Оценивание должно быть системным, надежным, точным и обеспечивать качество;

4. Оценивание должно быть понятным для каждого обучающегося, инклюзивным и

справедливым;

5. Формы оценивания должны содержать элементы самооценивания и взаимоооценивания;

6. Оценивание должно отражать особенности требований будущей профессиональной сферы.

Для получения более подробной информации просим обращаться к руководству Вашего института.
10-03-2023 09-15-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6950
Добрый день! Что будет если на повторном (дистанционном) курсе не сдать тест с первого раза ?
Ответ:

Добрый день! Вопрос не совсем понятен. Вы - студент или абитуриент? Если студент, надо обратиться в институт, где Вы обучаетесь. Если абитуриент, просим обратиться в Приемную комиссию, там Вас проконсультируют. Тел: 8(727)291-57-68

01-03-2023 23-12-59   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6948
Асхана мәселесі. Біздің ЖГИ - де, асханадағы қызметкерлер, студенттерді адам құрлы көрмейді. Енді ресторандағыдай сервис күтпейміз, тек адами сөйлессе болғаны.

Ұсынысым, әр институтқа, әр түрлі исполнительге тендер ойнатылса, ЖГИ да басқа адамдар, бас корпуста басқа адамдар, т.с.с. Әр асханада түрлі кухня, біреуі восточный, біреуі европейский деген секілді. Белгілі бір міндеттемелер қойылып, баға мынандай, студенттермен дұрыс сөйлесу және т.б.

Сәл ерекшелік, студенттерде таңдау және бағаны шеттен тыс көтермейді. Асханада тамақтану студент қалтасынан қатты ұрады, тіпті ресторанмен тең - средний чек.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Ұсынысыңыз үшін рахмет!

01-03-2023 18-52-59   От родителей

Автор вопроса: Байжанисова Нияра Бахытжановна

Вопрос № 6947
Добрый день ! Я, как родительница, хочу написать отзыв о замечательном преподавателе и эдвайзере наших детей-Шормановой Айнур Кыстаубековне!И выразить благодарность за её терпение, чуткость и внимательность к студентам.Для каждого из них у неё найдутся слова ободрения и утешения.В её лице наши дети имеют крепкую поддержку, что придаёт им больше уверенности. Ведь для первокурсников это так важно.Для них она стала " мамой" в этом огромном многолюдном мегаполисе. Всегда на связи! Всегда придёт на помощь! Айнур Кыстаубековна мотивирует студентов в учёбе.В группе хорошая успеваемость. Учащиеся легко адаптировались и быстро вошли в учебный процесс с начала учебного года.Создана тёплая и дружественная атмосфера среди студентов.А также хорошо налажен контакт с родителями. Мы знаем, что на наши вопросы всегда получим своевременный ответ. И можем быть спокойными за своих детей. Айнур Кыстаубековна обладает не только профессиональными навыками, но и прекрасными человеческими качествами. Благодарность университету за отличный педагогический состав!
Ответ:

Здравствуйте! Благодарим за приятный отзыв о нашем преподавателе. Ваши теплые слова будут доведены до сведения А.К.Шормановой.

28-02-2023 15-27-53   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6946
Құрметті Дархан Нұрланұлы Сізден инфрақұрылымды дамыту департаментінің іс-қағаздар жүргізетін қызметкері Дамира Даукеннің негізгі атқаратын қызметін білейік деп едік.Себебі бұл қызметкер ешқандайда әдеп сақтау үлкенді үлкен ,кішіні кіші деп сыйлап білмейді.Жұмысқа келгісі келсе келеді ерте қайтып кеткісі келсе кете салады.Қанша мәрте жұмыс бабымен бара қалсақ (печать басқызуға тағы с.с.жұмыстармен) ол сылқым бикеш компьютерден кино көріп отырады,боянып сыланып отырады немесе мүлдем есігі жабық тұрады.Қашан келесің печать басқызайық деп едік ,құжаттар өткізейік деп едік деп звондасақ айтатыны күтіңіздер мен кофе ішіп отырмын қазір барамын деп айтады,бірақ ол сылқымның барамын дегені бір-екі сағатқа созылады одан жұмыс жүре ма?Алдына жұмыс бабымен бара қалсаң айтатыны өсек бәрін бір-біріне жамандап отырады артынан неге айттың ұят емес па деп айтсақ мен ештеңе айтпадым деп жалтарып отырады.Директорға қол қойғызатын қағаздарымызға қол қойдырып қойшы деп өтініш жасасақ өздерің қойғызыңдар ол менің жұмысым емес деп дүңкілдейді. Кейде жарайды деп алып қалғанның өзінде де жоғалтып қояды. Сол қыздың кесірінен қанша мәрте қағаздарымызы қайтадан жасауға тура келді оның бәрі уақыт. Сол департаменттегі ер адамдар жұмысы түсіп бара қалса маған торт әкел шоколад әкел кофе әкел деп естерін шығарады.Киіп жүретін киімдері де бір түрлі анайы, қарап тұрып ұялып кетесің ашық-шашық кішкене жиналып жүрсе қандай дегенмен де мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайды емес пе.Және де тағы бір айтатын жәйт бұл сылқым зам.директордың кабинетін алып алған сол жерде креслоны айналдырып кофені ішіп,әңгімені бұрқыратып отырады.Басты жұмыстағы атқаратын міндеттері осы ма деп ойлап қаласың. Ректор мырза осы аты аталған бикештің қызметтік міндеттерін жақсылап түсіндіріп берсеңіздер екен дейміз,себебі өзі білмейтін түсінбейтін сияқты.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ қызметкері Д. Дәукенге қатысты Сіздің өтінішіңізді қарап, қызметкер тарапынан еңбек тәртібі мен жұмыс уақыты нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілетінін хабарлаймыз. 

28-02-2023 10-42-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6945
Сәлеметсіз бе?Жол ақысы (дорожный) Педагогика және Психология институтының студенттеріне неге түспеді?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. 

28-02-2023 10-38-24   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6944
Сәлеметсіз бе?Жол ақысы 24 ақпан түседі деп едіңіз.Сол неге түспеді.Басқа институттарлы білмейін бірақ Педагогика және Психология институтына сол күйі түспеді.Сол шынында да түседіме.Әлде былтырғыдай жоқ болады ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру төлемақысы 24 ақпан күні жіберілді. Білім алушылардың жол жүру төлемақысын уақытылы төлеу институттардың уақытылы және дұрыс бұйрық дайындауына тікелей байланысты. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. 

  
26-02-2023 23-51-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6943
Сәлеметсіз бе. Қысқы жол ақысы(проездной 13 000) қашан түседі ? 24-қаңтар күні құжат өткіздік, бір айдан астам уақыт өтті. Әлі түспеді. Бухгалтерия телефон тұтқасын көтермейді. Жол ақысының қашан түсетінін білгім келеді
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жол жүру төлемақысы 24 ақпан күні жіберілді. Білім алушылардың жол жүру төлемақысын уақытылы төлеу институттардың уақытылы және дұрыс бұйрық дайындауына тікелей байланысты. Жол жүру өтемақысы жылына екі мәрте қысқы және жазғы демалыс кезінде, яғни маусым және ақпан айларында төленеді. Сұрағыңыз үшін рахмет!

 

26-02-2023 03-13-16   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6942
Саламатсыз ба
Қызыл диплом алу үшін үздік баға 75%, жақсы 25% болуы міндетті ме?
Ответ:

Құрметті студент! ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу қағидаларына сәйкес, оқу пәндері және оқу қызметінің басқа түрлері бойынша қорытынды бағалары бойынша үлгерімі А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
 
Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
25-02-2023 12-29-40   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6941
Салеметсизбе! Менің қояр сұрағым 4 курста жүкті студенттерге немесе диплом уақытында ана атанатын студенттерге диплом барысында қандайда бір жеңілдік корсетіледіме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Абай университеті Академиялық саясатының «Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы» бөлімі бойынша 4 курста жүкті студенттерге немесе диплом уақытында ана атанатын студенттерге төмендегідей жеңілдіктер қарастырылған:

325. ЖОО бакалавриатының білім алушыларын қорытынды аттестаттау МЖМБС белгіленген нысандар бойынша, Академиялық күнтізбе мен білім беру бағдарламаларында көзделген өткізу ұзақтығы мен мерзімдері бойынша өткізіледі.
326. Бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі.

Сондай-ақ, білім алушылар дипломдық жұмыстың немесе жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:

- денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
- жүкті немесе 2 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші;
- сырттай оқу бөлімінің студенттері.
Бұл ретте білім алушы ректордың атына өтініш жазады және тиісті құжатты ұсынады.

25-02-2023 10-53-41   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6939
Сәлеметсіздер ме? Бұл проблема 2 ай болды жалғасып келе жатқанына, ФизМат зданиесінде,Төле би Сейфуллинада -гардеробқа келсен апай сырт киімді алмайды, каз 1 сағаттан кейін жабылады, өзіңмен алып жүр деп, кітапханаға келсен толған сырт киім-апайлар ұрсады неге астына ілмейсіңдер деп, казір сағат 10-49- гардероб киім қабылдамайды-себебі 1 сағаттан кейін кетем дейді, қалай дұрыс, кітапханадағы апайларға да ренжи алмайсын адам көөп,еще киіммен сыймайды. Талай 15:00 де келіп сырт киімімді алмай қойды гардеробтагы апай, көтерып зілдей киіммен кабинет кабинетке сабаққа жүгіріп жүреміз. каждый2-студенттен сұрасаныздар болады. Гардеробка 17:00 ге 2 сағат қалганда жолай алмайсын,хотя бос орын толып тұрады.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Математика, физика және информатика институтына қарасты №5 оқу ғимаратындағы гардеробта 306 орын бар. Бұл ғимаратта оқитын студенттер саны 3 000 шамасында болғандықтан, барлық студенттер киімі сыймайды. Қазіргі таңда гардеробты кеңейту мәселесі қолға алынып, киім ілгіштер сатып алынуда. Болашақта мәселе шешімін табатын болады. Гардероб қызметкерлерімен түсіндіру жүмыстары жүргізілді. Рахмет!

24-02-2023 15-41-29   От абитуриента

Автор вопроса: Фариза

Вопрос № 6938
Саламатсыздар ма, 2009-2013 жылдар аралығында оқып кеткен студент едім. Жалпы оқу жылдарындағы нәтижелерімді сайттан қарай аламын ба, егер ондай мүмкіндкі болса, кай жерде көруге болады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сіздің жалпы оқу жылдарындағы нәтижелеріңіз дипломның 3 тілдегі қосымшасында көрсетілген. Егер транскрипт қажет болса, университеттің «Шапағат» цифрлы студенттерге қызмет көрсету орталығына сұраныс жолдасаңыз болады.Тел:. 8 (727) 291-64-97. 

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  15  16  17  18  19 20  21  22  23  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений