Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
24-04-2019 22-53-52   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1044
Салеметсизбе Тахир Оспанович. Мен сизге сурак коймаймын институтта корген уят жагдайды айтпакшымын. Жатаххана маселесимен Тарих жане кукык институтынын директоры Жумагулов Болат агайдын кабинетине киргем, кабинеттин есиги ашык тур екен. Кабинетинин алдында секретар отыратын кабинет бар. Болат агайдын кабинетинде есиги ашык тур. Ол кисилер Жумагулов Болат агай мен онын секретары менин киргенимди байкамады. Жумагулов Болат агай секретарынын белин колын сипалап тур. Уялганымнан не киреримди не шыгарымды билмей турып калдым. Уялганымнан шыгып кеттим менин атаммен жасты агайдын мынандай иси уят емес па? Мен озим мына жагдайды оз козиммен корип катты ынгайсыздандым ойыма кайта кайта тусе береди
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Берілген ақпаратыңызды назарға алдық. Бұл мәселеге қатысы бар  тұлғалармен міндетті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

24-04-2019 14-11-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1043
Саламатсызба, емтихан кестесін универ жүйесіне тез арада шығаруыңызды сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан кестесі міндетті түрде жарияланады. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!

24-04-2019 08-32-59   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1042
Добрый день! Я учусь на магистратуре в физмате. Прошу Вас, уважаемый ректор полностью заменить коррумпированного декана, зам.декана и многих учителей, которые не преподают, а заставляют и угрожают, если мы не сделаем их работы. Мы уже устали от преподавателей с советскими стереотипами. Думал дальше поступить на докторантуру, когда узнал сколько за это просят, то был в шоке.3000-5000$. Еще раз прошу Вас принять хоть какие то меры
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение обязательно будет учтено. Касательно сотрудников института, требущих денег, прошу уточнить их данные (ФИО) и доказывающие факты, которые обязательно будут тщательно проверены.  Для принятия мер необходимы доказательства.

24-04-2019 00-35-46   От студента

Автор вопроса: Қайрсалиxова Сара

Вопрос № 1041
Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы. Мен Атырау қаласынан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келіп едім. Естуім бойынша студенттерді сайлауға байланыста 10 маусымға дейін сабақтарды созып, алып қалып жатыр екен. Біз мобильность болғандықтан маусым айында өзіміздің оқу орнына барып, практикадан өтуіміз қажет. Ал университетте сессияны созып жатқандықтан, біз өз оқу орнымыздағы практикаға үлгермейміз. Тек мен ғана емес, көптеген мобильностьпен келген студенттердің жағдайы солай. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген студенттерге маусым айына дейін емтиxанды аяқтауға мүмкіндік туғызсаңыз жақсы болар еді.
Ответ:

Құрметті Сара!

Академиялық ұтқырлық бағдаламасымен келген студенттер емтиханды ауызша түрде ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін тапсырады.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-04-2019 23-29-29   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1040
Сәлеметсізбе!Мен Бастапқы әскери дайындық мамандығының 2ші курс студентімін,менің сізге қояр сұрағым мен 1ші курста ЖАЗҒЫ СЕМЕСТІРГЕ "лето" 5 сабақтан құлап қалған едім,енді 2ші курста жазда төлеуге өтініш толтырамын,менің отбасылық жағдайым төмен,акем қайтыс болған,көп балалымыз,анам жұмыс жасамайды,жалдамалы пәтерде тұрамыз,үлкен Жалғыз апкем мені оқытып жатр,маған сол 5 сабақты төлеу қиын болып жатыр отбасылық жағдайға қарап жартылай жетімдерге скидка беріледіме,бармаған жерім қалмады,бірақ ешкім нақты жауап бермейді біреулер ия отбасылық жағдай болса скидка беруі мүмкін деген сол үшін өзіңізден сұрап отырмын!Егер скидка болатын болса маган ол үшін не істеу керек және қайда барып өтініш жазсам болады!Ректор мұрза сізге өтініш осы жағын қарастырыңызшы мен осы универде оқығым келеді,1 ші курста әкемнің қайтыс болғанына байланысты сессияға дұрыс қатыса алмадым,маған қатты ауыр болды!!!!
Ответ:

Құрметті студент!

Жеңілдік беру туралы өтініш жазып, өтінішке анаңыздың көп балалы екендігі туралы анықтамасын, әкеңіздің қайтыс болғаны туралы куәлігін тіркеуіңіз қажет. Сондай-ақ, өтінішке институт директорының, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының (Бас оқу ғимараты, 220 каб.), оқу ісі жөніндегі проректордың (210 каб.) қолын қойдырып, Университеттің құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөліміне өткізуіңіз керек. Сұрағыңызға рахмет! 

23-04-2019 23-19-53   От студента

Автор вопроса: Айтуғанова Жұлдыз Маxанбетқызы

Вопрос № 1039
Саламатсыз ба,Таxир Оспанович!
Біз екінші семестрде мобильностьпен келген студенттер атынан жазып отырмыз.Белгілі бір себептермен емтиxан уақыты 10 маусымға дейін созылды.Ал бізге бұл xабар жетпес,офисрег. 19 мамырға дейін бітеді бүкіл сабақ деген xабарлама келген болатын.Осыдан кейін,бір жағынан бізде Атырауда сабақтар пен жазғы практика болған соң билет алып қойған болатынбыз.Енді сізден сұрарымыз 23-інші мамарға дейін бізге емтиxан барлығын бітіріп қайтуға мүмкіндік туғызсаңыздар.

Ответ:

Құрметті студент!

Академиялық ұтқырлық бағдаламасымен келген студенттер емтиханды ауызша түрде ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін тапсырады.

23-04-2019 12-32-05   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1037
Құрметті, Таxир Оспанович! Мен xимия-ағылшын группасының 2 курс студентімін. Соңғы жаңалықтар бойынша біздің сессия күндеріміз 13.05-10.06 аралығына созылған. Біз бар жоғы 5 сабактан экзамен тапсырамыз. Сол 5 сабақты 1 ай бойына созып жүргенше, бұрынғы кестеміз бойынша 8.05-15.05 аралығында арасына 1-2 күн демалысы бар болғандықтан тиімдірек. Басқа группалардың демалыс жоқ деген шағымының кесірінен біз 1 ай бойына созып жүргіміз келмиді. Маңғыстау облысында тұратндықтан билеттерімізді алдын ала алып қойғанбыз, енді бұл өзгеріс бізге шығын әкеледі. Осы өтінішімді ескеруіңізді сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық  аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;

2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;

3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.

Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ. Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

23-04-2019 12-30-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1036
Қіұрметті Таxир Оспанұлы! Мен xимия мамандығы студентімін.Менің сізге жазу себебім сессия күндері туралы жазып отырмын. Біздің группа не бәрі 5 ақ пәннен тапсырады соны апарып 1 айға созып тастаған. Проректордың айтуы бойынша сіздің болгыңызға xат келген. Онда "біздің сессия кундеріміз тығыз орналасқан,бізге қолайсыз" деп жазылған деседі.Сол себепті сол сессия күндері тығыз орналасқан студенттердің уақытын ғана өзгертуіңізді сұраймыз. Бұл өзгерген график бізге қолайсыз.Себебі, бізде 5ақ пән оны 1 ай бойы аптасына бір рет тапсыру керек болады. Ал қалған күндеріше...бізге проректортор айтады студенттерге қолайлы болсын деп сессия күндері арасына 5 күн салдық деп сол аралықта қыдырың киноға барың дейді ол үшін бізге университеттен ақша бөлініп жатқандай, біздіңде отбасымыз бар көп балалы отбасымыз, жатаxанадада тұрмаймыз, ақылы бөлімде оқимыз осының бәрін ойлап қарасақ көп шығын. Басқа студенттердің назарлылығына біздіңде графикті ауыстырмауыңызды сұраймын. Түсіністіктен қарайды және біздің шешімді қабылдайсыз деп ойлаймын.Оқысаңыз раxмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық  аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;

2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;

3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.

23-04-2019 11-54-48   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1035
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы Сізге сұрағым Менин қызым Алтын белгилеп иегери болған бирак ҰБТ - дан баллымыз грантка жетпейди биз оқуға құжат қабылдаған кезде алтын белгиге жеңілдик бар деп осы университетке кқұжат тапсырдым. Сол кезде егер студент жаксы оқыса осы жеңілдікпен оқи бересиздер деген.Казир кызым жаксы окиды.Бирак енди бұл жеңілдік 1 жылға ғана деп айтылып жатыр.Сонда бұл студенттер жинау мақсатында болғаны ма???Жаксы окыган студентке неге жеңілдік болмасқа.
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Университет тарапынан «Алтын белгі» иегерлерінің 1 жылдық оқу ақысына 100 пайыз жеңілдік берілгені рас.

Білім алушы бірінші оқу жылын үздік бағаға аяқтаған жағдайда, екінші оқу жылында мамандығына сәйкес мемлекеттік бос грант орнына ауысуына мүмкіндігі бар.

Сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

22-04-2019 13-46-33   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1034
Сәлеметсіз бе?! Сізден сұрайын дегенім, дизайн мамандығына өтініш қай уақыттан бастап қабылданады? Шығармашылық емтиxанның уақыты қашан? Осы жылы дизайнға қанша грант бөлінді? Жатаxана мәселесі қалай болады?
Алдын ала раxмет!
Ответ:

Қайырлы күн!

Университетіміздің «Дизайн» мамандығына өтініш қабылдау 2019 жылдың 20 маусым-7 шілде аралығында жүргізіледі. Ал шығармашылық емтихандары 2019 жылдың 8 - 13 шілде аралығында тапсырылады.

2019/2020 оқу жылында жалпы Өнер саласына 300 грант берілген, ал әрбір мамандық бойынша әлі бөлінген жоқ.

Жатақханаға орналасу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет.

21-04-2019 18-17-08   От абитуриента

Автор вопроса: Катунина Эмилия Сергеевна

Вопрос № 1033
Здравствуйте!На сайте не работает вкладка абитуриентам,поэтому пишу вам сюда. В этом году у вас есть сурдопегагогика? можно ли электронно отправить вам документы и в какие сроки это лучше делать? Есть ли у вас сокращенная заочная форма обучения? если у меня законченный колледж по пед профессии
Ответ:

Здравствуйте! Вся информация (список специальностей, правила приема, скидки для поступающих, стоимость обучения, дистанционное обучение, календарь по приему заявлений и экзаменов) для поступающих размещены в рубрике "Поступающим". Ответы на все ваши вопросы можете получить у директора Центра профориентационной работы и приема обучающихся Нурмахана Ауесбекулы. 

Контактные данные: Казыбек би, 30,  291-57-68, nurmahan_67@mail.ru. Спасибо!

21-04-2019 17-26-52   От студента

Автор вопроса: Кулекенов Айдын

Вопрос № 1032
Ассалаумағалейкум құрметті Такир Оспанұлы. Менің сізге қояр сұрағым бар. Сұракпен қоса бұл бір ұсыныс деуге болады.
Біздің еліміздің дінге деген көз қарасы зайырлы болып есептелінеді. Бірақ ертеден ұстанып келе жатқан дініміз Ислам. Қазіргі кезде де еліміздің мемлекеттік діні болған бұл дінді 71% азамат ұстануда. Енді менің сұрағым біздің университетімізде намазхана жағдайын қарастырып бере аласыз ба. Себебі намазхан студенттерге намазын оқу үшін басқа жаққа барып оқуға тура келеді. Ал бұл ол студенттің біршама уақытын алады.
Менің ұсыным әр институтта болмасада басты корпуста 1 бөлме осы дініміз үшін арнау.
Сұрағыма жауап берсеңіз. Алдын ала рахмет!
Ответ:

Құрметті студент!

Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңына сәйкес  құдайға құлшылық ету, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді. Яғни, құдайға құлшылық етуді (намаз оқуды) ғибадат ғимараттарында және арнайы құлшылық ету орындарында бөгетсіз жүргізіледі. Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сұрағыңызға рахмет!

21-04-2019 12-17-44   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1031
Саламатсызба Тахир Оспанұлы.
Юрфактта ақылы негізде оқудың жылдық бағасы қанша?
Ответ:

Құрметті талапкер!
Оқу ақысы туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/2018-2019-bacalavr.pdf .
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
21-04-2019 12-09-19   От абитуриента

Автор вопроса: Саят Нығымет

Вопрос № 1030
Саламатсызба Такир Оспанұлы!!!
Мен қоятын сұрағым мынадай...
Сіздерге "Заңгер" мамандығына түсу үшін ҰБТдан қанша балл жинау керек,Грант қанша балл?
Жәнеде Тарих пәнінің мұғалімі мамандығына грант қанша балл?
Ответ:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының қызметкерлерінен алуыңызға болады.  Байланыс телефондары: +7 (727) 291-57-68, +7 (727) 291-73-71.

19-04-2019 17-15-59   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1028
Құрметті,Тахир Оспанұлы! Сіз келгелі физика, математика және информатика институтының жағдайы жақсы жаққа қарай өзгереді деп үміттеніп едім, бірақ әлі олай болмай тұр.Институтта көптеген жасы пенсия жасынан асып кеткен мұғалімдер жұмыс істейді. Ол кісілер өте дөрекі сөйлеп, педагогикалық ЖОО ұстаздары емес, базардағы сатушылар сияқты студенттермен сөйлеседі. Ол кісілерді неге пенсияға жібермейді??? Көптеген математика оқулықтарының авторы Алма апайдың қоластындағы адамдары және студенттермен қалай сөйлесетінінде сөзім жоқ (әкеңнің басы, собака такая т.б). Сабақтар мүлдем болмайды, себебі апай сабақтарын басқа апайға тапсырып қойған. Кім біреудің сабағын өткісі келеді? Искакова Макпал апай болса, әрдайым өзінің жұмыстырын, тапсырмаларын студенттерге істетіп қояды, істемесе Алма апайға айтып берем, быт-шытыңды шығарады үнемі қорқытып отырады. Сонымен қатар, декан, зам декан, зав кафедралар бірігіп докторантура, магистратура гранттарын сатады. Мұғалімдердің көбі коррупцияға үйренген, әрдайым студенттерден сыйлық күтіп тұрады. Жасы келген мұғалімдер жастарға жол беруі керек деп ойлаймын. Дәл қазір ол ағайлар мен апайлар институттың дамуын тежеп отыр. Сондықтан сізден институтта түбегейлі өзгеріс жасауыңызды сұраймыз
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Математика, физика және информатика институтында 98 профессор-оқытушылар қызмет жасайды, оның ішінде 21 зейнеткер, яғни  21,5% - ды құрайды. 2019-2020 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының орта жасын 51-ге  немесе зейнеткерлердің үлесін 18% -ға жеткізу жоспарланып отыр. Сұрағыңызда аталған кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымованың PhD докторанттарға өткізген сабағы 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында сабақ кестесіне сәйкес жүргізілді, бұл семестрде сабағы жоқ. Мақпал Искаковаға және басқаларға қатысты мәліметтер қарастырылып, міндетті түрде тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

Университетіміздің 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес институт құрылымы, кадрлар саясаты, білім сапасы, корпоративтік мәдениет, білім бағдарламалары, педагогикалық шеберлік және білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!

19-04-2019 15-01-22   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1027
Құрметті Тахир Оспанұлы Құрметті Сатмурзаев Асан сіздерден сұрайық деп едік, востановлениеге келген приложениелерді шапағат орталығы жасауы керекпе әлде директораттар жасап береме? қарасаңыз негізгі жұмыс ішіннің толтырылуы, шығарылуы директоратқа қарайды, ал печатын өздері қойдырып аяқтайды. Біздің ойымызша жұмыс бастан аяқ берілуі біржақты жасалуы керек сияқты жартысын шапағат жартысын директораттар жасауы дұрыс емес. Шапағат орталығының атқаратын жұмыстарының тізімін қалай көруімізге болады
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының атқаратын қызметі туралы ресми сайтымыздан (http://kaznpu.kz/kz/2408/page/) танысуыңызға болады.

Оқу үрдісіне жауапты құрылымдық бөлімдердің қызметтері  туралы толық мәлімет алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевпен жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 14-21-51   От студента

Автор вопроса: Көпжүрсінова Еңлік

Вопрос № 1025
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы.Менің қояр сұрағым, бұл сұрақ та емес наразылық. Оқу мерзімін 2семестрде ерте басталу себебін ерте аяқтаумен түсіндіріп едіңіздер. Енді сол шешімге келгенде неге маусым айына сессия уақытын қалдырдыңыздар?Ондай жағдайда декантта артық әңгіме жүргізбеуіңіз керек еді.Қаншама алыс аймақтағы студенттер мамыр айының 18 жұлдызына бітеді деп ұшаққа билет алып қойды.Оны өткізуде,ауыстыруда аз ақша емес екенін білетін боларсыз.Бұл жерде деканаттыңда 18-і бітеді деп әңгіме таратқаны кесірін тигізді. СӨЗ БЕРГЕСІН,ОНЫ ОРЫНДАУ МІНДЕТ деп санаймын. ҚҰРМЕТПЕН 2курс студенті
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Еңлік. Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Емтихан сессиясының уақытына байланысты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

 

19-04-2019 14-19-15   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1024
Қайырлы күн, құрметті ректор Тахир Оспанұлы! Біздің университетіміздің бас ғимараты мен география институтының (7 этажка) оқу ғимаратының күзетшілеріне көңіліміздің толмайтындығын айтқымыз келеді. Сөйлеу мәдениетінен жұрдай, білімгерлердің алдында абыройымызды түсіріп дөрекі сөйлейді.("Ей, сен кімсің, сен оқытушы емессің, ей қайда бара жатырсың" сияқты) Оқытушы ретінде жеке басымызды сыйламайды, субординация болу керек деп ойлаймын. Ескерту айтып, шара қолдануыңызды сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан қауіпсіздік қызметкерлеріне ескерту жасалды.

19-04-2019 12-16-25   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1023
Сәлеметсіз бе, Таxир Оспанұлы сізге айтар өтінішім академиялық уақыт өз реттілігін сақтаса. 10 маусымға деин созу бұл тым артық. Сессия тапсыратын 5 сабақ болса, оған бір ай уақыт берілген. Бұл тым көп уақыт. Осыны қолға алып, бұрынғы уақытты қайтадан орнатуыңызды сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан сессиясының уақытына байланысты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 12-16-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1022
Сәлеметсіз бе? Такир Оспанович біздің өтінішіміз сессияның және сабак бітуінің уақыты сол бұрынғысынша қалғанын қалаймыз. Сонымен қатар сессия уақытының да тез уакыты біткенін қалаймыз. Жаңадан шыққан сессия уақыты барлық студенттердің ойынан щығып жаткан жок. Барлығы қарсы десекте болады. Барлық студенттердің өтінішін қарап сессия уакытын бұрығысынша қалғанын калаймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық  аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;

2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;

3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  155  156  157  158  159 160  161  162  163  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений