Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
24-06-2019 08-54-50   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1220
Мен осы жылы ҰБТ тапсырдым пәнім ағылшын география алған баллым 102.Алтын белгімін.Осы оку орнына түсуге шанс барма.Және қандай мамандық и неше баллмен.Маған жеңілдік болама алтын белгіге и ауылдык квота бар.
Ответ:

Құрметті талапкер!

«Алтын белгі» иегерлеріне 100% жеңілдік қарастырылған. Университетімізге оқуға қабылдау бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңыз үшін рахмет!

22-06-2019 20-42-48   Другие

Автор вопроса: Асанханова Жанна

Вопрос № 1217
Құрметті, Такир Оспанұлы. Біз Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының» магистранттары мен докторанттары 20-21 мамыр күндері «Rahat Palaсe Hotel» қонақ үйінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Педагогикалық білім берудің заманауи тендтері» атты Жазғы мектебі аясында өткен I Халықаралық форумға қатысып, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерінің шетелдік ғалымдардың тәжірибелерімен таныстық. Атап айтқанда, Окайама университетінің ТДЖ-ны дамыту орталығының директоры, Окайама университетінің Жоғары білім мектебінің профессоры Хироки Фуджидің (Жапония), Ускудар Университеті, Мектепке дейінгі педагогика кафедрасының профессоры, ACDE (Дүниежүзілік мектепке дейінгі білім беру ұйымының ) президенті Нурпер Улькуердің (Туркия), Жаhандық ықпал ету институтының PhD докторанты Карлос Мачадоның (Магдебург қаласы, Германия ), Ювяскюля университетінің жетекші сарапшысы Edu Cluster Finland Яакко Скантидің (Финляндия), сонымен бірге Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаеваның, білікті тренер Сәуле Жанатовна Зейнолланың жасаған баяндамалары мен тренингтерінен білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытудың жолдары мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологиялары жайлы мол ақпарат пен мағлұмат алып қана қойған жоқпыз, оны іс-жүзінде қалай жүзеге асыру қажеттілігін талдауға қатысып, өз ойымызды ортаға салдық. Құрметті, Такир Оспанұлы қазіргі таңда біз сияқты жас ғалымдарға өте қажетті, диалог түрінде шетелдік және отандық ғалымдармен көзбе көз отырып, ашық түрде пікірталас ұйымдастыруға тікелей басшылық жасаған сізге және ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызына, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Искакова Айгуль Толеутаевнаға алғысымыз шексіз. Біз бұл форумнан алған әсерімізді өзіміздің ғылыми жетекшілерімізбен және әріптестерімізбен бірге бөлісіп, рухани азық алдық. Болашақта жас мамандарды тәрбиелеу мен оқытуда педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуды жоғарыдағы шетелдік және отандық ғалымдардың бөліскен әдіс-тәсілдерін басшылықа ала отырып,, тәжірибе барысында қолданамыз деп ойлаймыз. Ізгі ниетпен 6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс магистранты Асанханова Жанна және 6D010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының докторанттары Шауенова Меруерт, Абилбакиева Ғалия.

Ответ:

Сәлеметсіздер ме!

Форум ұйымдастырушыларына жолдаған алғыстарыңыз үшін сіздерге көп рахмет!

22-06-2019 17-20-05   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1216
Саламатсыз ба, Құрметті, Такир Оспанұлы! Үстіміздегі жылы 20-21 маусым күндері «Rahat Palaсe» қонақ үйінде: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, Республикалық білім беру Альянсы, «ДИАЛОГ» аудармашылар Одағы» қоғамдық бірлестігімен (Қазақстан) бірлесе отырып, қоғамның назарын педагогикалық білім берудің заманауи трендтеріне аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату мақсатында ұйымдастырылған «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» атты Бірінші халықаралық форумына қатысты Сізге және аталған іс-шараның мақсатына сәйкес ойдағыдай өтуін қамтамасыз етуге барынша ат салысып, Форумның басынан аяғына дейін қызмет еткен, Сіз басқарып отырған Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлеріне ерекше алғысымды білдірімен. Мен үшін және өзге де келген қонақтар үшін Форум барысында тамаша тәжірибе алмасулар болды. Университеттің жас ғалымдары мен жас буын оқытушыларын ғылым алаңына қызықтыру, ынталандыру, тарту және білім беруді тұрақты дамыту мәселесіне қатысты олардың да өзіндік тың, жаңа идеялар ұсына білетіндіктеріне сендіру және әлемдік ғылым кеңістігіне белсене кіруі үшін де мұндай іс-шаралардың ықпалы зор. Әрине, кез-келген мәселенің бір ғана Форум аясында шешіле қоймайтыны белгілі, сондықтан, мұндай Әлемдік деңгейдегі білім, ғылым, әсіресе мәдениет алмасулар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатындығына сеніміміз мол.
Тағы да Сізге және университетіміздің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлеріне үлкен алғыс! Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз табысты болсын! Ал, Сіздердің, әрине барлық профессор оқытушылар мен жас ғалымдарымыздың ықпалымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті гүлдене берсін!

Құрметпен, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұжымы.

Ответ:

Cәлеметсіздер ме!

Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін көп рахмет!

22-06-2019 09-43-08   Другие

Автор вопроса: Асел

Вопрос № 1215
Здравствуйте Уважаемый ректор! Благодаря вашим усилиям и упорству наш Университет показывает высокие результаты и в науке,и в обучении. Тем не менее,развитие кадровой политики оставляет желать лучшего. Так как, этой сферой руководит С.Даубасов. Мы в своем обращений несколько раз писали о его некомпетентности и непорядочности. Как мы можем говорить о формировании корпоративной культуры в университете..., Если ваш руководитель аппарата не следует моральным принципам и очень далек от этого. Обращаясь к вам на блог, мы надеялись на то,что вы примите кардинальные меры по поводу С.Даубасова.Увы, пока что ничего не изменилось. Очень жаль... Прикрываясь вами он продолжает свои интриги в коллективе. Скоро пора приема в магистратуру и докторантуру,а значить самый "урожайный период" для С.Даубасова. Мы знаем, кто его"крышует", это Уважаемый человек в нашем университете. Мы не будем молчать!!! Таких как мы, недовольных Даубасовым много. Если вы после нашего обращения не примете меры, при всем к вам уважении будем вынуждены обратится Министру образования, в Агентство по противодействию коррупции.
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению, указанные факты обязательно будут проверены. При их подтверждении примем соответствующие меры. Спасибо.

21-06-2019 22-39-57   Другие

Автор вопроса: Жанузак Ернар Еркинулы

Вопрос № 1214
Здравствуйте! Хотелось бы оставить отзыв о прошедшем сегодня форуме "Современные тренды педагогического образования", и поблагодарить КазНПУ им. Абая. который выступил организатором данного форума. Особенно хотелось бы отметить лекцию Конурбаева Марклена Эриковича, лекция была крайне интересной и полезной. Для меня, как для начинающего переводчика лекция стала как глоток свежего воздуха. Надеюсь, что в будущем ещё бедут проходить подобные мероприятия.
Ответ:

Здравствуйте, Ернар Еркинулы! Благодарим за приятный отзыв. Работа по проведению интересных и полезных мероприятий будет продолжена.

21-06-2019 04-38-06   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1213
Салеметсиз бе Тахир Оспанулы! Мен 3 курс студентимин, казир GPA балл корсеткишим 3,64. Брак 2 курс кезинде бир сабактан 2 алып, кайта тапсырган болатынмын. Жазгы семестр кызыл диплом алуга асерин тигизеди ме? Косымша семестри бар студенттер кызыл дипломга умиткер бола ала ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

20-06-2019 21-23-36   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1212
Сәлеметсіздерме? осы жылы біздің университетке бөлінген гранттар тізімін қай жерден көруге болады? Немесе ссылкасын жібере аласыздарма?
Ответ:

Құрметті талапкер!

Талапкерлерге арналған барлық ақпарат ресми сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы қолжетімді: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/. Сондай-ақ, Сіз онлайн режимінде Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

20-06-2019 14-48-26   Другие

Автор вопроса: Кирикова Любовь Борисовна

Вопрос № 1211
Уважаемый Балыкбаев Такир Оспанович обращаюсь к Вам с предложением все жалобы написанные анонимно не рассматривать. Если кто либо пишет жалобы и боится подписать свою фамилию, явно человек хочет на пустом месте устроить скандал. Я лично считаю, что в рабочем процессе бывают разные ситуации. За тот период, что я работаю было не мало конфликтов. Но ни разу я не написала на кого либо жалобу. Почему работа административных работников ценится ниже преподавательской. По моему каждый сотрудник университета начиная с младшего обслуживающего персонала и заканчивая первыми руководителями, вносит свой вклад в развитие университета имени Абая и имеет полное право на уважение со стороны своих коллег.
Относительно того, что сотрудники не получают правдивую информацию по начислению и удержанию налогов из заработной платы отвечаю, по первому требованию сотрудники бухгалтерии предоставляют полную информацию по начислению и удержанию налогов по заработной плате.
Бухгалтер расчетного отдела Кирикова Любовь Борисовна
Ответ:

Здравствуйте, Любовь Борисовна! Поступающие вопросы в блог ректора направлены первому руководителю. Я как руководитель должен знать все проблемы университета. По поводу анонимности: данные обращающихся не публикуются, а их вопросы  передаются руководителям для рассмотрения. Обращаясь с вопросом, заитересованное лицо имеет право поставить отметку о неразглашении имени. Руководство всегда открыто для общества.

Касательно жалоб прежде чем принятии каких либо решении все факты будет проверятся.

По поводу информации по начислению и удержанию налогов из заработной платы, каждому сотруднику необходимо дать выписку. Спасибо за вопрос.

20-06-2019 13-13-40   Другие

Автор вопроса: Баян Әлтай

Вопрос № 1209
Қайырлы күн, құрметті Тахир Оспанұлы! 2017 жылы қара шаңырағымыздың "Педагогика және психология" мамандығын тәмамдап, сол жылдың күзінде "Білім берудегі менеджмент" эксперименталды тобына ақылы түрде магистратураға түскен болатынмын. 4 семестрде грант бөліміне ауысқанымды білдім. Сізге осындай мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Қазақстандағы алғашқы мамандық иесі болатыныма өте қуаныштымын. Осы мамандықтың ашылуына өз септіктерін тигізіп жатқан институт директоры Берік Айтқұлына, барлық институт қызметкерлеріне, кафедра меңгерушісі Айгерім Нұрәлиқызына, ғылыми жетекшім Құндыз Жәмиқызына, п.ғ.д., профессор Ұлжарқын Мүслімқызына, кафедрамыздың оқытушыларына және өзіңізге айтар алғысымыз шексіз. Кеше міне, диссертациялық жұмысымызды сәтті қорғап шықтық. Біздің зерттеу тақырыптарымыз болашақ білім беру саласы менеджерлеріне өз көмектерін тигізеді деген ниеттеміз. Университетіміз көркейе берсін!Істеріңізге сәттілік!
Ответ:

Құрметті Баян!

Университет ұжымына жолдаған алғысыңыз үшін рахмет. Сізге тек сәттілік тілейміз!

19-06-2019 09-11-43   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1207
Сәлеметсізбе, Такир Оспанович!Мен университетіміздің қызметкерімін. Сізге қояр сұрағым: Біздің айлық жалақымыз бірдей қызметте болсақта әрқайсымызға әртүрлі көлемде беріледі? 2019 жылдың басында айлығымызға неше пайыз қосылғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз! Бухгалтерия айлық жалақымызды дұрыс есептеп, түсіндіріп бере алмайды! Бухгалтерия қандай критерийлер бойынша есептеу жүргізетінің білмейміз. Бізге ай сайын айлық түбіртегін беріп отырса?!БЖЗҚ (Зейнетақы)қорына ай сайын түсіп отырған көрсеткішпен есептесек алып отырған айлық жалақымыз мүлде басқа! Бухгалтерияға барсақ бізге мүлдем басқа сумма есептеп шығарып береді!Және келісім шартта көрсетілген бір айлық жалақы көрсеткіші мен қолымызға алатын жалақымыз әлдеқайда төмен! Бұл мәселені қарастыруыңызды өтінемін! Назарыңызға рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз міндетті түрде қарастырылады. Жалақыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің директоры Тамара Сәдірбайқызы Сапарбаевамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-30-67.

18-06-2019 22-54-26   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1205
Сәлеметсізбе, Құрметті Такир Оспанович! Мен университетіміздің қызметкерімін! Сізге қояр сұрағым: Бізге төленетін айлық бірдей қызметте болсақ та әрқайсымызда әртүрлі! Жаңа жыл басында қанша пайызға көбейгенін біріміз білсек біріміз білмейміз? Әр бір қызметкерге бекітілген нақты айлық көлемін білсек? Келісім шартта басқа көрсеткіш алатынымыз одан әлдеқайда төмен?! Неліатен? Қандай критерийлер бойынша есептеледі? Буxгалтериядан әр ай сайын квиток алып отырсақ! Назарыңызға раxмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Жалақыға қатысты толық қанша төленетіндігі туралы мәліметті Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерінен алсаңыз болады. Қызметкерлердің жалақысын қарастыру кезінде лауазымы, еңбек өтілі мен ғылыми дәрежесі ескеріледі.

18-06-2019 10-36-17   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1204
Құрметті, Таxир Оспанұлы! Менің сізге қояр сауалым президенттік шәкіртақы туралы болмақ. Өзім 3 курс студенті боламын. Бұл шәкіртақыға байланысты ақпараттар мен қажетті анықтамалар жөнінде xабардар етсеңіз! Алдын ала раxмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген шәкіртақыға үміткерлерді Білім және ғылым министрлігіне ұсыну үшін конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесінде іріктелген үміткерлер тізімі Ғылыми кеңестің мәжілісінде қарастырылып, бекітіледі. Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген тізім министрлікке жолданады. Шәкіртақы тағайындау Ережесіне сәйкес үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

1. Шәкіртақы күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-ші курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

2. Шәкіртақы білім алушылардың келесі санаттарына тағайындалады:

- республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

- ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

- табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

- білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

3. Шәкіртақы бір академиялық кезеңге тағайындалады.

4. Шәкіртақы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.

5. Шәкіртақыларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу 1-ші, 2-ші тармақтарда жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.

Конкурс жарияланған уақытта үміткерлер жоғарыда аталған талаптарды растайтын құжаттарын (транскрипт, ғылыми жетістіктері, диплом, грамота, сертификат, т.б. көшірмелері)  институт директоратына өткізулері қажет. Президенттік шәкіртақыны тағайындауға арналған конкурс туралы ақпарат директорат тарапынан хабарланады және ресми сайттың «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады. Рахмет!

 

17-06-2019 20-19-55   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1203
2018-2019 битируши тулектерине диплом нешеси бериледи
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімінің уақыты туралы директорат тарапынан хабарланады. Рахмет!

17-06-2019 15-03-40   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1201
Курметти ректор мырза!Мен сизге барлык докторанттардын атынан жазып отырмын. Биз еки жылдан бери корип келе жаткан коринис бир, коргауга шыгып, аман-есеп коргалып шыгу ушин дис.совет мүшелеринин барине акша берип шыгу керек екен, онымен коймай олардын барлыгын тамакпен, туратын жермен камтамасыз ету керек екен. БУЛ НЕ СУМДЫК??? Акша бермесен, адеии кулатады дейди. Менин отбасым томен,барлык дис.совет мүшелерине акша беруге шамам жетпейди. Университеттеги мугалимдердин, асиресе жасы келген мугалимдердин пара алу маселесин колга алсаныз.Рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда аталған мәселе жеке бақылауымызға алынды. Алдағы уақытта бұл мәселенің қайталануына жол бермеу үшін пара алу фактісі орын алған Диссертациялық кеңес туралы толық мәліметті rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

17-06-2019 09-05-20   Другие

Автор вопроса: Ерсайын Молдасанов

Вопрос № 1200
Құрметті Тахир Оспанұлы, 2018-2019 оқу жылында Университтетте көптеген іс-шаралар ұйымдастарылып,90 жылдық мерекеміздің жоғары денгейде өтіп,ПОҚ мерекелік медалдармен марапатталып, сыйықы алып, 2018-2019 оқу жылын жақсы табыстармен аяқтады.Әсіре студенттерге Руханиятты білім, Ұлттық тәрбие беріп, ұлттық мәдени шараларды өте жоғары, әрі сапалы ұйымдастырып, университтетіміздің дамуына зор үлес қосқан Тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректор Жататбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың ұжымына алғысым шексіз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Ерсайын Мышанұлы!

Алғыс жолдағаныңыз үшін үлкен рахмет!  

17-06-2019 00-23-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1199
Салематсизба! Кояин деген сурагым бар еди, со академический календарь караганда летний семестр 11.06-29.06 деп жазулы турган енди мен 29ына билет алып койдым со бугин универ жуйесин карасам 8.07 битед деп тур. Озим Мангыстау онириненмин летний семестрди тезрек битируге болама??
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Билет алып қойған болсаңыз, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығыңыз. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

17-06-2019 00-01-38   От абитуриента

Автор вопроса: Anonim666

Вопрос № 1195
УВАЖАЕМЫЙ ТАКИР ОСПАНОВИЧ ХОТЕЛ ЗАДАТЬ ВОПРОС, ЧЕМ ЗАНИМАЕТСЯ ДЕПАРТАМЕНТ ИНФОРМАТИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ??? Столько в нем ужасно не грамотных людей. У меня такое ощущения, что в нем начиная от руководителя заканчивая их инженеров все преследуют только свои корыстные цели. А теперь по существу Директор Бахытжан вообще не уловимый никогда нет на месте. Сгрузил все вопросы на своего зама Тимура тот вообще ничем не помогает что не спроси все время нету. Не ужели в таком огромном Университете нельзя приобрести расходный материал Клавиатуры мышки картриджы в конце концов не можем починить компьютеры . Миллионы тратят на приобретения черт знает чего вот к примеру оборудование ВАЙФАЙ или ПРОЕКТОРА закупают на 18 000 000 и не понятно для чего. Кто контролирует все ЭТО. Мы простые преподаватели, работающие на кафедрах днем и ночью приносящие пользу УНИВЕРСИТЕТУ вынуждены сами покупать за свои счет картридж или мышку для компьютера. И речь еще не идет когда ломается компьютер нет нормальных грамотных специалистов или нужно ждать специалистов по 5 а то и больше дней. А девочка принимающая заявки это что их личный секретарь постояно покрывает их да ГДЕ ЭТО ВИДАНО такого же не было раньше что это такое. ИМ УДОБНО ВСЕ ЧЕРЕЗ НЕЕ САМИ НЕ НЕСУТ НИ КАКОЙ ПЕРСОНАЛЬНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПОЛУЧАЮТ зарплаты по 300 000 тысяч и не работают вообще. Умоляю проверти от куда нужда в 18 000 000 ВАЙФАЯХ??? И КУДА УХОДИТ ИХ БЮДЖЕТ и КТО его вообще составлял. Какая речь может быть о цифровизации когда они не могут выполнить минимальные проблемы. ПОСТОЯНО НА КАКИХ ТО СОБРАНИЯХ КОНФЕРЕНЦИЯХ ИЗ НАЧАЛЬСТВА НИ КОГО НЕ НАЙДЕШЬ. И ОБРАТИТСЯ НЕ К КОМУ ПОЖАЛУЙСТА Я ПОНИМАЮ ЧТО У ВАС И БЕЗ ЭТОГО МНОГО ПРОБЛЕМ НО ВСЕ ЖЕ ОБРАТИТЕ ВНИМАНИЯ И РАЗБЕРИТЕСЬ.
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению, указанные факты обязательно будут проверены.

16-06-2019 17-58-33   От студента

Автор вопроса: Шойманова Мөлдір Айбекқызы

Вопрос № 1193
Саламатсыз ба құрметті Такир Оспанович!Мен осы университетіміздің студентімін. 1-курсты аяқтадым. GP баллым -3.9, барлық сабақтарым "5" болды ."Алтын белгі "иегерімін .Батыс Қазақстан облысынан ,Ақтөбе қаласынан келдім,әкем қайтыс болған. Осы университетке түсерде "Алтын белгі "иегерлеріне келесі жылы 100% жеңілдік 1-курсты 3.67-ден асырса , сақталады деп еді .Сол бойынша сұрап тұрмын ,осы жолы біздің жеңілдігіміз нақты сақтала ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Мөлдір!

Студенттің оқу үлгерімінің көрсеткіші «өте жақсы» деген бағада болса, келесі оқу жылында жеңілдік сақталынады.

16-06-2019 12-01-40   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1192
Сəлеметсіздер ме? 4-курс студенттерінің шəкіртақысы мен жолақысы маусым айында берілмейді деп жатыр. Басқа ЖОО студенттеріне түседі екен. Бізге не себепті түспейді екен? Жауапсыз қалдырмасаңыз, рақмет.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №677 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес бітіруші  түлектерге 4 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қаражат беріліп, жылына бір рет жол төлемақысына берілетін жеңілдікпен қамтамасыз етіледі. Яғни, Сіз бітіруші түлек болуыңызға байланысты қысқы демалыс кезінде жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз  етілдіңіз.

2018/2019 жылғы Академиялық күнтізбе бойынша  жазғы қорытынды  аттестациялау кезеңі (29.04.2019-08.06.2019ж.ж.) 8 маусымда аяқталады. Осыған орай, Сізді бітіруші түлек ретінде аталған күннен бастап оқудан шығаруға бұйрық дайындалады. Бұйрық шыққан күннен бастап шәкіртақы тоқтатылады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен жолығуыңызға болады. Рахмет!

 

14-06-2019 16-31-33   От родителей

Автор вопроса: Алманова Жанар Женгисовна

Вопрос № 1190
Құрметті Тақир Оспанұлы! Менің қызым Уразалиева Айжамал 5В011300-Биология мамандығының 1 курсын бітірді. Менің Сізге өтініш жазу себебім, қысқы сессия уақытында қосымша берілген гранттарға менің қызым іліне алмады. Осы жазғы сессияны өте жақсы бағаларға тапсырды, 1 ғана төрті бар. Гранттарды бөлу барысында студенттің әлеуметтік жағдайларын ескерілуін сұраймын. Мен көп балалы анамын, растайтын құжатым да бар. Мемлекет тарапынан да көп балалы аналарға көңіл бөліну керек деп жатыр. Жолдасым 3 топ мүгедегі болғандықтан жұмыс жасамайды. Қызым мектепті қызыл аттестатқа бітірген.
Сізден менің әлеуметтік жағдайымды ескеріп, қызымды грантқа ауыстыруға көмек беруіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті ата-ана! 
Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына үміткерлер арнайы конкурс арқылы іріктеліп, Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіледі. Қызыңыз конкурсқа қатысуы үшін өтінішін және конкурс талаптарына сәйкес құжаттарын Студенттік офис бөліміне (№1 оқу ғимараты, 106-каб.) тапсыруы қажет. Конкурс кезінде білім алушылардың оқу үлгерімімен қатар әлеуметтік жағдайы міндетті түрде ескеріледі.
Жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпарат ресми сайтымызда жарияланды. Конкурстың талаптарымен сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінен таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2010/notice/. Сұрағыңыз үшін рахмет!
 
Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  149  150  151  152  153 154  155  156  157  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений