
17-08-2018 09-26-57

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 390 Салеметсиз бе?! Мен педагогика жане псиxология масандыгынын 4-курс студентимин. Бизге жатакxана берилмейди деп жатыр, мен Шыгыс Казакстан облысынан боламын. Енди сизге коятын сурагым жатакxана алыс аумактагы студенттерге бериле ме? 4-курстарга?
Ответ:
Құрметті студент! Университетіміздің шалғай жатқан аймақтардан келген білім алушылары жатақханамен қамтамасыз етілген. Білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету бойынша әрбір институт жанынан арнайы комиссия құрылған. Жатақханаға мұқтаж кез-келген студент өз өтінішін комиссия қарауына ұсынуына болады. Сондықтан Сіз өтінішіңізді комиссия қарауына ұсынып, конкурс нәтижесін күтесіз. Сұрағыңызға рахмет!

17-08-2018 00-08-57

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 389 Салеметсиз бе Такир Оспанович! Сизден сурайын дегеним 1 курста турмыска шыкканмын, казир кишкентай бопем бар, енди 2 курсты жалгастырмак ниеттемин. Грантта окимын. Университет тарапынан женилдиктер болама осыган байланысты?
Ответ:
Құрметті студент! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің заңнамасына сәйкес Сіз бала күтіміне байланысты академиялық демалыс алуға мүмкіндігіңіз бар. Академиялық демалыс кезінде грантыңыз сақталады. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

16-08-2018 15-42-49

От абитуриента
Автор вопроса: Сабекова Алуа Вопрос № 388 Добрый день, я сдавали комплексное тестирование для поступления в магистратуру в формате GMAT. Хотела уточнить, когда будут известны результаты грантов на магистратуру на этот год?
Ответ:
Здравствуйте! Результаты будут объявлены МОН РК до 25 августа. Вся информация будет оперативно размещаться по мере поступления на сайте Университета в разделе «Объявления».

15-08-2018 14-40-59

Другие
Автор вопроса: Бейсенбаева Жайна Вопрос № 387 Құрметті Такир Оспанович! Мені қатты мазалайтын сауалым бар еді сізге. Мен биыл аталған университетке биылмен 3-ші жыл 6D010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша целевой грант негізінде оқуға тапсырдым. Алғашқы 2 жыл қатарынан 3 талапкер ағылшын тесттен өтіп, қасымдағы басқа апайға бұйырды грант, өзім ауызшадан жақсы жауап берсем де, төмен балл қойып қайтарды. Енді міне 3-ші жыл тапсырып отырмы, тағы да целевой грантпен 2 талапкер болып. Қасымдағы әріптесім ағылшыннан өте алмай қалды. Енді ол грант орны маған тиесілі орын деп санаймын. Неге десеңіз, маған осымен бірнеше адамлар қабарласып жатыр, орныңды тартып алу мүмкін ақшасын төлегендерге деген сияқты қорқынышты сөздер естіп отырмын. Сонда білімі бар, ғылым жолын таңдап, қоғамға өз үлесін қосқысы келетіндерге осындай мүмкіндік жоқ та, ақшасы бар немесе ғылымның иісі мұрнына бармайтындардың заманы болған ма? Артық жазсам сізден басымды иіп кешірім сұраймын. Рахмет!
Ответ:
Құрметті Жайна! Оқу орнына мақсатты грант бойынша оқуға тапсырған талапкерлер ағылшын тілінен тест тапсыру нәтижесі межелі баллдан асса, мамандық бойынша жазбаша түрде емтиханға өтеді. Грантқа оқуға түсу үшін мақсатты грант иегері мамандық бойынша тапсырылатын емтиханнан жоғары балл жинауы қажет. Мақсатты грант иегері ағылшын тілі емтиханынан өтпеген жағдайда, тапсырушылар қатарынан жоғары балл жинаған талапкер үміткер бола алады.
Жемқорлық фактілерін алдын-алу және болдырмау мақсатында биылғы жылы университет базасында өткізілген емтихандар қатаң бақылауда өткізілді. Сұрағыңызға рахмет!

15-08-2018 12-53-21

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 386 Доброго времени суток! Уважаемый Такир Оспанович, меня интересует такой вопрос : я учусь на платном,перешла на 2 курс, так вот, хотела узнать, производить оплату нужно до начала учебы( до сентября) или можно оплатить в сентябре, в договоре написано « в начале текущего учебного года» ? Будут ли выдавать договор на 2018-2019 учебный год , или же договор , данный в прошлом году так же остаётся действителен ? Спасибо!
Ответ:
Добрый день! Договор действителен в течение всего срока обучения, оплату за обучение нужно произвести в сентябре.

15-08-2018 09-45-31

От абитуриента
Автор вопроса: Қымбат Вопрос № 385 Сәлеметсіз бе! сіздердің сайттарыңызда магистратураға түсу үшін мамандық бойынша экзамен сұрақтарын http://www.kaznpu.kz/ru/2150/page/ осы жерде бар деген едіңіздер, алайда таба алмадым. Өтініш салып қоясыздар ма?
Ответ:
Құрметті Қымбат! Емтихан сұрақтары сайттың талапкерлерге арналған бетінде (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) орналасқан. Таңдаған мамандығыңызға байланысты емтихан сұрақтарын жүктеу үшін «Мамандықтар» сілтемесін таңдауыңыз қажет. Магистратура бағдарламасының мамандықтары көрсетілген тізімде (http://www.kaznpu.kz/kz/2177/page/ ) мамандықтардың қабылдау емтихан бағдарламалары берілген. Сұрағыңызға рахмет!

14-08-2018 20-16-56

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 384 Құрметті Тахир Оспанұлы магистратураға түсу үшін ағылшын пәнінен емтихан тапсырған едім. Жинаған баллым-55.Сізге қояр сұрағым екінші этаптан,яғни мамандық бойынша емтиханнан кемінде 95-96 балл алсам,грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма?Мемлекеттік конкурс 50-баллдан басталады ма?
Ответ:
Құрметті талапкер! Мемлекеттік грантқа түсуіңіз үшін мамандығыңыз бойынша тапсырылатын емтиханның нәтижесі жоғары болуы керек. Грант иегері атануыңыз мемлекет тарапынан бөлінген грант саны мен емтихандағы баллдық көрсеткішіңізге байланысты.

14-08-2018 17-49-09

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 383 Сәлеметсіз бе?Мен сырттай оқу бөліміне "педогогика және психология"немесе география мұғалімдікке тапсырғым келген. Сырттай оқу ақысы жылына қанша,қандай документтер керек екенін айта аласыз ба?

14-08-2018 16-03-31

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 382 Здравствуйте.при поступлении в докторантуру экзамен по дисциплине в какой форме будет сдаваться(тест или письменно).спасибо
Ответ:
Здравствуйте! Мы уже отвечали ранее на данный вопрос. Экзамены по профилирующим дисциплинам проходят в письменной форме.

14-08-2018 14-11-18

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 380 Салеметсизбе!
Акылы турде окитын студенттерге жатахана багасы канша 1 жылга?
60000 деп айтып жатыр сол шындыкка каншалыкты жанасады?
Отбасымыздын калтасы котермейды осындай сомманы. Осы жагын нактырак тусиндирип айтып берсениз.
Ответ:
Құрметті студент! Жатақхана төлемақысы 2017-2018 оқу жылынан бастап грантта және ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға бірыңғай қойылған болатын. Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін жатақханада тұру төлемақысы 37 708 тенгені құрайды.

14-08-2018 13-43-27

От студента
Автор вопроса: Айнур Қуатова Вопрос № 379 Сәлеметсіз бе,Таxир Оспанұлы! Мен Филология факультетінің 3-курс студентімін. Жатақxана жайы толғандырып отыр. Әлеуметтік желілерде 3-4 курс студенттерәне жатақxана қарастырылмайды,ертерек келіп пәтер тауып ала беріңіздер деген xабарлама таратылыпты. Бұл қалай сонда? 1-2 курстағылар студент дағы,біз студент емеспіз бе? Өзім батыстанмын,әкем жоқ, анам пенсионер, Қай артық ақшамызға пәтер тауып,қай артық ақшамызға нан жейміз! Факультет жатақxанасынвн немесе басқа жатақxанадан болсын,әлеуметтік жаедайға сәйкес студенттерге орын қарастыруыңызды өтініп сұраймыз. Неше күн уайымымыз болды ғой. Грантта оқысақ,бірнәрсе қылар едік,ақылы түрде болғасын,мүлдем қиын. Жауапты осында,немесе жеке почтамда күтемін. lsarynova@mail.ru
Ответ:
Құрметті Айнұр! Бұл мәселе бойынша институт жанынан құрылған комиссияға әлеуметтік мұқтаждығыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізіп, комиссия қарауына ұсынуыңызға болады. Егер Сіздің жатақханаға аса мұқтаждығыңыз расталса, комиссия оны міндетті түрде ескереді. Сауалыңызға көп рахмет!

14-08-2018 11-23-57

От абитуриента
Автор вопроса: Азамат Вопрос № 378 Добрый день,где можно узнать количество грантов на магистратуру?
Ответ:
Здравствуйте! Информация об образовательных грантах по программам магистратуры и докторантуры PhD в КазНПУ им. Абая на 2018/2019 уч. год размещена на сайте Университета:http://www.kaznpu.kz/ru/1445/notice/.

14-08-2018 04-40-13

От студента
Автор вопроса: Гүлзира Сәрсенбекқызы Вопрос № 377 Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студентімін! Мен осы жылдың Мамыр айында Мевлана бағдарламасы бойынша Түркияның Мұғла Сыткы Кочман университетінің шәкіртақысын жеңіп алған болатынмын! Уақыт жақындап, барлық документтер өткізіліп болғаннан кейін бітіруші түлектерге академиялық ұтқырлықпен шет елге шығуға болмайтынын айтты. Осы мәселе жайында не айтасыз? Мүмкін тек күзгі семестрге ғана болғандықтан рұқсат етілетін шығар?
Ответ:
Құрметті Гүлзира Сәрсенбекқызы! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңызда аталған мәселелерге нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

14-08-2018 00-01-12

От студента
Автор вопроса: Студент Вопрос № 376 Құрметті Ректор Балықбаев Такир Оспанович ! Біз Математика, физика және информатика институтының студенттері сізге ең алдымен студенттер жағдайын жақсарту үшін жасап келе жатқан жұмыстарыңызға рахмет айтамыз. Біз физматта ағылшын тобында оқимыз, біз үшін бұл өте үлкен пайдасы бар деп ойлаймыз. Алайда, біз ағылшын тобы болған соң не себепті ағылшын тілдері өте нашар мұғалімдер сабақ береді? Ағылшын тілінде қарапайым сұрақ қоюды, сабақты түсіндіруді, өз ойын айтуды білмейді. Ағылшын деңгейлері төмен. Ағылшын тілінде өтілетін бірнеше Спец сабақтар болсын, басқа ағылшынша болатын ИКТ (АКТ)сабағы болсын, осы және басқа да спец сабақтардан беретін мұғалімдерден сұрасақ ешбір мұғалімде ағылшын тілі сертификаты да (IELTS TOEFL) жоқ, уровеньдеріде төмен! Қалайша өздерінің ағылшын тілі нашар бола тура, бізге сабақ береді? "Ағылшын тобы" деген тек аты ғана. Сабақ қазақша өтіелді. Біз бітіріп, мектепке барып ағылшын тілінде қалай сабақ береміз? Қосымша курстарға барып оқуға қалтамыз көтермейді. 20,000 теңге стипендия алатын біздер үшін және платный оқитындар үшін бағасы да қымбат. Ағылшын тілін жақсы білетін, білімді маман болып шыққымыз келеді. Сізден сұрайтынымыз, тілді жақсы меңгерген, ағылшын тілінде қиналмай сабақ өте алатын, студенттерге мектепте ағылшын тілінде қалай сабақ беру керектігін үйрете алатын мұғалімдер сабақ берсе екен. Себебі, қазір мектептерде математика, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытып жатыр. Диплом алған соң, мектепке барып ағылшын тілінде сабақ беру біз үшін қиындық тумаса екен.
Ответ:
Құрметті студент! Биыл жаңа оқу жылына ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар шақырылып, профессор-оқытушылар құрамына конкурс жарияланды. Сонымен қатар ағылшын топтарына қосымша сабақ ұйымдастыру жоспарлануда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні бойынша шағымыңызды міндетті түрде ескеретін боламыз.

13-08-2018 23-53-51

От студента
Автор вопроса: Бұлбұл Айдынқызы Вопрос № 375 Сәлеметсіздер ме?! Аздап дөрекілеу кетсе кешірім өтінемін, десе де осылай жазардай қитыққа тиді.ФилКББИ 3-4курс студенттеріне жатақхана қарастырылмайды екен.
Студенттерін жатақханамен қамтамасыз ете алмайтын бұл қандай ҰЛТТЫҚ университет?! Иә, жақсы, орындар қысқарып жатыр делік. Тым құрығанда, мәселені шешуге тырыспай ма? Айтарға сөзім, атарға оғым жоқ! Студенттер жайы жалпы толғандыра ма? 1-2 курс студенттерімен салыстырғанда, кейбір 3-4 курс студенттерінің қалталары мүлдем көтермейді пәтерақыны. Әлеуметтік жағдайлары бар. Содан студенттер жұмыс деп дөйдалаға кетеді. Сабағы да жайына қалады. Ішер тамақ, жатар орынға жарымаған студенттен қандай САПАЛЫ БІЛІМ алған БІЛІКТІ МАМАН шығады?! ӨТЕ ҰЯТ жағдай екен... Рахмет, ҚазҰПУ!
Ответ:
Құрметті студент!
Жатақхана тапшығы мәселесі ол қазіргі күні Алматы қаласының іргелі жоғары оқу орындарының көкейкесті мәселесі. Себебі, қаламызға келіп оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан келіп оқитын студенттер.
Университетімізде 5 жатақхананың жалпы сыйымдылығы 1397 орынды құрап отыр. Сондықтан бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне үлестіріледі. Жатақханаға орналасу әрбір институт жанынан құрылған комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.
Осыған орай, әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын растайтын құжаттары (толық жетім, көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) бар кез-келген білім алушы өзінің институты жанындағы арнайы комиссияға өтініші мен құжаттар топтамасын ұсынуға құқылы. Одан әрі шешім комиссия құзырында. Сауалыңызға көп рахмет!

13-08-2018 23-48-01

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 374 Здравствуйте!я претендент на поступление в докторантуру.хотела спросить, экзамен по профилирующим дисциплинам в какой форме будет проходить?(тест или письменный). Спасибо за ответ!
Ответ:
Здравствуйте! Экзамены по профилирующим дисциплинам проходят в письменной форме. Желаем удачи!

13-08-2018 20-34-44

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 373 Сәлеметсіз бе? Мен Орал қаласынанмын. Осы университетке түскен едім. Сізге қояр сұрағым: мен Алматыға 21 і күні жетемін, сол күні жатақханаға документ тапсыруға болама? Менің ата-анам 28і күні кетіп қалады. Соған дейін жатақханаға орналасуға болады ма екен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Мамандығыңызға байланысты институт директоратына өтінішіңізді қалдыруыңыз қажет. Жатақхана 31 тамыздан кейін беріледі. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Институт директорынан немесе Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-83-82.

13-08-2018 13-26-29

От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 372 Сəлеметсіз бе ректор мырза! Мен биылғы жылы жазғы семестрге қалдым.Бір себептермен кредит ақшасын төлей алмай жазғы сессияның жабылу уақыты аяқталып кетті.Енді сол жазғы сессиямды қалай жапсам болады?Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен деймін!
Ответ:
Құрметті студент! Сіз институт директорымен немесе директордың орынбасарымен хабарласып, сұрағыңызды нақтылаңыз.
Сұрағыңыз шешілмеген жағдайда, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.

12-08-2018 20-55-26

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 369 Саламатсызба!!! Мен бүгін 12.08.18
Магистратураға ағылшыннан тест тапсырып едім, проходнойдан өттім, бірақ та өзімнің мамандығына аздау болатын сияқты, енді мен басқа мамандыққа ауыса аламынба ?
Ответ:
Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласыңыз. Байланыс тел.: 8(727) 291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

11-08-2018 10-48-15

От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 368 Здраствуйте! Я вчера сдала экзамен по иностранному языку в ваш вуз и прошла пороговый балл.Можно узнать когда будет 2-ой тур и где можно найти вопросы для подготовки.
Ответ:
Здравствуйте! Поздравляем Вас с удачной сдачей экзамена по иностранному языку. Вопросы по специальности Вы можете найти на официальном сайте, пройдя по ссылке: http://www.kaznpu.kz/ru/2150/page/ .
Всего записей: 3266