Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
25-10-2020 02-35-53   От студента

Автор вопроса: Акботаева Ажар

Вопрос № 2456
Салеметсізбе ректор мырза мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқимын о
1 курс студентімін шет тілі мұғалімдерін даярлау мамандығында оқимын сіздердің университеттеріңізге осы мамандық бойынша ауысуға болама грантым сақталама алдын ала жауабыңыз үшін рахмет
Ответ:

Құрметті Ажар! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін  Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

23-10-2020 21-43-20   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2454
Құрметті Тахир Балықбаев мырза Мен көпбалалы ата анамын, 2 балам университетте оқиды. Үшінші балам биыл осы Абай атындағы университеттің дайындық бөліміне оқуға түсті. Төртінші балам бастауыш мектебінде оқиды. Көпбалалы ата ана болуыма байланысты жыл сайын жәрдемақы 42500тг берілетін, бірақ осы жолы Дайындықта оқитын балама Справка 4 Приложение 4 түріндегі қағазды берілмейді деп жатыр.Ал Цонда ол құжатсыз жәрдемақы алу мүмкін емес. Сонда 1 парақ қағаз берілмегені үшін мемлекет тарапынан көрсетілген жәрдемақыны 42500тг алмауға тиістіміз бе? Осы мәселені шешіп жауабын берсеңіз? Дайындықта болып жатқан жаңалықтармен хабардар болсаңыз?
Ответ:

Құрметті ата-ана! Сұрағыңыз бойынша Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы Ғалия Зақарьяқызы Таубаевамен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: +7(727) 392-21-97.8 775 180 53 45,  e-mail: galiya_63@bk.ru.

23-10-2020 12-11-56   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2453
Құрметті ректор мырза.Мен 1 курс студентімін.1 сабактан балым томен болып калды . Томен болу себебі тапсырманын уакытында бармауы. универ жуйесине салынбауы. Салынбау себебі жуйенің дурыс істемеуі.Апайга фотосында жибердим істемей тур деп сонда да коймай койды. Сіздердің универ жуйесінің істемей калуына мен кінәлі емеспін. Сол себепті осы істі кайта карауыңызды өтінемін. Сабактарым барлыгы 90+ балл. Тапсырмаларымды группаластарыммен салыстырып кордим барлығы дурыс.Неге мундай адилетсиздик орын алу кажет. Жуйеден кеткен кателикке менин күнам жоқкой. Апайга айтсам тындамайды, окыса жауап жазбайды
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша жауапты тұлғалардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде Сіздің сұрағыңыздағы «Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша №1 межелік бақылауда алған баллыңызға (62 балл) талдау жүргізіліп, анықтама берілген.

Біріншіден, силлабусқа сәйкес осы пәннен студент әрбір сабақтан берілген үй тапсырмасын, СӨЖ №1 және СӨЖ №2, Бақылау жұмысы №1, дәрістен Тест №1 орындап, уақытында универ жүйесіне жүктеп отыруы қажет. Студенттер силлабуспен бірінші сабақта таныстырылған. Онда пәннің саясаты бойынша барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі тиіс екені айтылған. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайтындығы анық жазылған.  Екіншіден, студенттің "Univer" жүйесіне тіркеген жұмыстары қайтадан қарастырылып, оқытушы тарапынан дұрыс бағаланғаны анықталды. Үшіншіден, студент кейбір тапсырмаларды силлабуста көрсетілген уақыттан кейін жіберіп отырған. Төртіншіден, білім алушының басқа пәндерден баллдарының жоғары болуы бұл «Алгебра және сандар теориясы» пәнінен де жоғары балл алуы қажет дегенді білдірмейді, әр пәннің өз ерекшелігі бар екенін ескеруі қажет.

22-10-2020 11-14-46   От студента

Автор вопроса: Ғалия

Вопрос № 2451
Сұрайын дегенім, мен ақылы бөлімде оқимын. Бірақ соған қарамастан мен соған сай білім беру дәрежесін көрәп отырған жоқпын, сабақтар дұрыс деңгейде өтілмейді, бірдене түсінбей қалып қайта сұрасан, баллынды төмендетіп тастайды, қытай тілінің мұғалімдері сабағын жөнді өткізбейді, мен ақылы бөлімде оқып, қажетті мөлшерде білім ала алмайтыныма қынжыламын, ертен бізден қандай маман шығады, болашағымды лйлау қорқынышты... ақылы бөлімде оқи отырып, оның үстінен тағы да ақылы курстарға жсзылуға тура келеді... менің жан айқайым университет басгылығына жетсе екен деймін...
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселе міндетті түрде қарастырылады. Тексеріс нәтижесі бойынша оқытушыға қатысты шешім қабылданады.

21-10-2020 12-27-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2450
Құрметті,Такир Оспанұлы! Мен магистратура 1 курс студентімін. Бізге 2 айдың стипендиясы түсті. Бірақ сентябрь айына 35000 тг түсті.ЕНУға 44000 тг,ал КазНИТУға толық түсті. Неге бізге оларға қарағанда аз түсті? Бәріміз оқуды бір уақытта бастадық емес пе? Бұл университет тарапынан болып тұрған жағдай ма әлде қалай?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 1 курс магистранттары 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғандықтан, шәкіртақы 15 күнге тағайындалды. Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша грантта оқитын білім алушылардың шәкіртақы мөлшері 66 913 теңге.

21-10-2020 10-53-16   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2449
Қайырлы күн, магистранттардың стипендиясы барлық жерде 77 мыңға көтерілген деп жатыр, ал бізде 66 мың, басқа университеттер қыркүйек айына толык стипендия алса, біз неге жартысын ғана алдық?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Бұйрық бойынша 1 курс магистранттары 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғандықтан, шәкіртақы 15 күнге тағайындалды. 

21-10-2020 08-28-33   От студента

Автор вопроса: Абдукаюмова Шахноза

Вопрос № 2448
Я студентка Абдукаюмова Шахноза ПИП ПМНО 4года 2 курс Я акимгрантник но уже 2 месяц не получаю стипендию хотела спросить не могли бы вы уточнить когда аким перечислит стипендию
Ответ:

Здравствуйте! По итогам летней сессии в июле т.г. всем студентам была выплачена стипендия за два месяца со средств университета, по старому положению, а акимат не перечислил за них деньги, поэтому в сентябре и октябре мы удержим у них по 26 186 тенге.

19-10-2020 11-14-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2447
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!Мен филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті боламын.19-ыншы қазанға дейін оқу ақшасы төленсін деп бұйрық келіп жатыр.Дистанционно оқытып,очное оқудың ақшасын аласыздар,оған қоса оқу ақшасын көтергенсіздер,беріліп жатқан білім де,универдің жағдайы да 560 мыңға сай келмейді.Универде лекцияларда 3 группа 1 кабинетте отыратынбыз,лекция жазатындай мүлде мүмкіндік болмады.Оған қоса универде рнтерактивный тақта жоқ,компьютерлер жоқ!Оқу ақшасын төмендетесіз бе дегенде,жоқ дистанционно болса да,универде оқып жатқандай сабақ өтіп жатыр деген екенсіз.Бұл сөзіңізбен мүлде келісе алмаймын.Сабақтар мүлде дұрыс өтпейді.Сабақтың лекциясы өтсе семинары,семинары өосе лекция өтпейді.Мысалы,ИКТ семинарынан беретін оқытушының түрін де көрген жоқпыз,бізге бір-бірімізді таптық,енді мазаламайық бір-бірімізді дейді,тек тапсырмаларды старостаға жіберіп отырады,берген тапсырмасын түсіндірмейді,бір сөзбен айтқанда өз міндетін орындамайды.Психологиядан оқытушы слайдтты интернеттен ашып зумнан оқып беріп отырады.Мұғалімдер дұрыс бағаламайды.Тырысып оқысақ та,оқымайтындармен бірге қояды,біз неге көп ақша төлейміз онда?!Айта берсең осындай олқылықтар көп.Сізден ақылы бөлімде оқитын оқушылар атынан түсіністікпен қарап,оқу ақысын төмендетіп,дистанционно оқудың ақшасын алуыңызды өтінеміз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!  Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Университет білім алушылардың және оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасауда. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін оқытушылар университет тарапынан ұйымдастырылған арнайы курстарға қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек.
Екіншіден, дәріс пен семинар сабақтарын қажетті деңгейде өткізбейтін оқытушының аты-жөнін көрсетуіңіз қажет. Берген ақпаратыңыз міндетті түрде тексеріледі.
Жеңілдік  мәселесіне келетін болсақ, өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсырсаңыз болады. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады.  

19-10-2020 09-27-48   От студента

Автор вопроса: Сара

Вопрос № 2446
Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім,2 курс аяғындк грантқа өтініш жазған болатынмын.Соның жауабы қашан шығады?қыркүйек аяғында шығады деп айтып еді,әлі жауабын біле алмай отырмыз.
Ответ:

Cәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша жауапты институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары береді. Оқу үдерісіне қатысты мәселе туындаса, бірінші кезекте директорат қызметкерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз. Рахмет! 

17-10-2020 19-03-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2445
Здравствуйте Тахир Оспанович, хотела узнать, когда уже можно будет по академической мобильности уехать за границу ? Слышала, что временно приостановлено, примерно когда можно будет подавать заявку? И хотела уточнить, можно по Гранту несколько раз подать на академ.мобильност с гос. финансированием?
Ответ:

Здравствуйте! В связи с угрозой распространения коронавирусной инфекции во всем мире, а также на основании письма  МОН РК  от 16.02.2020 г.  №16-4/375  и письма  МОН РК  от 04.03.2020 г.  №16-4/388 все программы академической мобильности обучающихся приостановлены до конца 2020 года.
 
Студенты могут подать заявку на академическую мобильность по государственному финансированию один раз при условии хорошей успеваемости в университете, обязательно наличие сертификата на знание иностранного языка IELTS, TOEFL и др.

Если у студента уже имеется сертификат на знание иностранного языка, ему необходимо подойти в Департамент международного сотрудничества с оригиналом сертификата, загранпаспортом и транскриптом о текущей успеваемости.
Адрес Департамента международного сотрудничества —  Казыбек би, 30/1, кабинет 2.
16-10-2020 22-11-13   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2444
Сәлеметсіз бе ректор ағай!
Менің 1 курстағы магистратурамнын 1 семестрінде қортынды бағасында 3 пәні 4 және 3 пәні 5 болды. Ал екінші курста Барлығы 5 болды. Сайтта "Озат" деген женілдікке іліне аламын ба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрағыңыз бойынша жауапты институт басшылығынан алсаңыз болады. Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған:https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf . Рахмет!

16-10-2020 12-00-46   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2443
Сәлеметсіз бе
Қазіргі таң оқудың қашықтықтан өтіп жатқандығын барлығымыз білеміз, осы қашықтан оқу барлық студенттерге қиыншылықтар туындатып жатыр әсіресе ауылдық жастарға. Алысқа бармай ақ мен өзім ауылда тұрамын интернет өте нашар ұстайды ауылда сол себептен видео сабақтарға қатысу мүлдем мүмкін емес енді біздің балымыз не болатындығы алаңдатады егер сабаққа уақытылы қатыспасаң баға қоймайды. Ал қаладан пәтер жалдауға қазір шамам келмейді ата-анам елде болып жатқан жағдайларға байланысты жұмыссыз қалды. Енді сізден сұрарым мұғалімдерге мен секілді интернет нашар ұстайтын ауыл жастарына түсіністікпен қарауды талап етсеңіз, егер олай болмаса ауыл жастары жаппай жазғы семестрге қалу қауіпі бар. Тіпті осы хатты жазу үшін ауылдың шетіне шығып отырмын. Түсіністікпен қарайсыз деген үміттемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Біз үшін сіздердің сапалы білім алуларыңыз маңызды. Сондықтан оқытушылар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім беріп жатыр. Шыдамдылық танытып, тапсырмаларды уақытылы орындауыңызды сұраймыз. Ол Сіздің болашағыңыз үшін керек. Оқу барысына қатысты мәселеңіз бойынша институт директорына хабарлассаңыз болады.Рахмет!

16-10-2020 09-44-59   Другие

Автор вопроса: Сыдық Ботагоз Тоқтасынқызы

Вопрос № 2442
Құрметті, Такир Оспанұлы, сізге қояр сауалым мен,2017 жылдың ППИ-ның ПМНО мамандығының түлегімін. Біз бітірген жылы дипломымызға ағылшын тілі мамандандыруымен деп жазылуы керек болған. Бірақ ол біздің қосымша( приложениемізде) ғана көрсетілген. Қазір мен мектепте жұмыс жасаймын. Менен мектеп менің сөзімді рамтайтын анықтама талап етіп отыр. Маған соны растайтын анықтама қажет. Ол анықтаманы бере алмаймыз деп отыр. Не себепті? Біз методикасынан практикаға дейін өттік. Сонда ол мамандандыруды босқа оқыдық па? Осы мәселенің шешілуіне өзіңізден көмек сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Анықтама бойынша Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Төлеумұратқызы Ақжоловаға хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-84-09, 87013786612. 

15-10-2020 22-56-20   От студента

Автор вопроса: Назира

Вопрос № 2441
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Мен 2 курс екі шет тілі мамандығының студентімін. Алматының төрінде аты жарқырап естілетін Абай университетінде жақсы білім мен ең керемет деген тұлғалардың жиналған ордасы деп санап осы жерге ақылы болса да сонау батыстан келдім. Әрине,ақылы оқимын және 1 курстан бері университет тарапынан әділетсіздіктер мен біздің жан айқайымызға мән бермеушілік көбейгенін көзіміз көрді. Мәселен, мен жартылай жетім,яғни әкем қайтыс болған деген әлеуметтік саанатқа жатамын. 1 курста gpa балым ең жоғары барлығын 5пен жаптым және балым 3.95 болған болатын. Сол сәтте мен грант орны босағаннан кейін бірден өтініш те жаздым, 1 курстан сақталатын 50% жеңілдікті сұрап бірнеше өтініштер жазып оны эдвайзерге де, деканға да,диреткорға да құжаттарым мен әлеуметтік жағдайымды растайтын құжаттарымды тапсырдым. Алайда,қорытындысын сұрасам да бір-біріне сілтеп,қашып,одан ұрсып жауап қайтарып көңілімізді түсірді. Анаған барып,мынаған барып жалынып сұрасам да скидканы да өтінішімді қарастыруды да сөзімді елеп жатқан адам жоқ. Осы бір мәселені қолыңызға алсаңыз деймін. Конференцияларда оқу ақыларын университеттің светіне,электр құбырларына,одан қалса компьютерлі жабдықтарға жұмсалынады депті. Сонда дистанционка университеттің светіне төлеп отырғанымыз ба? Ал грантта оқып жүргендер біздің төлеген құрылғыларды қолданып жүргені ме. Шыны керек, университеттің ішінен бірде бір интерактивті тақтаны да, компьютерді де көрмеппін. Қазіргі кезде дистанционкада оқып жүрміз,сондықтан оқу ақысын төмендетуді сұраймыз. Сонымен қатар, сол оқу ақысына сай білімді де көріп жатқан жоқпын. Көп сабағымыз болған жоқ, ИКТ-ның семинары осы семестр бойы мүлде болған жоқ тек тапсырманы жібере салады да үндемей қалады. Тағы да сабақтарды мұғалімдер отмен жасап немесе сабақ аяқталарда бастап 10 минутта өткізе салады. Тіпті оқыған адамға да оқымаған адамға да өтірік бірдей баға қоя салады. Дистанционно оқып жатсақ та осындай әділетсіздіктерді көріп,төлеп жатқан ақшамды басқа нәрсеге жұмсағың келіп кетеді.Сондықтан осы мәселені қолға алып, скидка беруіңізді сұраймын
Ответ:

Cәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

15-10-2020 20-41-27   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2440
Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?

Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. СЕБЕБІ ДИСТАНЦИОНДЫ ОҚУ КҮНДІЗГІ ОҚУМЕН АҚЫСЫДА САПАСЫДА САЙ ЕМЕС!!!!!

Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.


Ответ:

Құрметті студент!  Еліміздегі карантин жағдайына байланысты оқу орындары қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта университет сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін техникалық, ақпараттық, материалдық жағынан жұмысын тоқтатқан жоқ, сондықтан барлық білім алушыларға жеңілдік жасай алмаймыз. Әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік алуыңызға және оқу ақысын бөліп төлеуіңізге болады. Ол үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсыруыңыз қажет. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады. Рахмет!
15-10-2020 16-46-26   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2439
Саламатсызба.
Қазіргі кезде еліміздегі жағдайға байланысты қашықтықтан білім алып жатырмыз. Қашықтықтан оқып жатрыған студенттерге бұл оңай емес. Себебі Таңнан бастап кешке дейін телефонға ноутбукке қарап отыру біз дің денсаулығымызға зиян. Оны қойа тұра мұғалімдердің көп тапсырма беруінен біздің өзімізге қарайтын уақытымызда,жетпей жатыр . Өз басым апайлар берген тапсырманын тек жартысын ғана орындап үлгеремін (жақсы оқитын студент болсамда). Кейбір студенттерде сеть нашар ұстағандықтан олар тапсырма жібергенде кешігіп жатады осы жағдайларды мұғалімдер түсіністікпен қара ғанын сұраймыз. Құрметті Такир Балықбаев мұғалімдердің көп тапсырмп бермегенін сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Білім аламын деген студент ешқандай қиындыққа қарамай алға қарай ұмтылуы керек. Оқытушы студентті тапсырма беру арқылы бағалайды. Болашақта білікті маман болуларыңыз үшін берілген тапсырманы уақытында орындап, қажетті деңгейде білім алуларыңыз керек. Туындаған мәселелерге түсіністікпен қарап, сабырлылық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!

 
15-10-2020 14-53-55   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2434
Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?

Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. Себебі дистанционды оқу күндізгі оқумен ақысыда, сапасыда мүлде сай келмейді!!!!

Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.


Ответ:

Құрметті студент! Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Оқу орны қашықтан білім беру үдерісін толықтай қамтамасыз ету үшін техникалық, ақпараттық, материалдық жағынан жұмысын тоқтатқан жоқ, сондықтан барлық білім алушыларына жеңілдік жасай алмайды. Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін шыңдауда. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. 

Оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсырсаңыз болады.Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады. Рахмет!
15-10-2020 14-50-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2433
Қайырлы күн! Бізде тап қазір оқу дистанционды түрде қашықтықтан оқып жатырмыз. Бірақ неге? Не үшін? Күндізгі бөлімнің оқу ақысы төмендетілмеді?

Қаншама ата ана, студенттің тап қазіргі ұсынысы осы дистанционды оқудың ақысын төмендету. Себебі дистанционды оқу күндізгі оқумен ақысыда, сапасыда мүлде сай келмейді!!!!

Қазірде карантин талаптары күшеюде, сол себепті ата-аналарда жұмыс барысында уақыт қысқартылуы болып жатыр. Сол жағдайларды ескеріп қарасаңыздар.


Ответ:

Құрметті студент! Карантин шектеулеріне байланысты білім алушыларымыз бен оқытушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісі онлайн режиміне көшірілді. Сіздер толыққанды білім алуларыңыз үшін университет қызметін тоқтатқан жоқ. Аталған мәселелерді ескере отырып оқу ақысын бөліп төлеу және білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдік беру мүмкіндіктері берілді. Жеңілдік Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыздың негізінде қарастырылады. Өтінішіңізді жазып, институт директораты қызметкерлеріне жолдауыңызға болады. Рахмет!
13-10-2020 19-13-24   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2431
Сәлеметсіз бе Такир Балыкбаев мырза.Сізге сұрағым мен 1 курстагы GPA балым- 3,51 юолып тұр.(4 пән отлично,6пән хорошо). Осы GPA балыммен қызыл аттестат алуыма мүмкіндік бар ма?Жалпы қызыл аттестат алу үшін қандай ережелер бар?Осы 2 сұрағыма жауап бере аласызба??(курартордан сурайын десем,кураторымыз ауысып жатқаннан туракты куратор койылмады)Жауап бере аласызба 2 сұрағыма???
Ответ:

Сәлеметсіз бе!  Қызыл диплом алу үшін семестр қорытындысы бойынша оқу үлгеріміңіз 3,5 баллдан кем болмауы керек. Сондай-ақ мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысы "өте жақсы" бағамен тапсырылуы қажет.

13-10-2020 12-24-37   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 2430
Салеметсизбе мен сизге коррупция туралы айткым келип отыр. Менен 1курста осы универде жумыс жасайтын Гулнар Сисембаевна деген мугалим(толык кай жерде отыратынын билмеймын, всегда жгига шакыратын)менен 2семестр грантка ауыстырам деп 400мын тенге акша алган болатын. Уйдегилер акшаны арен тауып берды. Маган егер грант болмаса окудан шыгасын деп ескертты. Ол жалгыз менен алган жок! Тагы комнаталас 4 кыздан алган! 2семестр болды Гулнар Сисембаевна ауыстырган жок! Одан болек сессиянын балын дурыстап берем деп акша сураган болатын. Бирак мен беруден бас тарттым. Негизи ол апайдын тагы акша алган кездеры коп. Мына жерге барин жазбаяк кояйн. Сонымен карантин болып уйге кайтып кеттик. Менен универ оплата сурай бастады(мен универге тускенде 30% толеп койганмын) Мен оны Гулнар Сисембаевнага айттым ол бугн толим кешке толим деп сонымен 2курс басталды. Менен ата-анамда сурай бастады грант кайда деп мен болад болад деп журдым. Гулнар Сисембаевна акшаныда кайтармады! 100мын тенгены кырылып айкаймен арен алдык! Енды калган 300мынды али кайтара алмай журмиз! Кунде жазамыз, бир апайды айтады акша сол апайда деп. Уйне барам акшаны алуга дитта жок болып кетеды. Биресе апай больницада жатыр дейды. Тахир Оспанулы мен сизге комек сурап жаздым. Егер бул маселе шешилмейтын болса ата анам буны жай калдырмаймын деп отыр!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда көрсетілген пара алу фактісі бойынша жауапты тұлғалар тексеріс жүргізеді. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Рахмет!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  100  101  102  103  104 105  106  107  108  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений