Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
02-11-2019 10-27-04   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1652
Здравствуйте, я бы хотела перевестись на грант и в нашей группе есть студент желающий перевестись оставив свой грант, когда я должна подойти и написать заявление?
Ответ:

Здравствуйте!

Вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего или послевузовского образования, присуждаются на конкурсной основе обучающимся на платной основе по группам образовательных программ. Присуждение вакантных образовательных грантов осуществляется в период летних и зимних каникул на конкурсной основе.Список вакантных образовательных грантов публикуется на сайте, объявления об  этом также вывешиваются в директорате. Для участия в конкурсе Вы можете обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Жанбекову Хайрулле Нышановичу (главный учебный корпус, каб.  221).

01-11-2019 10-35-10   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1651
Салеметсиз бе, куриеттм Такир Оспанович. Сизге жазатын шагымым жас окытушы тарих панинен беретин Есим Кундыздын окушыларга деген карым-катынасы. Ол окытушы беретин кез-келген студенттен жауап алсаныз, барлыгы оны далелдейди. Сабак айту (семинар) барысында ол уялы телефонында отырады Дайындалып келген окушыга мулдем сыйластык жок. Типти, семинарга келгенде студенттермен амандасуды да жон кормейди. Ондай окытушыга сабагына дайындалып келуге де ынта болмайды. Осы маселени карастырганынзды калаймыз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Тарих және құқық институтының оқытушысына қатысты шағымыңыз бойынша түсініктеме алынып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіледі. 

01-11-2019 08-58-39   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1650
Здравствуйте, хотел бы обратиться к ректору с замечанием в адрес сотрудников Университета Абая.
Почему набирают в ВУЗ работников с низкой ответственностью и без элементарных знаний? Скажите пожалуйста, почему в "системе универ" в английском варианте транскрипта допущены ошибки? Доколе это будет продолжаться? Зачем вы позорите имя великого Абая?
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение  принято к сведению. Будут приняты меры к ответственным лицам. Приносим извинения. Спасибо!

 

01-11-2019 00-52-18   От студента

Автор вопроса: Орысбай Жанылсын Кенескызы

Вопрос № 1648
Здравствуйте, Тахир Оспанович! Меня зовут Орысбай Жанылсын, студентка 3 курса специальности "Дефектология", являюсь председателем ОФ "Лига волонтеров" при КазНПУ. В преддверии 2020 года - года Волонтерства мы всей командой хотели бы с вами встретиться в коворкинг-центре "SmartStudents" и предложить несколько проектов в честь года волонтеров.
С уважением, команда AU-team!
Ответ:

Здравствуйте!

Руководство готово поддержать любые начинание своих активных студентов, в том числе волонтеров. О времени нашей встречи сообщим дополнительно. Спасибо!

31-10-2019 21-44-31   От родителей

Автор вопроса: Баймаханова Гүлжамал

Вопрос № 1646
Кеш жарық құрматті Такир Оспанұлы! Мен Баймаханова Гүлжамал Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде "Педагогика және психология" мамндығының 1курс (бюджет негізінде)оқитын қызым Мұхамедали Інжуді сіздің оқу орныңызға ауыстырып алғым келеді. Осы мамандықта бюджеттік негізде бос орын болса.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ғы ұқсас мамандыққа ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.

Оқу орнымызға ауысу жолдары туралы толық ақпаратты Академиялық міселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06.  

31-10-2019 16-37-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1644
Сәлеметсіз бе ,педагогикалық шеберлік академиясына алғысымды білдірейін деп едім. Үлкен рахмет сіздерге,студенттердің мәдениетінің дамуына,кәсібилігінің жоғаруына үлкен үлестеріңіз тиіп жатыр. Рахмет сіздерге.
Ответ:

Құрметті студент, пікіріңіз үшін рахмет!

31-10-2019 16-20-09   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1643
Сәлеметсіз бе менің өтінішім, физика математика және информатика институтының корпусына мед. пункт бөлмесін ашу.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Математика, физика және информатика институтының ғимаратында медициналық қызмет көрсету орны қарастырылған. Қазіргі уақытта қажетті медициналық құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсынысыңыз үшін рахмет!

 

31-10-2019 15-25-21   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1641
Құрметті ректор мырза! Уақытыңызды алып жатқанымыз үшін кешірім сұраймыз! Бірақ басқа амал қалмады. Біз, Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының оқытушыларымыз. Біздің кафедрада 2 курс докторант деген атағы бар бір адам бар. Аты Таспулатова Калдыгуль. Оған жетекшілік етуге бәріміз бір ауыздан бас тарттық, бұл соңғы шешіміміз. Себебі, ешқайсысымыз онымен жұмыс жасағымыз келмейді. Диссертациялық жұмысымен айналасудың орнына әркімнің артынан бір аңдып, жала жауып халық алдына масқара қылудан басқа қолынан түк келмейд. Үлкенмен үйлесе алмайды, кішімен үйге сыймайды демекші, оны көрсек кәдімгі психологиялық дағдарысқа ұшыраймыз. Соның арқасында кафедрада ұрыс - керіс таусылмайды. Өмірімізде бірінші рет білім алушының ұстазға деген осындай қатынасын көрдік. Біз осы жағдайға келіспейміз. Ол біздің кафедраның, тіпті біздің университеттің докторанты болуға лайық емес. Оқудан шығаруыңызды сұраймыз. Рахмет.
Ответ:

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта докторант Қ.Таспулатова өз талаптары бойынша  мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына  шағымданып жатыр. Арыз-шағымдар өз уақытында жан-жақты  тексеріліп, арыз иесіне белгіленген тәртіпте жазбаша түрде жауаптар берілді. Қ.Таспулатованың тарапынан айтылған шағымдар негізсіз. Есімі аталған тұлғаның болашақ педагогтарға қалай үлгі болатындығы бізді де ойландырады. Сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Қ.Таспулатоваға қатысты шағымдарыңыз міндетті түрде ескеріледі.

31-10-2019 15-08-38   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1640
Құрметті ректор мырза! Сізге математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында жұмыс жасайтын Искакова Макпал апайға қатысты жазып отырмын. Ол апай кафедраның сол кісіге берген жұмыстарын, өзінің жеке жұмыстарының барлығын магистранттар мен докторанттарға істетеді, студенттерге жақсы баға қойса, оны айтып қоймай, әрдайым сыйлыққа намек тастап жүреді, білімі нашар, сабақтарын өз деңгейінде өткізе алмайды. Алма апайдың адамы болғандықтан ешкімнен қорықпайды, мұғалімдерді бір біріне жамандап, өсек айтып жүреді. Бетіңе күліп қарап тұрып, Алма апайға өзіне ұнамаған адамдарды, студенттерді жамандап айтып барады. Сабақ уақыты кезінде магистранттарды өзінің жұмыстарымен жұмсай береді. Өте дөрекі сөйлейді, мұғалім статусына мүлдем сай келмейтін адам. Осы апайға қатысты шара қолдансаңыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!
Математика, физика және информатика институтының оқытушысы туралы шағымыңыз назарға алынды. Аталған мәселелерді міндетті түрде ескереміз. Рахмет!

31-10-2019 14-50-55   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1639
Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанович! Математика,физика және информатика кафедрасында жұмыс жасайтын Искакова Мақпал деген кісі бізге сабақ береді. Мен көрген мұғалімдердің ең сорақысы осы кісі деп нақты айта аламын. Себебі сабақ мүлде өтпейді, сабақ барысында өзінің жеке тапсырмаларын бізге орындатады. Бүкіл студенттерге емтихан сұрақтарын біз дайындаймыз, оның орнына бір нәрсе болсын үйреніп шығудың орнынан. Ертен бір-бірмектеп немесе университетке бізде мұғалім болып барамыз, оқушыға немесе студентке береріміз болмайды ғой. Кішкене болсын қазақтың келешегіне алаңдайтын, жаны ашитын жандар болсаңыздар, бұндай мұғалімдерді кетіріңіздерші."Жақсының жақсылығын айт,нұры тассын демекші" жақсы мұғалімдер жоқ деп айтпаймын. Сол кафедрада жұмыс жасайтын жақсы мұғалімдер бар.Тек Мақпал апайға айтар сөзім жоқ. Алған ақшасы қалай тамағынан өтеріне таңым бар, еш жұмыс жасамайды. Еще сыйлық алғанды жақсы көреді!!! Әрине бұл менің ғана пікіркім емес, қалғандары жақсы баға алғандарына мәз болып жүр.Ол баға етеңені шешпейтінімен шаруасы жоқ. Маған білім керек, ертен оқушы немесе студент алдында бетім қызарып тұрмайтындай!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Математика,физика және информатика институтының оқытушысы М.Т. Искаковаға қатысты шағымыңыз назарға алынды. Басшылық тарапынан құрылған арнайы комиссия тексеріс жүргізеді. Тексеріс нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілер анықталса, әкімшілік шара қолданылады. Рахмет!

30-10-2019 22-14-39   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1637
Сәлеметсіз бе! Мен жазда ССО мен "Жасыл елде" жұмыс жасап едім. Бірақ біздің 2-айдағы (Жасыл ел бойынша) жалақымыз әлі түскен жоқ.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

2018-2019 оқу жылының жазғы маусымында Студенттік құрылыс жасағында 50 студент және «Жасыл ел» еңбек жасағында 30 студент жұмыс жасады. Студенттік құрылыс жасағында еңбек еткен студенттер университет тарапынан айлық жалақыларын толықтай алды. Одан бөлек «Жасыл ел» еңбек жасағы республикалық штабымен маусым-шілде айларына үстемақы төлеу шарты жасалған. Осы орайда «Жасыл ел» еңбек жасағы республикалық штабы тарапынан түсетін үстемақы маусым айына түсіп, шілде айының үстемақысы республикалық штаб және олармен келісім-шарт жасаған қосалқы мердігерлер арасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты кешігіп отыр. Университет тарапынан бұл мәселеге қатысты тараптармен қазіргі күні анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, бұл мәселеге түсіністік танытып, алдағы уақытта оңтайлы шешімін табады деп үлкен сенім білдіріп отырмыз.

30-10-2019 22-10-55   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1636
Сәлеметсіз бе! Мен сізден көмек сұрайын деп едім! Менің есту қабілетімнің төмендігіне байланысты, 2-топтағы мүгедекпін. Бірақ мен 3 жылдан бері мүгедектік туралы құжаттарымды туралай алмай жүрмін. Өзімнің тұрғылықты мекенжайымдағы құзырлы органдар менің уақытша тіркеуде Алматы қаласында тұрғандығыма байланысты маған мүгедектік бермей отыр. Ал Алматы қаласындағы құзырлы орындар менің тұрақты мекенжайымның Сарыағаш ауданында болуына байланысты мүгедектік бермей отыр. Ал әлеуметтік жағдайыма келер болсам, ата-анам жұмыссыз, үйде көп балалымыз. Маған көмек беріңізші!
Ответ:

Құрметті студент!

Өтінішіңіз бойынша Университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаевтың қабылдауына (Бас оқу ғимараты, 300 каб.) келсеңіз болады. Байланыс тел.: 293-81-85.

30-10-2019 16-11-33   Другие

Автор вопроса: 777

Вопрос № 1634
Курметті Тахир Оспаұлы сиз басқарған университеттеги кейбир окытушылар неликтен еки университетте де толык штатта жумыс жасайды.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

ҚР Еңбек кодексінің 32-бабымен айқындалған еңбек шартына сәйкес штаттық бірлікке еңбек кітапшасының түпнұсқасы мен қажетті құжаттарды толық өткізген тұлғалар ғана жұмысқа қабылданады. Егер қызметкер қос қызметтілік бойынша жұмысқа қабылданса, еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасуға құқылы. Ол үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары: жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары туралы анықтама ұсынады.

Сұрағыңыз бойынша  толық ақпаратты Персоналды басқару бөлімі қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 291-18-29, 291-34-35. Рахмет!

30-10-2019 14-46-28   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1632
Саламатсыз ба, Такир Оспанович! Мен 3 курс студентимин, жакын арада ВОУД тапсырамыз, сол тестилеу натижеси диплом приложениесине тусетини рас па? Жане неликтен? Сурагыма жауабыныз ушин алдын ала рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт директорынан алуыңызға болады. Рахмет!

30-10-2019 13-41-07   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1631
Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанұлы!Мен 2 курс 3 жылдық студентімін.Қазіргі таңда бізде ОЖСБ-ға (ВОУД) дайындық жүргізіліп жатыр. Тестілеу 4 пән бойынша болады. 3 пән бізде өтілген және өтіп жатқан пәндер болса, 1 пән АКТ (ағылшын тіліндегі) бізде жүргізілмеген. Дайындық кестесіне бұл пәнді енгізді, дегенмен 1 апта ішінде 4 айда меңгерілетін материалды қалай оқып үлгереміз. Қазақ тіліндегі пән болса қиындық туғызбас еді. Осы мәселені қарауыңызды өтінеміз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Ақпараттық және коммуникациялық технология (АКТ) пәні бойынша қосымша сабақ ұйымдастырылып, дайындық жүргізілген болатын. Директорат және кафедра тарапынан жіберілген қателік алдағы уақытта қайталанбайды.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорына немесе  Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңыз үшін рахмет!

30-10-2019 12-07-39   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1630
Уважаемый Такир Оспанович! Просим Вас решить вопрос с главным ученым секретарем университета. К Сейсенбаевой Жанар попасть тяжелее, чем к Вам на прием. Она или закрывается у себя в кабинете, или уходит раньше окончания рабочего дня. Обед у госпожи Сейсенбаевой может затянуться до 15.00, и мы – ППС ждем у дверей, не дождавшись уходим, т.к. у нас – занятия. Объясняет она свои опоздания легко и просто – мен де адаммын ғой, маған да демалу керек!!!

Из-за ее халатного отношения к работе (а это между прочим статья 316 части II, Главы 13 трудового кодекса РК) на конкурс на соискание государственных премий и стипендий не попали работы ППС, в связи с опозданием. Сейсенбаева Ж. задержала выписки из протокола и отнесла их к Вам на подпись только 26.09.2019 г., хотя последний день сдачи документов был 25.09.2019 г.. По этой причине нам вернули документы из Комитета науки МОН РК. Каждый день мы ходили к ней с 23 сентября за выпиской, но они были не подписаны, т.к. Сейсенбаева не успевала подготовить свои личные документы на тот же конкурс.

На конкурс «Лучший преподаватель – 2019» Сейсенбаева подала документы, но по данным рейтинга ППС нашего университета она находится на предпоследнем месте (720 из 721) с 0 баллами. Зачем мы каждый год заполняем индикативный план, если и с 0 баллами можно занимать неплохую должность?

Думаем, что должны быть предприняты соответствующие меры, иначе мы обратимся в МОН РК.
Ответ:

Здравствуйте!

Ваше обращение принято к сведению. Будем тщательно разбираться. По разъяснению данного вопроса будут приняты соответствующие меры. Приносим извинения. Спасибо! 

29-10-2019 09-00-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1629
Сәлеметсіз, құрметті ректор мырза! Сізге хат жолдап отырған 6D011400-Тарих мамандығының 2 курс докторанттары. Біздің группаласымыз Таспулатова Қалдыгүл институтымыздың берекесін алды. Аңдығаны өсек аян, әрімнің тырнағының астынан кір іздеп жүреді. Өтірік жала жауып жүруді өзінің өмірінің ұраны етіп алды,бір-бірімізді өз-ара ұрыстырып қойды. Оқытушылардың мазаларын алып, не өзі қазір өтіп жатқан ғылыми тәжірибисімен айналыспайды, институтта әркімнің атынан арыз жазып, тынтып жүреді. Ертең біз туралы не айтады екен деп уайымдап жүретін болдық. Бізді кафедраларымыздағы оқытушылармен, жетекшілерімізбен бір-бірімізге үрейленіп қарайтын болыппыз.Шаршатты әбден. Шара қолданыңызшы. Жалынып сұраймыз!!!
Ответ:

Құрметті докторанттар!

Қазіргі уақытта докторант Қ.Таспулатова өз талаптары бойынша мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданып жатыр. Қ.Таспулатованың тарапынан айтылған шағымдар негізсіз. Арыз-шағымдар өз уақытында жан-жақты  тексеріліп, арыз иесіне белгіленген тәртіпте жазбаша түрде жауаптар берілді.

Шағымдарыңызға келетін болсақ, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, тексерілетін болады. Бұл мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдар кезде  Сіздер мен ұжым тарапынан берілген пікірлер ескеріледі. Мұндай жағдайларда түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз.

28-10-2019 19-34-31   От студента

Автор вопроса: Алина Шавкетбекова

Вопрос № 1628
Здравствуйте! Поступила в 2018 году на грант(государственный образовательный грант), учусь в институте педагогики и психологии на 2 курсе по специальности 5В012300-СОЦИАЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА И САМОПОЗНАНИЕ(русское отделение). Хочу перевестись в Южно-Казахстанский Государственный Педагогический Университет , по семейным обстоятельствам. Хотела узнать, сохранится ли мой грант при переводе? И сколько нужно будет заплатить разницу в дисциплинах?
Ответ:

Здравствуйте!

Полную информацию по вопросам перевода в другие вузы можно получить у сотрудников Департамента по академическим вопросам. Тел.: 291-13-71, 291-71-06. Спасибо!

28-10-2019 11-19-28   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1627
Сәлеметсіз бе? Ректор мырза менің сұрайын дегенім Казгуде окимын сіздердің университетке ауысу мүмкіндігім және қандай талаптар бар 1 семестр ден кейін ауыса аламын ба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы оқу орнымыздың Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпарат алсаңыз болады. Рахмет!

26-10-2019 21-19-07   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1623
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Біз ҚазҰПУ студенттері МФ және И и 2 курс студенттері Айтжанов Серік ағайға шағым түсіргіміз келеді. Ағайдың сабақ бер тәсілі ұнамайды. Және де сабақ барысында сабақ сұрап балл қоймайды мысалға түсінбедім ағай деп сұрауға қысылатын студенттер бар сұрауға ұялады. Ағайдың өтіп жатқан сабақтарын түсінбейміз көбісі айтуға қорқады. Біз Айтжанов Серік ағайдың сабақ бергенін қаламаймыз. ОСЫ МӘСЕЛЕНІ қарастырып берсеңіз! РАХМЕТ
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша Математика, физика және информатика институты басшылығынан түсініктеме алынды. Институт тарапынан оқытушының сабағын ауыстыру мақсатында 2-ші курс студенттерімен кездесу өткізілген. Кездесу нәтижесі бойынша студенттер Серік Айтжановты ауыстыруға қарсы екендіктері туралы түсініктеме берген.

Егер оқытушы Серік Айтжановқа қатысты берілген жауап қанағаттандырмаған жағдайда, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуларыңызға болады. Рахмет!

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  135  136  137  138  139 140  141  142  143  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений