
10-08-2019 11-33-01

From applicant
Author: Anonymous Question # 1344 Здравствуйте! Почему вот так произвольно меняют даты вступительных по докторантуре!? Были утверждены официально даты 8-16 августа, на сайте все это время стоял график экзаменов, с печатью, с подписями, мы готовились к экзамену на 14-число, а 9-августа изменили даты вступительных на конец августа. 2-раза сроки приёма меняют по докторантуре. А как быть тем кто не сможет присутствовать по новым датам?! В таком случае дайте возможность сдать экзамен по прежним датам, тем кто не сможет сдать в конце августа?
Answer:
Здравствуйте! Для получения подробного ответа Вам нужно обратиться к сотрудникам приемной комиссии. Все назначения и изменения в датах приема документов и сдачи экзаменов производятся согласно приказам МОН РК и Центра тестирования. Спасибо!

09-08-2019 17-58-50

From applicant
Author: Anonymous Question # 1342 Сәлеметсіз бе! 4 курстарға сабақ нешесі басталады екен? Және сабақ кестесін ыңғайлы етіп құруына аса қатты назар аударуларыңызды өтінемін.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жаңа оқу жылының сабақ кестесін институт директоратынан немесе Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-71-06.

09-08-2019 16-34-27

From students
Author: Anonymous Question # 1341 Сәлеметсіз бе,құрметті Тахир Оспанұлы!Мен Педагогика және психология мамандығының студентімін.Мен Сахиева Ләйла апайға тағылған айыпты оқи отырып,оның бұл өрескел әрекеттерді жібермегенін,сабағын уақытылы өтіп,студенттермен дұрыс қарым-қатынас орната білген оқытушылардың бірі екендігін айтқым келеді.
Answer:
Құрметті студент, жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

09-08-2019 16-15-21

From parents
Author: Галымжан Question # 1340 Сіз басқаратын университетте 2018-2019 жылғы бітірушілерге, атап айтқанда үздік бітіргендерге жылдықы төлемнен 30 пайыз жеңілдік, ал алтын белгі иегерлеріне бір жыл төлемақысыз оқыту жеңілдік қарастырылған дейді осы жағдайды түсіндіруіңізді сұраймын. Қызым алтын белгі иегері, алайда ҰБТ-дан 77 балл жинап қалған еді.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетімізде «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік қарастырылған. Бірінші оқу жылында 100% жеңілдікпен оқып, оқу үлгерімін «өте жақсы» көрсеткішпен аяқтаған білім алушылар мемлекеттік бос грант орындарына ауыстырылады. Жеңілдіктер туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf.
Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!

09-08-2019 15-26-20

From applicant
Author: Саурбай Аружан Ғаниқызы Question # 1339 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы мен Педагогика және психология мамандығының 3 курс студентімін. Топ жетекшім Сахиева Лейлаға қарсы арыз шағым тускені 100%жалған . Мен Сахиева Лейла апайдын старостасымын ешқашанда сабағына кешігіп сабағын өтпей қалған күні болмаған.Үнемі сабағына дайындықпен қызықты ақпаратқа толы дерек көздерді қолдана отырып бізге сабақ жүргізеді.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Педагогика және психология институтының оқытушысына қатысты жолдаған пікіріңіз үшін рахмет!

09-08-2019 15-18-19

From students
Author: Anonymous Question # 1338 сахиева лейла апай быздын куратор и сабак берып жургенине 2жыл болды
акша немесе тагы баска нарселер сурап,талап еткенин кормеппн
сабакты барин жаксы тусндыреды ,сабагын откизеды болды баска ешнарсе сурамайды
Answer:
Сәлеметсіз бе! Пікіріңізді ескереміз.

09-08-2019 15-09-05

From applicant
Author: Нуриахмет Айдана Question # 1334 Сәлеметсіздерме? Мен Сахиева Лейла апайдың студентімін.Біздің кураторға қатысты хат жолданған екен, соған өз ойымды білдірейін деген едім. Мен биыл 3 курс оқимын. Лейла апай бізге 3 ші жыл куратор. Бізге 1 ші курстан бері сабақ береді, ондай мәселелер біздің басымыздан өткен емес.Сабағымызды күнделікті өз уақытысында өтеді. Жәнеде бізден ештеңке талап еткен емес.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Пікір жолдағаныңыз үшін рахмет!

09-08-2019 15-03-11

From students
Author: пип 3 курс Question # 1333 Құрметті ректор мырза, блокты қарап отырып, Сахиева Лайла және Исаева Жақсгүл апайларға қатысты ақпараттың жалғандығын айтқым келеді. Менде сол апайлардын студентімен, біздің тобымызғада сабақ береді. Алайда ол жерде көрсетілген ақпараттардың барлығы жалған.Егер студент төмен баға алса, демек өзі кінәлі.Қазіргі кезде студенттер өз қателеріне көз жүгірітпей, оқытушыларды кіналауға себеп іздейдігой.Бұлда соның көрсеткіші деп ойлаймын.Керісінше бізге осындай жас мұғалімдер ауадай қажет, университетімәзге келгелі Сахиева Л.М және Исаева Ж.И студенттермен сабақтан тыс қаншама іс- шаралар өткізіп, жастарға демеу болып жүр. Неге осындай тұстарды айтпасқа. Біз тобымызбен бұл оқытушыларды қолдаймыз.Және ақпараттың жалғандығын 100% айта аламыз
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Жолдаған пікірлеріңіз үшін рахмет!

08-08-2019 20-49-20

From students
Author: Қадырова Құралай Question # 1332 Сәлеметсізбе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Қадырова Құраралай Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану-математика факультетінің математика мамандығының 2 ші( енді 3) курс студенті боламын. Сізден сұрағым келгені: Қазіргі таңда мен грантымды (мемлекеттік грант, ауылдық квота) сақтап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне өз мамандығыма ауыса аламын ба? Қандай мүмкіндіктер бар? Немесе бұл мүлдем мүмкін емеспе? Жауабыңызды күтемін. Уақыт бөліп оқығаныңызға рахмет!
Answer:
Құрметті Құралай!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Рахмет!

08-08-2019 18-40-02

From applicant
Author: Anonymous Question # 1331 Дайындық факультетіндегі апай ағайларға алғысымды білдіргім келеді. Жанібек ағай, Халида апай, Ляззат апай, Шайзат апай, Баңтыгул апай, Даурен ағай, Анар апай т.б сіздерге көп рахмет сіздер ең керемек кошеметке лайықсыздар
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге көп рахмет!

08-08-2019 16-38-20

From applicant
Author: Асель Атабеккызы Question # 1330 Саламатсызба! Есимим Асель Атабеккызы. Магистратурага документ тапсырган болатынмын. Хатшылардын кателигинен мени базадан оширип тастаган екен. Кателиги гражданства Казакстан деген жерге, Кыргызстан азаматы деп жазган. Уакытыныз болса сиздин есигиниз алдындамын. Кабылдасаныз
Answer:
Сәлеметсіз бе, Әсел!
Шағымыңыз бойынша қабылдауыма жазылсаңыз болады.

07-08-2019 11-44-23

From parents
Author: Жумадилова Жанара Досмухановна Question # 1326 Добрый день!Подскажите,пожалуйста,дочь давала заявку на социологию,но грант не получила,можно получить грант на специальность наука о земле?Что для этого нужно?
Answer:
Уважаемая Жанара Досмухановна!
По вопросу поступления Вашей дочери на данную специальность Вам следует обращаться в Центр профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные данные: 291-73-71, 291-87-80.

07-08-2019 11-40-22

From parents
Author: Anonymous Question # 1325 Салематсызба құрметті ректор. Мен Жанаозен қаласының тұрғыны қызым ақылы оқу бөлімінде биыл 2 курс студенті. Өзім көп балалы анамын. Отбасымда 9 балам бар. З студент бар. Кызыма жатақхана беруіңізді сұраймын.
Answer:
Құрметті ата-ана!
Жатақханадан орын алу үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Студенттерге жолдама беру кезінде институт жанынан арнайы құрылған комиссия студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын міндетті түрде ескереді.

06-08-2019 11-17-59

From students
Author: Anonymous Question # 1322 Құрметті Такир Оспанович! Сізден сұрарым осы жылы 2курс студенттеріне жатақхана берілсе екен. Алдынғы жылы жатақхана қарастырылады деді, бірақ қаншама студент далада қалды. Енді алдамасаңыздар екен. Сіздерге сендік.
Answer:
Құрметті студент!
Білім алушыларымызды жатақханамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша университетіміздің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-03-25, 291-83-82.

06-08-2019 01-36-18

From parents
Author: Ақжайық Question # 1321 Сәлеметсіз бе Такир Оспанович, мен Дошимова Ақжайық, көп балалы анамын,5 балам бар,отбасымызда жалғыз өзім жұмыс істеймін, қызым Математика, физика және информатика институтының МОК 172 3-курсы Муханбетжанова Алия Амантаевна, 1,2 курсты ақылы бөлімде оқыды.
2019-2020жж оқу жылына білім грантына өтініш жазылған болатын, сізден өтінішім қызымды грантқа ауыстыруыңызды сұранамын, 1,2 курстарда оқу үлгерімі өте жақсы оқыды.
Answer:
Құрметті ата-ана!
Университетімізде мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда конкурс жарияланып, үміткерлер бекітілген ережеге сәйкес іріктеледі. Конкурсқа қатысу үшін ақылы бөлімде оқитын білім алушы конкурс талаптары бойынша әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттары мен өтінішін өткізуі қажет.
Грант мәселесіне қатысты сұрағыңызға нақты жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады. Рахмет!

04-08-2019 21-21-16

From applicant
Author: Құралай Question # 1319 Сәлеметсіз бе. Менің ұбтдағы баллым 103балл,сіздерде 30% жеңілдік бар екен. Және мен edtech білім орталығында оқығанмын.Орталықтан осы универге 30% жеңілдік бар.Екі жеңілдікті қосып ақылы түрде оқуға болады ма?
Answer:
Құрметті талапкер!
Университетіміздің жеңілдіктер туралы ережесіне сәйкес талапкер тек бір жеңілдік түрін пайдалана алады. Сізге 2019/2020 оқу жылына тек 30% жеңілдік беріледі.

03-08-2019 16-47-48

From applicant
Author: Момбеков Нұрмұхан Сейдрахманұлы Question # 1316 Сәлеметсізбе? 2019 жылы 9-11 шілде аралығында дене шынықтыру және спорт бөліміне шығармашылық тапсырып конкурсқа түскен болатынмын. Жалпы балл 113 болды .Алайда конкурстың жауабы шыққан болатын. Ол тізімде ең төменгі балл 113 балл оқуға грандқа түскен, мен ілінбей қалдым. Мен жартылай жетім және ауыл квотасына өтініш жазған едім оған ешқандай көмек көрсетілмейма. Соның себебін біле алмай отырымын. Сізден нақты жауап күтемін?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!

03-08-2019 16-42-04

From applicant
Author: Anonymous Question # 1315 Сәлеметсізбе? 2019 жылы 9-11 шілде аралығында дене шынықтыру және спорт бөліміне шығармашылық тапсырып конкурсқа түскен болатынмын. Жалпы балл 113 болды .Алайда конкурстың жауабы шыққан болатын. Ол тізімде ең төменгі балл 113 балл оқуға грандқа түскен, мен ілінбей қалдым. Мен жартылай жетім және ауыл квотасына өтініш жазған едім оған ешқандай көмек көрсетілмейма. Соның себебін біле алмай отырымын. Сізден нақты жауап күтемін?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің білім беру бағдарламаларына республикалық конкурс нәтижесі бойынша тек жоғары балл жинаған талапкерлер ғана мемлекеттік грант орындарына оқуға түсті. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ақылы бөлімге қабылдану үшін талапкер шығармашылық емтихан тапсыруы қажет. Ақылы бөлімге түскен жағдайда, әлеуметтік жеңілдікке өтініш жазу арқылы жеңілдік алуға болады. Рахмет!

02-08-2019 16-36-35

From applicant
Author: Anonymous Question # 1313 Саламатсыз ба, Такир Оспанович!Мен Закина Альбина биылғы оқу жылының мектеп түлегі.Алтын белгі иегерімін. ҰБТ 119 балл жинадым. 2017-2018 оқу жылында республикалық пән олимпиадасының 1-орын иегерімін.2018 - 2019 оқу жылында да қатысып, республикалық пән олимпиадасынан 2-орын алдым. Алайда, мемлекеттік грантқа тапсырып, басым құқықты иелене алмадым. Құқықтану мамандығы бойынша грант бөлінді деп естігенмін. документтер тапсыруға болады ма?
Answer:
Қайырлы күн!
Университетімізге «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша грант бөлінген жоқ. Егер құжатыңызды ақылы бөлімге тапсыруды жоспарласаңыз, құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыруыңыз қажет.

02-08-2019 12-27-46

From students
Author: Жазыкова Амангуль Question # 1312 Сәлеметсізбе Таxир Оспанұлы! Мен, Филология және көп тілді білім беру институтының Филология(қазақша бөлім) мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Мен ақылы бөлімде оқып жатырған студентпін, ешқандай грант жоқ.
Қазіргі уақытта 1 курсты 3,81GPA баллмен аяқтадым. Сізге қояр өтінішім: бізге (ақылы бөлімдегі студенттерге) оқу үлгерімне қарай ең болмаса ректорлық грант бөлінсе екен деймін! Өтінішімді ескерерсіз деген ойдамын, раxмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе, Амангүл!
Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Рахмет!
Total records: 4046